Педагогикалық технология туралы түсінік


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе

Педагогикалық технология туралы түсінік

Негізгі бөлім

1. Модульді оқыту жүйесі және оның мақсаты

2. Модульді оқытудың бағдарламасы, оның құрылымы

3. Модульдік технология үлгісіндегі сабақтар

3. 1. Оттек топшасы. 9 сынып (7 сағат)

3. 2. «Сутек» 8 сынып (5 сағат)

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер .

Кіріспе

Педагогикалық технология туралы түсінік

XXI ғасырға аяқ басқан бүгінгі Қазақстан халқы тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңарулар тұсында жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін жақсы түсініп отыр.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік саяси және жаңа техналогиялық өзгерістерден ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы ақпанындағы халыққа жолдауында Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуі тиіс. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз, - делінген . Заман талабына сай мектептерде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жақсарту - білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Осы заманғы білім берудін стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін сезіне алатын өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты тұлғаны оқытумен тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғарыдағы мақсаттарға мектепте білім берудін Отандық және әлемдік тәжірибелерінде қалыптасып, өз қызметін оң атқарып келе жатқан білім мазмұнының негізгі құрылымын, жобасын жүзеге асуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар арқылы жету көзделеді.

Соңғы кездерде “педагоггикалық технология” жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жанашылдықпен дамытуды жалғастыруда. “Педагогикалық технология” деген терминді 1960 жылы шетел зерттеушілері енгізді. Ғылымға енген “педагогикалық технологиялық” ұғымына әртүрлі түсініктер берілген . Мысалы: педагог ғалым В. Беспалько өзінің “Слогаемые педагогической технология” деген еңбегінде былай дейді : “педагогикалық технология ”дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс - тәсілдер оның құрамды бөлігі.

Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудын, педагогикалық жүйелердін тиімділігі жөнінде жаңа мақсаттар қоюдын тұтас үрдісін айтамыз (С. Сполдинг 1969 ж. ) .

Бұрынғы дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу жаңа көзқарастар ерекшеленіп, талданып басқа түрлері обьект ретінде емес, оның дамушы тұлға ретіндегі қоғамды өзгертуші субьект ретіндегі мойындалып отыр. Технология-бұл жерде оқушымен мұғалім арасындағы қарым-қатынастын жүйелі алгоритімі ретінде қарастырылғаны жөн. Технологияны жүйелі ойды алгоритімдеу құралы ретінде қарастыру оқытудын жаңа үлгілерін әр мұғалім өзінің ойлау дәрежесі мен алдындағы оқушысының даму деңгейіне қарай түрлендіруіне толық мүмкіндік береді. Білім мазмұнын кеңейту мен оқытудың үлгілерімен айналысу еңбектеріне талдау жасайтын болсақ, Қазақстан жеріндегі педагогикалық технологияның бірнеше түрлерін жіктеуге болады. Соның бірі - модульдік технология.

Модульді оқыту жүйесі және оның мақсаты

Мектепте, жоғарғы оқу орнында сапалы оқу бағытын айқындайтын жаңа жолдарының бірі-пәндерді модульдік технология арқылы оқыту икемдігі теориялық және тәжірибелік жағынан дәлелденуде. Бұл мәселені ғалымдар Дж. Рассель, П. Юцявичене, Р. Бекирова, Г. Лаврентьева және Н. Лаврентьева, М. Жанпеисова, К. Жаксылыкова, Е. Туяков, т. б. дәлелдеп келеді.

Модельді оқыту 1960 жылдың аяғына қарай шетелдер де (АҚШ-та) дәстүрлі оқудың бір варианты, бағыты ретінде пайда болды.

Американ ғалымы I. N. Posltenwait оқу материалының (бір варианты, бағыты) мазмұнын аз порциямен (единицамен) дербес тақырыптарымен беруді ұсынды. Алғашқыда ғалым бұл единицаны «модуль», “модульді оқыту” болып қалыптасты. Модульді оқытудың негізі салушылардың бірі - I. D. Pussel мұны оқу материалының бір единицамен қамтитын «оқу пакеті» деп атады. Модельді оқыту жүйесі ең алғаш рет Литваның, Вильнюстың жоғарғы оқу орындарында оқу үрдісіне еңгізілді. Модельді зерттеп оқу үрдісіне еңгізудің ғылыми мектебінің негізін салу П. Юцявичене. Ғалымның «Теоритические основы модульного обучения» атты ғылыми еңбегі модульді оқытудың методикалық негізін салудағы принциптері ең алғашқы, іргелі зерттеу болып есептелінеді. «Модуль» латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Сонымен қатар - модуль дегеніміз ірі блок, бөлінген, яғни оқу материалын бөлшекке, блоктарға бөліп беру. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуды. Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім беру, парадигмасына сүйене отырып, педагогика ғылымының кандидаты М. М. Жанпейісова модульді оқыту технологиясының өзіндік нұсқасын жасады . Мұның бірқатар ерекшеліктері бар.

Біріншіден, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаның танымдық жағдайы арқылы дамытуға, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады.

Екіншіден, оқу процесін мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім сапасын арттыруға оқу материалын барлық оқушылардың толық меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Үшіншіден, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Модуль жүйесін оқу үрдісін енгізудің мақсаты:

-Оқытудың тиімді жолдарын қатыстыру, пән мазмұнын тереңірек меңгерту;

-оқушының белсенділігін туғызу, пәнге қызықтыру;

-тұлғаның кәсіби біліктілігін көтеру;

-білім алушылардың өз бетімен іздену қабілетін қалыптастыру.

Модульді оқытудың бағдарламасы, құрылымы

Модульді оқытудың негізгі құрамы модуль бағдарламасы. Дұрыс құрылған бағдарлама модульді оқытудың нәтижелі болуының негізгі шарты.

Сондықтанда модульді оқытудың негізгі алғашқы кезеңі модуль бағдарламасын дайындаудан басталады. Оқу модуль үш құрылымды бөліктен тұрады:

1. Кіріспе бөлімі (модульге тақырыпқа енгізу )

2. Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

3. Қорытынды бөлімнен тұрады.

Әрбір оқу модульінің сағат саны әр түрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. 7-12 сағаттан тұратын оқу модульі неғұрлым тиімді.

Оқу мазмұнына “өсу бағыта мен қарапайымнан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденістерге қарай” біршама мәрте қайта оралу әрбір оқушының оқу материалын қарапайым білім деңгейімен, білімді бағалау деңгейіне меңгеруіне мүмкіндік береді.

Кіріспе бөлімінде мұғалім:

1. Оқушының оқу модульінің жалпы құрылымы мен және жоспарымен таныстырады.

2. Оқушының осы модульіндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.

3. Тірек сызбаларға сүйене отырып, модульдік тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын түсіндіреді.

Сөйлесу бөлімінде оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап бекіту үшін оның әрбір сабақты жеке бөліктерімен берілетінің мұнда тұтас тараудың мазмұны беріледі.

Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш деңгейдегі - қарапайым, орташа, күрделі тапсырмалар етіп дайындайды.

Сондай-ақ сөйлесу бөліміндегі негізгі қағидалар:

-оқу материалын оқып үйренудегі және танудағы біртұтастық.

-өспелі үлгермелі бағытымен оқып үйрену .

-қайта оралу (7 ретке дейін ) ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтап, білім деңгейіне жеткізу үшін оған саналы түрде оралу.

Танымдық әрекеттерін ұйымдастыру сұхбаттық қарым - қатынастар оқушылардың бір-біріне әсері, ой түрткісі бірлескен жұмыстың алға қойған міндеттерді толық шешуіне мүмкіндігі болады.

Бұл бөлімнің ерекшеліктері:

  • оқыту мен үйрену (дамытушылық)
  • проблемалық ізденушілік, зерттеу арқылы оқыту мен репродуктивті оқытуды үйлестіру.
  • Сөйлесу арқылы оқушыдардың қарым - қатынасы мен белсенділігін арттыру.

Сөйлесу бөлімінде оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған жөн. Сонымен қатар модульді оқытудың сөйлесу бөлімінде оқыта үйрету ойындары пайдаланылады.

Оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоция алып қанағаттанады. Оқу үрдісін жандандыру мақсатында ойын арқылы ерекше орын алады. Бұл бөлімде қай ойынды қай кезенде пайдалануға көңіл бөлу керек.

Сөйлесу бөлімінің жұмысын ұйымдастырудағы формалары мыналар:

  • топтық, жұптық, ұжымдық және оның формалары.
  • Семинар, конференция, диспут, топтық, дискуссия.

Ал, диспут, топтық, пікірталас сабағын өткізу сөйлесу бөлімінің соңғы сабақтарында іске асырудың тиімділігі жоғары. Себебі, оқушы тақырыпты толық игереді, қосымша деректер жинауға мүмкіндігі болады.

Қорытынды бөлімінде оқушылар өз қызметін талдайды, яғни баға алады, оқушының танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды.

Оқу модульінің қорытынды бөлімінде бақылаудың бірнеше түрлерін енгізуге болады. Бірінші түрі - тест, екінші түрі - сынақ. Бақылаудың бұл негізгі екі түрінен басқа бақылау жұмысы, диктант, семинар, оқу конференциясын жүргізуге болады. М. М. Жанпейісова қабылдаған жаңа парадигма бірінші орынға оқушының білімін, оның тұлғасын білім арқылы дамуын қойып отыр. Осы технологиямен жұмыс істеген әрбір оқушы кез - келген материалды талдай білуге, материалды топтай отырып, қорытындылай немесе түйіндей алуға, ең негізгісі мен маңыздысын ажырата алады.

Модульдік технология үлгісіндегі сабақтар

9 - сыныпта “оттек топшасы” тарауына 7 сағат берілген, сол тарау материалдарын өткенде оқушыларды IV деңгейге бөліп оқыттым.

№1 модуль.

9 - сынып. Оттек топшасы 7 сағат.

Бөлімі.: Бөлімі.
Сабақ саны.: Сабақ саны.
Сабақтын мазмүны.: Сабақтын мазмүны.
Уақыты.: Уақыты.
Бөлімі.: Кіріспе
Сабақ саны.: 1-сабақ
Сабақтын мазмүны.:

1. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны.

2. Оттек топшасының химиялық элементтері.

3. Жай заттардың құрылысы. Аллотропия.

4. Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма.

Уақыты.:

10 мин

15 мин

10 мин

10 мин

Бөлімі.:
Сабақ саны.: 2- сабақ
Сабақтын мазмүны.:

1. Табиғаттағы күкірт және оны алу.

2. Күкірттін физикалық және химиялық қасиеттері.

3. Күкірттін қолданылуы.

4. Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма.

Уақыты.:

10 мин

20 мин

5 мин

10 мин

Бөлімі.:
Сабақ саны.: 3- сабақ
Сабақтын мазмүны.:

1. Күкірт қышқылы.

2. Күкірт қышқылының қолданылуы.

3. Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма.

Уақыты.:

20 мин

15 мин

10 мин

Бөлімі.: Диалог
Сабақ саны.: 4-ші сабақ
Сабақтын мазмүны.: «Қарлы кесек» ойыны.
Уақыты.: 45 мин
Бөлімі.: 5-ші сабақ
Сабақ саны.:
  1. №2 практикалық жұмыс.
  2. Зертханалық тәжірибелер
  3. Әр оқушыға жеке тапсырма.
Сабақтын мазмүны.:

20 мин

15 мин

10 мин

Бөлімі.: 6-ші сабақ
Сабақ саны.:

Химия есептері жинағын есптер шығару.

Сабақтын мазмүны.: 45 мин
Бөлімі.: Қорытынды
Сабақ саны.: 7-сабақ
Сабақтын мазмүны.:

1. Әр оқушыға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы бақылау жұмысы.

2. Тест.

Уақыты.:

30 мин.

15 мин.

“Оттек топшасы ” тарауында оқушыларға мынадай тапсырмалар беремін.

Бірінші сабақ.

  1. тапсырма. Құрылыс сызбанұсқасын жазыңыздар.
Химиялық таңбасы: Химиялық таңбасы
Электрондық формула: Электрондық формула
Электрондардың орбитальдарда таралып орналасуы.: Электрондардың орбитальдарда таралып орналасуы.
Химиялық таңбасы:

O

S

Электрондық формула:
Электрондардың орбитальдарда таралып орналасуы.:
  1. тапсырма. Мына формулалардағы оттектің валенттігін көрсетіңіздер.

H 2 O H 2 O 2

3-тапсырма.

А) Озонды . . . деп аталатын құралда алады.

Ә) Бір ғана химиялық элемент бірнеше жай зат түзе алатын құбылыс . . . деп аталады.

Б) Оттектің түр өзгерістері: а) . . .

ә) . . .

В) Оттектің периодтық кестедегі орны . . .

Екінші сабақ.

  1. тапсырма.

Сұрақты оқып, дұрыс жауапты орнына қойыңыздар.

№:
Сұрақ: Сұрақ
:
Жауап.: Жауап.
№:

1.

2.

3.

4.

5.

Сұрақ:

Қорғасын жылтыры.

Ащы тұз.

Ғаныш.

Пирит.

Миробилист.

:

А

Б

В

Г

Д

Жауап.:

FeS 2

Na 2 SO 4 *10H 2 O

MgSO 4 *7H 2 O

PbS

CaSO 4 *2H 2 O

1. 4.

  1. 5.

2 - тапсырма.

А) Күкірт . . . түсті, . . . зат.

Ә) Күкірт суда . . .

Б) Кендерді байыту әдісі . . . деп аталады.

В) Күкірттің аллотропиялық түр өзгерісі: 1) . . .

2) . . .

3 - тапсырма.

Күкірттің химиялық қасиеттері. Күкірттің мына заттармен әрекеттесуінің реакция тендеуін жазыңыздар.

Металдармен: Металдармен
Сутекпен: Сутекпен
Оттекпен: Оттекпен
Металдармен:
Сутекпен:
Оттекпен:

4 - тапсырма.

Күкірт не үшін қолданылады? Сызба нұсқаны толтырыңыздар.

S

Үшінші сабақ.

1 - тапсырма.

Күкірт қышқылы туралы не білесіздер?

Сұрақ: Сұрақ
Жауап: Жауап
Сұрақ:
  1. Күкірт қышқылының электрондық формуласы.
  2. Күкірт қышқылының құрылымдық формуласы.
  3. Күкірт қышқылының физикалық қасиеті.
  4. Су мен күкірт қышқылын қалай араластырады?
Жауап:
  1. тапсырма.

А) Судағы ерітінділері . . . өзгертеді.

ә) Концентрлі күкіртқышқылы сумен қуатты әрекеттесіп, . . . түзеді.

  1. тапсырма.

Мына теңдеулерді аяқтап жазыңыздар.

1. H 2 O+MgO 3. AL+H 2 SO 4

2. H 2 SO 4 +KOH

  1. тапсырма.

Күкірт қышқылы тұздарының формуласын жазыңыздар:

А) Натрий сульфаты . . .

Ә) Натрий гидросульфаты . . .

  1. тапсырма.

Күкірт қышқылы не үшін қолданылады?

  1. . . . 6 . . .
  2. . . . 7 . . .
  3. . . . 8 . . .
  4. . . . 9 . . .
  5. . . . 10 . . .

Төртінші сабақта “Қарлы кесек” ойынына берілген сұрақтар.

“А” үстеліне.

  1. Оттек топшасындағы элементтердің периодтық кестедегі орны.
  2. Озонды қандай құралда және қалай алады?

“Ә”үстеліне.

  1. Оттектің аллотропиялық түр өзгерістері туралы не білесіздер?
  2. Табиғаттағы күкірт қосылыстары.

“Б” үстеліне.

  1. Күкірттің физикалық қасиеттері.
  2. Күкірт қышқылының қолданылуы.

“В” үстеліне.

  1. Күкірттін химиялық қасиеттері.
  2. Күкірт қышқылының физикалық қасиеті.

“Г” үстеліне.

  1. Күкірттін қолданылуы.
  2. Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері.

Бесінші сабақта оқушылармен №2 практикалық жұмыс жасалады. Бұл жұмыстарды орындау барысында оқушыларды мынадай біліктіліктердің қалыптасуына көңіл бөле отырып, бағалаймын.

Икемділік пен дағды.: Икемділік пен дағды.
Әр жұмысқа ұпай.: Әр жұмысқа ұпай.
Жалпы ұпай: Жалпы ұпай
Икемділік пен дағды.: Күкірт қышқылы мен оның тұздарының сапалық реакциясын жасау.
Әр жұмысқа ұпай.:
Жалпы ұпай:
Икемділік пен дағды.: Заттардың құрамындағы қоспаны анықтау.
Әр жұмысқа ұпай.:
Жалпы ұпай:
Икемділік пен дағды.: Сапалық реакция арқылы берілген заттарды бір-бірінен ажырату.
Әр жұмысқа ұпай.:
Жалпы ұпай:
Икемділік пен дағды.: Берілген затты химиялық жолмен алып, оны ерітіндіден бөлу.
Әр жұмысқа ұпай.:
Жалпы ұпай:
Икемділік пен дағды.:

Жүргізілген химиялық реакциялардың теңдеуін жазу.

А. Молекулалық

Ә. Толық иондық

Б. Қысқартылған иондық.

Әр жұмысқа ұпай.:
Жалпы ұпай:

Оқушылардың біліктіліктеріне ұпай беріледі.

Ең жоғарғы ұпай- 5 Ең төменгі ұпай -1

Оқушылардың жасаған жұмыстарын қорытындылау үшін берілетін тапсырмалар.

  1. тапсырма.
Элемент.: Элемент.
Формуласы.: Формуласы.
Агрегаттық күйі.: Агрегаттық күйі.
Түсі.: Түсі.
Қаттылығы.: Қаттылығы.
Элемент.: Күкірт.
Формуласы.:
Агрегаттық күйі.:
Түсі.:
Қаттылығы.:
  1. тапсырма.

А) Лакмус қағазын озон бөлініп жатқан сынауықтың үстіне ұстағанда не байқадыңыз?

ә) Озонның әсерінен:

лакмус қағазы

крахмалданған сүзгі қағазда пайда болады.

  1. тапсырма.

Мына айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеуін жазыңыз. Zn ZnSO 4 Zn(OH) 2

Алтыншы сабақта химия есептері жинағынан есептер шығарылады.

Жетінші сабақта деңгейлік тапсырмалар орындалады.

I деңгей.

А) Электрондардың орбиталдарда таралып орналасуын жазыңыз.

О   

S     

ә) оттек атомдары екі жай зат . . . және . . . түзе алады.

Б) озонды . . . деп аталатын құралда алады.

II деңгей.

1)

№:
Реакция: Реакция
Реакция теңдеуін жазу.: Реакция теңдеуін жазу.
№:

1

2

3

Реакция:

Күкірттің металдармен әрекеттесуі

Күкірттің жоғары температурада сутекпен әрекеттесуі.

Күкірттің жоғары температурада оттекпен әрекеттесуі.

Реакция теңдеуін жазу.:

2)

а) Озонды алатын құралдың аты қалай аталады?

ә) Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі.

б) Қай элементтің реттік номері 8 және заряды +8?

4) күкірт қосылыстарының бірі.

III деңгей

Күкірт қышқылының химиялық қасиеттеріне мысал келтіріңіз.

№:
Басқа қышқылдарға ортақ: Басқа қышқылдарға ортақ
Өзіне тән: Өзіне тән
№:

1.

2.

3.

Басқа қышқылдарға ортақ:
Өзіне тән:

IV деңгей

А. Мына айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыз.

Zn ZnCI 2 Zn(ОН) 2

Ә. Концентрлі күкірт қышқылын қыздырғанда күміспен әрекеттеседі. Осы реакцияның теңдеуін жазып, тотықтырғыш және тотықсыздандырғышты көрсетіңіз.

«Оттек топшасы» тарауына тест

  1. Оттек топшасы элементтерін атаңыз:

а) теллур; ә) күміс; б) мырыш; в) көміртек;

  1. Күкірттің мүмкін болатын тотығу дәрежесі:

а) +1; ә) +3; б) -2; в) +5;

  1. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі:

а) сутек. ә) оттек. б) калий. в) озон.

  1. Күкірттің металдармен әрекеттесуі қандай химиялық қасиетіне негізделген.

а) тотықтырғыш; ә) тотықсыздандырғыш;

  1. Өсімдік зиянкестеріне, ауруларына қарсы пайдаланылатын элемент:

а) көміртек. ә) күкірт. б) оттек. в) сутек.

  1. Қауіпсіздік ережесін сақтау үшін қайсысын орындаған дұрыс?

а) суды концентрлі күкірт қышқылына құяды.

ә) суға концентрлі күкірт қышқылын құяды.

  1. Орта тұздың формуласы:

а) Na 2 SO 4 натрий сульфаты; ә) Na HSO 4 натрий

гидросульфаты.

  1. Оттек топшасының элементтері қай топта орналасқан?

а) II топ. ә) III топ. б) IV топ. в) VI топ.

  1. Күкірттің валенттігі:

а) I. ә) II. б) III. в) V.

  1. Күкірттің тотықсыздандырғыш қасиетін көрсететін реакция:

а) 2AI + 3S - AI 2 S 3 б) H 2 + S - H 2 S

ә) 2Na + S - Na 2 S в) S + O 2 - SO 2

8 - сынып химия пәнінен “Сутек” тақырыбын модулдік тәсілмен оқытуға болады. Бағдарлама бойынша тарауға 15 сағат бөлінген. Ал “Сутек” тақырыбына, яғни 1- модулге 5 сағат берілді.

Оқушыларды сабақ жоспарымен таңыстырып, сабақтың формасына назар аударамын.

Бөлімдері: Бөлімдері
Сағат саны: Сағат саны
Сабақтың тақырыбы мен мазмұны, түрі: Сабақтың тақырыбы мен мазмұны, түрі
Бөлінген уақыт: Бөлінген уақыт
Бөлімдері: Кіріспе
Сағат саны: 1 - сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мазмұны, түрі:

Модулдің құрылысымен таныстыру .

Тақырыптың міндеті мен мақсатын түсіндіру.

Тірек - сызба арқылы тақырыпты түсіндіру.

А) сутек - химиялық элемент.

ә) сутек - табиғатта.

Б) сутекті алу.

В) сутектің физикалық және химиялық қасиеттері.

Г) сутекті қолдану.

Бөлінген уақыт:

2 минут

3 минут

40 минут

Бөлімдері: Сөйлесу
Сағат саны: 2- сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мазмұны, түрі:

Өзара оқыту әдісі

Кубизм әдісі.

Білемін, білгім келеді, үйрендім ойыны. №9, 10 зертханалық жұмыс

Оқырман пікірі.

Бөлінген уақыт:

10 минут

10 минут

10 минут 10 минут

5 минут

Бөлімдері: 3 - сабақ
Сағат саны: “Қарлы кесек” ойыны.
Сабақтың тақырыбы мен мазмұны, түрі: 45 минут
Бөлімдері: 4 - сабақ
Сағат саны:

Графикалық организелер(концептуальды кесте Венн диаграммалар) толтыру

Кім жылдам, кім тез.

Сабақтың тақырыбы мен мазмұны, түрі:

10 минут

20 минут

Бөлімдері: Қорытынды
Сағат саны: 5 - сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мазмұны, түрі:

Тест

Сынақ

Бөлінген уақыт:

15 минут

30 минут

1-сабақ. Кіріспе бөлімі. Төмендегідей сауалдар бойынша оқушылармен ассоциация құрылады.

  1. сутек - химиялық элемент
  2. сутек - жай зат дегенді қалай түсінесіз?
  3. сутек - қайда кездеседі?
  4. сутектің физикалық қасиеттері қандай?

Тірек -сызба арқылы түсіндіру

Сутектің алынуы

Н 2

Өнеркәсіпте алу Зертханада алу

1. СН 4 С+2Н 2 ↑ 1. 2Н 2 О 2H 2 2

2. Н 2 О+С → СО+Н 2 ↑ 2. Zn+2HCl→ ZnCl 2 +H 2

3. Н 2 О+Ғе → ҒеО+Н 2 ↑ 3. Ca+2H 2 O → Ca (OH) 2 +H 2

4. 2Н 2 О → 2Н 2 2 ↑ 4. 2Na+2H 2 O→ 2NaOH+H 2

Cутектің химиялық қасиеттері

Оттекпен Сутектің Металдармен Металл

әрекеттесуі бейметалдармен әрекеттесуі (ак- оксидтермен

әрекеттесуі тив металдармен) әрекеттесуі

2H 2 O+O 2 →2H 2 O H 2 +Cl 2 →2HCl Ca+H 2 →CaH 2 CuO+H 2 →Cu+H 2 O

Ассоциациясы арқылы сутектің қолданылуы түсіндіріледі.

2-сабақ «Сөйлесу бөлімі»

Өзара оқыту әдісі

Сынып оқушылары 6 партаға 6 оқушыдан топтасқан. Әрбір партада отырған оқушыларды 2 топқа бөлеміз. 1-кезеңде ойын тәртібін түсіндіреміз. 1-топ мұғалім, 2-топ оқушылар. Бәріде ойынға қатысады.

1-топқа. Сутектің жалпы сипаттамасы және оны алу.

2-топқа . Сутектің физикалық және химиялық қасиеттері 5-7 минутта оқуға тапсырылады.

2-кезең 1-топ 2-топқа түсіндіре бастайды.

3-кезең 5-7 минуттан соң тақтаға 1-тапсырма сұрақтарына 2-топ оқушылары жауап береді. Оқушы қандай баға алса, мұғалімге сондай баға қойылады.

4-кезең 2, 3 кезеңдегідей оқушы мен мұғалімдер орыны алмасады.

«Кубизм әдісі»

Сынып оқушылары 6 топқа бөлініп отырғызылады, бұл әдістің 6 жағы бар.

1. Суреттеу

2. Салыстыру

3. Ойынмен байланыстыру

4. Саралау

5. Қолданудың маңызы

6. Талқылау

«Сутек»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сызуды оқыту әдістемесі
Оқытудың қазіргі технологиялары
Бөлшектердің сызбасын орындаудың тәжірибелік жұмыстары
Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе
Мұғалім және оның педагогикалық процесті ұйымдастырудағы рөлі - копия
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Көркем еңбек сабағында оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы шығармашылығын дамыту
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Бастауыш білім беруде қазіргі педагогикалық технологиялар
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz