Грециядағы Афина қаласында өткен 2004 жылғы Олимпиада ойындары


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Грециядағы Афина қаласында өткен 2004 жылғы Олимпиада ойындары»
Орындаған: ФКС-21 топ студенті
Қуанышкалин Е. Н.
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Олимпиада ойындарының пайда болуы
2. Вел Баркер кубогы
3. Афина олимпиадасының жүлдегері Сергей Филимонов
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Олимпиада ойындары немесе Олимпиада (гр. Ολυμπιακοί Αγώνες) төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Ежелгі Грекияда болған дәстүр, ХЫХ ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды. Алғашқы кезде тек қана жазғы Олимпиада ойындары, төрт жылда бір рет өткізіліп отыратын, дүниежүзілік соғыстар болған жылдарды қоспағанда. 1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Бірақ 1994 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар екі жылдық айырмашылықпен өтіп тұрады.
Олимпиада ойындарының ұраны - Цітіұс, алтіұс, фортіұс немесе "тезірек, жоғарырақ, күштірек".
Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б. з. д. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б. з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған. Ол кезде олимпиада ойындары бес күн өткізілген, бағдарламасына жүгіру, күрес, ат жарысы, қоссайыс, бессайыс сияқты спорт түрлері кірген. Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа кигізіліп, құрмет көрсетілген.
Жазғы Олимпиада ойындары 2004 (гр. Θερινοί Ολυμπιακοί Αγώνες 2004, Therinoí Olympiakoí Agó̱nes 2004), ресми атауы XXVIII Олимпиаданың ойындары, 2004 жылдың 13-29 тамыз күндері аралығында Грекияның елордасы Афина қаласында өткен жетекші халықаралық мульти-спорттық шара. Грекия Олимпиада ойындарының отаны болғандықтан, ұранның Welcome Home (Үйге қош келдің немесе үйге қош келдіңіздер) нұсқасы таңдалды. Ойындарға 201 елден келген 10, 625 спортшы[2] және 5, 501 ресми өкіл қатысты. [2] 28 спорт түрінен 301 жүлде жинағы ойнатылды. [2] 2004 жылдың Олимпиадасына Ұлттық Олимпиада комитеттері бар барлық елдер қатысты, бұл Олимпиада ойындарының тарихындағы екінші рет болған жағдай, бұрын 1996 жылғы Олимпиада ойындарына ғана ХОК-қа мүшелік ететін елдер түгелдей қатысқан.
1. Олимпиада ойындарының пайда болуы
Олимпиада ойындарының пайда болуы өткен замандардан бастау алады. Ежелгі гректер Олимпиада ойындары қалай пайда болғаны туралы айтатын көптеген тамаша аңыздар шығарған.
Ежелгі аңыздардың бірі ежелгі грек ақын Пиндар және ежелгі рим ақыны Овидий өз «Метаморфозаларында» атайтын Пелопс туралы аңыз болып табылады. Танталдың баласы Пелопс Трояның патшасы Ил оның туған қаласы - Сипилды жаулап алғаннан кейін, елін тастап, Грекияның жағалауына кетті. Ол Грекияның оңтүстігінде түбекті тауып, сонда жайғасады. Содан бері бұл түбекті Пелопоннес деп атай бастады. Бір күні Пелопс Эномайдың қызы - сұлу Гиподамияны көрді. Эномай Алфей өзенінің аңғарында, Пелопоннестің солтүстік-батысында орналасқан Писа қаласының патшасы болды. Пелопс Эномайдың сұлу құзына ғашық болып, патшадан оның қолын сұрамақшы болды. Бірақ ол оңайға түспеді. Себебі, оракул Эномай қызының күйеуінің қолынан қаза болатынын айтты. Осындай тағдырды болдырмау үшін Эномай өз қызын күйеуге бермеуге шешті. Бірақ оны қалай істеу керек? Гиподамияның қолын сұраған барлық үміткерлерден қалайша бас тартуға болады? Патшаның қызына лайықты көптеген жас жігіттер құдаласты. Эномай барлығына бірдей жоқ дей алмады да қатал шарт ойлап шығарды: ол Гиподамияны екі аяқты күйме арбада жарыста жеңетін жігітке ғана береді және ал жігіт жеңілген жағдайда өмірімен қоштасады деді. Бүкіл Грецияда екі аяқты күйме арбаны жүргізу өнерінен Эномайға тең келер адам болмады, сонымен қатар оның аттары да желден жүйрік болатын.
Эномайға сұлу Гиподамияны әйелдікке алу үшін өмірмен қоштасуға қорықпайтын жас жігіттер бірінен соң бірі келді. Олардың барлығын Эномай өлтіріп басқа жігіттер құдаласуға келмеу үшін өлген жігіттердің бастарын сарайдың есігіне шегеледі. Бірақ бұл жағдайлардың барлығы Пелопсты тоқтатқан жоқ. Ол Писаның қатал билеушісінен айласын асыруға шешті. Эномайдың арбакешін таситын Миртилмен білікте дөңгелекті ұстайтын чеканы қоймасын деп құпиялы түрде келісті.
Өзінің жеңіске жететініне сенімді Эномай Пелопсқа жарысты жалғыз бастауға ұсынды. Жігіттің екі аяқты күйме арбасы орнынан қозғала бастады, ал Эномай ұлы Зевске құрбан шалып, тек содан кейін жолға шықты. Эномайдың екі аяқты күйме арбасы Пелопсты басып озды, Танталдың баласы бұрылып патшаның жеңген күлкісін көреді. Дәл осы уақытта Эномайдың екі аяқты күйме арбасының білігінен дөңгелектер түсіп, арба сынып, қатал патша жерге құлап, мерт болады.
Пелопс Писаға жеңіспен оралып, тамаша Гиподамияны әйелге алды, Эномайдың патшалығына ие болып өз жеңісіне орай Олимпияда спорттық мерейтойды өткізуді, оны төрт жылда бір рет қайталап отыруды шешті.
Басқа аңыздар Олимпияда Зевстің әкесі Кронның бейітін жанынан жүгіруден жарыстар өткізілгенін айтады. Және бұл жарыстарды Зевстің өзі өткізген екен, осылайша ол өзінің әкесін жеңгенін тойлайтын болған.
Бірақ ең танымал аңыздардың бірі Пиндар Олимпиада ойындары жеңімпаздарының құрметіне арнаған өз өлеңдерінде атап өтетін аңыз болып табылады. Бұл аңыз бойынша Геракл өзінің алтыншы ерлігі - Элида патшасы Авгийдің мал қорасын тазартқаннан кейін Ойындардың негізін қалаған. Авгий өте бай адам болатын. Әсіресе оның малы көп болатын. Бір күні Геракл Авгийге егер де ол оған өз малының оннан бір бөлігін беруге келіссе, ол оның мал қорасын бір күнде тазартамын деген ұсыныс жасады. Авгий мұндай жұмысты бір күнде бітіру мүмкін емес деп ойлап, келісімін берді. Геракл мал қораны қоршаған екі қарама-қарсы дуалды бұзып, оған Алфей өзенінің суын жіберді. Су бүкіл тезекті бір күнде шайып жіберді, бұдан кейін Геракл дуалдарды қайтадан орнына қойды. Ал Геракл Авгийге өз марапатын алуға келгенде, патша оған ештеңе бермей қуып жіберді.
Геракл Элиданың патшасынан кегін қайтарды. Ол үлкен әскермен Элидаға кіріп, қантөгіс шайқаста Авгийді жеңіп оны найзамен өлтіреді. Жеңістен кейін Геракл әскерді жинап, Писа қаласының бүкіл табысына олимпиада құдайларына құрбан шалады, осылайша Афинаның Паллада құдайының құрметіне Гераклдің өз қолымен зәйтүн ағашын отырғызған қасиетті жазықта төрт жылда бір рет өткізілетін Олимпиада ойындарының негізін қалады.
Олимпиада ойындарының пайда болуы туралы басқа да көптеген аңыздар бар, бірақ ол нұсқалар көбінесе мифтік сипатта, сондықтан да тек нұсқа күйінде қалып отыр.
Даусыз жоралғылар бойынша Олимпиада ойындарының пайа болуы б. ғ. д. ІХ ғасырға жатады. Ол уақытта ауыр соғыстар грек мемлекеттерін талқандады. Ифит -Олимпия орналасқан кішігірім грек мемлекеті Элиданың патшасы. Өз мемлекетін соғыс пен тонаудан сақтап қалудың жолын білу мақсатында Дельфийге оракулмен ақылдасу үшін барады. Дельфийдің болжамшысы Ифитке мынадай кеңес берді: «Құдайларға жағатындай Ойындардың негізін салуың керек!» деді. Ифит уақытты жоғалтпай құдіретті көршісі - Спартаның патшасы Ликургке барады. Ифит жақсы елші болса керек, себебі Ликург бұдан былай Элида бейтарап мемлекет болады деп шешті. Және бір-бірімен соғыса беретін басқа ұсақ мемлекеттер осы шешіммен келіседі. Сол уақытта Ифит, өзінің бейбіт өмірге талпынысын білдіріп және құдайларға алғыс айту үшін «әр төрт жыл сайын Олимпияда өтетін атлетикалық Ойындардың» негізін салады. Бұл б. ғ. д. 884 жыл болатын. Осылайша Грекияда төрт жылда бір рет соғыс кезінде қару-жарақты қойып, Олимпияға спортшыларды тамашалауға бару және құдайларды құрметтеу әдетке айналды. Олимпиада ойындары жалпыұлттық сипатқа ие болды, бүкіл Грекияны біріктіретін оқиғаға айналды. Біраз уақыттан кейін гректерге Олимпиада ойындарының біріккен күнтізбелік жоспарын құру туралы ой келді. Ойындарды тұрақты төрт жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданды. Көптеген діни салтанаттардан және спорттық жарыстардан тұратын Олимпиадалық мереке бастапқыда бір күнде, содан кейін бес күнде өткізілетін болса, ал кейіннен мерекенің ұзақтығы бір айға жетті.
Мереке бір күнде өткенде, ол әдетте «қасиетті айдың» он сегізінші күнінде өткізілетін. Мереке әр төрт жыл сайын қайталанатын болды.
2. Вел Баркер кубогы
Олимпиада Стадионында 2004 жылы Жазғы олимпиада ойындарының ашылуы мен жабылу салтанаты өтті. Бұрындары «Спирос Луис» деп аталатын бұл стадион 1982 жылы өткізілген жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионатына арнайы салынған. Стадион атауы 1896 жылы өткен олимпиада марафонында топ жарған жеңімпаздың құрметіне берілген. Афинаның солтүстік бөлігіндегі Марусси ауданында орналасқан бұл стадионның құрылысы 1980 жылы басталып, 1982 жылы 8 қыркүйекте стадионның ашылу салтанаты өтті. Стадионда 1983 жылы Кубоктардың Кубогының ойыны, 1987 жылы УЕФА кубогының финалы, 1994 және 2007 жылғы Чемпиондар Лигасы өтті. Бұл жер Грекияның футбол құрамасының ойын аренасы болып табылады.
Материалды көшіріп басқанда Massaget. kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
2004 жылы Грекия астанасы Афина қаласында өткен Олимпиада ойындарында 1-ші орташа салмақта (69 кг дейін) өнер көрсеткен Бақтияр Артаев Баркер кубогын жеңіп алды.
Вел Баркер кубогы (ағыл. Val Barker Trophy) - 1936 жылдан бастап Олимпиада ойындарының ең техникалы боксшысына берілетін жүлде. Кубок ағылғын боксшысы, Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының алғашқы құрметті хатшысы Вел Баркерқұрметіне 1920 жылы тағайындалған. Кубок АИБА-ның жекеменшігі болып табылады және Олимпиада ойындарында алған орынына қарамастан ең мықты техника көрсеткен боксшыға табыс етіледі. Жеңімпазға Куботың көшірмесі және АИБА-ның Дипломы беріледі. Кубок жарыстар біткеннен соң, бір күннен кейін, арнайы церемония барысында, АИБА мүшелері және шақырылған қонақтар көзінше табыс етіледі. Церемонияға Кубокқа үміткер болған барлық спортшылар шақырылады. Кубокқа жеңімпаздың есімі, өнер көрсеткен салмағы, елі және Олимпиада өткен қаланың атауы қашалып жазылады. Кубок иегері Кубокты өз елінің Ұлттық бокс федерациясына келесі Олимпиада ойындарына дейін сақтауға өткізеді. Ұлттық бокс федерациясы АИБА-ға Кубокты қауіпсіздікті сақтау жөнінде кепілдеме береді және АИБА-ның есепшотына кепілдік ретінде ақша аударады. Келесі Олимпиада ойындары басталуына кем дегенде жеті күн қалға дейін Кубок Олимпиада өтетін қалаға, АИБА-ның Атқарушы комитетінің мүшелеріне жеткізілуі керек. Кубок иегері АИБА тарапынан келесі Олимпиада ойындарына құрметті қонақ ретінде шақырылып, Кубокті келесі боксшыға табыстау рәсіміне қатысады. Егер Кубок қатарынан үш рет бір елдің бокшылары алса, онда Кубок сол елдің Ұлттық бокс федерациясының меншігіне өтеді.
3. Афина олимпиадасының жүлдегері Сергей Филимонов
Талдықорған қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының (СТО) бірінде көлік жөндейтін Сергей Филимоновтың тағдыры кімге болса да ой салар еді. Бұл - бір кездегі атағы әлемге жайылған спортшы, Афина олимпиадасында Қазақстанның даңқын шығарып, Көк Туды желбіреткен зілтемірші Сергей Филимонов. Өкініштісі бір кездері басында бақ та, қасында қолпаштар досы да болып, жалғанды жалпағынан басқан атақты ауыр атлет қазір спортты СТО-ға айырбастаған. «Құрмет» орденінің иегері, 2004 жылы Афиныда өткен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, ауыр атлет Филимоновтың көлік майына шылана шаршаған түрін көріп, біз де таңданысымызды жасыра алмадық. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында Сергей сүйікті ісіне - ауыр атлетикаға қайта оралғысы келетінін айтып қалды. Сөзіне қарағанда, 10 жылға жуық уақыттан бері спорттан қол үзген чемпион әлі де бабына келе алатын секілді. 2004 жылы Афина олимпиадасында күміс жүлде иеленіп, әлемдік додаларда дүркін-дүркін чемпион атанған спортшы қазір көлік жөндеумен күн көріп жүр. Айтуынша, олимпиададан кейінгі құрмет-қошемет оған жақпапты. 2005 жылы жол көлік апатына ұшыраған. Чемпион Талдықорған-Үштөбе тас жолының бойында адам қағып, 23 жастағы жігіттің өліміне себепші болған екен. Қайтыс болған адамның туыстары 29 жастағы чемпионды кешірген де көрінеді. Алайда, зілтемірші Филимоновқа бұл жайт психологиялық жағынан ауыр соққы болды. Соның салдарынан қатты күйзеліске түсті. Ішімдікке салынып кетті. Спортпен қоштасты. Отбасымен де айырылысқан. Қазір Сергей ішімдікті ауызыма да алмаймын дейді. Салауатты өмір салтын ұстана бастаған. Сергей Филимонов Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында 1975 жылы дүниеге келген. Ауыр атлетикаға қызыққан бала Сергей 9 жасынан бастап осы спорт түрімен айналысты. Ол Қазақстан атын әлемге танытты. 2004 жылы Афина олимпиадасының күміс жүлдегері. 77 келі салмақ дәрежесінде ауыр атлетика бойынша әлем рекордын жаңартқан, Еуропа және Азия чемпионы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz