Жазу және тіл дамыту әдістемесі


Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Жазу және тіл дамыту әдістемесі»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарын ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
1. 1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты . . . 5
1. 2 Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі . . . 11
2. Жазу және тіл дамыту сабақтарының түрлері
2. 1 Әріптер мен дыбыстарды оқыту . . . 17
2. 2 Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 36
КІРІСПЕ
Ана тілі - бүкіл ақыл-ой дамуының негізі дәне барлық білімдердің темір қазығы. өйткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен берік дағды беретін, сауатты жаздырып, мәдениетті сөйлеуге, ойын әсерлі де жатық жеткізуге төселдіретін осы пән. Ана тілі орфографиялық ережені игеру үшін ғана емес, сонымен бірге, логикалық ойлауды қалыптастыру үшін де аса қажет.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі - оқушыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалары, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім.
Жұмыстың көкейкестілігі. Оқушылардың сауатын ашу, тілін дамыту - бастауыш мектеп бағдарламасының негізгі бір бөлігі. Сауат ашу жұмысы жазу жұмыстары арқылы іске асырылады. Жазу сабақтарының мақсаты - балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру, оларды көркем, анық, дұрыс, сауатты жазуға үйрету. Жазу сауаттылығын арттыру үшін өтілген орфографиялық ережелерге байланысты түрлі жұмыстар жүйелі де жиі жүргізілуі керек. Дұрыс, сауатты жазуға төсілдіру мұғалімнен үлкен шеберлікті, көп еңбекті талап етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты . Бастауыш мектептің І-ІV сыныптарында жазба жұмыстары арқылы тіл дамыту, сауаттылыққа үйрету әдістерін жинақтау, талдау және тиімді түрлерін негіздеу.
Жұмыстың міндеті
- бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарының мақсатын, қойылатын талаптарын зерделеп, сауат ашу кезеңінде жүргізілетін әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;
- оқушыларды сауатты жазуға үйретудің әдістемелік жолдарын, жұмыс түрлерін мысалдарын көрсетіп, оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін бағалау және жіберген қателермен жұмыс істеудің практикалық жолдарын баяндау;
- үлгілі сабақ жоспары негізінде тәжірибелік сынақ жүргізу.
Теориялық-практикалық қолданылымы. Жұмыс нәтижесі бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында сауатты жазуға үйретуге байланысты тақырыптарда оқушылардың дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруда жалпы оқушыларды сауатты жазуға үйретуде бастауыш мектеп ұстаздары үшін әдістемелік құрал ретінде пайдалануы мүмкін.
Зерттеу әдістері. Бұл жұмыста іс-тәжірибе, әдебиеттер жинау, оларды талдау-жинақтау, салыстыру әдістері пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы . Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарын ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
1. 1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты
Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты- балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру /1/.
Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу есіту- кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады.
Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең - идеографикалық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады.
Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген.
Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.
Жазудың құралына алфавит, графика және орфография (емле) енеді. Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі.
Алфавит пен графиканы меңгеру- оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасу мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтере береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады.
Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ; ол бүкіл оқушы қауымға арналады; онда автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңайюы, қуанышы, реніші т. б. с. с. бәрі сол арқылы жеткізіледі; жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын талап етеді т. с. с.
Бұл айтылғандар бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігін көрсетеді, яғни балалардың жазу тілін дамыту үшін алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек.
Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.
Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал кейін әріп бөліктерін аса күш салмай-ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, сонан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады. Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде-ақ дағдыланады деудің жөні жоқ. Себебі олардың кейбіреулері бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет- сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады.
Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау, бірге және бөлек жазу т. б. с. с. ), оны дұрыс қолдану жатады.
Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра береді.
Бір орфографиялық амал автоматталғаннан кейін екіншісі үйретіледі. Осылайша, орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі- морфологиялық принцип1, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (бас - шы, башшы емес), сөз шекарасында (боз құнан, бозғұнан емес) біреккен сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай емес) сақталып жазылады.
Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс-әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Лелинград, клуб, педагог т. б. ) . Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады: Ленинградқа, педагогке, клубтан т. с. с. Бұлар грамматика ережелеріне
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң жазуға үйрету. өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың да сондай маңызы болады.
Жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бырыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге (столдың көргішіне) тіреліп тұрсын; жазғанда көкіректі столға тақап тіремей, столдың шетінен 3см қашық ұстап түзу отыру керек.
Екі иық кеудемен бірдей, түзу тұруға тиіс. Жазғанда оқушы тым еңкейіп, столға көкірегін тіреп отырса, дәптерге көзі тым жақындап, жақыннан көруге үйреніп кетіп, бірте-бірте сәл алыстағыны көре алмайтын болады.
Дәптерге жарық сол жақтан түсіп, қолы жазуды көлеңкелемейтін болсын. Екі қол шынтаққа дейін стол үстіне қойылсын. Дәптерді сол қолмен ұстап, жазу төмен түскен сайын жоғары жылжытып отыру керек. Қолдың қалам ұстаған жері көкіректің дәл орта тұсында болу керек. Дәптер де оқушының көкірегінің дәл орта тұсында жатсын. Әйтпесе басты оңға я солға қисату немесе дәптерге көздің қиығымен қарауға тура келеді.
Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулар жүргізіп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажет материалдармен және жазу аспаптарымен таныстыру, партаға қалай отыру, дәптерді қалай қою, қаламды қалай ұстау ережелерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға бүгуге, жазуға жаттықтыру, білекті қимылдатуға жаттықтандыру керек. Әріп элементтерінің, әріп кескіндерін дұрыс меңгеріп, жазу әдістеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйретеді1.
Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуге тиіс. Материалдың тәртіппен өтіліп жазуға берілетінін алдын ала таңдылады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолы көрсетіліп отырылады. Айына бір рет болса да байқау жұмысы жүргізіледі.
Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізіледі:
1. Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескертіп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады.
2. Сабақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді көрсетіп, мұғалім жаттығуды, әріп элементтерін, сөзді, фразаны тақтаға жазады, оқушылар мұғалімнің қолының қалай қимылдау жайын қарап, бақылап отырады.
3. Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан-ұқпағандарын анықтап алып, жазуға кіріседі.
4. Мұғалім партаны аралап жүріп, жазу процессін бақылайды.
5. Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың кемшіліктері мен жіберген қателері айтылады, түзетіледі, жақсы жазғандары жарияланады.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін орфографиялық танымның әсіресе алғашқы басқышы ерекше рөл атқарады. Олар сан алуан сөздер мен олардың формаларының әсерінен аз да болса білім, тәжірибе жинақтайды. Кейбір сөздерді дұрыс жазу дәрежесіне жетеді. Бірақ неге олай жазғанын әлі айтып бере алмайды. Мұндай құбылысты кейде орфографиялық сезім деп те атап жүр. Кейінірек грамматикалық білім алғанда мұндай орфографиялық құбылыстарды саналы түрде түсініп, сауатты жазуға дағдыланады1.
Жазуға үйрену тілдің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі дәрежеде өтеді: фонетикалық жазу дыбыстық-әріптік талдауды шебер жүргізу, дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айыра алуды танытады, сөздердің мағыналарын түсініп, ережелерді үйрену басым болады. Ал орыс тілінен енген (армия, октябрят, монтер, шофер, т. б. сөздердің (карындаш, картоп, шәйнек т. б. ) жазылуын оқушылар есте ұстап, ол сөздерді сөздіктен қарап, тауып жазуға үйренеді немесе жаттығу арқылы бірте-бірте дұрыс жаза алатын болады.
Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлардың бастылары:
1. Жазылатын сөздің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің, сөйлемінің, мәтіннің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн.
2. Сөздің айтылуына және жазылуына, грамматикалық формасына мұқият көңіл аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе жазып ал, тыңда, зейін аудар, т. б.
Жіберілген қателермен жұмыс жасау: жазғаныңды тексер, түзет, қайта жаз осыған ұқсас мысал ойлан, т. б. оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулау.
3. Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру: салыстыру, талдау, жинақтау жұмыстары, "неге?" сұрағын көбірек қою.
4. Сөйлеу әрекетінің бірде-бір жағын естен шығармау керек: дыбыстық-әріптік талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жаттығуларды (көшіру, диктант) сөйлеу жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезектестіріп өткізу.
5. Грамматикалық жаттығуларды сөздік- орфографиялық жаттығулармен кезектестіру.
Орфографиялық дағдыға төселуіне қарай, ереженің оқушы үшін мәні өзгереді. Мысалы, алғашқы кезде бала ережеге мұқтаж болса, бірте-бірте сауатты жазуға жаттыққан сайын оның мәнділігі жойыла бастайды. Оқушы жазуға дағдыланға кезде оған ереженің мүлде қажеті бола қоймайды.
Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да қатысты. Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.
1. 2 Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі
Оқу, жазу, тіл дамыту, айналамен таныстыруға үйрету жұмыстары тәрбие жұмыстарымен ұштастырылып бір-бірімен тығыз байланысты жүргізіледі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде (бастауыш мектепте оқыту) грамматиканы оқыту жөнінде зерттеу ісіне А. Байтүрсынов, С. Жиенбаев, С. Х. Сарыбаев, Х. Бозжанаова, Ә. Сэдуақасова, Г. Уайсова, Ы. Маманов, Р. Әміров, Х. Арғынов, Д. Әлімжанов т. б. үлес қосқан және қосуда.
А. Байтұрсыновтың "Тіл құрал" (1914), "Тіл - құрал" (1925), "Тіл -құрал" (1915), "Тіл - құрал" (1925), "Методика мәселелері" (1922), "Оқу құралдары" (1912), "Әліп-би" (1928), "Сауат ашқыш" (1926) . т. б. қазақ тілінің әдістемесіне арналған еңбектері мен мақалаларының қазіргі кезеңге дейін өз құнын жоймағандығын айта аламыз.
А. Байтүрсыновтың оқулықтарында грамматикаын оқыту мәселесі туралы айтылған пікірлері кездеседі. Ол: "қазақ тілінің түбірі өзгерілмей аяғына жалғау қосылып өзгеріледі. Жалғау екі түрлі:
1. Сөздің тұлғасын өзгертсе де ішкі мағынасын өзгертпейді;
2. Сөздің түлғысын да мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастан тысқары (яғни жалғау - Е. М. ), соңғысы ішкері жалғау (жұрнақ Е. М. ), деп аталады. "Құлақ" деген сөзге (тың) деген жалғау қоссақ, құлақтың болады. Тұлғасы өзгерілді мағынасы өзгершген жоқ. "Құлақтың" деген де бастын мүшесінің атын көрсетеді. Егер "Құлақ деген сөзге" "шын " деген жалғау (жұрнақ Е. М) қоссақ "Құлақшын" болады. Мұнда тұлғасы да мағынасы да өзгерілді. "Құлақ" бастың мүшесін көрсетуші еді, "Құлақшын " болған соң басқан киетін киімнің атын көрсетіп түр", - деп түбір мен қосымшаларды оқыту жайында сөз етеді. [18, 27]
1 сыныпта жаңа материалды оқып үйрену ісіне оқушылардың өздерін жан-жақты қатыстыра отырып, оларды белгілі- бір қорытынды жасай білуге баулу керек. Оқушылар класта сабаққа белсене қатысып отырса, өз ойын, өз пікірін еркін айтып беруге үйренеді, үй тапсырмаларын, сондай- ақ өздігінен орындайтын жұмыстарды қиналмай орындайтын болады. Осы ретпен программалық материалдар жеңілден ауырға, белгіледен белгісізге принципіне негізделіп беріледі де, үнемі алдыңғы оқылған материал соңғы оқылатын материалдың дайындығы ретінде өтіледі. «Әліппе» кезеңінің өзінде- ақ балалар дыбыс әріп, сөз, сөйлем деген ұғымдармен танысады да, ол білімдерін «Қазақ тілі» оқулығынан «Дыбыс пен әріп» толықтырып дамыта түседі. Мысалы, «Сөз дыбыстан құралады» деген ұғымның мәнін бұрынғыдан да терең түсінетін болады. [11, 36] Тақтаға бір оқушы шығып, мұғалім берген сөзді талдай бастайды, ал қалған оқушыларға дәл сол сөз бір-бір параққа мұғалім дайындап әкелген тапсырманы тақтадағы оқушымен бірге талдай отырып, орындайды.
«Сөз» деген грамматикалық ұғымды оқушыларға таныту кезінде мұғалім алдымен оқушыларға таныс олардың күнделікті сөйлеу тілінде қолданып, пайдаланып жүрген сөздерінен алып, соны жан-жақты талдатып, оның тұлғалық және мағыналық ерекшеліктерін сұрақтар арқылы түсіндіреді. Осыған байланысты оқушылар сөздердің бірнеше топқа бөлінетінін байқайды.
1. Сөздердің бір тобы кім? не? сұрақтарына жауап береді. Асан (кім) мектепке келді. Оқушы (кім) отыр. Кітап (не) стол үстінде жатыр. Құс (не) ұшты;
2. Сөздердің бір тобы қандай? қай? сұрақтарына жауап береді;
3. Қанша? неше? сұрақтарына жауап болатын сөздер тобы. Бес (қанша) адам. Он екі (неше) қарындаш;
4. Не істеді? қайтті? не істеп тұр? не істеп отыр? т. б. сұрақтарына жауап болатын сөздер тобы. Бала кітап оқыды (не істеді) . Айша жазу жазып отыр.
Оқушылар сөздердің осындай топтарымен іс жүзінде танысқан соң «сөз» деген ұғымның «зат» деген ұғымымен байланысын анықтыйды.
Сөйтіп «зат» деген ұғымды біліп, түсінуі мен бірге сол заттардың, нәрселердің өзіндік қасиеті, түр-түсі болатын сұрақ жауап арқылы әңгімелесу кезінде оқушылардың өздеріне байқатуға болады. Мысалы: адам жүреді, құс ұшады, қызыл қарындаш, көк көйлек, 1-класс, екінші парта, бес саусақ. Бұл сияқты сөз тіркестерін пайдалана отырып, мұғалім оқушыларды ойландырарлықтай сұрақ береді. -Адам жүреді, ал тағы не жүреді? Құс ұшады, тағы не ұшады? Қарындаштың түсі қызыл, тағы қандай түсті қарындаштар болады?
Оқушылар кім? не? сұрақтарына жауап болатын сөздермен танысу кезінде, ол сөздердің өзіндік ерекшеліктерін байқайды. Кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді топтап, талдауға үйретіледі. Туыстық қатынасты білдіретін сөздер: ата, апа, аға, іні, әпке, сіңлі (кім) . Киімдер: пальто, көйлек, бәтеңке, етік, құлақшын т. б. Жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз. Табиғат құбылыстары: қар, боран, жел жаңбыр.
Тиісті сөзді талдау үшін сөйлем құраудағы сөздердің өзара байланысына да көңіл бөлу қажет. Себебі сөзге сұрақ қойып үйрету кезінде «Жек сөзге сұрақ қойылмайды, сөзге сұрақ басқа сөз арқылы қойылады. Сөздер үнемі бір-бірімен байланысты болады, олай болмаса, айтайын деген ойын адам басқа біреуге түсіндіре алмайды» деп, тәжірибе жүзінде түсінік беріліп отырғаны жөн.
Емлелік ережелерді танытуға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
Программада көрсетілгендей, оқулықтың бірінші, екінші параграфы «Дыбыс және әріп», «Дауысты, дауыссыз дыбыстар» деп аталған. Бұл тақырыптар оқушылардың «Әліппе» кезеңінен таныған, білген дыбыс және әріп жайындағы ұғымдары мен түсініктерін белгілі бір жүйеге келтіреді, сонымен қатар оларды грамматикалық қарапайым ережелерді жаттап алуға машықтандырады. Оқулықта берілген ереженің мағынасын түсіну, мысалы арқылы дәлелдеп беру, жаттап алу сияқты (тұжырымды ережелер) жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Мысалы: («дыбыстарды айтамыз, естиміз», «Әріптерді көреміз, жазамыз» деген сияқты тұжырымды ережелер практикалық жолмен жүргізілетін мұғалімнің түсінігінен, жаттығу-тапсырмалардың мазмұнынан алшақ кетпейді, қайта олардың мәнін дәлірек, анығырақ ұғындыруға жәрдемдеседі.
Оқушылардың бұрын алған білімдерін пайдалана отырып, көрнекі құрал арқылы ол ережелерді оңай түсіндіруге болатынын айта кеткен жөн.
Кейбір тақырыптарға байланысты арнайы ереже берілмейді. Алайда оқылатын тақырыптың аты, оған берілген мысалдар, жаттығу-тапсырмалар бұдан-бұрын өтілген материалдармен тікелей байланысты болады да, сол тақырыпты талдау кезінде оқушыларды бірден ойландырады. Мұғалімнің тақырыпты талдап түсіндіруі қорытынды ережені балалардың өздері шығаратын дәрежеде берілуге тиіс.
Жаттығу текстерін пайдалану.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz