Сиыр туралы жалпы түсініктеме



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Бөлім. Сиыр туралы жалпы түсініктеме
1.1 Лейкоз туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Сиыр түрлері және оларға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
II Бөлім. Сиырды азықтандырудың маңызы
2.1 Сиырдың азығын дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Азықтың қажетті мөлшерін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе
Курсық жұмыстың мақсаты- білімді тереңдету, азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандырудың тәжірибесін оқып білу, бөлшектелген меже бойынша жануарларды азықтандыру практикалық ұйымдастыруда қалыптасатын жеке сұрақтарды зерттейді. Онда теориялық материялды, анықтамалық, оқу және басқа арнайы әдебиетті пайдалануды үйренту үшін белгілі тәжірибелік міндеттерді шешу қажет.
Курстық жұмыстың міндеті-болашақ маманға үй жануарларының қоректену биологиясын, ғылыми-нақтыланған толыққанды азықтыруды ұйымдастыру.
Әдебиетке шолу
Сиырдың лейкозы (Leucosis bovum, лейкоз крупного рогатого скота)
Ең алғаш лейкозды неміс патоморфологы Р.Вихров 1845 ж ашқан болатын.
Қоздырушысы - Bovine leucosis oncovirus Retroviridae туыстастығы.
ДНҚ көшірмесі бар провирус түзеді. Провирус иесінің торшасындағы
ұшыратады. Сиыр лейкозының вирусы (СЛВ) онковирустардың С типіне байланысты. Лейкозбен сиыр малының барлық тұқымының қай жастағысы болмасын түрлеріне әсер етеді. Лейкоздың қоздырушысының бастауы ауырған жануарлар.

I Бөлім. Сиыр туралы жалпы түсініктеме
1.1 Лейкоз туралы түсінік
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара -- сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка материктерінде кең тараған. Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті.
Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін -- бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) -- баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) -- тайынша, бір жастағы ұрғашысын -- қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын -- құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) -- дөнежін, еркегін -- бұқа, піштірілген еркегін -- өгіз деп атайды.

1-сурет.

* Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетін тұқымдары 6 -- 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 -- 35 жыл, бұқасы 15 -- 20 жыл тіршілік етеді.
* Сүт бағытындағы Сиырдан 9 -- 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді.
* Сиырды етке 1,5 -- 2 жасында бордақылап немесе жайып семіртіп өткізген жөн.
* Асыл тұқымды сиырларды тұқым алу үшін 5 -- 10 жыл пайдаланады.
* Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7 -- 10 айлығында, бұқаларда 8 -- 10 айлығында жетіледі.
* Алайда шағылысқа қашарды 18 -- 22, бұқаны 14 -- 18 айлығында қосады.
* Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19 -- 22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады.
* Ұрғашысы әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық). Егіздің ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз.
* Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салм. 18 -- 45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салм. 1 -- 3 кг артық болады. Олардың еті мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі салмағының 30%-ын құрайды.
* Ересек Сиырдың салм. 250 -- 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 -- 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады.
Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіреді. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500 -- 400 кг, сүтінің майл. 3,6 -- 4%. Бір сауын маусымында 20000 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82,2 кг (ярослав тұқымы). Сауылым мерзімі 280 -- 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1,5 -- 2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында. Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы Сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған Сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48 -- 70% аралығында. Сиырдың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қосымша азық (сүрлем, құрама жем). Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады. Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т.б.; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т.б. өсіріледі. Бұзау - мүйізді ірі қара малдың 6-айға дейінгі төлі. Бұзауды жынысына қарай еркек, ұрғашы, ал енесінен туғандағы санына қарай жалқы, егіз деп бөледі. Бұзау бағып-күту өсу кезеңдеріне, жасына, өнім бағытының ерекшеліктеріне сәйкес өсіріледі. Өмірінің алғашқы 7-10 күндігінде бұзауды енесінің уызымен ауыздандырып, сүтін еміздіреді. Сүтті және сүтті-етті тұкымының бұзауын ертерек балауса, пішен, пішендеме, сүрлемді көп жеуге үйретіп, жемді аз беріп өсіреді. Етті бағыттағы тұқымның бұзауын 8 айға дейін енесін еміздіріп өсіреді. Еркек бұзаудың жыныстық қабілеті 6-айлығында жетілетіндіктен, осы жастан бастап еркек және ұрғашы бұзауларды бөлек бағады. Алғашқы 15-20-күндігінде бұзау басы шығыны көбінесе іш ауруы мен өкпенің қабынуынан болады. Одан сақтандыру үшін бұзау ауқымы кең, ауасы таза, құрғақ қорада ұстап, дұрыс азықтандырып, мезгілімен серуендетеді.
Қолдағы сиырдың сүттілігі алдымен оның дұрыс азықтандырылуына байланысты. Әрбір литр сүт түзу үшін желін тамырлары арқылы 500 литрден астам қан өтеді екен. Ал тәулігіне оншақты литр сүт шығатын сиырларды алсақ, олардың желін тамырлары арқылы 5 -- 6 мың литрдөн астам қан өтетінін өсептеу қиын өмес. Осы қан құрамында сүтті түзуге қажетті бүкіл қоректік заттар мен қосындылар жеткізілуге тиіс қой. Ал олар қайдан алынбақ? Қан құрамына малдың ас қорыту жолдарындағы қорытылған азықтық қоректік заттары сіңіріледі. Сондықтан қан мен қажетті қосындылар сүт түзу үшін, малды жан-жаңты толықтырылған азықтық, рациондармен жеткілікті дәрежеде азықтандыруқажет. Сиырды дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерөкшеліктерін білген жөн. Басқа да күйіс қайыратьш мал сияқты сиыр жеген азық та алдымен төрт камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары -- үлкен қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдынала өңдеуден өтеді. Бұл алдыңіғы қарындарда көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. Осы қарындар олардың өсіп-өнуіне әбден қолайлы. Алдыңғы қарындарда ұлтабардағыдай өте қышқыл реакциялы қарын сөлі немесе тұз қышқылы болмайды, ал күйіс қайыру кезінде сиырдың сілекей бездері шығаратын сілекейі көп мөлшерде үлкен қарынга құйылъш, ондағы ортаға микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы сілтілік реакция береді. Содан барып алдыңғы қарындарда әбден күйселіп, шайналып, ұсақталмаған азық бөлшөктері біршама уақыт кідіретіндіктен олардың қоректік заттарын пайдаланьш, көптеген микроорганизмдер өсіп-өнеді. Олар бір клеткалы жануар тектес (микрофауна) және қарапайым өсімдік тектес (микрофлора) ор-ганизмдерден тұрады. Өздерінің тіршілік процестеріне үлкен қа-рынға түскен азықтық заттарды пайдаланып, өз денесінің қо-сындыларына енгізед,і. Мысалы, азықтық азоттың заттарды игеріп, өз денесі белогының амин қышқылдарын түзеді. Олар белоктық азот пен белок емес заттардың (амидтердің), сонымен қатар тіпті анорганикалық азотты (карбамид сияқты химиялық қосындыларды) да игере алатындығын ескерсек, осы микробиологиялық түзу арқылы сиырларға құнсыз азоттық, қосындылардан ауыспайтьш амин қышқылдарына байытылған құнды белоктар жеткізіледі. Міне, осыдан эволюция барысында макроорганизм (сиыр) мен микроорганизмдер (үлкен қарын микрофлорасы мен микро-фаунасы) бір-біріне қажетті жағдай туғызып, өзара тіршілік етеді.
Алмастыруға келмейтін аминқышқылдарымен қатар алдыңғы орындардағы микроорганизмдер маңызды витаминдерді (В12 цианкобаламин, К витамині) де түзетінін ескерсек, олардың азықты биологиялық өңдеуден өткізуінің малға қаншалықты маңызды екенін ағару қиын емес. Сондықтан ірі қараның азық рационын олардың алдыңғы қатарындарында өтетін микробиологиялық процестерді ескере отырып жасау қажет. Азық рационы арқылы алдыңғы қарындардағы микробиологиялық түзуді неғұрлым ұлғайта алсақ, малды жоғары сапалы белоктың заттармен, қажетті витаминдермен солғұрлым қамтамасыз ете аламыз. Оның алғашқы шарты -- сиыр рационы-ның бірыңғай сақтап, тез бұзбай, ал қолданылатын жаңа азықтарды біртіндеп, азаздап енгізеді. Сондай-ақ қысқы азықтандырудан жазғы жайылымға ауыстырғанда да осы қағиданы ұмытпай, қысқы азықтарды жайылым отымен біртіндеп қана ауыстыру қажет. Сонда ғана сиырды іш өту індетінен сақтандырьш, қысқы рациондарға бейімделіп қалған микроорганизмдер ассоциациясын сақтап қалуға болады. Сиыр азықтандыруды дұрыс ұ.йымдастыру үшін оның жасына, тірілей салмағына, физиологиялық жағдайына, өніміне қарап оларға қажетті қоректік заттар мөлшерін (азықтық нормасын) анықтауға болады. Қазіргі кезде сиырларга 80-нен астам қоректік және биологиялық активті заттардың қажет екендігі белгілі больш отыр. Әрине азыңтандыру барысында олардың бәрінің деңгейін бақылау мүмкін емес. Сондыңтан сиыр организмінің қоректік заттарға деген мұқтаждығын көрсететін нормалық көрсеткіштер ретінде ең маңызды алты көрсеткіш алынады. Олардың ішіндегі негізгісі -- организмнің жалпы энергиялың мүқтаждырын көрсететін Советтік азық өлшемі. Қазіргі уақытта бұл өлшем ретінде құнарлылығы өгіз денесіне 150 грамм май байлайтын 1 кг сұлы алынған. Советтік азықөлшемімен қатар құндылығы алмасу энергиясының 2500 килокалориясына тең энергиясының 2500 килокалориясына тең энергиялың азық өлшемі де қолданылады. Белоктық қажеттіліктің көрсеткіші ретінде қорытылатъш про-теин,, минералдық көрсеткіштер ретінде -- ас тұзы, калций жәнө фосфор, витаминдік көрсеткіш ретінде -- каротин алынған. Міне, осы алты көрсеткіш малдың азық нормасын белгілейді. Әсіресе организм қажеттігін энергиядан кейін белоктық заттармен қамта-масыз етудің маңызы өте зор. Өйткені олар организмдегі пласти-калық, құрылымдық түзу процестерін қамтамасыз етеді. Әр түрлі физиологиялық жағдайларына байланысты сиыр ор-ганизміне қажетті азық өлшемі мен қорытылатын протеин көлемін жаттап алған жөн. Буаз сиырлар 3000 литрдей сүт өндіретін болса 300 килограмнан 500 кидограмга дейінгі салмагына 5 -- 8 советтік азық өлшемі, 600 -- 900 грамм қорытылатын протеин қажет.
Сауын сиырлардың әр 100 килограмм тірілей салмағына ша-мамен 1 азық өлшемі, ал өндірілетін сүттің әрбір килограмына 0,5 азық өлшемі жұмсалады, Рациондағы әр азық өлшөмінде 110 -- 120 грамм қорытылатын протеин, 7 -- 10 грамм ас тұзы, 9 -- 10 грамм кальций, 5 -- 6 грамм фосфор, 40 -- 60 миллиграмм каротин болуға тиіс. Тұмса сиырлар мен арық сиырлар үшін осы көрсеткіштерді 1 -- 2 азық өлшеміне ұлғайтады. Сонда қоректік заттар мөлшөрі де өседі. Тана-торпақтың нормасын қосылатын салмағына қарай белгі-лөйді. Бір жасқа дейін әрбір кг қосқан қосымша салмағына 6 -- 7 азық өлшемі, 660 -- 840 грамм қорытылатын протеин керек болса, 1 -- 2 жас аралығында 8 -- 9 азық өлшемі мен 800 -- 900 грамм қо-рытылатын протөин қажет. Бордақылаудағы сақа малдың әрбір килограмм қосқан қосымша салмағына 10 -- 12 азық өлшемі, 700 -- 960 грамм қорытылатын протеин керек. Сауын сиырларына қажетті нормалар 3-таблицада келтірілген.

1.2 Сиыр түрлері және оларға сипаттама

Қазіргі үй сиырларының шыққан тегі тур деп аталады. Тур тұқымына шаруалардың үй сиырлары жатады. Бұлар пайдалану жақтарына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бұл тұқымдарды өсірілген жеріне, еліне, тұқымына, түстері мен беретін өнімдеріне, бас пен түк, мүйіздеріне, құйрық бітістеріне, т. б. көптеген ерекшеліктеріне байланысты түрліше атай береді.
Тур деген жабайы сиырды қолға асырап, үйретілгеннен кейін үй сиыры пайда болған. Жабайы сиырлармен салыстырғанда, үй сиырларының аяқтары қысқа, денелері ірі, үлкен, шекелері кіші болып келеді. Бұл ірі қара әр түрлі тұқымдардың шағылысуы арқылы көптеген будандарға айналады. Мұндай сиырлар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, т. б. туысқан республикаларда кең таралып өсті. Жергілікті сиыр тұқымдары көбейді. Қазақстан сиырларының тұқымдары еттілік, сүттілік, көліктік жағынан ерекшеленіп, өсіп-өніп келеді. Бағдарлама жұмысы 2011 жылы бастау алып, бағдарлама бойынша асыл тұқымды жас малды қалпына келтіру үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ірі қара малдың сиырларын және тұқымдық бұқа сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналымдағы қаражатты толықтыру мақсатында 1 млн. теңгеден 18 млн. теңгеге дейін 7 жыл мерзімінде заңды тұлғаларға, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге ставкасы - жылдық 6% сыйақы мөлшерінде қарыз беріледі. Қарыз алушыларға төлеу қабілетінің болуы және қаржылық тұрақтылық, өтініш берген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) айда салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы, соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы, жағымсыз несиелік тарихының болмауы, малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы сияқты және басқа да талаптар қойылады. Жайылымды алдын- ала тастардан, былтырығы өсімдік қалдықтарынан бөгде заттардан тазартып, сиырларды әрқайсысына бірнеше күннен жаятын өріс-терге бөлген жөн. Сонда бір жағынан жайылым отын сақтап, ал екінші жағынан оларды қажетті мөлшерде көк азықпен қамтамасыз етіп тұруға болады. Бір килограмның орташа қоректілігі 0,22 азық өлшемі, 25 грамм Қорытылатын протеині, 3,0 грамм кальцийі 0,7 грамм фосфоры, 40 -- 60 миллиграмм каротині бар шалғында тірілей салмағы 450 -- 500 килограмдық сауын сиырлар тәулігіне 8 литр сүт өндіргенде 40 -- 45 кг, 10 -- 12 литр өндіргенде -- 55 -- 65 кг, 18 -- 20 литр өндіргенде -- 65 -- 75 кг көк азық жеуге тиіс. Сүттілігі өте жоғары болса немесе жайылым оты мардымсыз болып, соған орай сиыр күні бойы көк азықты мұндай мөлшерде жұлып жей алмаса, оларды орылған балаусамен қосымша азықтандырады. Көк азықтардың қоректілігі жайылым отының құрамындагы шөп түрлеріне байланысты. Бұршақ тұқымдастардың (бөде, жоңышқа түрлері) құрамында протеин көп болғанымен, олар ыстық тұқымдастарына қарағанда қантқа кедей. Ал ірі қараның алдыңғы қарындарындағы микробиологиялық процостерге ең қолайлысы қант-протеин ара қатынасының 1:1 екенін ескерсек, онда сиыр-ларды ең жақсысы бұршақ және астық тұқымдастар қатар өсетін жайылым отымен азықтандырған тиімді. Жазғы уақытта сауын сиырларды тәулігіне 3 -- 4 рет суарып, қажетті мөлшерде жалайтын ас тұзымен қамтамасыз еткен дұрыс.
Шырынды азықтар. Ірі қара, әсіресе сауын сиырлары рацион-дарында олардың сүтін көтөретін тамыр-түйнек жемістілер (қант және қызылша, сәбіз, картоп) және бақша дақылдары (асқабақ, қарбыз, қауын) кеңінен қолданылады. Олар өте жеңіл қорытылып, малды қантпен, ал сәбіз, асқабақ А витаминінің алғашқы түрі каротинмен қамтамасыз етеді. Оларды сиыр сүйсініп жейді. Құрамындағы қант сиыр рационындағы қант-протеин ара қаты-насын жақсартып, қоректік заттардың қорытылуын жоғарылатады.
Сауын сиырларға қызылшаны тәулігіне 30 кг, ал картопты 15 килограмға дейін беруге болады. Яғни олардың жылдық қоры сиыр басына -- қызылшаныкі 10 -- 15 ц, ал картоптікі 5 -- 10 ц. Тек қант қызылшасын қолданғанда ескеретін жайт -- оның тәуліктік мөлшерін сиырдың сүттілігіне орай бірнеше рет бөліп беру керек. Өйткені сиыр организмінде лактаза ферменті азығынан қанттың көптеген мөлшері ыдырап үлгермей, ашьш, көптеген іш газы пайда болады. Қызылшаны арнаулы қорада (температурасы -- 1-2°С) немесе әдөйі қазылған орда сақтайды. Тамыр-түйнек жемістілер құрамында су көп болғандықтан (70 -- 90%) олар жоғары температурада нашар сақталып, ал -- 2-3°С суықта үсікке шалдығады. Әсіресе ұрылып-соғылған, қабығы түскен тамыр-түйнек жемістілер тез бұзыла бастайды. Сондықтан сақтауға тек дұрыс қазылып алынған, қабығы бүтін, жаншылмаған тамыр-түйнектілерді құмнан, батпақтан тазартып, сыртын кептіріп барып салады. Малға берер алдында оларды тазартьш, турап, ал жас малға ыстың суға, буға бөрттіріп береді. Көк азықтардың қоректік қасиеттерін қыста сақтап қалудың тиімді жолы -- сүрлем салу. Сүрлем -- микробиологиялық процес-тер (сүт қышқылды ашыту) арқылы анаэробтық (оттегінсіз) жағдайда консервіленген азық. Шаруашылықта оңай және көп қаржысыз дайындауға болатындықтан сүрлем қолдағы ірі қараың қысқы уақытта негізгі азығы бола алады. Сүрлемге бақшалық дақылдардың көк жапырағын, капустаны, бұршақ және астық тұқымдастар қосындысын, шалғын көгін, жас құрақты, көк жүгері мен күнбағысты салуға болады. Құрамында қанты аз шырынсыз азықтарды тез сүрлеу үшін, оларды басқа шырынды, қантқа бай азықтармен (тамыр-түйнек жемістілермен) қоса салып құрама сүрлем дайындауға болады. Сүрлем салу үшін жерді қазып, қабырғалары мен едені тапталған немесе тіпті бетондалған ор (траншея) дайындайды. Оған жүгерінің дәні сүттеніп қатая бастағанда, ал басқа азықтарды шырындалып, бойына қоректік заттарды жинаған кезеңінде (бірақ қатая бастағаннан бұрын) орып, турап, ныгыздап салады да тиянақты таптайды. Шырын сөлі ағып кетпес үшін 100 килогра-мьша 15 -- 20 кг сабан және топан араластырып салса да болады. Дайындалған орды 1 -- 3 тәулік аралырында тығыздап толтырып, үстін полиэтилен пленкамен жан-жағын қымтай жауып, топырақпен 25 -- 30 см қалыңдықта көмеді. Полиэтилен пленка болмаған жағдайда сүрлемге салынған азық үстін ылғалдандырылған сабанмен (30 -- 35 см) жауып, оның үстін балшықпен (см) сылап барып, топырақпен (20 -- 25 ом) көмеді. Жақсылап нығыздальш (әсіресе қабырға тұсында) жабылған массада әлі өлмеген өсімдік клеткалары қалған оттегін пайдаланады да, оттегінсіз (анаэробтық) жағдай туады. Осы анаэробтық микроорганизмдер қантты жеткілікті жағдайда, әсіресе, сүт қыш-қылды бактериялардың дамуына қолайлы жағдай туғызады. Осы-дан барып сүрленетін массада сүт қышқылы жинала бастайды да, оның қышқылдылығы ұлғаяды. Содан сүрлемге жаңа салынган жас көк балаусаның қышқылдық көрсеткіші рН = 7 болсасүрлеу процесі аяқталар мерзімде (1 -- 1,5 айдан соң) бұл көрсеткіш рН = 4,0 маңайында болуға тиіс. Осы қышқылдықтағы ортада мик-робиологиялық процөстер тоқталып, сүрлем ұзақ уақыт бойы бұзылмай, сапалы сақталады. Дайын сүрлем азықтың алғашқы салынғандағы түсін (көк не-месе сарғыш көк, жасыл) сақтап, иісі жағымды (жемістің, жаңа піскен нанның хош йісі) болуга тиіс. Түсі қоңыр тартқан, тіпті қарайған, жағымсыз иісті сүрлеммен мол азықтандыруға болмайды. Жақсы сүрлемді сауын сиырлар рационына тәулігіне 30 кило-грамм және одан да көп мөлшерде енгізуге болады. Сонда оның сиыр басына қажетті жылдык, мөлшері 40 центнерден . аспайды. Дайындалған сүрлемнің мөлшерін анықтау үшін оны салған ор дың аумағын әрбір шаршы метріндегі сүрлем салмағына көбейтіп табуға болады. Әр түрлі азықтардан салынған құрама сүрлемнің, 1 шаршы метрінде 550 -- 600 кг, табиғи шалғынан салғанда -- 500 кг, тамыр-түйнек жемістілер жапырағы, азықтық капуста, жүгеріден салынғанда -- 550 кг болады.Ал қазылған ор дөңгелек болса оның көлемін диаметрі (ені -- Е) мен тереңдігін (биіктігі -- Б) өлшеп алып, ортасы шығыңқы, дөңөс болатындығын ескере отырып келесі формула бойынша есептеуге болады:
Төртбүрышты етіліп қазылған орлар (траншеялар; үшін олардың астыңғы (Е1) және үстіңгі (Е2) көлденеңі мен астыңгы (Ұ1) және үстіңгі (Ұ2) ұзыңдықтарын, тереңдігін (биіктігін -- Б) өлшеп алып
Ор (трашпея) биіктігін табу үшін, оған жер бетінен дөңестеу етіп жиналған сүрлем биіктігінің (жапқан қабатты санамағанда) екіден бір бөлігін қосьш табады. Жеке шаруашылықтарда ірі азықтардан әсіресе. пішен көп қолданылады. Оны түрлі көк шөптерді орып (шауьш) кептіру жолымен дайындайды. Сондықтан пішен қоректілігі құ-рамына кіретін шөп түріне, оның дайындалған кездегі өсіп-өну кезеңіне, кептіріліп дайындалу, сондай-ак, сақталу жағдайларына тікелей байланысты келеді.
Ең құнарлы пішен гүлдене бастаған балаусадан дайындалады. Сондықтан астық тұқымдас дақылдарды шашақтана бастаған ал бұршақ тұқымдас дақылдарды бүршіктеніп, гүлдене бастаған кезеңдерінде шабады. Шабылған шөпті неғұрлым тез кептірсе, соғұрлым оның құрамында қоректік заттар,каротин толы-ғырақ сақталады. Сондықтан көкті таңсәріден шашқан жөн. Күн :: қатты қызғанша, олар дегдіп, кеуіп қалады. Қатты кеуіп кеткөн пішен жапырақтары уатылып түсіп қалады да, қоректілігі төмен сабақтар оның жалпы құнарлылығын төмендетеді. Қатты кептіріп, қуратъш алмас үшін шабылған балаусаны дег-дігеннен кейін бөкестерге жинап, содан шөмелелеп кептірген дұрыс. Шөмелелерді ылғалдылығы 14-17% болған шамада маялайды. Түрлі формада жиналған маялар аумағын келесі өлшемдер ақылы есептеп шығаруға болады. Алдымен маялардың ұзындығын (Ұ), көлденеңін (Қ), асыра тастаған белдемесін (Б) өлшеп алады. Ұзындығын маяның екі жағынан жерден 1 метр биіктікте, көлденеңін екі шетінен, жерден 0,5 м биіктікте, ал асыра тастамасын жер бетінен, маяның екі-үш тұсынан өлшейді де формасына байланысты мынандай формулалар бойынша есептейді.
1) аласа, биіктігі көлденеңінен кем, төбесі дөңес маялар
үшін - (0,52ХБ-0,44ХК) ХКХҰ.
2) биік, биіктігі көлденеңінен асатын, төбесі дөңес маялар үшін -- (0,52 X Б -- 0,46 X К) X К X Yen.
3) түрлі биіктіктегі, төбесі түзу (жалпақ) маялар үшін -- (0,56 ХБ -0,55 ХК) ХК-ХYen.
Шыққан шығындыны маялардың әрбір шаршы метріндегі пішен салмағына көбейтеді. Ол салмақты маялаған пішеннің уақыт өткөн сайын нығыздала түсетінін ескере отырьш анықтаған жөн. Шамалап алғанда, шалғынды шабындықтан дайындалған пішен
2-сурет.

3-сурет.

II Бөлім. Сиырды азықтандырудың маңызы
2.1 Сиырдың азығын дайындау
Азықтандыру нормасын анықтап алғаннан кейін соның негізінде, қоректілігі нормалық көрсеткіштерге дәл келетіндей етіп азық рационын жасайды. Азык, рационын малдың сүйсініп жейтін азықтарынан белгілі зоотехникалық ережелер бойынша жасаған дұрыс. Ол ережелерден бұрын сиыр азықтарына тоқталып өтейік. Бұл азықтар шығу тегі жағынан өсімдік төктес және жануар тектес болып екіге бөлінеді. Жануар тектес азықтарға сүт және сүт өнімдері, ет және балың комбинаттарының қалдықтары жатады (ет, ет-сүйек, қан және балықұны). Олар рационда қосымша азықтар ретінде к,олданылады, ал рацион негізін өсімдік тектес азықтар құрады. Өсімдік тектес азықтар құрамы және құнарлылығы жағынан көк, шырынды, ірі азықтар мен жемнен тұрады. Көк азықтарға өсіп тұрған немесе орыльш берілетін табиғи және қолдан егілген жайылым оты, шырынды азықтарға сүрлем, тамыр-түйнек жеміс-жидек жатады. Сиырларды азықтандыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат алмасуы
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Сиыр етінің техникалық шарттары
Сүті белок
Ірі қара мал шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы
Сауынды сиырларды толық қанды азықтандыру
Оқушыларының құрттар жайлы білімдерін практикалық тұрғыда қарастыру
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Кәсіпорынның бизнес жоспарын құру негіздері
Уақытқа қатысты семалар
Пәндер