Гельминттерге қарсы қолданылатын препараттар


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Жұқпалы емес аурулар» кафедрасы
Фармокология және токсикология пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Гельминттерге қарсы қолданылатын препараттар»
Орындағын:
Тексереген:
Орал, 2014
Мазмұны
І Кіріспе бөлім . 3
ІІ. Әдебиетке шолу. . 5
ІІІ Негізгі бөлім
3. 1 Гельминтология ғылымының қыскаша тарихы. . 9
3. 2 Нематод жұқтырған малдардағы белгілер және оларды емдеу жолдары. . 11
3. 3 Гельминттердің қала иттеріне жұғу көрсеткіштері. . 27
3. 4 Гельминттерге қарсы қолданылатын «Альбен-К» препараты . . . 31
3. 5 Ішқұрттарға қарсы күрес шараларын ұйымдастыру32
IV Қорытынды . . . 33
V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі35
І Кіріспе бөлім
Қазақтың халықтық медицинасының әртүрлі ауруларды емдеуде көп ғасырлық мал тәжірибесі бар. Қазақстанның халық емшілері жараны, қабынуға және басқада ауруларды ойдағыдай емдеген. Алайда дәрі дәрмектерді ғылыми негізде қолдану тек Қазан төңкерісінен кейін ғана өріс алып, республикада алғашқы оқу және ғылыми зерртеу мекемелері құрылды. Фармакалогияның проблемаларымен Алматы мемлекеттік медицина институтының (1934ж), Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының (1929ж) фармакология кафедралары шұғылданды.
Қазақстанда мал дәрігерлік фармакологияның дамуы Ұлы Қазақ төңкерісінен кейін басталды. Төңкеріске дейін біздің республикамызда мал дәрігерлік саладағы ғылыми жұмыстар жекелеген энтузиастардың жетекшілігімен жүргізілді. Солардың ішінде ерекше көзге түсетіндері - В. Я. Бенкович, М. Ахтанов, О. Б. Базанов, М. Есенқұлов.
Қазіргі фармакологияның елеулі жетістіктерінің бірі - фармакологияның жаңа құрамдас бөлігі - фармакологияның құрылуы болды. Мұның өзі дәрілерді қолдануды едәуір дербестендіруге және де осы арқылы оларды қолданудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туды.
Қазақстандық мал дәрігерлерінің әсіресе иммуналогиялық препараттар жасаудағы үлесі зор.
Дәрілік заттарды құрастыру кезінде фармакологияда қолданылатын математикалық әдіске айрықша көңіл бөлінеді. Өйткені бұларды білмей тұрып, білікті маман болу мүмкін емес.
«Фармокология» термині алғаш рет 1693жылы пайда болды. Дәрітану туралы алғашқы деректер көне заманнан белгілі бола тұрсада, фармакологтардың алғашқы мектебі 1847 жылы Рухгеймнің басшылығымен Червев университетінде пайда болды.
Көне гректің кемеңгер дәрігер Гиппократ (б. з. д. 460-366 ж) медикаменттермен емдеуді ұсынып, оны «табиғи күш - қуатқа» көмек ретінде қарастырады.
Римнің данышпан дәрігері Киавдий Гален (б. з. д. 131-201жыл) медицина мен дәрітану іліміне елеулі үлес қосты.
Дәрітану ілімін дамытуға орта азиялық көрнекті медик Әбу Әли Ибн-Сина еңбектері зор үлес қосты. Мал дәрігерлік фармокологияны жалпы фармакологияның ерекше тармағы ретінде бөліп қарастыруға тура келеді.
Қазақстанда мал дәрігерлік фармакологияның дамуы Ұлы Қазан төңкерісінен кейін басталды.
Қазақстандық мал дәрігерлерінің әсіресе иммуналогиялық препараттар жасаудағы үлесі зор.
Фармакология- дәрінің әсері мен жаңа дәрілік заттарды іздеу туралы ғылым. Ол медициналық- биологиялық пәндердің дамуына үлкен әсер етеді. Фармакология медициналық- биологиялық, клиникалық пәндермен қатар, фармациямен және токсикологиямен байланысты. Тәжірибе жүргізушілер үшін фармакологиялық заттардың негізгі құндылығы көптеген биологиялық және физиологиялық үрдістерді кеңінен басқару мүмкіндігіне ие болуы. Теориялық және клиникалық пәндер аралығында орын алуы фармакология бойынша көптеген ғылыми бағыттардың дамуына ықпал етеді. Фармакология саласындағы жаңа бағыттар, жаңа препараттарды алуға және оларды енгізуге байланысты қолданбалы бағыттармен қатар фундаменталды мәселелерді де қарастырады.
Фармакология - химиялық құрылымдардың тірі ағзалармен әсерлесуін зерттейтін ғылым. Негізінен фармакология әртүрлі ауруларды алдын-алу және емдеу үшін қолданатын дәрілік құралдарды игереді.
Фармакологияның негізгі міндеті - жаңа, тиімділігі жоғары дәрілік құралдарды іздестіру болып табылады.
Фармакология медико-биологиялық ғылым болғандықтан, зерттеу және практикалық медицинаның әртүрлі аймақтарымен байланыстығы өте зор.
ІІ. Әдебиетке шолу
Аляутдин Р. Н. (2004) Фармакологияны жалпы және жеке фармакологияға бөледі. Жалпы фармакология - дәрілік заттардың тірі ағзалармен байланыстығының жалпы заңдарын зерттейді. Жеке фармакологияда - фармакологиялық топтар мен жеке препараттар талқыланады. Екі бөлімде де негізгі назар фармакокинетика мен фармакодинамикаға аударылады. Фармакокинетика - заттардың сіңірілуін, ағзада таралуын, метаболизмін және шығарылуын зерттейтін фармакологияның бір бөлімі. Фармакодинамика - заттардың биологиялық эффектілерін, оладың жинақталуын, әсер ету механизмін, рецепторлермен байланысуын зерттейтін бөлім.
Глазков Г. А. (2011) биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т. б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі. Ал құрамында фосфор бактериялары бар - фосфоробактерин биологиялық препараттары топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды. Биологиялық препараттардың ішінде ең құндысы - ферменттер. Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады. Ал микроорганизмдерден алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады.
Қожабеков З. К. (2000) Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі - мал азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, микроорганизмдерден алынатын фитобактериомицин биологиялық препараттары өсімдіктердің бактериялық ауруларына қарсы қолданылады. Гризин препараты өсімдіктердегі ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады. Ал триходермин биологиялық препараттарн Қазақстан ғалымдары алды. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші микроағзаларды жою үшін пайдаланылады. Микробтардан алынатын көптеген биологиялық препараттар (биовит, кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин, т. б. ) малдың салмағын арттырып, алынатын өнімдердің (сүт, ет, т. б. ) сапасын жақсартады. Осымен қатар сібір жібек құртын, бау-бақша өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет туғызушы микроағзалардан де биологиялық препараттар (энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин, инсектин, боверин) алынады. Биологиялық препараттардың құндылығы - олар химиялық препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.
Лужников Е. А., Костомарова Л. Г. (2000) Кей кезде гельминтоздардың топтама атауларын қолдануға болады. Ол ішқұрттардың тобына қарай: трематодоздар, цестодоздар және нематодоздар деп те аталады. Мұндайда тектік, тұқымдас атаулары да ескерілуі мүмкін. Мысалы: Strongylata тектік тармағына жататын қоздырғыштар тудыратын ішқұрт ауруларын топтама аты стронгилятоздар. Ал кейбір таспа құрттардың балапан қуықшалары қоздыратын ауруларды сол қуықша сатысының атымен атайды. Мысалы: ценуроз (қазақша айналма), оның қоздырғышы Coenurus cerebralіs.
Машковский М. Д. (2008) Инвазиялық аурулардың ішінде жануарларға тікелей жанасқанда жұғатындары аса көп емес. Бұған шағылысқанда жұғатын киеңкі ауруы, соз ауруы, саркоптоидоз немесе қотыр аурулары, биттеу және т. б. жатады. Көптеген эктопаразиттер өсіп-өнуінің бір бөлігін қоршаған ортада немесе аралық иесінде, немесе тасымалдаушыларда өткізеді. Инвазия қоздырғышы сыртқа әр түрлі жолдармен шығады: қимен, несеппен, танаудан аққан жалқаяқпен, сілекеймен, сүтпен, көзден аққан жаспен, қанмен және т. б. Қоршаған ортада инвазиялық сатыға дейін дамитын қоздырғыштар, яғни топырақта, шөпте, суда дамитын геогельминттер мен кокцидиялардың инвазиялық сатыға дейін даму және сыртта тіршілік ету мерзімі табиғи жағдайларға: ыстық-суыққа, жауын-шашын мөлшеріне, топырақ құрамына және оның құрылысына байланысты. Бұл жағдайда инвазия көзі-ауру мал мен паразит тасығыштар, ал індет топырақ пен су арқылы жануарларға жұғады. Инвазияның таралуына буынаяқтылар, кеміргіштер, құстар, адамдар және т. б. механикалық тасымалдаушылар да әсерін тигізеді. Сондай-ақ, кейбір ішқұрттарда қоржинағыш иелер болады, олардың денесінде балаң құрттар жиналып, көпке дейін сақталады. Мысалы, құстардың гетеракис, шошқаның аскарида балаң құрттары шемен немесе жауын құрттарының денесінде қорланып жинала береді.
Минеева О. В. (2005) Инвазиялық ауруға бейімді жануарларға оның қоздырғыштары ауыз арқылы, тері арқылы, тасымалдаушылар және тікелей жанасу арқылы да, сондай-ақ аралас жолмен де жұғады (ауыз және тері арқылы) . Паразиттерге қарсы шараларды жүргізгенде, олардың табиғатта өсіп-өнуіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ тасымалдаушылары мен аралық иелерін, яғни аймақтық, эпизоотологиясын ескеру шарт. Инвазиялық аурулар үй хайуанаттары мен аңдардың барлық түрлерінде кездесетіндіктен, олар халық шаруашылығына қыруар зиян келтіреді. Көптеген инвазиялық аурулар, әсіресе протозойдтық және ішқұрт аурулары жануарларды жаппай өлім-жітіміге ұшыратады. Ірі қара малдың тейлериоз бен бабезидоздардан әжептеуір шығынға ұшырайтыны барша жұртқа мәлім, сондай-ақ тауық балапандары және үй қояндары эймериоздан және көптеген ішқұрт ауруларынан, қой мен бұзаулардың диктиокаулез бен мониезиоздан, қой мен ірі қара малдың фасциолездан, қойдың ценурозбен мониезиоздан көп шығынға ұшырайтыны белгілі.
Рабинович М. М. (2003) Кейде гельминтоздардың топтама атауларын қолдануға болады. Ол ішқұрттардың тобына қарай: трематодоздар, цестодоздар және нематодоздар деп те аталады. Мұндайда тектік, тұқымдас атаулары да ескерілуі мүмкін. Мысалы: Strongylata тектік тармағына жататын қоздырғыштар тудыратын ішқұрт ауруларын топтама аты стронгилятоздар. Ал кейбір таспа құрттардың балапан қуықшалары қоздыратын ауруларды сол қуықша сатысының атымен атайды. Мысалы: ценуроз (қазақша айналма), оның қоздырғышы Coenurus cerebralіs.
Ордабеков С., Әміреев С., Сүлейменов М., Бердіқұлов М. (2012) Бірқатар инвазиялық ауруларда тікелей өлім-жітім болмағанымен жануралардың өнімі төмендейді, сондай-ақ олардың қалыптағы физиологиялық өсіп-жетілуі тежеледі. Мысалы, астыртын өтетін ірі қара малдың фасциолез ауруында сүт өнімі 20-50% дейін, ал кейде одан да көп төмендейді. Фасциолезбен ауырған қойдан, сау малмен салыстырғанда, 10-30 % жүн кем қырқылады.
Харкевич Д. А. ( 2005) Аскаридоз және гетеракидозбен зақымдалған тауықтардың жұмыртқа өнімі 15-20% дейін төмендесе, ал простогонимоз ауруында тауықтың жұмыртқа салуы мүлдем тыйылады. Ішқұрт ауруларына шалдыққан мал өнімінің сапасы да төмендейді. Мысалы, фасциолез ауруларында витаминдердің деңгейі әжептеуір төмендейді, жануарлар денесінде микроэлементтердің мөлшері өзгереді, ал белок мөлшері азайғандықтан және гидремия (қанның сұйылуы) салдарынан ет сапасы мен қоректік қасиеті де күрт төмендейді. Мысалы: эхинококкозбен ауырған шошқаның, сау малмен салыстырғанда етінің ылғалдылығы 4, 48 % артық, ал майы 1, 11 % және протеині 3, 36 % кем болады. Сондай-ақ, ауру шошқаның 1 кг етінің жылу беру қабілеті 194, 2 калория кем. Ірі қараның трихомонозында, жылқының киеңкі ауруында мал іш тастайды, қысыр қалады және бедеулікке шалдығады. Оқыра ауруының мал шаруашылығына келтіретін зияны көпшілікке мәлім. Терісінің сапасы күрт төмендеуімен қатар, гиподерматозға шалдыққан әрбір сиыр жылына 50-80 л сүтті кем береді. Көптеген қансорғыш өрмекші тәрізділер адам мен малдың бірқатар инвазиялық және инфекциялық ауруларын тасымалдайды. Сондай-ақ, бірқатар инвазиялық аурулар, әсіресе ішқұрт аурулары малдан адамға жұғады. Сонымен инвазиялық ауралардың халық шаруашылығына көптеген зиян тигізуімен қатар, олардың әлеуметтік маңызы да зор. Осы ауруларға қарсы емдік-дауа шараларын ұйымдастыруға жыл сайын қыруар қаржы жұмсалады.
К. И. Скрябиннің ұсынысы бойынша осыған ұқсас атаулар арахноэнтомолияға да енгізіліп отыр. Мысалы: қотыр аурулары қоздырғышының атына байланысты: псороптоз, саркоптоз, хориоптоз және т. б. бірнеше аттары бар. Ал бөгелек құрттары қоздыратын аурулар гиподерматоз, эстроз, гастрофиллез атаулары, Hypoderma, Oestrus, Gastrophіlus деген бөгелектердің туыс аттарынан шығады. Атау берудегі осы бастама протозоологияға да енгізілген. Мысалы: Eіmerіa туысына жататын қарапайымдылар - эймериоз ауруын, ал Pіroplasma туысына жататындары пироплазмоз ауруын қоздырады. Ғылыми атаулармен қатар кейбір басты-басты аурулардың жергілікті қазақша аттары да бар. Мысалы: су-ауру-трипанозамоз, айналма, тентек-ценуроз, жылауық - цистицеркоз (тенуикольный), бөген-оксиуроз, бауыр-құрт ауруы-фасциолез, өкпе құрт ауруы-диктиокаулез, оқыра-гиподерматоз, құмыр-цефалопиноз, киеңкі, қарақаптал-трипаносомоз және т. б. Бұл ауру атаулары жергілікті халық арасында кеңінен қолданылады.
П. П. Вибенің деректерінше, эхинококкозбен ауыр зақымданған қойдың орташа салмағы сау жануарлармен салыстырғанда 8 кила аз. Эхинококкозбен орта дәрежеде зақымданған әр қой: 1 кг ет, 140 грамм тоң май және 105 грамм жүнді кем береді. Ал аскаридозбен ауырған торайлар 3 ай бордақылағанда жоспарлы салмағының үштен бірін жоғалтады.
А. Фостер белгілегендей АҚШ да жануарлардың инвазиялық ауруы жыл сайын бір миллионға долларға жуық зиян тигізеді. Паразиттік аурулардың адам денсаулығына да залал келтіретіні белгілі. Кейде олар, тіпті, адам денсаулығын нашарлатып, өлімге жеткізуі де мүмкін. Мысалы, описторхоз, альвеококкоз, эхинококкоз сияқты аурулардың емі тек хирургиялық операция. Кез келген операция адам өміріне қауіп төндіретіні аян.
Қазіргі кезде инвазиялық аурулардың аты бірыңғайланып, олардың қоздырғыштарының зоологиялық туыс атауынан шыққаны белгілі. Ең алғашқыда (1928) К. И. Скрябин мен Р. С. Шульц гельминтоздарға ғылыми атау енгізіп, олар қоздырғыштардың туыс атауына “оз” немесе “ез” деген қосымша қосуды ұсынды. Әр зоологиялық түрдің латынша қос аты бар: туыстық және түрлік. Мысалы: Dіcrocoelіum Lanceatum, Monіezіa expansa; ал бұлар қоздыратын ауруларды дикроцелиоз және мониезиоз деп атайды.
К. И. Скрябиннің ұсынысы бойынша осыған ұқсас атаулар арахноэнтомолияға да енгізіліп отыр. Мысалы: қотыр аурулары қоздырғышының атына байланысты: псороптоз, саркоптоз, хориоптоз және т. б. бірнеше аттары бар. Ал бөгелек құрттары қоздыратын аурулар гиподерматоз, эстроз, гастрофиллез атаулары, Hypoderma, Oestrus, Gastrophіlus деген бөгелектердің туыс аттарынан шығады.
ІІІ Негізгі бөлім
3. 1 Гельминтология ғылымының қыскаша тарихы.
Бүгінгі күні жұқпалы аурулар эпидемиялогиясында паразитарлы ауруларға айрыкша назар аударуға мәжбүр болып отырмыз. Ауыр паразитарлы ауруларға адамға тән емес жануарлар гельминттерінің
Дернәсілдері тудыратын ларвальдық гельминтоздар жатады.
Елімізде адамдарды паразиттеуші 60-қа жуық гельминтоздар кездеседі. Жұмыр құрттар (нематодтар) туғызатын ең кең тараған гельминтоздарға аскаридоз, трихоцефалез, энтребиоз, анкилостомидоз, тениаринхоз, тениоз, мониозиоз, нематодироз, буностомоз, телязиоз т. б. жатады.
Гельминтоздың организмде дамуы құрттардың түріне, санына, организмнің иммундық кабілетіне тікелей байланысты. Гельминттер организмде аллергиялық тітіркендіру, зиянды заттармен улау, тінді жарақаттау және жұкпалы ауру микроорганизмдерін енгізу нәтижелерінде патологиялық өзгерістер жасап, ауру тудырады.
Гельминтология (грек. helmins- құрт және logos-ілім) - паразит құрттар және олар тудыратын адам, жануар, өсімдік аурулары туралы ғылым паразитологияның бір саласы. Гельминтология 18 ғасырдың 2 жартысында қалыптаса бастады. Оның негізін салушы неміс ғалымы К. А. Рудольфи (1771-1832) болды. Гельминттер фаунасы, жүйеленуі, даму сатылары туралы алғашкы деректер Дания зоологі И. Стенструп, неміс ғалымдары Р. Лецкарт, Г. Кюхенмейстер, француз А. Райе, тағы басқа еңбектерінде (19-20 ғ-лар) баяндалған.
Қазақстанда гельминтологияны дамыту ісіне К. И. Скрябин (КСРО-дағы гельмитологияның негізін салушы), Е. Н. Павловский, В. А. Догель, Б. Е. Быховский, Р. С. Шульц үлкен үлес қосты. Республикада гельминтология саласындағы жүйелі зерттеулер Қазақ өлкелік мал дәрігерлік-бактериологиялык институтында, П. Г. Панова мен Н. В. Баданиннің ғылыми жұмыстарынан басталады. Қазір Зоология институтында, Тараз каласындағы К. И. Скрябин атындағы гельминтология лабораториясында жүргізіледі. Мал гельминттердің фаунасы зерттеліп, мал гельминтоздарының эпизоотологиясы, патогенезі, диагностикасы және олардың емдеу жолдары анықталды (С. Н. Боев, Шульц, Г. И. Диков, Н. Т. Кадыров, В. Т. Рамазанов, т. б. ) . қазір Зоология институтында гельминттердін жүйеленуі тіршілігі, таралуы, экологиясы зертеліп, гельминтоз ауруларының табиғи ошақтары анықталып, күрес шаралары белгіленді (Боев, Е. В. Гвоздев, В. И. Бондарева, В. Я. Панин, Э. И. Прядко, Х. Егізбаева, Ж. Жатканбаева, Б. Шайкенов, т. б. ) . Сондай-ақгельминтологиялық зерттеулер адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразит құрттарымен адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразит құрттарымен закымдануы, олардын патологиялык әсері, олардан емделу және корғану тәсілдерін жасау бағытында жүргізілуде.
Гельминтоз аурулары адамдар, жануарлар, өсімдіктер үшін өте қауіпті. Сондытан елімізде гельминтозға қарсы күрес шараларын жүргізу адына-алынған.
Бұл салада атакты ғалым академик К. И. Скрябин және оның шәкірттері ғылымда және іс жүзінде пайланануға болатын өте маңызды нәтижелерге ие болды, гельминтоз ауруларына карсы күрес жүргізудің көптеген шараларын ұсынып, аурудын алдын алу тәсілдерін белгілеп берген. К. И. Скрябиннің бастауымен жүргізіліп жүрген денсаулықты жақсартатын жоспарлы шаралар дұрыс жолға қойыла бастады.
К. И. Скрябин 1905 жылы Юрьев каласындағы мал дәрігерлік институтын бітірген соң еңбек жолын Шымкентпен Әулие атада бастады (1905-1911 жж. ) . жамбыл каласында К. И. Скрябин атындағы Қазақстанның алғаш өлкелік гельминтологиялык лаборатория мен музей ашылған және мемориал тактасы орнатылған. К. И. Скрябиннің трематодтар, цестодалар, нематодтар туралы бірнеше томдық ғылыми еңбектері гельминтологияның дамуында маңызды роль аткарды.
3. 2 Нематод жұқтырған малдардағы белгілер және оларды емдеу жолдары
Мониезиоз - малдың бүкіл денесінде күрделі өзгерістер тудырып, оны жаппай өлімге ұшырататын, Моnіеzіа ехраnsа және Моnіеzа bеnеdеnі құрттарынын ларазиттік тіршілігіпен болатын ішқұрт ауруы.
Қоздырғышы. Жай көзбен қарағанда жап-жалпақ болып, шұбатылып жататып, ұзындыры 4-10 метрге жететін ақ құрт. Жоғарыда аталғандай оның екі түрі бар. Моnіеzіа ехраnsа құрты бірнеше жүз бунақтан тұрады, оның ұзындығы 6-10 метр, жалпақтыры 1, 0-1, 5 см. Әрбір бунақтың ені ұзындығынан артық, басында төрт сорғыш органы бар, бірақ фитинделген ілмешектері болмайды. Мониезия құртыныңі, жыныс тесіктері бунақтың екі бүйірінен, ал басқа құрттарда бір-ақ бүйірінен ашылады. Ересек-құрттың жатыры ирек-ирек болып бунақты көлденең алып жатады. Моnіеzа bеnеdеnі жоғарыда аталған құртқа ұқсас, бірақ одан қысқалау - 4 метр. Оның жатыры тор секілді. Құрт жұмыртқалары төрт бұрышты, бес бұрышты, сопақ немесе сақина сияқты болып келеді. Жұмыртқаның ішінде сапталған балғаға ұқсас онкосфера бар. Ішінде хитинделген алты ілмешегі болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz