Жаппай қырып жою қаруын өндіру, иемдену және өткізу қылмысы, қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Жаппай қырып жою қаруын өндіру, иемдену және өткізу қылмысы, қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
1.1 Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың
түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау (243-бап) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.Жаппай қырып жою қаруын өндіру, иемдену және өткізу қылмысы
2.1 Жаппай қырып-жою қаруының тарату мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау, саралау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Кіріспе
Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қаруміндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын.
Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы.
Қазіргі заманғы зақымдау құралдары:
- Ядролық қару.
- Химиялық қару.
- Биологиялық қару.
Ядролық жарылыс кезінде лезде бөлініп шығатын, ішкі ядролық қуатты пайдалану негізінде әрекет ететін қару - ядролық қару деп аталады.
Химиялық қару - ұрыстық улы химиялық заттарды (ҰУХЗ) қолдануға негізделген жаппай зақымдау құралдарының бірі.
Биологиялық қару - биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ - дәрілер мен ұрыс аспаптары.
Халықтың жеке қорғану құралдары-радиоактивті, улағыш заттар мен бактериологиялық заттардың ағзаға, тері қабатына, киімге ткелей енуінен қорғануға арналған. Олар тыныс алу органдарын қорғау және теріні қорғау құралдары болып бөлінеді.
Біріншісіне сүзгіш, жекедегіш газ тұмылдықтар, шүберек маскалар және мақта-дәке таңғышы;
Екігшісіне арнайы жекелегіш қорғаныш-сүзгіш киім және адамдарға лайықтап жасалынған киім жатады.
Жаппай жою құралдары қысқа мерзім ішінде кең аумақтағы адамдар мен жануарлар және өсімдіктерді зақымдауға қабілетті, ядролық қару ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да нысандарды қирата алады.
Жаппай жою қаруының басқа қаруларға қарағандағы ерекшеліктері:
oo зақымдаушы факторларының әсер етуінің көлемдігі;
oo зақымдаушы факторларының әрекетінің ұзақтығы;
oo кең аумақтағы адамдарды зақымдауға қабілеттілігі;
oo үлкен моральдық-психологиялық әсер етуі;
oo әскердегі жеке құрамға, халықтың арнайы қорғану нысандарына, техникаға, түрлі нысандар мен жергілікті жерлерге дезинфекциялау, газсыздандыру, дезактивациялау жүргізудің қажеттілігі.
Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған химиялық, биологиялық, ядролық, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрiн өндiру, иемдену немесе өткiзу - бес жылдан он жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Зерттеу мақсаты: қазіргі заманғы жаппай жою құралдарымен, оның ішінде ядролық қарумен, оның жоюшы факторларымен танысу.
Зерттеу міндеттері:
oo Жаппай қырып жою қаруын өндіру қылмысы туралы түсінік беру;
oo Жаппай жою құралдары қолданылған жағдайларда іс-қимыл дағдылары;
oo Қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

түсінігі мен мәні
Аталған тарауға тоғыз қылмыс құрамы енгізілген. Олардың қатарындағы алты қылмыс құрамы ұлттық заң шығарушы органға жаңалық болып отыр: басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (ҚК, 160-б), жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (ҚК, 162-б), соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (ҚК, 163-б),3 геноцид (ҚК,168-б), экоцид (ҚК, 169-б) және халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК, 173-б),4 ал қалған үш қылмыс құрамы Қаз ССР 1959 ж. ҚК-де бұрыннан белгілі: соғысқа үгіт насихат жүргізу : жалдамалық, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру . Аталған баптар жаңа Қылмыстық кодексте жаңартылған түрде белгіленген.
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі, яғни мемлекеттердің және халықтың өмір сүруін немесе қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық құқық нормаларын және халықаралық әлемнің бейбіт өмірін сақтаудағы қоғамдық қарым-қатынас аталған жаңа тараудың тектік объектісі болып табылады. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың көпшілігінің қылмыс құрамы жалпы формальды болып келеді.
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс адам танылады. Кейбір қылмыстар құрамында арнайы субъектілерді қамтиды: мемлекеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам , өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адам не қоғамдық бірлестіктің жетекшісі жасауы және т.б.
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды былайша төмендегідей топтастыруға болады:
1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар: басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (ҚК,160-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру (ҚК,161-б), жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (ҚК,162-б);
2. Әскери қылмыстар: соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (ҚК,163-б);
3. Адамзатқа қарсы қылмыстар: геноцид (ҚК,168-б), экоцид (ҚК,169-б);
4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы басқа да қылмыстар:
а) қарулы қақтығыстарды реттейтін құқықтық қағидаларға қарсы қылмыстар; жалдамалылық (ҚК,170-б);
б) халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдардың құқықпен реттелетін қағидаларына қол сұғатын қылмыстар; халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК,173- б);
в) ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықтың қозуына тыйым салатын халықаралық құқыққа қарсы қылмыстар, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚК,174-б).
Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу. Қылмыстың тікелей объектісі болып - бейбітшілік пен мемлекеттердің бейбіт өмірін қорғайтын қарым- қатынастар танылады.
Қылмыстың объективтік жағын үш қоғамға қауіпті әрекет құрайды:
1) басқыншылық соғысты жоспарлау;
2) әзірлеу;
3) тұтандыру. Басқыншылық соғысты жоспарлау болып - әскери қимылдарды бастау және оны жүргізу үшін жоспарды өңдеуі, дайындауы табылады.
Басқыншылық соғысты әзірлеу - басқыншылық соғысты тұтандыру немесе жүргізу жоспарын қамтамасыз етуге арналған әрекеттер.
Басқыншылық соғысты тұтандыру - соғысты бастау үшін нақты әрекеттерді жүзеге асыру болып табылады. Қарастырылып отырған қылмыс созылмалы қылмыс болып танылады, себебі оның құрамы үздіксіз жасалып отырады. Созылмалы қылмыс әрекет басталған сәтінен ескерілініп кінәлінің қылмысты аяқтауға бағытталған әрекетімен (агрессияны не соғыс қимылдарын тоқтатуы) немесе қылмыстың аяқталуына кедергі болған мән-жайлардың болуы (мысалы, агрессордың құлауы) арқылы аяқталынады.
ҚК 160-бабында көзделген қылмыстың құрамы - формальды. Қылмыс, қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген әрекетті жүзеге асырған сә-тінен аяқталған болып саналады. Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Кінәлі соғысқа дайындалу, жоспарлау немесе әзірлеу, тұтандыру сияқты әрекеттерді ұғынып оның қауіпті зардаптары болуын тілейді. Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған есі дұрыс адам. Арнайы субъектісі болып, соғысты тұтандыру мен тоқтату мәселесін шешетін жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адам. ҚК 160-бабының 2-бөлігі, аталған қылмыстың дәрежеленген құрамы бойынша жауаптылықты белгілейді.
Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату.
Қылмыстың объективтік жағы мына әрекеттердің біреуінің болуымен сипатталады:
а) кез келген жолмен (қолдан жасау, лабораториялық, заводта) жаппай зақым келтіретін қару өндіру, өндрудің барлық сатылары;
б) жаппай қырып-жою қаруын сатып алу, яғни иелену, айырбастау, сыйға тарту, тонау т.б. әрекеттер нәтижесінде мұндай қарудың қожайынына айналуы;
в) жаппай қырып-жою қаруын өткізу, қылмыс затын қайтарымды не қайтарымсыз түрде басқа біреудің иелігіне беру (сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.).
Аталған қылмыстың құрамы формальды. Қылмыс аяқталған болып халықаралық шартпен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын өндіру, сатып алу немесе өткізу сәтінен ескерілінеді.
Қазақстан Республикасының халықаралық келісім шарты - шет мемлекеттермен ҚР халықаралық келісімі арқылы жазбаша түрдегі халықаралық құқықпен реттелетін бір немесе бірнеше өзара байланысты 11 құжаттарда қамтылған, яғни нақты атауларының болуына байланысты емес халықаралық келісім болып табылады.
Сонымен қатар аталған қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану, тек ҚР жоғарыда аталған конвенцияларға қол қойғанынан кейін қолданыла алады, Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Кінәлі әрекеттің қоғамға қауіпті екендігін сезіне отырып, оның болуын тілейді. Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған ақыл есі дұрыс адам.
Геноцид. Экоцид.
Қылмыстың тікелей объектісі болып, ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қарым-қатынастар танылады.
Геноцидтің жәбірленушілері болып жекеленген, яғни аталған топтардың ішіндегі жоюға бағытталған топта-ры аталады.
Қылмыстың объективті жағы, яғни ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты толық немесе ішінара жоюға бағытталған арнайы әрекеттерден тұрады:
- осы топтың мүшелерін өлтіру;
- олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру;
- бала тууға күшпен бөгет жасау;
- балаларды мәжбүрлеп біреуге беру;
- күшпен көшіру не осы топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызуы әрекеттері.
Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық.
Қылмыстың субъектісі - қандай да болмасын 16 жасқа толған есі дұрыс адам. 14-16 жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдар геноцид үшін емес, яғни нақты жасаған қылмыстары үшін - қасақана кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруі немесе 14 жастан бас-тап жауаптылық пайда болатын осы сияқты қылмыстар үшін жауаптылыққа тартылады.
Экоцид. Бұл қылмыс құрамы осы аталған тараудың көпшілігінің бірі ретінде ұлттық заңшығарушылар үшін жаңалық болып отыр. Экоцид, яғни "табиғатты өлтіру" деген мағынаны білдіреді. Бүкіл тіршілікті жою деген "биоцидтпен" тектес болып келеді. Экоцидтің болуы өсімдіктерді, қоршаған ортаны, адамзатқа, олардың өміріне аса қауіп төндірумен сипатталады.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама қасақаналықпен сипатталады.
Субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс қандай да болмасын адам.
Жалдамалылық. Осы қылмыстың түрлері. Қылмыстың тікелей объектісі қарулы қақтығыстардың құқықтық реттелу қағидаларының сақталуын қамтамасыз ететін қоғамдық қарым-қатынастар.
Қылмыстың объективтік жағы Қылмыстық кодекстің 170-бабының 1-бөлігі диспозициясында көрсетілген мына нысандардың бірінде жасалынған әрекеттерден құралады:
а) азғырып көндіру;
б) оқытып-үйрету;
в) қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету;
г) қарулы жанжалда немесе соғыс қимылдарында пайдалану.
Қылмыс аяқталған болып, ҚК 170-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекеттердің біреуінің жасалуымен саналады.
Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Кінәлі адам, әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның зардаптарының болуын тілейді.
Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс қандай да болмасын адам.
1. Мемлекеттік опасыздық (175-б.). Осы қылмыстың тәсілдері, түрлері және субъектісі. Берілген қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтан босату шарттары.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғу (177-б.). Осы қылмыстың түсінігі мен түрлері. Оның қасақана кісі өлтіруден айырмашылығы.
3. Шпиондық (166-б.). Оның мемлекеттік опасыздықтан йырмашылығы.
4. Өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру (168-б.). Қарулы бүлік (169-б.).
5. Диверсия (171-б.). Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету (172-б.). Осы қылмыстың түрлері және оның мемлекеттік опасыздықтан айырмашылығы.
6. Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту (173-б.). 12 157-бап. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру.
Қылмыстың тікелей объектісі болып мемлекеттердің бейбіт өмірін қорғаудағы және бейбітшілікті қамтамасыз ету жолындағы қоғамдық қарым-қатынастары табылды. Қылмыстың объективтік жағының белгілеріне:
1) басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу;
2) басқыншылық соғысты тұтандыруға жария түрде шақыруы жатады.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақана-лықпен сипатталады.
Қылмыстың субъектісі - аталған баптың 1-ші бөлігі бойынша, 16 жасқа толған ақыл есі дұрыс адам. ҚК 157-бабының 2-бөлігі қылмыс құрамының дәрежеленуші белгісі түрінде, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттік жауапты қызмет атқарып жүрген лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттерді қамтиды. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану дегеніміз, басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыруға баспасөз, радио, теледидарды қолдануы арқылы жүзеге асыруы. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың түсінігі ҚК 307-бабы ескертуінде белгіленген.
1.2 Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау (243-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі-Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметіндегі жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөніндегі халықаралық міндеттемелерінің орындалуын реттейтін қоғамдық қатынастар.Қылмыстың заты жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау үшін қажетті технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және қызмет көрсетулер болып табылады. Технологиялық құжаттандыруды, сондай-ақ технологиялық циклдарды жандандыруға мүмкіндік беретін жабдықтарды технология деп айтамыз. Қызмет көрсетулерге-шетелдік әріптестерге ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық, өндірістік-технология жөнінен және басқадай тұрғыда әр түрлі көмектер берулер жатады. Қылмыс объективтік жағынан әрекет арқылы заңсыз экспорттау жолымен жүзеге асырылады. Қылмыстық жауаптылық-заң тыйым салған заттарды экспорттық бақылаусыз шетелге шығарғаны үшін туындайды. Экспорттық бақылаусыз шетелге шығарылуға тыйым салынған технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтердің, сондай-ақ жаппай зақымдау қаруларының, қару-жарақ және әскери техниканың тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметі арқылы белгіленеді. Қылмыс құрамы формальдық. Сондықтан да қылмыс жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ, әскери техника жасауда пайдаланылатын технологиялық, ғылыми-техникалық ақпаратты жөнелткен немесе шетелде нақты бір қызметті көрсеткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Осы қылмыстың субъектісі-тиісті бағдарлама өзіне лауазымдық жағдайы немесе сарапшылық қызметі бойынша мәлім болған, жасы 16-ға толғандар болып танылады.

2.1 Жаппай қырып-жою қаруының тарату мәселесі
Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап). Қылмыстың тікелей объектісі бейбітшілік қауіпсіздігі және бейбіт қатар өмір сүру қауіпсіздігі болып табылады. Қылмыстың затына Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар бойынша өндіруге тыйым салынған жаппай қырып-жоятын қарулар немесе олардың басқа түрлері, химиялық, биологиялық заттар жатады. Жаппай қырып-жоятын қаруларға-ядролық қарулар жатады. Химиялық қаруларға- уландыратын, тұншықтыратын немесе нерв жүйелеріне басқадай әсер ететін қарулар жатады. Биологиялыққа-әр түрлі бактерия, вирус, адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді жаппай ауруға шалдықтыратын заттар жатады. Қылмыс объективтік жағынан химиялық, биологиялық, сондай-ақ ҚР халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрін өндіру, алу немесе өткізу арқылы сипатталады. Өндіруге көрсетілген заттарды кез келген түрде дайындау, жасау әрекеттері жатады. Алуға-көрсетілген қылмыстың заттарын кез келген тәсілмен-сатып алу, айырбасқа алу, сыйға алу, қарызы үшін алу, талан-тараж жолымен алу т.с.с. жүзеге асырулар жатады. Өткізуге-көрсетілген заттарды тегін немесе ақы алып тарату әрекеттері жатады. Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетілген осы әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі.
Жаппай жою қаруы -- жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін колданылатын жою қабілеті жоғары кару. Жаппай жою қаруының жоюфакторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уакытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдық, психологиялық әсер етуі мүмкін. Жаппай жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі калалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардыд еңбек өнімдері жоне өмір сүрудің табиғи ортасы (топырақ жамылғы, өсімдіктер мен жануарлар, климаттық және геофизикалық элементтер) болып табылады. Жаппай закымдаудын қазіргі заманғы құралдарына ядролык (Жаппай жою қаруының негізгі түрі), химиялык және бактериологиялық (биологиялық) кару жатады. Жаппай жою қаруы ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі.
Қаруландыру мен қарусыздандыру сияқты мәселелер ¨қырғи-қабақ соғыс¨ жылдары өзекті тақырыптардың біріне айналды. Мемлекеттердің қаруға қатысты шығыны рекордтық деңгейге жетті. Әлбетте, мемлекеттің әскери қуаттылығы тек оның әскери керек-жарағына жұмсалатын шығынына ғана емес, сонымен бірге оның қандай қаруды иеленетініне де тәуелді. ¨Қырғи-қабақ соғыс¨ жылдары мемлекеттер арасында қарулану жағынан жарысу орын алған болатын.
Ядролық қарудың пайда болуы, 1946 ж. тамызда АҚШ-тың оны Жапонияға қарсы қолдануы ядролық дәуірдің бастамасы болды. Ядролық қарудың екі түрі, атап айтқанда, атомдық (A-bomb) және термоядролық немесе сутекті (H-bomb) түрлері бар. Біріншісі әлдеқайда қарапайым әрі арзанырақ, соған орай қуаттылығы да біршама төмен.
Ядролық клубтың ресми мүшелері немесе ядролық қаруға ие елдер қатарына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бес мүшесі - Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция жатады. 1968 ж. бекітілген Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімнің IX бабына сәйкес, осы мемлекеттер ядролық мемлекеттер статусына ие болды. Аталған елдерден бөлек, басқа мемлекеттер де ядролық қаруы бар мемлекеттер боп есептеледі. Мысалы, Үндістан (1974 ж. ядролық сынақ өткізді), ОАР (80-жылдары ядролық құрылғы жасады), Израиль. Ал Солтүстік Корея 1994 ж. гуманитарлық көмекке айырбас ретінде ядролық бағдарламаны тоқтатуға келісім берді. Кейбір мемлекеттер ядролық қаруды иеленуде мол ресурстарға ие бола тұра, өздігінен бас тартқан болатын (Жапония, Германия). 1991 ж. КСРО күйреуінен кейін бұрынғы кеңестік мемлекеттер ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты.
Тұңғыш рет химиялық қару 1915 ж. сәуірде Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында пайдаланылды. 1925 ж. көпжақты келіссөздер нәтижесінде 37 мемлекет уландырғыш, тұншықтырғыш, осыған қөсас газдарды қолдануға тыйым салатын Женева протоколын қабылдады. КСРО бұл келісімге тек 1927 ж. қосылды. 1980 ж. Ирак осы қару түрін Иранға қарсы пайдаланды. Алайда женева протоколы химиялық қаруды өндіру мен сақтау мәселелерін қарастырмаған еді. Тек 1933 ж. қаңтарда Парижде бұл мәселе өз шешімін тапты. 2002 ж. оған 145 ел қосылды, олардың қатарында Ирак, Ливия, Солтүстік Корея болмады.
¨Қырғи-қабақ соғыс¨ жылдары ядролық қаруды тек агрессия жағдайында ғана қолдануға болатын ¨ядролық тежеу¨ доктринасы жүргізілді.
Қарусыздандыру жөніндегі БҰҰ-ның мекемелері:Бас Асссамблеяның бірінші комитеті,Қарусыздандыру мәселелері бойынша БҰҰ әкімшілігі,Қарусыздандыру жөніндегі конференция,Қарусыздандыру жөніндегі комиссия,Қарусыздандыру мәселелері бойынша консультациялық кеңес,Комитет 1540,Ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта қолдану жөніндегі комитет,ЮНИДИР (қарусыздандыру мәселелерін зерттеудегі БҰҰ институты),МАГАТЭ,Атомдық радиация әрекеті жөніндегі БҰҰ-ның ғылыми комитеті
2.2 Қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау, саралау
Қазіргі заманғы әлемдік саясатқа анализ жасаған кезде, ең маңызды проблема- ол билік ету және мемлекетті реттеу. Вестфаль моделінің эрозиясы тәуелсіз теңдік принципімен жаһандық дәрежеде жаңа форманың иституциялық және процедуралық ұйымдардың процессі сұрақтарын тудыртып отыр.
Жаһандық биліктің перспективасын және мемлекеттің суверенитетін толыққанды болашақтағы саясатқа бағыттап ойластыру қажет. 1990 ж жаһандық басқарудың қазіргі замандағы әлемдік саясаттағы орны туралы дискуссия халықаралық ғылыми ұйымда үлкен орын алып отыр. Яғни Клинтонның интернационализм және глобализм кезеңінің гүлдену уақытында дискуссияланды.
Басқаша айтқанда Вестфаль әлемінің моделі мемлекеттердің суверенитеті принципінен құрылып, мемлекетті демократизациялауды кең униполь ретінде мақсатты қойды. Басқа мемлекеттердің суверенитетіне қолсұғу және шектеу консенсусын критерий ретінде ұстанады.
Осы дисскуссиялар шеңберінде жаһандық басқару ғылыми анализ үшін приоритетті тақырыптың біріне айналды. Тіпті, университеттердің әлемдік саясат кітаптарына да енген. Бұған бірнеше себееп бар: Ең бастысы бұл- 5 негізгі элементтерден тұратын Вестфаль әлемінің моделі: Әлем тәуелсіз мемлекеттерден құрылған; соған сәйкес әлемде бір де бір жоғары билік жоқ, басқаруда универсалисттік иерархия принципі болмау керек; :: мир базируется на принципе суверенного равенства государств и, следовательно, их невмешательстве во внутренние дела друг друга;
- Әлем мемлекеттердің теңдігі принципіне негізделіп, мемлекеттердің бір-бірінің ішкі істеріне араласпауы міндетті;
-Тәуелсіз мемлекет өзінің шекарасында, өзінің азаматтарының үстінде шексіз билікпен қамтамасыз етілген;
- Әлем халықаралық құқықпен реттеледі; сол құқықтар тәуелсіз мемлекеттер арасында өзара мойындалу керек;
- Өйткені тек тәуелсіз мемлекеттер халықаралық құқықтың субьектісі ретінде қатысып, әлемде актор ретінде мойындалған;
1990 ж әлемнің даму спецификасы ЯЛТА-ПОТСДАМ жүйесінің күйреуіне және ҚЫРҒИ-ҚАБАҚ соғыстың және биполярлық қарама-қарсылықтың бітуіне әкеліп, мемлекттердің арасындағы күш балансын өзгертті.
Қырғи-қабақ соғыстың бітуі азаматтық конверсияға әкеліп, 1990 ж әлемді дүр сілкіндірді. Нәтижесінде әлемдегі экономикалық және әлеуметтік процесстер тәуелсіз мемлекеттерден бөлек өз жеке басымен іс-әрекеттер жасау сипатын алды. Әлемдік саясаттағы мемлекеттік емес акторлар сол кезеңде ғана дами бастады.
1990-х гг. саяси шиеліністерді реттейтін ауқымды күштер шектен шықты. Оның қорытындысы ЕҚҰЫ-ның Косово операциясы болып, әлемнің Вестфаль моделінің саяси эрозиясының негізгі мәніне ие болды. Косово акциясында Вестфальдің үш элементі өзгеріске ұшырады : мемлекеттің егеменділігінің ұстанымы, халықаралық құқықтың үстемдігі және мемлекеттің өз территорияларындағы шексіз билікке ие болуы.
1990ж БҰҰ ның даму бағдарламалары осы бағытта қарқынды жұмыс атқарды. Жаһандық институттарды күшейту үшін және жаңа институттарды құру үшін үлкен жобаларды ұсынды. Идеологиялық постулаттардың маңызды элементі жалпы мемлекеттік басқару фомасының тиімсіз екендігін түсініп, әлемді жаһандық дәрежеде реттеу керек екеніне ой туындады.
Халықты корғаудың ұжымдық құралдары - тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізғі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі - адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан - ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құрал- дар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті обьектілердегі апаттардан қорғау - маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.
Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуга тиіс.
Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.
Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.
Қорғану жолдары: Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.
Жарықты сәулелену - бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градустан (жарылыс басында) бірнеше мыңға дейін болады (жарылыстың аяғында). Жарықты сәулелену өте кысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.
Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршысм ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.
Сәуленің мөлшері - калориямен анықталады.
Жарық импулсі - 1 калсм
Жарықты сәулелену - адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz