Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жайлы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық коледж

Педагогика, психология кафедрасы

Пәні: Педагогика

КУРСТЫҚЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары. . »

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

М А З М Ұ Н Ы

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім

І ТАРАУ.

1. 1. Шығармашылық жеке тұлғаны дамытудың негізі . . . 6

1. 2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылық жұмыстар жүргізу дағдысын қалыптастыру

ІІ ТАРАУ.

2. 1 . . . Оқушылардың ғылыми-шығармашылық, зерттеушілік ізденісін қалыптастыру . . . 8

2. 2. Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары. 14

2. 3 . . . Оқу-тәрбие үрдісінде шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселелері . . . 23

ІІІ. Қорытынды . . . 29

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

КІРІСПЕ.

Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Қиял-қабылдау үрдісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорытып, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгі жаңалай өзгертіп барады. Қиял -ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі-ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады.

Бұл курстық жұмыстың негізгі бөлімі үш тақырыптан тұрады.

Бірінші тақырыпта оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың ролін « Мұғалімнің педагогтық әдебі» туралы И. Е. Синицаның еңбегінен қарастырдым. Автор тәрбиелеу және оқыту өнеріне, мұғалімнің оқушымен қатынас жасай білуіне талдау жасайды. Ол мұғалім еңбегінің өзіне тән ерекшелігін ашып, сыныпта іскер қарым-қатынасты қалай қалыптастыруға және мектеп оқушылары бойында өз абыройын сақтай білу сезімін қалай дамытуға болатынын көрсетеді.

Екінші тақырып оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын Б. А. Тұрғынбаеваның «Дамыта оқыту технологиялары» атты оқу әдістемелік құралынан қарастырылды.

Бұл еңбек мектеп өмірінің, мұғалімдердің жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.

Үшінші тақырып сыныптан тыс тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылығын дамыту барысы . Мұнда С. Г. Губашева мен А. Ж. Отарбайдың «Тәрбие жұмысының әдістемесі» деген еңбегін пайдалана отырып тәрбие жұмысының негізгі әдістері, мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, тәрбиенің нәтижесін есепке алу мен бағалау туралы әдістері қарастырылады.

Зерттеу объектісі: оқу-тәрбие үрдісі

Зерттеу пәні: Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.

Зерттеу мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту жолдары.

Зерттеу мақсаты мен болжамына сай осы жұмыстың мынадай міндеттері болады:

1. Шығармашылық - жеке тұлғаны дамытудың негізі екендігін анықтау. . 2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.

3. Мұғалімнің өз іскеолігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас орната білу.

Зерттеу болжамы:

Зерттеудің теориялық маңызы:

Зерттеудің практикалық маңызы:

Зертеудің әдістемесі:

Зерттеу құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, екі тараудан, қорытынды, қорытынды әдебиеттерден тұрады.

Зерттеу базасы:

І ТАРАУ.

1. 1 Шығармашылық жеке тұлғаны дамытудың негізі.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.

Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары «шығармашылық» сөзімен «жаңалықпен» қатар «бастамалылық, белсенділік» ұғымдары астарлас қолданылып жүр.

Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, мына төмендегідей қорытындыға келуге болады:

Шығармашылық өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтылуда.

Шығармашылыққа деген қажеттілік- күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда болып жатқан жаңару процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.

Шығармашылық бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестері табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.

Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өз қабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып, оның «әрекет» ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады әрі қарай дамиды.

Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы: И. Я. Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді. А. Н. Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу) болжай білу қабілеттерін атайды.

Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады. ( Тұрғынбаева Б. А. 52-54 бет. )

1. 2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылық жұмыстар жүргізу дағдысын қалыптастыру

Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі. Табиғат, қоғам құбылыстарында, жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде - бәрінде шығармашылық табиғи үрдістері үздіксіз жүріп жатады. Және ол үрдіс бейберекет, жүйесіз жүрмейді, белгілі бір табиғи заңдармен, табиғи жүйемен дамиды. Бұл-өз өрі мен еңсесі, асуы бар, қат-қабат, шытырман, қия-қиядан тұратын жол. Табиғат ішкі шығармашылық үрдістерді өзі басқарады. Біздің тілге тиек ететін құбылысымыз - табиғи шығармашылық үрдістердің үздіксіз дамуына себепкер болатын сыртқы факторлар. Сыртқы факторлар, ішкі табиғи мүмкіндіктерді ескере отырып реттеу, жүйелеу, басқару жеке адамның ой-санасына, қызметіне байланысты.

Сыртқы фактордың бірі - жас ұрпақ тәрбиесіне бағытталған идея-мұраттарымыздың жүйесі. Қазір ғылымда оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Алайда ол дарынды, талантты балалардың қабілетін дамытуды жүзеге асыру деген қорытындыдан әрі аса алмауда. Жалпы, балаларды мектеп жасында дарынды, дарынсыз деп бөліп оқыту адамгершілік негізіне қайшы келеді. Оның үстіне психология мен педагогика ғылымында әрбір баланың дарындылығы қандай дәрежеде екенін анықтайтын дәл өлшем әлі табылған жоқ. Мектепті үздік бітірген мыңдаған оқушының өмірмен бетпе-бет келгенде, икемсіз, дәрменсіз болып шығатын кездері де аз болмайды. Сондықтан көркемдік қабілеттің барлық адамға тән екендігін мойындасақ, «әрбір бала-өзінше данышпан деген қағидаға сүйенсек, оқушыны дарынды, дарынсыз деп жіктеу - адам табиғатына қарсы шығумен бірдей.

Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам туындайды. Қоғам қашан да дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр -сипатына мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет-қасиетке ие жаңа адам пайда болды. Қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылықты мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.

Баланың шығармашылық қабілетінің ашылу мүмкіндігі қай кезеңде көбірек байқалмақ, жалпы қай жастан бастап баулып, үйретуге болады? Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділікте бар екен. Сондықтан баланы балабақша жасындағы кезеңнен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі сатылы түрде шығармашылыққа баулып, қиял-фантазиясын (қиял, фантазия - екеуі екі бөлек ұғым), ақыл-ойын, икемділігін дамытып отыру қажет.

Балалар көп жағдайда өз ойларын ешнәрсе құрап жаза алмайды. Өйткені олар қиялдай білмейді. Кез-келген туынды дамыған қиял нәтежесінде туады. Қиялды дамыту дегеніміз бала психогологиясына әсер ету деген сөз. Психологиялық әсерге мынадай жағдайды айтуға болады:

  • Мұғалім - оқушы үшін қарапайым жан. Ал егер ол оқиға құрап, шығарма жазып, жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше елтиді, өзінің күшіне деген сенімі қалыптасады;
  • «Сенің қолыңнан бәрі келеді. Сен қабілеттісің. Тек тапсырмаға дұрыс ден қойып, орындауға тырыссаң, бәрі біз ойлағандай болады, »-деп, баланың еркін билеп, сенім ұялату;
  • Оқушының кішкентай жетістігін (шығармашылыққа ұмтылысының өзін) мадақтау, көтермелеу: үздік шығармаларды сыныпта оқытып, оған құрбыларының жағымды көзқарасын ояту, оқушы басылымдарына шығару, тіпті сабақтан тоқсандық қорытынды да ең жоғарғы бағаға дейін қою;
  • Білгілі ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық лабораториясынан қызғылықты жайттарды әңгімелеу;
  • Шығармашылық үрдісті басқару үстіндегі мұғалімнің құптаушылық көзқарасы, сезім күйлері, ым-мимикасы, т. б.

Оқушы тілін ұстарту жұмыстарының негізгі нысаналарының бірі - шығарма жазу.

Шығарма - оқушының білім деңгейін көрсететін, оның қиялы мен қабілетінің көрінісі. Осы аталған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. «Шығарма жаза білу адамдардың бақылағыштық қабілетін, қиялын, фантазиясын дамытады, адамзатты өркениеттендіреді. » (А. Рыбаков) Шығарма жазуда оқушының өзінік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсері, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.

Шығарманың құрылысы тақырып, жоспар, мазмұны (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), сонымен бірге материалдарды баяндау үдісі мен оның ретті жүйесі сияқты мәселелерден тұрады.

Шығарма жұмыстарының әзірлік, жазу, аяқтау, тексеріп-бағалау, талдау жасау кезеңдері болады.

Мектеп қабырғасында жазылып жүрген шығарма жұмыстарында оқушылардың шығарма жазу дағдысын, теориялық білімінің дәрежесін аңғаруға болады. Оқушылардың теориялық білім толық болғанымен, шығарма жазуда ойларын шашыратып, жүйелі баяндай алмаушылық бар. Мұндай кемшіліктерден оқушылардың сөздік қорының тапшылығы, өз бетімен кітапты аз оқитыны байқалады. Шығарманың жазылуында ұшырасатын кемшіліктердің негізгі мына жағдайларға байланысты:

  • Оқушы көңіл-күй шығармашылық құлықсыз, көңілі бірдеңеге алаң болған жағдайда, шығарма мақсатына жетпейді.
  • Шығарма мазмұнына, жазу бағытына нұсқау, бағыт берілмесе, оқушы немқұрайлы қарап, шығарманың қалай болса солай жазылуына жол берілген жағдайда шығарма өз мақсатына жетпейді;
  • Қате түсіндіріліп, көңілсіз жазылған шығармаларды оқушыға түсінікті етіп қайта құрастыру, ойын жүйелеп, түзеп-жаңарту оңайға түспейді. Сондықтан сәтсіз шыққан шығарманы қайтадан өңдеп жаздыру кейбір жағдайларда оқушы ықыласын төмендетуі мүмкін. Сол себепті алдыңғы сәтсіз шыққан шығармадағы кемшілікті жою үшін, мазмұны алдағы сәтсіз жазылған жұмысқа жуық басқа мәтінге шығарма жаздыруы ұсынған тиімді.

Оқушы шығармасына қойылар көркемдік- өлшемдер қандай болмақ -соны анықтап алуымыз керек.

Ең алдымен, оқушы шығармасында бұрын ешкім естіп-білмеген, сезбеген, көрмеген тың бір нәрсе жарқ етеді. Кенет оқырман әлдебір ғажап жұмбақ әлемге тап болып, бұрын сезбеген, білмеген жаңамен қауышады. Осы жаңа нәрсе, тың нәрсе шығарма мазмұнының өлшемі болмақ. Мүмкін, оқырманды шығарма арқылы көрінген автордың (оқушының) жан-дүниесі, бүкіл болмыс-бітімі, көз қарасы, арман-мұраты баурап алар. Немесе автордың философиялық байымы, лирикалық толғанысы, сезім тереңдігі тәнті етер. Оқушылар шығармаларынан мысал келтіре кетсем:

«аққу жүрегі секілді, оның өлеңі де сұр мергеннің оғынан жаралы еді . . . »

«жоқ . . . Сәкенді жарқабақтың жанына қойып атып салғанмен, оның рухын құрта алмайды жаулар. Ол тек әркім барар, әркімге мәңгілік мекен болар өлім күйін тыңдауға о дүниеге аттанды . . . »

«жер бетіндегі бақастық пен әділетсіздікті, қаныпезерлік пен жауыздықты көріп, Күн ару бір күндері кілт бұзылып, мәңгілікке кетіп қалса не болар еді?! . . . »

Оқушы шығармасындағы екінші жаңалық - оның формасында. Оқушы мазмұны ұтқыр, көркем жеткізу үшін сан алуан форма іздейді. Мысалы, Ш. Айтматов шығармаларында мифтік аңыздарды өзінің мұратын, бүкіл адамзаттық идеяларды беру үшін қалай шебер пайдалана білген. М. Әуезов қасқырдың қомағайлығын, ашқарақтығын, т. б. қасиеттерін беру үшін көркем сөз - еліктеуіштерді қалай құбылтып, ұшқыр келтірген. Сол секілді оқушы да тың, жаңа образ іздеу керек. Жаңа метафоралар, теңеулер, көркем сөздер өірге келуі мүмкін. Мысалы:

«қазақ әдебиетінің артерия қан тамыры секілді алып бір саласы - мақал-мәтелдер-періште сөз, пері теңеу, пайғамбар ойдың жиынтығы»

Үшінші қажеттілік - оқушы көркем ойлауға үйрету. Сондықтан шығарма көркем стильмен өрнектелуі тиіс. Көркем стиль ғана лирикалық әуен, сезімдік иірім-ырғақты жеткізуге қабілетті. Қазіргі оқушылардың шығармаларындағы кемшіліктердің бірі -стиль қойыртпағы. Мына үзінділердегі жазба әріпі сөздерге, тіркестерге назар аударсақ:

. . . Менің туған жерім - Тыңайтқандай жауырыны жер иіскемеген толағай палуанның, Шәмілдей алдыңғы қатарлы жазушы ағамыздың кіндік қаны тамған жер. Бұлар менің өзімнің туған жерім бойынша, ал елім бойынша . . .

. . . туған жер мәселесі кім-кімді де ойландырмай қоймайды.

. . . ұстаз өз бойындағы тек қана асыл адамгершілік қасиеттерінің, тұңғиығы терең білімінің, сол білімге деген құштарлығының ұрықтарын өз шәкірттері- болашақ қоғам иелерінің бойында дамыта, өсіре білу шарт.

Келтірілген мысалдардан не аңғардық, сөз құрау, сөз саптау мәдениетінің жоқтығы, ой үйлесімділігінің сақталмауы, стиль мәселесінің шешілмегендігін анық байқауымызға болады. Бұл үлкен дөрекі қателіктер.

Шығармаға қойылатын төртінші талап - әр баланың өзіндік стилін, қол таңбасын, үнін қалыптастыру. Сыныптағы отыз оқушының ойы егіздің сыңарындай болып тұрмауы керек. Мысалы:

« . . . Ыбырай атамыз 1841 ж Қостанай облысы, Затобол ауданында дүнеге келді. Әкесі ерте кезде қайтыс болғандықтан, оның тәрбиесімен атасы Балқожа айналысты. Тоғыз жасында Ыбырайды атасы ең алғашқы орыс-қазақ мектебіне береді . . . он алты жасында мектепті бітіріп, екі жылдай ауылда мұғалім болған. Атамыз шекаралық комиссияға тілмәш болып ауысты . . . »

Бұл шығарма оқушының үні жоқ, хронологиялық жүйемен жазылған конспект десе де болғандай.

Жалпы шығарма жұмыстарын ұйымдастыру бағыты жеке, ұжымдық бағытта да өтуі мүмкін. Жеке оқушы шығарма жұмысын жазғанда ой елегінен өткен тақырыптарды сұрыптап, ойын, пікірін анықтап жаза алады. Ал ұжымдық шығарма жұмыстарында оқушылар ұжымдасқан түрде, бірігіп жазады. Әртүрлі ойлайтын, әртүрлі пікірдегі балаларды ұжымдастыра отырып, шығарма жаздыру қиындау. Мұғалім барлық балалардың әрқилы ойларын жинақтап, бір тақырып төңірегіне топтастыру керек. Осындай ұжымдық шығармаларжаздыру жағдайында сурет арқылы, ойын арқылы жүзеге асырылатын шығармалардың маңызы зор деуге болады. Мәселен, оушыларға сурет суыртамыз. Сол суреттердегі бейнелерге қарап, ауызша (алдыменен) әңгіме құрай бастайды. Алғашқы оқушыға горн суреті түскен болатын, ол: «ертесіне ертемен горн даусы естілді . . . »

Келесі оқушы (бота суреті түскен болатын) : «оған алыстан өрісте жүрген ботаның құлағы елең ете қалды . . . »

Үшінші оқушы (қолында құстың суреті бар) : « . . . алыстан горн даусын естіп құс та жетіпті . . . »

Төртінші оқушы (егіс даласында еңбек етіп жатқан оқушылардың суреті бар) : «сөйтсе, горн оқушыларды еңбек және демалыс лагеріне шақырған екен. Балалар қызу еңбекке кірісті . . .

Тағы бір шығармашылық жұмыстарды жүргізу түрі ойын түрінде болады. Сөз тізбегінің әрбір сөзі бірдей дыбыстан басталып, ақыл, нақыл, мақал сөз болып келуі қажет. Мысалы: «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген белгілі халық мақаланың құрамы жағынан қандай өзгеріске ұшырағанын салыстырайық: «қапияда құлан құдыққа құласа, құтырған құрбақа құлағында қодыраңдайды» Бұл жерде біріңғай аллитерациялық көрініс байқалады. Оқушылар шығармашық жұмыстарының нәтижесінде мынадай ойлар мен жаңа нақылдарға қол жеткіздік:

Айтыста ақиық атану - ақындардың арманы

Көшеде кемтар кісіні көріп күлу - көргенсіздік.

Жолдастың жақындығы жолда жүргенде.

Білімсізге басындағы бұлғын бөрік білім болмас.

Қиял құсы қашанда қиялдағына қызықтайды.

Араласпаса - ағайынның арасы алыстайды.

От ортасынан оралмағандар - Отанын ойлағандай . . . т. б

Қиыннан қиыстырып сөз табу да оңай шаруа емес. Дегенменде балалардың бұл тапсырманы өалай орындағанын жоғарыдан көріп отырмыз.

Әрине, әрбір суреттің мазмұнын бір ғана сөйлеммен шектеуге болмайды. Кей жағдайда ондағы көріністі 2-3 сөйлеммен беруге де тура келеді.

Қандай бағыттағы шығармалар жаздыртсақта, ең адымен балаға таныс, оның пайым-түсінігіне сай болғаны жөн. Оқушы сол таныс дүниелерді дамытып, өз қиялына салып, одан әрмен көркейте беруге тырысатындай жағдай жасалынуы керек.

Сонымен бұл жұмыста біз шығарма түрлеріне, оларды жүргізу әдістеріне (толық болмаса да), шығармашылық қабілетті тудыру қаблеттелігіне, шығарма жазуда оқушыға қойылатын тталаптарға немесе төлтумасын жазу барысында оқушылар тарапынан кемшіліктерге жалпылама тоқталып кеткен болатынбыз. Шығарма түрлер де, оны жүргізу әдістері де зерттелуді қажет ететінін сөзсіз.

Жалпы көркем ойлау адам баласына не үшін қажет? Көркем сөздің, көркем құдыреті сол: сезім тазалығын, шынайылығын қалыптастыратын, шындықты заңдылық етіп қабылдайтын, адам психикасын дамытатын сиқыр күш, жан бар онда. Әрі жазуды үнемі дағды еткен адам (мұның өзі ақ қағазды құр шимайлау емес) әрбір сөздің (орнымен қолданғанда ғана) ішкі қабатындағы қозғалысты, дамуды, философиялық негізді түйсінбек. Сол себептен де көркем ойлау - адам баласының дүниетаным өлшемі боп негізделенеді.

Сөз соңын «Ұлт - данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді» деген қанатты фразамен қорыта келе, болашақ тәрбиеленетін, дарындыларды өмірге әкелетін, талантының көзін ашатын бірден-бір орта - мектеп екендігін қайта айтқым келеді.

ІІ ТАРАУ.

2. 1 Оқушылардың ғылыми-шығармашылық, зерттеушілік ізденісін қалыптастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары
Жеке тұлға өзіндік құндылық
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Педагогикалық техника принциптерінің оқу-тәрбие процесіндегі рөлін дидактикалық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі
Шығармашылық туралы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz