Ауылшаруашылық малдың жұқпалы аурулары



Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

Экология және биотехнологи бөлімі

ЕСЕП

28.03-15.04.16 аралығындағы оқу практикасы

Тақырыбы: Бруцеллез ауруы

Орындаған: ВТ-31 топ оқушысы
Б.
Практика жетекшісі: арнайы пәндер оқытушысы
Каримова Э.К.

Орал - 2016ж

Мазмұны
І.Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Ауылшаруашылық малдың жұқпалы аурулары. Бруцеллез ... ... ... ... ... ... .8
2.2 Патогенез ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3 Клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.4 Патологоанатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.5 Алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ІІІ Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

І.Кіріспе бөлім
Мен Аты-жөні 15.02.-21.05.2016ж. аралығында Казталовка ауданы шаруашылығында өндірістік сараманнан өттім. Сараман кезінде Казталовка ауданында бруцеллезді жою шараларын өткізу жұмыстарын зерттедім.
Қазақстан бойынша мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет салалары заман талабына сай жетіліп, қоғам дамуына елеулі күрес қосып, келеді. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданындағы Жалпактал аулының және оған қарасты мал дәрігерлік учаскелер бар. Соның ішінде бруцелезге қарсы құрылған аудандық экспедицияда 12 мал дәрігері қызмет жасайды. Бұл аудан аймағанда жыл сайын тіркеліп отыр. Сондықтан бруцеллезді болдырмау үшін аудандық аумақтақ басқармабар күшін салады.
Бруцеллезден шаруашылықта әдейі бекітілген жоспар бойынша малдардың қанын серологиялық тексеруден өткізіп отырады. Бұндай шаруашылықтарда сиыр, құнажын, саулық қой, мегежіндер, бұқа және шошқалар тексеруден міндетті түрде өтеді. Бруцеллезге алдын - ала тексеру жұмысы жылына бір рет өтуге тиіс.
Індетке қарсы күрес жүргізетін бөлім Республика көлемінде кездесетін жұқпалы аурулар мен паразит ауруларын болдырмау, алдын алу, сақтандыру және оған қарсы күрес жоспарын жасап, олардың орындалуын, аурулардан тазарту мумкіншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдай жасап, осы аурулардан тазарту мумкуншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдау жасап, осы аурулардан өлім-жетімге ұшарамауын қадағалайды. Сонымен қатар облыстардағы мал дәрігерлік қызмет салаларының дәрі-дәрмек, зарарсыздандыру заттарымен, биологиялық препараттармен қамтамасыз етілуін қадағалайды.
Малдың бруцеллез індетіне қарсы бөлім Республика көлемінде мал арасында бруцеллез ауруының пайда болу жолдарын тексеру, таралуын анықтайды, олармен жоспарлы түрде шарушылықтардың мал өсіру бағатына сәйкес, курес жүргізілу шараларын белгілейді. Малы сау шаруашылақтарды осы аурулардан сақтандыру және ауру тараған шаруашылықтарды одан арылту мүмкіншіліктерін жан жақты жоспарын жасап, дер кезінде орындалуын қадағалайды. Облыстағы індеттерге қарсы күресетін арнаулы экспедициялардың жұмыстарына басшылық етеді.
Бруцеллез ауруы шыққан табын не ортаға елді мекендердегі, не фермалардағы аудандық бас мал дәрігерінің хабарламасына сәйкес аудандық әкімшіліктің қарары бойынша тежеме шаралар және бруцеллезді жою жөніндегі шаралары бекітіледі.
Бруцеллезді болдырмау және жою жөніндегі жоспарлы шаралар, жұмыстың түрі мен орындалу мезгілі, жұмысты орындауға жауапты адамдардың аты - жөні көрсетіліп, оны материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етіп, шаруашылық бастығы мен бас мамандардың, медицина және басқа да қатынасы бар органдармен келісіп жасалады.

1.1 Әдебиетке шолу
Конопаткин А.А-ның 1984 мәліметіне сүйенсек бруцеллез brucellosis-аналықтардың іш тастауымен, шу түспеуімен, эндометриттермен, еркектерінің жиірек симптомсыз өтетін орхиттарымен сипатталатын малдардың созылмалы ауруы.
Бруцеллез жер шарының көптеген елдерінде таралған, бірақ сирек кездесетін Африка, Орталық және Оңтустік Америкада. Азия мен Европаның кей елдерінде.
Қоздырғыш. Brucello тусының 6 турі бар: 9 биоварианты бар Br.abortus, Br.melitensiz-3, Br.suis-4, Br. Neotomac, Br. Ovis және Br. Canis. Барлық бруцеллалар полиморфты, 0,6-1,5*0,5-0,7 мкм. Микробтар қозғалмайды, анименді бояулармен жақсы боялады, грам-теріс. Кейбір штамдар капсула түзеді.
Бруцеллалардың физикалық жэне химиялық факторларға төзімділігі жоғары емес. 60 С-да 30 минутта70 С-да 5-10 минутта, 90-100 С-та бірден өледі. Ашылған және салқын сутте, қаймақта микроб 4-7 кунге дейін сақталады, киімде - 14 кун, ірімшік,май, тұздалган теріде - 67 кун, тұздалған етте - 3 айға дейін сақталады. Топырақта, суда, ірі азықта - 4 айға дейін өміршендігін сақтайалады. Шіріген материалда микроб тез жойыла бастайды. Тіке тускен кун саулесі 3-4 сағатта, креомин, фенол, формацильдегид (1%) ерітінділері бір сағатта, 5%-к жана сөндірілген әк - 2 сағатта өлтіреді.
Індеттік ерекшілктері. (Сайдулдин Т. 1999) мәліметі бойынша бұл аурудың табиғи ошағы болмайды.
Инфекция қыздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қаупті. Ондай жануарлар марана мен, шумен, тастанды жолмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру қыздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады.Қыздурышы микроб сонымен қатар сутпен, шәуетпен, нәжіспен және жесеппен бірге бөлінеді. Сиырдың жемінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сакаталып, оқтын-оқтын сутпен бөлініп тұрады.
Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде каратиндеу ережелерін сақтамағанда, ауру және сау малдарды бірге жайганда, бір суаттан суарганда, бір жолмен айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын мал қараға ит пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар бруцеллезге шолдыққан малдардың шуымен не тастанды төлемін жанаскан жағдайда микроб тасымалдаушыға айналады.
Індеттің жаңа ошақтарында бейім жануарлардың 60%-ке дейін инфекцияға шалдығу мумкін. Бас кезінде буаз мал ішінара, ал кейін жаппай іш тастауы мумкін. 2-3 жыл өткен соң аборт байкалмайды, ал шеттен мал косканда індеттену өршіп, жаңа әкелінген және бұрын аурған малдарды қоса қамтып, тастау қайтадан қаулауы мумкін. Малды аралстыру індетті өршетіп, оның жаңа ошақтарын қалыптастырады.
Малды өсіргенде, бағып куткенде ветеринарлық- санитарлық талаптарды дұрыс орындамау, сотының нәтижесінде жануарлардың ауруға төзімділігінің нашарлауы, уақытылы шумен тастанды төлді жинамау, көңді тазаламау, дезинфекцияны ретті турде жасамау бруцеллездің шығуына жағдай тудырады.
И.А. Тарасовтың (1937) мәліметі бойынша Br. Melitensis - жоғары вирусенттіштамының 50 мың бруцелласының 10-ы қойларда тек лимфа туіндерінің аймақтық инфекциялануын тудырды, ал 100 мың доза-генерализденген инфекциялануын тудырды. Бұдан мынадай қорытынды жасалды: салыстармалы түрде қойлар бруцеллез инфекциясына төзімді және олардың кілегеі қабығы мен тері арқылы зарарлануы үшін бруцеллалардың көп мөлшері керек.
Елеміздің әр түрлі мекемелерінде бруцеллалардың вируленті штаммдарын титрлеген кезде Br.melitensis штаммынын конъюктиваішілік және тері астына егіп жұктырудағы салыстырмалы шамамен орташа көрсеткішінің 25 тен 100 мың микроб денесі екенін анықтады (М.М. Иванов, Е.С. Орлов) Бұл жағдайда белгілі уақыттан кеін қанда спецификалық антидене тудыратын, аз уакытты бактериена және жануар ағзасының бөлек органдары мен ұлпаларына қоздырғыштың енуін тудыратын бруцелла дозасы айтылған.
Қайдағы сияқты сиырда да Br. Abortus-қа төзімділік бар. Бұл жануар үшін орташа зарарлану дозасы көздің кілегейлі қабығына ендірілген 10 нан 100 млн. Микробды денеге жетеді. (М.М. Иванов,Е.С. Орлов және басқалары). Қолдан зарарлаған кезде қыздыргыш дозасымен инкубациялық кезеңнің ұзақтығы анықталады. Бірақ ол үшін группадағы жануарлардың массасы мен жасы бірдей болулары керек.
Латентті микроблоздың қалпы, яғни ағзада қоздырғыш тіршілік ете тұра, ана органдарын зарарламауы, адам мен жануарлардың әртүрлі инфекциялық ауруларының біліну қалпы екенін естен шығармау қажет.(А.Зильбер, 1958)
А.Триленко (1956),Плане (Plomet, 1971) және басқа авторлар көрсетуінше, инфекция көзі болып қалыпты бұзалау кезіндегі бруцелла бөлетін сиырлар да жатады.
Бұдан шығатын қорытынды, бруцелла инфекциясының ең кішкене аз деген көзінің өзі қауіпті, себебі бұл ошақтан жануар анасына әлсін-әлсін ең минимальды дозасының енуінің өзі инфекция активизациясына және клиникалық бруцеллезге әкеліп соғуы мүмкін. (Трипенко А.,1976)

2.1 Ауылшаруашылық малдың жұқпалы аурулары. Бруцеллез
Бруцелла бацилласы табиға ортаға өте төзімді, топырақта, қида, жемде, суда 4 айға дейін өмір сүріп өзінің ауру қоздырғыштық қасиетін толықтай сақтай алады, тек қана жоғары температураға төзімсіз, 90-100 градусқа қайнатқанда сол бойда өледі. Адамдарға бруцеллез ауру малдарды күткенде, жемдегенде, олардың қораларын тазалағанда шаң-тозаң арқылы тыныс жолдарымен, тері арқылы әсіресе, қолдағы уақ жарықтармен ерін, көз кілегей қабық-тарына түскен бациллалар ауруды шапшаң қоздыра алады.
Ауру малдардың өнімдерін дұрыс қайнатпай тамаққа пайдаланғанда адамға жұғады.
Бруцелла бацилласы ауру малдың сүті, дәреті, сілекейімен, терімен бөлініп сыртқы қоршаған ортаны ластайды, сондықтан малдың жүнін қырыққан уақытта да немесе оны жинап басқа да әртүрлі өңдеу жұмыстарын жүргізген уақытта да ауру жұқтырады.
Жыл ішінде әсіресе, наурыз, сәуір айларында мал төлдейтін уақытта ауру малдар іш тастайды және әлсіз ауру малдар өздігінен төлдей алмай адамның көмегін қажет етуі, мал мен адамның тікелей қатынасы ауруды жұқтыруға қолайлы жағдайды туындатады.
Бруцеллезден іш тастаған төлдің кеудесінде, ішінде сұйық көп болады, жүні жетіспеген, кілегей қабықтары қанталаған болады.
Бруцелла бацилласы организмге түскесін 6-10 күн ішінде қан ағзасы арқылы лимфа түйіндеріне кіріп 10-15 күнде көбейеді, 20-30 күннен кейін қанға тарап, нерв жүйесін, буындар, бұлшық еттерді, эндокриндік жыныс бездерін зақымдайды.
Бір айдан кейін дене қызуы көтеріліп, кешке қарай безгек пайда болады. Бұл кезде науқаста қалтырау, көп терлеу, қажып-шаршау, әлсіздену, сүйек-буын және бұлшық еттер ауырлығы байқалады.
Бруцеллез адамнан адамға жұқпай тек малдан жұғатын болғандықтан жеке бас гигиенасын сақтаумен қатар мал шаруашылығына арналған санитарлық-ветеринарлық профилактикалық комплексті шараларды қатаң сақтап ветеринарлық қызметтің белгілеген профилактикалық шараларын уақытында орындалуына көмектесіп отыру міндетіміз.
Әрбір қожалығында малы бар тұлғалар өз малдарының есебін дұрыс беріп, ветеринарлық қызметтің белгілеген кестесіне сай малдарын ектіріп отыруы қажет.
Сатылып алынған, саттыққа шығарылыған мал, еттің сүттің саудасы өнімі алынған малдың денсаулығы туралы мал дәрігерінің анықтамасы бойынша жүргізілуі тиіс.
Төл алу науқаны, төлдеп жатқан малға көмек көрсеткен уақытта қолда резинка қолғап, кленкадан жең қап, фартук, аяқта етік болғаны жөн. Төлдеп жатқан малға шама келсе балаларды араластырмаған жөн, олар үлкен адамдарға қарағанда ауруды өте тез қабылдайды.
Отардағы малдың жаппай іш тастауы байқалса дереу мал дәрігерлеріне хабарлау қажет. Бақташылар, мал төлдетуге қатысқандар науқанды жұмыс біткесін бір айдан кейін міндетті түрде медициналық бақылаудан өтуі керек.
Жануарлардың бруцеллезімен күресу келесі шараларға бағытталған:
А) жануарлардың бруцеллезінің алдын алуға;
Б) бруцеллездің эпизоотиялық ошақтарын жоюға;
В) бруцеллезді адамдарға жұқтырмауға.
Бруцеллезге қарсы шаралар ұйымдастару-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы жұмыстарды қарастырады.
Ұйымдастыру-шаруашылық шараларға малдың өсірілуі, азықтандыру мен өсіру жағдайы, жұмысты ұйымдастыруын қорғау, ветеринариялық және санитариялық білімдерді насихаттау.
Ветеринариялық-санитариялық шараларға санитариялық режимді және мал шаруашылығы нысандарында шектеу шараларын сақтау, фермаларды қоршау және аумақтарға бөлу, ветсанжібергіш және дезбөгеттер жасау, мал өнімдері мен шикізаттарын залалсыздандыру дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау кіреді. Бұл шаралар жалпы қабылданған нормалар және бруцеллездің ерекшелігіне байланысты туындайтын жеке бөліктері жөнінде осы ереже бойынша жүргізіледі.
Арнайы шараларға осы нұсқауға сәйкес жүргізілетін иммунопрофилактика және диогностиклық зерттеулер мәселелері кіреді.
Мал бруцеллезімен күресу жүргізілген індеттанулық талдау нәтижелері бойынша бруцеллезден таза немесе таза емес пунктерге жатқызылған жануарлар табының (отарының) белгіленген аумағында жүргізіледі. Сонғысының құрамына індет ошағы және қауіп төнген аумаққа кіреді.
Бруцеллезбен ауырған мал немесе осы аурудан таза емес мал табыны орналасқан мал қорасы, аула, жайылым, немесе басқа да аумақтар бруцеллездің індет ошағы болып табылады.
Бруцеллезбен ауырған мал немесе уақытша оқшаулау мақсатында организимдерінен бруцеллалар белсенді бөлініп жатқан (мысалы шарана суымен, шумен, жыныс жолдарының бөлінулерімен) зақымданған жануарлар тобы орын тепкен қоралар және шектелген аумақ індет ошағының мәйігі болып саналады.
Індет ошағы орналасқан елді мекенінің немесе шаруашылықтын аумағы аурудан таза емес пункт болып есептеледі.
Індет ошағының сыртында орналасқан, аурудан таза емес пункттің аумағы, қауіп төнген аумақ болып есептеледі.
Жануарлардың бруцеллез ауруының алдын алу үшін уақытында бақылау зерттеулерін жүргізу қажет.
Бруцеллезге бейім жануарларды сатып алғанда, оларды 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұстайды және 2 рет бруцеллезге диагностикалық зерттеулер жүргізіп, басқа жануарлармен бірге ұстауға зерттеулерден тек 2 рет теріс нәтиже алғаннан кейін барып рұқсат етіледі. Егер зерттеулер кезінде бруцеллезге оң нәтиже берген жануарлар байқалса оларды оқшаулайды және диагнозын анықтайды, бруцеллез анықталған жағдайда ауру және олармен жанасуда болған жануарларды етке союға тапсырады.
Бруцеллез ауруының алдын алу үшін жануарларды басқа адамдарға сату және басқа жаққа әкету, олардың аурудан тазалығын дәлелдегеннен кейін және паспортында қажетті белгілердің болуына байланысты жүзеге асырылады.
Сауықтыру шаралары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының басшылығымен ветеринариялық мамандар жоспарлайды және жүргізеді.
Тұрғындар бруцеллез ауруының таралуын және ол аурудың салдарын түсіне отырып, ветеринариялық іс-шараларға көңіл бөліп, ауыл шаруашылық жануарларын дер кезінде тексеруден өткізіп отырулары керек.

2.2 Патогенез
Бруцеллез инфекциясының патогенетикалық және клиникалық белгілері бірнеше факторлар арқылы бір - бірімен байланысып жатыр. Мәселен, адамдарда болатын бруцеллездің клиникалық белгілерін анықтайтын негізгі факторлар мыналар:
а) микроорганизмнің ауруға қарсы тұра алу қабілеті және оның әр түрлі бруцеллез инфекцияларына сезімталдығы мен қабылдағыштығы;
б) жұқпалы індеттің өсу қырқыны және қайталану жиілігі; ауру қоздырғышының организмге ену жолдары;
в) сенсибиляция дәрежесі және организмнің иммунологиялық белсенділігі, т.б. Бруцеллездің этиопатологиялық белгілерінің анықталуы бұл індетті эксперименталды жолмен зерттеудің қажеттілігін білдіреді. Бруцеллез патогенезін жүйелі түрде эксперимент жолымен зерттеу П. Ф. Здродовский мен оның шәкірттері жүргізген 30 - шы жылдардағы жұмыстардан басталады. Қазіргі уақытқа дейін бруцеллез патогенезі туралы сол алғашқы мәліметтер біздің Отанымыздың және шетел ғалымдарының зерттеулерімен толыға түсті. Лабораториялық жолмен зерттеуде болатын ұсақ жәндіктерге (теңіз шошқалары, ақ тышқандар), сондай - ақ, бұл жұқпалы індетті адамдар арасына таратушы негізгі иелері болып табылатын ауыл шаруашылығындағы жануарларға (қойлар, ешкілер, мүйізді ірі қара, шошқалар) эксперимент әдісімен инфекция егу мүмкіндігінің пайда болуы бруцеллез патогенезін толығырақ анықтауа жағдай жасады. Бірақ қазіргі ғылымда аталынған аурудың патологиялық қалыптасу механизмі мен дамуы, дәлірек айтқанда, бруцеллездің созылмалы және латентті түрлері жан - жақты толық зерттеліп болды деп айту қиын. Бруцеллездің бірден - бірге таралуы мен жұғуы әр түрлі болып келеді. Оның жануарлардан адамдарға көшуінің эпидемиологиялық жолдарының ең негізгісі - іш тастау немесе төлдеу кезеңінде ауру малдарды күтіп - баптау кезі. Сондай - ақ, бруцеллезбен ауырған малдардың етін, жүнін, терісін өңдеу барысында індет жұқтыру көрсеткіші 10 - 40 пайызға дейін болады екен. Мұнымен қатар, адамдар арасындағы эпидемиологиялық таралу сүт тағамдарынан, әсіресе бруцеллезбен ауырған қойлардың сүтінен дайындалған ірімшіктен де болады. Түйенің және бұғының сүтінен дайындалған тағамдардан да адамдардың ауру жұқтырып алуы мүмкін.
Ұзақ жылдар бойы жүргізілген эпидемиологиялық бақылау жұмысының нәтижесінде бруцеллез инфекциясының үш түрлі жолмен:
1) контактілі;
2) алиментарлы;
3) арогенді жолмен жұғатындығы анықталады.
Мұндай жолдармен індет таралу мүмкіндігін бірнеше авторлар өз эксперименттері арқылы дәлелдеп шықты. Бұл эксперименттер барысында бруцеллездің адамдарға жұғу қақпасы, аурудың одан әрі даму механизмі т.б. анықталды.

2.3 Клиникалық белгілері
Ірі қара малда бруцеллез көп жағдайда клиникалық белгілері анық білінбей, үстіртін не латентті түрде өтеді. Ауырған аналық малдың негізі белгісі - аборт. Буаз аналықтардың іш тастауы 3 - 4 айлық немесе 6 - 8 айлық кезінде болады. Аборттың болу мезгілі ауру микробының жұғуына тығыз байланысты. Ал, бруцеллез микробтары буаз сиырларға 1 - 2 ай немесе 7 - 8 ай шамасында мезгілі көп жағдайда малдың туу қарсаңында болады және алғаш туатын құнажындарда бруцеллезбен ауырған жағдайда жаппай іш тастауы байқалады. Оның саны 30 - 50 пайызға дейін жетеді (К. П. Студенцов, 1975). Ауру сиырда аборт бір рет болады, ал екі не үш рет іш тастауы өте сирек кездеседі. Сиырда іш тастауына 2 - 3 күн қалғанда оның сыртқы жыныс органдары ісініп, қызарады және жатыр алды бөлімінен қызғылт иіссіз кілегей ағады. Мұндай малдың буындары қабынып, жүргенде қатты қиналады, көпке дейін оның шуы түспейді, жатыр ішінде шіриді. Ақырында мал эндометритке, метритке, вагинитке ұшырайды. Оның желіні қабынады. Мұндай жағдайда аналық малдың ұрықтану қабілеті жойылады. Ауырған ірі қараның белгісінің бірі - буындарының ісініп қабынуы, әсіресе, тобық, тізе буындары. Бастапқы кезде буын іспей, ұстап қарағанда мал ауырсынады, содан соң ісініп, ісігі күннен - күнге ұлғая береді. Бара - бара буынға ірің микробтары түсіп, буын ісігі қатты қызып, мал мүлде жүре алмай қалады. Ісік тесіліп, одан ірің ағады. Буында өзіне тән емес тканьдер өсіп, ол извест тұздарымен қапталып буын қозғалысы бұзылады. Бруцеллезбен ауырған бұқаларда іріңді орхит, эпидидимит, артриттер және синовиттер болады. Бруцеллезді қойға эксперименталды жолмен жұқтырғанда бастапқы 3 - 4 күн ішінде организм температурасы 40,5 - 41 градусқа дейін көтеріледі, мал шөп жемейді, жалпы жағдайы нашарлайды. Одан әрі жайы жақсарып, ауру созылмалы түрге айналып, көп жағдайда ауру белгісі білінбей өтеді. Аурудың негізгі клиникалық белгісі - буаз қойдың іш тастап, шуы түспей, эндометритке айналуы. Қойдың іш тастауы қойда жаппай жүріп, аборт саны 20 - 60 пайызға жетеді. Іш тастар алдында саулықтардың сыртқы жыныс органынан және жатыр алды бөлігінен іріңді кілегей ағып, қабынады. Желіні ісіп, мал тынышсызданады. Буаз қойлар көбіне 4 - 5 айлық кезінде іш тастайды. Мал ұрығы кейде өлі туып, кейде өте әлсіз, өмір сүруге бейімсіз нашар қозы туады да, ол алғашқы күні - ақ өліп қалады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде жылқылардың жұқпалы анемиясының шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау және жарып-сою хаттамасын жүргізу
Жылқылардың инфекциялық анемиясының шаруашылыққа тигізетін зияны
Несеп жүйесі ауруларының негізгі синдромдары
Емдік шаралар
Пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Шаруашылықтағы қой ауруларының алдын - алу жұмыстарын ұйымдастыру
Инвазиялық аурулар
Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
Малдың инвазиялық аурулары
Пәндер