Есімдікті оқытудың ерекшеліктері



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Есімдікті оқытудың ерекшеліктері

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Есімдік туралы жалпы түсінік
1.1 Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Есімдіктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

2. Есімдікті қазақ тіл білімінде оқытудың әдіс-тәсілдері
2.1 Есімдіктің сөйлемдегі қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Есімдік тақырыбындағы сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тілінде сөз таптастыру проблемасының зерттеліп жарық көруі ХХ ғасырдың 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы - 1914 жылы Тіл құралы деген атпен Орынборда жарық көрген А.Байтұрсынов жазған оқулық. 1914 жылы жарық көріп, кейіннен бірнеше дүркін қайта басылған еңбекте автор сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер, одағайлар деп үш топқа бөледі де, бұлардың біріншісіне зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістікті; екіншісіне үстеу, демеу, жалғаулық деп аталатындарды жатқызады да, одағайды өз ішінен еліктеуіш, септеуіш одағайлары деп екіге бөледі. Осы еңбегінде айтылған пікірлерін Тіл құралының 1924 жылғы басылымында кеңейте, дәлдей түседі (8, 199).
Морфологияға тән әртүрлі мәселелерді бөліп алып, жекелеп зерттеушілер қазақ тіл білімінде аз емес, бірақ солардың ішінде морфологияны, әсіресе оның есім саласын тұтас алып зерттеуші, оны өзінің ең негізгі ғылыми объектісі деп есептейтін ғалым - А.Ысқақов.
А.Ысқақовтың морфологияны ғылыми пән ретінде жоғарғы оқу орындарында оқытуы және оны зерттеуі 40 жылдар ішінен басталды. Содан бері қарай жүргізілген ғылыми зерттеулердің ең соңғы қорытындысы Қазіргі қазақ тілі. Морфология деген атпен 1964, 1974, 1991 жылы оқулық ретінде бiрнеше рет жарық көрген кітабы.
Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету(негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенді безбендемей, алға басу жоқ. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі - тілдегі сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Бүгінгі таңда да жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз.
Есімдік - лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде оны орынбасар сөз табы деп те атайды.
Зерттеу пәні: қазақ тіліндегі есімдіктер
Зерттеу обьектісі. Қазақ тіл біліміндегі есімдіктер
Зерттеу мақсаты. Тіл біліміндегі есімдіктің теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
─ Қазақ тіл біліміндегі есімдіктің лексико-грамматикалық мағыналарын талдау;
─ есімдікті зерттеген ғалымдар туралы және есімдіктің қолданылуы туралы мағлұмат беру.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. есімдіктің қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болу, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт, ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, есімдіктің бүгінгі күнгі жайын зерделеу арқылы түйіні шешілмеген ірілі-ұсақты проблемаларды бөліп шығару - қазақ тіл біліміндегі морфологияның бұл өзекті мәселесінің болашақ дамуына оң ықпал тигізетіні сөзсіз.
Жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспе мен қорытындыдан басқа екі тараудан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Есімдік туралы жалпы түсінік
1.1 Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты
Есімдік - лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде оны орынбасар сөз табы деп те атайды.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашкы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.
Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздөр деп те атайды.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:
1) жіктеу есімдігі;
2) сілтеу есімдігі;
3) сүрау есімдігі;
4) өздік есімдігі;
5) жалпылау есімдігі;
6) болымсыздык есімдігі;
7) белгісіздік есімдігі.
ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ.
Бслгілі бір жақтық ұғыммен байланысты колданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай:

жақ
жекеше түрі
Көпше түрі
І
II
сыпайы
ІІІ
мен сен
сіз
ол
біз, біздер
сендер, сіздер
олар

Бірінші жақ -- айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ -- тыңдаушы жақ. Бұлар -- адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сүраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жақ. Ол -- адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма (халық әні). Ол (кім?) -- оқыған азамат. Ол (не?) -- биік тау т. б.
Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді. Тәуелденетін ол (оным, оның, оныңыз, онысы), олар (оларым, оларың, оларыңыз, олары) дегендер -- жіктеу есімдігі емес, сілтеу есімдігі.
Жіктеу есімдіктері септеледі. Біз, сіз, біздер, сендер, сіздер, олар деген жіктеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, ал мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде ерекшеліктер бар.
Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады:
1) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л, ң дыбыстары түсіп қалады;
2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады;
3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -'ы, -і дәнекері пайда болады, дұрысында түбірдегі ң дыбысы түсіп қалып, кемектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң), -ні (ң) тұлғасының үстіне жалғанады;
4) барыс септік жалғауы жуанданып; л, н түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады.
Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жактың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі
жақ
Мен, біз
сен, сіз сендер, сіздер
ол, олар
І

ІІ

ІІІ
мен-мін біз-біз
-
-
сен-сің, сіз-сіз
сендер-сіңдер
сіздер-сіздер
-
--
-

олар, ол

Жіктеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш, ілік септікте тұрып аныктауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес ссптіктерде тұрып толықтауыш, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады.
СІЛТЕУ ЕСІМДІГІ.
Сілтеу есімдіктсрі меңзеу, нұскау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтсу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, тонау, әне, міне, деген сөздер жатады. Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу, меңзеу, мәнін білдіріп, сын есімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш кызметін атқарып түрады. Мысалы: Самғай бер асқардан-асқарға мынау қырандай (Ә. Ә). Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті (М. Ғ.) деген сөйлемдерде мынау, бұл есімдіктсрі к,ай? (қырандай, ұрыста)? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып түр.
Сілтеу есімдіктеріне кейде көптік, тәуелдік жалгаулары жалғанады, анау, мынау, сонау, осынау дегендерден басқасы септелініп те қолданылады. Мысалы: бұл - бұлар, сол - солар, осы - осы-лар, анау - анауым-анауың-анаулары т. б.
Сілтеу есімдіктерінің тәуелдену үлгісі

Жақ
бұл
сол
Ол
I менің
II сенің
сіздің
III оның
бұным бұның бұныңыз бұнысы
соным соның соныңыз сонысы
оным оның оныңыз онысы
I біздің
IІ сендердің
сіздердің
III олардың
бұнымыз
бұларымыз
бұларың
бұларыңыз
бұлары
сонымыз
соларымыз
соларың
соларыңыз
солары
онымыз
оларымыз
оларың
оларыңыз
олары
Жақ
Осы
мынау (мына)
анау (ана)
I менің
II сенің

Сіздің
III оның
осым
осыным
осың
осының

осыңыз
осысы
Мынауым
Мынауың
мынауы
ңыз
мынауы
Анауым

Анауың

анауыңыз

анауы

Сілтеу есімдіктері септелгенде, заттанып, зат есімнің орнына жұмсалады. Олардың септелгенде мынадай ерекшеліктері байқалады:
1) бұл, сол, ол деген сілтеу есімдіктері мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктері сияқты септеледі:
а) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л дыбысы түсіп қалады;
ә) жатыс септікте түбірде л дыбысы н-ға айналады;
б) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -ы дәнекері пайда болады (дұрысында түбірдегі л дыбысы түсіп калып, кемектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң) тұлғасының үстіне жалғанады;
е) барыс септік жалғауы түбірдегі л дыбысы түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады;
2) барыс септік жалғауы -ған түрінде осы, мына, ана деген сілтеу есімдіктеріне де жалғанады:
3) жатыс септікте осы сілтеу есімдігіне -нда жалғауы жалғанады;
4) бұл сілтеу есімдігінің түбірі ілік, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде мұ түрінде де қолданылады.
Сілтеу есімдіктері сөйлемде толықтауыш қызметтерін де атқарады. Сілтеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш болғанда, одан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бұлар -- станцияның маңдай алды құрылысшылары (Ө. Нұрш.). Бұл -- аңыраған ана Наталья. (Ғ. М.)
Сұрау есімдігі
Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? Зат есімге және зат есім орнына қолданыла алатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар қосыла алады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін? т. б.
Кейбір сұрау есімдіктерінің, тәуелдену үлгісі.
Тәуелдіктің жақтары
кім
не
қайсы
Нешеу
І менің
біздің
ІІ сенің
сіздің
сендердің
сіздердің

ІІІ. оның
олардың
кімім?
кіміміз?
кімің?
кіміңіз?
кімдерің?
кімдері-
ңіз?
кімі?
кіміі?
кімдері?
Нем?
неміз?
нең?
неңіз?
нелерің?
нелері-
ңіз?
несі?
несі?
нелері?
қайсым?
қайсымыз?
қайсың?
қайсыңыз?
қайсыларың?
қайсылары-
ңыз?
қайсысы?
қайсысы?
қайсылары?
нешеуім?
нешеуіміз?
нешеуің?
нешеуіңіз?
нешеулерің?
нешеулеріңіз?

нешеуі?
нешеуі?

Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана I, II жақтарда жіктеледі. Себебі I және II жақ яғни айтушы (мен, біз) және тыңдаушы (сен, сендер, сіз, сіздер) адам ғана болады. III жақ адамнан баска да бөгде эатқа катысты бола береді.

Сұрау есімдіктерінің жіктелу үлгісі

Жіктіктің жақтары
кім?
Кайсы?
нешеу?
қандай?
не?
I мен
біз
II сен
сендер
Сіз
кіммін? кімбіз? кімсің? кімсіңдер?
кімсіз?
қайсымын?
қайсымыз?
қайсысың?
қайсысың
дар?
қайсы-
сыз?
нешеумін? нешеуміз? нешеусің? нешеусіңдер?
нешеусіз?
қандаймын?
қандаймыз?
қандайсың?
қандайсың-
дар?
қандайсыз?
--

-

-
сіздер
III ол олар
кімсіздер?
кім? кімдер?
қайсы-сыздар? қайсы? қайсы?
нешеусіз-дер? нешеу? нешеу?
қандайсыз-дар? қандай? қандай?
Не? нелер?

Өздік есімдігі
Өздік есімдігіне әр тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. өз есімдігі тәуелдеулі, көптеулі, септеулә түрде қолданылады да, жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы: менің өзім, сенің өзің, баланың (Асқардың) өзі, оөушылардың өздері, біздің өзіміз, мсендердің өздерің, т.б. Өздік есімдігі түбір тұлғада өз түрінде зат есімді анықтап жұмсалады. Мысалы: өз баласы, өз ісім, өз жұмыстарың, т.б. Өз есімдігі әдетте тәуелденіп барып септеледі. Сондықтан оның үлгісі тәуелдеулі септеу болады.

Өздік сімдіктерінің септелу үлгісі

Септік
өзім
өзің
өзіңіз
өзі
А
І
өзім
өзімнің
өзің
өзің-нің

өзіңіз
өзіңіздің
өзі
өзі-нің
Б.
Т.
Ж.
Ш.
К.
өзіме
өзімді
өзім-де
өзім-нен
өзім-мен

мені-мен
өзің-е
өзің-ді
өзің-де
өзің-нен
өзім-мен
өзіңіз-ге
өзіңіз-ді
өзіңіз-де
өзіңі-ден
өзіңізбен
өзі-не
өзі-н
өзі-нде
өзі-нен
өзі-мен

Өз есімдігі теуелденіп барып жіктеледі.
Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі.

Жак
өзім
өзін
өзіңіз
өзі
I мен
өзіммін
өзіңмін
өзіңізбін
өзімін
Біз
өзімізбіз
өзіңбіз
өзіңізбіз
өзіміз
II сен
өзімсіқ
өзіңсің
өзіңізсің
өзісің
сендер
өзімсіңдер
өзіңсіңдер
өзіңізсіңдер
өзісіңдер
Сіз
өзімсіз
өзіңсіз
өзіңізсіз
өзісіз
сіздер
өзімсіздг.р
өзіңсіздер
өзіңізсіздер
өзісіздер
III ол
өзім
өзің
өзіңіз
өзі
олар
өзім
өзің
өзіңіз
өзі

Өз есіндігі теуелденіп барып жіктеледі.
Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі

Жак
өзім
өзін
өзіңіз
өзі
I мен
өзіммін
өзіңмін
өзіңізбін
өзімін
Біз
өзімізбіз
өзіңбіз
өзіңізбіз
өзіміз
II сен
өзімсіқ
өзіңсің
өзіңізсің
өзісің
сендер
өзімсіңдер
өзіңсіңдер
өзіңізсіңдер
өзісіңдер
Сіз
өзімсіз
өзіңсіз
өзіңізсіз
өзісіз
сіздер
өзімсіздг.р
өзіңсіздер
өзіңізсіздер
өзісіздер
III ол
өзім
өзің
өзіңіз
өзі
олар
өзім
өзің
өзіңіз
өзі

Кейде өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігі мен зат есіммен де тіркесіп қатар жұмсалады.
Мысалы:
мен өзім айттым біз өзіміз айттық
сен өзің айттың сендер өздерің айттыңдар
сіз өзіңіз айттыңыз сіздер өздеріңіз айттыңыздар
ол (бала, Ахмет) өзі айтты олар (балалар) өздері айтты
Өз есімдігінен жасалған өз-өзінен, өзінен-өзі, өзімен-өзі, өзді-
өзі деген қос сөздер дефис аркылы жазылады.

1.2 Есімдіктің түрлері
Жалпылау есімдігі. Жалпылау, жинактау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, тугел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы -- өлең айтып, ән салалық. (А.). Түгел сөздің түбі бір, түп атасы -- Майқы би (мақал).
Берілген мысалдан көрінетіндей, жалпылау есімдігі көбіне-көп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ жалпылау есімдігі көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы: Енді нені істейміз, Бәрінен де бос 'қаддық? (А). Біліпті дерттің барлығын (А).
Әдетте жалпылау есімдіктері тәуелденіп барып септеледі.
Болымсыздық есімдігі. Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме. Мысалы: Көнбеді ешкім сөзіме Әдетіне қарысып (А) Болымсыздық есімдіктердің ешкім, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендері зат есімнің орнына, ешқандай, ешбір дегендері сын есімнің орнына, ешқашан, ешқайдан дегендері үстеу немесе мезгілдік, мекеңдік мағынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Мысалы: Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? (А). Ашық мінез, ақ маңдай, Менмендік жоқ ешқандай (қазақ әндері). Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге каратпа, кісіге каратып ойнап оқтама (Ш. Айманов). Ешқайда болмай шықты оған жер тең (С. М.) деген сөйлемдерде ешкім деген болымсыздық есімдігі кім (білмейді)? деген сұраққа жауап беріп, адам мәнінде қолданылған, сөйлемнің бастауышы болып тұр; ешқандай болымсыздық есімдігі қандай (менмендік)? деген сұракқа жауап беріп, менмендік деген дерексіз мәндегі заттың сынын білдіріп, сөйлемнің анықтауышы болып тұр; ешқашан болымсыз есімдігі қашан (каратпа)? деген сұракқа жауап беріп, қаратпа деген қимылдың мезгілін, ешқайда болымсыздық есімдігі қайда (болмай шықты)? деген сұраққа жауап беріп, болмай шықты деген қимылдың мекенін білдіріп пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш сөзі мен бір, кім, қашан, қандай, қайдан, қайда, қайсысы тәрізді есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған. Сондықтан да олар бірігіп жазылады. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркессе, бөлек жазылады. Мысалы: Сенен басқа еш жерден Таба алмадым орнымды (А).
Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады. Мысалы: Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін. (А). Адамның кейбір кездері Көнілде алаң басылса (А). Бұл сөйлемдердегі біреу есімдігі белгісіз бір адам деген мағынада, кейбір есімдігі нақ мезгілді атамай белгісіз бір кездер мәнінде қолданылған.
Белгісіздік есімдігіне біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлдекім, әлдене, әркім, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан дегендер жатады.
Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар. 1. Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері еқінші есімдіктермен (біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз т. б.) тіркескенде, бірге жазылады да, басқа сөз таптарымен (мысалы, зат есімдермен) тіркескенде, бөлек жазылады. Мысалы: Бізде ерік жок, бастай бер, Әлденеге бастайсыз (А). Әлдеқайдан гармон үні, ән сазы естіледі (Қ. Токаев). Әрқашан күн сөнбесін... Директор біреумен сөйлесудің алдында кезінен қөзілдірігін алып, әр уақытта да бір езу тартып, күлімсіреп алады. (С. Ерубаев). Кей құрбы бүгін тату, ертең бату (А).
2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене тәрізді белгісіздік есімдіктер зат есім орнына жұмсалады. Олар көптік, тәуелдік, септік жалғауларында жұмсалып, сөйлемде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытуда берілетін тапсырмалар түрлері
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытудың тиімді жолдары
Дидактиканы оқытудың мақсаты
Қазақ тіліндегі есімдіктердің пайда мен есімдіктердің даму тарихы туралы ғалымдардың пікірінен мағлұмат беру және есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын айқындау
Төлеу сөз
Қазақ тілі сабағында есімдіктерді оқыту әдістері
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқыту
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді сөйлемдер
Ағылшын-қазақ тілдеріндегі есімдіктер және орын алмастырушы сөздер
ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Пәндер