География сабағында табиғи көрнекіліктердің атқаратын рөлі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«География сабағында табиғи көрнекіліктердің атқаратын рөлі»
Орындаған:
Жетекші:
Орал-2016ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 КСРО географиясындағы гербарий курсы . . . 5
2. 2 Гербарий - мәдени өсімдік . . . 12
2. 3 Өнеркәсіптегі шикізат түрлерінің негізгі жиынтығы . . . 13
2. 4 Тау жыныстары мен минералдар жиынтығы . . . 16
2. 5 Пайдалы қазбалар . . . 32
Қорытынды . . . 36
Әдебиеттер тізімі . . . 38
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Географияны оқыту процесінің бірнеше ерекшелігі бар, оның басты себебі, жоғарыда айтылғандай - дидактиканың жалпы зандылықтары оқыту процесінен алшақ болуы, ол география ғылымның тек қана зерттеу әдісін, маңызын, проблемасын, пәнін көрсетеді. Сондықтан, мысалы, географияны оқыту әдістемесінің негізгі міндеттерінің қатарына төмендегі проблемалар жатады: біріншіден, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың табиғи-ғылыми негіздері туралы білімдерді сараптау; екіншіден, ғылыми географиялық зерттеудің маңызы мен проблемасына сәйкес келетін білімнің калыптасу әдісін зерттеп дайындау. Географияда картаның және картографиялық әдістің маңызы үлкен болғандықган, көптеген әдістемелік зерттеулер, картографиялық кұралдар жүйесін құрастыруға және олардың географияны оқыту процесінде қолдану әдісін дайындауға арналған.
Географияны оқыту әдістемесі келесі проблемаларды зерттейді:
1) оқыту мақсатын (неге оқыту?) ;
2) географиялық білімдердің мазмұнын(қандай тәсілдермен оқыту?) ;
3) оқытудағы әдістер мен түрлері (қалай оқыту?) ;
4) географияны оқыту құралдары (ненің көмегімен оқыту?) ;
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әдістемелік ғылымның келесі теориялық және әдістемелік проблемалары жанадан қарастырды: педагогика ғылымның жүйесіндегі орналасуы, практикамен байланысы, даму зандылығы, логикасы, зерттеу әдістері және әдістемелік зерттеудің иәтижесі. Тарихи-әдістемелік және салыстырмалы-әдістемелік зерттеулер кеңінен дами бастады. Бірінішінің зерттеу пәні болып география және әдістемелік ғылымдардың тарихы саналса, салыстырмалы-әдістемелік зерттеудің пәні болып шет елдердегі географияны оқыту әдістемесі келеді.
Білім - әдістемелік және басқа да ғылымдардың нәтижесі болып келеді. Бұл білімдерді практикалық жағдайда, бағдарламалар, атластар пен географияны оқытуда көрнекілік кұралдарды, сондай-ақ, мұғалімдерге арналған көмекші құралдарды басып шығаруда қолданады. Қазіргі кезде оқыту сапасына қойылатын жоғарғы талаптар бойынша, мұғалім сабаққа дайындалғанда, жалғыз ғана география окулығымен шектелмейді. Әдістемелік ғылым мұғалімге география пәннің мазмүнын, мақсат-мүдесін ашады, оны ғылыми негізделген білімдермен және тексеруден өткен әдістері мен түрлерімен таныстырады. Сонымен қатар, әдістемелік ғылым, мұғалімдерді оқыту құралдар жүйесі, түрлері, мазмүны және өлкетану мен сыныптан тыс жұмыстардың әдістерімен таныстырады.
Сондай-ақ, практика да әдістемелік ғылымның дамуына өте үлкен әсер етеді. Көптеген әдістемелік оның жұмыстардың әдістерімен таныстырады. Көптеген идеялар, мүғалімнің тәжірибесін оқыту, талдау негізінде және практикалық қажет тілегінен туындайды. Сол себептен пайда болған әдістемелік ұсыныстар мектептерде қолдана бастады.
Тақырыптың мақсаты : Географияны оқыту әдістемесі - педагогика ғылымның бір саласы. Оның зерттейтін негізгі пәні болып, болашақ ұрпақтарды кейбір ғылымдардың (геология, экономика, демография және тағы басқалары) элементтерімен байланысты физикалық және экономикалық географияның негіздерін оқыту қоғамдық процесі саналады.
Міндет і: Білім беру мен тәрбиенің жалпы зандылықтарын дидактика пәні зерттейді. Жеке оқу пәндерінің әдістемелерінің дамуының басты себебі - дидактиканың ортақ зандылықтарының бұл мектеп пәндерінің білім беру мен оқытуының нақгы ерекшеліктерінен алшақ болып тұруы табылады.
Құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытыныдыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 КСРО географиясындағы гербарий курсы
Табиғаттануды оқыту процесінде табиғи көрнекі кұралдардың үлкен маңызы бар. Оларға мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер үлгілерінің гербарийлері, топырақ үлгілері, үлестірме материалымен қоса пайдалы қазбалар коллекциялары, жануарлар тұлыптары, пайдалы және зиянды насекомдар коллекциялары, сонымен бірге тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстарға арналған ыдыс пен құралдар, экскурсиялық жабдықтар жатады.
Мысалға, III класта «Пайдалы қазбалар тақырыбын өткенде өндірісте жасап шығарылатын «Пайдалы қазбалар», «Гранит», «Торф», «Ізбестас» коллекцияларын пайдалануға болады. Оқушылар нақтылы мысалдар арқылы программа бойынша өтілуге тиіс жеке пайдалы қазбалардың қасиеттерімен танысады.
Бастауыш мектепке арналған гербарий даналарын табиғаттану сабақтарында II класта өсімдіктерді, III класта шалғын, орман, суат өсімдіктеріне байланысты жеке тақырыптарды өткенде кеңінен пайдаланады. Оларды білім алу және оны баянды ету үшін деп, сонымен бірге білімді тексеру үшн деп пайдалануға болады. Гербарий даналарымен жұмыс көбінесе заттық сабақтарда жүргізіледі.
Тікелей қабылдауға келмейтін заттар мен құбылыстар туралы түсінікті қалыптастыруда бейнелеу құралдары үлкен орын алады. Оларға таблицалар, картиналар, карталар, открыткалар, «Бақылау күнделіктері» т. с. с. жатады. Баспа негіздегі құралдар табиғаттану бойьшша көрнекі құралдар жүйесіндегі ең көбі болкп табылады. _
Табиғаттану курсы бойынша таблицалардың екі сериясы: «2 класка арналған табиғаттану таблицалары» және «3 класқа арналған табиғаттану таблицалар» шығарылған. Олар табиғаттағы маусымдық құбылыстарды керсетуге «Күз», «Қыс», «Көктем», Жаз»), жапырақты ағаштармен таныстыруға («Мойыл», «Қайың», «Жөке»), шөп өсімдіктермен («Ерте гүлдейтін өсімдіктер»), аңдармен («Тиіндер»), құстармен («Қайшыауыздар мен тоқылдақ», «Астаушада», «Қарға», «Сауысқан», «Ұзақтар», «Қараторғай», «Көкектер», Бозторғай»), қос мекенділермен («Құрбақа мен көлбақа»), балықтармен («Шортан, шабақ, табан балық»), насекомдармен («Аралар»), жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтармен («Саңырауқұлақтар») танысуға мүмкіндік береді.
Бұрынырақ басылып шыққан картиналарды және картиналар сериясын (мысалға, «Біздің Отанымыздың өсімдіктері», «Жануарлар әлемі», «Біздің еліміз» картиналар сериясы) пайдаланған жөн. III класта мұғалім «Туған өлкенің табиғаты» тақырыбы бойын-ша мұғалім «Күнге қарап бағдарлау», «Төбелі жазық», «Төбе», «Жыра», «Бастау мен жылға», «Өзен мен көл», «Теңіз», «Тас көмір өндіру», «Мұнай өндіру таблицаларын; «Отанымыздың глобус пен картадағы орны. Отанымыздың табиғатынын, алуан түрлілігі» тақырыбы бойынша - әр түрлі зоналардағы табиғат көріністерін керсететін таблицаларын («Тундра», «Тайга», «Аралас орман», «Дала», «Шөл», «Қавказдың Қара теңіз жағалауы»), ор түрлі табиғат аудандарының өсімдігі мен жануарлар дүниесін («Майқарағай», «Балқарағай», «Шалғын», «Арам шөптер», «Сілеусін», «Бұландар», «Аламан»), табиғатты шаруашылықка пайдалануды («Ағаш дайындау», «Егіс дақылдары», «Бақша», «Шай плантациясы») бейнелейтін, адам организмі мен денсаулық сақтау туралы түсінік беретін («Адам қаңқасы», «Бұлшық еттер», «Ішкі органдар», «Ас қорыту органдары», «Ми және нерв») таблицаларды пайдалана алады.
І, II, III, кластарға арналған «Бақылаулар күнделіктері» суреттері, оларға қосымша тексті, оқушыларға арналған сұрақтары мен тапсырмалары бар дәптерлер түрінде басылып шығады. Балалар «Бақылаулар күнделіктері» бойынша тек класта ғана емес, үй-де де жүмыс істейді. Күнделіктерге жазылған жүйелі бақылаулар оқушыларға оларды талдай отырып, табиғаттың жекелеген құбылыстары арасындағы себептік байланыстарды, табиғат пен адам еңбегінің өзара байланыстарын анықтауға көмектеседі.
Бастауыш мектепте, әсіресе III класта, картографиялық оқу құралдарына үлкен орын беріледі. Оларға жарты шарлардың. физикалық картасы, ТМД-ның физикалық картасы (проф. М. Д. Соловьевтың проекциясында жасалған), бастауыш мектепке арналған табиғат зоналары картасы жатады. Сонымен қатар жер бетінің қабырғаға ілінетін ірі масштабы, топографиялық планы мен шартты белгілері, сабақта және үй тапсырмаларын орындауда жеке пайдалануға арналған III кластын. «Біздің Отанымыз» атласы, контур карталар жиынтығы пайдаланылады.
Бастауыш кластарда бүкіл класпен жүмыс істеуғе арналған глобус (диаметрі 42, 5 см) және оқушылардың жеке жұмыс істеуе арналған шағын (диаметрі 15 см) глобустар болуы керек. Қазіргі кезде табиғаттану сабақтарында мүғалімдер жергілікті жерде кездеспейтін табиғат құбылыстары туралы нақтылы және толық түсінік беруге көмектесетін экрандық құралдарды кеңінен пайдаланып жүр.
Табиғаттану сабақтарын экрандық құралдармен қамтамасыз ету үшін көптеген диафильмдер мен диапозитивтер, кинофильмдер мен кинофрагменттер, кодоскопқа арналған транспаранттар жатады.
2. Мұғалім тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың білімін байытады және кеңейтеді, олардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы кластарда және одан кейінгі өмір тәжірибесінде кәдеге асады.
Тірі табағат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең қажетті өсімдіктерін (агава, алоэ, аспидистра, аспарагус, бальзамин, бегония-рекс, глоксиния, кактустар, тасжарғыш, традесканция, фикус, фуксия т. б. ) тікелей класс бөлмесінде арнаулы тіректерге орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөліктерін, көбею жолдарын, қоршаған ортаға бейімделулерін көрсетуге оқушыларды жер шарының шар тараптарының өсімдік әлемі өкілдерімен таныстыруға болады.
Әрбір өсімдіктің этикеткасы болуы керек, онда өсімдіктердің аты, отаны, егілген уақыты жазылады. Оқушылар бастауыш мектепте оқыған жылдарында барлық өсімдіктермен танысып, олардың кейбіреулерінің гүлдеуін, әрбір өсімдіктің жарыққа, жылуға, ылғалға сезімталдығын зерттей алады.
Оқушылар өсімдіктерді күткенде олардың әрқайсысының құрылымының ерекшеліктерін біліп қана қоймайды, сонымен бірге өсімдіктерді күтуге қажетті практикалық дағдылар да алады. Олар мұғалімнің басшылығымен қарапайым тәжірибелер жүргізеді, соның нәтижесінде оларда өсімдіктерді зерттеуге деген қабілет қалыптасады. Мысалы, бірдей екі өсімдік алып, оларға әр түрлі тіршілік жағдайын (суару, үстеме қоректендіру, жарық беру) тудыруға болады. Бақылау нәтижелерін күнделікке тіркеп отыру керек. Оқушылар бұл тәжірибені жүргізу және алынған нәтижелерді талдау барысында өсімдіктер мен қоршаған ортаның арасында болатын тығыз байланыстарға көздерін жеткізеді, өсімдік организмдерінің тіршілік әрекеті үшін белгілі бір жағдайлардың қажеттігін практика жүзінде біліп шығады. Алынған деректерді оқушылар белгілі. бір оқу материалын оқып білуде табысты түрде пайдалана алады.
Класс бөлмесіндегі терезелердің аралығына іліп қоятын аквариум мен шағын террариум құруға болады. Олар жергілікті және аквариум балықтарының, бауырымен жорғалаушылардың немесе қос мекенділердің жеке өкілдерін ұстауға қолайлы. Оқушылар аквариумның шынысы арқылы су асты патшалығының бір бұрышын көре отырып, табиғаттағының бәрі өзара тығыз байланысты екендігін көрнекі түрде көздерін жеткізеді. Дұрыс жабдықталған аквариумде хайуанаттар табиғи жағдайға жақын жағдайда болады, аквариумдегі бақылау олардың тіршілігі мен мінез-құлықтары туралы, сонымен бірге су ортасына алуан турлі бейімделу туралы қызық деректер береді.
Аквриумде валлиснерия, бақа оты, су мүгі, қауырсын жапырақ бұйра шылаң, мүйіз жапырақ, балық от, элодея өсімдіктерін өсіруге болады. Көптеген балықтар (голец, табан балық, тұқымдық балық, қара балық, ақ қайран, уклейка) қапаста жақсы тұра береді. Аквариум балықтарынан тіршілік жағдайын көп талғамайтындары барбустар, гуппалар, семсершілер, алтын балықтың түр тұқымдары - кометалар, шілте құйрықтар, телескоптар т. б. Кейбір су жәндіктерін -үлкен су сүйгішті, су қандаланы, кәдімгі катушканы, тірі туатын шалғыншыны, көмкерілген жүзгі жылғашыны жеке банкіде ұстаған дұрыс, өйткені олардың көшілігін балық жеп қояды. Оқушылар аквариумды күткенде суы уақтылы ауыстырып, ол үшін су құбырының тұнған суын немесе жаңбыр суын пайдалануы; өсімдіктерді жиі-жиі сиретіп балыққа орынды көбірек қалдыруы; аквариумнен жемнің қалдығын және балықтардың зәрін тазартып отыруы; балықтарға белгілі уақытта дәл белгіленген мөлшерде жем беруі; судың температурасының күрт өзгеруіне жол бермей, оны қадағалап отыруы; өсімдіктердің күйін және балықтардьщ мінез-қүлқын бақылап отыруы керек (зауқының жоқтығы, селсоқтық, су бетінен ауаны қалтрап жұтуы аквариумдегі жағдайдың жағымсыз немесе балықтар ауру екенін көрсетеді т. с. с. )
Аквариум балықтар тіршілігін: шабақтардың бірте-бірте дамуын, температура мен қоректенудің балықтардың өсуі мен дамуы әсерін; қоректенуге байланысты шартты рефлекстің тууын (ташамен аквариумді тықылдатуға, қоңырауға, шам жағуға т. с балықтар тәбетпен жейтін жемдердің тізімін жасауды; балықдың ауа райын болжауын (шырмабалықпен және голецпен тәжірибе) т. б. бақылауды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді
Тірі табиғат мүйісі террариумында әр түрлі хайуанаттар: бақа, шөп, көл, бөген бақасы, жалды тритон, кәдімгі су жылан, терек веретеница, дала тасбақасы, сергек және тірі туатын кесіртке ұстайды.
Қосмекенділер үшін террариумде шалшық және күн сәуле жасырынатын пана болуы керек. Бауырымен жорғалаушылар террариум шалшықсыз жарай береді. Тритонға су ортасында ол уақыт тыныстайтын алаңы бар шағын аквариум болғаны дұрыс.
Егер тіршілік бұрышы жеке бөлмеде орналасса, ондай жағдайда құстар ұстауға болады. Бәрінен де шымшықтар, қараторға қызылбауыр шымшықтар, чечеткалар, пайыз торғайлар, қарға, ұзақ қарғалар жақсы көндігеді. Құстар мен сүтқоректілерді кірпі, теңіз свинкасы, аламан, ақ тышкан т. б. сияқтыларды) үшін түбі жылжымалы, астаушасы және суаратын ыдысы б ар түрлі мөлшердегі торлар кажет.
3. Географияльгқ алаң мектепке тікелей жақын мектеп ауласында орналастырылуы қажет, бірақ оған қатар тұрған үйлердің көлеңкелері түспейтіндей болсын.
Алан биіктігі 1 м мөлшеріндегі дуалмен қоршалады. Дуал тақтайшаларының ені 5-10 см болу керек.
Дуалдың әрбір метр бойы алдыңғысы мен соңғьгсынан бояуы жөнінде ажыратылады. Мысалы, ақ пен қараның немесе көк пен қызыл түстің кезектесіп келуі мүмкін.
Егер бастауыш класттар орта мектептің бөлімшесі болып табылатын болса, онда олар жоғарғы кластардың географиялық алаңында болатын кейбір аспаптарды пайдаланады, ал егер бастауыш мектептің өзінің үйі және құрал-жабдықтары болса, онда оның жанынан ауданы - 10х10м, яғни 1 ар шағын геогра-фияльгқ алаң ұйымдастырылады.
Географиялық алаңда мынадай құрал-жабдықтар болу керек: метеорологиялық приборлар (олардың алаңның ортасына орнатады) - ауаның температурасын бақылауға арналғант ермометр және барометр (оларды метеорологиялық будкаға орналастырады), флюгер (оған кез келген жел әсер ететіндей етіп сырыққа орнатады; егер мектеп маңындағылар алаңдағы желді бақылауға мүмкіндік бермесе, флюгерді мектеп шатырының үстіне көтереді), рейкалар.
Метеорологиялық приборлардан басқа географиялық аланда өлшегіш учаске болу керек, оның ауданы 1 кв. м болады да, квадрат дециметрлерге бөлінеді; 10 куб. см бөліктерге бөлінген куб. м орналастырады; биіктігі 10 м бағана - биіктік өлшегіш (ол флюгерді орнатуға да жарайды) болады. Бағананы метрлерте бөледі. Тік бағытты төксеретін тіктеуіштері бар 5-6 жерге шаншылған (бағана-гномондар орнатады. Сырықтардың-жер бетінен биіктігі 1 м болады да, оларды оқушылар түскі көлеңкені бақылағанда бір-бірінің жұмысыиа кедергі келтірмейтіндей етіп орналастырады.
Бұлардан басқа географиялық алақнан жайдак және тік баурайлы төбесі айкын көрінетін үйілген төбе моделін; бөлімдер: -басталатын жері, арнасы, сағасы, оң және сол жақ салалары жақсы көрінетін жылғалар мен жасанды су қоймаларын жасауға орын бөледі.
Көлді немесе теңізді бейнелейтін жасанды су қоймаларына аралдың және түібектің моделдерін жасап, жайдақ-ой және құлама-тік жағалықтарды көрсетеді.
2. 2 Гербарий - мәдени өсімдік
Гербарий (herbárium, лат. herba - «шөп») - зерттеу және жүйелеу мақсатында арнайы жиналып, кептірілген өсімдіктер коллекциясы; олар сақталатын мекеменің аты. Алғашқы гербарийлер (латынша herbarіum, herba - шөп, өсімдік) Қайта өркендеу дәуірі кезінде пайда болған. Бұл атауды 18 ғасырдың басында француз ботанигі Жозеф Питтон де Турнефор алғаш рет қолданды. Ал гербарий ұғымының кең таралуына әсер еткен Швеция Ғылым академиясының тұңғыш президенті Карл Линней еңбектері болды. Гербарий үшін жиналатын өсімдіктер пышақпен, қайшымен кесіліп немесе кішкене күрекшемен қазылып алынып, гербарийлік папкаға қатталып, престерде кептіріледі, содан соң қатты қағаз бетіне тігіліп немесе желімделіп, астына өсімдіктің атауы, қай жерден, қашан, кім жинағаны жазылады. 16 ғасырда тұңғыш рет өсімдіктерді осындай тәртіппен кептіріп сақтаған Болонья университетінің профессоры Лучо Гини. Алғашқы гербарийлердің басым көпшілігі көп томдық кітап сияқты қатталынып сақталған. Гербарий - ботаникалық зерттеулердің негізі болып табылады. Қазіргі кезде гербарийдің төрт түрі бар: 1) жалпыға ортақ немесе халықаралық гербарийлер - құрамында бүкіл дүние жүзінен жиналған 4 млн-нан астам биологиялық таксондардың жиынтығынан тұрады. Дүние жүзіндегі ең ірі гербарий (6 млн-нан астам өсімдік жиналған) Кью қаласындағы (Ұлыбритания) ботаникалық бақта сақталған; 2) ұлттық гербарийлер; 3) аймақтық гербарийлер; 4) арнайы гербарийлер (оқу құралына, белгілі бір жұмыстарға, арнайы зерттеу бағдарламаларына арналған) . [1] Қазақстанның ұлттық гербарийі Ботаника және фитоинтродукция институтында сақталған. Ол - Жер шарындағы ірі гербарилердің бірі. Қазақстанның ұлттық гербарийінде саңырауқұлақтар мен қыналардың жүз елу мың, мүк, қырыққұлақ тәрізділердің, ашық тұқымдылар мен гүлді өсімдіктердің екі жүз елу мың үлгісі жинақталған. Қазақстандағы ірі аймақтық гербарийлер қатарына Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің, Алтай ботаника бағының, Қарағанды ботаника бағының, Қостанай мемлекеттік университетінің гербарийлерін жатқызуға болады.
2. 3 Өнеркәсіптегі шикізат түрлерінің негізгі жиынтығы
Шикізат - бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн) ; әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т. б. арналған деп ұғынылады.
Табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат - табиғи ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі. Бірнеше түрлері сараланады: борлық шикізат (бор алу үшін қолданылады, каолиндік шикізат (керамика мен отқа төзімді материалдар алуда, сондай- ақ, бірқатар технологиялық процестерде қолданылады), цемент шикізаты және т. б.
Өнеркәсіптің түрлі салаларында тұтынылатын шикізаттың түрлері сан алуан. Бастапқы жаралуы бойынша оларды екі негізгі топқа бөледі:
өнеркәсіпте өндірілетін және шығарылатын шикізат, яғни ауыр индустрия салалары тұтынатын өнеркәсіптік шикізат;
ауыл шаруашылығында шығарылатын және өндірілетін шикізат, яғни негізінен жеңіл және азық-түлік өнеркәсібінің салалары тұтынатын ауылшаруашылық шикізат.
Өндірістік міндеті бойынша өнеркәсіптік шикізат негізгі шикізатқа және қосалқы материалдарға бөлінеді. Негізгі шикізат (негізгі материалдар) дайын өнімнің материалдық негізі болып табылады (мысалы, қорғасын қорытуға арналған қорғасын кені, вольфрам және молибден концентраттарын өндіруге арналған вольфрамомолибден кені және т. с. с. ) . Қосалқы материалдар дайын өнімнің материалдық негізін ешқашан құрамайтындығымен негізгі шикізаттан ерекшеленеді. Олар өндірістік үрдіске түрліше қатысады: белгілі бір қасиеттер бере отырып, негізгі шикізатқа қосылады (мысалы, флюстер, қоспалауыштар және т. с. с. ), немесе еңбек құралдарының жұмысын қамтамасыз етеді (мысалы, отын, майлайтын майлар және басқалары), немесе өндіріс жағдайларын құрады (мысалы, өндірістік ғимараттарды жылыту мен жарықтандыруға арналған материалдар мен энергия) .
Негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың басты айырмашылығы олардың материалдық құрамында емес, олардың дайын өнім өндірісіне қатысу сипатынан тұрады. Мысалы, мұнай отын ретінде қосалқы материал болып табылады, ал бензин өндірісінде ол шикізатқа айналады. Өнеркәсіптің қазіргі техникалық дамуында кейбір негізгі және қосалқы материалдардың арасындағы айырмашылық жойылады, әсіресе химиялық өндірістерде. Қосалқы материалдар өнеркәсіптің көптеген салалары үшін үлкен маңызға ие. Осылайша, түсті металлургияның бірқатар өндірістерінде (алюминийлі, никельді) қосалқы материалдарға кететін шығындар негізгі шикізатқа кететін шығындарға тең немесе артық.
Өнеркәсіптік шикізат табиғи жаратылысқа ие немесе жасанды жолмен алынады. Минералды шикізат, су, ауа және т. с. с. табиғи жаратылысқа ие. Жасанды шикізатқа минералды және органикалық шикізаттан алынатын, химиялық өнеркәсіптің түрлі өнімдері, мысалы, пластикалық массалар, синтетикалық отын және т. б. жатады. Өнеркәсіптік шикізаттың негізгі түрі минералды шикізат болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz