Қазақтың дәстүрлі өнері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығында Қазақстан әлемнің дамыған елдері қатарына енуді көздеп отыр. Бұл жағдайларда қазақстандықтардың өскелең ұрпағына зор жауапкершілік жүктелуде, олардың алдында ұлттық бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру, ХХІ ғасырда Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен беделінің артуын қамтамасыз ету міндеттері тұр. Негізгі қоғамдық капитал - адам капиталын белсенді дамытудың ең тиімді тәсілдерінің бірі «технологиялық серпінге» әзір жаңа ұрпақты дайындау, оларды ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты іске асыруға тарту болып табылады.

Қоғамның рухани құндылықтарын қалыптастырудағы игі іске қатысы бар мектептерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Әдістемелік ұсыныстар баланың жеке қабілеттерін жан-жақты ашу, қызметтің алуан түріне балалардың қызығушылығын, қоғам мақұлдаған, тиімді әрекетке белсенді қатысу ниетін, өзінің бос уақытын өздігінше ұйымдастыру ептілігін дамыту мүмкіндін беретіндіктен педагогикалық тұрғыда пайдалы.

Шығармашылық, танымдық, спорттық, еңбек, ойын сияқты сабақтан тыс қызметтің әрбір түрі қандай да бір аспектіде оқушының бірлескен өзара әрекеттерінің тәжірибесін байытады, мұның жиынтығы үлкен тәрбиелеушілік нәтиже береді

Қазіргі жағдайда балалардың мектеп білімі аясында үнемі іске асырыла бермейтін салалардағы танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты білім беру іс-әрекеті кең қанат жайып келеді. Демократиялық реформалар тудырған отандық білім беру саласындағы жаңа құбылыстар қатарында барынша маңыздылардың бірі деп толық негізде балаларға қосымша білім беруді атауға болады. Балаларға қосымша білім берудің құндылығы сол, ол жалпы білім берудің вариативті құрамын күшейтеді, жасөспірімдерге өз-өздерін кәсіби бағдарлауда көмектеседі, балалардың мектепте алған білімдері мен күш-қуаттарын іске асыруға септеседі. Қосымша білім беру жағдайында балалар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін, қазіргі қоғамға бейімделу дағдыларын дамыта алады және бос уақытты толыққанды ұйымдастыру мүмкіндігін алады.

Қазақ халқы бейнелеу өнерінің мәдениеттанулық негіздерін зерттеу бірнеше мәдени факторлармен және Қазақстан Республикасында қабылданған мәдени даму бағдарламасымен үндес өтіп жатқан өркениеттік үдерістермен айқындалады. Бүгінгі таңда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстау мақсатында жүргізіліп жатқан рухани шараларға қатысты ұлттық өнер мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен жол ашылды. Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді.

Дәстүрлі өнерімізге ғылыми тұрғыдан жаңаша көзқарастар қалыптастыру, өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу, мәдени мұраны сақтау, жаңғырту, осылардың негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу. Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр. Ұлттық мәдениетке келетін болсақ, ол халықтың ежелден жалғасып келе жатқан өзіне тән өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы есебінде жетіліп отыратыны белгілі.

Зерттеу мәселесі. Бүгінгі таңда қазақтың дәстүрлі өнерін, оның мәдениеттанулық негізін жете танып, біліп, өнер түрлерін жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып, жастарды ұлттың салт-дәстүрінің негізінде тәрбиелеудің қажеттігі өсіп отыр. Сондай қажеттіліктің бірі - халқымыздың бейнелеу өнері, соның ішінде ою-өрнек пен зергерлік, сәндік қолөнері, әшекейлеу әдістері арқылы көрініс табатын бейнелеу өнері тілінің тәлім- тәрбиелік, эстетикалық-танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Оның үстіне қазақ халқы өнері өзінің бай тарихы, терең мәдени- философиялық мазмұны, өзіндік ұлттық сан-қилы ерекшелігімен қымбат әрі құнды. Сондықтан да оның мәдениеттанулық негіздерін көрсету, танып-білу, жоғарғы оқу орындарында ұлттық тәлім-тәрбие беру үдерісінде қажетті мәселелердің бірі болып табылады.

Зерттеу мақсаты: бос уақытты ұйымдастыруда көркемөнердің алатын рөлін айқындау.

Зерттеу міндеттері :

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Бос уақытты ұйымдастыруда көркемөнердің алатын орны

1. 1 Оқушылардың сабақтан тыс кездегі бос уақытын ұйымдастыру бойынша қазақстандық және шетелдік тәжірибені зерттеу

Бүгінгі мектеп - бұл тәрбиелеу мен оқыту маңызды құрамдас элементтері болып саналатын күрделі жүйе. Балалармен жұмыс жасау барысында біз оқу-тәрбие процесінің бірлігіне сүйенеміз.

Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың қазақстандық тәжірибесі көрсеткендей, мектептер өздерінің тәрбие жұмысында сабақтан тыс қызметке ерекше көңіл бөледі.

Сабақтан тыс жұмыс - бұл тәрбиелеуші ұйымдардың тіршілік әрекетін сыныптық-топтық ұйымдастырудан бөлек жүзеге асыратын әлеуметтік тәрбиені ұйымдастыру формасы. Сабақтан тыс қызмет оқушылардың сабақ барысындағы әрекеті сияқты негізгі білім беру бағдарламаларын игеру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған. Алайда, бірінші кезекте - бұл тұлғалық нәтижелерге қол жеткізу. Бұл сабақтан тыс қызметтің ерекшелігін анықтап беру барысында оқушылардың өзін-өзі дамыту дайындығы мен қабілетін, оқу мен таным уәждемелерін, оқушылардың құндылық бағдарларын, әлеуметтік біліктіліктерін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасындағы сабақтан тыс қызметтің жағдайын қарастырғанда мектептен тыс білімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінетіндігі айқындалды. Ол келесі бағыттарда жүзеге асырылады: көркемдік- эстетикалық қосымша білім, экологиялық-биологиялық қосымша білім, балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту, оқушылардың ғылыми- техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстар.

Соңғы жылдары балаларға қосымша білім беру жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бірлестіктердің дамуы байқалады, олар оқушылардың коммуникативті, зияткерлік қабілеттерін түзету мен дамытуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға бағдарланады. Бұл қызмет өскелең ұрпақтың әлеуметтік бейімделуіне, азаматтық қалыптасуына мүмкіндік береді [2] .

Шетелдік тәжірибені талдау көрсеткендей, мектепте сабақтан тыс қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға болады: ойын, танымдық, мәселелік- құндылықтық қатынас, бос уақыттық-сауықтыру, көркем шығармашылық, әлеуметтік шығармашылық, еңбек, спорттық-сауықтыру, туристік-өлкетану. Сондай-ақ, жүйе құраушы ретінде келесі қызмет түрлері анықталады:

1. Танымдық қызмет - оқушының дүниетанымын кеңейтеді, білімге құмарлығын және білімі мен зияткерлігін дамыту қажеттілігін қалыптастырады;

2. Көркемдік қызмет - дүниені эстетикалық сезінуді, әсемдікке қажеттілік, көркем ойлау мен нәзік эмоционалды қатынасты дамытады;

3. Спорттық қызмет - салауатты өмір салтына, дене сұлулығы мен өмірдің жоғары гигиенасына жағдай жасайды;

4. Қоғамдық пайдалы жұмыс түріндегі еңбек қызметі - оған деген оң қатынас адамдық болмыстың, адамдарға деген қатынастың, өзіне деген қатынастың көрсеткіші болып табылады;

5. Құндылықты-бағдарлы қызмет - әлемнің жалпыадамзаттық және әлеуметтік құндылықтарын ұтымды ұғынуға, әлемге жекелей қатыстықты сезінуге бағытталады;

6. Туристік-өлкетанушылық қызмет - туған өңірдің тарихын, мектеп тарихын тануға бағытталған.

Ресейлік ғалым Л. П. Бутенконың пікірінше, елімізде балалардың бос уақытын ұйымдастырудың өркениетті жүйесін ұйымдастыруға бағдарлануда Батыс Еуропаның тәжірибесіне сүйенген жөн. Қазіргі уақытта Батыс Еуропа елдерінде көптеген «интеграцияланған» мекемелер бар, олардың арасынан кең тарағаны - мектеп немесе лицейлерге негізделген түрі. Мысалы, Чехия мен Словакияда мектеп базасында пайда болған заманауи клуб мекемесі мәдени-тәрбиелеу қызметі түрлерінің дәстүрлі жинағынан басқа кафе немесе шағын мейрамхана мен спорт кешенінен тұрады.

Мемлекеттік ағылшын мектептеріндегі маңызды сәт - аға ұрпақ өкілдерінің қатысуымен жалпы білім беру процесін мектептен тыс әлеуметтік- мәдени қызметпен толықтыру болып отыр. Әлеуметтік-мәдени мекемелердің тұратын ортамен «бірігіп кету» процесі бір ғимаратта немесе қатар тұрған құрылыс кешенінде орналасқан балалар бірлестіктері санының өсуімен қатар жүреді; соңғы жылдары белгілі аймақ тұрғындарының бастамасымен құрылған жекелеген мекемелер кең таралуда [3] .

Өркениетті адамзат әрбір баланың жеке абыройын, оның жеке өмірге, демалу мен бос уақытқа, «қуаныш пен достыққа» деген құқығын құрметтеуі керек. Бала еркін және мәдени өмірге араласуы, өнермен айналысуы керек. Ересектердің заманауи қоғамы әрбір балаға бос уақыты болу құқығын қамтамасыз етуге, өзіндік даму жолын таңдау мүмкіндігін беруге міндетті.

1. 2 Көркемдік білім берудің негіздері

Біздің еліміздегі балалар мен ата-аналар арасындағы барынша бұқаралық және танымал болып көркем-эстетикалық қосымша білім беру орталықтары табылады. Көркемдік білім берудің қазіргі кезеңіндегі мақсаттары болып табылады:

- «Мәңгілік Ел» халықтың ұлттық идеясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

- білім берудегі мәдениет пен өнердің маңыздылығының жалпы деңгейін көтеру;

- көркемдік-эстетикалық сана-сезімді қалыптастыру, ол арқылы адам халықтың мәдениетіне өзіндік қатыстығын сезіне алады;

- көркемдік білім берудің кешенді бағдарламасын құру;

- мәдениет және өнер саласындағы көркемдік білім беру мекемелерінің қалыптасқан жүйесін дамыту.

Осылардан қорыта келгенде, көркемдік білім беру келесі міндеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етуге шақырылған:

- халықтың этникалық, әлеуметтік және жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген барлық топтарының эстетикалық қажеттіліктері мен талғамдарын қалыптастыру және дамыту;

- Қазақстанның көркемдік білім беру жүйесі үшін өнер және мәдениет саласындағы шығармашылық кадрларды, сондай-ақ, педагогикалық кадрларды кәсіби қызметке даярлау; 44

- өнер саласындағы отандық кәсіби білім беру дәстүрлерін сақтау және жаңа ұрпаққа беру;

- Қазақстан азаматтарын отандық және шетелдік көркемдік мәдениетке, Қазақстан халықтары шығармашылығының ең үздік үлгілеріне, классикалық және заманға сай өнерге тарту;

- өнердің адамгершілік әлеуетін тұлға мен қоғамның этикалық қағидаттары мен мұраттарын қалыптастыру және дамыту тәсілдері ретінде жүзеге асыру;

- көркемдік білім беруді балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік туғызатын зиялы жетілдіру ықпалы ретінде кеңінен енгізу;

- Қазақстан халқының көркемдік дәстүрлерін зерделеу арқылы ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру;

- өнердің, көркемдік- шығармашылық қызметтің мүмкіндіктерін түзету педагогикасы, халықтың барлық топтарын арт-терапияның заманға сай әдістерін енгізу арқылы халықтың барлық топтарын психофизикалық сауықтыру мақсаттарында;

- бейресми тәртіптің алдын алу және түзету үшін балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік-мәдени бейімделуі мақсатында көркемдік білім берудің ресурстарын тарту;

- халықтың барлық топтарын базалық көркемдік-тәжірибелік дағдыларды игеруді шамалайтын белсенді шығармашылық қызметке тарту;

- көркемдік дарынды балалар мен жастарды анықтау, олардың білім алуы мен шығармашылық дамуына сәйкес жағдай жасалуды қамтамасыз ету.

Балалар жүрекпен өмір сүреді, олардың бойларында рухани және адамгершілік құндылықтардың қуаты бар, олар Ақиқат, Сұлулық, Махаббат, Мейірімділікті жарату үшін дүниеге келеді, ал бұлардың жиынтығы адамның рухани өмірінің өзегін құрайды. Мәдениет пен өнер саласындағы білім беру - бұл білім беру кеңістігінің маңызды құрамдас бөлігі.

Музыкалық және көркем бағыттағы балаларға қосымша білім беру ұйымдары кәсіби-бағдарлы бағдарламаларды да, жалпы көркем-эстетикалық дамудың білім беру бағдарламаларын да іске асырады, мәдени-ағарту және мәдени-бос уақыт функцияларын атқарады, балаларды көркем құндылықтарды тұтыну қасиеттеріне тәрбиелейді.

Көркем білім беру балаға тануға және 46 шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілікті қабылдауға, өзін-өзі барынша іске асыруға, пәндік, әлеуметтік, кәсіби, жеке тұрғыда өзін-өзі анықтауға мүмкіндік береді. Өнермен айналысу балалардың музыка, хореография, цирктік, театральды, бейнелеу, декоративті-қолданбалы өнер салаларындағы қабілеттерін дамытады; көркем-эстетикалық талғамды қалыптастырады; ұжымда жұмыс істеу, үлкен сахнада өнер көрсету, көрмелерге қатысу іскерліктерін тәрбиелейді; кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектеседі, өнер мен мәдениеттің орта, арнайы және жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыру үшін барынша дарынды балаларды анықтайды.

Декоративті-қолданбалы шығармашылық сабақтарында балалар ерте жастан бастап халық өнерінің, ұлттық мәдениеттің, халықтық салт- дәстүрлердің қайнар көздеріне тартылады және түрлі материалдардан бірегей бұйымдар жасайды. Республиканың барлық қосымша білім беру ұйымдарында халық шығармашылығының дәстүрлерімен, қазақ халықтық бұйымдарының әзірленуімен және жұмыс технологиясымен танысу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Балалардың театрлық шығармашылығы біздің республикада дамыған және оқушылар арасында өте танымал. Әрбір облыста түрлі жанрлардағы мемлекеттік, орыс және өзге тілдердегі балалар театрлары жұмыс істейді. Бейнелеу өнеріне оқыту көркем мектептерде, өнер мектептерінде, клубтарда, Оқушылар үйлері студияларында, аулалық клубтарда жүреді.

2. Көркем мәдениетті зерттеудің әдіснамалық мәселелері2. 1 Көркемөнер шығармаларының қалыптасу ерекшеліктері

Қазан революциясының жеңісінен соң көркемөнерге жетекшілік жүргізу мемлекеттік сипатқа ие болып, үкімет қамқорлығына алынды. Жаңа қоғамдық құрылымның қалану жағдайы, қалыптасқан саяси ахуал көркемөнерді жаңа адамды тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануда күн тәртібіне қойды. Осындай аса маңызды міндеттерді шешу үшін көркемөнер мәселесін мемлекеттік мәселе дәрежесіне көтеріп, оның мемлекеттік басқару жүйесін құру алғашқы күннен-ақ қолға алынды. Айталық 1917 жылы 9-қазанда Халық ағарту комиссариаты жанынан мектептен тыс ағарту, театр, өнер бөлімдері құрылады. Бұл құрылымдар міндетіне саяси ағарту ісімен қатар көркемөнерге де жетекшілік жүргізу ісі жатады. 1919 жылы Халық ағарту комиссиариатының мектептен тыс бөлімі Саяси ағарту комитеті, театр бөлімі Орталық театр комитеті болып қайта құрылады. Ал жергілікті жерлерде хальгққа білім беру бөлімдері жанынан губерниялық қалалық кіші бөлімдері ашлады.

Құрылым қызметтерінде ажыратымдылық ерекшелік болады. Мәселен, өнер бөлімі, оның жергілікті кіші бөлімі МУЗО /музыкалық ағарту/ қала көркемөнеріне жетекшілік жүргізсе, мектептен тыс ағарту бөлімі ауылдық-деревнялық көркемөнерге басшылық жүргізетін болған. Сондай-ақ, әуесқой театр өнеріне де басшылықты жергілікті жағдайда губерниялық қалалық халыққа білім беру бөлімдері құрамындағы жұмысшы-шаруа театры кіші бөлімі жүргізеді. Осы басқару жүйелері арқылы көркемөнерге белгілі бір дәрежеде саяси-әлеуметтік және ұйымдастыру-эстетикалық бағдар мен ұстаным беру іске асырылады. Көркемөнерге жүргізілетін ортақ мемлекеттік басқару жүйесінің құрылуы, әрине, жаңалық болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
Ұлттық өнер
Қазақ халқының ұлттық өнерінің мәні
Дәстүрлі өнердегі діни нанымдар мен сенімдердің көріністері
Қазақтың зергерлік өнері
Дәстүрлі өнер түрлері
Халық музыкасы
Арқаның дәстүрлі ән мектебі
Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz