Әр сыныптағы шет тілін оқытуда оқуға қойылатын талаптар



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Шетел тілдері кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Әр сыныптағы шет тілін оқытуда оқуға қойылатын талаптар

Орындаған:

Тексерген:

Орал - 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. шетел тілін қазіргі таңда оқыту әдістемесі
1.1 Шетел оқытудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Грамматикалық аудармалық әдіс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Ағылшын тілін оқуға үйретудегі негізгі қиындықтар ... ... ... ... ... ... . ... ...12
2. Шет тілін оқытуда қойылатын талаптар
2.1 Шет тілін оқытудың әдістемелік құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...15
2.2 Шетел тілі оқытудың негізгі қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3 Шет тілін оқытуда қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.4 Шетел тілін белсенді оқыту -- тіл дамытудың негізі ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру -- өзекті мәселелердің бірі. Әлемдік білім беру жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан республикасының Білім туралы Заңында жан-жақты сипатталған: "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу"
Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата- аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Сондықтан да орта білім беру жүйесінде басты бағыттардың бірі шет тіліне ерте жастан оқыту болып табылады. Соңғы он жылда ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту көптеген мектептерде эксперименттік деңгейде жүргізіліп келді. Биылғы 20142015 оқу жылында барлық мектептерде 1- сыныптан бастап шет тілі енгізілді. Менің ойымша біздің мұғалімдерге бұл шешім ешқандай қиындық тудырған жоқ, себебі біздің мектепте бастауыш сыныптарда шет тілі факультатив сабақтар түрінде бірнеше жылдар бойы жүргізіліп келді және былтырғы жылы эксперимент ретінде енгізілген болатын.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы.
Зерттеу мақсаты: ағылшын тілін пәнінде интернет ресурстарын қолдану тиімділін зерттеу, пайдасын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
+ ағылшын тілін оқытуда интернеттің пайдасы;
+ ағылшын тілі сабағына қажетті интернет ресурстары туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. шетел тілін қазіргі таңда оқыту әдістемесі
1.1 Шетел оқытудың әдістері
Ағылшын тілін үйрету барысында көбінесе әндерді, рөлдік ойындарды жиі қолдану - тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құрап үйренуге, оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында, рөлдерге бөліп оқығанда оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі.
Қазір қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін арттыруға арналған деңгейлік курстар жүріп жатыр. Сындарлы оқыту ториясына сүйенсек, бүгінгі күні білім дайын күйінде қабылданбай, оқушылар оны өздігімен ізденіп құрастырса, тұлғаның дамитыны, алған білімі ұзақ мерзімде есте сақталатындығы дәлелденіп отыр. Бұл бағдарламаның негізгі қағидаларының бірі: 1) оқытушының негізгі рөлдері: жетекші, ұйымдастырушы, менеджер, 2) сыныпқа кіргеннен бастап жақсы көңіл-күймен сабақты өткізу, т.б. Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне Warming up жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты - сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым - қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі. Бастауыш сыныптың оқушылары тез шаршап кетеді, сондықтан сергіту сәттерін қолданып отыру, оқушыларға қозғалуға, жүруге мүмкіндік беру, әр тапсырманы 6-7 минутта орындап, тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет. Диалогты сөйлеуде - оқушылар сұрақ - жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс -- әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр - түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет. Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді түсіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін. Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне көбірек назар аударған жөн.

1.2 Грамматикалық аудармалық әдіс
Грамматикалық аудармалық әдіс көбіне классикалық тілдерде әсіресе, латын тілін оқытуда қолданылған.Бұл әдісте тіл грамматикалық ережелерді жаттау арқылы оқытылады. Жаңа сөздер грамматикалық тақырып көлемінде алынады. Ал, аударма жаңа сөздері, сөз құрылымын, ережесін оқытқанда қолданылады.Барлық жаттығулар белгілі грамматикалық ереженің аясында құрылып, ана тілінен шет тіліне, шет тілінен ана тіліне аудару арқылы орындалған.
Грамматикалық - аударма әдістің ерекшеліктері:
1. Грамматикалық талдаудың негізі;
2. Тілді оқытудағы грамматикалық сатылар;
Грамматикалық - аудармалық әдіс бойынша сөйлемді талдаудың ең жақсы әдісі - оны әуелі ана тілінде түсіндіріп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш пен баяндауышты, толықтауышты анықтыу. Әрі қарай талдаудф етістіктің шағын, етісін анықтап жалғастыруға болады. Содан кейін оқушыларға осы сөйлемнің шет тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады.
Дыбыстар, морфемалар, сөздер әр тілдің өзіне ғана тән түрінде болады, ал синтаксистік негізгі қағидалары барлық тілдерге тән. Барлық ағылшын тіліндегі грамматикалық құрылымдармен сәйкес келмейді.
Грамматикалық - аудармалық әдіс алғашында XVIII- XIX ғасырдың мектептерінде кеңінен қолданылды. Кейінен педагогика, психология, лингвистика ғылымдарының дамуы бұл әдіске өзгерістер енгізіп, XIX-XX ғасырдың соңында екі грамматиканың ара қатынасы ажыратылды.
Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұрғыдан қарағанда грамматиаклық - аудармалық әдіс жиі кездеседі.
Бұл оқулық - ағылшын тілін мемлекеттік тілде меңгерудегі негізгі оқу құралы. Грамматикалық ережелерді игерудің нәтижесінде тіл жаттығып, сөйлеммді дұрыс құрастыру оңайға соғады.

Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі. Тура әдіс грамматикалық - аудырмалық әдіске қайшы әдіс реиінде дүниеге келді.
Өндіріс пен сауданың халықаралық көлемде қарқынды дамуы, капиталистік мемлекеттердің үлкен елдерді отарлауы сияқты пргпестер шет тілін білетін мамандарға сұранысты арттырды. Бұл өз кезегінед жаңа әдістің пайда болуына себепші болды. Тілді іс жүзінде игеру мектептерде шет тілін оқытудың негізгі мәселесіне айналды.
Тура әдістің негізгі ерекшелігі мынадай:
1)Шет тілін оқытудың негізгі бағыты - тәжербиелік,яғни, бірінші орынға сөйлеу қойылуы;
2)ана тілінің екінші орында, тіпті назарсыз қалуы;
3)Тілді үйрету ісінде аудырманың өте аз мөлшерде, керісінше, ауызша - жазбаша жаттығулардың көп қолдануы;
4)Грамматиканы оқытуда индуктивтік әдістің қолдануы (грамматикалық әдісте грамматикалық ереже бірінші беріліп, жаттығулар орындалады, ал бұл әдісте әуелі жаттығулар оындалып, содан кейін грамматикалық тұжырым жасалады).
5) Айтуды үйреиуге үлкен көңіл бөлінеді.
6) Мәтіндердің мазмұнына, әсіресе, тақырыпқа ьайланысты сәтіндер құрасытыруға назар аударылады.
Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі - шет тілін оқытуда, шет тілімен баратін түсініктің арасындағы байланыстың тура болып, ана тілінің мүлдем қолданылмауы.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында тура әдістің бірнеше түрі пайда болды. Тура әдісті жинақтаущылар Г. Груэн, М: Вальтер т.б
Бұл әдісті пайдаланатын мұғалымдер тіл үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыны әңгімелесуге тартады, заттарды, суреттерді пайдаланып, сөйлемнің мағнасын түсіндіру үшін қимылдар жасайды.
Тура әдісті қолданушылар өте көп. Осы әдіс оқушылардың шет тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттырады.
Дегенмен, бұл әдісті қолданудың қиыншылықтары да жоқ емес. Мәселен:
1) Оқу материалы мен жаңа сөздер ғылыми негізсіз іріктеледі. Бұл әдіс тек тақырыптық негізге сүйенеді, ол үшін оқушы өте көп жаңа сөз білуі керек.
2) Мектепте оқушылардың сөйлеп үйренуіне жағдайдың болмауы.
3) тәжербиесіз мұғалімдер қолданса, өте тиімсіз болып келеді.
Тура әдістің негізгі қағидаларын ұсынған атақты ағлшын әдсікерлері Г. Пальмер мен М. Уэст болды.
Г. Пальмер әдісінің негізгі қағидалары:
- Шет тілін оқыту ауызша сөйлеуден басталды.
- Шет тілін оқыту іріктелген материалдың негізінде жүзеге асырылды. Г. Пальмердің ұсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа сөздердің мөлшері 3000 сөз болды.
Пальмер ауызша оқытудың мынадай жолдарын ұсынды:
-іс - қимыл арқылы (Мұндай арнайы жасалған заттарды көрсетіп, қимыл арқылы білдіретін жаттығулар ұсынылады);
-сәйкестендірудің 100 кестесі (Оқушылар осы кестелердегі ағылшын тіліндегі мысалдарға қарап, сөйлемдер құоауы тиіс).
Г. Пальмердің бұл әдістері қазіргі кезде жиі қолданылады және оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді:
- сөйлем үлгілеіндегі үнемі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің берілуі ауызекі сөйлеуде көмектеседі;
-тыңдау жаттығуларының көп болуы оқушыға жылдам сөйлегенде ағылшын тілін түсінуге мүмкіндік береді.
Сәйкестендіру кестесінің үлгісі мынадай:

I
You
We
They
saw
put
left
found
two
three
a few
some
books
letters
keys
good ones
here
there
on the table
in this book
yesterday
last week
on Sunday
this morning

Шет тілін оқыту - мұғалімнің үздіксіз еңбегінің және оқушының оған жауабының тізбегі. Шет тілін үйренуде оқушы мынадай кезеңдерден өтеді
I. а)Қабылдау
Бұл кезеңде мұғалім сөйлейді. Оқушы мұғалымнің сөзін тыңдайды. Мысалы сынып бөлмасіндегі заттарды көрсетіп, оларды атайды.
This is a book. Look at the book. I m going to put the book on the table.
ә) Мұғалім сөйлейді. Оқушыларға тапсырма береді. Мысалы: Дауыс ырғағына назар аударыңыз.
б)Бұйрықтарды орандау жаттығулары.
Мұғалім оқушыларға бұйрықтар береді.
Мысалы:Get up. Sit down. Come here.
Мұғалім бұйрықтарды ымдап түсіндіреді.
в) "Yes". "No".
Мұғалім сұрақ қояды. Оқушылар тек Иә не Жоқ деп жауап береді.
II.Қабылдау - еліктеу.
Мұғалім сөйлейді.Оқушылар қайталайды.
III. Әңгімелесу.
Оқушы әртүрлі сұрақ қойып, оған жауап беруді үйренеді.
IV.Сөйлеу
Мұғалім оқушымен ағылшын тілінде сөйлнйді.
Жалпы, Г. Пальмер әдісінің негізі - сөйлеуді үйрету, ал М.Уэст болса, керісінше, басты міндет қылыр оқуды қойды. М. Уэст оқу арқылы шет тілін үйренетін әдістемелік жинақтар жасады.
а) оқуға арналған кітаптар
ә) жаттығу кітаптары
Бұл екі ағылшын әдіскерлері ағылшын тілін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосты.
Қазіргі әдістеме дәстүрлі және аудио - лингвистикалық оқыту деп екіге бөлінеді.Қазіргі әдістеменің негізгі қағидалары:
oo тыңдауды және сөйлеуді дамыту
oo сөйлеу үлгілерін пайдалану
oo аударианы өте аз қолдану
oo грамматиканы үлгі арқылы оқыту
oo сөйлеуді үйретуде өмірімен тығыз байланысты жағдайларды қолдану
Мұғалім оқушыларды шеттіліне үйрету үшін өзі:
oo шеттілін жетік білуі
oo педагогика мен психологияны дақсы білуі
oo оқыту әдістері мен техникасын білуі
oo оқыту әдістерін оқу процесінде шебер қолдана білуі керек.

1.3 Ағылшын тілін оқуға үйретудегі негізгі қиындықтар
Ағылшын тілін үйретудегі ең қиын процестің бірі - оқушыны оқуға үйрету. Себебі ағылшын тілінде 26 әріп 146 әріптік белгі бар. Егер ағылшын тілі алфавитін қазақ тілінің алфавитімен салыстырсақ ұқсас әріптер К, М, Т, ал қалғандары G, H, J, R, S, W, Z, әріптері мүлдем жоқ..Ал қалған әріптер А,С,Н,О,Ф,У,Х, екі тілге де ортақ..Бірақ оқылуы әр түрлі.Оқуға үйрету тілдің әліпбиіндегі әріптерді ауыстырудан басталады.Ал ағылшын тілін үйретудетілдің әріптер жүйесімен бірге дыбыстық жүйесінде қатар үйрену керек. Сөздің дыбыстық белгіленуі транскрипция арқылы беріледі. Оқушылыр дыбыстардың ашық , үнді , дауыссыз , дауысты , екенін және дыбыстың буынның түрінде оқылу ерекшеліктерін білу қажет. Ағылшын тілінде оқытуда оқудың барлық ережесіне үйрету мүмкін емес, дегенмен кейбір ерекшеліктерін есте сақтау абзал.Төмендегі кестеде бір әріптің бірнеше нұсқада оқылуын мысалға келтірдік:
Оқылу түрі
a
e
o
u
i(y)
I
[ei]
take
male
[i:]
be
see
[әu]
go
stone
[u:]
rude blue
[ju: ] cute fume
[ai] lime type
II
[ae] sad
fan
[e]
leg
pet
[ɔ]
nor
for
[]
bus
hut
[i]
bit
kill
III
[a:]
far
bar
[ә:]
pert
never
[ɔ:]
nor
form
[ә:]
fir
surf

[ә:]
fir
smirk
IV
[εә]
hare
bare
[iә]
hare
mere
[ɔ:]
store
more
[jue]
pure
endure
[aiә]
tire
fire

Оқу процесін жеңілдету үшін жаңа сөздерді , сөз тіркестерін , фразаларды алдын-ала оқыту қажет.
Оқуға үйрету әдістері
I . Оқыту әріпті сөзді және графеманы таныстырудан басталады. Бұл үшін карточкаларды қолдану ыңғайлы.
II . Ереже бойынша оқылмайтын сөзді жеке таныстыру:
Eg-lake, plane, have, Mike
III . Сөздердің сыңарын таңдап алу:
Eg - does - goes,people - pupil,form - from, come - some, though - thuough
Оқуды үйретуде негізгі орын алатын транскрипцияны үйретуге байланысты.

Ішінен оқуға үйрету
Ішінен оқуда негізгі орын көруге, көзді пайдалануға беріледі. Ішінен оқыған кезде лексикалық,грамматикалық жіне айтуға дағдылары дамытылады.
Оқудың үш түрлі қызметі болады:
1) жүйелеу, жинақтау
2) танымдылық
3) қарым-қатынас
Ондағы негізгі мақсат-ағышын тіліноқыту арқылы оқушының өнегелік және эстетилалық жағынан әр жақты дамыған, саяси идеялық жағынан танымды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Бүкіл оқыту барысында қатынастық бағыт бере отырып, ағылшын тілінен алған білімін іс жүзінде жоғары оқу орындарында, еңбек ету барысында пайдалануға дағдыландырады. Алайда , ағылшын тілін үйрету күрделі, ол қатынастық функционалды бағытта болуы тиіс. Қай тілдің болмасын механизмін үйрену үшін мынадай екі жағдайды білу қажет.
1. Сол тілдің жүйесі қалай құрылған?
2. Оны тәжірибелік жағынан қалай меңгеру керек?
Демек, ағылшын тілінің құрылысын және оны тәжірибелік жағынан меңгеру оқу процесінде бірте-бірте қатынастық ұйымдастыру тиімді деп айтуғa болады.Өйткені, қатынастық тәсіл оқу процесінің барлық жағын қамтиды:
oo сабақ әдістерін таңдау, оны жүргізу әдістері, жолдары, сабақ мазмұнының тәрбиелік және білімдік меңгрудегі дағдысы мен қабілеті т.б.
Әр түрлі қатынастық мақсатта оқыту ағылшын тілін тәжірибелік жағынан меңгеруге ықпал жасаумен қатар оны үйренуге деген қызығушылығын арттырады.
Оқытудың нәтижесі әдістерге тәуелді болады. Оқыту әдісі оқушыға білім, тәрбие беру және оның қоғамдық мәнісін дамыту міндеттерінен шығатын оқу материалын, теориалық және тәжірибелік меңгеру формасы.

2. Шет тілін оқытуда қойылатын талаптар
2.1 Шет тілін оқытудың әдістемелік құралдары
Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін оқуға үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тындай білуге, сұрай білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол жеткізуге болады. "Адам адамға -- дос, жолдас, бауыр" деген моральдық кағиданы есте ұстаған жөн.
Оқушылар оқуға үйренеді, кітап оқи білудің тәрбиелік маңызы зор. Ағылшын тілінде оқуды үйрету оқу мәдениетін көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттілігін көрсетеді. Оқу арқылы интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады.
Балаларды оқи білуге, акыл-ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшін қажет. Оқушылар оқулықты, сөздікті және анықтамалыктарды пайдалана білуі керек, оқулық белгілерін түсіне білуі керек. Оқыту эстетикасы талғамды да қалыптастырады.
Ағылшын тілінде білім алу мен тәрбие education деген бір сөзбен беріледі, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Дамыту мақсаттары оқушылардың сезім, қозғалыс, ақыл-ой, ерік-жігерін дамыту арқылы жүзеге асыруға болады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес.
Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарлату және сол тілде ойлауды дамыту - тіл білімін дамытудың басты мақсаты.
Әйтсе де, окытудың барлық мақсаттары өзара тығыз байланысты. Демек, қарастырып жатқан мақсаттардың барлығы кез-келген тілді үйрену үшін өте маңызды. Сондықтан осы максаттарды алға қою арқылы қалаған тілді меңгеруге болатынын көреміз.
Кез келген тілдің ағартушылық қызметі өте зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетінің тікелей көрсеткіші. (мәселен, француз тілі - француздар мәдениеті туралы хабар береді, иврит тілі - еврейлердің мәдениетінің көрсеткіші болып келеді). Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін сол тілде сөйлетін халық туралы хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі - тілді оқытудың ағартушылық мақсаты.
Ана тілін оқып үйренгенде тілдің негізгі кұралдары -сөздер мен грамматикалык формалар туралы түсінік қалыптасады. Ал, шет тілінің терминдермен салыстыру арқылы оқушы туған тілдің сөздері мен грамматикасының категориясын толық түсіне алады. Сондықтан, мұғгалім бірінші сабақтан бастап ана тілі мен шет тілін салыстыра отырып оқытады.
Мысалы: Верещагина, Притыкина ағылшын тілін өлең арқылы таныстыруды ұсынады ("wһаt іs уоur namе?"). Мысалы, дауысты дыбыстың ұзақ-қысқалылығы, т.б. сипатына қарай. Шет тілінде оқыту логикалық ойлауды дамытады. Тілді үйрену тыңдау, көру, есту, қозғалыс мүшелерін белсенді пайдалануға үйретеді, ол зейінді, қиялды, үғымды дамытады.
Оқытудың тәжірибелік мақсатының түсіну үшін шет тілі пәнінің ерекшелігімен танысуымыз қажет. Тіл - сырткы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі.
Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулармен, құбылыстарымен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.
Шет тілін тыңдап түсіне білу (аударғанша) және сөйлеп білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайлалана білу немесе жазу және шет тілінде жазылған мәтінді оқып білу жатады.
жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді.
Тілді жақсы меңгеру үшін бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының негізін берік қалыптастыру қажет. Бастауыш кезеңде нені оқып үйренуге болады?
Жоспарланған нәтижелер оқу бағдарламасында көрсетілген. Оқыту әдістемесін кешенді дұрыс пайдалану - оны оқытудағы белгілі бір нәтижеге жетуге болатынын көрсетті. Мысалы: 5-сыныпта 1 минут ұзақтығындағы сөзді түсінуге мүмкіндік бар.
Бастауыш кезеңнің аяғында окушы мыналарді білуі тиіс:
- Амандасу - Сооd morning!
- Қалын сұрау - Неllо! How аге уоu?
- Қоштасу - Gооd bуе!
- Таныстыру - Тһіs is Міке.
- Жауап беру - Неllо! Glad to meet уоu.
- Туған күнмен құттықтау -- Нарру вirtday!
- Жаңа жылмен құттыктау - Нарру New Үеаг!
- Рұқсат сұрау - Мау I
- Кешірім сұрау - I аm sorrу.
- Рахмет айту - Тһаnк уou!
- Өзінің кім екені, мекені, отбасы, қызметі, өзінің туғандары, достары, мектебі, үйі, көшесі, қаласы туралы айтып және суреттеп беру.
- Сұрақтарға жауап беру, сұрак қою.
Бастапкы кезде оқу мен жазу негіздері қаланады.
Окушылар ағылшын тілінде оқуды үйренеді. Оқу техникасы мен дауыс ырғағын қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар бар. Дауыстап
оқу, жазу, бірінші оқу кезенінде қалыптастырады.
2.2 Шетел тілі оқытудың негізгі қағидаттары
Қарым-қатынас жасауға бағытталған қағидат қазіргі заманға әдістемелік негізгі принцип болып есептеледі. Бұл қағидат бойынша оқушыларға ағылшын тілін үйрету, тыңдап түсіну, сөйлеу іс-әрекеттері арқылы ауызша сөйлеуді арттыру, оқу және жазу арқылы жазбаша қарым-қатынас жасау жүзеге асырылады.
Яғни,ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы аяқталғанша сөйлесу, әңгімелесу арқылы қарым-қатынас үйреніп жатқан тілде болуы тиіс.
Екінші оқыту қағидаты - бөлу және біріктіру арқылы. Сөйлеудің әрбір түріне тән таңдау іс-әрекеті, лексикалық-грамматикалық сипаттамаға сай болады. Сонымен бірге, тіл үйрену кезінде дыбыстауға үйрену, сөзге, грамматикаға, сөйлем жасауға үйренген кезде, барлық сөйлеу іс-әрекеті қоса жүреді. Шет тілге үйренудің алғашқы қезеңінде бөліп оқыту немесе біріктіріп оқыту негізінде іске асады
Үшінші қағидаты - ана тіліне сүйене оқыту принципі. Бұл - бойынша ,барлық , грамматикалық , лексикалық, орфографиялық қиындықтар ана тіліндегі баламаларымен салыстырмалы түрде, балалардың ана тіліндегі білімі ескеріле үйретіледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
Шет тілін оқытудың әдістері
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Ағылшын тілін оқытудағы рифма мен әннің әлеуеті
Шетел тілі оқыту әдістемесі
Топтық жұмыстарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану ерекшеліктері
Ағылшын тілін оқыту технологиялары
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Шетел тілдерін үйренуде ойын элементтерін пайдалану
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және ерекшеліктері
Пәндер