ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ


ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ3
І-БӨЛІМ. ЭТИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК5
1. 1. Этика ұғымы5
1. 2. Этикалық категориялардың ұғымы. 7
ІІ-БӨЛІМ. МОРАЛЬДЫҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ11
2. 1. Моральдың түсінігі және мәні11
2. 2. Моральдың әлеуметтік сипаты. 14
2. 3. Мораль факторлары. 17
ІІІ-ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. 20
1. 1. Құқық ұғымы, белгілері. 20
1. 2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны. 25
ҚОРЫТЫНДЫ30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 31
КІРІСПЕ
Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады. Ол адамзатпен бірге бірігіп этиканы құрайды. Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік мемлекет болған еді. Сондықтан ол Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай екендігіне сенімді болды. Мысалы:Аристотель әрбір осы Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір Полистің мүшесі болу керек деп білді.
Мораль дегеніміздің өзі (латын тілінен mores - қарым-қатынаста көрініс табатын мінез дегенді білдіреді) - адамдардың қоғамға қажетті мінез-құлқының қажеттігін айқындайтын және оның ортақ әлеуметтік нормаларымен реттелетін әлеуметтік сананың бір формасы және оның тәжірибедегі көрінісі. Құқық нормаларынан айырмашылығы мораль нормалары адамдардың сана-сезімінде жазбасыз сақталады, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріледі. Оларды орындамағаны үшін заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Мораль - бұл өзіне үш элементті қамтитын күрделі құбылыс. Бұл элементтер:
- моральдық сана
- Моральдық қызмет;
- Моральдық қарым-қатыныс.
Моральдық санада екі негізгі деңгей ерекшеленеді: ол қоғамдық идеология деңгейі (этикалық теориялар, моральдық нормалар, қағидалар, бағалықтар, нормалар, кодекстер) және қоғамдық психология деңгейі (моральдық сезімдер, салт-дәстүрлер, ғұрыптар, жеке тұлғаның моральдық сапасы, әдеттер) .
Моральдық қызмет - бұл мораль нормаларымен, қағидаларымен және әлеуметтік көзқараспен бағаланатын адамдардың, топтардың, қоғамдастықтардың кез-келген қызметі. Мысалы, соғысып жатқан екі мемлекеттің әрекеттерін алайық, бір мемлекет оны дұрыс деп бағалайды, ал басқалары бұл қатыгездік дұрыс емес бағалайды.
Моральдық қарым-қатынас - бұл адамдар, топтар, кластар, мемлекеттер арасындағы айқындалған, бағаланған қатынас аспектілері. Тұрақтылық деңгейіне қарай екі моральдық қатынастар ерекшеленеді: ұзақ мерзімді қатынастар (бұл әлеуметтік топтар арасында дәстүр бойынша бекітілетін, пайда болатын ұзақ мерзімге белгіленетін қатынастар) және қысқа мерзімді қатынастар (қозғалысты қатынас, яғни нақты жағдайларда адамдар арасында уақытша пайда болатын қатынастар) .
“Құқық” терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтық мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
І-БӨЛІМ. ЭТИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1. Этика ұғымы
Этика - Мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі - Аристотель. Этика деп - этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан. Ол бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:
1. Этикалық ізгіліктер.
2. Дианоэтикалық ізгіліктер.
Этикет адам мен қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы. Этикет адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді, бала күнінен дипломатиялық қатынастардың даналығын сіңіріп өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болып қалуы мүмкін. Бірақта осындай адамның мәдениетті, тәрбиелі болуы екіталай. Өзге адамдарға деген шынайы силастықтың сыртқы көрінісінде, адамның өзіндік абыройына, көмекке әзірлігі, қолдаушылық сияқты мінез - құлықтық мазмұнға ие болғанда өзін - өзі ұстаудың сыртқы нысаны шынайы мәдениеттің элементі мен көрсеткіші болып табылады.
Адамның өзін - өзі ұстауында сыртқы және ішкі бірлігі екі жарым мың жыл бұрын «мінез - құлықтың алтын ережесінде», «Басқалардың өзіңе қандай қарым - қатынаста болсын десең, басқаларға да сондай қарым - қатынаста бол» дегенді білдіреді. Біз бұл қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы «Махабхараттан» және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік абыройын сезіну адамның өзін - өзі бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты әдептілік, шынайылылық, табиғилық, ілтипаттылық (этиканың маңызды кредосы) қарым - қатынастағы мәнерлілік пен жалғандылықты айыптайтын этиканың маңызды кредосы.
Көбінесе қазіргі заманғы этиканың мінез - құлықтық шарттастығы жақсы мәнер мен өзін - өзі ұстау ережелерін зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік топтардың назымен қалыптасқан жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін - өзі құрметтеуге, басқа адамдардың қадірлеуі мен тануы, қарым - қатынас пен бауырмалдылықты әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы және адами ету болып табылады. Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм ұғымы келмеске кеткен сияқты.
Қазіргі заманғы жеке әлеуметтік топтардың кәсіби ерекшеліктері мен қоғамның кейбір өмірлік қызметінің аясындағы кәсібилік сияқты өмірлік жағдайлардың ерекшелікреімен айқындалатын этикеттің әртүрлі нысандары. Сондықтан, бүгінгі күні этикетті кәсіби, қызметтік, ғылыми, медициналық, дипломатиялық және т. б. түрлерге бөледі.
Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық, батылдық, шыншылдық.
Ал Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар болып есептеледі:Ақыл мен парасат.
Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады. Ол адамзатпен бірге бірігіп этиканы құрайды.
Адамгершілік - адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым - қатынаста болатын қабілеті. Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.
Ал мораль өзінің мәні жағынан жеке тұлғамен қауымның адам мен азаматтың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы.
Этика ғылым ретінде ежелгі Грецияда қалыптасқан. Этиканың негізгі элементтері Платонның, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Этика Грек тілінен аударғанда «Әдеп» дегенді білдіреді.
Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік мемлекет болған еді. Сондықтан ол Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай екендігіне сенімді болды. Мысалы:Аристотель әрбір осы Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір Полистің мүшесі болу керек деп білді.
Полистің мүшесі емес құлдарды ол адам қатарына қосқан жоқ еді.
Аристотель Этикасында «Құбатөбел», немесе «Алтын орта» ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өиткені Аристотельдің айтуынша екі шеткі күйлердің ортасын таба білгенде ғана адам ізгілікке жетеді - деген екен. Мысалы: Жомарттық малшашпақ пен дүниеқоңыздықтың орта шені, Батылдық, Көзсіз батылдықпен Қоянжүрек қорқақтықтың дәл ортасы.
Жалпы Антикалық этикаға байланысты оған тиесілі ең негізгі 3-мұрат бар.
1. Адам мен Полис бірлігі.
2. Адамның құдіретіне өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейліншесену.
3. Эвдомоманы яғни бақытты адам мұраттарының ең биік шыңы деп тану. Қазіргі этика адамзат тарихының ежелгі кезеңімен өте тыгыз байланысты. Қазіргі кезде этиканың ең басты пәні Мораль. Ол күнделікті этикетпен тығыз байланысты.
Көптеген философиялық, теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Олар: Достық, Махабат, Жомарттық, ізгілікпен пен зұлымдық, ұят, абырой, парыз, Әділеттілік бақыт.
Қазіргі нарықтық эканомика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп - нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады. Іскерліктің маңызды ұстанымына Сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды.
Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.
Әдеп - қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады. Әдеп амандасудан басталады. Қазіргі кездегі этика халықаралық қарым-қатынаста ереже ретінде кең қолданылады. Мысалы Мемлекет және Үкімет басшылары, Министрлер, Елшілер кездесу өткізгенде белгілі-бір әдеп ережелерін сақтай отырып кездесу жүргізеді. Қазіргі кезде дін, құқық, өнер сияқты Моральда қоғамдық сананың бір формасына айналды. Көптеген ерекшеліктермен қатар Мораль басқа қоғамдық сана формасымен тығыз байланыста дамиды. Қазіргі біздің қоғамда Этика дін мен де тығыз байланысты. Мысалы: Исламның этикалық тұрғыдан қарастырған өлшемдері Мораль нормаларына да қатысы бар. Өйткені Ислам діні қазіргі кезде әділеттілікті, бейбітшілікті кеңінен марапаттайды.
Қазіргі этика күнделікті адамдар арасында кеңінен этикет түрінде қолданылады. Құқық қорғау органының жалпы, ерекше және бөлек диалектикасының мәні нормалар мен қағидалардан тұрады. Кейбір қызметтерге бөлек нормалар тән. Мораль тарихи, әлеуметтік және кәсіптік сипатқа тән. Мәңгі этика болмайды, олар бір дәуірден екінші дәуірге ауысып отырады.
Кәсіптік этиканың негізгі қызметі болып, маманды тұлға ретінде қалыптастыру және т. б. Құқық қорғау органдары қызметкелрінің нормативтік-құқықтық қамсыздандырылуы. Бүгінгі таңда заң шығарушы құқық қорғау органдарының қызметкерінің этикасында нормативті-құқықтық базасын енгізді. Олардың ішінде: мемлекеттік қызметкерлерінің кәсіби этика ережесі, Сот этикасы туралы Кодекс және т. б.
1. 2. Этикалық категориялардың ұғымы.
Барлық ғылым түрлеріндегі сияқты этикада да бірқатар катсгориялар бар. Категориялар заңдармен, қағидалармен, әдістермен 6ipire отырып, кез-келген ғылымның мазмұнының нёпізін құрайды. "Категория" сезінің өзі грек тілінен шыққан. Ол арқылы шынайы өмірдің маңызды жақтарын көрсетін мейлінше жалпы түсініктер сипатталады. Ол - адам танымының өзекті пунктерi. Этика категориялары - моральдың ең маңызды жақтары мен тұстарын керсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер. Этика категориялары адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өміp сүрді. Олар - рухани, идеалды тәртіптің құрылымдары, болмысгың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген. теориялық білімдер жиынтьғы
Сонымен қатар, моральдық құбылыстардың көрінісі табуы тек теориялық деңгейінде ғана жүзеге асырылмайтындығын ескеру қажет. Олар нақты сезімдер, көзқарастар, арман-тілектер және т. б. түрде қарапайым сананың деңңгейінде де көрінісс табады. Жоғарыда аталған екі денгейінде де, көрініс тапкан элементтер бірдей сөздермен сипатталады. Мысалы, борыш категориясы бар екені белгілі сонымен қатар жеке тұлғапын борыш туралы көзқарасы да бар. Этикалық категориялар туралы сөз қозғайотырып олардың ғылымның кейбір "қыметтік функцияларын. Бішіден, олар қоғамдыққатынастардың ретіндегі танудыңтаусылмас баспалдақары. Екіншіден, олар танымның дербес құралы болып табылады. Үшшншіден, этика кагориялары - моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәнннен екінші тәртіптегі мәнге және т. б. дамуының, қозғалысының нысыны.
Басқа ғылымдардың категорияларына тән белгілерді, қасиеттерді иеленгенімен, этикалық категориялардың өзіне ғана тән бірқатар ерекшеліктері де бар. Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың адамдардың жүріс -тұрысымен, олардың жакысылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес 6ip-6ipiнe, қоғамга, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді. Алайда, мұндай жағдайларда олар әркашан таза күйде көрініс таппауы да мүмкін, ce6e6i, кейбір кездерде олар басқа ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол категориялардың адамгершілік аспектілерін ашып керсегеді.
Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық сипатка ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жаксылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін адал, тәртіп, әділ, жауапкершілі мол адам және т. б.
Үшіншіден, олар адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-қатынастарын реггеу құралы болып табылады, қоғамның адамгерішілік талаптарын керсетеді. Төртіншіден, басқа да адамгершілікк құрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т. б. сияқты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.
Бесіншіден, этика категорияларында, басқа ғылымдардьң категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қоғамдық қатынастардьң эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан.
Этиканың категориялары бip-бipiмен тығыз байланыстытықта болғаны соншалық, олар бip-бірінің, мазмұнын ашады. Яғни белгілі 6ip этикалық категориянын мазмұнын екінші 6ip этикалық категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы абырой категориясын жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, ержүректілік және т. б. категория оларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, қайраттылық және т. б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгештік және т. б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес. Жоғарыда аталған үш топтық категорияларын жеке-жеке талдауға тырысып көрелік. Бірінші топ - моральдық сана категориялары. Оларға мыналар жатады: моральдық кағида, моральдық норма, моральдық немесе этикалық категория, моральдық сешм. адамгершілік мақсат, моральдық тацдау және т. б.
Heгізгі этикалық категориялардың барлығын моральдық сана категориялары деп те атауға болады. ceбe6i, олар моральдың қандай жағын көрсетсе де солардың барлығы моральдық санада тіркеледі. Моральдық сананың мәнді категориялары: қайырымдылық, зұлымдық, борыш, абырой, ар-ождан және т. б. категориялар жүйeciндe орталық, орынды иеленген, бірақ, оларды адамгершілік қарым-қатынастар мен моральдық тәжірибеден бөліп қарастыруға болмайды, ce6e6i, мундай жагдайда олар ездершщ непздершен айырылады да, бос абстракцияларға айналады. қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіз туралы жай, өмірден тыс әңгімелердің ешбір мәні жоқ. Kерісінше, олар демагогияға, немқұрайдылыққаәкелуі мүмкін. Ал егер моральдық сана категориялары шынайы қатынастар мен әрекетгерді көрсетін, оларға белсенді түрде әсар етсе, он да олардьң маңызы да артатыны сөзсіз. Екінші топ категориялары - бұл адамгершілік қатынастар категориялары. Оларға мыналарды жатқызуды болады: адамгершілік өзара әрекеттер, адамгершілік шиеллініс, моральдық бедел және т. б. ӨЗінің функционалдық ролі бойынша адамгершілік қатынастар моральдық субъектiлердің өзара қарым-қаты-настарыньң көрінісі болып табылады. Бұл қатынастардьң адамгершілік деп бағалануының ce6e6i мынада: олар достық, қастық, cepiтестік, ceнім, сыйластық. екіжүзілік және т. б. моральдық бағалаулармен сипатгалады. Үшінші топ категориялары - бұл моральдық тәжірибе немесе функционалдық-жүріс-тұрыс категориялары. Оларда тұлғаның белгілі 6ip моральдық қасиеттерді тәжірибеде, күнделікті өмірде жүзеге асыру үрісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына мыналар жатады: моральдық (немесе моральға қайшы) әрекет, моральдық салдар мен санкциялар. Олар арқылы моральдық борыш, абырой, батырлық немесе қорқақтық, әділдік немесе әділетсіздік, адалдық немесе сатқындық, кеңпейілділік немесе жауыздық және т. б. адамгершілік сана категориялары көрінісі табады. Бұл топ категорияларында моральдың адамдар арасындағы қатынастарды реттеуші ретіндегі мақсаты ашылады.
Этикалық категориялардың ерекшеліктерін, түрлерін және мәнін қарастырудьң теорияльқ қана емес. жалпыәдістемелік те маңызы өте зор. Оларсыз кәсіби-этикалық категорияларды талдау мүмкін емес, ce6e6i, олар жалпы этика категорияларының нақтыландырушысы болып табылады. Бұл категориялардың сандық ауқымы өте кең, сондыктан да, 6iз олардың ішіндегі маңыздыларына ғана тоқталамыз, ce6e6i, құқыққорғау қызметкерлерінің қызметінде олардың алатын орны ерекше.
ІІ-БӨЛІМ. МОРАЛЬДЫҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ
2. 1. Моральдың түсінігі және мәні
Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүруінің әр түрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Қоғамдық қатынастарды реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асады, ол нормалар өз кезегінде, әлеуметтік және техникалық болып бөлінеді. Ал әлеуметтік нормаларға құқықтық, мораль, діни, саяси, эстетикалық, әдет, корпоративтік нормалар жатады. Мораль нормалары дегеніміз - бұл жамандық пен жақсылық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан адамдардың мінез-құлықтарын реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Ал мораль дегеніміздің өзі (латын тілінен mores - қарым-қатынаста көрініс табатын мінез дегенді білдіреді) - адамдардың қоғамға қажетті мінез-құлқының қажеттігін айқындайтын және оның ортақ әлеуметтік нормаларымен реттелетін әлеуметтік сананың бір формасы және оның тәжірибедегі көрінісі. Құқық нормаларынан айырмашылығы мораль нормалары адамдардың сана-сезімінде жазбасыз сақталады, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріледі. Оларды орындамағаны үшін заңды жауапкершілікке тартылмайды. Мораль нормалары мемлекет пайда болғанға дейін пайда болған, ал құқық нормалары менмлекетпен бірге пайда болған, сондай-ақ мораль нормаларының құрамы күрделі, кең мазмұнмен сипатталады және қоғамдық пікірмен немесе үйреншілікпен қамтамасыз етіледі. Мораль нормалары кез-келген қоғамда болады және адамдардың кез-келген тәртібі жан-жақты бағаланады. Мораль нормалары қоғамдық санада, әдет-ғұрып, салт-дәстүр түрінде көрініс табады. Мораль нормалары көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Мораль нормалары арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.
Мораль - бұл өзіне үш элементті қамтитын күрделі құбылыс. Бұл элементтер:
- моральдық сана
- Моральдық қызмет;
- Моральдық қарым-қатыныс.
Моральдық сана - жекелеген тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және бүкіл қоғамның көзқарастарын, пікірлерін және мінез-құлықтарын нормалармен бағалау қызметін атқаратын қоғамдық сананың бір формасы.
Моральдық санада екі негізгі деңгей ерекшеленеді: ол қоғамдық идеология деңгейі (этикалық теориялар, моральдық нормалар, қағидалар, бағалықтар, нормалар, кодекстер) және қоғамдық психология деңгейі (моральдық сезімдер, салт-дәстүрлер, ғұрыптар, жеке тұлғаның моральдық сапасы, әдеттер) .
Моральдық қызмет - бұл мораль нормаларымен, қағидаларымен және әлеуметтік көзқараспен бағаланатын адамдардың, топтардың, қоғамдастықтардың кез-келген қызметі. Мысалы, соғысып жатқан екі мемлекеттің әрекеттерін алайық, бір мемлекет оны дұрыс деп бағалайды, ал басқалары бұл қатыгездік дұрыс емес бағалайды.
Моральдық қарым-қатынас - бұл адамдар, топтар, кластар, мемлекеттер арасындағы айқындалған, бағаланған қатынас аспектілері. Тұрақтылық деңгейіне қарай екі моральдық қатынастар ерекшеленеді: ұзақ мерзімді қатынастар (бұл әлеуметтік топтар арасында дәстүр бойынша бекітілетін, пайда болатын ұзақ мерзімге белгіленетін қатынастар) және қысқа мерзімді қатынастар (қозғалысты қатынас, яғни нақты жағдайларда адамдар арасында уақытша пайда болатын қатынастар) .
Моральдың бұл үш элементтері бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді, оларды тек теориялық түрде ғана бөліп қарастыруға болады. Моральдың қоғамдағы қызметі, функциялары мыналар болып табылады: Реттеушілік қызметі, мораль нормалары адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отырады, бірақ құқық нормалары сияқты толық реттемесе де, оны толықтырып отырады.
Бағалау (аксиологиялық) қызметі, адамдардың, топтардың арасындағы қатынастар мораль нормалары арқылы жақсы немесе жаман, қажетті немесе қажетсіз мінез - құлық деп бағаланады.
Бағыттау қызметі, яғни адамдарды, топтарды, қоғамды дұрыс жолға, жақсы жаққа бағыттап, итермелейді. Дәлелдеу (мотивациялық) қызметі, мотив немесе мотивация моральдық немесе аморальдық, жақсы немесе жаман екенін айқындайды. Танымдық (ақпараттық) қызметі, яғни ортақ этикалық білімдер: қағидалар, нормалар, кодекстер, ақпараттар беру арқылы әртүрлі жағдайларда, конфликт жағдайында және төтенше жағдайларда моральдық тұрғыдан дұрыс шешім жасауға көмектесу, жәрдемдесу.
Тәрбиелік қызметі, қоғамды мораль нормалары арқылы тәрбиелеу болып табылады.
Коммуникативтік қызметі, бұл ең негізгі қызметтерінің бірі болып табылады, мысалы, үлкен кемелерде, ұшақтарда және тез қоғзалатын обьектілерде арнайы құрылғыларда орнатылады, олар сәйкесінше келіп түскен сигналдарға “мен өзіміздікімін” деп жауап қайтарады, сол сияқты мораль құндылықтарының да жүйесі сондай қасиетке, қызметке ие.
Идеологиялық қызмет, яғни бұл қызмет арқылы кез-келген қоғамдар, адамдар арасында нақты бір бағыт, мақсат көздеуге жәрдемдесуі. Дүниетанымдық қызметі, моральдың құндылық жүйесі арқылы адамдар арасында саяси, діни, эстетикалық, философиялық және басқа көзқарастар қалыптастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz