Гидросферадағы физика-химиялық процесстер



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Гидросферадағы физика-химиялық процесстер

Орындаған: 01201 топ студенті
Шәді Айжан
Тексерген: аға оқытушы

Орал, 2016ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Гидросферадағы физика-химиялық процесстер
1.1Су - биосфераның аса маңызды элементі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Сулардың өздігінен тазару процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Гидросфераның химиялық экологиясы
2.1 Гидросферадағы физика-химиялық процесстер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..14
2.2 Химия-технологиялық процестертерінде қолданылатын физикалық және химиялық заңдылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Қоршаған ортаны зерттеуге ат салысып жүрген мамандар қоршаған орта химиясы түсінігін озон қабатының бұзылуымен, әлемдік жылынумен т.с.с. байланыстырады. Сонымен қатар, қоршаған орта химиясының бүкіл аймақтағы және белгілі бір жергілікті жерлердегі қышқылдық жаңбырлар, су ресурстарының (су қорлары) ластануы сияқты проблемаларды зерттеудегі рөлі анықталды.
Көптеген зерттеуші ғалымдар үшін қоршаған орта химиясы дейтін ұғым тек ластанумен байланысты сияқты, бірақ мұндай көзқарастар салыстырмалық жағынан қарағанда онша дұрыс емес. Мысалы, кәдімгі ас тұзы ауыз суының құрамында болса ол ластандырғыш затқа жатады, ал теңіз суларын бұл затыз көзге елестетуге болмайды.
Қоршаған ортахимиясы жердің барлық қабаттарында, сонымен бірге биосферада болып жататын процестерді зерттейді, барлық химиялық қосылыстардың, соның ішінде табиғи және жасанды қосылыстардың миграциясын (бір жерден бір жерге ауысуы) және олардың бір-біріне айналуын зерттейді.
Қоршаған орта химиясы химиялық процестерді кешенді түрде қарастырады, айталық, химиялық заттардың жер қабаттарында пайда болуын, миграциясын,жер қабаттарындағы ағыстарын (глобалды циклдер), қосылыстар мен элементтердің өзара әрекеттесулерін зерттейді, сонымен қатар, қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың тәсілдерін, оларды жетілдірудің әдістерін жасаудың негізін құрайды.
Қоршаған орта химиясы құрылымы :
+ Литосферадағы физика-химиялық процестер;
+ Гидросферадағы физика-химиялық процестер;
+ Атмосферадағы физика-химиялық процестер;
Гидросфера -- Жердің барлық су қорларының жиынтығы. Жалпы түрде гидросфераны Әлемдік мұхитқа, континенттік суларға және жер асты суларына бөлу қабылданған. Судың көп бөлігі - мұхитта, едәуір азырақ бөлігі континенттік өзен желісінде және жер асты суларында шоғырланған. Сондай-ақ судың үлкен қорлары атмосферада, бұлттар мен су буы түрінде болады. гидросфера көлемінің 96%-дан артығын -- теңіздер мен мұхиттар, 2%-ға жуығын -- жер асты сулары, 2%-ға жуығын -- мұз бен қар, 0,02%-ға жуығын құрлықтың беттік сулары құрайды. Судың бір бөлігі қатты күйінде мұздықтар, қар жамылғысы түрінде және криосфераны білдіріп, мәңгі тоңда болады.
Беттік сулар, гидросфераның жалпы массасында біршама аз үлесті алып, соған қармастан сумен қамтудың, суармалаудың және суландырудың негізгі көзі болып табылып, біздің планетамыздың өмірінде маңызды роль атқарады. Бұл геосфера атмосферамен, жер қыртысымен және биосферамен үнемі өзара әрекетте болады.
Бұл сулардың өзара әрекеттесуі және сулардың бір түрінен екіншісіне өзара өтуі жер шарындағы судың күрделі айналымын құрайды.
Табиғи суларды ұтымды пайдалану үшін оларды генезисі мен химиялық құрамы бойынша жіктеудің, олардың құрамында ерітілген тұздар мен улы металдардың, радиоактивті элементтердің, ерімейтін тұнбалардың, газдардың, қоректік заттардың, органикалық қосылыстардың, пестицидтердің және т.б. бар болуын анықтаудың үлкен маңызы бар.
Шығу тегіне байланысты табиғи сулар атмосфералық, беттік, жер астындағы, термалық деп жіктеледі.
Атмосфералық сұйық сулар ауадағы су буын білдіреді. Атмосфералық жауын-шашындарды зерделеу үлкен ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады, себебі оның нәтижелері бойынша азот, күкірт және басқа элемент-тердің ауаға лақтырыстары туралы айтуға, олардың мөлшерін, экожүйелерге әсер ету сипатын анықтауға, экологиялық жағымсыз құбылыстарды болдырмау бойынша шараларды жүзеге асыруға болады.
Беттік сулар - бұл жердің бетінде айналатын және болатын сулар - жаңбыр, өзен, көл, қар, мұздық, батпақ сулары және т.б. Олармен биосферадағы барлық геологиялық, геофизикалық, геохимиялық және биологиялық процестер байланысты. Беттік сулармен эрозия, ерітілген және салынды күйдегі заттарды тасымалдау процестері байланысты.
Топырақ сулары - бұл буланып үлгермейтін немесе ағыспен және тірі организмдермен қамтылмайтын, топырақ суларының әр түрлерін түзіп, топыраққа сіңетін атмосфералық жауын-шашындардың бір бөлігі. Әсіресе топырақ құнарлылығы проблемаларын шешу, батпақтанған жерлерді құрғату, қуаңшылық жерлерде аумақтарды суландыру қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ топырақ грунттарының инженерлік-құрылыстық және технология-лық қасиеттерін зерттеумен байланысты топырақ суларын зерделеудің үлкен мағынасы бар.
Жер асты сулары - бұл литосфераның тау жыныстарында соңғылармен кез келген байланыста (гигроскопиялық түрде, гравитациялық, су ерітінділері, коллоидтық жүйелер, минералдар құрылымында және т.с.с.) болатын сулар. Жер асты суларына жер қыртысының геологиялық және геохимиялық процестеріндегі ерекше маңызды роль тиесілі.

1. Гидросферадағы физика-химиялық процесстер
1.1Су - биосфераның аса маңызды элементі
Гидросфера - біздің планетамыздың аса маңызды құрам бөліетерінің бірі. Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады.Гидросфера Жердің басқа элементтері атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір-бірімен байланыстырып, біртұтас жабық жүйе: мұхит-атмосфера-құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.
Мұхиттағы су гидросфераның барлық массасының 97% құрайды және Жер планетасы бетінің ауданының 75% аса бөлігін алады. Биосфера тіршілігінде мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассаның өндірісін қамтамасыз ететін толып жатқан химиялық реакциялар жүреді. Су кез-келген жануарлар мен өсімдіктердің ткандары мен клеткаларының құрамына кіреді. Жануарлар мен өсімдіктер организмдеріндегі өте күрделі реакциялар тек қана су қатысында жүреді. Жер планетасындағы климат та көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшеріне байланысты қалыптасады.
Мұхитттардағы судың бетке бес жүз метрлік қабаты ондағы планктонның сүзгіш аппараты 40 күн ішінде сүзіліп өтсе, бір жыл ішінде мұхиттағы бүкіл су планктон арқылы тазарып отырады Теңіз суындағы еріген тұздардың концентрациясы 3,5 % болса, химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың 99,9 %-натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобальт, т.б иондардың үлесіне тиеді.
Биосферадағы үш сфераның-ауа, су, топырақ сфераларының арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі заты көмірқышқыл газы болып табылатын карбонаттық тепе-теңдік арқылы жақсы түсінуге болады. Мұхитта атмосфераға қарағанда көмірқышқыл газы 60 есе көп. Көмірқышқыл газы суық суды жақсы еритін болғандықтан, мұхит тропиктерде оны атмосфераға насос тәрізді тартып алады, сондықтан да бұл аймақтарда оның қысымы оңтүстік пен солтүстік ендіктерге қарағанда жоғары болады. Атмосферадағы СО2 мөлшері артқан сайын мұхит суындағы оның мөлшері де артады, нәтижесінде кальций карбонатының ерігіштігі жоғарылап, гидрокарбонат-иондар көбейеді. СО2 мөлшері азайғанда сутек иондарының концентрациясы төмендейді де, кальций карбонатының көбірек тұнбаға түсуі байқалады. Осылайша мұхит суларындағы көміртек иондары тұрақтанып, атмосфераның анторопогендік ластануынан жиналған СО2 артық мөлшері сіңіріледі. Қорыта айтқанда, су биосферада ең негізгі роль атқарушы болып табылады, себебі тірі организмдердегі барлық биохимиялық процестер тек су қатысында ғана жүре алады, сондықтан да олардың клеткалары мен тканьдерінің көп бөлігі судан тұрады.
Су-әлемнің ең үлкен байлығы. Бірақ, біздің планетамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана. Таза судың жетіспеушілігі жер шарының көптеген аудандарындағы өткір мәселелердің бірі болып отыр.
Жердегі су ресурстары жалпы алғанда, жер бетілік немесе континетальды сулар, Бүкіл Әлемдік мұхит сулары және жер астылық сулар болып үш топқа бөлінеді.Жер бетілік, не континентальды суларға- өзен, көл, жабық теңіздер, батпақтар, атмосфералық жауын-шашын сулары, Бүкіл Әлемдік мұхитқа мұхиттар мен оларға құятын теңіздер, ал жер астылық суларға топырақ ылғалдары, жер астылық грунт сулары жатады.
Судың химиялық құрамы бір-бірінен байланыссыз екі фактордың-тарихи-табиғи және геологиялық жағдайлар мен антропогендік фактордың әсерінен қалыптасады.
Судың химиялық құрамына түрліше болуы себепті оларды минералдану дәрежесіне байланысты төмендегіше классификациялауға болады (1гл)
Тұщы су-----------------------1-ге дейін
Тұздалу -----------------------1-25
Тұзды --------------------------26-56
Ащы----------------------------50
Жер бетіндегі тұщы су қорының 97% Антарктида, Гренландия, полюстер мен таудағы мұздықтардың үлесіне тиеді. Егер осы мұздықтарды Жердің бетіне бірдей етіп бөлсе, онда ол қалыңдығы 53 м қабат түзген болар еді. Бірақ осындай тұщы су қорын пайдалану әлі күнге мүмкін болмай отыр
Құрлықтың бар болғаны шамамен 3% көлдер мен өзендер алып жатыр. Сондықтан да тұщы судың жетіспеушілігі түсінікті жағдай деуге болады.
Табиғатта су айналымы үздіксіз жүріп отырады. Күн сәулесінің әсерінен Мұхит суларының, құрлықтың беттерінен және өсімдіктердегі транспирация арқылы су үздіксіз буланады. Нәтижесінде атмосфера су буларының қанығады. Буланған су конденсацияланып, бұлттар түзіп, атмосфералық жауын-шашын болып жер бетіне жауады. Жерде оның біраз бөлігі топырақ пен өсімдіктер бетттерінен буланып, біразы топыраққа сіңіп, өсімдіктерге сіңіріледі, не топырақтың терең қабатттарына өтіп, онда грунт суларымен бірге қайтадан жер бетіне шығып, мұхиттарға қосылады. Жауын-шашынның біраз бөлігі топырақ беттерінде қалып, өзендерге қосылады.

1.2 Сулардың өздігінен тазару процесі
Гидросфера - табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына - мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры - халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. [2]
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. [1]
Су ресурстарының "мұхит-атмосфера-жер-мұхит" системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.
Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар - механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Ағызынды суларды тазарту сызбасы.
Механикалық әдісі - суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар - май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.
Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады. [5]
Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ ...соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді.
Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі - су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді. [4]
Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі - нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.
Суды тазалаудың биологиялық әдісі - микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді.
Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялардан басқа балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады. [5] Солардың бірқатарына тоқталамыз.
Жамбасқұрт - жамбастап жылжып қозғалатын жәндік. Бұл оның уақытша қозғалысы емес табиғи бейімділігі. Жамбасқұрттар балықтардың сүйікті жемі болумен қатар, өте пайдалы жәндіктер. Олар түрлі организмдердің қалдықтарымен қоректеніп, су түбі тазалығын сақтауда үлкен роль атқарады.
Қоңыздар. Көп жылғы бақылаулар бойынша қоңыздардың негізгі қорегінің 60%-ы маса личинкалары екен. Арнайы жүргізілген тәжірибелерде бір ғана қоңыздың тәулігіне 65-70 маса личинкасын жоятыны осыны дәлелдейді.
Су шаяны. Су шаяны ақпайтын тоқтау суларда, өсімдіктері көп, әрі ластанған өсімдік шірінділері көп көлшіктерде тіршілік етеді. Олардың негізгі қорегі - маса, сона мен басқа да су жәндіктері. Лаборатория жағдайында су шаяндары тәулігіне масаның 85 личинкасын жоятыны анықталған.
Инеліктер. Судағы жәндіктердің ішінде инеліктердің орны ерекше. Барлығы дерліктей жыртқыштар. Тіршілік ету ерекшелігіне байланысты инеліктерді су насекомдарының "қос мекенділері" деп атауға болады. өйткені инеліктердің личинкалары суда дамиды да, ал ересектерінің даму кезеңдері су жағасында өтеді. Ересек инеліктер қорегін тек қана ұшып қуып барып ұстайды. Олардың өткір тырнағына көбіне масалар, шыбындар, соналар т.б. зиянды насекомдар ілінеді.
Су жүйелерін тазалайтын балықтар да бар екен. Арықтар бойын арамшөптерден тазарту үшін маман ғалымдар көп ізденіс жасап, канал бойларына ақ амур, дөң маңдай сияқты балықтарды қолдан жерсіндірді. Ақ амур ересектерінің дене тұрқы 120 см, салмағы 32 кг-ға дейін жететін ірі балық. Денесі ірі бұл балықтың ерекшелігі - ол сондай мешкей. Олар каналда өскен шөптерді жеп, өсімдіктердің қаулап өсуіне жол бермеген.
Арық пен канал бойындағы өсімдіктерден құтылу үшін қолданылып жүрген механикалық әдістерді шөппен қоректенетін балықтармен алмастыру экономикалық жағынан өте тиімді. Сондай-ақ бұл балықтар басқа да маңызды қызмет атқарады. Жағасында қамыс өскен су төңірегінде орналасқан ауыл-село тұрғындары жазда масадан көп зардап шегетіні белгілі. Ондай кезде ақ амурлар суда өскен қамыс құрақты азық етіп, масалардың ұрық салатын орнын құртады. Сондықтан да су жүйелерін тазалайтын бұл балықтарды келешекте канал, арық суларында өсіруді қолға алған жөн. [3]
Өз өлкеміздің су қорларына келетін болсақ Жамбыл облысының барлық өзендері Арал теңізі алабына жатады. Қырғызстан жерінен бастау алатын Шу, Талас, Аса өзендері облыстың негізгі өзендері болып табылады.
Облыс көлеміндегі жерүсті суларының сапасын зертханалық талдауда өткен жылмен салыстырғанда 2006 жылы Шу, Талас, Аса өзендерінде ластану индексінің өскендігі байқалған.
Жалпы облыс бойынша ластағыш заттар төгінділері "Шолақтау" таукен өндіру комбинаты, Шатыркөл руднигі, Ақбақай таукен металургиялық комбинаты, "Монолит " ашық акционерлік қоғамы сияқты кәсіпорындардан болып отырғандығы расталып отыр.

2. Гидросфераның химиялық экологиясы
2.1 Гидросферадағы физика-химиялық процесстер
Криосфера. Криосфера (қар, мұз, мәңгілік мұз аймақтары) климаттық жүйенің компаненті болып, шағылдыру қабілеті (альбедо) жоғары, жылу өткізгіштігі төмен. Жаңа жауған қар түскен күн сәулесінің 90% шағылдырады. Қар мен мұздың планета бетіне жапсырылған айна сынықтары тәрізді. Мұздардың 90 % Антарктидада, бірақ планетадағы мұздардың негізгі массасы теңіздердің мұзы мен қар түрінде болады. Солтүстік жарты шарда солтүстік мұзды мұхит акваториясындағы 8 млн , ал қыста 18 млн созылып, көлемі Австралияның көлемінен 2 есе көлем алады. Оңтүстік жарты шарды Антарктида маңында қыстыгүні мұз 20 млн алады.
Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тұщы судың дефициті байқалып отыр.Бұл жағдайда су қорының құрлықта біркелкі таралмағандығынан, халық санының өсуінен және өндіріс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуынан қалыптасып отыр.жүргізілген есептер бойынша, жер шарында суды әртүрлі мақсатқа пайдалануға жыл сайын шамамен 150 , ал өзендер мен жер асты суларынан 600 алынады. Былайша айтқанда, суды пайдаланудан қоры әлдеқайда көп және жеткілікті болу керек. Бірақ табиғи сулардың химиялық құрамына қатты әсер ететін фактор-адамның шарушылық әрекетінің нәтижесінде қалалар санының көптеп өсуі суды пайдаланудың ғана емес, сонымен бірге ағызынды сулардың да өсуіне әкеп соғады. Ауылшаруашылық және өндіріс орындары ағызынды сулармен бірге өзендерге суды ластаушы заттарды да ағызады. Нәтижесінде табиғи суларда еріген оттегінің мөлшері азайып, органикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экзогендік геологиялық процестер
Биосферадағы зат айналымы
Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы
Экологияның зерттеу әдістері
Қазіргі таңдағы биофизикалық зерттеулердің жетістіктері
Қазақстандағы биофизикалық зерттеулердің тарихы және қазіргі жағдайы
Миномата шығанағына ұзақ уақыт сынап қосындылары бар қалдықтарды төкті
Биосфера құрылысы, биосфераның пайда болуы
Географиялық қабық
АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА
Пәндер