Классикалық билердің элементтері, вальспен танысу



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:

Классикалық билержің элементтері, вальспен танысу

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны
Кіріспе

Негізгі бөлім
2.1 Классикалық билердің элементтері
2.2 Вальс биі
2.3 Би өнері - әлемнің рухани елшісі

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Өнер - өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал - деп Кеңес педагогы В.А.Сухомлинский айтып кеткендей, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Сол өнердің бірі - би өнері.
Би бір сәттік қана, билеу кезінде ғана өмір сүретін уақытша, өткінші өнер болғандықтан, би шығармашылығының тарихи қалыптасуын зерттеу өте күрделі. Өйткені ол өзінен кейін материалдық - заттай ескерткіш қалдырмайды. Биге қатысты сурет, жазба және ілеспелі музыка оның бір қырын ғана қамтып, біржақты түсінік берумен шектелсе, осы заманғы кино түсірілім ғана би өнері жайында толық түсінік бере алады. Ежелгі би шығармашылығы туралы тарихи деректер там-тұм болғандықтан, тым тапшы әрі оның өзі де болжамды.
Хореография (грек.choreia - би, grapho - жазамын)
1) Шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу
2) Би және би спектакльдерін қою деген мағыналарды білдіреді.
Алғаш рет Хореография терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе енгізді. Қазақстанда Хореография термині 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары қолданыла бастады.
Әр өнер адамзаттың қайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдармен, амал-тәсілдермен жеткізуге тырысады. Және әр өнер шартты болып келеді. Сол өнерлердің ішінде хореография өнері ерекше. Өйткені хореография ол - сөзсіз өнер. Оның негізі - би. Хореография - ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі - халық билерінде. Жалпы би - психиканың эмоциялық аясының жемісі.
Аристотель биді Адамдардың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі деді, себебі би қимылдары туар кезде ырғақтық сурет әдетте оны туғызған сезім күйіне сәйкес келеді деген екен.
Би -- музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл -- бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Би музыкамен тығыз байланысты. Көптеген халықтың билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалады.

Негізгі бөлім
2.1 Классикалық билердің элементтері
Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи географиялық, т.б. факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды. Солардың негізінде бал билері мен кәсіби сахна биі қалыптаса бастады. Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге көтеріліп, ғылыми жүйеленді. Мысалы, Еуропа классикалық биі, Азия мен Африка халықтарының билері сияқты түрлері қалыптасты. Шығыс елдерінің билері бет-пішіннің нәзік құбылуы және қол қимылы секілді дәстүрлі ишараларымен ерекшеленеді.
Би -- қазақтың халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, орыс саяхатшылары, тарихшылары, ғалымдарының этнографиялық жазбалары сыр шертеді.
1934 ж. Қазақ музыкалық театры (қазіргі Опера және балет театры) құрылғаннан кейін сахналық билерді шығару қызу қолға алынды. Музыкалық, опералық спектакльдердегі алғашқы сахналық билерде ұлттық ойындар, салт-дәстүр элементтері Орта Азия және Қазақстан халықтары билері мен классикалық бидің стильдік қимыл-әдістері қолданылды.
Бұл билер 1936 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде қойылған спектакльдерде,
1930 -- 40 ж. Алматыда болған халық шығармашылығының Бүкілқазақстандық слеттерінде көрсетіліп, үлкен табысқа ие болды.
20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап ұлттық балетмейстерлер қазақтың фольклорлық билерін, оның нағыз ұлттық қимыл-ерекшеліктерін зерттей бастады. Өңделген фольклорлық билер алғашқы сахналық билермен біріге, қазіргі заманғы қазақ билерінің негізін құрды. Оларды Классикалық би ансамблі, Ән-би ансамблі, "Гүлдер" эстрадалық жастар ансамблі, "Сазген" фольклорлық этнографиялық ансамблі, "Алтынай" мемлекеттік халық биі ансамблі, т.б. орындады. Сондай-ақ, би өнері көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарынан да кеңінен орын алды.
20 ғасырдың 60-жылдарынан жазып алына бастаған халықтық-фольклорлық билер мен оның шығу тегі ғыл. тұрғыда зерттелді. Солардың негізінде ұлттық хореографтар жаңа шығармалар тудырып, би өнерінің жан-жақты дамуына үлес қосты. Кәсіби бишілерді Алматы жоғары би өнері мектебі даярлайды.
Үнді биі - екі мың жылдан астам тарихы бар өте көне өнер. Үнді мифологиясы бойынша, ең алғашқы биші Шива құдай болды деп саналады. Осы аңызда Шива өзінің әртүрлі қимылдардан құралған биімен түпсіз тұңғиықтан мына жарық әлемді жаратты делінеді. Негізі, үнді биі классикалық, тайпалық және халық билері болып үш топқа бөлінеді. Театр, музыка мен би өнері жөніндегі Натьяшастра (II ғасыр) трактатында би негізгі бөлім ретінде ерекше қарастырылады. Осы еңбекте бидің бүкіл қағидалары, қимылдары, кейіпкерлері, тіпті, костюмдеріне дейін қандай болу керек екендігі жазылған. Үнді классикалық биінің 8 стилі бар. Олар: Тамилнаду штатында - Бхаратанатьям, Уттар-Прадеш, Раджастан штаттарында - Катхак, Керала штатында - Катхакали (ерлер биі) және Мохини-аттам (әйелдер биі), Андхра-Прадеш штатында - Кучипуди, Манипур штатында - Манипури, Орисса штатында - Одисси, Ассам штатында - сатрия билері. Бұлардың барлығының орындалу техникасы түрліше болғанымен, философиялық мәні бірдей. Әр стилдің өзінің терең тарихы, өзіндік заңдылықтары бар.
Үнді классикалық биінің ең негізгі ерекшелігі - әдебиетпен байланыстылығында. Билердің барлығы белгілі бір шығармаға, эпостардың ішіндегі мифтерге қойылады. Қимыл-қозғалыстар арқылы оқиғаның мазмұны жеткізіледі. Сосын үнді би қимылдарының өзі бір ғылым сияқты. Оларда әр қимылдың белгілі бір мән-мағынасы бар, яғни, әр қозғалыс сөйлеп тұрады. Сіз биді тамашалап отырып, бір кино көргендей немесе кітап оқығандай оқиғаға қанық боласыз. Натьяшастрада үнді классикалық биінде кездесетін бас қимылының, көздің, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қатты дене бөлшектерінің арасындағы күштер
И.А.Моисеевтің КСРО –ға еңбек сіңірген Академиялық халық би ансамбліндегі педагогикалық және шығармашылық қызметі
Мектеп оқушыларының музыкалық ырғақ сезімінің көрінуінің психологиялық ерекшеліктері
АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СОТ ІСІНЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫ
Қазақтың дәстүрлі қоғамындағы билер билігі
Билер кеңесінің соттық функциясы
Қазақ музыка театрының би өнері
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Сахналық өнердегі фольклорлық бидің дамуы
Балалардың психологиялық даму сатыларын анықтау
Пәндер