Дәнді азықтар және қалдықтарын малдарды азықтандыруда қолдану



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Дәнді азықтар және қалдықтарын малдарды азықтандыруда қолдану

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013ж.
МАЗМҰНЫ

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Азықтың химиялық құрамы мен қоректік заттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2. Қызылша - қант өндірісінің мал азығына жарамды қалдықтары ... ... ... ...14
2.3. Дәндік азық, дәнді азықтардың мал шаруашылығындағы маңызы ... ... ...24
2.4. Қалдықтарды ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда қолдану ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.5. Сыра және шарап өндірісінің қалдықтары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Жануарлардың өнімділігінің 60% оларды азықтандыруда, оның теңгерімділігінен, рациондағы қуат, ақуыз, минералдық заттар мен дәрумендердің мөлшеріне, азықтың сапасына байланысты болады.
Азық малшаруашылық өнімділігінің өз құндылығының құрылымында жоғары меншікті салмақ алады (сүт шаруашылығында 50-55% , шошқа шаруашылығында 65-70%), сондықтан олардың сапасын жақсартуға өнімнің бірлігіне қоректі заттардың шығынын төмендету үшін алғашқы деңгейлі көңіл аудару керек. Жануарлардан максималды, экономикалық жағынан ақтайтын өнімділік алу үшін оларды қоректік заттармен, дәрумен, макро-микроэлемент пен негізгі азық және азық қоспамен бірге ағзаға келетін биологиялық активті заттардың қажеттілігін қанағаттандыру керек. Одан басқа, рацион жануарлар үшін тартымды болу керек, олар азықты тәбетпен жеуі тиіс, яғни рацион азықтары белгілі бір дәмді артықшылығы, консентенциясы, температурасы, ұсақтау белгілі өлшемі және т.б. болуы қажет. Азық алынатын өнімділікке ықпал етеді, сондықтан өнімділік бірлігіне азықтың минималды мөлшерімен шығымына сапалы өнімді алуға мүмкіндік беретін рациондағы азықтың оптимальды қатынасы қажет.
Азықтық базаны табиғи-климаттық зона бойынша табиғи және мәдени өсімдік қауымын рационалды пайдаланып нығайту, дайындаудың прогрессивті әдістерін пайдалану, консервілеудің әдістеріннің қалыптасуын, азықтандыру алдындағы дайындық пен азықты сақтаудың-негізгі маңызды міндеттер болып табылады, оларды біздің елдің мал шаруашылығының дамуында шешу керек.
Азықтандырудың талдап жасалған нормасында азықтың қоректілік көрсеткіші ретінде алмасу энергиясы МДЖ немесе азық өлшемін қолданады. Малдың азықтандырылуын бақылау үшін рациондағы азықтық құрғақ заттардың мөлшерін де есептеу қажет.
Тәулігіне жейтін құрғақ заттың, соның ішінде көлемді азықтар қосқандағы кұрғақ зат мөлшері берілген. Норма бойынша сауын сиырлар сүтейту кезінде әр 100 кг тірілей салмағына 2,8 кг құрғақ зат жейді. Негізінде ғылыми түрде жасалған рацион бойынша сауын сиырлардың сүтейту кезеңінде 3 килограмға дейін кұрғақ зат жеуге мүмкіндігі бар, одан кейінгі кезеңдері бұл мөлшер азая бастайды. Сонымен бірге, сиырлардың кұрғақ қоректі заттарды пайдалануы, рационының құрамы мен азықтың сапасына ғана емес, малдың жасына, тірілей салмағына да байланысты болады.
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ғылымының қазіргі даму деңгейі клеткалық деңгейде болатын ас қорыту физиалогиясына, зат алмасу болатын биохимиялық үрдістер. Азықты тиімді пайдалануға, денсаулықты сақтауға, өнімділіктің жоғары деңгейін алуға және кәдімгі өнімділік қасиетін сақтауға бағытталған.
Курсық жұмыстың мақсаты- білімді тереңдету, азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандырудың тәжірибесін оқып білу, бөлшектелген меже бойынша жануарларды азықтандыру практикалық ұйымдастыруда қалыптасатын жеке сұрақтарды зерттейді. Онда теориялық материялды, анықтамалық, оқу және басқа арнайы әдебиетті пайдалануды үйренту үшін белгілі тәжірибелік міндеттерді шешу қажет.

1.1. Әдебиетке шолу
Богданов Г.А. (1990) [1] айтуынша,азықтағы қоректік заттар мал организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар жеткізуші көзі болып табылады. Демек олар тірі организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделіп өсіп өніп ұрықтанып көбейіп, өнім өндіруінің негізгі факторлары ретінде қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, азықтағы қоректік заттар энергетикалық және құрылымдық қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау керек, өйткені олар негізгі функциясымен қатар тіршілік кажеттілігіне байланысты басқа да қызметке жұмсалады. Қоректік заттардың маңызы мен атқаратын қызметі мал мен кұс түріне байланысты да өзгереді. Айталық, карапайым қарынды мал түзуге тек белок азотын қосындыларды пайдалана алатын болса, күрделі қарынды күйіс қайыратын мал алдыңғы қарын микроорганизмдерінің көмегімен басқа да азотты заттар аммиагін игереді. Сол микроорганизмдер қатысуымен олар басқа мал мен құс қорыта алмайтын азық жасунығын жақсы қорытып, өсімдік көмірсуларының энергетикалық қуаттылығын толығырақ пайдаланады
Боярский Л.Г. (2001) [2] пікірінше, азықтандыруда олардын қорытылу ерекшелігін, таратуғаыңғайлылығын ескереді. Әдеттегіде ірі азықты шырышты азықтан бұрын таратады. Оның ішінде пішенді танертең беріп, түнге сабан салып қойған дұрыс. Ұнтақты шырынды азықпен араластырып берген жөн. Азықтандыру мен суару тәртібі әсіресе жұмыс аттарына кушті әсер етеді. Оларды міндетті түрде суытып барып азықтандырып, содан кейін суарады. Суыту ушін алдымен ірі азык беріп, кейін шырынды азық таратып, суарады да, артыншан жем береді. Сұлыны суарғаннан кейін 30-45 минут, арпа мен басқа жемді 1-1,5 сағат өткен соң береді. Жұмысқа аттарды азықтандырғаннан кейін бір сағат өткен соң шығарады. Тәуліктік азық мөлшерінің ірісі негізінен кешке салып қояды, өйткені алдыңғы қарны жоқ жылқы малы жұмыстан бос уакытының көбін азықтануға жұмсайды. Ертеңгісін ірі азықтың аз бөлігін, ал түсте тіпті аз мөлшерде салады. Өйткені жемшөпті мұқият шайнап жұтатын жылқы берілген азықты жеп үлгермейді. Жемді де ертеңгісін және түсте бірдей көлемде, кешкісін ұлғайтып береді
Дурст Л., Виттман М.(2003). [4] әдебиеттеріне суйенсек, рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы көректілігіне (а.ө. не АЭ бойынша) пайыздық қатынасы рацион құрылымын (структура рациона) айғақтайды. Рацион құрылымындағы басым азық тобы не жеке-леген азық мал азықтандыру типін (тип кормления) белгілейді. Азықтан-дыру типі шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп қорына сәйкестендіріледі. Айталық, табиғи жайылымы кең, оты мол жерлерде жайылымды азықтандыру типі (пастбищный тип кормления) қолданылса, жері жыртылған, түрлі техникалық дақылдар өсіретін шаруашылықтарда олардың азықтық қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады. Соған орай сүрлемді (силосный), картопты-жемді (картофельно-концен-тратный), тамыржемісті-жемді (корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды, т.с.с. азықтандыру типтерін ажыратады.Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңіріне ғылыми-зерттеу орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына негізделген типтік азықтандыру рациондарын ұсынады
Калашников А.П. (1985) [5] мағлұматы бойынша азыктағы қоректік заттарға мал тіршілігіне қажетті барлық қосындылар жатады. Азық құрамын зерттегенде олар организмде атқаратын фи-зиологиялық-биохимиялық қызметі бойынша топтастырылатынын жоғарыда айтқан болатынбыз. Олардың ішінде негізгі қоректік заттар ретінде алмасу барысында, яғни ыдырағанда, энергия (жылу) бөлетін шикі протеин, шикі май, шикі жасунық пен азотсыз экстрактивті заттар тобы алынады. Сонымен қатар, бұл қосындылардың ыдырап, алмасуға қатысуына қолайлы жағдай туғызатын азық минералды және биологиялық әсерлі қосындыларын да қоректік заттарға жатқызады.
Менькин В.К. (2004) [6] Организмдегі бүкіл зат алмасуы судың қатысуымен өтеді. Сондықтан да суды да тіршілікте маңызы зор қоректік заттар қатарына жатқызуға болады. Пішенге кептірілген шөп ылғалдылығы 15-17%-дан аспай ол шы-рынды балаусадан қатайған ірі (трубый) азыққа айналады. Дұрыс сақталуы үшін дән ылғалдылығы да осы көлемнен аспауға тиіс. Көкшөп шырынын қыста да сақтау үшін дайындауға кептірмей, шабылғаннан кейін бірден салынған сүрлем ылғалдылығы 70-75%, ал жартылай дегдітіп салған пішендеме ылғалдылығы 45-55% деңгейінде болады. Азықтық тамыртүйнектер ылғалдылығы 80-90% болады
Жазылбеков Н.А., Мырзахметов А.Н., Кинеев М.А., Тореханов А.А., Ашанин А.И., Таджиев К.П. (2005) [7] мағлұматына сүйенсек - қойларды жазғы және қысқы жайылымдыққа күтіп-бағуға мынадай міндеттер қойылады: табиғи және жасанды азықты жайылымды тиісінше тиімді пайдалану, мал басының жақсы қоңдылығына, оның жоғары төлдегіштігі мен жүн өнімділігіне қол жеткізу. Республикамызда қой ұстайтын жайылымдық жерлер көлемі көптеп саналады. Өріс оты мол құрғақ жоталар учаскелері қойды жайып бағуғу өте қолайлы. Еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-шығысында көпжылдық жоңышқа, бетеге, қоңырбас, еркекшөп, әртүрлі жусандар кездеседі. Жусан өсімдігі қойдың асқазан-ішек жолдарының гельминттен арылуына ықпал етеді. Оның үстіне ащы жусанның бойында мыс, кобальт, марганец, магнийй, фосфор, кальций және басқа да организмнің қалыпты қызметіне қажетті минералды элементтер бар. Жайылымдық оты жұпыны, құрғақ далалы аудандарда қойға арнап пішеннен сүрлем дайындауға болады. Жұғымдылығы нашар шөптер өсетін ойпатты, батпақты учаскелерде малдың ауруға шалдығуына себеп болатын түрлі шөптер өседі. Мұндай өріс қой жаюға жарамайды. Қойларды жайылымда күтіп-бағу шығарар алдында тұяқтарының өскен жерлерін қияды, көздері мен құйрығының төңірегіндегі жүнді қырқады. Өріске айдар алдында қойларды ірі азықпен азықтандырады,ас тұзын беріп суарады. Бұл іш өтудің алдын алу үшін қажет, өйткені оның ұзаққа созылуынан қозылар мен еркек қойлардың тірілей массасы азайып, жүні былғанады
Топорова Л.В (2004) [8] мағлұматы бойынша, құрғак жемді мал қорасындағы ауаны тозаңдатып, микробтық ластануын, ал ылғалды азық - ауа ылғалдылығын жоғарылататынын ескеру қажет. Және де берілетін азықтардың белгіленген тәртіппен таратып, тәртібінің бұзылмауын сақтаған жөн. Азыктандыру тәртібінің бұзылуы стресстік фактор ретінде әсер етіп, мал өнімділігін төмендетеді, өнім бірлігіне жұмсалған азық шығынын ұлғайтады. Жаңа азықты да біртіндеп енгізіп, малды үйрету керек. Бүған әсіресе буаз малдың; азықтандыруында абай болу керек. Дұрыс қолданылмаған азық тіпті іш тастатып, ал төлді емізетін бастардың сүт кұрамы өзгертіліп, сол арқылы төлді тышқақтатуы мүмкін. Жана азыққа және де қысқы азықтан жазғы азыққа малдың біртіндеп, 10 -- 15 күнде үйрету кажет. Бұрынғы азықтарды бірте-бірте азайтып, орнына жаңа азықты көбейтеді. Малдың азықтануына сыртқы орта температурасы да әсер етеді. Ыстықта малдың ас қорыту сөлдері аз шығып, ондағы ферменттер азаяды, ас корыту жолының жиырылуы бұзылып, қорытылымы төмендейді. Мұндай кұбылыстар сыртқы ауасында көмірқышқыл газы, аммиак көп жиналғанда орын алады
Петрухин И.В. (1989) [9] дерегіне сүйенсек, мал азығына жұмсалатын жемшөп пен азықтык қосындылардың химиялык, құрамы алуан түрлі болып келеді. Мал организмі күрделі биологиялық құрылым болғандықтан, ондағы қоректену барысында өтетін өзгерістерді, әрине мұндай қарапайым кесте мен бейнелеуге келмейді. Ол өзгерістер сан-алуан болғандықтан, бір жағынан, бір-бірімен тығыз байланыста, ал екінші жағынан, бір-біріне тәуелдіде бір-біріне ықпал етіп өтеді. Сол секілді жемшөп көмірсулары энергияға айналуымен қатар кейбір қосындылар құрылымына да кіреді. Ал жекелеген минералды элементтер көптеген кұрылымдар құрамына (кальций мен магний - сүйектің, фосфор -аденозинфосфатты қышқылдардың, темір-гемоглобиннің, кобальт-цианкобаламиннің, йод-тироксиннің, т. с. с.) тікелей кіруімен қатар организмдегі қышқыл-сілтілік қатынас пен иондық теңдікті, осмостық қысымды калыптастыруға қатысады, микроэлементтер ферменттер функциясын әсерлендіретін коферменттер құрамына кіреді. Өте аз мөлшерде болатын витаминдер зат алмасуының барлық қырын ретгестіру арқылы организм тіршілігі мен өнімділігіне ықпал етеді.
Хохрин С.Н. (2004) [10] айтуынша, биологиялык маңызы анықталған биогендік элементтердін 99,95%-ын көміртегі, сутегі, оттегі, азот, кальций, фосфор, калий, күкірт, натрий, магний, темір, мыс, мырыш, марганец, кобальт, йод, селен, молибден мен вольфрам қүрайды. Бұлардың 98,5% көлеміндегі басым бөлігі алғашқы 6 элементтің, оның ішіңде, 98,0% органогендік 4 элемент -оттегі (70%), көміртегі (18%), сутегі (10%) мен азот үлесіне тиеді. Азық органикалық заты азотты және азотсыз қосындылардан тұрады. Барлық азотты қосындылар шикі протеин аталып, көппептидті белоктық заттармен қоса азықтағы одан тыс кездесетін азотты қосындыларды, атап айтқанда әлі пептидтік қосындыларға енбеген жекелеген аминқыш-қылдарын, аммоний тұздары мен нитрат, нитриттерді біріктіреді. Соңғыларын қысқартып амидтер деп атайды. Азық үлесіндегі жалпы азотты аммиакқа дейін күшті күкірт қышқы-лымен ыдыратып барып байлайтын Кельлал тәсілімен анықтайды да, протеинде орташа есеппен 16% азот болғандықтан 100:16=6,25 коэффициентіне көбейту арқылы протеинге айналдырады. Бірақ пептидтердегі азот мөлшері 15,0-18,4% аралығында ауытқитындықтан, дәлірек есептеу үшін бидай, қара бидай, сұлы мен арпа азотын - 5,83-ке, күнжара мен майлы дәндердікін - 5,9-ға, жүгері, бұршақ тұқымдастар дәні мен ет, жұмыртқанікін - 6,25-ке, сүттікін 6,38-ге көбейтеді
Шумилина И.С. (1986) мағлұматы бойынша жылқының ең құнды азықтандыру жүйесі-ол малдың тәбетін ашумен қатар, жем- шөптің сіңімділігі және тез қорытылуы сол үшін ең бірінші ірі шөппен, содан кейін шырынды, ең соңында құрама жеммен, ал одан кейін тағы ірі шөппен азықтандырған пайдалы. Денесінің ірілігіне қарамай қарынының сиымдылығы небәрі 14-16 л. көлемінде. Сондықтан жылқы бос уақытының бәрін азықтандыруға жұмсайды. Бұл әсіресе қара жұмыс аттары үшін көңіл аударалық жағдай. Өйткені күйісті малдікіндей жеген азығын түпкілікті өңдеуден өткізетін месқарыны болмағандықтан, жылқы жем-шөпті ауызымен мұқият шайнап, мол сілекеймен ылғалдандырып барып жұтатындықтан, азықтандыруға ұзағырық уақыт жұмсайды. Жылқыны азықтандыру кезінде ірі азықтан екінші азыққа көшу жүйесі біртіндеп өтуі тиіс. Ал енді бір азықтан екінші азыққа бірден өтетін болса онда мал азыққа тез үйрене алмайды, осыдан барып малдың ас қорыту жүйесі бұзылады, іші өтеді, ішек қатады, іштің бұрып ауруы мен метеоризм пайда болады.
Беляков,И.М. (2004ж) [11] мағлұматы бойынша ұзақ эволюциялық даму барысында түйе шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Оның организміндегі зат алмасу процесі ерекше болып келуіне байланысты, ол азықты үнемді пайдаланады. Түйе тыныштық жағдайда өзінің тірі салмағының әр бірлігіне жылқыға қарағанда 38% төмен энергия жұмсайды. Сонымен қоса бордақылау кезінде басқа малдармен салыстырғанда азықты аз жейді. Түйенің көк шөпке деген күндік қажеттілігі жайылымның сапасына қарай орта есеппен 24- 27 кг арасында болса, ол жиналған шөпке қажеттілігі 6- 12 кг аралығында. Тірі салмағының 500 кг айналасындағы түйенің тәулік ішінде орта есеппен алғанда рационының құндылығы 4 азықтық бірліктен кем болмауы керек. Ал тірі салмағы 500- 600 кг асатын жұмысқа пайдаланылатын түйелердің азыққа деген тәуліктік нормасы 8- 10 азықтық бірліктен кем болмауы керек. Сауылатын інгендерге 1 кг сүт түзілу үшін азықтың мөлшерін 0,7- 0,8 азықтық бірлікке көбейтеді.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Азықтың химиялық құрамы мен қоректік заттары
Биосфера кабаттарында пайда болатын мал азығы сондағы химиялық элеменггерден құралады. Мал азығының химиялық құрамын зерттеп, талдағанда, ондағы қосыңдылардың жануар қоректенуіндегі және зат алмасуындағы маңызы мен атқаратын қызметі басшылыққа алынады. Осы тұрғыдан алғанда, мал азығындағы қосындылар мен заттар (элементгер) қоректену барысында организмдегі өзіндік бірегей физиологиялық кызмет атқаратын қоректік заттар тобына біріктіріледі. Мал азықтаңдыру ғылымында азық құрамындағы осы қоректік, минералдық және биологиялық әсерлі заттар топтары онын химиялық құрамы ретінде алынады.
Мал азығына жұмсалатын жемшөп пен азықтык қосындылардың химиялык, құрамы алуан түрлі болып келеді.
Мал организмі күрделі биологиялық құрылым болғандықтан, ондағы қоректену барысында өтетін өзгерістерді, әрине мұндай қарапайым кесте мен бейнелеуге келмейді. Ол өзгерістер сан-алуан болғандықтан, бір жағынан, бір-бірімен тығыз байланыста, ал екінші жағынан, бір-біріне тәуелдіде бір-біріне ықпал етіп өтеді.
Сол секілді жемшөп көмірсулары энергияға айналуымен қатар кейбір қосындылар құрылымына да кіреді. Ал жекелеген минералды элементтер көптеген кұрылымдар құрамына (кальций мен магний - сүйектің, фосфор -- аденозинфосфатты қышқылдардың, темір -- гемоглобиннің, кобальт -- цианкобаламиннің, йод -- тироксиннің, т. с. с.) тікелей кіруімен қатар организмдегі қышқыл-сілтілік қатынас пен иондық теңдікті, осмостық қысымды калыптастыруға қатысады, микроэлементтер ферменттер функциясын әсерлендіретін коферменттер құрамына кіреді. Өте аз мөлшерде болатын витаминдер зат алмасуының барлық қырын ретгестіру арқылы организм тіршілігі мен өнімділігіне ықпал етеді.
Мал тіршілігін жан-жақты қамтамасыз етуге қатысатын бүл қоректік заттар топтарын азық үлгісін арнайы зертханалық зерттеулерде келесі жоба бойынша анықтайды
Азық үлгісінің салмағынан су салмағын (не 100-ден су пайызының көлемін) алып, қүрғақ зат салмағын (көлемін) шығарады. Азық қүрғақ заты 500 -- 550°С температурада жанып, яғни ыдырап, жылуға айналатын органикалық және күлде қалатын анорганикалық, яғни минералды заттардан тұрады. Органикалық затқа энергия бөлетін коректік және зат алмасуын реттейтін биологиялық әсерлі (пәрменді) қосындылар кіреді. Олардың құрылымы органикалық С, Н, О, N элементтерден тұрады, ал азық күлін қалған анорганикалық (минералды) элементтер құрайды. Соңғыларының қатарындағы биологиялық тұрғыдан маңызды, яғни биогенді минералды элементтерден мөлшері грамдап өлшенсе, макроэлементтерге, ал милиграмдап өлшенсе, микроэлементтерге жатады.
Биогенді макроэлементтер қатарына бүгінгі күні Са, К, Иа, Р, 5, С1, микроэлементтерге Ғе, Си, Мп, 2п, Со, I кіреді. Жемшөп күліндегі мөлшері едәуір шақпақ тотығы түріндегі кремний инертті (алмасуға қатыс-пайтын) элемент болып табылады. Бүгінгі күндегі зерттеу әдістері жемшөп күлінің құрамында 70-тен астам элементтерді көрсетіп отыр және ол әдістер жетіле келе бұл сан өсе түспек; өйткені биогеохимиялық ілімнің биосфера қабаттарындағы элементтер шашыранды миграциясы өтуі туралы болжамы бойынша, ондағы организмдерде барлық химиялық элементтер болуға тиіс. Әрине, олардың бәрінің тіршіліктік маңызы бірдей емес, көпшілігі тек миграция барысында кездесуі мүмкін. Олардың биологиялық кьізметі әлі де зерттеуді қажет етеді.
Биологиялык маңызы анықталған биогендік элементтердін 99,95%-ын көміртегі, сутегі, оттегі, азот, кальций, фосфор, калий, күкірт, натрий, магний, темір, мыс, мырыш, марганец, кобальт, йод, селен, молибден мен вольфрам қүрайды. Бұлардың 98,5% көлеміндегі басым бөлігі алғашқы 6 элементтің, оның ішіңде, 98,0% органогендік 4 элемент -оттегі (70%), көміртегі (18%), сутегі (10%) мен азот үлесіне тиеді.
Азық органикалық заты азотты және азотсыз қосындылардан тұрады. Барлық азотты қосындылар шикі протеин аталып, көппептидті белоктық заттармен қоса азықтағы одан тыс кездесетін азотты қосындыларды, атап айтқанда әлі пептидтік қосындыларға енбеген жекелеген аминқыш-қылдарын, аммоний тұздары мен нитрат, нитриттерді біріктіреді. Соңғы-ларын қысқартып амидтер деп атайды.
Азық үлесіндегі жалпы азотты аммиакқа дейін күшті күкірт қышқы-лымен ыдыратып барып байлайтын Кельлал тәсілімен анықтайды да, протеинде орташа есеппен 16% азот болғандықтан 100:16=6,25 коэффициентіне көбейту арқылы протеинге айналдырады. Бірақ пептидтердегі азот мөлшері 15,0 -- 18,4% аралығында ауытқитындықтан, дәлірек есептеу үшін бидай, қара бидай, сұлы мен арпа азотын - 5,83-ке, күнжара мен майлы дәндердікін -- 5,9-ға, жүгері, бұршақ тұқымдастар дәні мен ет, жұмыртқанікін -- 6,25-ке, сүттікін 6,38-ге көбейтеді.
Азық үлесіндегі органикалық заттан азотты затты, яғни шикі протеинді алса, шикі май мен көмірсулардан тұратын азотсыз заттары қалады. Шикі май тобына глицерин мен май қышқылдарынан, яғни үшглицеридтерден тұратын бейтарап май болып табылатын липидтермен қоса азық сынамасын органикалық еріткіштермен (эфир, бензин) өңдегенде еріп, экстракцияланатын фосфатидтер, холин, балауыз секілді май тәріздес қосындылар -- липоидтер де кіреді.
Рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы көректілігіне (а.ө. не АЭ бойынша) пайыздық қатынасы рацион құрылымын (структура рациона) айғақтайды. Рацион құрылымындағы басым азық тобы не жеке-леген азық мал азықтандыру типін (тип кормления) белгілейді. Азықтан-дыру типі шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп қорына сәйкестендіріледі.
2.2. Қызылша - қант өндірісінің мал азығына жарамды
қалдықтары
Қант жасаған кезде қант қызылшасынан малға азық болатын қалдықтар -- қызылша сығындысы (жом) мен азықтық сірне (патока) алынады.
Қант заводтарында қызылшаны жұқалап жоңқалап, үлкен ыдыстарға -- диффузорларға салады. Содан соң ол жонқалардан ыстық сумен қантын езіп шығарады, сонда сөл мен сығынды пайда болады. Онан әрі сөлді тазартып, вакуум-аппараттарда қайнату арқылы қант құмшекер болғанға дейін қойылтады.
Қоймалжың жабысқақ малмадан -- утфельден -- центрифугада қантты айырады, одан қалғаны патока (мелясса) болады.
Сонымен, диффузор қалдығы, немесе жом дегеніміз қызылшаның қантын сығып алған сығындысы да, азықтық сірне -- құрамында қиыршықтануы қиын қант қалған қоймалжың қызылша сөлі.
Жомды (сығындыны) үш түрге -- жақа жас күйі, қышқылы (сүрленгені), кепкені деп бөледі.
Жас жомда 93 процентке дейін су болады. Оңдағы құрғақ зат -- негізінен оңай қорытылатын углеводтар.
Бұл азықта А және Д витаминдері болмайды, фосфат пен протеин аз. Қышқыл жомда құрғақ заттар көбірек -- 12 процентке дейін. Онда органикалық қышқылдар да көп, соның арқасында бұл азықты малдар, әсіресе бордақылауға қойылған ірі қара өте сүйсініп жейді.
Бордақылаудағы малға 50 -- 60 кг дейін жас және қышқыл жом береді, сауын сиырларға -- 40 килограмнан асырмайды. Жомды көп беру сүттің сапасын нашарлатып жібереді.
Кепкен жомда 12 процентке дейін су бар. Ол шағын (1кг) мөлшерде престелген кірпіш формасында немесе үгітілген күйде шығарылады. Бұл азық сақтауға, тасуға қолайлы, қоректілігі де айтарлықтай жоғары. Мәселен, 100кг кепкен жомда 85 азық өлшеміне дейін болады, бірақ онда белоктың өте аз екенін айта кету керек. Бұл азықты 3 -- 5 есе суға 6 сағат бойы жібітіп, сосын малға береді. Бұлай істемесе, мал жеген кепкен жом ас қорыту жолында ісініп, бірнеше есе ұлғайып, шанышқақтатуы мүмкін.
Азықтандыру нормасы сауын сиырға -- 4кг, аса сүтті сиырға -- 6 кг дейін. Алдын ала жібітпей-ақ, концентраттарға қосып аз-аздап жегізуге болады.
Сулы азық ретінде жом өте тез бұзылады, сондықтан оны малға дереу жегізу керек. Кейде жомды сүтқышқылды бактериялы таза дақылдар қосып шұңқырда немесе орда сүрлейді. Ол үшін жомды 70 -- 75 процент ылғалдыққа дейін сусыздандырады. Сүрлеудің барлық шарттарын сақтаған жағдайда жомнан жақсы сүрлем алынады.
Азықтық сірнеде немесе меляссада 60 процент шамасында азотсыз экстрактылы заттар болады, олар түгел дерлік қанттың бір өзінен ғана турады. Ондағы су -- 20 процент, шикі протеин -- 9, күл -- 10 процент, күлде сілтілі элементтер -- калий мен натрий басым.
Сірнемен аз мөлшерде ауыл шаруашылық малдарының барлық түрін азықтандыруға болады. Алайда органикалық қышқылдар мен қанттың көп болуына байланысты сірне шектің кілегей қабығын қатты тітіркендіріп, малдың асқазанын бұзуы мүмкін екенін есте ұстау керек. Сондықтаы бұл жемді малға, әсіресе буаздығының екінші жартысындағы аналық малға аз мөлшерде жегізген мақұл.
Ең тиімдісі -- сірнені ірі, балғын азықтарға және жем қоспасына қосып беру. Суға езілген сірнені өте-мөте сабан-топан сияқты азықтар жақсы сіңіреді.
Сірнені пайдаланар алдынан 3 бөлік су, бір бөлік сірне есебінен жылы суға езеді. Мұғіы қою сірне малдың денсаулығына зиянды әсер етпеу үшін әрі сірне ерітіндісінің ірі азықтарға жақсы сіңуі үшін жасайды.
Сұйылған сірнені туралған ірі азықтарға, концентраттар қоспасына құяды, осының арқасында ол азықтарды мал сүйісініп жейтін болады. Сірнені негізінен бордақылаудағы малға, сауын сиырларға, жұмыс аттарына тәулігіне әр малға 1,5 -- 2 кг нормасымен береді. Қойлар мен шошқаларға күніне 0,4 -- 0,5 кг, ірі қара төліне -- тірідей салмағының әр 100 килограмына 0,1 -- 0,2 кг есебімен жегізіледі.
Бордақылаудағы және сауын малдардың рационында қызылша сірнесі карбамидпен ұштастыра пайдаланылады. Солай еткенде рацион бір мезгілде оңай қорытылатын углеводтармен де, протеин көзі болып табылатың азотпен де қоса байытылады.
Сірнеге қосу үшін карбамид ерітіндісін былай әзірлейді. Сірнені 60°-қа дейін ысытып, оның әрбір 9 бөлегінен бір бөлек карбамид қосады. Ерітіндіні мұқият араластырады, сонда карбамид түк қалмай ериді.
Осындай қоспаны бордақылаудағы ірі қараның әр-қайсысына тірідей салмағына қарай, тәулігіне 0,5 -- 1,5 кг есебімен, қойға -- 0,1 килограмға дейін береді.
Қант комбинаттары сірнені кәдімгі мұнай құятын цистерналармен жөнелтеді. Суыған сірнені түсірер кезде паровоздың буымен (цистерналарды темір жол станцияларында босатқан кезде) немесе кез келген шаруашылықтың өзінде істеуге болатын бумен ысытқыш жиналмалы қондырғымен жылытады. Бумен ысытқыш коллектордан және 1,5 дюймді үш бөлек түтіктен тұрады. Түтіктің екі бөлегінің ұзындығы цистерна ұзындығынан екі есе қысқа, ал үшінші бөлегі -- цистернаның диаметріне тең. Осы түтіктерді цистернаның үстіңгі қақпағы арқылы ұзын түтіктер цистернаның түбімен екі жағына орналасатындай, ал қысқа түтіктік тұратындай етіп бекітеді.
Түтіктердің ұштарын ағаш тығынмеи тығындайды немесе пісіріп бекітіп тастайды. Түтіктердің бітелген ұшынан бастап ұзыңдығының бөлегіне дейін бу шығатын тесіктері болуға тиіс. Түтіктердің екінші ұштары бу берілетін коллекторға кигізіледі.
Шаруашылық жағдайында қызылша сірнесін металдан істелген жабық ыдыстарда, ішкі беттері №5 маркалы битуммен беттеулі, цементтелген орлар мен шұңқырларда сақтауға болады. Мұндай ыдыстарда сірне бастапқы қасиеттерін жоғалтпастан ұзақ сақталады.
Суға езілген сірне сақтаған кезде +23°С температурада аши бастайды, бұл оның қоректілігін төмендетуі мүмкін. Жылдың жылы мезгілінде сақталған сірнені ашытпау үшін, оған 5 процент ұнталған ас тұзын (1т азыққа 50кг ұз) қосады. Мұндай сірне қыста қатпайды, сөйтіп оған ыдыстан алу, малға беру жұмысын жеңілдетеді.
Қызылша сірнесі рационның жалпы қоректілігін арттырумен бірге сабан, топан, қамыс және басқа ірі сабақты азықтар секілді құнары кем азықтардың жақсы желінуіне көмектеседі. Бұл рационның қоректілігін едәуір арттырып, жемшөпті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Мал бордақылауға арнайы бейімделген шаруашылықтардың, озат совхоздар мен колхоздардың практикасы рационға қызылша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақтар және микрорганизмдермен зақымданған азықтардың құрамына байланысты жануар организміндегі биологиялық үрдісті талдау. Улы өсімдіктермен уланудан сақтандыру іс-шаралары
Көк азықтармен азықтандыру
Азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандырудың тәжірибесін оқып білу
Азықтардың түрлері
Егіншілікте мал азығын өндіру
Азық құрамы
Жом, күнжара құрамы, құндылығы және әр түрлі малдарды азықтандыру нормасы
Жасыл азық
Мал азықтары жайлы
Шошқа азықтандырудағы В витаминінің маңызы
Пәндер