Дидактикалық ойындар мен жаттығулар арқылы балаларды тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Дидактикалық ойындар мен жаттығулар арқылы балаларды тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
1.1 Баланың тілін дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы ... ... ... ... ... .5
1.2 Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойындағы тілдік мәдениетті қалыптастыру
2.1 Баланың оқуға қызығушылығын аттыра отырып, тілін дамыту ... ... ... ... .17
2.2 Бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда қолданылатын дидактикалық ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып - біледі. Көрген - білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Тіл - баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.
Баланың тілін дамытып, қалыптастыруда ойынның маңызы зор. Ойын технология арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болмақ. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, ұлттық жне шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс.
Ойын дегеніміз не? Ойын қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс - әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесінде кең тараған дамыту ойынның қызметі;
Ойынға тарту, рахаттану, демалдыру, қызығушылығын тудыру.
Ойын арқылы баланың бойында адамгершілік қасиеттерді, өмірге деген құштарлықты қалыптастыруға болады. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойын - балалардың ой өрісін жетілдірумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу тәсілі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Ойын дегеніміз - баланың тілін дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан ойға жетелейтін, тыныс кең, алысқа меңзейтін, қиялға қанат бітіретін нәзік нәрсе. Ұлы педагог В. И. Сухомлинский; Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз, шығармашылықсыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды, - дейді.
Демек, ойын арқылы баланың ақыл - ойы, сөздік қоры толыға түседі. Ойынның тілді дамытуда орны ерекше. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де олар бір - бірімен қарым - қатынасқа түсіп сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір - біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір - бірлерін бақылайды, тәрбиеші тек бағыттаушы болады. Ойын барысында тәрбиешінің рөлі үнемі өзгеріп отырады. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан жөн. Бала рөлде өзін неғұрлым еркін сезінетін болса, соғұрлым қызыға ойнайтын болады. Бастапқы кезде тәрбиешінің балалардың ынта - жігерін бақылағаны жөн. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды. Кейде тәрбиешінің өзі де басты рөлден басқа кез - келген рөлде ойнауына болады. Тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап, оның жұмысына жәрдем беруіне болады.
Зерттеу мақсаты: Балаларға дидактикалық ойын элементтерін үйрету арқылы, ой -- өрісін дамыту және баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелеу әдістерін айқындау.
Зерттеу міндеттері:
- Балалардың сөздік қорларын молайту, жұмыстары;
- Балалардың дидактикалық материалдарды қалыптастыруда ойлау қабілеттерін арттырып, сөйлеу мәдениетін дамыту жұмыстарының ерекшеліктерін анықтау.
- Баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың маңызын анықтау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Баланың тілін дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы
Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей, өзіне ғана түртіп алады да келесі сабақта осындай қателермен жұмыс жасайды. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс, нақты түсіндірілуі қажет. Рөлде ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп (мәселен батырға немесе шешенге), кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді, мақал - мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, халқымыз асыл - маржанын меңгереді. Рөлдік ойындар баланың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ақыл - ойын, дүниетанымын жетілдіруде тиімді нәтиже береді. Драматизациялық ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуға үлкен әсер етеді. Драматизациялық ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құралады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы, драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
1. Шығарманы өзгертпей, түпнұсқасында сахнада қою;
2. Мәтінге шығармашылық өзгерістер енгізіп, сахнада қою.
Драматизациялық ойындардың белгілі, айқын мақсаты бар:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік қарым - қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру;
2. Балаларды сөйлеуге үйрету;
3. Өмірдегі кез - келген оқиға туралы естігенін айтуға және іс - әрекет жүзінде көрсете білуге машықтандыру.
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай кезде баланың қызығушылығы төмендейді. Қандай да болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген дұрыс. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуді үйренеді. Ата - аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен тәрбиелеуде ойын түрлерінің маңызы зор екенін ұмытпаулары қажет.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов: Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған,- деп тегіннен тегін айтпаса керек. Балабақшаларда ұлттық ойындар ұтымды пайдаланылса, онда тәрбиеленушілердің тілін дамытуға, білімге деген құштарлығын арттыруға және қазақ халқының мол мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. Қазақтың белгілі ғалым - ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін, өткен ұрпақтың дәстүрі мен тарихын құрметтеп, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына, сөздік қорының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа, біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігінің, тілдік тәрбиенің негізгі ажырамас бөлшегі деп тұжырымдайды. Тілді дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізгі болуы тиіс, өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана - сезімін кеңейтеді.
Ойын түрлерінің тәрбиелік мәні зор, әрі адам денесінің дамып жетілуіне пайдасы мол. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық процестері, сезімдері мен эмоциялары, ерік-жігер қасиеттері шыңдалады, мінез-құлқы айқындала түседі. Тәрбиешіге бала психолгиясының өзіндік ерешеліктері айқындалып олармен оқу-тәрбие істерін жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану мүмкіншіліктері туады. Бала өзіне жаңалық болып сезілген әр қилы нәрселерге еліктегіш келеді. Осы қасиеттермен бойындағы сезім мен қабілет ерекшеліктерін аңғартады. Мінезінің ұнамсыз жақтары байқалатын тұс та осы. Ұстазға бұл ретте істейтін жұмыс түрлері көп-ақ.
Осылардың ішіндегі дидактикалық ойындардың маңыздылығы жоғары. Бірақ, ескеретін бір нәрсе, маңызды екен деп сабақ мазмұнына үйлеспейтін ойын түрлерінен аулақ болған жөн. Әр ойынның өз реті бар. Әрбір тәрбиеші сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатын сабақ мазмұнына, мақсатына сәйкес таңдап алған жөн. Өйткені ойын балалар үшін қызықты әрекет, іс-қимыл бола отырып, сонымен бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол педагогикалық ізденістің арқасында ғана қуатты құралға айналады.
Тәрбиеші балалар игере алатындай ойынның программалық мазмұнын жоспарлайды.
Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда , Жақсы ойын жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сипаттар тән: мазмұнының тәрбиелік-танымдық құндылығы, ойын барысының дұрыс түсіндірілуі, таңдалып алынған ойын түрлерінің балаларға үйретері мол және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып ойын ережесіне бағыну және соларды басшылыққа ала білуі, ойыншықтар мен ойын материалдарын белгілі бір мақсатқа пайдалану, балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастары және көңіл күйлерінің шат болуы ескеріледі.
Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші баланың жеке басының барлық жағына: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды негізінен ақыл ой, адамгершілік, эстетикалық және дене мүшелерінің дұрыс қалыптастыру мақсаттары үшін пайдаланады. Мазмұны ойлай білуге құрылған ойын процесінде балалардың білімі мен түсінігі айқындалып, тереңдей түседі. Ойын үстінде қайсы бір ролді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетінде көрсетеді. Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты түсініктері дәйексіз болады, тәрбиеші еңбек туралы ұғымдарын кеңейту үшін мазмұнды, тәрбиелік сипаты мол түрлерін таңдап алған жөн. Балалар бәрін білуге құштар, сұрақ көп қояды. Ұстаздың бала меселін қайтармай сол сұрақтарға толық жауап қайтаруы, ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түріп, дұрыс сөйлеуге әдептіліке үйретуі, өзара түсінісулеріне, келісуіне көмектесуі керек.
Демек ойын балалардың алған білімдері түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге өзінше бір белсенді танымдық іс-әрекет формасы болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесіне ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Түптеп келгенде, тәрбие құралдарының басқа түрлері сияқты ойынның да білімділік, тәрбиелік мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне, сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану тәрбиеші ізденісіне, шеберлігіне байланысты. Ол үшін тәрбиеші ойынды пайдалану методикасын да, ойын түрлерін таңдап-талғауға да қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.
Балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс қөзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Заман талабына сай жыл сайын білім беру саласында да көптеген өзгерістер болып жатыр. Оқыту бағдарламасы дамыта оқыту қағидасын ұстанғандықтан , көп мәселе оқулықтың басынан аяғына дейін сәл күрделене түсіп, қайталанып отырады. Оқулық мазмұны баланы дамыту және оқыта отырып тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондықтанда шәкірттерге тиянақты білім беру тәрбиешінің шығармашылық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді.
Жас ұрпаққа саналы білім беруге оқу материалдарын толық меңгерту мақсатында оқытудың жаңа технологиясының бірі балаларға оқу материалдарын ойын арқылы оқыту технологиясын пайдаланған жөн.
Дидактикалық ойындарды сабақта пайдаланғанда арнайы мақсат көздеп, нақты міндеттерді шешу. Ойнатылатын ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Дидактикалық ойындарды сабақта пайдалана отырып, олардың балаға тигізетін мынадай маңыздылықтары бар.
1. Ойын балалардың қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейтеді. Оны бекітіп, нақтылай түседі.
2. Әрбір дидактикалық ойын баланы ойлай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.
3. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын ережелері балаларды ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.
Ана тілінен баланы қызықтыру, ынталандыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, өтілген тақырыпты қорыту мақсатында Алтын қақпа ойынын ойнау. Өткен тақырыпты қалай меңгергенімізді тексеру үшін Алтын қақпа ойынын ойнаймыз. Алтын қақпаға жету үшін балалар алдымызда балалар алдымызда көптеген кедергілер бар. Солардан сүрінбей өту үшін бірінші қола қақпа бар, соны ашумыз керек. Ол үшін мына сөздердің мағынасын түсіндіріп бересіңдер,- деп тапсырманы орындату. Екінші кедергі күміс қақпа. Ол қақпаның тасырмасы сәл күрделене түседі. Бұл тапсырмада тірек схемасын пайдаланады. Олар ойларын жинақтағанда көптеген пікірлер шығады. Сөйтіп күміс қақпаның есігін ашамыз. Алтын қақпаның тапсырмасын орындау үшін Венн диограммасын пайдалану. Онда балалар тапсырманың ортақ пікірін қорытып, алтын қақпаның есігін ашады.
1.2 Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше.
Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Тіл үйренуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі:
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі - Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек.
Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді. Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады.
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:
Жұптық
Топтық
Ұжымдық.
Жұптық оқыту. Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат- екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі- екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі:ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигезеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі.
Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп сабақ өткізу балалар арасындағы қарым- қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез- құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке - дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз- үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеунің бір-бірін үйретуі, оқытуы,адамдардың бірінен - екеуінің үйренуі; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Сабақта балалардың коммуникативтік сөйлеуі ,тіл дамытуы көрнекілік әдісі,ойын әдістер арқылы іске асады.
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады.
Мнемокесте - есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі. К.Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескерсе, былай деп жазады: Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді.
Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау.
2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй - шатыр, қоян - ұзын құлақтар т.б.
3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақтақтарды мазмұндап бер.
Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:
1. Сөздік қорларын байыту.
2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету.
3. Сөйлем, әңгіме құрастыру.
4. Әңгімені құрастыру.
5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу.
6. Тақпақтарды жаттау.
Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беріге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға қонымды болады.
Балаға өзі білген сөздерден және де өткен сабақтардан меңгерген сөздермен кесте бойынша сөз тіркестерін, сөйлемді құрастыруға қызықты. Олар мұны шын көңілдермен орындайды. Мысалы: Менің балабақшам тақырыбын өткен кезде топ, бөлме, ойыншық-сөздерін меңгеретін болсақ, өткен сабақта білетін, әдемі, таза сөздері тағы бар, осыдан бала балабақшам таза, жарық деген сөз тіркесін лезде орындай алады, ал келесі сабақта басқа тақырыпты өткеде, мысалы : Тағамды алатын болсақ, балабақшада тәтті тағамдар бар тағы сол сияқты сөз тіркестерін құрай алады. Осы аталған әдістердің барлығын айналып келгенде бүлдіршіндерге ойын түрінде жеткіземіз. Ойын ең басты элемент болып саналады.
Дидактикалық ойындар - баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойын - күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады (К.А. Покровский).
Ойын - ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты (В.М.Сухомлинский).
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін дидактикалық ойынның рөлі ерекше. Ойын арқылы баланың болашаққа деген көзқарасы қалыптасады. Ойын баланың ой өрісін дамытады,балаларды бірлесіп ойнауға үйретеді. Бірлік түбі-тірлік деп тегін айтылмаған. Бірлесе ойнап отырып, бала қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Балалар ойын арқылы бір-бірлеріне ізеттілік білдіріп осы қасиеттері өмір бойы жалғасады. Ойын баланың жол серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі.
Дидактикалық ойынның түрі: заттық дидактикалық ойын - бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады.
Триз әдісі - түсініктемен қолдана , отырып, жаңа нәрселерді туғызады, ескіні жақсартады, баланы қуанышқа бөлейді. Триз әдісін қолданып бір неше ойындармен қолданамын:
Ойын: Сөз ойла, тез ойла
Мақсаты: өткен сабақта сөздерді қайталау, бекіту.
Шарты: текшедегі суреттер арқылы сөз тіркестерін құрастыру.
Дидактикалық ойын: Жыл мезгілдері
Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Ойын шарты: тақырыпқа сай сурет бойынша жыл мезгілін сипиттап беру.
Дидактикалық ойын: Жемістерді ажырату
Ойын шарты: балаларға тірек сызбалар таратылып беріледі. Олар тақырыпқа сай, белгілерді дұрыс шешіп,жемістерді ажыратып береді және байланыстырып сөйлем құрастыру қажет.
Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.
Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Міндеттері:
- театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
- сөздік қорларын байыту;
- ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;
- кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету.
Әдіс-тәсілдер:
- балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;
- қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;
- қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.);
- ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.
Жұмыстың нәтижесі:
Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:
- балалар тілі дамиды;
- сөздік қорлары толығады;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
- дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
- театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі - қуыршақ театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі.
Театр түрлері:
Қуыршақ театры.
Саусақ театры.
Көлеңке театры.
Ойыншықтар театры.
Саусақ театры: театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі. Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады. Біз балалармен бірге театрландырылған қойылымдар және қысқа ертегілерді пайдаланып ата-аналарға, мектептегі балаларға сахналап бердік.
Осындай жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдана отырып, балалардың көпшілігі жылдың аяғында көмекші сұрақсыз ойыншықтарды, жануарларды, жемістерді дербес байланыстырып айтуға, әңгімелеуге үйренеді. Олардың баяндап әңгімелеулерінің көлемі ұлғайып, толық айтылатыны байқалады.

2.1 Баланың оқуға қызығушылығын аттыра отырып, тілін дамыту
Тіл - қоғамдағы адамдардың бір - бірімен пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы. Таза мәнерлі тіл - бұл ойлау жемісі. Тіл адам баласы қоғамымен бірге туып, өмір сүріп, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұра. Баланы тілдік мәдениетке тәрбиелеуде отбасының, бала - бақшаның қажырлы еңбегі орасан. Бала - бақшада тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі - баланың тілін ұстартып, жақсы сөйлей білуге үйрету.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин атамызда балаларды оқу және оқыту, тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатындығын айта келіп: Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да, еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес - деген болатын. Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі - олардың еліктеу, қиялдау қабілетінің басым болуы. Сол себепті әрбір ата - ана, тәрбиеші баланың қойған сұрақтарына үнемі, дұрыс жауап берулері керек. Баланың тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады.
1. Айналадағы бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс - аяқ, тағам, үй жиһаздарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz