Геродот


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Геродот»

Орындаған:

Тексерген: Мырзабаева Б. М.

Орал, 2017ж.

Жоспары

Кіріспе

1. Геродоттың түсінігіндегі жер беті

2. Геродоттың «Тарих» еңбегі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Белгілі тарихшының жеке өмірі біз үшін аңыз іспеттес болса да, ол тарихты аңыз беттерінен алып, ғылымға айналдырды. Грекияның отансүйгіш азаматы, әуесқой саяхатшы, этнографияның негізін қалаушы, ғалым әрі жазушы, «тарих атасы» Геродот көне дәуір өркениеті туралы білімді бізге жеткізе алды. Геродот б. з. б. 484 жылы гректердің Кіші Азия түбегіндегі мекені болып табылатын Галикарнас қаласында дүниеге келеді. Жастайынан парсы өркениетіне қызығушылық танытып өссе де, өзінің эллиндердің ұрпағы екенін мақтан тұтатын. Геродот бала кезінен қалаға келген саяхатшылардың әңгімелерін қызыға тыңдайды. Азат Афина қаласы туралы көп есітеді. Полистің дана билеушілері Солон және Клесфеннің демократиялық реформаларына қызығушылық танытады. Бұл оның туған қаласы Галикарнас басшысы Лигдамидтің жеке дара билігін орнатуға тырысып жатқан кезі болатын. Геродот өзінің демократ достарымен бірігіп, тиранға қарсы шығады. Көтеріліс басылып, Геродот гректің Самос қаласына қашуға мәжбүр болады. Б. з. б. 464 жылы жасы жиырмаға келген Геродот Самос аралынан кетіп, шығыс елдеріне саяхатын бастайды. Тарихшы теңіз жүзіп, жер басып, Финикия, Сирия, Македония, Ольвия, Дельф және Афинада болады. Осы саяхат барысында галикарнастық Геродот өзінің жан-жақты қызығушылығы жоғары адам екенін түсіне бастайды. Ол әртүрлі қабырғада жазылған көне жазбаларды (фрескаларды), ғибадатхана мұрағатын, бақсылардың айтқандарын талдап оқуға тырысады. Одан бөлек, әр өркениеттің әдебиеті мен жергілікті фольклорды зерттейді. Саяхат барысында өзі жинаған барлық мағлұмат кейіннен ең басты еңбегі, көне грек өркениетінің тұңғыш тарихи «Тарих» жинағына енеді. Геродот саяхат кезінде жазылған жазбаларына Көне Бабыл (Вавилон) қаласының құрылымы мен ғимараттарының салыну үлгісін түсіреді. Мысыр абыздарынан пирамидаларды мыңдаған құлдардың қанша жыл бойы салғанын біліп алады. Сонымен қатар, Геродот Қара теңіздің солтүстік бөлігіне саяхаттап, ержүрек скиф (Сақтардың Еуропаға көшкен кемер тайпасы) тайпаларының тұрмысымен таныс болады. Оның біздің заманымызға дейінгі дәуірде қалдырған тарихи дәйектемелерін қазіргі археологиялық зерттеу жұмыстары растап отыр. Геродот он жыл бойы саяхаттап, ақпарат жинаумен жүреді. Ал көне аңыздарға сүйенсек, Геродот өзінің басты еңбегін «Тарих» деп атамаған екен. Шындығында ол тақырыпты жазып үлгермеген деседі. Ал содан 300 жыл өтіп, Александрия қаласының (Египет) ғалымдары кітапты тоғыз бөлімге бөліп, оған тоғыз түрлі атау береді. Бірінші кітабында грек әскерлерінің парсы шабуылына қарсы күресі суреттеледі. Геродоттың грек-парсы соғысы заманында өмір сүргендігін ескерсек, тарихи мәлімет нақты болғанына сенімді боламыз.

1. Геродоттың түсінігіндегі жер беті

Геродот (гр. Ἡρόδοτος) - ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарих атасы» деп танылған, әйгілі "Тарих" кітабының авторы, жиһанкез. Ол шамамен б. з. б. 484 - 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар. [1]

Геродот

Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалтырды. Кейіннен александриялық ғалымдар оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріп, тоғыз кітапқа бөлген. Геродот алғашқы төрт кітабында Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахемен әулеті жөнінде жазып, олардың Мысырға, Вавилонға, сақтарға қарсы жорықтарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек-парсы соғысына (біздің заманымыздан бұрынғы 500 - 449) арналған. Онда халықтардың тарихымен қатар этнографиясы, діні, әдебиеті, мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаты, экономикасы берілген. Шығарманың төртінші кітабында парсы патшасы Дарий Гистасптың сақтарға қарсы жорығы баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды мәліметтер ұшырасады. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұсқасы ағылшын, орыс, т. б. тілдерге аударылған. Герадот сақтарды скифтер деп атаған.

Геродот өмір сүрген дәуірге дейін де авторлары «логографтар» деп аталған тарихи шығармалардың болғанына қарамастан ежелгілер «тарих атасы» деп атаған Геродот б. з. б. 484 жылы Кіші Азияның оңтүстігіндегі гректер колониясында орналасқан Кариямен шекаралас жатқан Галикарнас қаласында дәулетті ақсүйектер отбасында дүниеге келді. Барлық кішіазиялық гректер парсы билігінен босап шыққанда, Галикарнас тұрғындары да жат жерлік билеушілерден құтылғысы келеді. Бірақ, олардың көтерілісі жеңіліс табады да, қайтадан басып-жаншу кезінде Геродоттың ағасы, әйгілі эпик ақын Паниассий өлтіріледі. Өз отанының саяси өміріне жас кезінен-ақ белсенді түрде араласқан Геродот Галикарнастағы Лигдамида тиранды тақтан құлату жөніндегі сәтсіз әрекеттерінен кейін елден кетуге мәжбүр болды. Бірнеше жылдардан кейін Геродот еліне оралып, тағы да азаттық көтеріліске қатысады. Ол б. з. б. 454 жылы галикарнастықтардың жеңісімен аяқталады. Осыдан бастап, Галикарнас Афины қаласының сенімді серіктесіне айналып, сонымен бірге аттикалық одақты басқарушылардың бір мүшесі болады. Этникалық жағынан дорийлықтарға жататын бұл колония тілі мен мәдениеті жағынан йонийлық еді.

"Тарих атасының" Каликарнас қаласындағы ескерткіші.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/15/Herodotusstatue.JPG/230px-Herodotusstatue.JPG

Геродот б. з. б. 40-жылдардан бастап Грекияның көптеген облыстарында, парсы патшалығында болып, ионий логографтары сияқты жатжерліктердің тарихы мен этнографиясын зерттеді. Кейінірек ол солтүстік Қара теңіз жағалауында, Египетте, Финикияда, Вавилонда және еуропалық Грекияның көптеген қауымдастықтарында болды. Ал оның екінші рухани отаны - Афины болды. Афиныда сол дәуірдің танымал қайраткерлері Периклмен және Софоклмен танысты. Дүниетанымы, өмірлік көзқарастары сәйкес келгендіктен, әсіресе Софоклмен жақсы қарым-қатынаста болды. [2]

Грек әлемінде қабылданған қағида бойынша әрбір адам туған жерінде ғана, яғни сол елдің азаматы болғанда ғана саясатпен айналысуға құқылы болатын. Геродот болса Самоста да, Афиныда да жатжерлік болып есептелді. Осы жағдайлар оның өмірлік ұстанымы саясат емес, тарих болуына әсер еткен болуы мүмкін. Б. з. б. 444 жылы оңтүстік Италияда барлық гректерге ортақ Фурия колониясы құрылғанда Геродот сол жақтан жер алып, азамат болу құқығына ие болды. Протогор Абдерский жаңа колония үшін бірқатар заңдар жазса, архитектор Гипподам Мипетский қаланың жоспарын сызды. Геродоттың осыдан кейінгі өмірі туралы мәлімет жоқтың қасы. Фурияда ол өзінің тарихи еңбегін аяқтаған болуы керек.

Папирусқа жазылған Геродоттың тарих кітабының VIII тарауындағы қалдықтар

Бір қызығы оның «Тарих» еңбегі кейде « . . . Геродот Галикарнастан жинап, жазды . . . », ал кейде «Геродот Фуриядан жинап, жазды . . . » сөздерімен басталатын. Тарихшы өзін Фурия азаматы деп атау-атамауын көп ойланды. Тіпті оның өмірінің соңын Фурияда өткізді деп айту қиын. Белгілі бір мәліметтерге сүйенетін болсақ, ол кейін Афиныға оралды деген болжам бар, бірақ ол да анық емес. Бүкіл грек елінің қатысуымен болған, көп жылдарды қамтыған Афины мен Спартаның арасындағы Пелопоннес соғысы кезінде б. з. б. 425 жылы Геродот дүниеден өтті. [3]

Бақытына орай, Геродот Элладаның әлсіреп, Афинының құлап, Кіші Азияның Персияның қол астына қайта өткенін көрген жоқ. Тарихшы өмір сүрген кезде Грекия дәуірлеген мемлекет болды. Геродоттың еңбегі эллиндер рухының көтерілуіне күш берерлік әнұран болды. Бірақ тарихшы еңбегі шығарма аяқталмай қалды, дүниеден өткеннен кейін сол аяқталмаған күйінде жарық көрді. [4]

2. Геродоттың «Тарих» еңбегі

Геродот - тарих атасы (шамамен б. з. б. 484-425 жылдар) . Геродот көптеген елдерге саяхат жасады. Ол Египетте, Вавилонда, Скифияда, Колхида мен Фракияда болған. Сондықтан оның еңбегі аталған елдердің тұрмысы, географиясы және этнографиясы туралы мәліметтерге бай. Табиғатында сенгіш Геродот тарихи шындықпен қатар естіген мәліметтерді де жинап жазған. Олардың бірі кейін дәлелденсе, екінші бірі күлкі тудырып отырған. Мысалы Египет туралы жазғанда гиппопотамды оның аталуына байланысты (грекшеден аударғанда - өзен жылқысы) суреттеп, жылқы секілді құйрық-жалы, тұяғы бар десе, өзі Индияда болмаса да ол жақта биіктігі иттей, алтын құмдарды күзететін, алтынды ұрлағысы келген адамдарды жеп қоятын алып құмырсқалардың болатынын жазған. Геродоттың шығармасы әлем тарихы болып табылады, себебі оның әр жаңа мемлекетті атауы - сол мемлекеттің тұрғындары, салт-дәстүрлері, діні, ескерткіштері туралы әңгімеге айналып кетеді. Мысалы Геродот шығармасы лидиялықтардың ионийлықтарды бағындыруымен басталады. Бұл оқиға Лидия тарихы туралы толық мәлімет беруге ұласады. Парсылық патша Камбизге, Египеттің тарихына, географиясына және этнографиясына тұтас бір кітап арнайды. Баяндау парсы елінің шекарасын үлкейткен Дарий патшаға жеткен кезде Геродот ел туралы мәліметтермен қоса патшаның әскери шабуылдарын атап кетеді. [1] Дарийдың Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы скифтерге қарсы жорығы Геродотқа скифтер және олардың пайда болуы туралы қызық әрі анық етіп баяндап беруге мүмкіндік береді. Скифтерді басып алудың сәтсіз әрекетінен кейін парсылар Грекияны бағындырмақшы болды. Геродот Иондағы гректердің көтерілісі, парсылардың Балқан түбегіне жорығы және Марафондағы парсылардың талқандалуы туралы баяндайды. «Тарихтың» соңғы үш кітабы парсылардың Грекияны басып алу үшін жасаған жаңа әрекеттеріне арналып, Ксеркстің жорығы, Саламин аралындағы шайқастар, парсылардың Еуропадан біржола қуылуы жөнінде айтылады. Геродоттың еңбегі гректердің Дарданелладағы бір бекіністі бағындыруымен бітеді. Сол кездегі белгілі және ұсақ халықтар да аталған шығармада сипатталды. Материалдардың әр алуандығына, фактілердің көптігіне қарамастан Геродот ешқашан өз баяндамасының реттілігін жоғалтқан емес, сонымен қатар бір ғана мақсатқа жету үшін барлық амалдарды қолданды. Ол мақсат - Элладаның даңқын шығару болатын. Геродоттың көркем мәнері өзіне ғана тән. Ол иондық диалектіде жазды. Геродоттың ғылыми стилі халықтық ауызша баяндаудың новеллалық стилімен ұштасып жатыр. Тарихшының өз еңбегіне сыналап қосқан новеллалары да көп. «Поликраттың жүзігі», «Крез бен Солон», Арионның ғажайып құтқарылуы» деген новеллалары кейін жеке көркем шығармалар болып есептелді. Геродоттың еңбегін сол замандағы ойшылдар әртүрлі қабылдады. Мысалы, Ксенофонт Ктесий өзінің «Персия тарихы» деген еңбегінде Геродотты өтірікші деп көрсетсе, Аристотель оны ертегі авторларының қатарына жатқызды. Геродоттың жазған мәліметтеріне Феомп, Авгилий, Страбон және Лукиандар сенімсіздікпен қарады. Тарихшы Плутарх «Геродоттың жалғандығы» атты трактатында «Геродот шындықты ойлап тапты» деп жазды. Бірақ сол кезде атақты рим ораторы Цицерон Геродоттың универсализмін бағалай отырып, оны «Тарих атасы» деп атаған. [2] Егер формальды түрде қарайтын болсақ, әлемдегі ең алғашқы тарихшы емес, тіпті антикалық кезеңнің тарихшысы болмаған, яғни ежелгі Грекияда пайда болған алғашқы тарихи трактаттар оның қолынан шықпағандықтан Геродотты «тарих атасы» деп атау дұрыс емес болуы мүмкін. Алайда, Цицеронның бұлай істеуінде, яғни оның ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан Геродот туралы барлық еңбектерінде үлкен бір шындық бар. Геродоттың логографтармен көптеген ұқсастығы бола тұрып, оның өзіндік

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне парсы деректері
Ежелгі Грекия мен Рим тарихнамасы
Сақтар, скифтер: алтын адам
“Шетелдер тарихының тарихнамасы” пәнінің оқу-әдістемелік нұсқау
Геродот-тарихшы
Греция тарихының ежелгі кезеңі
Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері
Гекатей Милетскийдің картасы
Қазақстанның территориясы мен табиғаты жайындағы географиялық деректер
Сақтар (сақалар)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz