Жаңа заман мәдениетіндегі ағартушылық



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Жаңа заман мәдениетіндегі ағартушылық

Орыдаған: Баянсұлу
Тексерген:

Орал, 2015ж.

Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 АҒАРТУШЫЛЫҚ КЕЗЕҢ ТУРАЛЫ ЖАҢА КӨЗҚАРАС
2.2 ХХ ғасыр басында тұтас түрік елі идеясының жаңғыруы
2.3 Ағартушылық ғасырының мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. Классика ғасыры деп аталатын бүл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мүндай әділ бағаның авторлары заманымыздың үлы ойшылдары: О. Шпенглер, Й. Хей-зинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті -- бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінін негізінде қалыптасты. Олар -- рационализм, антропоцентризм, сциентизм, еуроцентризм және т.б. болды. Еуропа мәдениетінін тағдырына дәуірдің үш үлы уақиғасы: Англияда-ғы өнеркәсіп төңкерісі, Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін күресі және Үлы Француз революциясы ерек-ше ықпал етті. Дәлірек айтқанда, бүл үлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбүрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бет-пердесі адамзат тағды-рының өзгерістерге үшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші жөне үшінші факторларды бір сөзбен техника деп атауға да болады, ал бүл факторлар осыдан екі ғасыр бүрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.
Ерекше атап өтетін бір жайт, XX ғ. етек алған сауықтық мәдениеттің алғашқы нышандары дәл осы уақытта біліне бас-таған болатын. Өнер туындылары мыңдаған таралыммен жап-пай шығарыла бастады. Әрине, өнер туындыларының халық арасына кеңінен тарауы, халықтың жалпы мәдени дәрежесін арттыруға себепкер болатындығын мүлде жоққа шығаруға бол-мас, бірақ бүл жағдай өнердің дәрежесін төмендетіл, оның қүпия-лық қасиетін жоюға себепкер болғандығын да естен шығармаған жөн.

Негізгі бөлім
2.1 АҒАРТУШЫЛЫҚ КЕЗЕҢ ТУРАЛЫ ЖАҢА КӨЗҚАРАС
Өзге дүниеде болып жатқан ұлы өзгерісті қоя тұрып, қазақтың өзін алғанда, әлденеше тарихшыға еңбек болатын тарихи оқиғалар болып жатыр, М.Әуезов
Еуропа тарихында бүтін бір тарихи кезең (ХVІІ және ХVІІІғғ.) Ағартушылық дәуірі аталады. Мұндай қоғамдық үрдістің негізінде білім мен ғылымның қуатты күшке айналып, жаңа өріс алуы жатты. Еуропалық ағартушылық феодалдық қоғамдық тәртіпті жоюға, ортағасырлық діни фанатизмнен бас тартуға, жеке тұлғаның еркіндігін мойындауға, білім мен ғылымға кең жол ашуға үндеді. Сонымен бірге Ағартушылықты тек еуропалық елдерге ғана тиесілі аймақтық құбылыс ретінде қарастыру, әрине, қателік болар еді [1]. Ағартушылық идеясы Ресей арқылы оның құрамындағы қазақ және қырғыз сияқты елдерге де жетті.
Сондай-ақ, ХХ ғасырдың басында бүкіл Түркістан халықтары өмірінде көрініс тапқан Ағартушылықты ресейлік өмірге еліктеушіліктен туындаған ағым ретінде қарастыру оның жергілікті негіздері мен ерекшеліктерін түсінуге кедергі жасар еді. Мәселен, түркістандық ағартушылықтың мазмұндық және хронологиялық тұрғыдан тек өзіне ғана тиесілі ерекшеліктері болды. Ол күні өткен феодалдық тәртіп пен қоғамдық қатынастарға, діни фанатизмге қарсы бағытталуымен бірге, ресейлік отарлық езгіден құтылуға, жаңа заман сұранысына лайық білім мен ғылымды игеруге, әйел теңдігін, жеке тұлғаның еркіндігін мойындауға үндеді. Басқаша айтқанда, ол қоғамның ішкі мерездерімен бірге, сырттан отарлық режиммен бірге ере келген қауіп-қатерге қарсы бағытталды.
Сонымен бірге, осы ретте түркістандық ағартушы-лықтың мынадай бір ерекшеліктеріне көңіл аударған артық емес. Мәселен, еуропалық ағартушылық француз, ағылшын, неміс сияқты ұлттардың ұлттық әдеби және ғылыми тілінің, ұлттық санасы мен мәдениетінің біржола қалыптасуына жол ашып, мүмкіндік туғызды. Ал, ресейлік түріктер үшін жағдай өзгеше қалыптасты. Ресейлік түрік халықтарының арасында ағартушылық идеясының өріс алуына түрткі болған жағдай, біріншіден, олардың экономикалық және мәдени дамуда алдыңғы елдерден артта қалуы болса, екіншіден, отарлаушы билік тарапынан түрлі кемсітулер мен езгінің күшейе түсуі еді. Басқаша айтқанда, ресейлік түркілер империя құрамында өздерін өгей ұлдай сезінді. Осы жағдайға байланысты ХХ ғасырдың басындағы түрік әлемін оятқан Исмаил Гаспралы Орыс билігі мұсылмандарды прогресс пен өркениетке бастай алмай отыр деп айтудың өзі адамды мұңға батырмайды ма? [2], - деп жазды.
Міне осындай орыс билігі тарапынан төнген қауіп жағдайында империя құрамындағы түрік халықтарын өзара күш біріктіруге бастайтын ортақ идея іздеу байқалды. Бұл идеяны жинақы түрде Тілде, пікірде, істе бірлік деп білдірген жоғарыда аталған Исмаил Гаспралы болды [3]. Ал бұл ұстаным түрік халықтарын қоғамдық дамуда жаңа сатыға алып шыға алатын құрал, жалпытүркілік ортақ тіл және жадидтік мектеп ретінде мойындалды.
Исмаил Ғаспралының Тәржіманы, сондай-ақ оның ұстанымына белгілі дәрежеде қолдау көрсеткен Фатих Кәрімовтың Уақыт газеті ХХ ғасырдың басындағы түрік халықтары үшін ортақ жазба тіл қалыптастыру жолында жасалған аса маңызды әрі сәтті қадам еді. Сондай-ақ, бұл әрекет империя көлеміндегі түрік халықтары арасында өзара ынтымақтастық, ниеттестік сезімнің өріс алуына қызмет жасады.

2.2 ХХ ғасыр басында тұтас түрік елі идеясының жаңғыруы
ХХ ғасыр басында тұтас түрік елі идеясының қайта жаңғыруы, сондай-ақ, осы бағытта жүрген ағартушылық қызмет өз жемісін берді. Империя құрамындағы түрік халықтарының өзара ынтымақ-тастығы мен азаттығы үшін күрес жолындағы тұтастығын жақтап, осы мақсатқа қызмет жасауға ықыласты бүтін бір зиялылар буыны қалыптасты. Өзбек М.Қари, М.Бехбуди, А.Мавлони, А.Шолпан және А.Қадыри, қырғыз И.Арабаев, Ә.Сыдықов, Қ.Тыныстанов, Белек және Жанек Солтоноевтар, қазақ Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, Т.Рысқұлов және М.Жұмабаев, татар Ж.Ақшора, С.Мақсуди, М.Сұлтанғалиев, башқұрт З.У.Тоған және А.Инан жалпытүркілік ынтымақтастық идеясына заман сұранысына лайық мазмұн беруге күш салған тұлғалар болды.
Жалпытүркілік ағартушылық қызметтің ұлтшыл-дық идеясын айналып өтуі, әрине мүмкін емес-тін. Қоғамдық ойдағы ағым, ұстаным ретінде түркілік ұлтшылдық Ресей империясында көрініс тапты. Бұл жасанды идеялық құрылым (конструкция) емес, сондай-ақ, ресейлік идеологтар қолдан жасаған пантүркілік мақсат та емес, ол орыстық саяси жүйе мен мәдени ортаға жұтылып кетуден қаймыққан халықтардың өздерін этникалық құрылым ретінде қорғау, осы мақсатта ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи ата-мекенін сақтап қалу, сондай-ақ, белгілі бір тиімді түрде ұлттық мемлекеттігін жаңғыртуға ұмтылыстың көрінісі еді. Жадидтік негізде жаңа серпін алған жалпытүркілік ағартушылық, белгілі бір дәрежеде, осы мақсатқа қызмет етуді көздеді. Басқаша айтқанда, түркістандық ұлтшылдық орыс отаршылдығы тарапынан төнген қауіптен қорғану қажеттілігінен туындаған ұлтшылдық болатын. Орыс отаршылдары өз тарапынан оған бөлінбейтін Ресейдің мүддесіне қауіп төндірген сепаратистік қозғалыс ретінде қарады. Ал тарихи шындыққа жүгінсек онда бұл кезеңдегі түркістандық ұлтшылдық Дж.Неру орынды айтып көрсеткендей, бүкіл Азия елдерінде үстемдік құрған прогресшіл күш [4]- Азиядағы ұлтшылдықтың құрамдас бөлігі еді.
Кезінде советтік идеология ХХ ғасыр басындағы түркістандық алғашқы зиялылар буынын түрік халықтарын ілгері емес, кейін феодалдық тәртіпке бастайтын қоғамдық күш ретінде көрсетуге тырысты. Советтік билік мұнымен де шектелген жоқ. Мәскеулік билік және коммунистік партия өз арсеналындағы бар мүмкіндіктерін пайдаланып, түркілік ағартушылық пен ұлтшылдыққа шабуылға көшті. Билік тарапынан төнген қауіп жағдайында ресейлік жалпытүркілік азаттық қозғалыстың басшылары Садри Мақсуди, Гаяз Исхаки, Алимардан Топчибаши, Мамед Эмин Расулзаде, Мұстафа Шоқай, Осман Қожаұлы, Заки Уалиди Тоған және басқалары шетелдік эмиграцияға кетуге мәжбүр болып, саяси қызметін сонда жалғастырды [5]. Азаттық қозғалыстың шетелдік эмиграцияға кетпей, өз отанында қалған қайраткерлері Мунавар Қори, Убайдолла Қожа, Абдурауф Фитрат, Абдулла Қадыри, Абдулхамид Сүлейман (Шолпан), Әбдікәрім Сыдықов, Ишеналы Арабаев, Қасым Тыныстанов, Мирсаид Султанғалиев, М.Вахидов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов Т.Рысқұлов және басқалары ресейлік түркілердің азаттық қозғалысын біржола жоюды көздеген сталиндік репрессияның құрбаны болды.
Кейінгі жылдары ғылыми айналымға тартылған құжаттық материалдар мәскеулік орталықтың Қазан революциясы жеңіп советтік билік орнаған сәттен бастап-ақ, түркі-мұсылман халықтарының ұлт-азаттық қозғалысымен ақтық күреске түскендігін айғақтайды. Қазақстан бойынша ОГПУ мекемесінің кеңестік билік орындарымен тығыз байланыста қазақ ұлт-азаттық қозғалысымен жүргізген қызметі туралы материалдар Алаш қозғалысы. Движение Алаш аталатын көптомдық жинақтың үшінші томында берілді [6]. Мәселен, Қазақстан бойынша ГПУ басшылары Каширин мен Якубовский республикалық партия басшылығына Алаш қозғалысы қайраткерлері мен белсенділерінің 1922 жылдың соңғы тоқсаны мен 1923 жылдың алғашқы айындағы саяси қызметі мен ұстанымына мұқият талдау жасай отырып, өз еріктерінен тыс мынадай мазмұндағы тұжырымға жол береді (негізгі ой түсінікті болу үшін үзіндіні түп нұсқа тілінде беріп отырмыз): Результаты агентурной разработки [представителей] Алаш-Орды и киргизских национальных группировок за последнюю четверть 1922 г., ...позволяют сделать нижеследующие выводы об изменениях в национально-освободительной движении и о характере его за отчетный период [7].
Біз үшін бұл арада ең маңызды нәрсе, әрине, ГПУ басшыларының даярлаған құпия құжатында Алаш қозғалысының ұлт-азаттық қозғалыс ретінде мойындалуы, сондай-ақ, жергілікті ГПУ мекемесінің Алаш қозғалысының ішкі мазмұнына байланысты Орталық саяси биліктің жабық ұстанымынан жақсы хабардар екендігі еді. Басқаша айтқанда, басында И.Сталин тұрған партиялық басшылық, сондай-ақ оның тапсырмасын орындаушы ОГПУ мекемесі одақтағы түрік республикаларында (тек оларда ғана емес) ұлт-азаттық қозғалыстарымен күрес жүргізіп отырғандықтарын білмеді деп айту қателік болады. Бұл бұрынғы одақ көлемінде арнайы зерттеуге алынуға тиіс тақырып.
Келесі бір құжатта ОГПУ офицері Фома Иванов 1926 жылы Қазақ өлкелік партия комитетінің басшылары Ф.Голощекин мен С.Сәдуақасовқа жолдаған аса құпия хатында мынадай фактіні келтіреді: Я, как сотрудник ГПУ, знающий воочию проводимую политику группой губернских европейских работников в лице Шишко, Берестина, Озола, Альшанского и других, считаю своим партийным долгом донести, что если не изменить антипартийную политику этой группы, которая направлена заведомо в сторону преследования и гонения казахских работников, путем использования против них всех сил и возможностей, которыми располагают они. По линии ГПУ первоочередной первооперационной работой является собирние ложных материалов на казахских ответработников [8].
Әрине, бұл арада қарапайым да әділ ГПУ қызметкері өзі еңбек ететін мекеме басшылығының жүргізіп отырған саяси бағытының Кеңес үкіметі мен большевиктер партиясының ашық жария еткен ұстанымымен үйлеспейтіндігін дәл басып көрсетіп отыр. Бірақ оның бір нәрсені түсіне алмағандығы байқалады. Кеңестік биліктің бүкіл әлем алдында жария еткен саяси бағыты мен шынайы өмірдегі ұстанымы арасындағы қайшылықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қоғамдағы маманның ролі
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі
Христиан, араб-мұсылман мәдениеті
Араб - мұсылман дәстүрлі мәдениеті
Әлемдік мәдениет тарихы
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Массалық, элитарлық мәдениеттің қазіргі мәдениеттегі көрінісі
Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер (М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
Алтынсариннің педагогикалық идеялары
XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ
Пәндер