БҚО-дағы мәдениет және өнер білім беру мекемелері


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Мәдениет және өнер институты

«» факультеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«БҚО-дағы мәдениет және өнер білім беру мекемелері»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны

1. БҚО білім мен ғылым, өнер мен мәдениет салаларының даму тарихы

2. Облыстың мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелері

3. Қазақ халық аспаптар бөлімі

Қорытынды


1. БҚО білім мен ғылым, өнер мен мәдениет салаларының даму тарихы

Зал истории искусства, литературы, науки и образования в ЗКО Мәдениет-әрқашан халық тарихымен тығыз байланысты. Өйткені жалпы мәдениет, соның ішінде ән-күй өнері әрбір халықтың өзімен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан көне құбылыс. Сан ғасырлар бойы қазақ-қазақ болып, халық болып қалыптасу жолында мың «өлгенімен», мың бірінші рет қайта «тірілуіне» себеп болған рухани қуаттың қайнары. Атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа аманатталған ауыз әдебиетінің асыл қазынасы, өнері арқылы халқымыздың даналық көзі сақталып қалуда. Оған осы зал жәдігерлері дәлел бола алады. Өйткені Ақ Жайық өңірі қашанда жан дүниені тебіренткен күй мен жырдың, қара сөздің қас шеберлері-ақын-жыршылардың мекені. Ақ Жайық өнерінің қайталанбас шоқтығы биік асылдары: Құрманғазы, Дина, Сейтек, Мұхит, Ғарифолла сияқты қазақ халқының мақтанышына айналған алып өнер иелерінен басталған зал жәдігерлері Сізге Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестр негізінің қалай қалыптасып, дамығандығы туралы баяндайды.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра»-деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай қазақтың атын шығарар бірден-бір аспап домбыра. Оның үні мен сарынында тарихтың талай сыры мен мұңы, қуанышы мен қасіреті, аққан қаны мен жаны жатыр. Өлкеміздің атақты күйшісі Қали Жантілеуовтың 40жыл бойы көзінің қарашығындай сақтаған домбырасын да осы залдан көре аласыз. Күйшінің шәкірті, Қазақстанның Халық Әртісі Тұяқберді Шәмілов, скрипка сүлейі атанған Марат Бисенғалиев туралы да мол мағлұматтар алуға болады.

Елімізге танымал Тайыр Жароков, Хамза Есенжанов, Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі сияқты атақты қаламгерлердің ұстаған заттарын, пайдаланған бұйымдарын көзіңізбен көріп, олардың шығармаларынан нәр алады.

Сахна саңлақтары Хадиша Бөкеева, Роза Жаманованың, Ақ Жайықтың Ақ Шағаласы атанған ақын Ақұштап Бақтыгерееваның киген киімдерін тамашалап, олар туралы сырлы әңгіме тыңдауға болады.

Сонымен қатар зал жәдігерлері Сізге өлкемізден шыққан ғалымдар, білім ордалары туралы да мол мәлімет береді.

Зал истории искусства, литературы, науки и образования в ЗКО

Зал истории искусства, литературы, науки и образования в ЗКО

2. Облыстың мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелері

Орал саз училищесі - Қазақстандағы байырғы оқу орындарының бірі. Оның жарты ғасырлық өткен жолы училище бітірушілердің жемісті қызметі, қол жеткен жетістіктерімен ғана емес саз педагогикасындағы ұлттық дәстүрлерді дамытуға қосқан айтарлықтай үлесімен де аталып өтіп отыр.

Училище бітірушілерінің арасында Қазақстан ұлттық өнерінің мақтанышы, тамаша мәдениет қайраткерлері бар. Олар: КСРО халық артисі, КСРО мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Р. Жаманова, өнер зерттеу ғылымының кандидаты Ғ. Бисенова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері, Алматы мемлекеттік консерваториясының профессорлары Т. Тікишев, Т. Нұралиев, Республиканың еңбек сіңірген артисі, Орал облыстық филармониясының әншісі Қ. Қожаков және басқалар. Олар есімдері Ақ Жайық өнірінің тарихынан бөліп алуға болмайтын Құрманғазы, Дәулеткерей, Мұхит, Дина, Сейтек сияқты аға толқынның үздік дәстүрлерін өз қызметтерінде пайдалануда.

Ұлы Отан соғысының төртінші жылы жүріп жатты. Соғыс кезінің қиыншылықтарына қарамастан кеңес үкіметі жас музыканттар даярлау туралы ойластырды. Облыстық өнер бөлімінің 1944жылғы 24тамыздағы №=35 жарлығына сәйкес Орал саз училищесі ашылды. Оның директоры, бұрын балалар музыка мектебінің директоры болған Константин Степанович Булдыченко тағайындалды.

К. С. Булдыченко - жоғары білікті музыкант, баскару және ұйымдастырушылық қабілеті мол, тамаша педагог болатын. Училищені құру үшін негізгі база балалар музыка мектебі мен театр қасындағы бір қабатты үйде орналасқан музыкаға дарынды балаларға арналған интернат болды. Жанадан ұйымдастырылған музыкалық училищеге әдейі ғимарат бөлінді, қазіргі кезде онда № =3 балалар музыка мектебі орналасқан. Оның ауласында қосалқы қызмет бөлмелерімен интернат болды. Училищенің ашылуына облыстық баспасөз бен радио зор үн қосқан.

Училище өз жұмысын үш бөлімнен - фортепиано, ән айту, үрмелі және шекті аспаптарға бөлінген оркестрмен бастады. Оқу бөлімінің меңгерушілігіне Федор Ильич Малиновский тағайындалды.

Ол кезде училищеде кәсіптік музыкалық білім беру дәстүрін Клавдиенко Т. А., Маревская М. Д., Балотин А. В., Барман А. М., Ковалев Д. И., Аламаха В. И., Рыков сияқты оқытушылар жүргізді. Ән айту класының негізін Ленинград опера театрының әншісі Горбунова Е. А. қалады.

Музыка училищесінің алғашқы оқушылары қатарына балалар музыка мектебінің үздік бітірушілері мен интернаттың тәрбиеленушілері қабылданды. Олардың ішінде К. Хабибулина, М. Мұхамбетова, З. Мусралиева, Д. Мустафина, М. Шакирова және басқалары болды. Үрмелі аспаптар класына Орал қаласында орналасқан әскери бөлімшенің музыкалық взводының тәрбиеленушілері, ал ән бөліміне - көркем-өнерпаздар үйірмесіне қатысушы А. Муравьева мен Ғ. Бисенова қабылданды.

1948жылы училищені алғашқы оқушылар бітіріп шықты. Мемлекеттік емтихандар ерекше салтанатты жағдайда және үлкен өрлеу үстінде өтті. Жергілікті газете Е. Соллертинскийдің «Музыкалық училищенің алғашқы бітірушілері» деген тақырыпта мақала жарық көрді. Оңда былай деп жазылған: «Емтихан алушы комиссияның алдынан қабілетті жастар бірінен соң бірі өтуде. Бұлар училищенің алғашқы түлектері роялға қарапайым киінген Зылиха Мүсіралиева отырып, әуенді сазды ойнай жөнелді. Одан кейінгі кезек Қафия Хабибуллинаға келді. Хабибуллина өзі орындаған әрбір шығармаға ерекше түр, сыршылдық береді.

Орал саз училищесі ұйымдасқаннан бергі 70жылда сан мыңдаған музыканттарды тәрбиелеп шығарды. Олар республикамыз бен одан тыс жерлерде еңбек етуде. Олардың бірқатары қазір құрметті демалыста.

Қазіргі уақытта училищеде маман педагогтар жұмыс істеп, дәстүр сабақтастығын жалғастыра түсуде.

Жыл өткен сайын училище де өсе түсті. 1996 жылы республика үкіметінің қаулысымен жергілікті ұлт өкілдерінің балалары үшін екі жылдық дайындық бөлімі ашылды, музыка, теориясы бөліміне қабылдау жалғасты.

1978 жылы мәдени ағарту жұмыстары бөлімі ұйымдастырылды, ол 1980 жылы өз алдына арнаулы орта оқу орны-мәдени ағарту училищесі болып құрылды.

Оқу процесін жоспарлау және басқару мәселерімен училищенің оқу бөлімі айналысады, оған В. М. Плетнева жетекшілік етеді. Ол училищедегі барлық сегіз бөлімінің оқу-творчестволық қызметін үйлестіріп келді.

3. Қазақ халық аспаптар бөлімі

Қазақ халық аспаптары класы 1960 жылы ашылды. Алғашқы оқытушылары Б. Г. Гайсина (домбыра) және жоғары арнаулы білімі бар У. К. Каримов (бас қобыз) болды. Ол сонымен қатар қазақ халық аспаптар оркестрінің алғашқы жетекшісі болды. Одан кейін Г. Н. Қазтұғанова (домбыра), А. И. Есмурзина (домбыра) оқытушы болып жұмыс істеді.

1973 жылдан бастап, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген оқытушы С. Г. Кариеваның ұйымдастыруымен қобыз - прима класы тұрақты жұмыс істейді. Сондай - ақ сол жылдан бері Қазақстандағы белгілі домбырашы - педагог, «Домбыра ойнау мектебі» кітабының авторы М. А. Айтқалиевтің жүргізуімен домбыра класы да тұрақты істеп келеді. Оның оқушылары арасында Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан мәдениет институтының ректоры, педагогика ғылымының кандидаты М. Е. Ержанов, Орал саз училищесінің қазақ халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі А. Е. Құсмағамбетова бар. Әр кезеңдерде қазақ халық аспаптар оркестрі «Ақ Жайық жастар ансамблінің құрамында Румыня мен Болгарияда шығармашылық сапарда болды.

1991 жылы оркестрге басшылықты, училищенің бұрынғы түлегі, Алматы консерваториясын бітірген, училище директоры Қ. Қ. Қажымов өз қолына алды. Оның басшылығымен оркестр 1992 жылы саз училищелер халық аспаптар оркестррлері аймақтық конкурсында лауреат атанды.

1993 жылы оқушы Нұрсұлу Батырғалиева (оқытушы А. Е. Құсма, амбетованың класы) халық аспаптары жас орындаушыларының XV республикалық конкурсында лауреат болды.

Кәлембаева Меруерт Қабекенқызы 1939 жылы 9 маусымда Орда ауылында дүниеге келген. 1952 жылы Күләш Байсейітова атындағы саз-мектеп интернатына оқуға түсіп, 1956 жылы бітіріп шықты. Меруерт Қабекенқызының орындаушылық, шығармашылық жолы, ең алдымен, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспатар оркестрінің қобызшылар тобында жеке орындаушы және орындаушы және сүйеумелдеушілік қызметімен тікелей байланысты.

Орындаушылық, шығармашылық жолмен қатар 1966 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогикалық қызметпен ұштастырды. Меруерт Кәлембаева 1957-1958 жыл Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық жастар мен студенттер фестиваліне және Қазақстанның онкүндік өнеріне қатысты. Жеке орындаушы ретінде Қазақстан шеберлері тобының құрамында жүріп көптеген шет елдерде: Франция, Италия, Германия, Польша, Венгрия, Куба, т. б. өркениет аймақтарына ұлттық мәдениеттің жетістіктерін таныстырды. Бүкілодақтық үнжазба «Мелодия» фирмасынан «Қобыз - сазы» атты күйтабағын жарыққа шығарды. 1997 жылдан профессор.

Меруерт Кәлембаеваның ұстаздық еңбегі өзінің көптеген талантты түлектерімен жалғасты. Олар: ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Ғ. Болтаева, Т. Қарақожаева, сондай-ақ Э. Ахмедиярова - Президенттік ансамбльдің жеке орындаушылары болып табылады. Осы күнге дейін шәкірттері Халықаралық байқауларда жоғары жүлденің иегерлері атанып келеді.

Меруерт Кәлембаеваның оқу-әдістемелік жұмыстары музыкалық жоғары оқу орындарында қобыз мамандықтарына арналған типтік оқу бағдарламаларын байытуға, қазақ күйлерін қобыз бен фортепианоға арнап өңдеп, қобызшылардың концерттік репертуарларын көбейтуге бағытталған.

М. Кәлембаева ұлт аспаптарында орындаушылардың халықаралық, Республикалық байқауларына бірнеше рет төрайым және алқа мүшесі ретінде шақырылды. Жмырма жылдан астам уақыт - Халық аспаптар факультетінің деканы әрі ұйымдастырушысы болып еңбек етті. Аталмыш факультеттің бірінші басшысы ретіндегі жемісті қызметі факультет студенттерінің көркемдік, орындаушылық және жалпы білім алу деңгейінің өсуіне бірден-бір әсер етті. 1977 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.

Әжімұратов Қуаныш 1945 жылы 25 қаңтарда Сырым ауданы, Жетікөл ауылында дүниеге келген күйші-қобызшы.

1975 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын қылқобыз және домбыра мамандығы бойынша бітірген. Сол жылдан бастап Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт аспапар оркестрінде бас домбырашы және қыл қобыз аспабының жеке орындаушы болып көп жылдары табысты еңбек еткен. Оркестр құрамымен көптеген шетелдерде болып, қазақ музыка мәдениет танытуға үлес қосты. Репертуарынан Қорқыт, Ықылас, Әбікей, Тәттімбет сынды композиторлардың шығармалары орын алады. Біраз өлеңдердің авторы.

1994 жылы қазақ өнерін дамытудағы зор еңбегі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген артисі атағына ие болды. 2000 жылдың маусым айында Алматы қаласында дүниеден өтті.

Хаирова Мереке Есетқызы. 1959жылы 8 наурызда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Марской ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп қобызда жеке ойнаумен қатар ұлт аспаптар оркестрінің белді мүшесі болды. Сөйтіп 1976 жылы Гурьев музыка училищесінің қобыз класына оқуға түседі. Ұстазы Ғалия Ажығалиқызы Шопанова Мерекенің теориялық білім кенейтумен қатар көптеген байқауларға дайындап 1курстан-ақ оркестрге отырумен орындаушылық шеберлігін арттыруда еңбегін ерекше айтып өтуге болады. 1977жылы облыстық филормониясының Атырау-Ақжайық вокалды эстрадалық ансамблмен алматыда өткен республикалық байқауда 2-ші орын иеленеді. Осы училищені 1980жылы үздік бітіріп, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының қобыз класына оқуға түсіп, әйгілі қобызшы Қ. Р. халық әртісі Құрманғазы мемлнкеттік консерваториясының профессоры Фатима Жұмағұлқызы Балғаевадан дәріс алып, ұлы ұстаздың ұлағатын үйреніп өнер айдынында шарқ ұра бастады.

Қазақ халық аспаптары класы 1960 жылдан бастап ашылды. Жоғары оқу орнын бітірген алғашқы оқытушылар - Гайсина Б. Г. (домбыра), Каримов У. К. (бас-қобыз) болды. Ол сондай-ақ қазақ халық аспаптары оркестрінің алғашқы жетекшісі болды. Одан кейін Казтуганова Г. Н. (домбра), Есмурзина А. И. (домбра) мұғалім болып жұмыс істеді.

Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының түлегі, жоғар білімді Кариева Светлана Габдрахимовна 1973 жылдан бастап қобыз-прима класын ашты. Сондай-ақ 1973 жылдан бастап домбра класын Қазақстандағы белгілі домбырашы, «Домбыра үйрену мектебі» кітабының авторы Айтқалиев И. А ашты. Оның оқышуларының арасында - Орал қаласындағы Дәулеткерей атындағы өнер институтының ректоры, доцент, педагогикалық ғылымдарының кандидаты Ержанов М. Е., Орал қаласындағы музыкалық училищаның қазақ халық аспаптарының меңгерушісі Құсмағанбетова А. Е. болды.

1979 жылдан бастап бас-қобыз класы ашылды, оны Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының түлегі Аймчиева Самал Ихсановна басқарды.

1985 жылдан бастап қазақ халық аспаптар бөлімі өздігінен бөлініп шықты.

ЕРҒАЛИЕВА АЙГҮЛ ТЕМІРБОЛАТҚЫЗЫ

Қобыз мамандығының қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, ғылыми түрде зерттеп-зерделеуде де қол жеткізген табыстарымен дараланып, еңбектеніп жүрген ұстаз-ғалым Айгүл Темірболатқызы Ерғалиеваның есімін айырықша атап өткім келеді. Өнертану кандидаты, М. Өтемісов атындағы БҚМУ доцені А. Т. Ерғалиева 40-ға жуық ғылыми мақалалардың, оқу-әдістемелік құралдар мен «Ықылас Дүкенұлының күй мұрасы» атты монографияның авторы.

А. Т. Ерғалиева Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келген, Алматы мемлекеттік консерваторияны 1987 ж. қобыз мамандығы бойынша ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор М. К. Каленбаеваның сыныбынан тәмамдады. 1985-1994 ж. ж. Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік ансамбльдерде мамандығы бойынша орындаушылық жұмыста болды. 1994 жылдан бері Орал қаласындағы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық қызметте. 2010 ж. М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында «Ұлттық музыка контекстіндегі Ықылас Дүкенұлы мұрасы» атты диссертациялық жұмысын қорғады. Ғылыми жетекшісі -- өнертану докторы, профессор С. Ә. Күзембай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәнібек ауданында балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мүмкіндіктері
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының анализі. Орал қаласы экономикасының анализі
Қашықтықтан оқыту жүйесі
Білім беру қызметтерінің маркетингі
Семей қаласы жергілікті өзін-өзі басқаруының құрылымының сызбасын келтіру және толық сипаттама беру
Көлдің атауы және орналасқан орны
Қарашығанақ компаниясының әлеуметтік жобалары
Аграрлық жоғары оқу орындарына сапа менеджмент жүйесін енгізу негізінде ауыл шаруашылығын білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді жетілдіру
Құрылысты геодезиялық сүйемелдеу
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қарастыру, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі дамуының мәселелерін шешу жолдарын қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz