Дөңгелекті ІІ типті эксковаторлардың өндірістік жұмыс кезіндегі технологиясы және ұйымдастырылуы. Еңбек және қауіпсіздік шаралары



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі

КУРСТЫҚ ЖОБА
Тақырыбы:

Дөңгелекті ІІ типті эксковаторлардың өндірістік жұмыс кезіндегі технологиясы және ұйымдастырылуы. Еңбек және қауіпсіздік шаралары

Орындаған: 1402000 Жол-құрылыстық машиналарын техникалық пайдалану мамандығының №101 топ студенті Баямов Дархан
Курстық жобаның жетекшісі: Кубиев С.Қ.

Орал, 2014Мазмұны

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Жол-құрылыс машиналарының жалпы құрылысы және жіктелуі ... ... ... ... .5
3. Жол-құрылыс машиналарының жұмыс істеу заңдылықтары ... ... ... ... ... ... 10
4. Жол-құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу..14
5. Жол-құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде техника қауіпсіздігін және еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
6. Жол-құрылыс машиналарын пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
7. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
8. Пайдаланылған оқулықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

1. Кіріспе
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналары туралы жалпы немесе нақты түсінік алу (беру) үшін оларды алдымен жіктеп, құрылымы, мүмкіншілігі, артықшылығы немесе кемшілігі т.с.с. туралы деректерді белгілі бір ретпен баяндаған жөн. Әдетте, құрылыс жол машиналарын атқаратын міндетіне, әсер принципіне, қозғалтқышының түріне, қимылдағыштық дәрежесіне және әмбебаптығына қарай жіктейді.
Атқаратын міндетіне қарай құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарды мына кластарға бөледі: келіктік; тасымалдағыш және тиегіш-түсіргіш; жүккөтергіш; жер жұмыстарына арналған; қадалау жұмыстарына арналған; тас материалдарын уату, сұрыптау және жуу; бетондар мен ерітінділерді дайындау, тасымалдау және орнықтыру, сақтау; әрлеу жұмыстарына арналған; механикаландырылған құрал; жеңілдетілген типті жетілдірілген төсемелі жол салуға арналған; жер қыртысын, цементбетон және асфальтбетон қоспаларын және т.б. құрылыс материалдарын нығыздайтын; асфальтбетонды жабындарды, цементбетон төсемелерді салатын; автомобиль жолдарын жөндеуге және күтуге арналған.
Экскаватор (лат. excavo -- түйгіштеймін, оямын) -- топырақты қазып, жанындағы үйіндіге тогу немесе көлік құралдарына тиеу үшін қолданылатын жер қазатын машина. Бір шомішті және көп шөмішті болып бөлінеді. Әскерде, негізінен, бір шәмішті Экскаватор окоп, блиндаждық шұнқыр, бойтаса пана, әскери техниканы жасыратын орындар, жол, аэродром салу үшін және т.б. міндеттерді орындау үшін пайдаланылады.
Көп шөмішті экскаватор - үзіліссіз жұмыс істейтін, тұйықталған шынжырға (шынжырлы экскаватор) немесе роторлы доңғалаққа (роторлы экскаватор) орнатылған көп шөміштері бар жер қазатын машина. Оның рельспен жүретін, шынжыр табанды, адымдайтын түрлері бар. Көп шөмішті эксковатор біртектес және біршама жұмсақ жыныстарды қазуға және тиеуге пайдаланылады. Көп шөмішті эксковаторлардың жұмыс элементтерінің барлығы (қазу, кен массасын түсіретін орнына тасымалдау және оны көлік құралына немесе үйіндіге түсіру) бір мезгілде жүзеге асырылады. Ашық кен қазуда, негізінен, шынжырлы және роторлы көп шөмішті эксковаторлар қолданылады. Роторлы және шынжырлы көп шөмішті эксковаторлардың тиімділігі мынада: ол өзі тұрған деңгейден төмен де, жоғары да жатқан тау жыныстары массивін қаза алады.
Жер жұмыстарының құрамына: территория және алаңдарды тік тегістеу, қазаншұңқырлар мен оларды қазу қайырымды топырқпен толтыру, кейбір жағдайларда алдын ала қопсыту, су ағызу, су бұру және сулардың деңгейін төмендету кіреді.

2. Жол-құрылыс машиналарының жалпы құрылысы және жіктелуі
Экскаватор -- топырақты қазып, жанындағы үйіндіге тогу немесе көлік құралдарына тиеу үшін қолданылатын жер қазатын машина. Бір шомішті және көп шөмішті болып бөлінеді. Әскерде, негізінен, бір шәмішті Экскаватор окоп, блиндаждық шұнқыр, бойтаса пана, әскери техниканы жасыратын орындар, жол, аэродром салу үшін және т.б. міндеттерді орындау үшін пайдаланылады. Құрылыста өзінің қопсыту қабілетінің және жоғарғы өнімділігі арқасында өте кең тараған бір шөмішті экскаваторлар.
Жұмыс жағдайына байланысты олар : тік, кері күректі болады және грейферлермен де жабдықталады. Бұл экскаваторлар арнайы жабдықтармен көтергіш кран ретінде және топырқты нығыздауға , қадаларды қағуға қолдануға болады.
Экскаватордың жұмыс істейтін алаңы көлік құралдары тұратын және топырақты үйілетін жерлерді қоса есептегенде қазым, ал оның жылжып отырып алған топырық учаскесі өтіс (өту) деп аталады.
Тік күрекпен жабдықталған экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен жоғары топырақты қазуға пайдалыналады. Оларды көбінше топрығын көлікке артып (кейде үйіндіге) қазаншұңқыр және ұзын орынды қазуға қолданылады.
Тік күректі экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен төмен (өте терең емес) топырақты да қаза алады. Бұл жағдайды тек қазаншұңқырға түсу-шығу құламасын жасағанда ғана пайдаланылады.
Тік күрекпен жабдықталған экскаваторлардың қазымдарының негізгі түрі болып маңдайша (бойлай) және бүйірлі (көлденеңінен) саналады.
Маңдайша қазымдар өтістің еніне байланыстар (өтіс ені кесу радиусының R ең үлкен шамасының 0,8-1,5 тең), орташа (ені 1,5-1,8 R) және кеңге (ені 2R дан артық) бөлінеді.
Тік маңдайша қазымды қолданғанда көлік құралдарының жұмыстарын өте қиындатылады, сондықтан бұл тәсіл ені кіші және бастапқы қазымдарды қолданылады.
Мөлшері едәуір шұңқырларды қазғанда (ені 3,5 R артық) бүйірлі өтісті қолданған тиімді. Топырақты көлік құралдарына арат отырып өңдеуді бүйірлі өтіспен ұйымдастыру экскаваторлардың жұмас параметрлерін өте толық пайдалануға және жебенің төгердегі айналу бұрышын азайту есебінде олардың өнімділігн арттыруға мүмкіндік береді.
Кері күрекпен жабдықталған экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен топырақты өңдеу үшін пайдаланады және ұзын орлар мен кіші тайыз қазаншұңқырларды (мысалы , бөлек тұратын іргетастарға) қазуға қолданады. Топырақ өңдеуі маңдайша немесе бүйірлі өтіспен жүзеге асырылады.
Осымен бірге қазудың маңдайша түрі негізінде ұзын шұңқырды өстік өтіспен өңдегенде, ал бүйірлі- қазаншұңқырды өңдегенде қолданады. Топырақты көлік құралына да тиеп, үйіндіге де төгіп өңдеуге болады, соңғы жағдайда кері күректі экскаваторлардың тік күректімен салыстырғанда артықшылығы бар, онда көліктің қазан шұңқырға түсуі қажет емес. Осыдан басқа кері күректі экскаваторлардың тік қабырғалы ұзын орларды қазуға мүмкігшіліктері бар. Кері күректі экскаваторлар топырқты өңдегенде қазаншұңқырды бойлай, көлденең және иректеп жүре алады.
Көп шөмішті экскаваторлардың жұмыс элементтерінің барлығы (қазу, кен массасын түсіретін орнына тасымалдау және оны көлік құралына немесе үйіндіге түсіру) бір мезгілде жүзеге асырылады. Ашық кен қазуда, негізінен, шынжырлы және роторлы Көп шөмішті экскаваторлар қолданылады. Роторлы және шынжырлы Көп шөмішті экскаваторлардың тиімділігі мынада: ол өзі тұрған деңгейден төмен де, жоғары да жатқан тау жыныстары массивін қаза алады. Олардың өнімд. сағатына 15 мың м3, массасы 13 мың т-ға жетеді
Экскаватор - драглайндар жұмсақ және орта жұмысты топырақтарды өңдеуге, көбінесе экскаватор тұрағының деңгейінен төмен орналасқан қазаншұңқыр мен ұзын орлады қазғанда, үйінді және ойма жасағанда, тегістеу жұмыстарын орындағанда жүк артушы құрал ретінде және т.б. пайдаланады. Экскаватор-драглайндар үлкен қимыл радиусына және қазу тереңдігіне.
Жер жұмыстарын драглайндарды қолдана отырып топырқты үйіндіге төгіп немесе көлік құралдарына арта отырып өңдеуге болады. Соңғы жағдайда жұмыс шартына байланысты көлік өңдеу үстімен де, қазбаның табанымен де жүруге мүмкіншілігі бар.
Көлікті қазбаның табаны арқылы беруді ұйымдастырғанда топырақты арту көлденең- қайық немесе бойлай-қайық тәсілімен орындалады.
Көлденең-қайық тәсілді қолданғанда топырақ кезекпен көліктің екі жағынан да алынады және шөмішті босату жебенің айналуы тоқтамай ол көлік үстінен өткен кезде орындалады. Көліктер қазбаның табанымен экскаватор өтісінің осі бойынша беріледі.
Бойлай-қайық тәсілін қолданғанда шөмішті толтыру және оны босату көліктің артқы ернеу жағынан орындалады. Бұл жағдайда экскаватордың шөмішті тек қана қайта - үдемелі қозғалыс жасайды, ал платформасы айналмайды, бұл экскаватордың жұмыс циклін едәуір қысқартуға және оның өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді.
Экскаваторлар - драглайндар кері күректі экскаваторлар сияқты топырақты өңдегенде қазаншүңқырды бойлай, көлденең және иректеп жүре алады.
Грейфермен жабдықталған экскаватор жұмсақ және сусымалы топырақтарды үйіедіге және көлік құралдарынан жеке тұрған бағаналарға, сүрлем мұнараларының іргетасына, электр беру жүйелерінің тіректеріне қазаншұңқыр өңдегенде және құдық, терең және тар ұзын ор қазғанда пайдаланылады.
Экскаватор - стругтар алаңдарды тегістеу және тереңдігі 1,5м артық емес шұңқырлар қазуға пайдаланады. Топырақты үйіндіге де, көлік құралдарына да өңдеуге болады.
Скреперлерді жер жұмыстарын орындау үшін пайдаланады және келесі операцияларды орындайды: топырақты қабаттап өңдеу: алған топырақты тасымалдау: топырақты қабатпен үйіндіге үю. Оларды шұңқыр, қазаншұңқыр және ұзын орлар топырақтарын өңдеуге, қор топырағынан үйінді жасаганда : каналдар салғанда: бөгеттерге топырақ төсегенде: құрылыс және басқа алаңдар суарылатын жер және ауыл шаруашылық жерлерді тегістеуге пайдаланады.
Алдын ала қопсытқыштармен өңделмеген жерде скреперлерді пайдалану тек қана I және II топты топырақтарда мүмкін. Тығыз қатып қалған топырақты қопсыту керек және топырқты жонылатын жоңқаның қалыңдығына сәйкес қопсыту қажет.
Бұл жағдайда қопсытқышты орынды қолдану скрепер шөмішінің сиымдылығына байланысты оны толтыру жолдың қышықтығымен анықталады.
Жоңқаның қалыңдығын ұлғайту, топырақты толтырып алу уақытын кеміту үшін және топырақ алу жолын азайту, шөмішті жақсырақ толтыру үшін итергіш- тракторлар қолдану ұсынылады.
Топырақты скрепермен тілу 3 тәсілмен орындалады: дағдылы, тарақты және қабырға- шахмет тәрізді.
Дағдылы тәсілді қолданып топырақты тілу шөмішті толытру уақыты бойы тартқыш қозғалтқышына үнемі күш түсуді қамтамасыз етеді.
Тарақты тәсіл дағдылы тәсілмен салыстырғанда шөміштің толуын жақсырақ қамтамасыз етеді және қозғалтқыштың қуатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қабырға- шахмат тәрізді тәсілді қолданғанда жоңқаның қимасы тікбұрышты және қалыңдығы тұрақты болды. Өтістің екінші қатарынан бастап жоңқа олардың ұзындығының бірінші жартысында шөміштің еніне тең, ал екінші жартысында - екі рет топырақ. Жоңқаның осындай түрі шөмішті толтыру аяқталған кезде тілу кедергісін азайтады және шөміштің тезірек толуын қамтамасыз етеді.
Бульдозерлермен топырақты тілу, тасу, түсіру операцияларын орындау үшін арналған және іргетастарға қазаншұңқыр және ұзын ор өңдеу: бір жақтық немесе екі жақтық қорлардан биіктігі 2 м дейін үйінді жасау: 50-100м қашықтықтағы үйіндіге тасып ойманың топырағын өңдеу: қуыстарды, қазаншұңқырларды, ұзын орларды және т.б. жабу: алаңдарды және көлік құралын атүсірілген топырақты тегістеу үшін колданылады.
Топырақты бульдозерлермен тілу мынадай үлгілері бойынша орындалады: тікбұрышты, сныалы және тарақты.
Тікбұрышты үлгімен топырақты тілу бульдозер еңіске қарай жүргенде қолданылады. Бұл жағдайда ең үлкен өнімділікке бульдозер 10-15 градус еңіске қарай жүргенде жетеді. Сыналы және тарақты тілу үлгілерін еңіс учаскелерде жұмыс жүргізгенде қолданған жөн. Сараптау (жоспарлау) мерзімі ішінде роторлық экскаваторлардың пайдалануға берілген өнімділігі әдісінің міндеттері:
- уақыт бірлігінде өнімді шығарудың барынша мүмкіндік көлемін (саны) анықтау;
- сарапталған күнтүзбелік уақыт кесіндісіне (тоқсан, жыл) құралдарды жүктеудің барынша мүмкіндік деңгейін орнату, болашақ жоспарланған көрсеткіштерге қалай болса, нақтылы орнатылған баға үшін де солай.

3. Жол-құрылыс машиналарының жұмыс істеу заңдылықтары
Шеңберлі қазу жүйесі кем дененің ортасынан бастап жан-жаққа бір келкі таралады.
Карьерде жұмыс алаңдары борттардың барлығын қамтиды және қазу жүйесі шеңберлі сызықтармен жүргізіледі.
Горизонттарды дайындау съезді оржолдармен жүргізіледі. Кен орында кен денелері және басқа жыныстар жартасты болғандықтан алдымен қопсыту керек.
Қазу жүйесі эксковатор ЭКГ-5А және автокөлікпен жүргізіледі. Карьердің таулы және терең аймақтарында тау-кен дайындық жұмыстары бір уақытта жүргізіледі. Тау-кен жұмыстары карьердің терең аймақтарында кен қорларын толық алмағанша жүргізіле береді.
Қазу жүйесінің басты элементтері: кемер биіктігі, жұмыс алаңының ені және эксковатор блогының ені мен ұзындығы.
Тау-кен жыныстарының физика-механикалық қасиеттеріне және эксковаторға байланысты кемер биіктігін таңдаймыз
Нн = 10 м
Жұмыс алаңының ені
Шр.п. = Вр + С + Т + Z, м (1)
мұнда Вр - жарылған блоктың ені, 31 м. С - жарылған блоктың табанынан автокөлік жолының осіне дейінгі арақашықтық, 2 м. Т - автокөлік жолының ені, 5м. Z - сақтандыру призмасының ені, 3 м.
Шр.п. = 31 + 2 + 5 + 3 = 41 м
Эксковатор блогының ені
hэ.б. = , м (2)
мұндағы Т - жыныс қорларын эксковатормен қазуға кететін жұмыс күндер саны, 15 күн автокөлік үшін
Qэ.тәул. - эксковатордың тәулік өнімділігі, м3тәу, 2000 м3тәу.
Шб.п. - аттырылған блоктың ені, 30 м.
hэ.б. = 100 м
Еңістің жылжу жылдамдығы
май (3)
мұндағы Qэ.ай - эксковатордың айлық өнімділігі, 6000 м3.
Аэ - эксковатор еңісінің ені, 15,3 м.
май
Блокты қазу уақыты

Кемердің орташа жылжу уақыты
, май (4)
мұндағы N - кемердегі эксковатор саны, 1.
hф - өндірілу жұмыстарының франтының ұзындығы, 200 м.
, май
Кемердегі эксковатор блогының саны.
; (5)
дана
Эксковатор өнімділігін есептеу
Кенжарда эксковатордың түрі - торцевой. Еңіс түрі бойлық.
Эксковатор еңісінің ені,
Аu = (1,5 1,7) ∙Ru.y (6)
мұнда Ru.y - эксковатордың көсіп алу радиусы, 9,04.
Аu = 15,4 м.
Блоктағы қопарылу жыныстың ені 31 м болғанда эксковатор екі еңіспен жұмыс істейді.
Эксковатордың паспорттың өнімділігі
, м3сағ (7)
мұндағы Е - шөміш сыйымдылығы, 5 м3
Тц - эксковатор циклының паспорттық өнімділігі, 25 сек.
м3сағ
Эксковатордың техникалық өнімділігі
м3сағ (8)
мұндағы Кu.k - шөміштің толу коэффициенті, 0,7.
Кр.с. - жыныстың шөміште қопсу коэффициенті, 1,7.
Кт.в. - қазу технологиясына тиетін әсерінің коэффициенті, 0,73;
Тц = t2 + tn + tp - цикл ұзақтығы, 25,8.
м3сағ
Эксковатордың ауысымдық өнімділігі
Qэ.ау = Qm ∙ Tc ∙ Kup ∙ Kк.л. м3c (9)
мұндағы Тс - ауысым ұзақтығы, 7 сағат
Kup - эксковатордың жұмыс істеу коэффициенті 0,8.
Kк.л - климаттық жағдайдың әсерінің коэффициенті, 0,9.
Qэ.ау = 254,7 ∙ 7 ∙ 0,8 ∙ 0,9 = 1428 м3c
Эксковатордың жылдық өнімділігі
Qэ.жыл = Qэ.ау ∙ Np ∙ Пау; м3ж (10)
Qэ.жыл = 1428 ∙ 305 ∙ 3 = 1306620 м3жыл
Жұмысшы эксковатордың паркі
, дана (11)
мұнда Аг.м. - жылдағы тау-кен массасының көлемі, 2209692 м3.
эксковатор.
Тау-кен массасын қазғандағы көмекші жұмыстар. Бір шөмішті эксковатордың көмекші жұмысқа келесілер кіреді:
Эксковатор жолын жобалау кемер табанын тегістеу. Эксковаторды жылжытқан кезде кабельді жылжыту, жөндеу және майлау.
Эксковатор жолын жөндеу және кемер табанын жайпақтау ДЭТ-250 бульдозерін қолданады.
Эксковатор жабдықтарын әкелгенге автокөлік көлігін қолданады.
Кенорнын қазу тиімділігін арттырудың бірден бір жолы пайдалы қазбаның ашылған қорларын қазып алудың толықтығы мен сапасын жоғарылату болып табылады. Сондықтан көмір кеніштерінде көмір жоғалымын төмендету - қоршаған ортаны жақсарту мен оны сақтаудың ең маңызды құралы болып табылады. Осы мақсатта прогрессивті қазу технологияларын жасау - ең маңызды мәселердің бірі.
Көмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалтану
Тісті беріліс бөлшектерін жөндеу
Автокөліктің қысқаша сипаттамалары
Цехтың технологиялық өңдеу бөлімшелерін жобалау
Кен ісінде қолданылатын механикалық машиналар
Автокөліктің қысқаша сипаттамасы
Құю цехы
Санжар Моторс ЖШС жылжымалы құрамының шиналарын жөндеуге арналған учаскенің өндірістік қуатын оңтайландыру жобасы
Газды ауамен салқындату қондырғысы
Қызылорда облысының егіс алқаптары мен суландыру жүйесі
Пәндер