Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуінің туралы ғылыми-теориялық негіздері


Кіріспе

Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу өзекті мәселе болып отыр. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі педагогикалық білім беріп, қоғамға әлеуметтендіру [1. 27] .

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың дәстүрлі жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиесіне ерекше мән беріліп, мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс - тәжірибелерін саралай келіп, коррекциялық тәрбие жүйесін құрдық . Бұл тәрбиенің негізгі мақсаты - еңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу, өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру.

Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтенуіне әсер ететін факторлардың бірі оның отбасы екені байқалады. Ата-аналар мен мамандардың бірлесе байланыста болуы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтенуі, олардың жетіліп дамуына ықпалды келеді. Мүгедек балалардың толық дамуына оның отбасының психологиялық климаты әсер ететінін жүргізілген тәжірибеден байқадық. Отбасының өз қайғысына тұйықталып, мүгедек баласына барынша ұялуына жол бермей, әлеуметтік ортамен үнемі белсенді байланыста болуы мүгедек баласының әлеуметтенуіне ғана емес, сондай-ақ қоғамның, ортаның адамгершілік сезімін оятады. Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеу және оған болжам жасау арқылы отбасы мен мүгедек балаларға әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық нақты көмек формалары және түрлері ұсынылады. Мүгедек балалардың дамуы мен тәрбие проблемеларын шешуде отбасыларымен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатылуы әлеуметтендіру жұмысының оңтайлы жүргізілуіне әсерін тигізеді.

Зерттеу өзектілігі . Мүгедек балаларды қоғамда әлеуметтендіру қазіргі заманымыздың ең өзекті мәселесі болып отыр. Оны шешу жолдары немесе санын азайту бағытындағы жұмыстар әлі де жеткіліксіз. Ата-ана мен мүгедек бала өте тығыз байланыста болғандықтан, кейбір отбасының толық ақпараттанбауы және әлеуметтік қызметтің маңызын ата-аналар арасындағы түсінбеушіліктерінің әлі де болса біздің қоғамымызда орын алуы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының ауытқуына әкеп соқтырады. Отбасында, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар ортада, әлеуметтік мәселелерді зерттеу және оны шешу жолдарын анықтау мамандардың өзекті бағыты болмақ.

Педагогтар ұзақ жылдар бойы тәрбие ісін жандандыру арқылы дене мен ақыл-ой кемістігінің орнын толтыруға болады деген ұшқары пікірді қолдап келді. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген семьяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық оған күшті әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді. Одан әрі дене кемістігі бар адам, сау адамға қарағанда, өзіне деген ерекше әлеуметтік көзқарасты қажет етеді. Қоғамдағы осындай әлеуметтік мәселелерді есекере отырып, зерттеу жұмысымның тақырыбын «Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қоғамға әлеуметтендірудің педагогикалық негіздері» деп алдым.

Зерттеу мәселесі. Дипломдық жұмыста қоғамымыздағы бала мүгедектігінің мәселелерінің шешімін екі жақты қарастырдық. Біріншіден-мүгедектіктің алдын алу. Екіншіден - мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтендіруді әлеуметтік оңалту арқылы жүзеге асыру. Жұмыста мүгедек балалардың дамуына әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеу барысында мүгедектік мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау жасалынып, мүгедектіктің алдын алуға бағытталған әдістер талданды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың мүгедектігінің ерте алдын алу және коррекциялық - функционалдық моделі жасалды. Медициналық-әлеуметтік және еңбекпен оңалту сұрақтарын әлеуметтік қызметтің араласуынсыз іске асыру мүмкін еместігі анықталды.

Зерттеу жұмысының мақсаты . Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамға бейімделуінің педагогикалық негізін зерттеу арқылы оларға әлеуметтік көмек көрсету жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар

Зерттеу пәні. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қоғамға әлеуметтендірудің педагогикалық негіздері

Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтендіру жұмысы ерте қолға алынса, ата-анасы толық ақпараттанса кемтар балалар қоғамда өздерін тең құқылы азамат ретінде сезінер еді.

Зерттеу міндеттері:

  1. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуінің туралы ғылыми-теориялық негіздерін қарастыру;
  2. Мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметттік және психологиялық - педагогикалық мәселелері;
  3. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қоғамға әлеуметтік оңтайландыру жолдарын анықтау;
  4. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтік бейімділігін анықтауда қолданылған әдіс-тәсілдер.

Жетекші идея. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды әлеуметтік ортаға бейімдеуде педагогикалық тәрбие мен білім беру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері . Педагогтар мен дефектологтар мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен істейтін жұмысқа керек жаңа және жетілдірілген бағдарламалардың топшылығын айтады. Сонымен жанұясында мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар отбасыларының әлеуметтік мәселелерінің зерттеу және оның шешу жолдарынын анықтау мамандардын өзекті бағыты болмақ.

Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасы Білім заңы, оқыту мазмұны бойынша тұжырымдамалар, оқулықтар теориясы, философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер және әр түрлі психологиялық-педагогикалық тренинг жаттығулары.

Зерттеу әдістері . Сараптау (анализ), бақылау анкета жүргізу, итервью, тестілеу.

Зерттеу кезеңдері :

Бірінші кезең - ізденіс кезеңінде зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерді жинақтау және оларды оқып-үйрену, зерттеу мәселесінің қазіргі кездегі хал-ахуалын анықтау істері жүргізілді, оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық - әдіснамалық талдау жасалды, архив материалдарын жинастыру, қорытындылау. Жинақталған материалдарға құрылымдық талдау жүргізілді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметттік және психологиялық - педагогикалық мәселелері қарастырылып, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қоғамға әлеуметтік оңтайландыру жолдары анықталды.

Екінші кезеңде - алынған материалдары сұрыптап өңделді. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды әлеуметтік ортаға бейімделу деңгейі анықталып, түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі . Зерттеу барысында қолданылған әдіс-тәсілдер, тренинг-жаттығулары оңтайлы әсер етті. Зерттеуден алынған мәліметтерді педагогикалық тәжірибеде қолдану оқушыларды әлеуметтік ортаға бейімделу деңгейінің артқандығын көрсетті.

Зерттеу жұмысының базасы. Батыс Қазақстан облысы . . . оқитын мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар.

Зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес педагогикалық зерттеу әдістері, тәжірибелік педагогикалық жұмыс нәтижелерінің тиімділігін тексеріп, өңдеумен және алынған деректерді талдау қортындысымен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған 80 әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 65 бет.

Кіріспеде зерттеу тақырыбымның өзекті мәселесі қарастырылып, мақсат-міндеттері анықталды.

«Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуінің туралы ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуі және мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметттік және психологиялық - педагогикалық мәселелері қарастырылды. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қоғамға әлеуметтік оңтайландыру жолдары анықталды.

Екінші бөлімімнің тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтік бейімділігін анықтаудың әдіс-тәсілдері» деп аталды. Бұл тарауда сараптау (анализ), бақылау анкета жүргізу, итервью, тестілеу әдістерін қолдандым. Атап айтсам, «Өзқорқынышынды бейнеле», «коллаж», «Бүрку шашырату», «Сиқырлы бояулар», «Шимай» тағы сол секілді көптеген изотерапиялық жаттығулар жүргізіліп, қорытынды жасалды.

І тарау. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуінің туралы ғылыми-теориялық негіздер

1. 1 Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуі

Жалпы білім беретін мектептегі балалардың үлгермеушілік мәселесі көптен бері педагогтардың, психологтардың, медиктердің және социологтардың көңілін алаңдатуда. Олар дамуы артта қалған балаларға жатпайтын, бірақ білім деңгейі шектелген балалар категориясын ашып тапты.

М. С. Певзнер және Т. А. Власова (1968, 1973) мүмкіндігі шектеулі баланың жеке бас қалыптасуындағы эмоцианалдық даму роліне көңіл аударды. Баланың - ананың екіқабат алғашқы айларында түрлі патогендік факторлар арқылы орталық нерв жүйесіне әсер етілген қолайсыз жағдайлар арқылы пайда болатындығын анықтайды. Сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық түзетумен қатар, емдеу шараларды да жүргізілу керектігі айқын болды.

Мүгедектік - халықтың әлеуметтік игіліксіздігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады, әлеуметтік көрегендікті, экономикалық ауытқулықты, қоғамың өнегелі, толық мәнділігін шектейді, мүгедек- адам және қоғам арасындағы өзара байланыстың бұзылуын сипаттайды. Оған мәселен кемтар балаларды арнайы педагогика негізінде оқытумен тәрбиеледің тарихи тәжірибесінде анықталғандай, эволюция барысында осы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға деген көзқарас әр кезде біркелкі болмаған. Тек қана қоғамның қайта өрлеу дәуірінен бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейін Еуропалық дефекталогия ғылымындағы деректер бойынша баланың ақыл ой және дене бітімі ауытқуларына деген көзқарастың бір қалыпты жүйеленгені байқалады. [4]

Дефекталогия - педагогика ғылымының арнаулы саласы. Ол көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді. Дефекталогия ғылым ретінде төменде көрсетілген төрт сала бойынша:

1. Сурдопедагогика - есту кемістігі бар (естімитін және нашар еститін) балаларға;

2. Тифлопедагогика - көру кемістігі бар (көзі көрмейтін және нашар көретін) балаларға;

3. Олигрофренопедагогика - ақыл ойының дамуында кемістіг бар балаларға;

4. Логопедия - тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді.

Ақыл-ой дамуының кемісітігі бар балаларды оқыту дәне тәрбиелеу барысында арнайы әдіс-тәсілдер қолдану керектігі туралы мәселені өз еңбектерінде алғашқы рет Швейцария педагогы И. Г. Песталоцци мұндай балаларға арналған оқыту принцптерін ұсынды: оқытудың баланың даму деңгейіне сай болуы, және еңбек тәрбиесін қатар жүргізу және оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру. Бақылай отырып, ойша қорытындылар шығару әдістерінің орынына зерттеудің эксперименталды әдістері келді. Бұл жағдай ақыл-ойдың артта қалушылық мәселесін түсіндірудің екі бағытын айқындады:

• Анатомия-физиологиялық (Д. Бурнивель, Б. Морель, Э. Креплин, С. С. Корсаков, Г. И. Россолино, т. б)

• Педагогика-психологиялық (А. Бине, Т. Симон) .

Анатомиялық-физиологиялық бағыттың дамуына айрықша үлес қосқан неміс психиатры Эмиль Креплин (1856-1926) болды. Ол алғаш рет ақыл-ой кемістігі ауруларының барлық түрлерін біріктіріп, оларды «психикалық дамудың тежелуі» деп атады да, олардың туа біткен түрлерін бір топқа топтастырып, ғылымға «олигофрения» деген термин енгізді.

Ал түрлі есі ауысқан ауруларға деген алғашқы гуманистік қарым-қатынас адамадарын жасаған француз психиатр дәрігері Филипп Пинель (1745-1826) болды. Ол алғаш рет жан аурулардың классификациясын жасап, олардың туа біткен және жүре біткен деп негізгі 2-клиникалық формаларын ажыратып береді. Пинельдің ісін әрі қарай жалғастырған оқушысы Жан Этьен-Долшник Эскироль (1772-1840) осы екі форманы аменция және деменция деп атауды ұсынды. Эскироль ақылдан ауысудың симптоматикалық классификациясын негіздеген, бұл аурудың жетекші белгісі ретінде олардың сөйлеу ерекшеліктеріне назар аудартты.

Бельгия психиатры Жан Демор (1867-1941) алғаш рет бұл аурудың шығуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды бөліп қарайды. Бұл топтағы балалардыол медициналық және педагогикалық дамуы жағынан артта қалғандар деп бөлді. Медициналық дамуда артта қалу себептерін іште жатқанда немесе сәби шағында белгі берген патологиялық факторлармен байланыстырды. Педагогикалық дамудағы артта қалу себептерін бала кезінде дұрыс тәрбиели алмаумен, ауырған немесе мектептегі кейбір педагогикалық қателіктердің құрбандары болғандығымен байланыстырады.

Итальян педагогі М. Монтессори (1870-1952) ақыл-ойы артта қалған балаларға арналған ортафоникалық мектеп ашып, мұнда емдеуші педагогиканың негізі ретінде сенсомоторлық тәрбие жүйесін енгізді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды арнайы оқытудың және тәрбиелеудің негізгі міндеті ақыл-есі кем балаларды мектепке дайындау барысында олардың дене, ақыл-ой және адамгершілік даму мүмкіндігін барынша қамтамасыз ету. Біздің елімізде арнайы мекемелерінің жүйеленген системасы құрылған.

Арнайы балабақша және балалар үйіне, қосымша-мектепинтернаттарға 4 тен 8 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Білім беру жүйеде арнайы психоневрологиялық санаторийлер бар. Бөбектер тобына екі жастан қабылданады. Оларда бастарын дұрыс ұстау, отыру, тұру, жүру сияқты қимылдар кем басталады. Мектеп жасына жеткенше дейін оларда көрнекі-бейнелік міндеттерді шешу қабілеті қалыптаспайды. Тіпті ойын процесінің өзі оларда заттық әрекет барысында белгілі бір деңгейде пайда болуы мүмкін. Арнайы оқытусыз ақыл-есі кем балаларда негізгі әрекет ойын-емес, зат қана болып табылады. Ал, еңбек іс-әрекетінің элементтері мұндай балаларда қоршаған орта талабының ықпалымен қалыптасады. Тіл дамуы да ерекше артта қалады, алғашқы сөздер оларда 3 жастан кейін, фразалар - мектеп алдында ғана пайда болады. Ақыл-есі кем балаларда жеке бас дамуының шарттары да қалыптаспайды, әдеттен балалар 3 жастан бастап өзіндік «Мен» деген ойға ие болса, ақыл-есі кем балаларда тек 6-7 жас кезінде өзін-өзі сезінудің алғашқы белгілері пайда бола бастайды, олардың мінез-құлқы ырықсыз сипатта болады. Бұл балалардың ересектермен, жолдастарымен қарым-қатынасы да басқаша қалыптасады.

Қосымша мектеп мемлекеттік жалпы білім беру мекемелерінің жұйесінде жұмыс істейді, бірақ міндеттері бөлек айқындалады. Арнайы міндеті - дефектілерді түзетеді. Сондықтан әлеуметтік - еңбектік бейімделу дұрыс жүзеге асуы тиіс. Қосымша мектеп оқушылардың жалпы дене жағдайын дұрыстау және бекітуге бағытталған, емдеу - сауықтыру жұмыстарымен де айналысады, сонымен қатар әлеуметтік-педагогикалық міндеттері бар. Ерекше түзету міндеттерінің саны сол мектептің арнайы оқу жоспарында және бағдарламаларында бейнеленген.

Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне деген қарым-қатынасын өзгертпей қоймайды. Отбасында бала үшін де, ата-ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психологиялық атмосфера қалыптасатыны белгілі. Әйгілі ғалым Л. С. Выготский баланың өсіп-дамуы бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негізделгенін дәлелдеген.

Ағылшын зерттеушісі Л. Ярроу бойынша депривация түрлері айқындалған. Соның ішінде үйден оқитын оқушыда даму жағдайының 3 түрі кездеседі.

Әлеуметтік депривация- баланың басқа адамдармен қарым қатынастың азаюы.

Эмоциялық депривация- қоршаған ортаме қарым-қатынаста эмоцияның әлсіз көрінуі, айналаны енжар сезінуі.

Сенсорлық депривация- балада әсерлердің әр түрлілігі және қабылдау айқындығының төмендеуі.

Олардың ішінде интеллект дамуында физиологиялық қалыс болмаса да өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалған балалар болады.

ХХ ғасырдың бас кезіне қарай жинақталған тәжірибе, осы проблемаға деген түрткі көз қарастар, түрлі терманология баланың психофизикалық артта қалуының жетекші белгілерінің негізінде ғылымда бір ізге түсіруді талап етеді.

Елімізде мұндай кемістігі бар балаларға қамқорлық жасау барысында, мемлекет есебінен арнайы (түзету) мектептерінде білім беру, тәрбиелеу жүзеге асырылып, тегін оқытылады. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1980 жылы қабылдаған тұжырымдаманың британдық нұсқасы бойынша дене кемістігіне қарай жалпы мүгедек адамдарды төмендегідей топтастыру түрлері анықталған:

1. Туа біткен, созылмалы ауруға ұшыраған адамдар-физиологиялық, анатомиялық және психикалық қызметі бұзылып еңбекке жарамсыз болып қалғандар;

2. Мүмкіндігі шектеулі адамдар - өз бетінше іс-әрекетке бара алмайтындар мен кемтарлық нәтижесінде іс-қимылы шектеулі адамдар (мысалы, бір қолы жоқ, аяғы ақсақ, құлағы нашар еститіндер, т. б) ;

3. Мүгедектер - өз алдына күн көре алмайтын, басқа бір адамдардың көмегіне күнделікті мұқтаждар;

4. Бұлардан басқа ақыл-есі, түсіну, сезінулері дамымай қалған, не болмаса іштен осындай кемтарлықпен туғандар психикалық ауытқулары бар адамдар қатарына жатады;

5. Ақыл-ой еңбегіне жарамсыз болғандықтан олигофрендер (грек сөзінен аударғанда «олигиос»-кішкене, «френ»-ақыл) немесе ақылы кем адамдар деп топтастырады. Оларға жүйке жүйесіне әр түрлі себептерден зақым келгендер, не болмаса сондай ауытқулармен дүниеге келгендер, жұқпалы аурулардың салдарынан ақыл-есі нашарлағандар, түйсіну, сезіну, қабыл алу, көңіл қою, психикалық үрдістерінің дамуы шектеліп, ерік-эмоциялық орталығы зиянға ұшыраған, мысалы, ақылы ауысқан, аутистер, суицидтер, жындану ауруына ұшыраған адамдар жатады.

Мүгедек, мүмкіндігі шектеулі бала құқығы:

• Мүгедек баланың, оның абыройын қамтамасыз ететін, қоғам өміріне белсенді қатысуын болдыратын жағдайларда, толық мәнді өмірге дені сау балалармен тең құқығы бар;

• Мүгедек баланың, оның физикалық, ақыл-ой қабілетіне және ниетіне сәйкес білім алуға, қызметі және кәсіп таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға қатысы бар;

• Мүгедек балалар, ақыл-ой және физикалық кемшіліктері бар балаларды қосқанда, арнайы балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтік әлеуметтік көмек алуға құқылы.

Осы құқытар Мемлекет қамқорлығына қабылданған мүгедек балалар мектеп жасына дейінгі 4 жастан 8 жасқа дейінгі, дайындық топтағылар 8 жастан 12 жасқа дейінгі, 12 жастан 18 жасқа дейінгі еңбекті оқыту тобы (оның ішінде 14-тен 18 жасқа дейінгі жеткіншектер), 4-тен 18 жасқа дейінгі диагностикалық топқа 10 баладан топтастыруға негіз болады.

Дегенмен де мүмкіндігі шектеулі осы адамдарға көрсетілген медико-әлеуметтік көмектің мұндай қалыптасқан дәстүрлі түрі (бірсарынды өмір салты, стериотипін өзгерту қажеттілігі және т. б) факторлары мүгедек жандардың интернат-үйлерге баруға асықпайтынын көрсетеді. Осындай орын алған жағдайлар әлеуметтік қорғау мекемесі жүйесіндегі әлеуметтік педагог қызметінің пайда болуын туындатты. Мүгедектерге әлеуметтік көмек берудің дамуының бастапқы кезеңдерінде үйде қызмет көрсетуде көп көңіл бөлінді. Осы жағдаймен байланысты әлеуметтік педагогтың мамандандырылған сипаттамасы жасалды, оның лауазымдық міндеттері анықталды. Сонымен бірге нақты әлеуметтік көмекті интернат-үйінде тұраты мүгедектер қажет етеді. Соңғы уақытқа дейін бұл мекемелердегі медико-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру тікелей медицина жұмысшыларына жүктелді, олар медициналық қызмет көрсету ұйымына зиян келтіретін, интернат-үйлерінде мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педаогикалық және әлеуметтік жағдай бейімделу бойынша төмендегі қызметті атқарады:

• Әлеуметтік-тұрмыстық жәрдем беруде адамдардың тұрмыстық жағдайларын жөндеу және ахуалы нашар отбасында көмек беру;

• Әлеуметтік-медициналық көмек - жазылмайтын, сырқатқа ұшырап қалған, созылмалы аурулары бар, туғанна денсаулығы нашар балаларға дәрігерлік көмек көрсету;

• Өзіне қызмет ете алмайтындарға қолғабыс жасап, дәрігрелік, психотерапиялық көмекпен бақылау жұмыстарын жүргізу;

• Әлеуметтік-психологиялық жәрдем беру - ортасындағы, алыс-жақын әлеуметтік ортадағы теріс ықпал тигізетін көріністерді жоюға, өзара қарым-қатынастарды жақсартуға, жылы қабақ, жағымды психологиялық орта орнатуға бейімдеу;

• Әлеуметтік-педагогикалық көмек - балалардың ата-анасы, басқа адам мүшелерімен қарым-қатынасын жақсарту, үйден безген, тілазар, қиқар, тәртіпсіз, теріс жолға түскен, мінез құлқында ауытқулары бар балаларды түзетуге, тәрбиелеуге көмектесу.

Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Үкіметіміздің мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен жасөспірімдерге көрсетіледі. Осы орайда әлеуметтік қызметкердің міндеті кеміс балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым - қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласуына жағдай туғызу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Жетім балалар үйіндегі балалардың әлеуметтенуінің анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші
ҚР инклюзивті білім бeруді ұйымдacтырудың зaмaнaуи тәжірибecі
Норма мен патологиядағы психикалық даму заңдылықтары туралы тұжырымдама
Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру
Тұлғаның қалыптасуы туралы
Отбасы тәрбиесінің мазмұнын ашу
Педагогика бойынша практика
Тірек - қимыл аппараты бұзылған балаларды математикаға оқытудың әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz