Жайық өзенінің экологиялық жағдайы



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Жайық өзенінің экологиялық жағдайы

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Жайық өзенінің гидрологиялық жағдайы
1.1 Жайық өзенінің атауының шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Шекарааралық Жайық өзені ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. Жайық өзенінің экологиялық проблемалары
2.1 Жайық өзенінің қазіргі экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Жайық өзенінің өсімдіктері мен жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 Жайық өзендегі бекіре балықтардың азаюы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі кезде адамзат пен табиғат арасындағы қарым-қатынастар жылдар бойы шиеленісіп келеді. Жер бетінде өнеркәсіптің ілгері дамуы, ғылыми техникалық революция және соның салдарынан табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған ортаға зияны өсіп отыр. Табиғаттағы өзгерістер өте баяу жүретіндіктен қоршаған ортаға тигізілетін зиян бірнеше жылдардан кейін ғана біліне бастайды. Осыған байланысты зиянды өзгерістерді алдын алу үшін орындалатын іс-шаралар тым кеш болып, нәтиже бермей, болмаса мезгілі өтіп кеткен соң көп күш, қаражат пен материал жұмсауға тура келеді. Табиғат бізге ата-бабамыздан қалған қалған мұра және ең қасиетті құндылығымыз.
Бүгінгі таңда алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі- экология. Қоршаған ортаны қорғау біздің негізгі міндетімізге айналып отыр. Жыл сайын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында бұл мәселеге арнайы тоқталып, бюджеттен қаржы аударылатынын атап өтеді. Қазақстанның көптеген аудандары бүгінгі күнге дейін экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырылған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі республиканың ұлттық табысының өте аз пайызын құрайды. Табиғат қорғау бөлінген қаржының 50 - 60 %-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі.
ҚР Президентінің Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында: Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы. Әлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр. Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады. Су - барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда. Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз, - деген болатын[2].
Басқасын былай қойғанда Жайық өзенінің экологиялық ахуалы нашарлап арнасы тартылып жатыр. Егер де дер кезінде бұл проблеманы шешер шұғыл шаралар қолға алынбаса Жайық та Арал теңізінің тағдырын қайталайтын болады деп ғалымдар дабыл қағуда. Жайық өзенінің нашарлап бара жатқан экологиялық жағдайын Парламент Мәжілісінің депутаты Е. Тарасенко де мезгіл-мезгіл көтеріп жүр.
Зерттеу мақсаты: Жайық өзенінің қазіргі экологиялық проблемаларын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
Жайық өзеніне географиялық сипаттама беру;
Жайық өзенінің экологиялық жағдайлары туралы түсінік беру;
Жайық өзенінің қазіргі экологиялық проблемалары туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Жайық өзенінің гидрологиялық жағдайы
1.1 Жайық өзенінің атауының шығу тарихы
Облыстың солтүстігінен оңтүстігіне қарай кесіп өтетін басты су көзі- Жайық өзені. Жайық өзені бастауын Орал тауының 600 метр биіктегі оңтүстік-батыс сілемдерінің бірінен алады. Облыс аумағына Жайықтың төменгі сағасындағы 300 шақырымнан астам бөлігі ғана енеді. Өзеннің жалпы ұзындығы 2534 шақырым. Су жинайтын алабының көлемі 200000 шаршы шақырым. Жылдық орташа су шығыны 330 текше метр. Арнасының ені 305-500 метр аралығында ауытқып отырады. Өзен суының деңгейі негізінен облыстан тыс жердегі су жинау алабы беретін суға тікелей байланысты болып келеді. Жайық өзенінің 500 шақырымы ғана облыс территориясымен өтеді. Ол Каспий маңы ойпатын кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Негізгі арнасына Батыс Қазақстан облысының жерінде бірнеше салалары қосылады.
Өзеннің орта бөлігінде көктемгі тасқын судың артығы қолдан қазылған Көшім каналы арқылы төрт су қоймасына құйылып,шабындық және жайылымдық жерлерді суаруға пайдаланылады. Көшім каналы осы облыс еңбеккерлерінің қажымас қайратының белгісі. Отызыншы жылдары елімізде техникалық құралдар жетпей жатқан кезде еңбекші бұқара бұл каналды қолмен қазған болатын.
Жайықтың бір жылғы орташа су шығыны секундына 320 текше метр. Соңғы жылдары құрғақшылық пен шаруашылық мақсатына алынатын су мөлшерінің артуы өзеннің орташа су көлемінің жылына 7-8 текше шақырымға дейін азаюына әкеліп соқтырады. Жайық өзенінің тағы бір ерекшелігі-оның төменгі ағысында салалары жоқ. Сондықтан су деңгейінің түсуі немесе көтерілуі жоғары жақтан келетін су мөлшеріне байланысты болады.
Өзеннің тасуы наурыздың соңы мен сәуірдің орта шамасында басталады да,сәуір айының соңында, мамыр айының орта шенінде өзінің жоғарғы деңгейіне жетеді. Өзеннің беті қарашаның соңынан сәуірдің басына дейін 120-130 күндей мұз құрсанады. Мұз қалыңдығы орташа 30-50 см шамасында болады. Жайық өзенінің бастауында жер бетінің деңгейі 637 метр биіктікте, ал оның Каспий теңізіне құяр жері теңіз деңгейінен 28 метр төмен жатыр. Жайық өзенінің құлау бұрышы әрбір шақырым сайын 30 см-ге тең. Өзен арнасының тереңдігі қайраңында 1 метр, негізгі арнасында 3 метр, ал иірімдерде 4-5 метрге жетеді. Каспий теңізіне құяр жерінде тарамдарға бөлініп кетеді. Облыс көлемінде Жайық өзені егістік жерлерді суаруға, кеме арқылы әр түрлі жүк және жолаушы тасымалдауға пайдаланылады, балық ауланады. Соңғы жылдары Жайық өзенінің көліктік қатынас қызметі азайып келеді
Жайық өзені өз бастауын Оңтүстік Оралдан алып, Ресей Федерациясы және Қазақстан арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 2428 км, ҚР территориясында - 1082 км, бассейн ауданы 237 мың км2, Каспий теңізіне келіп құяды. Жайық өзені-қарапайым өзен сияқты қар суынан жинақталатын өзен. Cудың орташа шығыны 400 м3с. Жайық өзені екі әлем бөлігінің өзіндік шекарасы болып табылады. Жер, орман, аймақ сияқты Жайықты мемлекеттік және әкімшілік шекара бойынша бөлуге болмайды, өйткені өзен жүйесі өзара тығыз байланысты. Жайық ұзындығы бойынша Еуропадағы үшінші өзен; ұзындығы бойынша тек Волга мен Дунайдан кейін. Днепр өзені Жайықтан 249 км-ге аз. Адамдардың қателесуіне қарамастан Жайық өзені Ресейдегі жоғарғы ағымда Азия мен Еуропаның сулы шекарасы болып табылады. Шекара Челябинск облысының Верхнеуральск және Магнитогорск қалалары арқылы өтеді. Қазақстандағы Еуропа мен Азия арасындағы географиялық шекара Орск қаласының Оңтүстігінде, Мұғалжар ойпаты бойынша және Ембі өзенінің Каспий теңізіне түскен жеріне дейін ағып өтеді. Осылай Жайық өзені 100 пайызға ішкі еуропалық өзен болып табылады, тек қана Орал жотасының Ресей тарапындағы жоғарғы жағы Азияға жатады.
Көне тарихында өзен Ликос деп аталды, ал біздің эрамыздың басында Даикс, Даих (Птоломей картасы б.э.д.II ғ.) деп аталды. Әр түрлі замандарда өзеннің әр түрлі аттары болды: Джаих, Руза, Ягак, Ягат, Улусу, Запольная өзені. Яик есімі алғаш рет 1229 жылы орыс жазбаларында кездесті.
Өзен жанында өмір сүрген қазақтар, татарлар, башқұрттар және басқа да халықтар өзенді Яик, Джаик, Жайық деп атады. Бұл атаулардың барлығы өзеннің ұлылығын, молдығын, күштілігін білдірді. Орал атауы өзеннің екінші атауы болып табылады, ол өзеннің басы басталатын жері Орал тауының атауынан туған. Ур және ал сөзбе-сөз өзен алушы деп аударылады. Орал және Жайық мағынасы жағынан жақын сөздер. Түркі тілінен аударғанда байтақ, құюшы, өзіне басқа ондаған өзендерді алушы дегенді білдіреді.Екатерина ІІ Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы пікірді халық арасында жою үшін 1755 жылы Яик атауын Орал атауына, Янукий қаласын Уральск қаласына өзгертуді бұйырды.Атауды өзгертуді шығарған патшаның жарлығында былай деп жазылған: Яиктағы бақытсыз оқиғаны мүлде естен шығару үшін.
Жайық өзенінің халық-шаруашылық мәні. Өзеннің ерекше байлығын көрсету үшін Яик Горыныч Золотое дно, серебряна крышечка - деп халық мақалында айтылған. Қиын - қыстау замандарда Жайық мыңдаған адамдарды азапты ажалдан алып қалды. Біздің ата-бабаларымыз өзен туралы мынадай өлеңдер айтқан: Орал, сен біздің жарқыраған алтынымыз, таза, мөлдір суымызсың, сүттей жағалауың, балықтарың әлемге сүйкімді, Сен-біздің асыраушымызсың, біздің өмірімізсің. Су ресурстары және Жайық өзені бассейнінің жері ауыл шаруашылығында, өнеркәсіптік өндірісте кеңінен пайдаланылады. 20-30 жыл бұрын Батыс Қазақстан экономикасы үшін балық шаруашылығы мен кеме жүзетін жолдар маңызды болды. Өзен бойынша суды тұтынудың жыл сайынғы өзгерістерін есепке алсақ, су деңгейі соңғы жылдары азаюда. Бұл кеме жолдарын дамытуға мүмкіндік жоқ дегенді білдіреді.
1890 жылы Н.Я. Данилевский "Жайық балық шаруашылығы туралы " қысқа очеркінде былай деп жазды: Жайық тек қана балық аулауға арналған дүниедегі ең үлкен өзен. Бұған дейін ағымды судың адамға беретін басқа да қызметтері осы балық аулаудан шыға алмаған. Онда кемелер де, өзенмен сал ағызу да, сумен қозғалатын диірмен де болмаған. Жыл бойы балық аулайтын ауы жоқ кемелерді көре алмайсың. Жайық арқылы өту қиындады. Балық аулауға арналған бекеттен теңізге дейінгі кеңістікте, яғни пошта жолымен 500 шақырым жерде, Уральск жанында тек қана бір көпір болатын. Гурьевте айырбасы бар екі пункті қамтитын бір паром болған. Халық Гурьев паромын жақтырмаған, өйткені оның арқаны суға соққанда Жайыққа келетін балықтарды шоршытады деп есептеген. Егер де Жайық өзенінен жүктермен өту қажет болса, екі-үш бударкілерді (кішкене қайық) байлап, тұғыр орнына шарбақ төсеп, бас жағында және аяқ жағында бір казактан отырады, қолдарында қысқа ескектер бар. Осылай паром дайындалған.
Жайық өзені - ірі табиғи объект. Жайық өзені атырауы және ұласып жатқан. Каспий теңізінің жағажайы - халықаралық мәні бар Рамсар тізімінің су-батпақ жерлеріне енгізілді. Қазақстан 2007 жылы мамырда Рамсар конвенциясына қосылды, мұнымен біз өзіміздің территориямыз үшін, адамзат үшін пайдаланатын суларды сақтау міндеттемелерін мойнымызға алдық.
Гидрологиялық режимнің қолайсыз жағдайлары және басқа да факторлар балық қорын қайта өндіруге кері ықпалын тигізді. Жайық өзеніне антропогендік әсерлер, соның ішінде соңғы он жылдағы күшті әсер күрделі салдарға алып келді. Бүгінгі таңда өзен көз алдымызда тайызданып бара жатыр, судың сапасы шамалап, жергілікті флора мен фауна жұқарды. Бекіре балықтарының популяциясы соңғы жылдары 30 есе қысқарды. Су артериясының тартылуынан ерекше балықтардың уылдырық шашатын орындары жоғалып кетті, өзендегі сарқынды судың көлемі артты. Ресейдегі сияқты Қазақстанда да Жайық жанында көптеген кәсіпорындар орналасты. Нәтижесінде - суда ластаушы заттардың жоғарғы концентрациясы тіркелген, бұл мыс, мырыш, және марганец бойынша ПДК-ны 7 есе асып түседі. Қыста Жайық өзенінің ойықтарында майлы дақтардың сызықтарын байқауға болады - бұл өзенге келіп түсетін өнеркәсіп кәсіпорындарының қалдықтары. Жайық өзенінің саласы ешқашан тазартылған емес. Бүгінгі Жайықтың түбі, суға сүңгушілердің айтуынша, үлкен қалдықтар жиынына ұқсайды: аулар, арматура, құрылыс қалдықтары, темір-терсектер. Жайық сағасы жылдар бойы жинақталған қоқыс, үйінділерге толы. Нәтижесінде балық уылдырық шашу үшін өзенге өте алмайды.
Атырау аймағына тұщы нәр беріп, тұрғындарының өміріне, тірлігіне негіз болып келген, талай тарихи оқиғаға куә болған су көзі - Жайық өзені ғана. Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқұртстан Республиксы,Челябі,Орынбор және Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды.Су жинайтын алабының ауданы 237 мың км3,Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Орал тау жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салынған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арнасында қайраңдар бар. Ириклинск су электр станциясының салынуына байланысты Ириклинск су бөгені пайда болды. Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөліктерде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор салалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен(ұзындығы 45 км) өтеді.

1.2 Шекарааралық Жайық өзені
Басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды(төменгі ағыс,аралығы 840 км.).
Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридионалдық бағытта Оралдың шығыс баурайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері - 3 м..Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады.
Орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған . Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді.
Орск қаласынан Орал қаласына дейін өзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз таулы табалдырықты жерлері сирек кездеседі. Өзен тегіс саяз жерлерге айналады.
Орынбор қаласы аумағында Жайық өзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар ағады . Оның ұзындығы 761 км, алқап көлемі 29,1 мың км. Сақмар алабын көп қарлы және тармақтанған өзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 өзен саналады. Сақмардың су айдауы Оралдан шамамен 1,5-2,0 рет артық, одан қалыпты ағуымен және көктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді, сонымен қатар Жайық өзенінің режиміне маңызды өзгерістер енгізеді.
Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзеніне сол жағынан Елек өзені ағады, оның ұзындығы 730 км.
Орал қаласы маңында Жайық өзеніне 2 сала - Шаған мен Барбастау өзендері құяды. Төменгі ағысында Жайық өзені Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары аумағынан Каспий теңізі маңы ойпатынан өтеді,бұнда үш табиғи аймақтан өтеді: дала, шөлейтті- дала және шөл.

Даланың аймақ ұзындығы 250 км Батыс Қазақстан облысында солтүстік жағында орналасқан. Бұл аймақтың оңтүстік шекарасы Жайық өзен бойы Чапаев ауылы жанынан өтеді. Әрі қарай оңтүстікке 220 км шөл-дала аймағы созылып жатыр. Ол Каспий теңізі ойпатының солтүстік бетінен Батыс Қазақстан облысының Чапаев , Атырау облысының Индер ауылдары аралығында белдеулей өтеді. Индерден теңізге дейін шөл аймағы ені 400км-ге созылады.
Жайықтың төменгі ағысының тереңдігі, жыл сайын көктемгі судың көтерілуінен өзен арнасының шайылуына қарай, барынша қалыпты. Көктемде тасқында судың көтерілу деңгейі сабадан 3-7 м-ге асады. Фарватер бойындағы Жайықтың орта тереңдігі сабасында (саяздар мен шұңқырларсыз) 3-5 м құрайды.
Жайық өзенінің сағалық ауқымының жоғарғы шекарасы атыраудың басымен ұласады (Атырау қаласынан төмен), теңіздік - теңіз кемеріне 3 м изобатта кіреді. Бұл шектегі саға аумағының көлемі 1500 км ² тең. Өзен атырауы көлемі 600 км².
Жайық өзені тек қана қар суларына қоректенетін жай өзендерге жатады. Оның ағыны, негізінен, өзендер жүйесі дамыған, жоғарыдан қалыптасады. Жайық өзенінде Оралдан төмен теңізге кұйғанға дейін, суы аз Барбастаудан басқа сала жоқ. Жайық өзенінің балық шаруашылығында зор маңызы бар. Аймақтағы табиғи факторлар жиынтығы жылдың мезгіліне байланысты, сәуірден шілде айлары аралығында, балық өсіруді жоғары деңгейде дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады. Қазіргі кезде Жайық өзені - Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен. Күзде 15 тамыздан 15 қараша аралығында Жайық өзенінде балықтың балықшаруашылық шұңқырларына жылыстауы жүреді, яғни күздегі қыстаққа қоныстануы болады.
Содан соң Жайық өзені арнасында мамырдан шілде айларына дейін балық шабақтарының уылдырықтайтын және өсетін орнынан өзеннің сағалық кеңестігіне жылыстауы жүреді.
Жайық өзенінде балықтардың 38-ден астам түрі бар: бекіре тәрізділер, майшабақтар, шортантәрізділер, тұқытәрізділер және басқалары кездеседі.
Жайық өзенінің жайылмасы мен аңғарлары Батыс Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігінің интроаймақтық орталығы болып табылады. Дала мен шөлейт ланшафттың біртекті төсегі Жайық аңғарының кіретін жайылма ормандардың жасыл желегімен алмасады.
Жайықтың жайылма ормандары: емендер, қара ағаштар, ақтеректер,талдар қайың, шегіршендермен сипатталады. Тіршілік ортасының жағдайына қарай бұл ормандар алуан түрлі болып құралуы мүмкін. Жайылмалардың солтүстік бөлігінде көктеректер мен аққайындар таралады және шағын тоғайлар құрайды.
Жайылмалардағы өсімдіктердің таралуына тасқын сулардың тұру ұзақтығы үлкен әсер келтіреді. Өзеннің қазіргі арнасынан жайылманың жоғары беткейінің экологиялық қатарын мына өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Облыстың солтүстігінде өзен бойының құмайт қайрандарында бұтақты талдар өседі, ал Қызыл - Жар еңдеуінде оларға жыңғылдар араласады. Олардан жоғары қаратал, арнадан әрі талдық екпелер орналасқан.
Жер бедерінің биіктеу жерлерінде, жағалаулардың өнбойы мен ескі арнасында қара терек пен ақ терек тоғайлар орналасқан. Орман тұқымдарының осы екі түрі барлық орман алқаптарының 50 % құрайды. Шегіршін орман алқаптары орталық жайылманың жоғары телімдерінде орналасқан, тасқын сумен басу кезеңі 30 күннен аспайды. Шегіршін бұталар мен ақтерек жазықтар арасында орналасады. Шегіршін орман алқаптары оңтүстікке қарай азаяды, ал Антонов ауылынан оңтүстікке қарай жоғалады.
Экологиялық қатардың жоғарғы бөлігін емендер алады. Мұнда тасқын сулардың тұру ұзақтығы үш аптадан аспайды. Еменді ағаштар тек өзеннің солтүстік жағында шоғырланған. Жайылмалы ормандар бұта қопасымен жамылған шабындық пен алаңдарға ауысады.
Өзен жайылмасындағы экологиялық жағдайдың алуан түрлілігі: жер бедері түрліше қиылысып отыратындығы, су қорларының көптігі, бай жануарлар дүниесінің тіршілігі мен сақталуына өсімдіктер топтастығының алмасуы қолайлы әсер туғызған. Өзен жайылмасында бұлан, елік, жабайы қабан, қоян, түлкі, тіпті орман сусары мен сілеусіндерді кездестіруге болады. Өзеннің солтүстік бөлігінде қоныс аударған камшаттардың мекендейтін үйшіктер мен жасанды бөгеттері кездеседі. Әсіресе, құсқанаттылардың саны мен түрлері ерекше көп. Жайылмалық ормандарда саршымшықтар, сайрақтар, шыбынқырғыштар, тоқылдақтар, мысықторғайлар, бақтар мен қамыстардағы сұлыкештер, ормандағы жадырақтар, құрлар, бөденелер, байғыздар және т.б мекендейді. Айрықша биологиялық әртүрлілікті, қызыл кітаптық және сирек түрлерді сақтап және қайта қалыпқа келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағының Жайық өзені аңғарында Кирсанов және Бударин қорықшалары құрылған . Бударин зоологиялық қорықшасы, жер көлемі 80 мың га, бұлан елік,қабан,құндыз, ондатра, қоян және басқа жануарларды сақтау және көбейту үшін құрылған. Бұдан басқа қорықша территориясы өте сирек бара жатқан реликта- су жаңғағы (чилим) мен су папортнигінің( сальвиния) оңтүстіктегі мекені. Қорықшада омыртқалы жануарлар дүниесінен құстардың 56 түрі, сүтқоректілерінің 21 түрі, 6 түрлі рептилия, амфибияның 4 түрі және балықтың 9 түрі есептеледі.
Кирсанов кешенді қорықшасы ,жер көлемі 61 мың га, қамшатты жерсіндіру және елік,бұлан және басқа жануарлардың санын көбейту үшін құрылған. Қорықшаның территориясының өзен жайылмасында далалы Орал өңірінің тамаша табиғи кешені - әсем емен мен ақтерек ормандары сақталған. Бұл жерде, Батыс Қазақстанда тек осында кездесетін, сиреп бара жатқан өсімдіктері мен жануарларына өте қолайлы жағдай жасалған. Бұнда Қызыл кітапқа енгізілген көптеген өсімдік түрлері өседі (қарапайым емен, мамыр маржангүлі). Сирек кездесетін сәлемшөп, аюбалдырған, шерменгүл, қоңырауша, субидайық, қабыржық, қара мойыл тағы басқалары да табылады.
2. Жайық өзенінің экологиялық проблемалары
2.1 Жайық өзенінің қазіргі экологиялық жағдайы
Батыс Қазақстан территориясы бойынша 196 өзен ағады, оның ішінде тек сегізінің ағыны тұрақты, ұзындығы 200 км - ден асады. Осы өзендердің ішінде ең маңыздысы, Қазақстандағы ұзындығы 1000 км - ден асатын ірі 7 өзеннің бірі - Жайық өзені болып табылады. Ал осы Жайық өзенінің қазіргі таңдағы экологиялық жағдайы күннен күнге төмендеп барады. Мемлекет үшін аса маңызды өзендердің бірі болып отырған Жайықтың бұл проблемаларына көз жұма қарамауымыз керек.
Жайықтың жасыл желегі, орманды алқабы соңғы жылдары 8-10 есе азайып кетті. Егін тәуір шыққан жылдары 8-10 миллион тонна астық жиналады. Жыл сайын әр суы 1,2 миллион гектарға дейін шалғынды шайып өтеді. Өзен ондаған мың гектар еістікті суарады, жүздеген мың гектар жайылымға су шығарылады. Дүние жүзінде ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 31 жуығы Жайықтан ауланады. Бүгінде Арал десе елең етпейтін адам жоқ. Аралды бүкіл әлем біледі. Бір кезде толқыны аспанға шапшып, ақырып жатқан Арал бір күнде суалдыма? Теңіз орнында қайырлаған кемелер бір-ақ күнде шоңқидыма? Жоқ әрине. Алып теңіздің тартылуы пәлен жылдарға созылғаны ақиқат шындық. Кезінде неге апатын алмадық? Қазір жүрегіміз осы сұраққа жауап іздеп қанжылайды.
Судың шамадан тыс ластануы өнеркәсіп қажеттіліктері үшін қолданғанда арта түседі. Өзеннің санитарлық қорғаныс аймағы заң бойынша анықталмаған. Соның салдарынан бұрын кеңестік заңда судың қорғаныс аймағы саналған өзен жағалауларының 65 пайызы жыртылып, егін алқабы ретінде пайдаланылып кеткен. Бұл өз кезегінде өзенге топырақтың көп құйылып, тайыздалуына себеп болып отыр. Бұл дегеніңіз-үлкен экологиялық апат. Ірі индустрия алыптары Жайық өзенінің тура ортасында орналасқан кеңес заңымен судың қорғаныс аймағы саналатын жерден құбыр желісі жүргізілген. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Орынбор газ конденсаты кен орны игеріле бастағанда экологиялық шараларды қоса жүргізуді қатаң талап еткен. Балық шаруашылығы аймағын, ортаңғы және төменгі сағада бекіре балығын өсіретін зауыт салу, өзге де жасылдандыру жұмыстары қатаң бақылаумен атқарылған. Ал Қазақстандық кен орнын игерушілерге мұндай экологиялық талаптар мүлде қойылмайды. Жайықтың Ресей жеріндегі жоғарғы ағысында төрт ірі су қоймасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау
Жайық өзенінің экологиясы
Жайық өзені туралы
Жайық өзені
Жайық өзенінің мәселесі
Жайық өзенінің орналасуы
Жайық өзені: «табиғаты- халқы- шаруашылығы» мектеп жобасы
Батыс Қазақстан облысының топырақ картасы
Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы
Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
Пәндер