Әдебиет сабағындағы жаңа әдіс-тәсілдер жайлы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Әдебиет сабағындағы жаңа әдіс-тәсілдер

Орындаған: Назарова А.Ж.
3п ҚМҚ топ студенті
Жетекші: Жолдасова А.А.

Орал, 2014ж

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Әдебиетті оқыту әдістері
1.1 Әдебиетті оқыту - ғылым, шығармашылық құбылыс ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдары ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Көркем шығарманы оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2. Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері
2.1 Қазақ әдебиетін оқытудың интерактивтік әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ...16
2.2 Әдебиет сабағында білім берудің тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек делінген Қазақстан - 2050 стратегиялық бағдарламасында. Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, жан дүниесі сұлу, рухани бай, сезімтал, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін қажырлы еңбек қажет.
Өз мақсатына жету үшін ұстаздың қолында үш қаруы болуы керек. Ең бастысы - шәкірттеріне деген шынайы сүйіспеншілігі мен терең ғылыми білімі, екіншісі - сол білімін оқушы бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс-тәсіл. Осылардың басын біріктіре білген ұстаз жаңа технологияның тиімдісін, ең көрнектісін таңдап, қолданады.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
1) пассивті оқушы оқытудың объектісі рөлін атқарады (тыңдау және көру)
2) активті белсенді оқушы оқытудың субъектісі болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, зертханалық - практикалық жұмыс)
3) интерактивті - inter (өзара), act (әрекеттесу). Оқыту үрдісі барлық оқушылардың тұрақты белсенді түрде өзара қарым - қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.
Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Зерттеу мәселесі - қазақ әдебиеті сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу объектісі - мектеп оқушылары
Зерттеу болжамы - егер қазақ әдебиеті пәнін оқытуда мұғалім жаңа әдістерді пайдаланса оқушы сабаққа зейін бөліп, қазақ халқының салт-дәстүрі жайлы мәтіндермен танысып, оқуға деген ынтасы да жоғарылайды.
Зерттеу пәні - Әдебиет сабақтарындағы жаңа әдіс тәсілдер
Зерттеу мақсаты - әдебиет сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жұмыстану ерекшеліктерімен танысу.
Зерттеу міндеттері:
oo Әдебиет пәнін оқыту әдістемесі туралы;
oo Оқушылармен жұмыстарда әдебиет сабағында қолданылатын әдістермен танысу;
oo Әдебиет пәнінің тәрбиелік мәнін көрсету.
Зерттеу әдістемесі - ғылыми - педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау, мұғалімнің жұмысына талдау жасау.
Тәжірибелік маңызы. Эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін педагогикалық сауатын ашуда, мұғалімдердің дарынды оқушылармен жұмысында, педагог - психологтардың практикалық іс - шараларында қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы, құрамдас бөлімдері бар. Ол кіріспеден, теориялық, практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1. Әдебиетті оқыту әдістері
1.1 Әдебиетті оқыту - ғылым, шығармашылық құбылыс
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс - тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе - мұғалім оқытуы, екінші мәселе - оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі -- әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері - кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивті әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Академик Ю.Н. Бабанский өзінің Оқу - тәрбие процесін оптималдандыру" деген еңбегінде (1982 ж., Просвещение", 177-бет) әдістерді мынадай үш топқа жинақтайды.
1. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері (методы организации учебно-позновательной деятельности).
2. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (методы контроля за эффективностью учебно-позновательной деятельности).
Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту әдістеріне: сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндер), практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар, әдістер жатады. Сондай-ақ репродуктивті, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда атап кеткеніміздей, әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.
Сөздік әдіс
Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре тамыры деуге болатындай.
Көрнекілік әдіс
Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы зор.
Практикалық әдістер
Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді.Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері кезінде жазушы тілі, стилін анықтауда өте тиімді.
Зерттеу әдісі
Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблеме шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды щығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.
Әдебиет сабағында ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып, пайдалануы керек. Көркем оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді.

1.2 Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдары
Әдебиетті өнер деп тануда, көркем туындыны өнер туындысы деп қабылдауда, сөз касиеті мен құдіретіне, оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс алғашқы баспалдақ, яғни көркем шығарманы оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі ретінде ежелден-ақ тиімді әдіс болып, мұғалімдер тәжірибесінен кең орын алуда. Бұл әдістің негізгі тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлеп, әрі түсінік бере оқуы, оқушышларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды т.б.) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады. Мұғалім осы жұмыстың басықасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып қызмет атқарады.
Ұтқырлық мұратты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе болып табылады. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болмасын, оны қай сыныпта өткізбесін, сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, дағдыға" айналған әдіс-тәсілмен сабақ жүргізе береді. Бұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім бере алады деп айту қиын-ақ. Оқу-тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, -- соны да ерекше ойлану керек. Мысалы, тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай, себеп не? Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят (ситуация) тудыратын танымдық - іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Дегенмен де, осы проблемалық оқыту әдіс - тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының барлығы, барлық тақырыптар проблемалық жағдаятты талап етпейді. Сондай-ақ белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс - тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушылар дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді болады. Түсіндірмелі - репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс - тәсілдің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып, береді. Оқу материалын ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді. Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабылдап алады. Бірақ репродуктивтік - түсіндірмелі әдісте оқушының дербес ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс түрлері әлсіз болып келеді. Сондай - ақ әдебиетті оқытуда тиімділігі ерекше, көрнекілік әдістің де мүмкіндіктері әр түрлі. Көрнекілік оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дербес дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды.

1.3 Көркем шығарманы оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру
Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту, одан білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Тиімділік идеялары, саралап - даралап оқыту, оқушылардың бүкіл ой еңбегін, оқу еңбегін оған ерекше күш түсірмейтіндей, қонымды, қолайлы, нақтылы, белгілі бір уақыттарда нәтижелі, жемісті болатындай етіп ұйымдастыру, жүргізу туралы сөз етеді. Көптеген ғалымдар, психологтер, мұғалімдер зерттеулері, пікірлер бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.
1. Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жасөспірімдер.
2. Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-дегі жасөспірімдер.
3. Үлкен жастағыларға 9-11- сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды. Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті, дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.
Кіші жастағылар - психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Олар - қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Бұл жастағыларды ертегілер әлі қызықтырады, фантастикалық, қиял - ғажайып оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Кино, көгілдір экран алдынан кетпейтіндер де осылар. Қиялдары ұшқыр, қабылдаулары алғыр болып келеді. Дегенмен, алаңғасырлық, тез қабылдап, тез ұмыту да осыларда жиі кездеседі. Мектепте көп шулайтындар да, тез қимылдап, тез шешім қабылдайтындар да 10-12 жастағылар. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек, поэзиядан, драмалық туындылардан гөрі әңгімелерді, қарасөзбен жазған шығармаларды оқуға ынталы болып келеді. Әсіресе, оларды соғыс, шпиондар, қылмыскерлер жайындағы шығармалар ерекше қызықтырады. Оқыған шығармаларының мазмұнына қарай әр түрлі эмоциялық көңіл күйді бастарынан кешіріп, соны ұмыта алмай, делсалдыққа түсушілік, алаңдаушылық оларда өте жиі кездеседі. Жалпы осы үш топтағы оқушылар ішінен кітапты көп оқитындар да, ондағы бас кейіпкерлерге, әсіресе, барлаушыларға, батырларға еліктеушілер де осы жастағылар. Олар оқып отырған кітаптарына, ондағы оқиғаларға толық сенеді, дегенмен, шіркін, ол неге былай істеледі екен, әттең, олай істегенде" деген сияқты өз қиял - ойларына да ерік беріп, толғанып жүреді, бірақ ол толғаныстары уақытша болады, тез ұмытады, себебі келесі кітапты оқығанда, ол басқаша толғанысқа тап болады. Әрине, 10-12 жастағылар оқығандарының барлығын, одан алған әсерлерінің барлығын тез ұмытып кетеді деуден аулақпыз. ... ... ... ... ... әсерлерінен 2 - 3 айдан кейін қайта сұрағанда, олар басыңқы дауыспен, байыпты баяндай бастайды. Кейіпкерлер тағдырына да мойынсұнушылық қарауды сезуге болады. Бұның барлығы, яғни, сондай тұрақсыздық" - баланың жас ерекшелігі, психологиясынан туып отырған дүниелер. М.Мағауиннің Бір атаның балалары" деген шығармасынан 6-сыеыпта үзінді беріледі. Осы әңгімеде, әсіресе, оқушылардың эмоциясына әсер ететін екі үлкен жағдаят бар.
Бірінші, Ертай мен Нұртайдың бір-бірін жібермей, бөлек кеткісі келмегендері (балаларды үй-үйге бөліп жатқанда), сонан соң ата - аналарын іздеп, үсіп өлулері. Ертай мен Нартайды бірге асырап алу керек еді, бөлмеу керек еді, солай болғанда, олар өлмес еді" деп, балалар бір ауыздан осындый пікір айтып, шуласып жатады. Балалар өліміне келіскісі келмейді. Жазушы болсам, өзің қалай аяқтар едің әңгімені" деген сұраққа олар түгелдей қатысып, бір-ақ шешімге келеді. Яғни тірі қалдыру. Біреуі өз қиялына ерік беріп, оларды ауыл адамдары құтқарып қалады десе, екіншілері үлкендер сезіп қап, оларды жолға шығармай қояды дегендей, өз аңсауларынан туған солай болса екен" деген пікірлерін айтып жатады. Олар осы кезде сезімге беріліп, балалар өліміне шынында да кім кінәлы екенін ажырата алмайды, әңгіме негізіндегі идеяны да, авторлық шешімді де аңғара алмайды. Оқушылардың осы шығарманы қабылдауларын, шығарма әсерін, оқырмандық дүниетанымын байқау мақсатында оларға шағын шығарма - толғаныс жаздырылды. Жұмысты тексеру барысында барлығы да Ертай мен Нартай өліміне қайғырғандарын жазады, қыздар жылағымыз келді", не жыладық" дейді. Ал олардың қайғылы тағдырларына кім кінәлы екенін ашып жаза алмаған. Көпшілігі, жоғарыда айтып кеттік, балалардың өздерін кінәлайды, асырап алған адамдарды кінәлайды т.с.с. Бұдан шығатын қорытынды не? Қорытынды: 10-12 жастағы балалар көркем туынды негізінде идея жататынын, ол авторға байланысты болатынын ойлана бермейді. Тіпті, оның көркем туынды екенінде де шаруасы жоқ. Олар оқып отырған дүниесін өмірдің өзі деп қабылдайды және өз түсінігі, өз сезімімен қабылдайды. Сонымен осы жастағы балаларды кітап оқуға баулуда, оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн.
1. Кітапты қалай оқу керек, оқып отырып, неге назар аудару керек, яғни оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасау, ақыл-кеңес беру. Төмендегі үлгіде көменкші-нұсқау жазып, оны кабинетке іліп қою (үлестірме қағаз түрінде де қолдарына беруге болады).
Мына мәселелерге көңіл бөл
А - Кітапты ұқыпты, асықпай-саспай, жыртпай, кірлетпей оқы, бүктеме, белгілеме.
У - Басты кейіпкерлерін, оқиғаларын ұмытпау үшін дәптеріңе жазып ал.
П - Оқып отырғаның көркем шығарма екенін, оны белгілі бір адам жазғанын ұмытпа.
П - Шығарма не айтпақшы, нені үлгі етпекші, жазушы оны жазуда нені мақсат еткен, соны үнемі ойла. Өзің қандай үлгі алдың? Жолдастарың қандай үлгі алады деп ойлайсың?
А - Әр оқыған кітабыңның тек қызықты оқиғасын, қуанышты, қайғылы жерлерін, не кейіпкерлердің басынан өткендерін ғана еске сақтамай, ең бастысы, кітап саған ұнады ма, соған ой жүгірт. Неге ұнады, неге ұнамады, дәлелдеуге тырыс. Жазушы осы кітапта оқырмандарға не айтпақшы болған, соған үңіл.
Ескерту: Кабинетке Оқырмандар мүйісі" деген бөлім ұйымдастырылып, сонда жазып қоюға болады. Сондай-ақ әр туынды бойынша (сыныпта оқып жатқан немесе сыныптан тыс оқып жатқан) нақты көмек-нұсқау жазылған үйлестірме қағаз таратуға болады.
2. Ересек, 13-14 жастағы жасөспірімдердің психологиясы, физиологиялық даму барысында өзіндік ерекшеліктер бар. Олар айналаға, соның ішінде өнер туындыларына өз көзқарастарымен қарай бастайды. Балалық, шалалық" немесе ұшып-қонып тұрған көңіл, мінезден, байқағандарын, оқығандарын тек сезім жетегінде, байыбына бармай, айта салушылық, бірбеттілік", қайтпастық" мінездерден арыла бастайды. Бірақ осы жастағы балалардың қай жағынан болсын, әлі қалыптасып болмағанын, сынаптай толқып тұрған шақтарын естен шығаруға болмайды. Бұл шақ, психолог ғалымдардың айтуы бойынша, өте жауапты, маңызды шақ. Балалықтан кету, үлкендікке жету арасындағы нәзік көпір. Білім беру, тәрбие істерінде де бұл жасқа ынтамен, ерекше қараған дұрыс. Төменгі, кіші сыныптардағы мен айтам", мен оқимын" деген самсаған қолдардың сынып жоғарылаған сайын, сиреп кету себебі не? Немесе оқыған кітаптары туралы даурығысып, таласып жатқан балаларды олар өскен сайын, неге аз кездестіреміз? Қай жерде, қай мезгілде лепіріп тұрған, кемерінен асып-төгіліп тұрған бала көңілінің, ынтасының нәзік қолын үзіп аламыз? Әдеби шығармаларды оқытпас бұрын, оның тұрақты оқырмандарын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстардан бұрын, осы мәселеге әр ұстаз аса абай болғаны жөн. Балаларға әдеби шығармаларды жүйелі түрде оқыту, ынтасы, қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру жолдарын іздестіру керек. Бұл жұмысқа мектеп кітапханасы, бүкіл мұғалімдер қауымы, тәрбиешілер жұмыла кіріскені дұрыс. Тарих, география, тіпті математика пәндерінен де қызықты, әдеби кітаптар беріп, оны оқытып отыру, баланың сол пәнге деген ынтасын арттыру үшін, аса маңызды болып табылады. Бірақ мұндай жұмыстар аса сақтықпен істелінуі керек. Баланы көп шаршатпау, басы артық тапсырмалар беріп, уақытын алмауды ойластырған дұрыс. Ол үшін барлығына да әдебиетші мұғалім бағыт-бағдар береді. 13-14 жастағы балалар 10-12 жастағы балаларға қарағанда көркем шығармаға басқаша көзбен қарай бастайды. Тек оқиғасын қызықтап оқу, соған бар жан-тәнімен сену, кітаптағы дүниенің барлығын өмір шындығы деп қабылдау, барлығына күйіну, қуану бұл балаларда да болғанымен, ол басқадай сипат алады. Көркем туынды оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді еркін қабылдайды, әдеби талдау кезінде өз пікірлеріне көбірек жүгінеді. Кітаптағының барлығына бірдей сене бермейді, барлығына бірдей қуана да, қайғыра да бермейді. Авторға келіспеушіліктерін білдіреді, дұрыс емес, былай болу керек қой" деген сөздерді олардан жиі естуге тура келеді. Мысалы, 8-сыныпта М.Әуезовтің Қараш-Қараш" оқиғасы атты шығармасынан үзінді беріледі. Талдау кезінде оқушылардың көбі Бақтығұлдың мына іс әрекетіне келіспейді:
а) Биені ұрлап алып, оны жасыра тұрмай, ұсталып қалуы.
ә) Жарасбайға барып, айтқанына жүре беруі, ұрлыққа түсуі.
б) Жуандар арасында өзін Жарасбайдың ұрлыққа жібергенін ашып айтпауы.
в) Болысты жасырып өлтірмей, өзінің өлтіргенін білдіріп қоюы.
Оқушылар неге Бақтығұлды осы мәселелерде ұнатпайды? Оның бір себебі, олар оқыған дүниелеріне көз салады, дұрыс па, бұрыс па - ойланады, бұрынғыдай тек сезімге беріле бермейді, талдау жасап, саралап оқиды. Екіншіден, бұрынғы оқыған шығармалары, көрген киноларында бас кейіпкер жеңіп шығады, алданбайды, әсіресе, барлаушылар туралы шығармаларда. Бұған бұрын оқыған шығармалары, кинолары да әсер етуі мүмкін. Бірақ бұған қарап 12-14 жастағыларға көркем туындыны өз беттерімен толық оқитын оқырмандар деп қарауға болмайды. Көркем туындыны өнердің бір саласы деп толық түсіну, оның тақырыбы, идеясы, көтерген проблемасы, тіл ерекшелігімен қоса, тұтас дүние деп қабылдау оларға әлі де ерте. Осы кезде, әсіресе, оларға мұғалім көмегі, ақыл-кеңесі ерекше қажет. Себебі, осы тұрақсыз" жастағылардың ішінен көркем туындыға салқындау" қарап, одан бой тарту жиі кездеседі. Оның себептері көп. Бір себебі, бұл жасмтағыларда кітаптан басқа да қызықтыратын дүниелер пайда болады. Біреуі спортқа ден қоюы, екіншісі әнге, не басқаға бой ұрады. Мұғалім оны да түсініп, баланың не себепті кітапқа салқындауын зерттеуі керек. Оқушының қызығатын дүниелеріне тоқтау салу - кешірілмес күнә. Олар осылай толқып жүргенде, әсіресе, сыныптан тыс оқитын кітаптар жайында жиі тексеру, жазалау педагогикалық әдепке, білімділікке сәйкес келмейді. Керісінше, шыдамдылық көрсетіп, көркем әдебиетті оқудың бала айналысып жүрген дүниелерге кедергі келтірмейтінін, әр түрлі кәсіп, өнер саласындағы ұлы адамдардың барлығы әдебиетті сүйгендеріне, өйткені әдебиет рухани азық, көл-көсір байлық, білім көзі екндігіне сендіре білу керек.
1.Бұл жастағы балалармен жұмыстың ең бір маңызды түрі -- әдеби, көркем тілдерін жетілдіру: жазбаша, ауызша".
2. Оқыған шығармаларын талдай білуге баулу.
3. Жоғары сыныптарда оқушылардың көркем туындыны қабылдаулары да жас ерекшеліктеріне байланысты болады. Бұл жастағылар өзін еркін сезінеді. Көп нәрсені өз беттерімен шешкенді ұнатады, бас бостандықтарын" сүйеді, әрі оны қызғыштай қорғауға дайын тұрады. Өмірге, айналаға өзіндік көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұл шақ, психолог тілімен айтқанда, адам болып қалыптасудың гүл атқан шағы, жастық щағының бастауы. Романтика, қиял, мұрат іздеу, алғашқы махаббат - бәрі-бәрі, әсіресе, осы шақта құлпыра түседі. Күш жағынан болсын, ақыл жағынан болсын, сезім жағынан болсын, оларда жетілу, гүлдеу басталады. Бұл жаста көркем туындыға деген олардың көзқарасында да даму айқын көрінеді. Әр баланың өз сүйетін жанры, тақырыбы айқындалады. Мұғалім жетелеуінсіз - ақ, өзі сүйетін тақырыптағы шығармаларды өз беттерімен оқи береді. Төменгі сыныптардағыдай, бар оқығандарына сеніп, қабылдай бермейді, қиял-ғажайып оқиғаларды қумайды, өзіндік талғамы, эстетикалық сезімі қалыптасқан оқырманға айнала бастайды. Оқығандарына сынмен қарайды, көркем туындыны тұтастай алып қарастырады. Оны өмірді түсінудің бір құралы деп қарайды, сондықтан одан жоғын" іздейді. Міне, осындай жастағылармен мұғалім қандай жұмыс жүргізуі керек?
1. Әдеби шығармаларды талдауда, ең алдымен, оқушылардың өз пікірін, ойын, әсерін білу.
2. Сенің пікірің, ойың қате" деп, кесіп айтудан сақтану, керісінше , талдау барысында олардың пікіріне ден қоя отырып, сенімді, ділелді түрде, шындыққа жетелеу.
3. Әдеби шығармалар айналасында жиі-жиі пікір таласын өткізу, тілдерін дамыта отырып, пікірлерін қорғай білуге де баулу.
4. Бұл жастағы оқушыларға алдындағы бала" деп қарамай, оқырман ретінде қарым-қатынас жасау, тең дәрежеде әңгімелесу, өз пікірін, не оқулық пікірін тықпаламау. Өздеріне қорытынды жасауға жағдай туғызу. Ол үшін қосымша материалдардағы жазылған дүниелерді, ғалымдар пікірін, оқулықтағы мәселелерді ортаға салу. Осылар арқылы шындықтың, құбылыстың бетін ашуға еңбектендіру.
5. Өнерге, сөз өнеріне деген оқушылардың шынайы сезімін, талабын жетілдіру үшін, әр мұғалімнің өзі жоғары мәдениеті, әдебиеті терең білетін, әдістемесі шебер, білімі жан-жақты, әр баланың шынайы досы, пікірлесі болуы керек.

2. Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері
2.1 Қазақ әдебиетін оқытудың интерактивтік әдіс-тәсілдері
Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану - оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде ұйымдастырудың маңызды бір саласы. Бұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Сабаққа әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа зер сала отырып, оны қандай әдіс - тәсілдер арқылы түсіндіргенде ғана оқушыға берік те тиянақты білім беруге болатынын әбден ойластыру қажет. Ал өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі болуы ол мұғалімнің қаншалықты дәрежеде оқыту әдістерін жете біліп, жете меңгеруіне байланысты. Егер мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім берудегі тиімділігін ескермесе немесе оқушылардың теориялық білімдерін өмірге пайдалана білу үшін, оны практикалық әдістермен үйлестіргенде, нәтижесі болатынын білмесе, әрине, онда мұғалім таңдап алған әдіс-тәсілдер жүйесінің нәтижелігі туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.
Интерактивті оқыту технологиясы - бұл ұжымдық, өзін - өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру. Өз тәжірибемде мен осы тәсілді басшылыққа аламын.
Оқытудың интерактивтік тәсілдерін таңдау себебім:
- оқушыларға материалды меңгерудің кешендік білімін ұсыну;
- жастардың оқу үрдісіндегі қиыншылықтарды жеңулеріне көмектесіп, шығармашылық тұлға санатына қосылуларына ықпал жасау;
- оқушылардың ой - өрісінің кеңейіп, жан - жақты дамуына жәрдемдесу;
- оқушыларды көлемді туындылармен, сан алуан ақпараттармен жұмыс жасай алуға үйрету.
- белсенді таным әдістері үйренушілерді өз біліміне жауапкершілікпен қарауға баулиды.
Интерактивтік тәсіл арқылы білім алушы мына қағиданы ұстанады:
- Естігенімді - ұмытамын.
- Көргенімді - есте сақтаймын.
- Істегенімді - түсінемін.
Интерактивтік тәсілдер бойынша өтілетін сабақ Колба моделі (Дэвид Колбаның эмпирикалық таным циклы) бойынша жүзеге асады.
Қазіргі кезеңдегі кез-келген педагогикалық технология оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.
70-жылдары американ психологы Дэвид Колбо тұлғаның ойлауы мен іс-әрекетін дамытуда эмпирикалық оқыту моделін ұсынған. Бұл кейіннен Дэвид Колбаның эмпирикалық таным циклы деген атауға ие болды.
Дэвид Колбаның эмпирикалық таным циклы - бұл төрт фазадан тұрады, яғни бірінші фазада нақты проблема немесе тәжірибе белгіленеді, екінші фазада бақылау және ой қорыту жасалады, үшінші фазада рефлексия негізінде жаңа тұжырымдар қалыптастырып, оны төртінші фазада тәжірибеде тексеріп қарайды. Бұл технология моделдеу, жоба жасау, белсенді эксперимент жүргізу сияқты тапсырма түрлерін қамтиды.
1. Нақты проблема немесе тәжірибе (НТ)Конкретный опыт - (КО)
2. Бақылау және ой қорыту (ОҚ) Мыслительные наблюдения - (МН)
3. Жаңа тұжырымдар қалыптастыру (ЖТҚ) Абстрактная концептуализация - (АК)
4. Тәжірибеде тексеру (ТТ) Активное экспериментирование - (АЭ)
Сабақта атқарылатын жұмыстардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Поэзиялық шығармаларды оқыту
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Көркем мәтінді оқытуда авторлардың өмірбаянын оқытудың маңыздылығы
Әдебиет сабағындағы көрнекілік
Ағылшын тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану
Қазақ әдебиеті әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ЖАЗУШЫ ӨМІРБАЯНЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын интонация
Қазақ әдебиеті жазушыларының шығармаларын меңгертудің тиімді жолдары
Пәндер