Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері

Жоспары
Кіріспе
1.Жеке тұлға жөніндегі түсінік және жеке адамның қасиеттері
2. Жеке тұлға құрылымының теориялары
3. Жеке тұлғаның түрткілері мен қасиеттері
4.Жеке тұлғаның бітістері және оларды өлшеу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Адам ақылды, кішпейіл, әділ, батыл да қайрымды болуға тиіс.Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқылы болады. К.Г. Паустовский
Жеке тұлға дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке тұлғаның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.
Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. Әрбір жеке адамның дамуының жоғарғы жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кишек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түріне жататына күмән келтіруге болмайды. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.
Жеке тұлғаның сыртқы ортамен қарым-қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әр қилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесіне соғұрлым тереңірек бойлайды, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі.
1.Жеке тұлға жөніндегі түсінік және жеке
адамның қасиеттері
Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі, сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды, бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, ұжымдық өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.
Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады. Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқан анатомия-физиологиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.
Жеке тұлға түсінігі тұлға түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Оның қоғамдьқ мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипатта-масының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тек қана қоғамдьқ ғылымдардың: тарих, философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагогика тағы басқалардың зерттеу объектісі.
Жеке тұлға -қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық ролін атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз - жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Мәселен, ата-ананың ролі - балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі-мұғалімдер ұжымын басқару және оқушыларды оқыту барысын ұйымдастыру.
Жеке тұлғаның позициясы дегеніміз-оның қатынастарының жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне-өзі мойнына алған міндеттерге, қоғамдьқ, еңбек міндеттеріне деген қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін,оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай-ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз-қуанту мен жек көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз - принципті қатынастар, олар ситуация таланттарымен емес, жеке адамның қалыптасқан адамгершілік мұратымен, ішкі сенімімен, парызбен міндеттерді сезінумен анықталады. Сөйтіп, материалистік философия мен психология жеке адамда әлеуметтік мәні тұрғысынан қарастырады. Жеке тұлға дегеніміз-ол да сол адам, тек ол бұл ретте қоғамдық мәні мен қоғамдық іс-әрекеті жағынан қарастырылады. Физиолог адамда организм ретінде зерттейді, әлеуметтанушы адамда жеке адам ретінде қарайды. Міне,сондықтан да жеке адаммен оның құрылымын анықтағанда әлеуметтік және биологиялық жағына бірдей орын беретін кейбір психологтармен келісуге болмайды. Жеке адам дегеніміз-саналы индивид. Жеке тұлғаның қоғамдық ролін оның психологиясын талдамай тұрып түсіну мүмкін емес: іс-әрекетпен айналысу себебін, қабілеті мен мінез-құлқын, ал кейбір жағдайларды тіпті дене құрылысын тексеруге болады.
Жер бетінде адамнан қастерлі,адамнан артық еш нәрсе жоқ. Себебі адам бір бойына бүкіл әлемді сыйғызып тұрған ерекше құбылыс. Ұлы ойшылдар адамға мынадай анықтама береді: Адам-ақыл иесі, Адам-сана иесі, Адам-бостандық иесі. Ақыл, сана және бостандық-адамның адамдық жігерлігінің сипаттамасы.
Тұлға жөнінде психологияда сөз қозғасақ, онда нақтылы жеке адам туралы айтатынымыз рас. Сонымен қатар адам жөніндегі ұғымда басқа да бір-біріне өзара жақын көптеген түсініктер бар: адам, индивид, даралық, тұлға. Жалпы алғанда бұл ұғымдар бір ғана мағына бергенімен, ал өмірде, ғылымда олардың әр-түрлі түсініктері болады.
Индивид жеке тұлға -бұл әлдебір тұтастықтың өкілі ретіндегі жеке кісі (адамзатқа қатысты бір адам, белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі). Жеке адам ретінде жарық дүниеге келгенде адам біртіндеп жеке адам ретінде қалыптасады. Бұл процестің тарихи сипаты бар: дүниеге келгеннен кейін адам қоғамдық қатынастардың белгілі, тарихи тұрғыда қалыптасқан жүйе-сіне қосылады.
Жеке тұлға дегеніміз-әрбір кісінің әлеуметтік сипаттамасы, яғни мұның мәнін оның сапалы, не қаны, не дене құрылысы ғана білдіріп қоймайды, оның әлеуметтік сапасы айқындайды. Еңбектену арқылы пайда болған тіл-ойлау мен сөйлеуді тудырады, ал тілдің негізінде сөз жасалады. Сөз арқылы, сөйлесудің нәтижесінде адамдардың өзара қатынасы қалыптасып, жоғары тиімділікке қол жеткізеді. Адамдар тіл арқылы өздерінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсіндіруге ұмтылады.
Адам жаратылысынан іс-әрекет етуші тұлға, оның барлық ерекше қасиет-тері еңбектің нәтижесінде, тарихи даму арқылы қалыптасқан. Жеке адамның қоғамда өмір сүруі нәтижесінде бойына жинақтайтын сапалық қасиеті олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасатын күрделі және көпсапалы қатынастарын анықтайды. Даңқ, ақыл, байлық, тартымдылық және дарын-бәрі де адамның сапасы. Бұлардың әрқайсысы шын мәнісінде мазмұнды, себебі бір адамның мақсат-мүддесі адаммен қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Жеке адамның осы қасиеттері қоғамнан ажыратылса, оның жеке басының сапасы затпен қамтамасыз етілмеген ақшаның сатып алу қабілетіндей ғана болып қалады.
Даралық-жеке тұлғаның өзіне ғана тән белгілі бір сипаттамасы. Мұны әр адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп түсінген жөн.
Даралық-адамды басқадан ажырататын өзіндік ерекше өзгешелігі. Әрбір адам айналадағы дүниені өзгеше түсініп, өзгеше қабылдайды, оның ақыл есінің, ойының, зейінінің өзіне гана тән ерекшеліктері бар құштарлығы мен өзіндік қиялы, өз қызығуы мен ұғатып, көңіл-күйінің ерекшеліктері, азды-көпті эмо-циялық тебіреністері, күшті не нашар дамыған ерік-жігері, түрлі мінез-бетістері болады. Адамның ішкі жан дүниесі, яғни қалыптаса келе қол жеткізген мені - ең тереңде жататын барынша нәзік те бағдарланатын өлшем. Жеке адамның ішкі жан дүниесі сол адаммен бірге туып, дамып жетілетін соның өзіне ғана тән нәрсе. Жеке адамның белгілі дәрежедегі психикалық және әлеуметтік тұрғыда даму деңгейі сол адамның өз алдына маңызды мақсаттар қойып,оларды орындай алуына мүмкіндік тудырады, оның бойында дербес көзқарас пен қарым-қатынас қалыптасып, өзіндік адамгершілік талаптар қоюмен іс-әрекетіп бағалауларына түрткі болады.
Жеке тұлғаға белгілі дәрежеде сипаттама берегенде оның белсенділігін бірінші кезекте қарастыру керек. Белсенділік-адамға өмірдегі өз орнымен жағдайын анықтауға, ұстаған адамзаттың позициясын аңғаруға мүмкіндік тудырады.
Адамның адамдығы негізінен алғанда оның іс үстінде немесе адамдар арасында болсын, өзін-өзі көрсете білуі арқылы анықталады. Жеке адамның өзін-өзі жасай алу қабілеті оның тағдырын, қоғамға қаншалықты бағалы екендігін, әрине, сондай-ақ бағалардың соған деген қатынасты мәнді түрде белгілейді.
Жеке тұлға-белгілі бір әлеуметтік ортада атқарылатын елеулі іс-әрекеттің нәтижесі ғана емес, оның себепшісі де. Қоғамдағы экономикалық саяси, әлеуметтік қатынастар әр-түрлі көріністерге ие болады. Олар әрбір жеке адамның әлеуметтік сапасын және оның іс-әрекетінің мазмұнын айырып, ажыратады. Атап айтқанда, адам осы процестің барысында өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста болады және сыртқы әлемге деген өзінің көзқарасын қалыптастырады. Адамның әлеуметтік қатынасы әлеуметтік сапа ретінде оның іс-әрекетінде және тәртібінде көрінеді. Адамның әлеуметтік сапасының элементтеріне оның белгілі бір іс-әрекетінің мақсаттары: әлеуметтік орнымен атқаратын әлеуметтік нормалармен құндылықтар, пайдаланатын жүйе белгіле-рі, әлеуметтік ролін орындауда мүмкіндік беретін білімдердің жиындығы, білім дәрежесі мен арнаулы дайындығы, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, жігері және шешім қабылдауға дербестік дәрежесі жатады. Осы элементтердің жиынтығы-жеке адамның әлеуметтік сапасы жөніндегі түсінікті айқындайды.
Даралық дегеніміз-өзіндік өзгешілігі бар жеке адам. Даралық туралы сөз қозғағанда жеке адамның өзінше бөлек сыр-сипатын айтады. Әдетте даралық деген сөзбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын қандай да бір басты қасиетін көрсетеді. Кез-келген адам өзінше дара, бірақ кейбір адамдардың даралығы тайға-таңба басқандай, мен мұндалап айқын көрініп тұрады да, басқаларыныкі онша байқала қоймайды.
Даралық интеллектілік, эмоциялық, еріктік салаларда немесе психикалық іс-әрекеттің барлық саласында бірден көрінуі мүмкін. Интеллектінің өзіндік ерекшілігі оның басқалар байқай бермейтіндігі көре білу қабілетінде, ин-формацияны өңдеу ерекшіліктерінде, яғни алдына мәселе қойып, оның шеше білуінде болып табылады.
2.Жеке тұлға құрылымының теориялары
"Теориясыз эксперимент соқыр, эксспериментсіз теория сенімсіз әрі негізсіз. Сірә, психологияның жеке тұлға құрылымы жайлы ілімінен басқа, Канттың осы сөздері аса маңызды болатын саласы жоқ болар. Бақылаушылар біртұтас зерттеу бөлімі болуы тиіс іюрсепің окі багытқа ыдырап кетуіпе қайта-қайта ұшырасып отыр. Теория мен тәжірибе арасындағы үйлесімді өзара әрекеттестіктің орнына, бізде, бір жағынан, жеке тұлғаға немесе теориялық бағдарға ғана қатысы бар ұсақ-түйек процесторлі егжей-тегжейлі зерттейтіг экспериментті мектеп пен, екінші жағынан, "динамикалық бағыттағы" эмпирикалық бекітілу қажеттігін сезбейтін тоориялық мектептер бар. Психологтардың көпшілігі осындай еңбек бөлінісінің шегіне жеткені соншалықты, ғылыми зерттеу саласы ретіндегі "жеке тұлға" ұғымының өзіне де қауіп төнгенімен еді.
Дегенмен, өз теорияларының негізгі идеяларын бекітк отырып, екі жақ та бірдей дәлелді болып көрінгенімен, олар басқа мектептердің ғылымға қосқан еңбегін бағалауда әділетсіз болуы да мүмкін. Теорияға сүйенбеген эксперимент өнімді нәтижелерге әкеледі, не болмаса эксперимент жүзінде дәлелденбеген теория ғылымға мәнді үлес қосады дегенге ешкім дн сене қоймайтын шығар. Шешімі жоқ болып көрінген дауларда да, егер әр жақтың дәлелдері өзінің логикалық қисынып тауып жатса, орынды түрде келісімге келуге болады.
Мысал ретінде, біз "жеке тұлға" ұғымы анықтамасының өзін қарастыра аламыз. Осы тұста біз жеке тұлғаны мінез-құлық актілері бойынша анықтайтын және психодинамикалық ұғымдарлы қолдана отырып жасайтындар арасындағы шешімі жоқ қарама-қарсылыққа кездесеміз. "Жеке тұлға -- бұл қажет ақпаратты алу үшін жеткілікті уақыт мөлшерінде шынайы мінез-құлықты бақылауда анықталуы мүмкін іс-әрекеттердің жиынтығы" деген Уотсонның сөзін биховиористік анықтаманың мысалы ретінде келтіре аламыз. Принстің сөзін психодинамикалық анықтаманың мысалы ретінде келтіре аламыз: "Жеке тұлға -- бұл индивдттің тума биологиялық диспозицияларының, инстиігктілерінің, құмарлықтарының және өмір сүру барысында иеленген бейімділіктері мен бітістерінің жалпы жиынтығы".
Бақыланатын мінез-құлық актілері анықтамасына кіргізілген ұғымдар -- ипстинктілер, бейімділіктер, құмарлықтар сияқты екінші психодинамикалық анықтамалардағы ұғымдарға соншалықты сәйкес келмейтіні анық. Дегенмен бұл қарама-қарсылық, солай қөрінгенімен, шешімсіз емес. Біздің инстинктілер, бейімділіктер және құмарлықтар жайлы тікелей біліміміз жоқ; тек бақыланатын мінез-құлық актілерінің негізінде қалыптасатын әрі оларды түсіпу және жалпылау үшін жасалған абстрактілік ұғымдар ғана бар. Осындай мінез-құлық актілерінсіз ұғымдардың өзінің нақты мағынасы болмайды: біздің адам мінез-құлқы жайлы білгеніміздің барлығы оның мінез-құлқын бақылаудан алынады. Алайда тек қана осындай бақылаудың өзі жеткіліксіз. Біз жағдайлардың белгілі бір қатарына ортақ мінез-құлықтың қырларын белгілейтін ұғымларды енгізуіміз қажет. Ғылым абстракцияга сүйенбей тіршілік ете алмайды. Осылайша, екі анықтама да бір жақты болып келуде, ал теңбе-тең анықтама білімдеріміз эмпирикалық негізін әрі жалпылаушы ұғымдардын теориялық табиғатын бейнелеуі тиіс.
Осы кітаптың мақсаттарына сай, біз, төмендегідей анықтамаларды ұстанамыз.
Жеке тұлға -- бұл адамның қоршаған әлемге дербес бейімділігін анықтайтын, оның мінезінің, темпераментінің, интеллектісінің және дене құрылысының (конституциясының) азды-көпті тұрақты құрылымы.
Мінез мотивациялы-еріктік мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі.
Темперамент адамның аффективті, эмоциялы мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі.
Интеллект -- бұл когнитивті мінез-құлиқтың азды-көпті тұрақты жүйесі.
Конституция деп біз дене бітімінің және нейроэн-докринді реттеудің азды-көпті тұрақты жүйесін айтамыз. Бұл анықтама көбінесе Америка ғылымында 20-шы жылдардан бері біздің уақытымызға дейін ықпал еткен "Мінез-құлықтың айрықшалығы" доктринасына қарама-қайшы келген "жүйе", "құрылым" немесе "ұйым" ұғымдарына баса назар аударған Робактың (1921), Оллпорттың (1937), Маккишгонның (1944) идеяларымен үндеседі. Сондықтан ерекшелік пен біртұтастықты қарама-қарсы қою мәселесін осы кітапта келтірілген барлық экспериментті зерттеулердің әсіресе осы мәселеге тікелей қатысты болуына байланысты қарастырған жөн.
Дұрыс мағыналығы психология табандылық, анқаулық, батылдық, ұқыптылық, алаңғасарлық, асқақтық, әртістік, дарақылық сияқты түрлі сипаттамаларды пайдалана отырып, немесе интеллектуал, жуас немесе желікпе сияқты түрлі психологиялық типтерді бөліп қарастыра отырып, сенімді түрде адам мінез-құлқын бейнелеп түсіндіреді. Ортодоксалды психология көбіне осы ұғымдарды пайдаланып, бізді доминанттылық -- бағынушылық, сенімділік -- сенімсіздік, мезіқылушылық сияқты бітістердің негізінде сонымен бірге экстраверт -- интроверт, шизоид -- циклоид сияқты типтерді болмаса Шпрангердің өмірлік типтеріп қолдана отырып бейнелейді. Ғылымның осындай жалпыға тектес ұғымдарды пайлаланушы кейбір сыншылардың "жеке тұлға мінез-құлқының бірізділігі мен оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін, жеке тұлғаның ортақ, негізгі бітістері, мінез-құлықтың жалпы және үйлесімді формалары болмайды, тек әдет пен жауап қайтарудың дербес және айрықша тәсілдері бар" деген пікірлеріне жауап ретінде болады.
Айрықшалықтың осы теориясы экспериментті дәстүрден бастау алады, ал априорлы шындыққа жанаспауы біздің оның шығу тегінің негізгі қайнар көзімен танысуымызға келергі келтірмеуі тиіс. Осы ғасырдың бірінші онжылдықтарында үстемдік еткен Торыдайқтың үйрету теориясы осындай бастаулардың бірі болды. Стимул-реакция байланыстары тұрғысында қарастырылған үйрету белгілі бір дәрежеде шартты және шартсыз рефлекс ұғымымен арақатынаста. Егер жеке тұлғаның құрылымдық ұйымдасуы көбінесе үйретумен байланысты болса -- осы жерде авторлардың көпшілігі сенімді экспериментті дәлелдерді келтірместен тұқым қуалаудың ықпалын жоққа шығарады, -- онда үйрету процесінің айрықшалығы үйретудің ақырғы өнімінде, яғни ересек жеке тұлғаның бейнесінде көрінуі тиіс. Егер стимул -- реакция байланыстарына сүйенген үйрету теориясы, үйрету -- бұл құрылым мәселесінің, атап айтқанда, перцептивті құрылымның жеке жағдайы деп тұжырымдайтын, белгі -- мағына байланыстарына негізделген теориялардан бастау алған болса, ал айрықша емес теориялар онымен салыстырғанда жақын арада ғана белгілі бола бастады, аса тарихи ықпалы болмаған әрі жеке тұлғаны бейнелеу сферасында айрықша орын иелене қойған жоқ. Дағдыны көшіру маселесін қозғайтын еңбектердің көпшілігі біріншісімен байланысы жоқ айрықшалық теориясының шығу тегінін басқа бір бастауы ретінде танылды. Нақты айрықша әрекеттер: тақпақтарды жаттау, арифметикалық операциялар немесе француз тілінің бұрыс етістіктерін теріп жазу уақыт өтесе, ерік күші, логикалық ойлау және т.б. сияқты жалпы қабілеттердің дамуына әкеледі деп есептеу жөн саналады. Джеймс пен Торндайк бірқатар зерттеулерінде осындай қарапайым болжамның жеткілікті эмпирикалық негізі жоқ екенін көрсетті. Тең дәрежеде қабілетті сыналушылардың екі тобына тақпақтарды жаттау тапсырмасы ұсынылады. Бір топқа стимулға ұқсас материалды есте сақтаудың алдын ала даярлығы жүргізілгенде, бұл топ нәтижелерінде басқасымен салыстарғанда үміт еткен басымдылық байқалмады. Сірә, үйрету тым айрықша болған және оны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz