Жұмыстың практикалық маңыздылығы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады, қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай - ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді.

Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интеллектуалдық және моральдық - еріктік жетілуімен, барлық психикалық функцияларының дамуымен тығыз байланысты.

Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организмінің функцияларын жетілдіру, оның денені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру мектеп жасына дейінгі балалық жылдарда дене жағынан тәрбиелеудегі ең басты міндеттер болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстың мәнді жағы - тұлғаны дұрыс қалыптастыру.

Анықталған деректер мектеп жасына дейінгі балаларды сауықтыру проблемасына жүйелі түрде қарау қажеттілігіне баса назар аударумен бірге, мектепке дейінгі оқу - тәрбие жұмыстарында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне де көңіл бөлу қажеттілігі белгілі болып отыр.

Осылайша, бір жағынан дене тәрбиесі пәні арқылы мектеп жасына дейінгі мекемелерде балалардың денсаулығын нығайту қажеттілігі туындаса, екінші жағынан спорт түрлерін дамыту арқылы қалыптастырудың ғылыми түрде негізделген әдістемесінің жоқтығы проблемалық жағдай туғызып отыр.

Көрініп тұрған қайшылық проблеманың көкейкестілігін де көрсетіп отыр. Сондықтан да «Дене тәрбиесі пәні, мақсаты мен міндеттері» атты зерттеу тақырыбы таңдалып алынды.

Зерттеу обьектісі: мектепке дейінгі саладағы дене тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру түрлерінің тәсілдері арқылы балалардың денсаулығын нығайту әдістемесі.

Зерттеу мақсаты: күш қуаты мықты, жан - тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан - жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу.

Зерттеудің болжамы - балалардың спорт түрлерінің тәсілдері арқылы денсаулығын қалыптастыру оған әсер ететін бүкіл компоненттер жиынтығын салауатты өмір салтын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие процесіне жүйелі түрде енгізу жолдары арқылы іске асуы мүмкін, оған қоса ұлттық спорт түрлерін дамыту тұжырымдамасын жасау, жарыс ережелерін жетілдіру және осы процеске республикамыздың тәрбиеші - оқытушылар мен жаттықтырушыларын, мектепке дейінгі мекемелерін, жалпы білім беретін мектептер мен спорт мектептерінің ұстаздарын жұмылдыру.

Зерттеу міндеттері:

1) балалардың қозғалыстарын жетілдіру;

2) қимылдық және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру;

3) сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттілік бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтылау;

4) балалардың өмір қорғау және денсаулық нығайту, организмін шынықтыру әдістемесін дене шынықтыру тәсілдері арқылы тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі мекемелердегі оқу - тәрбие процесінде практикалық тұрғыдан пайдалана білуде болып отыр.

Зерттеу көздері:

Курстық жұмысының құрлымы:

Зерттеу базасы:

І Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының пәні

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы - қоғамның болашақ азаматтары - баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.

Дене тәрбиесі үшін жеке адамды (баланы) қалыптастырудағы өмірдің әлеуметтік жағдайлары мен тәрбиенің шешуші ролі туралы қағидалардың зор мәні бар.

Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесінің жалпы теориясымен мазмұндас және оқып үйрену пәні бір болуымен қатар баланың барлық жас кезеңдеріндегі (туғаннан 7 жасқа дейін) дене тәрбиесінің заңдылықтарын арнайы зерттейді.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы осыған сәйкес тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып - біледі.

Балалар дене тәрбиесінің теориясы әр жас шамалық кезеңнің ерекшеліктерін зерттей, ғылыми мәліметтер мен практикалық тәжірибені қорытып талдай отырып, дене тәрбиесі міндеттерін анықтайды, олардың мәнін, неғұрлым тиімді құралдары мен әдістерін, дене тәрбиесінің бүкіл процесін ұйымдастырудың мақсатқа сай формаларын ашып көрсетеді.

Өз қимыл - қозғалысын жақсы меңгеретін дене жаттығуларды сүйетін, оны айнала қоршаған ортада өз бетімен бағдар таба білетін, мектепте оқуға және одан кейінгі жылдардағы белсенді шығармашылық қызметке қабілетті, дені сау, шымыр, шыныққан, шат - шадыман, ынталы баланы қалыптастыру - жан - жақты даму негізі ретіндегі дене тәрбиелеудің айрықша мәнін айқындайтын маңызды міндет болып табылады.

Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми зерттеулердің негізінде сәби жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық - физиологиялық ерекшеліктерін: организмнің жұмысқа қабілеттілік мүмкіндіктерін, жүре пайда болатын ынта мен қажеттіліктерін, көрнекілік - әрекеттік, көрнекілік - бейнелік және логикалық ойлау формаларын, іс - әрекеттің басым түрінің өзіндік ерекшелігін ескеріп отырады. Осыған сәйкес балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларының мазмұнын құруға және оны іске асырудың тиімді педагогикалық жағдайларын жасауға бағыт береді.

Балалар дене тәрбиесі теориясы баланың әр жас кезеңінің ықтимад мүмкіндіктерінің заңдылықтарын танып - біле және ескере отырып дене тәрбиесінің бүкіл тәрбиелік - білім беру комплексі (қимыл - қозғалыс жасай білу және дағдылар, дене қасиеттері, кейбір элементарлық білім) ғылыми негізделген бағдарламасының талаптары перспективалы қарастырады. Мұны игеру балалардың дене әзірлігін мектепке баруға қажетті деңгейде қамтамасыз етеді.

Дене тәрбиесі жан - жақты тәрбие берудің маңызды компоненті болуымен бірге өз процесінде ақыл - ойлық адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесінің міндеттерін комплексті түрде жүзеге асырады.

Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларында (сабақ, қозғалысойындары, балалардың өзіндік әрекеттері және т. б. ) тәрбиешінің назары ақылға сала ойлайтын, эмоциялы, өз жас шамасының мүмкіндігіне қарай саналы әреке ететін, қозғалыс дағдыларын меңгеріп отыратын, айналаны бағдарлай білетін, өзіне берілген тапсырмалардың мәнін түсінетін, кездескен қиыншылықтарды жеңуді үйреніп отыратын, тәрбиешінің ыждағатты, тілектесті басшылығымен өз іс - әрекетінде шығармашылық ізденіске деген талпыныс көрсетіп отыратын бала тәрбиелеп шығуға бағытталады.

Балалар дене тәрбиесінің теориясы бала денесін тәрбиелеудің сан алуан жақтарын, әсіресе оның қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды қамтитын зерттеулер арқылы алынған жаңа білімдермен дамылсыз дамып, байып отырады.

Балалар мекемелерінің жаппай практикасында тексеруден өткен зерттеу мәліметтері бүкіл тәрбиелік - білім беру процесінің алға басуына үлес қоса отырып, сыннан өтеді, бағдарламаларғы, оқу құралдарын, оқулықтарға және балалармен жүргізетін практикалық жұмысқа ендіріледі.

Сөйтіп мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы баланың даму заңдылықтарын танып - біле, ең елеулі және прогресті нәрселердің бәрін бөліп көрсете және негіздей отырып, дене тәрбиесінің бүкіл жүйесін жетілдіруге көмегін тигізеді, кедергісін тигізетін, жаттанды болған, қазіргі кездегі тәрбиелеу - білім беру міндеттеріне сәйкес емес нәрселердің бәрін бұлжытпай ауыстырып отырады және жоққа шығарады.

1. 2. Дене тәрбиесі теориясының басқа ғылымдармен байланысы

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мамандандырылған ғылыми пәндердің тұтас комплексімен байланысты. Олардың біреулері гуманитарлық сипатта болады (дене тәрбиесінің жалпы теориясы, жалпы педагогика, мектепке дейінгі педагогика, дене тәрбиесі мен спорт психологиясы, спорттың жеке түрлерінің теориясы мен методикасы, физкультура тарихы және ұйымдастыру, физкультура социологиясы), физкультураның дамуы мен ұйымдастырылуының әлеуметтік заңдылықтарын, дене жаттығуларының адам (бала) психикасына әсерін, сондай - ақ педагогикалық әсер ету құралдарын, формалар мен әдістерін қолдану заңдарын зерттейді. Басқа ғылымдар - биологиялық және шектес жаратылыс ғылымы пәндері (дене жаттығуларының физиологиясы мен биохимиясы, динамикалық анатомия, биохимия, медицина, педиатрия, дене жаттығулары гигиенасы, дәрігерлік - физкультуралық бақылау, емдеу физкультурасы) адамның (баланың) биологиялық даму процесін, оның жас өзгерісінің заңдылықтарын, дене жаттығуларының, сондай - ақ сыртқы ортаның түрлі әсерлерінен болып жататын өзгерістерін зерттейді, бұған қоса адамның (баланың) қозғалыстарында көрініс беретін физикалық және биологиялық заңдарды зерттейді.

Жоғарыда аталып өткен, дене дамуының белгілі бір жағын терең зерттейтін ғылыми пәндердің әрқайсысы тәрбиеде жақсы жетістікке жету үшін педагогикалық әсер ету жүйесіне негіз бола алмайды. Бұл міндетті мамандандырылған педагогика ғылымы - балалардың дене тәрбиесіне қатысы бар басқа ғылымдардың барлық жетістіктерін синтездейді.

Бұл ғылым дене тәрбиесінің педагогикалық заңдылықтарын танып - білу және теориялық жағынан негіздеу мақсатында социологиялық және биологиялық құбылыстарды пайдаланды, мұның өзінде өзіндік ерекшелігін және өз пәнін сақтап қалады.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының табиғи - ғылымдық негізін ғылыми пәндер комплексі құрайды, олардың міндеттері баланың биологиялық даму процестерін зарттеу болып табылады.

Ғылыми білімдердің бұл комплексі орыстың ұлы физиологтары И. М. Сеченовтың, И. П. Павловтың, В. М. Бехтеревтің және олардың ізбасарларының ілімі негізінде құрылды.

Организм мен ортаның бірлігі туралы. Адам дүниеге келген сәттен оның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі басталады. И. П. Павлов осы тепе - теңдікті өмірдің негізгі заңы ретінде қарастырады.

Жеке бейімделу түрлері өте көп. Олар табиғи өмір жағдайында пайда болады және оларды адам арнайы, әдейі жасауы мүмкін.

Жеке бейімделу негізінде тірі организмдердің (сондай - ақ адамның) өте маңызды қасиеті - сыртқы орта жағдайы өзгергенде физиологиялық процестердің жиілігін және сипатының өзі белгілі бір шекте өзгертуі жатыр. Мәселен, ыстық күндері, сыртқы орта температурасы көтерілгенде адамның тер бездерінің әрекеті күшейеді, терінің тамырлары кеңиді. Терінің одан әрі булануы дененің сырты мен терінің кеңіген тамырлары арқылы ағатын қанның салқындауымен жалғасады. Сонымен жылу берілісі артады. Сыртқы ортаның (су, ауа) температурасы төмендеген кезде, керісінше, тері тамырларының тарылуы байқалады, бұл жылуды көп жоғалтудан сақтайды. Бұл кезде тотығу процестерінің (негізінен бауыр мен бұлшық еттерде) қарқыны артады. Соның нәтижесінде екі жағдайда да дененің температурасы өмірге керекті деңгейде сақталады.

Адам организмінің қызмет ету мүмкіндігінің артуы немесе кеңеюі дене тәрбиесі процесінде ерекше маңызды болып табылады.

Баланың дене тәрбиесі белгілі бір ғылыми негізделген режиммен, организмді шынықтырумен, қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен байланысты екені белгілі. Шынықтыратын процедуралармен (салқын сумен ысқылану, шайыну, т. б. ) үйлестірілген ертеңгі гимнастикамен жүйелі айналысу, физкультура сабақтары, ойындар, ауаның, судың температурасы төмен жағдайдағы спорттық жаттығулар - осының бәрі организмнің сыртқы орта өзгерістеріне төзімділігін арттырады, нерв жүйесі, жүрек және өкпе жұмысын, бұлшық еттерінің жұмыс қабілетін жақсартады, жағымды эмоциялар тудырады.

Шынығу және дене жаттықтыру адам (бала) организмінің қызмет ету мүмкіндіктерінің кеңеюіне көмек ететіні түсінікті бола түседі. осының барысында шыныққандық және белгілі мөлшнрде жаттықандық әркімнің өзгеріп отыратын сыртқы ортаға индивидуалды бейімделуін көрсететін болады.

Адам организмінің қоршаған ортаға бейімделуіне адам миының, жоғары нерв жүйесінің қызметінің дамуы үшін жетекші мәні бар және оған себепші болатын әлеуметтік ортаны ерекше бөліп көрсеткен жөн.

Адамның қоғамдық - еңбек іс - әрекеті процесінде, ал баланың отбасылық және қоғамдық тәрбие процесінде жеке бейімделуі шартты рефлекторлық уақытша байланыстар принципі бойынша біріншімен өзара әрекеттегі екінші сигналдық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Оның үстіне екінші сигналдық қоздырғыштардың адамның барлық тканьдарында және ішкі органдарында болатын физиологиялық процестерге, сондай - ақ оның тұтас мінез - құлқына да айқындалуы ықпал жасайды.

Баланың айнала қоршаған әлеуметтік ортаға индивидуалды бейімделуіне әр түрлі дағдылар, пайда бола бастаған әдеттер, қалыптасқан тіршілік режимі және айнала қоршаған өмір талаптарына саналы қарым - қатынасқа негізделген барлық мінез - құлық тәртібі жатқызылуы мүмкін.

Сондай - ақ қозғалыс қызметтердің қалпына келуі (аяқ - қол зақымдалғанда), жұқпалы аурудан кейінгі иммунитет, оқуға және қоғамдық өмірге мылқаулардың, соқырлардың, соқыр - мылқаулардың бейімделуі де индивидуалды бейімделудің көрініс беруі болып табылады.

И. П. Павлов еңбектерінде: « . . . жоғары сатыдағы, сол сияқты төменгі сатыдағы организмдердің аса зор күрделілігі осы күрделілікті құрайтын нәрсенің бәрі нәзік және дәлме - дәл байланыста, өзара және айналадағы жағдайлармен тең жағдайда болып тұратын кезге дейін ғана тұтас күйде өмір сүреді»¹ деп атап көрсетті.

Шартты рефлекторлы уақытша байланыстар және динамикалық стереотиптердің құрылуы туралы. И. П. Павловтың және оның ізбасарларының жоғары нерв қызметін зерттеулері дене тәрбиесі практикасында пайдаланылатын шаралар жүйесін және оның организмде пайда болатын күрделі процестерге әсері мен қызметінің қайта түзілуін дұрыс талдауға мүмкіндік береді.

Адамның (баланың) барлық іс - әрекеті дене тәрбиесі процесінде (гимнастика, ойындар т. б. ) жоғары нерв қызметіне тәуелді болады. Элементарлық қозғалыс және түптеп келгенде күрделі спорттық дағдыларды меңгеру үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметінің жаңа жүйесі құрылуымен анықталады.

И. П. Павловтың жүйелілік, динамикалық стереотип туралы ілімі қозғалыс дағдыларының пайда болу және жетілдіру процесін түсіндіреді, оның заңдылықтарын айқындауға және осыған сәйкес балаларды оқыту процесін дұрыс құру мен басшылық етудің неғұрлым мақсатты және тиімді әдістерін пайдалануға көмектеседі.

Баланың нерв жүйесінің индивидуалды ерекшеліктері туралы. Сәби жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін толық жүзеге асыру үшін баланың орталық нерв жүйесі дамуының педагогикалық ықпалды іріктеуді және бүкіл оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруды анықтайтын жас шамалық заңдылықтарын зерттеу мен есепке алып отырудың ерекше мәні бар.

Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі заңдылықтарын зерттеп дүрген ғалымдар баланың дүниеге нерв жүйесінің туа біткен нышандарымен және ерекшеліктерімен келетінін анықтады. Дегенмен, олар баланың психикалық дамуының органикалық алғы шарттары ғана болғандықтан бұл дамудың сипаты мен деңгейін алдын ала анықтамайды. Сондай - ақ әр баланың оның нервтік - психикалық дамуының сенімді негізін құрайтын зор потенциалды психофизиологиялық мүмкіндіктері болады (А. В. Запорожец) . Сөйтіп, бір жағынан органикалық алғашқы шарттарды, екінші жағынан потенциалды мүмкіндіктерді ескере отырып, мейлінше жақсы педагогикалық жағдайлар туғызу қажет, бұл жағдайлар, ең алдымен, мақсатты бағыттағы тәрбие және оқу жағдайында баланың организмі мен психикасына тікелей әсер етуге мүмкіндік беретін дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі процесін көздейді. Баланың нерв жүйесінің туа пайда болған ерекшеліктерін және сыртқы әсерлердің оның қалыптасуындағы жетекші ролін ескере отырып, режимді дұрыс ұйымдастыруды және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етудің (ұйқының қанық болуы, сабақтардың мөлшері, белсенді қозғалыс іс - әрекеттері, таза ауада жүруге бекітілген уақыт) маңызы зор. Эмоциялық жағымды жағдайдың - балалардың және ересектердің балалармен өзара қарым - қатынастарының бір қалыпты, ұстамды, достық ықыласты болуының айрықша мәні бар.

Туа біткен алғы шарттардың белгілі бір маңызын, сонымен қатар олардың өзгеру мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепке дейінгі педагогика тәрбие процесін бір жағынан жағымсыз қылықтарды бәсеңдетуге, екінші жағынан жақсы нышандарды дамытуға бағыттап отырады. Осыған байланысты балалардың нерв жүйесінің индивидуалдық - типологиялық ерекшеліктеріне үнемі назар аударып отыру қажет.

Дене тәрбиесі процесінде индивидуалды тұрғыдан қарауды жүзеге асыру, режимнің мейлінше тиімділік жағдайын, шынықтыруды, белсенді қозғалыс іс - әрекетін, баланың эмоциялық - жағымды күйде болуын қамтамасыз ету мақсатында балалардың типологиялық ерекшеліктері ескеріледі.

Шынықтыру шаралары нерв жүйесін нығайтады және оның қызметін жақсартады; дене жаттығулары, оның ішінде қозғалысты ойындар, белсенді қозғалысты іс - әрекеттер үшін жағдай жасайды және эмоциялық өрлеу, қуат тудырады, қан айналымын күшейтеді, жүрек жұмысын және мидың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, организмді жалпы сауықтыруға жәрдемдеседі.

Дене тәрбиесінде баланың жеке адам ретінде жан - жақты дамуына әсерін тигізетін айтарлықтай тиімді құралдар мен әдістер бар. Сабақтарда, қозғалыс ойындарында және басқа қозғалыс іс - әрекеттерінде балаларда қозғала білушілік пен дағдылар ғана жинақталмайды, сондай - ақ ақыл - ой қабілеті де дамиды, адамгершілік қасиеттер, эстетикалық талғам және еңбек дағдылары бойға сіңеді.

Белсенді қимыл - қозғалыс әрекеті процесінде бала моральдық - еріктік қасиеттер көрсетуге - ойында батыл болуға, қолға түсу қаупіне қарамастан, жолдасын құтқаруға ұмтылуға, басқалармен бірге ортақ міндетті орындауға (мысалы, уақтылы жүгіріп келіп, бүкіл звено болып сапқа тұруға) және т. б. жаттығады.

Мұндай әрекеттерді талай рет қайталау бірте - бірте бала санасында қажеттілік ретінде орын тебеді. Тәрбиеші мен құрдастардың құптай бағалауы моральдық қанағат сезімін, эмоциялық өрлеу, алдағы уақытта да осылай ету ықыласын тудырады.

Сөйтіп, мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің негізгі міндеттері - дені сау, көңілі шат, бастама көтергіш, айналасын бағдарлай білетін, өзінің құрдастарымен ынтымақтаса білетін мектепте оқуға және онан әрі шығармашылық қызметке белсенді кірісуге қабілетті бала тәрбиелеуге бағытталған.

Аталып өткен міндеттерді жүзеге асыру әр баланың жеке ерекшеліктерін арнайы зерттеу мен есепке алып отыруды, оған деген ақ көңілді, ыждағатты қарым - қатынасты және осыған байланысты орынды жалпы педагогикалық және жеке ықпалды талап етеді.

1. 3. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының дамуы

Балалар дене тәрбиесінің теориясы қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер мен озат практика негізінде дамиды.

Дене тәрбиесі туралы отандық ғылым, тамыры орыстың көп ғасырлық халықтық педагогикасына тереңдей сіңген өткен дәуір бай мұрасының әсерімен қалыптасады.

XVII ғасырдың екінші жартысында - ақ сол кездің аса білімді адамдарының бірі - Епифаний Славинецкийдің балалардың дене тәрбиесі жөнінде озық ойлар айтқанын тарихи материалдар дәлелдейді. Ол «Бала әдеттерінің азаматтылығы» деп аталатын тамаша документ жасап шыққан. Бұл кітапта балалар ойынына ерекше тарау арналады және оның тәрбиелік - білім берудегі үлкен мәні көрсетіледі.

Бұдан кейінгі кезде прогресшіл қоғам қайраткерлері И. И: Бецкой, Н. И. Новиков, А. Н. Радищев дене дамуын ақыл - ой және еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырған.

Тамаша педагог К. Д. Ушинский ойынға, гимнастикаға, балалардың таза ауада жүруіне үлкен мән берді. Ол балалармен өткізілетін сабақ үстінде ықыласты қалпына келтіруге көмектесетін қысқа мерзімді қимыл - қозғалыстар орындау үшін шағын үзілістер жасауды ұсынды.

Прогресшіл қоғам қайраткерлерінің айтқандары, ғалымдардың, дәрігерлердің еңбектері дене тәрбиесінің отандық теориясын жасауға алғы шарт болды.

Ресейде дене тәрбиесінің өзіндік теориясын жасаушы П. Ф. Лесгафт болып табылады.

П. Ф. Лесгафт қимыл - қозғалыс ойындары теориясы мен методикасын жасады. Ол қимыл - қозғалыс ойынын «бала соның көмегімен өмірге әзірленетін жаттығу» ретінде анықтайды. Осы ойындар үстінде ол дағдыларға, әдеттерге ие болады, онда мінез қалыптаса бастайды. П. Ф. Лесгафт теориясы балалардың дене тәрбиесі туралы ғылымды одан әрі дамыту үшін берік іргетас болып табылады.

П. Ф. Лесгафттың шәкірті дәрігер - педиатр және гигиенист, профессор В. В. Гориневский өзінің дәрігерлік - педагогикалық қызметінде және баспа еңбектерінде П. Ф: Лесгафттың дене тәрбиесі туралы ілімін тереңдете түсті.

В. В. Гориневский дене жаттығулары мен спортпен айналысуды жүзеге асыруға дәрігерлік және педагогикалық бақылау жасаудың негізін салушы болып табылады. Оның «Белгілі бір жас шамасына сәйкес дене жаттығулары» атты кестесі кеңінен тарады. Дене тәрбиесі, гигиена және балаларды шынықтыру мәселелері жөніндегі көптеген ғылыми еңбектердің арасынан «Мектеп жасына дейінгілер физкультурасы» атты кітап көпшілікке айрықша әйгілі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Мектеп курсында генетиканы зерттеудің ерекшеліктері
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу
Педагогикалық зерттеулердің эмпирикалық әдістері
Анафилактикалық шок кезіндегі мейірбикенің кәсіби қызметінің ерекшеліктері
Педагогикалық теория
Құқықтық құжаттарды аудару ерекшеліктерін зерттеу
ТУРИСТІК АГЕНТТІК КЛИЕНТТЕРІНІҢ АДАЛДЫҒЫ МЕН ҚАНАҒАТТАНУЫН ӨЛШЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz