БҚО-ның кәсіби мектеп композиторлары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мәдениет және өнер институты
«» факультеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«БҚО-ның кәсіби мектеп композиторлары»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе
Орал өңіріндегі композиторлар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Өнер ұлт болмысының айнасы десек, музыка - халықтың асқақ рухының тілі. Ол ғасырлар бойы үздіксіз жетіліп, даму үстінде болатын жанды мәдени құбылыс.
Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдениетіндегі ән өнерінің алар орны ерекше. Данышпан Абайдың “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең” деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл тыныс-тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Шындығында сәби дүниеге келгенде “бесік жырымен” әлдилеп қарсы алып, адам дүниеден өткенде “жоқтау” айтып шығарып саламыз. Қадым ғасырлар қойнауынан басталатын осы тамаша дәстүр әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Бүгінгі күн жастарының тойы да “жар-жар”, “беташармен” өтетіні ата-баба салтына адалдықтың айқын көрінісі іспеттес. Орыстың тамаша ғалымы Г. Потаниннің “Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді” деген сөзі қазақ тұрмысының осындай даралығынан туған тұжырым болса керек.
Ұлтымыздың аса бай ән өнерін дамытуға Абай бастаған, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Естай, Нартай, Кенен сияқты халық композиторлары өлшеусіз үлес қосып, оны сапалық жаңа биікке көтерді. Олардың мол шығармашылық мұрасы қазақ операсы мен балетінде және классикалық музыкалық туындыларда кеңінен пайдаланылып, әлемнің ең әйгілі музыкатанушылары тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Дәстүрлі кәсіби әндер кемел құрылымымен, кең диапазон, күрделі ырғақ-иірімдерімен ерекшеленеді, сондықтан кәсіби әндерді, негізінен, арнайы ұстаз алдын көрген әншілер ғана орындайды. Әуендік, орындаушылық, құрылымдық өзгешеліктеріне, орнығып, өрістеген өлкелеріне қарай дәстүрлі ән өнерінде, шартты түрде, бірнеше кәсіби әншілік дәстүрлер мен мектептер қалыптасты. Олар - Арқа, Жетісу және Батыс әншілік мектептері деп аталады. Кәсіби әндердің көбісі - жоғарғы регистрде айтылатын қаратпа әуен-сөздерден басталады. Музыкатану ғылымында ол “ақындық мелодиялық формула” деп аталды. “Көбінесе ән басы келеді ащы, - Кел, тыңда деп өзгеге болар басшы”, - деп Абай осыны айтса керек. Қазақтың кәсіби ән өнері, әсіресе XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өз дамуының шырқау биігіне жетті. Қазақ өнерінде сал-серілердің пайда болуы кәсіби ән өнерінің шарықтап дамуымен тығыз байланысты құбылыс. Сал-серілер деп, әдетте бір басына бірнеше өнер қонған, сегіз қырлы, бір сырлы өзгеше дарын иелерін айтқан. Айрықша киініп, сұлу ат мініп, маңына өнерлі жастарды жинап, ел аралап, қызық-думанға бөлеу - сал-серілер ұстанған тұтастай бір өмір салты еді. Қазақ даласының әр қиырынан Біржан, Ақан, Мұхит, Кенен сияқты сал-сері тұлғалардың шығуы жоғарыда аталған ән мектептерінің қалыптасуына зор ықпал етті.
Орал өңіріндегі композиторлар
Жұманиязов Базарбай Сағадиұлы
( 1. 11. 1936ж. т., Бөкей ордасы ауд., Орда а. ) - көрнекті композитор, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1983), Қазақстанның халық артисі (1990), профессор (1987) . Орда атындағы орта мектептің 7-класын бітірген соң Орал педагогикалық. училищесінде (1951-55), Абай атындағы академиялық опера және балет театрының жанындағы хор студиясында (1956-58) оқыған. 1965 ж. Алматы консерваториясын (проф. Е. Г. Брусиловский класы бойынша) бітірген. 1964-65 ж. «Қазақфильм» киностудиясында, 1965-66 ж. «Мектеп» баспасында музыка редакциясын басқарған. 1966 жылдан Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1973-84 ж. Қазақстан Композиторлар одағының 2-хатшысы, КСРО Композиторлар одағы Басқармасының мүшесі, 1984-87 ж. акад. опера және балет театрының директоры, 1991-98 ж. Композиторлар одағының 1-хатшысы. Жұманиязовтың тұңғыш музыкалық шығармасы - «Жер» (О. Сүлейменов сөзіне ) ораториясы жазылды. Сондай-ақ оның «Махамбет» операсы (1990), «Отан туралы кантата» (1972), «Еңбек даңқы» (1974), «Отан салтанаты»(1974), «Мерекелік шеру»(1980), «Достық» (1980), «Кең байтақ Отаным менің»(1988) кантаталары; «Халқым туралы ән» (1969), «Кек әні» (1978), «1731» атты вокальды-симф. поэмалары; «Дала» (1976) симф. картинасы; «Қуаныш» (1980) симф. күйі; симф. оркестрге арналған екі сюитасы (1985, 1987) ; «Айтыс» (1972) атты вокальды-хореогр. композициясы, «Ақырзаман жастары» (Абай сөзіне, 1995), «Жамбыл тойы - ел тойы» (К. Салықов сөзіне, 1996), «Жамбыл - Құлмамбет»(Т. Молдағалиев, 1996) кантаталары көптеген ән, романстары бар. Сондай-ақ ол 10 спектакль мен 18/ кинофильмге музыка жазды. Жұманиязовтың шығармалары аса жоғары көркемдік сапасымен, кәсіби шеберлігімен, ұлттық үн-нақышымен ерекшеленеді. Жұманиязов Халықтар достығы (1986) және «Парасат» (1999) ордендерімен марапатталған.
Хасанғалиев Ескендір
1940 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Қалдығайты округі, Батпақкөл мекенінде дүниеге келген. Ол - әнші, композитор, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі (1998) ; Қазақстан комсомол сыйлығының лауреаты (1970), Қазақстанның Халық әртісі (1984), Орта Азия Халық академиясының академигі (2000), Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры (1998) . Бала шағынан домбыра тартып, ән айтқан. 1959 жылы Қаратөбе мектебін бітірген соң, клуб меңгерушісі, мектеп тәрбиешісі болған. Әуелі Алматы консерваториясын, 1978 жылы Шымкент мәдениет институтын сырттай оқып бітірген. 1963 жылы Қазақ радиосының музыкалық редакторы, 1964-1978 жылдары Қазақ қыздар институтының оқытушысы, 1979 жылдан Қазақ радио - телехабарлар комитетінің жеке әншісі. 1961 жылы алғашқы әні - «Анаға сәлем» әні арқылы елге танылды.
Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгеймен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. Е. Хасанғалиевтің «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Атамекен» әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Е. Хасанғалиев шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы, материалды берудің көп салалығы тән. Ол музыканы қазақ, орыс, ұйғыр, татар, неміс ақындарының сөзіне жазды.
Сонымен қатар «Тақыр», «Нан мен тұз» фильмдеріне, Студенттер спектакліне музыка жазды. 1968 жылы Сочиде өткен Халықаралық Жастар әні фестивалінің дипломанты. «Асыл арман» (1967), «Өмірімнің жазы», (1970), «Атамекен» (1978), «Бозторғайым »(1980) әндер жинағы мен компакт дискісі шыққан. 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалар жазған. Ұлт мәдениеті мен өнер дамытуға сіңірген еңбегі үшін 2000 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Донеділ Ізмағамбетұлы
1952 жылы Орал облысы Жымпиты ауданының Қособа ауылында дүниеге келген. Ол сазгер, термеші, Республикалық термешілер байқауының лауреаты (1991), Құрманғазы атындағы музыкалық училищені бітірген.
Донеділ Қажымов «Ак Жайық», «Айлы түн», «Махаббат», «Ақ Жайық - ару мекенім», «Екеуміз» атты әндерімен жұртшылыққа кең танымал. Еңбек жолын 1970 жылы автоклуб меңгерушісі ретінде бастаған ол «Ақ Жайық» ансамблінің әншісі (1976), 1988-1992 жылдары Облыстық Халық шығармашылығы Орталығының директоры 1992-2007 жылдары Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының директоры, әрі көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. Бірнеше рет республикалық деңгейдегі мәдени мерекелерге қатысты, «Ақ Жайық» халықтық ән-би ансамблі құрамында Норвегия, Румыния, Болгария, Арктикадағы Салехард қалаларында, Мәскеуде өнер көрсеткен. 1989 жылы «Мелодия» фирмасы Донеділдің саз табағын жарыққа шығарды.
«Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі Донеділ Измағамбетұлы бұл күні Қазақстанның Халық Жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің қоғамдық қорын басқарады.
Жұмағаным Әбілхалыққызы Рахимова
Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі. 1954 жылы 19 наурызда РФ. Саратов облысы, Дергачев ауданы, Новоросляевка селосында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ж. Рахимова Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген. Мамандығы - концерттік камерлі әнші, ұстаз.
Көп жылдар Алматы қаласындағы «Отырар сазы» фольклорлы- этнографиялық оркестрдің әншісі болып қызмет істеді. Құрманғазы атындағы оркестрмен бірге республиканың барлық облыстарында, бұрынғы КСРО-да және шетелдерде өнер көрсетті. Батыс Қазақстанның облыстық филармониясында 1993 жылдан бері үзбей жұмыс жасап келеді. Бүкілодақтық Глинка атындағы вокалистер сайысының дипломанты атанды (1980ж. ) . К. Бәйсейітова атындағы вокалистердің Республикалық сайысының лауреаты (1980ж. ) . ҚР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мақтау грамотасымен марапатталған (1984ж. ) .
1998 жылы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен «ҚР еңбек сіңірген әртісі» атағы берілді. Ресейдегі Қазақстан жылдарында Жұмағаным Рахимова Ресей Федерациясының Самара, Астрахань, Орынбор облыстарында көрермендерге өнер көрсетті.
Сондай-ақ Ж. Рахимова М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің ұстазы.
Қанатқали Қамокұлы Қожақов
Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі. 1953 жылы 5 қыркүйекте Орал облысы Тасқала ауданы, Беленькое ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін бітірген. Мамандығы - саз және ән ұстазы.
Облыстық филармонияда 1976 жылдан бері әнші болып қызмет жасайды.
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты. Рига қаласындағы халықаралық әскери патриоттық әндер байқауының лауреаты (1976ж. ) . Республикалық телеарналық байқаудың лауреаты (1977ж. ) . Мәскеу қаласындағы Халық творчествосының халықаралық фестивалінің лауреаты (1982ж. ) . 1985 жылы. Бөкейорда аудандық Мәдениет үйінің қазақтың халықтық музыкалық аспаптары оркестрімен бірге Германияда өнер көрсетті.
1990 жылы ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртісі» атағы берілді. 2000 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Ресей Федерациясындағы Қазақстан мәдениет жылдарына арналған барлық іс-шараларға қатысып, өз үлесін қосты.
Әмірханов Мұрат Әмірханұлы
- Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әншісі. 1957 жылы 27 шілдеде Орал облысының Тасқала ауданында дүниеге келген.
Орта мектепті бітіргеннен кейін, Орал музыкалық училищесіне жеке әнші мамандығы бойынша оқуға түседі. 1976 жылы училищені бітіріп, ол Орал облыстық филармониясына жолдама алады. Оның шығармашылық жолы осы мекеменің лекторлық тобында жұмыс істеуден басталады. Филармониядағы жұмыс кезеңінде оның орындаушылық репертуары кеңейіп, алғашқы табыстары музыкалық білімді одан әрі жалғастыруға дем берді. 1977-1974 жылдар аралығында М. Әмірханов Абай атындағы Алматы Академиялық опера және балет театрында әншілік етеді. Театрдағы жоғары кәсіби жағдай оған жаңа шығармашылық кәсіби өсуді және білімді талап етті. Көп кешікпей театрдың Москва қаласының гастролінен кейін М. Әмірханов Алматы Мемлекеттік консерваториясына оқуға түсіп, оны 1984 жылы профессор, КСРО халық әртісі Мұрат Мұсабаевтың класы бойынша ойдағыдай тәмәмдайды. Жоғары оқу орнындағы оқуын аяқтап, репертуарын байытқан М. Әмірханов туған қаласына әнші-вокалист ретінде қайтып оралады. 1985 жылы ол кезінде үлкен беделге ие болған V республикалық «Жігер» байқауының лауреаты атанды. М. Әмірханов филармония әншісі жұмысын істей жүріп, кең диапазонды орындаушы екендігін таныта білді. Ол классикалық репертуарда, камералық, халықтық және эстрадалық жанрлардағы әндерді орындайды. Әншінің репертуары өте бай және әр алуан: орыс, шетел классиктерінің және қазақстан композиторларының ариялары мен романстары, қазақтың және орыстың халық әндері, қазіргі кезеңдегі композиторлар шығармалары.
Әдемі әуезді баритонды дауысқа, сахналық үйлесімділікке, әншілік шеберлікке ие М. Әмірханов көптеген музыкалық ұжымдармен ән шырқайды, симфониялық және үрмелі аспаптар оркестрлері, орыс және қазақ музыкалық аспаптар оркестрлері, «Классика» фортопияналық квинтеті, эстрадалық ансамблі және шекті музықалық аспаптар квартеті.
М. Әмірханов республикалық облыстық және қалалық деңгейдегі барлық концерттердің белсенді қатысушысы.
Хасанова Жаңылсын Мақсотқызы
- Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әншісі. 1976 жылы 9 шілдеде Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданыңда дүниеге келген. Білімі - жоғары. Дәулеткерей атындағы Мәдениет институтын бітірген.
Мәдениет саласында 1997 жылдан бері қызмет жасайды.
1997 жылы «Жас қанат» облыстық байқаудың Гран-при жүлдесіне ие болды. Сол жылы Ш. Қалдаяқов әндерінің халықаралық байқауының дипломанты атанды. Тараз қаласындағы Е. Хасанғалиев әндерін орындаушылары байқауында бірінші орынға ие болды. 2000 жылы «Шабыт» Халықаралық байқауының дипломанты, 2003 жылы Ялта қаласындағы Халықаралық фестивальдің дипломанты атанды,
«Жас канат» республикалық конкурсының «Күміс қанат» жүлдегері (2006ж. ) .
Ресейдегі Қазақстан мәдениеті жылдарында Ресей Федерациясының Ялата, Самара, Саратов, Москва, Астрахань, Орынбор қалаларында өнерін көрсетті.
Ғайсағалиев Жаскелен Орынбасарұлы
- Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әншісі. 1968 жылы 22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жосалы ауылында дүниеге келген.
Мектептегі ән байқауларына қатынасып, аудандық, облыстық фестивальдарда жүлделі орынға ие болды. Әнші бала атанған Жаскелең оқуды бітірісімен Жосалы кеңшарының Мәдениет үйі жанында ұйымдастырылған алғашкы «Назқоңыр» атты жастар эстрадалық ансамбілінің мүшесі болды.
Жаскелең 1991 жылы Алматы қаласында өткізілген «Тамаша» ойын-сауық отауында ән салды, республикаға танымал әнші атанды, 1994 жылы «Жас қанат», 1996 жылы белгілі композитор Шәмші Қалдаяқов әндері конкурстарының, 1997 жылы Москва қаласының 850 жылдығына арналған халықаралық фестивалдерінің лауреаты атанды. 2000 жылы композитор Ескендір Хасанғалиев әндерінің «Атамекен» республикалық фестивалінің «Гра-При» жүлдесін жеңіп алды.
Әнші-композитор Ж. Ғайсағалиевтің репертуарында қазақ халық әндерімен бірге орыс, татар, қазіргі заманымыздың композиторлары Ш. Қалдаяқовтың, Е. Хасанғалиевтің, Д. Қажымовтың әндері кең орын алған. Өзінің композиторлық шығармашылығына да кең жол ашқан алдыңғы қатардағы белгілі композиторлардың әндері жас әншінің жүрек түбінде жатқан қылын шертіп, талай әндердің тууына да себепкер болып жүр.
Сарбөпеев Марат Мәулетұлы
1973 жылы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келді. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, эстрада өнерінің әншісі. Бала кезінен сазды әуенге құштар болып өседі. Мектепті бітірген соң, Орал мәдени-ағарту училищесіне оқуға түседі. 1992 жылы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтынына ауысады. Институт қабырғасында жүріп, «Кіші жүз» деп аталатын вокалды - инструментальды ансамбль құрып, көптеген қалалар мен облыстарда өнер көрсетіп, түрлі байқауларда жүлдеге ие болды. 1996-2002 жылдары Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын аяқтап, сол оқу орнында ұстаздық қызмет атқарды. 2002 жылы Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияға эстрадалық әнші ретінде шақырту алып, бүгінде сол өнер шаңырағында қызмет етіп келеді.
Марат Сарбөпеев өзінің шығармашылық жолында бірнеше жеке концерттерін берді. Сонымен бірге АҚШ-ның Лос-Анжелес, Голливуд, Лас-Вегас қалаларында, Қытай Халық Республикасының Құлжа, Үрімші, Пекин қалаларында, Украинаның Киев және Чернигове қалаларында өз өнерін көрсетті. Қазіргі таңда шығармашылық жұмыстарымен қатар продюссерлік қызмет атқарып келеді. Бірнеше рет республикалық, халықаралық мәдени шараларға қатысты.
2000 жылдан бастап өз жанынан әндер жазып, жұртшылық арасында орындала бастады.
Марат Сарбөпеев 1997ж. Орал қаласында өткен облыстық «Жас қанат» байқауының, 1998ж. Алматы қаласында өткен республикалық «Жас Қанат» байқауының лауреаты, 1999ж. Астанада өткен халықаралық «Шабыт-Милленниум» байқауының дипломанты, 2000ж. Ақтау қаласында өткен халықаралық «Жаһан Дала» фестивалінің Гран-При жүлдегері, 2001ж. халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің, Белорусь республикасында өткен халықаралық «Золотой шлягер» байқауының, 2003ж. Мальта құрлығында өткен «Мальтийская песня» халықаралық фестивальінің лауреаты. «Алтын домбыра» президент сыйлығының иегері (2003), Украина республикасында өткен халықаралық «Севостополь-2005» фестивальінің 1-орын иегері. Македонияның Скопья қаласында өткен «Еврофест 2012» фестивальінің Гран При жүлдегері.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz