Жеке қорғаныс құралдары жайлы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Жеке қорғаныс құралдары»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Жоспары

Кіріспе

1. Жеке қорғаныс құралдары

2. Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

4. Басты қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Заманауи жеке қорғаныс құралдарының (ЖҚҚ) сапасы тек олардың қорғаныс сипаттамаларымен ғана емес, сонымен бірге әртүрлі критерийлермен де анықталады, олар: эргономикалық, эксплуатациондық (тұтынушылық), эстетикалық.

Жеке қорғаныс құралдарын қолдану қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жұмысшыларға жағымсыз әсер етуін болдырмай, оның алдын- алу шараларының бірі болып табылады. Жұмысшыларды сенімді ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, өндірістік жарақат алу мен кәсіби аурулардың санын төмендетуге, еңбек өнімділігін арттыруға көмегін тигізеді. Бірақ, ЖҚҚ-ының тиімділігі көбінесе оларды дұрыс таңдау мен пайдалана білуге де байланысты болады.

Қорғаныс құралдарын өндірісте қолданудың біршама өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндай ерекшеліктерге ЖҚҚ-ын қолданбау, нақты қауіптіліктерді дұрыс бағаламау, өз денсаулығы мен маңайындағы адамдардың өміріне қауіп төндіру сияқты мәселелермен байланыстыларын жатқызуға болады. Сонымен қатар, өндірістегі әрбір бесінші жазатайым жағдай жеке қорғаныс құралдарының жоқтығынан, сапасының төмендігінен немесе дұрыс пайдаланбағаннан болатыны белгілі.

Кәсіпорынның әртүрлі саласында жұмысшыларды ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз ету және ен алдымен, олардың ең маңызды түрлері - тыныс жолдары мен тері қабатын қорғайтын құралдармен қамтамасыз етудің рөлі зор, себебі бұл экономикалық жағынан қол жетімді, әрі, сонымен қатар денсаулықты тиімді қорғау шарасы болып табылады.

Теріні қорғауға арналған ЖҚҚ-ын әдетте зарарсыз жерлерде киеді. Олардың ерекшелігі -осы киімдердің герметикалығынан ауаны ішіне қарай өткізбейді. Бір жағынан бұл жақсы, ал екінші жағынан - дененің терлеуінен бөлінген булар мен жылудың артық мөлшері киімнің ішінде қалып қояды. Соның салдарынан адам денесі тез қызып, тез шаршайды. Теріні қорғаушы құралдармен +15°С-дан жоғары температурада адам ұзағырақ жұмыс істеуі үшін ылғал экрандаушы (суытушы) мақта-қағаздан тігілген, теріні қорғайтын құралдардың сыртынан киетін комбинезондарды қолдануға болады, оларды кезеңмен сулап, ылғалдап отыру керек.

Теріні қорғауға арналған оқшаулағыш құлардармен жұмыс істеу өте қиын. Сондықтан олармен үздіксіз жұмыс істеу кезінде қоршаған ортаның температурасына қарай және жұмыстың ауырлық дәрежесіне қарай оларды пайдаланудың шектеулі мөлшерлік мерзімін тағайындау қажет (сағатпен) .

Ағаш дайындау шаруашылығы кешеніндегі (әрі қарай - АДШК) жұмысшылардың еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау көптеген зиянды факторларға тәуелді, олар: механикалық, термиялық, биологиялық, фитосанитарлық, радиациялық, химиялық сипатта болып келеді.

Жоғарыда аталған факторлардың әсер етуінің нәтижесі қайғылы жағдайлар деңгейінің артуына, жұмысшылар денсаулығының қатты нашарларуына әкеліп соғуы мүмкін. АДШК проблемаларын шешу кезінде маңызды орын алатын мәселердің бірі - ауыр жұмыс жағдайына және жарақат алу мүмкіндігінің жоғары болуымен байланысқан адамдық фактор.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) тегін таратудың салалық типтік нормасында ағаш дайындау шаруашылығындағы ағаш дайындайтын, ағаш жағатын, химиялық ауыл шаруашылығы саласының және т. б. жұмысшыларының негізгі кәсібі мен оларға арналған ЖҚҚ түрі көрсетілген. Зерттеулер көрсеткеніндей бұл құралдар жұмысшыларды жалпы өндірістік ластанудан, механикалық бүлінуден (ағаш жаңғақтарының денені жарақаттауынан), төменгі температурадан және т. б. қорғайды. Бірақ олар кесетін, қадалатын құралдардан, ең бастысы шынжырлы араның қауіпінен қорғай алмайды.

Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.

1. Жеке қорғаныс құралдары

Әмбебап респираторлар бір мезгілде тыныс алу органдарын газдардан және улы, бактериалды, силикатты, цементті, көмірлі және радиоактивті шаңдардан қорғайды.

Дәкелік таңғыштар респираторлардың ең қарапайым түріне жатады және кірлегеніне қарай ауыстырып ортыратын 5- 6 қабат дәкеден тұрады. Дәкелік таңғыштар аз концентрациядағы және аса улы емес шаңдардан қорғануға ұсынылады, мысалы ағаш шаңы.

Газқағарды пайдалануға дайындау шлем - масканың қажетті өлшемін анықтаудан басталады. Ол басты тігінен айналдырып өлшегенде анықталады. Өлшеу төбеден басталып, бет пен иекті қамтиды. Қолданар алдында газқағардың бұзылмағандығы мен герметикалығын тексеру керек. Шлем - масканы тексеру барысында талапқа сай болуын қадағалау керек. Одан кейін оның бүтіндігін әйнектеріне қарап тексеру керек. Бұдан кейін клапан қорапшасы тексеріледі. Ол қоқысқа толған немесе жыртылған болмауы керек. Сүзгіш - жұтқыш қораптар мыжылмай, тот баспай, тесілмей сақталуы тиіс және мойынында зақым болмауы керек. Сонымен қатар қорап ішіне жұтқыш ұнтақ түсіп кетпеуі қадағалануы керек.

Газқағарды мынандай жолмен жинайды. Сол қолымен шлем - масканы клапанды қорапшасынан ұстайды. Оң қолымен сүзгіш - жұтқыш қораптың мойының шлем - масканың клапанды қорабының түтігіне соңына дейін бұрайды. Жаңа газқағардың беттік бөлігін киер алдында ішкі және сыртқы жағынан аздап суланған таза шүберекпен сүртеді, тыныс шығару клапанын үрлеу керек. Егер қандай да бір ақау байқалса, оны жөндейді, ал жөндеу мүмкін болмаған жағдайда ол газқағарды басқа, ақауы жоғымен ауыстырады. Тексерілген газқағарды жиналған күйінде сөмкеге жинайды: түбіне - сүзгіш - жұтқыш қорап, үстіне - бүктелмеген күйде, тек кана әйнектік бөлігі зақымдалмас үшін аздап қайырып қояды.

Газқағарды киер кезде:

тынысты шығармай, көзін жабу керек;

бас киімді шешіп бұтының арасына қысып тұру немесе жанына қою керек;

шлем - масканы сөмкеден алып, үлкен саусақтары сыртында, ал қалғаны ішінде қалатындай етіп, қалыңдатылған жиектерінен екі қолымен ұстау керек. Шлем - масканы иегіне жақындатып, қолының ілгері - кейінді қимылымен газқағарды басына киюі керек. Бұл кезде қатпар қалмауын және әйнектің көз деңгейіне келуін қадағалайды.

толығымен дем шығарады, көзін ашып, тынысалуды қалпына келтіреді;

бас киімді киіп, сөмкені түймелейді және сөмке белге бекітілмеген болса, бекітеді;

Егер әйнектік бетінің бөлігі көзге қарама - қарсы орналасса және шлем - маска бетке толық жабысып тұрса, газқағар дұрыс киілді деп есептеледі. Газқағарды кигеннен кейінгі көзді апшай тұрып және тынысалуды қалпына келтірмей тұрып жасалатын терең тыныс шығару газқағарды кию кезінде оған түсуі мүмкін зақымдалған ауаны шығару мақсатында жасалады. Газқағар киіліп тұрған кезде терең және бір қалыпты тыныс алу керек. Қажет болмаса, шұғыл қимыл жасауға болмайды. Егер жүгіруге тура келсе, жүгіруді ақырын бастап, біртіндеп қана көтеру керек.

Газқағарды шешу үшін бір қолымен бас киімді ұстап тұрып, екінші қолымен клапан қорапшасынан ұстап тұрып шлем - масканы төмен тартады да алдыға қарай шешіп алады; бас киімді киіп, шлем - масканы теріс аяналдырады, мұқият сүртіп, сөмкеге салып қояды.

Газқағарды қыстың күні қолданған кезде резеңке, әйнек және клапаның қатып қалуы немесе клапан қорашпасына жабысып қалуы мүмкін. Бұл ақаулардың алдын алу мен оларды жою үшін зақымдалмаған атмосферада киімнің астына салу арқылы жібітуге болады. Шлем - маска кигенге дейін қатып қалған болса, кигеннен кейін толығымен бетке жабасып тұратындай етіп жылыту керек. Газқағарды кигеннен кейін дем шығаратын клапанның қатып қалуын болдырмау керек. Мезгіл - мезгіл клапан корабын қолымен жылытып, осымен бір мезгілде клапанды үрлеп (шұғыл дем шығару) отыру керек.

2. Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына ең алдымен, шаңнан, қатты бөліктерден, химиялық агрессивті емес сұйықтықтар мен газдардан, ультракүлгін сәуле мен басқа да қауіпті факторлардан қорғайтын қорғаныс көз әйнектері жатады. Оларды таққан кездегі кейбір ыңғайсыздықтар оның жоғарғы дәрежедегі тиімділігімен ақталады.

Көз бен бетті қорғайтын қорғаныс құралдары авариялық - құтқару жұмыстары мен оларды орындаудың ерекшелігіне қарай таңдалады. Осыған байланысты қорғаныс көзілдіріктері төмендегідей болып бөлінеді:

желден, шаңнан, агрессивті емес химиялық сұйықтықтардың шашылуы мен ұсақ қатты заттардан қорғайтын, тікелей желдетілетін жабық қорғаныс көзілдіріктері;

ультракүлгін сәулелерден қорғайтын, тікелей желдетілмейтін жабық қорғаныс көзілдіріктері;

ультракүлгін және инфроқызыл сәулелердің тікелей әсер етуінен қорғайтын тікелей желдетілмейтін және сәулелі сүзгіші бар, реттелетін, жабық қорғаныс көзілдіріктері.

3. Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдар

Кейбір авариялық құтқару жұмыстардың түрлері ( пневмо -құралдармен, монтажды пистолет және т. б. ) айтарлықтай шумен қоса жүреді.

Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына шуға қарсы каскалар мен тығындар жатады.

Шуға қарсы каскалар басты жарақаттанудан, есту органдарын - жоғарғы жиіліктегі, деңгейі 120 дБ болатын өндірістік шудан қорғауға арналған.

Шуға қарсы құлақ қалқандар есту органдарын - жоғарғы жиіліктегі, денгейі 115 дБ болатын өндірістік шудан қорғауға арналған. Сонымен қоса ең ыңғайлысы және кеңінен пайдаланылатыны «Берушкалар». Олар деңгейі 100 - 150 дБ болатын өндірістік шудан, сондай - ақ тұрмыстық шудан қорғауға арналған. Шуға қарсы тығындар шуды жұтатын талшықты материалдан жасалады және 4x4 см көлемінде болады. Тығындар конус түрінде оралған және сыртқы есту жолына тығындалады.

4. Басты қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Қатты ұрылғаннан кейін немесе терең сырылғаннан кейін касканы ауыстыру керек. Касканың зақымдалуы алғашқы қарағанда байқаусыз болып тұрса да ауыстырылады.

Сыртқы әсерлерден - ұсақ заттардың құлауы, жаздағы ашық күннің астында жүргізілетін жұмыс кезіндегі күн сәулесінен және т. б. басты қорғау үшін каскалар (фибрлі, виннипластты, дюралюминді, текстолитті, полиэтиленді, әйнекті пластиктен жасалған), шлемдер, шлемнің астынан киетіндер, бас киімдер, береттер, мен қалпақтарды пайдаланады.

5. Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары (ТҚЖҚҚ) қорғау қызметі бойынша оқшаулағыш және сүзгіш болып екі топқа бөлінеді. Оқшаулағыш құралдардың матералдары газ бен сұйықтықтардың өтуіне жол бермейтін арнайы қабатпен (пленкамен) қапталған. Жаз уақытында мұндай оқшаулағыш киімде жұмыс істеу кезіндегі шамадан тыс қызып кетуді болдырмау үшін төмендегі кестеде көрсетілген жұмыс істеу уақытын қатаң сақтау керек.

Көлеңкеде, күн бұлт кезде және желді ауа райында қорғаныс құралдарында жұмыс істеу мерзімі екі есе ұлғайтуға болады. Аталған темперетурада екінші рет қорғаныс киімінде жұмыс істеу 30 мин дем алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Үздіксіз жұмыс істеу уақытын ұлғайту үшін қорғаныс құралдарын деміл - деміл суытып отыру қажет. Суық сумен, сондай - ақ қорғаныс киімінің сыртынан мақта - маталы экрандар кию керек. Бұл экрандарды жұмыс барысында деміл - деміл сулап тұру қажет. Қорғаныс киімімен қыс уақытында жұмыс істеген кезде қатып қалмас үшін тиісті шаралар қолдану керек: аяққа жылы шұлғау орау немесе шұлық кию керек, етікке зығыр шашағын, сабан, қағаз және т. б. салу керек, қорғаныс киімінің ішінен мақталы күртеше, шалбар; басына қорғаныс киімінің астына бас киім киюлері керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс нысандарында қолданылатын жеке қорғаныс құралдары
Құрылыс нысандарында қолданылатын қорғаныс құралдары
Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
Химиялық өнеркәсіптердегі төтенше жағдайды анықтау
Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін объектіге бағытталған бағдарламалау көмегімен жобалау
Тж тұрғындарды қорғау формалары. Ұжымдық жане жеке қорғану құралдары. Санитарлы өңдеу
Қонақ үйдің материалдық техникалық базасының жаңартылуы
CISCO 5500 series қондырғысының негізінде есептеуіш желілердің құрылымы
Aқпaрaттық қорғaныс ұғымы. Қaзaқстaнның aқпaрaттық қорғaныс жaғдaйы
Тәуліктік наряд адамдардың құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz