Оқушыларды оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика және психология» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі Р. С. Кинжекова

«___» 2015ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Оқушыларды оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері

Орындаған: Педагогика және психология

мамандығының 4-курс студенті Қоспанова Н. А

(аты-жөні, мамандығы, курсы, қолы)

Ғылыми жетекші: п. ғ. к., доцент Габдрахманова Ш. Т.

(аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қолы)

Қорғауға жіберілген күні: « » маусым 2015 ж.

Орал, 2015

Мазмұны

Кіріспе

I Оқушыларды оқу жағдайларына бейімдеудің педагогика және психология ғылымдарында зерттелуі

1. 1 Оқу жағдайларына бейімдеу ұғымының мәні

1. 2 Оқушыларды оқу жағдайларына бейімдеудің сипаты

1. 3 Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің

психологиялық - педагогикалық моделі

II Колледж оқушыларын оқу жағдайына бейімдеуге бағытталған тәжірибе жұмыстары

2. 1 Психологиялық - педагогикалық бағдарлама - оқу жағдайына бейімдеу құралы

2. 2 Эксперимент жұмыстарының нәтижесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”[1], “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”[2], “Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[3], “Білім мазмұнын гуманитарландыру”[4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтеруге кең жол ашу талап етіледі.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі өзгерістер болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігімен қазіргі қоғамның өзгермелі жаңа талаптарына бейімделуіне объективті жағдай жасап отыр. Бүгінгі білім саласында республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және орта арнайы оқу орындарыдағы оқушыларға тәрбие мен білім беру іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз ұрпақ тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның педагогикалық- психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.

Қазіргі кезеңдегі ғылым мен ақпарат ағынының даму қарқыны адамзаттың тез бейімделуі өз бетімен білім алуы ақпараттық құралдарды кең көлемде қолдану талаптары білім беру жүйесіндегі қызметке жаңа міндеттер белгілейді. Арнайы оқу орындарында оқушылардың оқыту мен қатар кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-құндылық қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны жетілдіру арқылы жаңа көзқарас, жаңа ой қалыптастыруға үлкен мән беріледі.

Қоғам талабына сай даму кезеңінде, ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр колледж оқушысы өзінің болашақ ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.

Колледж оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл-ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс-әрекерт ерекшеліктерімен бейнеленеді.

Колледж оқушыларының проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық жас ерекшелік категориясы ретінде Б. Г. Ананьевтің [5] психологиялық мектебі зерттеді.

Колледж оқушыларының педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерін шетелдік ғалымдардан Н. В. Кузьмина [6], Ю. Н. Кулюткин, А. А. Реан, Е. И. Степанова, П. А. Просецкий, Е. М. Никиреев, В. А. Сластенин [7], В. А. Якунин, И. А. Зимняя [8] және т. б. зерттесе, отандық ғалымдар Қ. Б. Жарықбаев [9], С. М. Жакупов [10], З. Ә. Исаева, Г. К. Ахметова, Ш. Т. Таубаева, М. А. Құсайынова және т. б. ғылыми еңбектерде сарапталып өзіндік тұжырымдама берген.

Бірақ көптеген ғылыми еңбектерді қарастыра келе нақты колледж оқушыларының психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері негізінде колледждің оқу жағдайларына бейімдеу мәселесі әлеі де толық зерттелмегеніне көзіміз жетті.

Сондықтан, колледж оқушыларының оқу жадайларына бейімдеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зертттеу өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын “Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері ” -деп таңдауға себепші болды.

Зерттеу нысаны: Колледж оқушылырын оқу жағдайларына бейімделу процесі.

Зерттеу пәні: Колледж оқушыларының психологиялық - педагогикалық даму әрекеті мен оқу жағдайларына бейімділігі

Зерттеудің мақсаты: Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері мазмұны мен әдістемесін зерттеу оқуға бейімділігін педагогикалық-эксперименттік жұмыста тиімділігін тексеру.

Зерттеудің міндеттері:

1 Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің негізгі ұғымдарының мәнін ашу.

2 Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық педагогикалық моделін белгілеу

3 Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық бағдарламасын жасау оны сынақтан өткізу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, колледж оқушылары оқуға бейімділігінің психологиялық- педагогикалық дамуы сай жасалса, онда болашақ мамандардың кәсіби-адами құндылық қасиеттерінің сапасы жоғары болар еді.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері : Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу, психологиялық эксперименттік зерттеу әдістерін (теориялық, эмпирикалық) қолдану, озық тәжірибелерді меңгеру, арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Болашақ маманның оқуға деген бейімділігі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қалыптасу үлгісі мен тәжірибелік эксперименттер жүргізілді.

Зерттеудің жаңалығы: Студенттердің оқуға деген бейімділігі психологиялық дамуына сай ғылыми негізде талданып, болашақ мамандардың оқуға деген бейімділігі психологиялық дамуының өлшемдері мен көрсеткіштері жасалды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Арнайы оқу орындарындағы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, болашақ мамандардың оқуға деген бейімділігін психологиялық жағынан эксперимент жасау және оны практикаға енгізу жолдарын анықтау. Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыс Орал гуманитарлық коледжінде жүргізілді. Зерттеуге бірінші курстың 17 , 18 жастағы 20 оқушы қатысты

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде колледж оқушылардың оқуға деген бейімдеу ерекшеліктерін анықтауда олардың кәсіби-адами құндылық қасиеттері мен жеке тұлғалық қасиеттерінің мән-мағынасын ашылып, теориялық тұрғыда дәлелденді. Колледж оқушыларының психологиялық, педагогикалық, тұлғалық қасиеттерімен іс-әрекет түрлерін зерттеген ғалымдар мен педагог-психологтардың ой-пікіріне сүйене отырып өзіндік тұжырымдама жасалды. Ал, екінші бөлімде болашақ мамандардың оқуға деген бейімділігінің психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін зерттеп, әдістемелік тұрғыда қолдануға болатынын айқындадық. Әр бөлімді қорытындылап, соңында пайдаланған әдебиеттердің тізімін көрсеттік.

Қорытындыда зерттеу нәтижелері беріліп, ұсыныстар айтылады.

І. Оқушыларды оқу жағдайларына бейімдеуінің педагогика және психология ғылымдарында зерттелуі.

1. 1 Оқу жағдайларына бейімдеу ұғымының мәні

1. 1 Бейімдеу (лат. adaptare - бейімдеу) ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі. Бейімделу үрдістері биологияның негізгі ұғымдарының бірі - гомеостазды сақтауға бағытталады. Биологиялық бейімделу ағзаның барлық деңгейлерін қамтиды: молекулярлықтан бастап, іс-әрекетті психикалық реттеуге дейін. Экстремалды жағдайларға бейімделу сәттілігінде жаттығу процестері, индивидтің функционалдық, психикалық және моральдық күйі маңызды рөл атқарады. Бейімделу сондай-ақ теориялық ұғым ретінде гештальт психология, швейцар психологі Ж. Пиаже шығарған интеллект даму теориясындағы индивид пен қоршаған орта арасындағы өзара қатынастың гомеостаздық тепе-теңесу процестері ретінде түсіндіретін психологиялық тұжырымдамаларда да кеңінен қолданылады. Талдағыштар сезгіштігінің тітіркендіргіштердің әсеріне икемделуі. Нәрселердің бейнесін қабылдау кезінде көз шағылыстыратын жарықтың әсерлігі біртіндеп бәсеңдейді, немесе қараңғы бөлмеге кірген адамның көзі біртіндеп маңындағыларды көре бастайды. Сол сияқты, құлаққа жағымсыз естілетін дыбыстарға да бейімделу түрліше болады. Адамның уақытты түйсініп қабылдауға бейімделуі де әр қилы болуы мүмкін. Бейімделу мерзімі бірнеше секундқа, ондаған минуттарға созылады. Бейімделу орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметтері арқылы реттеледі. Адамның бейімделуі биологиялық және психологиялық деп екіге бөлінеді: біріншісі, ағза функцияларының және құрылымының ортадағы жағдайға, шартқа бейімделуі; екіншісі адамның әлеуметтік индивид ретінде, белгілі талаптарға, жағдайларға, принциптерге, әлеуметтегі және қоғамдағы әдептілік ережелеріне, өзіндегі жекелік қасиеттерін ескере бейімделу үрдісі болып танылады. Әлеуметтік ортаның талаптарына индивидтің белсенді бейімделу үрдісі психологияда әлеуметтік бейімделу (әлеуметтену), әлеуметті аккомодация деп аталады. Қабылдаудың нәтижелілігін арттыру және рецепторларды шектен тыс жүктемеден сақтау мақсатымен сезім мүшелерінің әртүрлі стимулдар ерекшеліктеріне сәйкес бейімделу орын алады. Бейімділік - индивидтің өзін қызықтыратын белгілі бір іске таңдамалы бағыттылығы. Өмірде кездесетін жағдайларға, ең жақсы түрде бейімделуге ықпал ететін адам қылығы.

Қазіргі заманның талабы, жас ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу, ол тұлғаның дүниетанымы кең, өзін - өзі қоғамда, өзі білім алып жатқан оқу орнындағы ұжымда бақылай алатын және кез-келген ортада өз-өзін таныта білетін болуы қажет. Бұл міндеттер баланың сол оқу орнына бейімделуімен тығыз байланысты. Осы аталған міндеттерді шешу қазіргі кездегі психолоиялық - педагогикалық ғылымның басты міндеті болып саналады.
Мектеп табалдырығынан кейін оқушылардың колледжде білім алуға келулері, олардың өміріндегі алғашқы дербес басқан қадамдарының бірі.
Бірінші курсқа білім алушыларының колледж өміріне қалыптасу кезінде жақсы ойластырылып ұйымдастырылған жұмыс, көшет егін дайындығы тәрізді өз ісінде жас шебердің кәсіби қалыптасу ісінде көбірек елеулі жетістік әкелетіні баршамызға белгілі.
Көпті көрмеген ұлдар мен қыздар мектептен басқа оқу ортасына түсіп, жаңа оқу орны, жаңа орта, жаңа тәртіпке-тәуелсіз, қарама-қайшы уәждемемен тиімді түрде бейімделе алмайды, жақсыға ұмтылуға қойып, кәсіби хабардар болуға басымдық таңдайды.
Осыдан келіп кешегі оқушылармен жұмыс жасағанда олардың сол оқу орнына нәтижелі бейімделуге болысушылық та маңызды акцент жасау керек.
Осы орайда ұстаздар қауымының алдында көп сұрақтар туындайды: болусышылық деген не, оның тәжірибелік мазмұны неде, не нәрседен тап, қай реттілікте орындау керек? Осындай шаралар комплексінде кім маңызды қамқорлық ауыртпалығын алмақ?
Аталмыш сұрақтарға жауап өз бетімен табылады, әріне ол кураторлар, өйткені олар колледж оқушысының өмірін толық қамти алады, сондықтан куратор кіші оқу буыны «Колледжендіруде» жоғары табысқа жете алады деген сөз.
Бейімделу кезін бір сөзбен айтып өту қиын. Білімалушылардың педагогикалық-психологиялық жағынан жаңа оқу орнына бейімделулерінің оң және теріс ықпалдары да болады. Сондықтан да осы ықпалдарды шешуде оқу мен тәрбиені қатар алып жүргеннің орны ерекше.
Қазіргі кезде кез - келген оқушылардың мектептен кейін колледжге түсіп, сол оқу орнына бейімделуіне көңіл аударуларының орасан зор әлеуметтік мәнге ие, білімалушыларға қойылатын колледждің барша талаптарын оқушылардың орындауларын қамтамасыз ететін мұғалімдер, олардың білім мен білік, дағдыны дұрыс игеру кезіндегі жауапкершілік әрқашан бірінші орынға шығады.
Бейімделу процесі - үздіксіз процес болып табылады, егер де сол жүйеде «еңбек субъектісі - кәсіби орта» болған жағдайда ғана ол тұлғаны белсендіре алады.
Колледж өміріне білімалушылардың бейімделу процесінде 3 түрлі кезеңді алып қарауға болады:
1. Бейімделуге қиналу.
2. Орнығу.
3. Бейімделудегі жүдеу.
Осы кезеңдер іс-әрекет субъектісінің ақпараттық, энергиялық, мінез - құлықтық ресурстардың ара - қатынасын бейнелейді және өнеркәсіптік ортаның талаптарын орындайды.

Бейімдеу - бұл белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді.
Білімалушылардың колледжге психологиялық бейімделуі - оқу орнында қалыптасқан талаптар мен бағалардың өлшемдеріне құндылықтар мен нормаларды өзіне иемденудің есебінен білімалушының сол оқу орнына икемдену қабілетін айтады.
Бірінші курс білімалушыларының оқу орнының жағдайына бейімделуінің үш түрі бар:
1) формальды бейімделу, білімалушылардың жаңа ортаға, колледж құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына және оның талаптарына қатысты;
2) қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс білімалушыларының топтық ішкі бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі;
3) Дидактикалық бейімделу, колледждегі білімалушылардың оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістеріне байланысты бейімдеу.

Көпшілік бірінші курс оқушылары кеше ғана мектептегі мұғалімдерінің назары мен қамқорлығын сезінген олар оқу орны жағдайында алғашында дискомфортты сезінеді. Оларды арнайы оқу орнындағы жаңа іс-әрекеттері - ол жауапкершілікті тәуелді қатынастардың сапалы өзгеше жүйесі. Онда ең бірінші орынға өз мінез-құлқын өз бетімен реттеу қажеттілігін, өз ісі мен тұрмысының ұйымында бостандық дәрежесінің болуы қойылады.

Әр колледж оқушының бейімделу үрдісі әр түрлі жүреді. Еңбек стажы бар жас адамдар студенттік өмірмен тұрмысқа жеңіл және тез бейімделеді, ал кешегі оқушылар - колледждегі жұмыстарға жақсы бейім. Студенттік топтың міндеті - жалпы оптималды іс-әрекет үшін жағдай жасау.

Әдетте, барлық оқу орындарында бірінші курстықтарды оқу орны жағдайына бейімдеуге көмектесетін арнайы іс-шаралар жүйесі жоспарланады. Маңыздырақ іс-шаралар қатарына «Колледж оқушыларына арнау», «Мамандыққа кіріспе» курсының оқытылуы, алдыңғы қатарлы мұғалімдер мен бірінші курс колледж оқушыларының сөз сөйлеуі, бақылау, бағалау шаралары жатады».

Колледж оқушысының оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс дәрістенушісінің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т. б. білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу арнайы оқу орнының психологиялық қызметінің дамуымен байланысты. Колледж оқушыларының әр курстағы дамуы бірнеше сипатқа ие.

Бірінші курс ұжымдық өмірдің студенттік түрлеріне кешегі абитуриентті үйрету міндетін шешеді. Оқушылардың мінез-құлқы конформизмнің жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Бірінші курстағы колледж оқушыларында өз рөлдеріне дифференциацияланған қадам жоқ.

Екінші курс - колледж оқушыларының оқу әрекетіндегі ең қысым түсетін оқыту мен тәрбиелеудің барлық түрлері жедел араласады. Оқушылар жалпы дайындықты алады, олардың мәдени сұраныстары мен қажеттіліктері қалыптасады. Берілген ортаға бейімделу үрдісі негізінен аяқталған деп саналады.

Үшінші курс - мамандандырудың басталуы, ғылыми жұмысқа қызы-ғушылықтың күшеюі және колледж оқушының кәсіби қызығушылығының тереңдеуі мен ары қарай дамуының бейнеленуі ретінде көрінеді. Мамандануға табанды қажеттілік жеке адамның жан - жақты қызығушылықтары аумағының таралуына жиі әкеліп соғады. Әдетте, жоғарғы оқу орнындағы жеке адамның қалыптасуының түрлері мамандану факторымен анықталады.

Төртінші курс - оқу іс-тәжірибесі кезінде мамандықпен бірінші нақты танысу. Оқушылар мінез-құлқын арнайы дайындықтың рационалды түрлері мен жолдарын интенсивті іздестіру. Колледж оқушылары мәдениет пен көпшілік өмір құндылықтарын асыра бағалайды; оқу орнын жақында тәмәмдау перспективасы - болашақ іс-әрекет түрін нақты тәжірибелік қағидалары қалыптасады. Жұмыс орны, материалдық және жанұялық жағдаймен байланысты одан әрі өзекті бола бастаған жаңа құндылықтар пайда болады. Колледж оқушылары біртіндеп оқу орнының ұжымдық өмірінен алшақтай бастайды.

Үшінші және төртінші, кей жағдайда екінші курстарда өмірлік серігін іздеу маңызды рөл атқарады. Бұл да колледж оқушысының қоғамдық іс-әрекеті мен үлгеріміне әсер етеді. Қарама-қарсы жыныс өкіліне қызығушылық колледж оқушыларының мінез-құлықтары мен ақыл-ойында мәнді орынды иеленеді. Интимдік қарым-қатынастар өзін жақсы көрсетуге, жұмысты көңіл-күй, шығармашылық белсенділік тудыратыны жиі кездеседі, десек те, О. Кернбергтің ойына жүгінсек эмоционалды өзара қарым-қатынастарда агрессия мен махаббат өзара әрекеттесе рөл ойнайды .

Колледж оқушыларының жеке басының психологиялық дамуы - қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен шешілуі, сыртқының ішкіге ауысуы, өзіндік серпіліс, өзімен белсенді жұмыс жасаудың диалектикалық үрдісі.

Бұл типологияда жалпы колледж оқушыларының кәсіпті таңдау ерекшеліктері, оқу үлгеріміндегі, мамандығына қатынасының айырмашылықтарына, негізгі қызығушылықтарына, қарым-қатынасы, бос уақытын өткізу ерекшеліктеріне баса назар қойылған.

Оқытудың сәттілігі оқытылу сияқты адамның психикалық қасиетімен анықталады. Бұл түсініктің негізін адамның жеке бас ерекшеліктері (бейімділік, жеке адамның тұрақтылығы мотивациялар тығыздығы және басқалар) және оның барлық интеллектуалдық потенциалы құрайды.

Оқушылардың үлгерімі тек арнайы қабілеттер мен жалпы интеллект дамуына ғана емес, сонымен бірге, қызығушылықтар мен мотивтер, мінез қырлары, темперамент, жеке адам бағыттылығы, оның өзіндік санасына да тәуелді. Жеке адамның бағыттылығына, оның материалдық және рухани қажеттіліктері кіруі мүмкін. Осы қажеттіліктер өзінің қанағаттануын күтеді және сондықтан да құмарлық, еліктеу, тілек ету, талпыныс, эмоционалдық күйлерді тудыратыны хақ, ал осылардың себебінен оқушы белсенділік танытуға мәжбүр болады.

Жеке адамның потенциалды мүмкіндіктерін жұмылдырудың маңызды шарты оның қандай да бір іс - әрекет түріне бағыттылығы мен белсенділігі болып табылады. Адам үшін ең мәнді нәрсе сайып келгенде оның іс-әрекетінің мотивтері мен мақсаттары ретінде орын алады.

Колледж оқушыларының жеке басындағы негізгі қажеттіліктерінің бірі қарым-қатынас қажеттілігі. Қарым-қатынаста оқушылар өзгелерді ғана емес өзін де танып-біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін меңгереді.

Оқушы дамуы мен іс-әрекетінде әлемдік көзқарасы - қоршаған ақиқат дүниеге көзқарасы, наным-сенімдер жүйесі де қомақты рөлге ие. Оқушының мінез-құлқы мен әрекетіндегі айқын ерекшеліктер темпераментіне де тәуелді. Сондай-ақ, колледж оқушыларының іс-әрекеттерінде олардың мінезі де көрініс береді. Мінез - адамның салыстырмалы тұрақты психикалық құрылымы, оның жүріс - тұрысына әсер ететін қырлар жиыны.

Сонымен колледж оқушыларының жас кезеңдерінде төмендегідей жаңа жасалулар, мүмкіндіктер анық байқалады:

- ақыл-ой, адамгершілік қатынастағы зерделілік (ересектік) ;

- наным-сенім, дүниеге көзқарасы;

- өзбеттілік - турашылдық;

- сыншылдық және өзіне сыншылдық;

- ішкі сенімсіздікті тудыратын өзіндік бағасының қайшылығы;

- максимализм, үлкендердің ойына жағымсыз қатынас;

- екі жүзділік, қалжың, дөрекілік, айқаймен әсер етуге талпыныс;

- интеллектуалдық танымдық дамудың жоғарғы шегі.

Колледж оқушыларының кәсіби ойлау мен кәсіби компотенттілігінің қалыптасуындағы ең қолайлы кезең.

Біздің ойымызша, колледж оқушысы жеке адам ретінде өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Ол үлгерімді колледж оқушысы болуымен қатар келешек өмірінің жоспарларын құрайды. Оқушы оқу уақытынан бөлек махаббат, эстетикалық таным, басқалармен қарым-қатынасқа түсу, бос уақытын өзткізуге де уақыт бөлуі керек. Кейбір адамдар өмірде жар таңдау мәселесінде айтарлықтай қиыншылық, қиналыстарға, түсініспеушілікке, қызғаныш пен жек көру сезімдерін бастарынан кешіріп жатады.

Бірінші курс білімалушыларының оқу орнына бейімделу үрдісіне орай жүргізілген көптеген зерттеулер келесідей негізгі қиындықтарға жіктеледі екен:
1) кешегі мектептің ұжымындағы оқушылардың оның өзара көмегі мен моральдік қалауының кетуімен байланысты жағымсыз күйзелістер;
2) кәсіпті таңдаудағы мотивацияның белгісіздігі, оған жеткіліксіз психологиялық даярлық;
3) мінез-құлық пен іс-әрекетті психологиялық өзіндік реттей алмаушылық, оның күнделікті бақылауға алынуын педагогтардың талап етуі;
4) жаңа жағдайда еңбек пен демалыстың оптималды тәртібін қарастырып іздеу жұмыс пен өзіндік қызметті реттеу, әсіресе үй жағдайынан жатақханаға ауысу кезінде;
5) соңғысы өзіндік жұмысқа дағдының болмауы, конспекті жасай алмау, алғашқы еңбек көздерімен, сөздіктермен, анықтама сілтемелермен жұмыс жасай алмаушылық;
6) оқу орнында қалыптасқан ішкі тәртіп ережесіне қайшы әрекеттерді жасау, ішкі тәртіпке көнбеушілік немесе үйренбеушілік.
Барлық осы қиыншылықтар өзінің шығуына байланысты әр түрлі. Оның кейбіреулері объективті құрыла алмайтын, енді біреулері субъективті сипатта және де әлсіз даярлықпен, мектеп және жанұя тәрбиесіндегі ақаулармен байланысты.

1. 2 Оқушылардың оқу жағдайларына бейімделуінің сипаты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Инклюзивті білім беру жүйесінде ПОҚ құрамына кіретін мамандар құрамы
Зияты зақымдалған балаларды арнайы мектепте оқытудың әдіс - тәсілдері
Мектепке дейінгі балалардың ақыл- ой тәрбиесі
Жас ұрпақты нарық жағдайында кәсіпшілдікке бейімдеу
Зияты зақымдалған балалар
6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Өзіндік жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырушы фактор ретінде
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz