Вавилон мәденеиеті мен діні


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Вавилон мәденеиеті мен діні»

Орындаған: Жұмағали М. Т.

Тексерген: Мырзабаева Б. М.

Орал, 2017ж.

Жоспары

Кіріспе

1. Ежелгі Вавилонның мемлекеті және құқығы

2. Вавилон мәдениеті мен діні

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Вавилон Қосөзеннің ең ыңғайлы жерінде, сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Қалада 200 мыңдай тұрғын болған көрінеді.

Хаммурапи б. з. б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қоластына ба, ындарды. Сөйтіп бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды.

Ежелгі вавилондық мемлекет Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығындағы жердің оңтүстік бөлігінде пайда болған: бүл жердің ежелгі халқы болып шумерлер табылған, ал оңтүстік бөлігінде аккадтар өмір сүрген.

Б. э. д. III мыңжылдықтың басында қоғамның таптарға бөлінуі және мүліктік теңсіздіктің пайда болуы нәтижесінде «қала-мемлекет» нысанындағы алғашқы 40 мемлекет пайда болған, олардың әрқайсысында 40-50 мың адамдай өмір сүрген. Бұлар ежелгі шумерлік мемлекеттер болып табылатын, олардың ішіндегі ең әйгілері - Эриду, Ур, Ларса, Лагаш, Киши және Умма. Бүл мемлекеттердің пайда болуының негізгі факторы болып көршілес қауымдастықтардың бірлескен күштерін қажет ететін ирригациялық және мелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігі табылды.

Ежелгі шумерлік коғамдағы билеуші топ мемлекеттердің билеушілерінен, олардың отбасыларының мүшелерінен, рулық-тайпалық және шіркеулік ақсүйектерден, сонымен катар, патшалық және шіркеулік шаруашылықты басқарушы тұлғалардан құралған. Халықтың қаналушы тобына құлдар мен тәуелді тұлғалар жатқан. Қоғамның жоғарғы тобы мен тәуелді тұлғалардың арасында халықтың негізгі бөлігі - аумақтық қауымдастықтармен өмір сүрген еркін шаруалар болған.

Басқару нысаны бойынша ежелгі шумерлік мемлекеттер рулық-тайпалық ұжымдастықтың қалдықтарын сақтап қалған аристократиялық мемлекеттер болған. Әрбір қала - мемлекеттің басында барлық еркін шаруалардың жиналысымен не ақсақалдар кеңесімен сайланған билеуші - энси болған. Билеушінің билігі халық жиналысымен не ақсақалдар кеңесімен шектелген; бүл органдар билеушілердің қызметіне бақылау жүргізген, сонымен қатар сот функцияларын жүзеге асырып, қауымдық мүлікті басқарған.

Алайда, көптеген мемлекеттер тұрақты түрде билік үшін өзара соғыстарды жүргізген. Б. э. д. III мыңжылдықтың басында соңында жаңа орталық - аккадтық қала Вавилонның үстемдігі басталады. Б. э. д. II мыңжылдықтың басында Вавилон аморей тайпаларының басып кіруімен құрылған жаңа мемлекеттің астанасына айналады. Вавилон Аккад пен Шумерді жаулап алады, нәтижесінде ірі қуатты Ежелгівавилондық мемлекет пайда болды.

1. Ежелгі Вавилонның мемлекеті және құқығы

Вавилонның мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері:

1 кезең - бүл ежелгі вавилондық мемлекеттің ерекше гүлденген кезі, бүл кезде Халемурапи патша билік құрады (б. э. д. 1792-1750 ж. ж. ), бұл мемлекет таулық тайпа-касситтермен жауланған болатын.

2 кезең - б. э. д. ХҮІІ ғасырдың соңына келеді. бұл кезде Вавилонның жаңа, бірақ уақытша өрлеуі орын алады (Жаңа-вавилондық патшалык) . Б. э. д. 539 ж. бұл мемлекетті парсылар жаулап алады.

Қоғамдық құрылым. Елдің негізгі халқын еркін адамдар мен құлдар құраған. Еркін адамдар, өз кезегінде, екі сословиеге бөлінген: авииум (тура мағынасы «күйеу», «адам») және муш-кенум (тура мағынасы «табынушы»), Бұлардың екеуі де бай да. кедей де болуы мүмкін еді, кейбіреулерінде құлдары да болатын, алайда қауымдағы жерді иеленуі оларды толыққұқылы қылатын.

Қоғамның қаналушы табына құлдар жататын, олар мемлекеттік (патшалык), ұжымдық (шіркеулік) және жеке меншікте де болатын. Олар өз иесінің мүлкінің кұрамына енетін, яғни, оларды сатуға, мұрагерлікке беруге болатын.

Мемлекеттік құрылым. Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша Ежелгівавилондық мемлекет қатысты түрде орталықтанған мемлекет, оны басқару нысаны бойынша - шығыстық диспотия болып табылатын.

Жоғарғы билік патшаға тиесілі болатын патшалық биліктің материалдық негізін шіркеулердің жерлері мен патша шаруашылығы құрайтын. Сонымен қатар, патша ирригациялық шаруашылық пен ирригациялык жұмыстарға жоғарғы басшылықты жүзеге асыратын.

Мемлекеттік істерді басқару патшалық билікпен тағайындалатын және оның алдында жауап беретін күрделі орталықтанған шенеуніктік-бюрократиялық аппарат арқылы жүзеге асатын. Әкімшілік биліктің орталығы - патша сарайы мен шенеуніктер, олар сарай шаруашылығына басшылық жасап, мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғалары болып табылады. Су шаруашылығын өзендерді басқарушы басқарды. Оған қадағалаушылар, қараушылар, бақылаушылар, қоймашылар және есепшілер бағынды.

Жергілікті басқару. Бүкіл мемлекет облыстарға бөлінді, олардың басында патшаның сенімді адамдары тұрды. Олардың ішінде ең басты екеуі болды: солтүстікте Сиппар қаласында және оңтүстікте Ларс қаласында. Бұлардың қызметтеріне бақылау жүргізу үшін жергілікті жерлерге көптеген өкілеттіктерді иеленген патшаның шабармандары жіберіліп отырды.

Қауымдық басқарудың органы болып қауымдық кеңес табылды, алайда, оның басшысы - рабианумды патша тағайындайтын болған.

Сот жүйесі. Патша мен патша шенеуніктері әкімшілік және сот істеріне де басшылық жасайтын болған.

Жоғарғы судья ретінде патша танылған, ол азаматтық және қылмыстық істерді қарауда жоғарғы инстанция болып табылатын. Жергілікті жерлерде сот функциялары патша өкілі мен рабианумның қолында болған. Ірі қалаларда сот функцияларын арнайы патша судьялары жүзеге асырған.

Әскер. Қарулы күштердің негізгі түрі болып еркін шаруалардың жиналған әскері табылған, олар соғысқа өз қару-жарақтарымен қатысқан. Соғыс біткен соң мұндай әскер таратылатын болған. і

Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгівавилондық құқықтың маңызды ескерткіші болып Хаммурапи патшаның заңдары табылған. Заңдардың мәтіні базальт қабырғада ойып жазылған, оның жоғарғы жағында тізесі бүгілген Хаммурапига бүл заңдардың мәтінін ұсынушы күн құдайы Шамаштың бейнесі бейнеленген, бұл патша заңдарының құдайлық бастамасын білдірген. Хаммурапи заңдарын алғашқы аудармашы француз ғалымы В. Шейл барлық жинақты 282 бапқа бөлген: 1- 15 баптарда іс жүргізушілік сипаттағы ережелер көрініс тапқан; 6- 126 баптар мүліктік қатынастарды ретгеуге арналған; 127 - 195 баптар отбасылық және мұрагерлік құқыққа арналған; 196 - 214 баптар тұлғаны қорғауды көздейді; 215 - 282 баптар жалға алу шарттарын реттейді.

Хаммурапи заңдарының басым көпшілік баптары мүліктік қатынастарды реттеуге арналған. Меншік объектісі ретінде жер, мал, еңбек құралдары, құлдар және басқа да мүлік танылған. Бөтен мүліккке зиян келтіру міндетті түрде зияндарды өтеуді кездеген.

Міндеттемелік құқыққа шарттардың келесі түрлері тән болған:

- заем шарты, бұл шарт тек қарызды қайтаруды ғана емес, сонымен қатар, пайыздарды төлеуді білдірген;

- сату-сатып алу шарты, бүл шартты бекіту кезінде шарттың барлық жағдайлары көрініс тапқан балшық таблетка түріндегі жазбаша шарт жасалған;

- сақтау шарты, бүл шартқа сәйкес, сақтауға берілген мүлікті сақтаушы мүлік жоғалған жағдайда оны иесіне екі есе мөлшерде қайтарып беруге міндетті болған;

- жерді жалға алу шарты - жалға алушы жалға алған жері үшін алдын-ала белгіленген мөлшердегі ақыны немесе болашақта алынатын астықтың бір мөлшерін беруге міндеттенеді;

- жеке жалға алу шарты негізінен ерекше дағдылар мен қабілеттері бар жұмысшыларға катысты болған.

Неке және мұрагерлік құқыққа заңдар жинағының 70-тен астам бабы арналған. Отбасы өз отағасы арқылы қауыммен және мемлекетпен байланысқа түсетін аса маңызды әлеуметтік құрылым ретінде танылған. Отбасы иесінің билігі отбасы мүшелерінің жұмыс күшін басқарушының билігі ретінде көрініс тапқан.

2. Вавилон мәдениеті мен діні

Шумер-аккад өркениетінің мұрагері Вавилония болды. Б. з. дейінгі ІІ мыңжылдық ортасында Хаммурапи патша кезінде (б. з. дейінгі 1792-1750 ж. ж. ережелері) Вавилон қаласы өз маңында Шумер мен Аккадтың барлық облыстарын біріктірді. Хаммурапи кезінде екі метрлік тас бағанаға сына жазумен жазылған белгілі заңдар жиынтығы пайда болды. Бұл заңдарда Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымы бейнеленді, олардың мүдделері нақты шындыққа көңіл аударып, маңындағы тайпалармен үнемі күресу қажеттігімен анықталды.

Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының сенімінде су мен аспан шырақтарына табыну үлкен роль атқарды, ол астрономия мен математиканың тез дамуына әкелді. Осылай алты ондық жүйесі құрылды, ол қазіргі уақытқа дейін уақыт есептеуі - минутада, секундта бар. Вавилон астрономдары Күннің, Айдың айналуын және күн тұтылуының қайталануын бірінші болып есептеп шығарды. Вавилон ғалымдарының барлық ғылыми білімдері магиямен және балгерлікпен байланысты болды.

Вавилон абыздарының іліміне сәйкес адамдар Құдайларға қызмет ету үшін саздан жасалған. Құдайлар көп болған, ең бастылары мыналар: Шамаш - Күн құдайы, Син - Ай құдайы, Әйел құдай Иштар - махаббат құдайы, Нергал - өлім құдайы, Ирра - соғыс құдайы. Құдайлар патшаның қорғаушысы ретінде бейнеленеді, ол күшті патша билігіне бас иеді.

Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының діни сенімдері олардың монументтік өнерінде бейнеленді. Қалаларда құдайларға арналған храмдар салынып, олардың жанында зиккурат - террасалармен қоршалған жоғары мұнара тұрғызылды, олар көлемі жағынан кертпеш кертпешпен азаяды, зиккураттың жоғарғы ярусы алтын күмбезмен аяқталады. Вавилон сәулетшілері Ежелгі Рим, одан кейін Орта ғасырлық Европаның құрылыс өнерінің негізі болып табылатын сәулет формаларын жасаушылар болды.

Вавилон мәдениетін, діні мен өнерін ассириялықтар пайдаланып, дамытты. Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың (б. з. дейінгі VIIғ. ) Ниневиядағы сарайының қирандыларынан ғалымдар үлкен кітапхана тапты, ол он мыңнан астам сына жазбалы мәтіндерден тұрады. Шумер әдебиетінің маңызды ескерткіші - Гильгамеш туралы аңыздар циклі.

Ертедегi Египетте, сол сияқты бүкiл ертедегi Шығыс әлемiнде, дiннiң маңызы өте зор. Оларды үш түpгe бөлyгe бoлaды:

1. Тaбиғaттың жандылылығынa дeгeн ceнiм.

2. Құдaйғa жәнe pyхқa ceнy.

3. Дeнeдeн бөлeк өмip cүpeтiн, өлiмнeн кeйiн caқтатaлaтын, epeкшe тәнciз бacтaмacы бap жaнғa ceнy (aнимизм) .

Aл eндi бip тapихшылap eжeлгi мифтi дiн дeп қapacтыpмayды apтығыpaқ көpeдi oндaй дәpeжeгe жүйeлeндipiлгeн мифтep жүйeci ғaнa жaтaды, деп есептейді. Eжeлгi eгипeттiк жәнe eжeлгi гpeк мифoлoгиялapын көпшiлiк жaғдaйдa eжeлгi мыcыp жәнe көнe гpeк дiндepi дeп caнaйды. Aл нaғыз дiндep тeк қaнa жapaтyшы бip ғaнa Құдaйғa ceнyмeн бaйлaныcты (бip құдaйғa нeмece көп құдaйғa ceнyшiлiк) дeyшiлep дe бapшылық.

Тaбиғaттың жандылылығынa дeгeн ceнiм - фетишизм, өте қарапайым жолмен құдайландырған кейбiр сиқырлы заттар мен (тастар, таяқтар, құстың қауырсындары, мүйiздер, тiстер, оқтар, гарпундар және т. б. ) қатар, табиғатқа табынудың, ұзақ уақыттар, ескiнiң жұрнағы iспеттес көне қауымдастықтарда сақталған дөрекi түрi пайда бола бастады. Бұл көне табиғатқа табыну бiрте-бiрте мемлекеттiк дiннiң жаңа түрлерiмен ымырласып кеттi.

Көне табиғат құдайлары патша өмiрiн және Мемлекеттi қорғайтын құдайларға айналды. Соның iшiнде ерекше кең жайылыс алған Осирис құдайына табыну болды. Қоршаған әлем бұл дүние мен о дүниеден тұрады, күн (Ра) өзiнiң нұрын екi дүниеге де бiрдей шашады. Тiршiлiктiң мәңгiлiгiн египеттiктер ағзаны сол күйін де сақтаумен байланыстырды (ағзаны бальзамдау осыдан барып шықты) . Осирис патшалығында өлген адам, егер мәңгi және шаттық тiршiлiкте болғысы келсе, ол Осирис алдында ақталуы қажет болды. Бұл пәниде, египеттiктер, тiршiлiктiң нағыз үлгiсi Ра - фараонға тәжiм еттi. Көне дәуiр патшалығында, Египет аса үлкен орталықтандырылған мемлекет болып тұрған кезде де, фараонның билеп-түстеуi ешқандай шектелмеген. Фараонның өз басы, табиғат пен о дүниенi қамтитын жалпы әлемге, универсумға аса маңызды болды. Бұл туралы айқын түсiнiктi пирамидалардан көруге болады. Бұлар египеттiктердiң ел билеушiнi (фараонды) құдайға теңейтiндiгiнiң, жер бетiндегi ғұмырға қарағанда о дүниелiк ғұмырды артық көретiндiгiнiң айғақтары.

Қорытынды

Вавилон мемлекетінің пайда болуы. Азия құрылығының Жерорта теңізімен және Қара теңізбен жалғасып жатқан батыс жақ бөлігін Алдыңгы Азия деп атайды. Сол алдыңғы Азияның Тигр және Евфрат өзендеріпің ангарында Вавилон сияқты жаңа, ежелгі классикалык мемлекет пайда болды. Құнарлы да шұрайлы жерлер, сондай-ақ судың көптігі тұрғындардың жерді өндеу кәсібіне өтуіне ертеден ықпал етті. Бұл елде қолөнер нашар дамыды, себебі өзен аралығында металл да, тас та болмады. Оның есесіне жері мейлінше құнарлы еді, сондықтан тұрғындар егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысты. Ну болып өскен қамыстың арасына саз балшық пен қамыстан лашык салды, өз төңірегін елді мекендерге айналдырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам мәдениетi және Ұлы Дала ойшылдары
Батыс Азия немесе Таяушығыс елдеріне жалпы шолу
Іс қағаздарының қоғамда алатын орны
Мәдениеттану туралы
Вавилон
Хаммурапи заңдары
Ежелгі Шығыс мәдениеті
Шет елдік Азия археологиясы
Әлемдік өркениеттер
Месопотомиядағы мемлекеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz