Жер жасы және геологиялық жылсанау



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универсиеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Жер жасы және геологиялық жылсанау

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2017ж.
Мазмұны

Кірісіпе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Геология негіздері
1.1 Геология пәні, оның мақсаты және негізгі салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .7
2. Геологиялық құбылыстар
2.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі ... ..9
2.2 Геотектоникалық гипотезалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3. Жер шарының геологиялық тарихы
3.1 Тау жыныстарының абсолютты жасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3.2 Тау жыныстарының салыстырмалы жасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3.3 Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...23
3.4 Геоморфология туралы негізгі мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кірісіпе
Геология - Жердің құрылысын, құрамын, пайда болуын, даму тарихын және оның үсті мен қойнауында өтіп жатқан түрлі құбылыстарды зерттейтін ғылым. Грек тілінен аударғанда геология - жер туралы ғылым деген мағынаны білдіреді (гео-жер, логос - ғылым). Негізінен геология Жердің үстіндегі қабатты - жер қабығын зерттейді. Жер қабығы үздіксіз өзгерістерге ұшырап, дамуда болады. Сондықтан жер қабығының даму заңдылықтарын, оның құрамын, қасиеттерін жақсы зерделеп білу халық шаруашылығының көптеген салаларын ғылыми негізде, тиімді, тұрақты даму бағытында жүргізу үшін аса қажет. Ауыл шаруашылығының негізгі өндіріс құралы топырақтың түзілуін, қасиеттерін, өзгерістерге ұшырауын бақылап, оны үлгілі пайдалану жолдарын қалыптастыруды геология пәнін жете меңгерген мамандар ғана жақсы жүргізе алады.
Ауыл шаруашылығы саласының басты өндіріс құралы жер, оның ең үстіңгі құнарлы қабаты топырақ. Топырақтың құнарлылығы арқылы адамзат қауымы пайдаланатын азық-түліктің 98 пайызы және өндіріске қажет көптеген шикізат өндіріледі. Сонымен бірге топырақ табиғаттың құрамды бөлігі, әлемдегі экологиялық жүйелердің тұрақты дамуының негізі. Сондықтан ел байлығы топырақты тиімді пайдаланып, оның ерекше қасиеттерінің сақталынуын, құнарлылығының артуын қамтамасыз ету, ластанудан, азып-тозудан қорғау өте өзекті экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселе болып саналады. Бұл мәселердің оңтайлы шешілуі мамандардың біліктілігімен біліміне тікелей байланысты.
Топырақтың құралуына әсер ететін жағдайдың аса бір мањыздысы жер бедері болып саналады.
Жер бедерінің топырақ түзілуіне әсері тікелей және жанама болып келеді. Жер бедерінің топырақ құралуына тікелей әсерін оның эрозия процестеріне шалдығуы айғақтайды. Ал жер бедерінің топырақ түзілуіне жанама әсері оның климат факторларын (жылуды, жарықты, ылғалды) ауытқытып, таратуы арқылы туындайды. Жер бедерінің климат факторларын өзгертіп таратуы таулы аймақта байқалатын топырақтардың тік аймақтық заңдылыққа бағынып, тау беткейлерінде белдеулене орналасуы жақсы дәлелдейді.
Топырақтың құралуы аймақтың геологиялық жасына (уақытқа) байланысты. Жыл мезгілдерінде, жыл сайын және көп жылдар ішінде байқалатын табиғат құбылыстарының әсерінен топырақтағы минералды және органикалық заттардың өзгерістерге ұшырауы бір қалыпты болмайды. Сондықтан уақыт ағымы (аймақтың геологиялық жасы) топырақтың құралуына және оның дамуына зор ықпал жасайды.
Топырақтың пайда бола бастаған кезінен қазіргі заманға дейінгі уақыт аралығы топырақтың абсолютті жасын көрсетеді. Осы уақыт аралығы бірнеше жылдан миллионданған жылдарға дейін созылады. Геологиялық жас аймақта жаңа түзіле бастаған жас топырақтар, ал геологиялық ескі аймақта топырақтар ертеден дамыған, ескі болады. Көптеген дәуірлер бойы геологиялық өзгерістерге ұшырамаған тропикалық аймақта ескі топырақтар, ал кейінгі дәуірлерде ғана мұздан арылған солтүстік аймақтарда жаңа қалыптасқан жас топырақтар таралған.
Жердің жасы - Жердің дербес планета түрінде қалыптасуынан бергі аралықта өткен уақыт мөлшері. Жер қыртысына тән ең көне таужыныстарды және жасынтас (метеорит) кесектерін радиологиялық зерттеу н2тижелері бойынша Жердің жасы шамамен 4,5 -- 4,6 млрд жыл деп шамаланады.
Зерттеу мақсаты: жер жасы және геологиялық жерсаналу туралы толық мағлұмат алу.
Зерттеу міндеттері:
- Геология пәні, оның мақсаты және негізгі салалары туралы түсінік беру;
- Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихына толталу;
- Геологиялық құбылыстарды анықтау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Геология негіздері
1.1 Геология пәні, оның мақсаты және негізгі салалары
Халық шаруашылығына аса қажетті пайдалы қазбалар: мұнай, газ, көмір, құрылыс материалдары, тыңайтқыштар өндіруге жарамды кендерді жер қойнауынан тауып, игілікке жаратып және адамзат қоғамына қажет түрлі ғимараттарды салу геология ғылымының заманауи жетістіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Геология өте ерте заманнан басталып дамығын алғашқы ғылымдардың бірі. Қазіргі заманда ол қанатын кең жайып, дамып бірнеше келесідей жеке салаларға бөлінді :
Минералогия - жер қыртысындағы минералдардың құрамын, қасиеттерін, пайда болу үрдістерін зерттейтін ғылым;
Петрография - тау жыныстарының құрамын қасиеттерін, пайда болуын зерттейтін ғылым.
Геохимия - жер қыртысының химиялық құрамын, химиялық элементтердің және олардың изотоптарының таратылуы мен жылжу заңдылығын зерттейтін ғылым.
Қазба байлық - жер қыртысындағы қазба байлықтардың пайда болу ерекшелігін, таралуын зерттейтін ғылым.
Динамикалық геология - жер қабығындағы өткен кезеңдегі және қазіргі замандағы геологиялық үрдістерді (жанартаулар, жер сілкінісі, мұхит әсері т.б.) қарастыратын ғылым.
Тарихи геология - Жер қыртысының уақыт аралығында және кеңістіктегі өзгерістерін зерттеп, органикалық әлемнің жер қыртысының дамуымен байланысын анықтайды
Палеонтология - өткен геологиялық кезеңдерде жерде болған және қазба қалдықтар ретінде сақталған жануарлар және өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым.
Геморфология - жер бедерін, түрлерін, пайда болуын және даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Гидрогеология - жер астындағы суларды, олардың пайда болуын, құрамы мен құбылысын, таралуын, олардың жер қыртысындағы механикалық және химиялық әсерін зерттейтін ғылым.
Геотектоника - жер қыртысының жылжуы және деформациясын, жердің даму үрдісінде тау жыныстарымен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым
Геофизика - Жер шарын зерттеуге физикалық әдістер қолданатын ғылым. Геология пәні көптеген жаратылыстану ғылымдарымен байланысты. Олардың ішінде астрономия, физика, химия, география, т.б. бар. Ауыл шаруашылығы бағытындағы топырақтану, егіншілік, агрохимия, мелиорация пәндері геология ғылымының деректері негізінде дамып келеді.
Геология ғылымы өзінің зерттеулерінде түрлі әдістер мен тәсілдері қолданады. Жер қабығының үстіндегі 10км-ге дейінгі қабатын геологтар негізгі далалық геологиялық суретке түсіру (съёмка) әдісі арқылы жүргізеді. Бұл әдіс жыныстарының табиғи жағдайда терең қабаттарына дейін ашылған аумақтарында немесе кен қазылатын терең шахталар және бұрғылау арқылы жасалған үңгірлерден алынған тау жыныстарының құрамын қасиеттерін, орналасу заңдылықтарын зерттеу арқылы іске асырылады. Ал жер қабығының 10 км-ден терең қабаттарың геофизикалық әдістермен зерттейді. Ол әдістерге сейсмикалық, гравиметриялық, магнитометриялық тәсілдер жатады.
Сейсмикалық тәсілмен зерттеу тау жыныстары қабатында серпінді толқындардың тарау жылдамдығының өзгерістерге ұшырауын бақылау арқылы іске асырылады.
Гравиметриялық тәсіл жер бетінде тартылыс күшінің (гравитациялық күш) әр ауданда өзгеруін зерттеп заңдылықтарды ашуға көмектеседі. Магнит өрісінің ауытқуын әр аумақта бақылап геологиялық құбылыстардың тау - кен жыныстарының орналасуын анықтау үшін магнитометриялық тәсіл пайдаланылады.
Жердің терең қабаттарының құрылысын, қаситтерін зерттеу үшін өте тереңге бұрғылау (15 км - ге дейін) әдісі де қолданылады.
Геология ғылымында тәжірибелер (эксперименттер) арқылы көптеген зерттеулер іске асырылады. Кейінгі кезде Жер ғаламшарын, оның құрылысын, жер қабығының ерекшеліктерін зерттеуде ғарыштық технологиялар, ғарыштан суретке түсіру тәсілдері кең қолданылып отыр.

1.2 Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы

Жердің шар тәрізді екенін Аристотель (384-322 б.д.д.) дәлелдеген. Геологияның аяғына тұруы ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басына жатады. Бұл ғылымның негізін құраушылардың бірі - М.В.Ломоносов. Прогрессивті ілімдердің дамуына ат салысқан И.Кант (1755) болды. Ол Жер мен Күн жүйесінің өзінің даму тарихы бар екенін айтты. Бұл көзқарасты Англия ғалымы Д. Геттон дамытты, ол Жердің ішкі күштеріне көп көңіл аударған (плутонизм, Плутон көне римдіктерде жер астының құдайы).
Неміс ғалымы А.Г. Вернердің (1750-1817) айтуы бойынша жердің барлық құрамындағы заттар су ерітіндісінен пайда болды. (Нептунизм - теңіз құдайы). Оның ойы бойынша Жерді су басқан, сол судан біртіндеп гнейстер, граниттер пайда болды деген. Оны минералогияның негізін салушы ғалым деп санайды. ХІХ ғасырдың басында Ж.Кювьеннің апаттар ілімінің (материктер теңізге бірден батып, жер бетіндегі өлген жануарлар) орнына геологияда Ж.Б.Ламарктың, Ч.Лайельдің, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімдері пайда болды.
Эволюциялы көзқарасқа Э.Зюсс, А.П.Карпинский, В.А.Обручев, И.В.Мушкетов, А.П.Павлов, А.Е.Ферсман, А.Д.Архангельский біраз атсалықан ғалымдар.

1- сурет. Қ.И.Сәтбаев Қазақтың алғашқы инженер-геологы
(1899-1964ж.ж.)

Қазақстанда XX ғасырда геология ғылымының дамуына, еліміздің жер қойнауындағы табиғи байлықтарды барлап, аса бағалы кен орындарын тауып, өндіріс орындарын ашу жұмыстарының қарқынды жүруіне қазақтың тұңғыш инженер - геолог ғалымы КСРО академиясының және Қазақ Ғылым академиясының академигі, Қазақ Ғылым академиясының бірінші президенті, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, геология-минералогия ғылымдарының докторы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964) орасан зор еңбек сіңірді. Қ.И.Сәтбаев баянды еңбегінің ескерткіші ретінде соңынан Үлкен Жезқазғанды, Геология ғылыми зерттеу институтын, Қазақ ғылым академиясын қалдырды. Сонымен бірге оның қажырлы тынымсыз зор еңбегінің нәтижесі ретінде Қарағанды металургия заводын, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатын, Алтай және Қаратау кендерінің игерілуін, Ертіс - Қарағанды каналының салынуын көреміз. Ол Қазақ Ғылым академиясында 1944-1970 жылдары 1500 - ден аса ғылым кандидаттары, 150 - ге жуық ғылым докторы дайындалуына жағдай жасады. Қ.А. Сәтбаев 641 орыс тілінде 98 қазақ тілінде жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалар дайындады.
Аты әлемге әйгілі қазақтың данышпан геолог - ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың зор еңбегі құрметіне 1979 жылы Қырым астрофизикалық обсерваториясының аға ғылыми қызметкері Н.Черных ашқан Марс пен Юпитер аралығындағы кіші планетаға академик Қ.И. Сатпаев аты берілді. Ғалымның аты Жоңғар Алатауындағы мұздық пен шыңға, жаңадан табылған минералға берілген.
Ғарыштық кеңістікте жүздеген миллион галактика бар. Олардың бірі Құс жолы галактикасы. Бұл галактика құрамында Күн жүйесі орналасқан. Күн жүйесінің ортасында Күн және оның айналасында 9 планета - Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон бар.
Күн әлем кеңестігіне орасан зор (әр секунтта 0,38 дж) қуат шығарады және ол секунд сайын өз салмағының 4 млн. тоннасын жоғалтады. Бірақ салмағының өте үлкен болуы себепті ол 2 млрд. жыл ішінде өзінің барлық салмағының тек қана 17500 бөлігін жоғалтқан.
Күннен бөліп шыққан қуаттың Жерге тек қана (12) трил. 200 млн. бөлігі келіп жетеді. Бірақ осы жеткен күн энергиясы қуаты Жер ғаламшарындағы тіршіліктің оңтайлы өтуіне қолайлы климатты қалыптастырады.
Физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің барлық планеталарын екі топқа бөлуге болады: Күнге жақын орналасқан, жер типті планеталар (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) және сыртқы, Күннен алыс орналасқандар (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон).
Жер типті планеталардың ерекшелігі - көлемі үлкен емес, айналуы баяу және тығыздығы жоғары, ал сыртқы планеталардың көлемі - жер типті планеталарда көлемінен ондаған есе жоғары, өз осі бойынша тез айналады (Юпитердің айналу кезеңі - 9 сағат 50 мин) және тығыздығы төмен.
Жер - күн жүйесінің басқа да планеталарына ұқсаған шар тәрізді пішіні бар дене. Бірақ Жер дәл шар сияқты емес, ол полюстер жағынан сәл қысылған болады. Бұл пішінді сфероид дейді. Жерді зерттегенде тек полюстер жағынан қысылуын ғана емес сонымен қатар жер бедерінің тегіс еместіктігі де (терең мұхиттық құламалары, үлкен тау биіктері) ескеріледі, сондықтан Жердің осындай дұрыс геометриялы емес пішінін геоид деп атайды.

2. Геологиялық құбылыстар
2.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
Жер қыртысының кейбір бөліктері әр түрлі қалыптасады. Кейбіреулері геосинклинальды облыстар немесе геосинклинальдер деп аталады. Оларда төмендеу нәтижесінде тектоникалық жылжу мен магматикалық құбылыстар қарқындығы жоғары болады. Басқалары платформалы обылыстар немесе платфомалар деп аталады. Жылжуы шамалы, магматикалық процесстер шамалы көрсетіледі және шөгінді заттары жиналуы көп емес.
Платформалар және геосинклинальдер арасында ерекше құрылымды элементтер пайда болады - шетте майысқан жерлер, шет тігістері және шеттік жанартаулық алқаптар пайда болады. Шетте майысқан жерлер сол обылыстар арасында пайда болады. Геоморфологиялық шеттік майысқан жерлер, өсіп жатқан тау құрылыстарын жазықтық жерлерден шектейтін платформалардан, тау етегіндегі құламалардың жүйесі ретінде көрсетіледі. Шет тігістері геосинклинальды обылыстар мен үлкен платформалы томпақ жерлердің түйісуінде пайда болады. Шеттік вулкандық алқаптар терең сынық жерлерде, көп мәрте магма төгілген жерде пайда болады.
Геосинклиналды облыстар. Көп уақыт мезгілінде майысуға бағытталған жылжуға шалдығатын қозғалмалы обылыстар. Олар майысқан соң жанартаулық және шөгінді жыныстар жиналады. Олар қарқынды түрде қатпарларға (складки) жиырылады. Бұл обылыстарға эффузивті және интрузивті магматизм тән. Сол үрдістер дамығын кезде көптеген облыстар кейде төмен түседі, кейде жоғары көтеріледі. Шұбар жер бедері бұл облыстарға кесекті тау жыныстардың жиналуына әсер етеді.
Бұл геосинклинальдардың дамуында бірнеше кезең болады: бірінші - төмен түсудің басты кезеңі, екіншісі - орогендінің алды, үшінші - орогендінің басты кезеңі, төртінші - нағыз орогенді. Төртінші кезеңде жоғары шығатын қозғалыстар денудациядан арта түседі және нағыз таулы жер бедері қалыптасады.
Жалпы түрде геосиклинальдар екі кезеңнең өтеді: біріншісі - жер қабығы қарқынды майысады және балшықты тақта тасты жыныстар жиналады. Олар балшықты тақта тасты формация деп аталады. Ең төмен майысқанда көбінесе жанартаулы әрекеттен және геосинклинальды әрекеттің нәтижесінде ол төменгі теңіз бассейіні болады онда көп километрлі магмалық және шөгінді тау жыныстары жиналады. Олар жанартаулы кесекті немесе спилитокератофирлы формация деп аталады. Екінші геосинклиналдардың даму кезеңінде жер қыртысы көтеріледі. Теңіз кетеді және олардың орнында аралдар архипелагі пайда болады. Кейін аралдар мүжіледі және аралдар арасы кесекті жыныстармен толтырылады. Оны флишты формация деп атаймыз. Кейін сол жерде қатпар түзілу үрдістері өтеді де сол жерде белсендігін жоғалтып тұрақты платформа пайда болады. Ол жерде көп шөгінді ірі кесекті, құрамында конгломераттар, қиыршықтастар, құмдар және құмдақтар, кейде балшықты тау жыныстары жиналады. Олар молассты формация деп аталады.
Платформалы облыстар. Жер қыртысының тұрақты аймақтарын құрайды. Олар бұрын болған геосинклиналды облыстардың орнында пайда болады және екі қабатты құрылымы бар. Оның төменгі қабаты геосинклиналды облыстардан құрылады. Оларды құрайтын жанартаулы және шөгінді тау жыныстары қарқынды метаморфизмге ұшырайды. Жоғарғы қабат немесе, шөгінді астар көлденең орналасқан шөгінді жыныстардан құрылады. Бұл қабаттың жыныстары метаморфизмге ұшырамайды. Магмалы түзінділер сирек кездеседі. Жоғарғы қабат төменгіден бөлек орналасады. Қатпарлы төсенішті қабат немесе шөгінді төсеніші жоқ жер бөліктері жер қыртысына жақын орналасады және шиток деп аталады, шөгінді төсеніші бар терең орналасқан жерлер плита деп аталады.
Құмды- балшықты формация балшық пен құмдардың аралас қабаттарынан құрылады.
Карбонатты немесе әкті доломитты формация органогенді әктерден және доломиттерден құрылады, кейде ғаныш қабаттары және ангидриттер кездеседі.
Глауконитті фосфоритті формация - негізі базальтті конгломераттардан құралған жыныстар кешені, оның үстінде карбонатты түзінділердің қабатын жауып тұрған кварцті глауконитті құмдар мен фосфоритті конкрециялар қабаты орналасады.
Көміртекті - бокситті- темірлі фомация көп уақытты континенталды режимде құрылады және құмды балшықты салындылармен олардың арасында көмір, боксит, темір рудасы линзалары кездеседі.
Қызыл түсті формация - басқа формациялардан оны құратын тау жыныстардың әр түрлігімен ерекшеленеді. Өзі құм мен балшықтан тұрады және конгломерат, доломит, мергель және әктер линзалары кездеседі.
Тұзды формация - шеттік майысқан жерлердің ішінде орналасқан лагуналық бассейіндерде жиналады. Олар химиялық түзілген шөгінділерден тұрады. Шөгінділерде, басында доломиттер, кейіннен ғаныш және ангидридтер, ең соңында әртүрлі галоидтты қосындылар түзіледі.
Көмірлі формация - жер беті қалың өсімдіктермен жамылған, жылы және ылғалды климатта құрылған. Ұсақ дәнді құмды- балшықты шөгінділермен бірге майысу үрдісінде өсімдік қалдықтарының үлкен массалары жинақталған, кейіннен олар біртіндеп тас көмірінің кен орнына айналған.
Мұнай өндіретін формация - органикалық заттар көп жиналуының нәтижесінде және олар кейін тез көмілгенде пайда болады.

2.2 Геотектоникалық гипотезалар
Геотектоникалық гипотезалар әсіресе ХІХ-ХХ ғасырларда көп пайда болды. Бірақ олардың бірі де толық түсінік бермейді. Барлық геотектоникалық гипотезаларды үш топқа бөлуге болады: контракциялы немесе қысымды гипотеза; континенттердің көлденең жылжу гипотезалары; радиологиялық гипотезалар.
Контракциялы гипотезалар бойынша біздің планета басында балқынды масса түрінде болған және қазір ол қарқынды суу күйінде. Планета суыған сайын ядро көлемі азаяды және жер қабығы кең бола бастайды, сондықтан қысымның арқасында жер қабығы қатпарларға жиырылады. Бұл гипотезаның авторлары: Э. Зюсс, Э. Огом, Г. Штилле, И. В. Мушкетов, А. П. Павлов.
Континенттердің көлденең жылжу гипотезаларын неміс геофизигі А. Вегенер дәлелдеген. Оның гипотезасы бойынша ерте архей дәуірінде Жерді сиаликалық қабық жапқан. Оның астында отты-сұйық симатикалық қабат орналасқан. Оны ол пангея деп атаған. Күннің тартылыс күшінің әсерінен қазіргі Тынық мұхитының маңында Жерден сиаликалық және симатикалық қабықтары жұлынып алынған. Кейін ол бірнеше кесектерге бөлініп, олардың әр біреуі симатикалық зат үстімен шығыстан батысқа қарай жылжыған. Симатикалық зат үстімен кесектердің жылжуымен қатар мұхит пен теңіздерде континенттердің бұзылуының нәтижесінде шөгінді заттар жиналған. Қалқып жүрген кесектердің алдынғы шетінде қатпар түзуші және тау түзуші үрдістер жүрді. Мысалы Европа мен Африкадан Америка бөлініп жылжып кеткен деп саналады. Осындай бөлініп кеткен сиаликалық затты кесек ретінде Мадагаскар, Цейлон, Тасмания, және басқа аралдарды алуға болады. Сонымен А.Вегенер теориясы бойынша Европа, Африка мен Америка бір үлкен континент болған. Бұл гипотезалардың осал жері: Сонымен біргеорогенез үрдісінің кезендігін түсіндірмейді континенттердің үзілуінің себебі түсініксіз.
Радиологиялық гипотеза. Қатпар мен таулар пайда болу теориясын, төменгі жағында көп мөлшерде орналасатың көбінесе сиалитикалық қабат, ал жоғарғы жағында аз шоғырланған, элементтердің радиоактивті бытырауынан түзілетін, жылумен түсіндіреді. Жылу бөлетін элемент ол уран, торий мен калий. Көбінесе бұл элементтер қышқылды магмалы жыныстар арасында, әсіресе гранитте болады. Элементтердің радиоактивті бытырауынан бөлінген жылу энергиясы сиалитикалық және симатикалық қабықтардың жоғарғы бөлігін жылытады, сондықтан ол жылынған күйден балқынды күйге көшеді. Көлемі артқан сиалитикалық қабық бөлініп, қабық жеке кесектерге бөлінеді. Базальт тәрізді заттар пайда болған саңылауларға жылжиды және жер бетіне төгіледі. Сонымен қатар сиалитикалық кесектердің көлденең жылжуға қабылеті пайда болады. Сол жылжу нәтижесінде кесектер жиырылып түйіскен жерде қатпарларда таулар пайда болады. Тау түзілу үрдістері нәтижесінде көптеген жылу энергиясы жоғалады да олар қайта суыйды. Сол қатпарлар қайтадан біртіндеп жылжый бастайды, сосын жаңадан қайталанады. Әр геологиялық революциялық дәуір 3-4 млн жылға созылады, ал эволюциялық 30-33 млн жыға созылады. Бұл теория ең жақсы болып саналады, бірақ ол тау түзілу теориясына толық түсінік бермейді.
Фиксизм мен мобилизм теориясының қазіргі мәні. Геологиялық құрылымдардың пайда болуын фиксизм теориясын колдаушылар жер қабығының тігінен ауытқу қозғалысымен түсіндіреді. Академик В.В.Белоусов геологиялық үрдістерді келесідей түсіндіреді. Оның ойы бойынша жер қабығының қатты ауытқуы, астеносфераның бөлектей балқуы мен сууымен түсіндіреді. Оның балқуының нәтижесінде жер қабығының бір аймақтары төмен түседі, ал кейбіреулері жоғары көтеріледі. Осылай геосинклинальды режимдер пайда болады.
В.В.Белоусовтың ойы бойынша құрлық қабығының мұхиттануы литосфераның кейбір бөліктерінің төмен түсуімен түсіндіреді. Мантияда көптеген жерде балқу аймағы пайда болса сол жер төмен түседі.
Қазіргі кезде континенттердің көлденең жылжу теориясын әрі дамытатын "литосфералы плиталар теориясы" пайда болды. Ол теория бойынша жер қабығы алты плитаға бөлінген (Евразиялы, Америкалы, Африкалық, Үнділік (Австралиямен бірге), Тынықмұхиттық, Антарктикалық). Олар тұрақты болады және қалыңдығы 70-100 км. Олар астеносферада (литосфераның астындағы мантия қабаты) орналасады да ондағы конвекциялы ағындармен көлденең бағытта жылжиды. Екі плитаның соғылуы нәтижесінде таулар пайда болады.
Желдің геологиялық әсері. Жел деп ауаның біркелкі қызбауынан, атмосфералық қысымның әр түрлі болуының әсерінен ауаның көлденең бағытта жылжуын айтамыз. Жел маңызды геологиялық агентттердің бірі, оның әсерін эолды деп атайды (Эол - грек мифологиясында жел құдайы). Ол тау жыныстарын бұзады, тасымалдайды және бір жерде жинайды. Жел жер бедерінің мүсіндік және аккумулятивтік пішіндерін құрады. Әсіресе ол шөл далада және шөлейтттерде жақсы көрінеді. Шөл далалар материктердің 15 бөлігін құрайды.
Коррозия - жел тасымалдайтын құмның тау жыныстарын үйкеп, өндеп, мүсінденуі.
Дефляция - тау жыныстарының ұсақ бөлшектерінің желмен тасымалдануы.
Жел заттарды үлкен қашықтыққа тасымалдайды. Тау жыныстарының ұсақ бөлшектері жартастарды үгітеді, соның нәтижесінде әр түрлі жер бедерінің эолды пішіндері пайда болады: эолды діңгектер, көп қырлылар, ұялы беттер, қазан шұнқырлар, эолды жазықтар.
Эолды діңгектер - аз цементтелген қатты жарықты тау жыныстарының желмен мүжілуі нәтижесінде, бірнеше қыры бар тау бөлшектерінің пайда болуы.
Эолды көп қырлылар - бірнеше қыры бар тау жыныстарының бөлшегі, әр бағытта соғатын желмен қоса құммен үйкелуі әсерінен пайда болады.
Желмен ұшырып әкету қуыстары, науалары, ернеулері, ұялары және ұялы беттер, қалдықтар - әр түрлі материалдың желге әр түрлі төзімділігі әсерінен пайда болады.
Желмен бірге тұздар да тасымалданады, соның әсерінен топырақтар сорланады. Орта Азияда тұзды дауылдар болады. Дауылдарда әлем мұхитынан жылына 27 млрд тонна тұз атмосфераға желмен тасымалданады.
Жер бетіне атмосфера жауын- шашынымен бірге 100000 тонна сынап тасымалданады. Сонымен қатар желмен топыраққа бор да тасымалданады. Жылына 1 га жерге 10 г иод әкелінеді.
Лөсс академик В. А. Обручевтың айтуы бойынша - құрғақ ауа райында шөпті далада атмосфералық шаңның біртіндеп жиналу нәтижесі. Жылына 1-2 мм жиналады. Сонымен 1000 жылда 1м лесс жиналады.
Эолды құмдар - аллювиалды, флювиогляциялы, теңіздік, көлдің құмдарының желмен қайтадан тасымалдану әсерінен пайда болады.
Жер бетімен ағатын сулар. Жер бетіне түскен жауын-шашындардың бір бөлігі буланады және атмосфераға қайтады, басқа бөлігі су өткізгіш тау жыныстарынан өтеді де су өткізбейтін қабаттарда жиналып, ыза суларын құрады. Су еңкісті жерде жазықтық шайылуға себепші болады, өзен де, жердің беткі қабатын төмен қарай шаяды. Жер бетінің сулары тау жыныстарын бұзады, тасымалдайды, және бір жерде жинайды.
Тау жыныстарының сумен шайылуын эрозия деп атайды. Шайылу екі түрге бөлінеді ол: тереңге қарай, алқапты шайыу жыра қалыптастыру эрозиясы және беткейлік (жазықтық) эрозия.
Жазықтық эрозия. Мүжілу өнімдерінің жаңбырмен және еріген қар суымен шайылуын және тау жыныстарының тау етегінде жиналуын делювиальды үрдіс, ал жиналған шөгіндіні делювий деп атаймыз (deluo - латын тілінен шайылу). Оларда: материалдың қабаттығы мен сұрыпталуы сәл байқалады; петрографиялық құрамының әр түрлілігі; қалыңдығы шамалы (1-2м), құмдақ, шлейф түрінде жазықтарда жиналады; құрамында органикалық қалдықтардың болуы байқалады. Тау етегінде жиналып жер тартылысының күшімен жиналған ұсақ материалды коллювий (colluvio - жиналу) деп атайды. Деллювийден коллювий сұрыптау нәтижесінде пайда болады.
Жазықтық шайылу нәтижесінде жер бедері қатты өзгереді. Делювиальды шөгінділердің механикалық құрамы әр түрлі болады. Жоғарғы жағында қиыршық тастар болады, брекчия немесе кесекті жыныстар болады. Ортасында немесе етек жағында біртекті ұсақ дәнді тау жыныстардан құрылады. Деллювиалды тау жыныстарының түсі негізгі заттардың түсіне байланысты болады, мергель мен құмтастарда қызыл-құба түсті, лөсста - қуқыл - құба түсті болады. Деллювиальды тау жыныстарының құрамы мен құрылымы еңкістің құламалылығына да байланысты болады.
Тереңдетілген эрозия (шайылу). Жер бетіндегі аққан сулар бірігіп үлкен су ағынын құрады, орнында тереңдетілген жерлер пайда болады, тау жыныстарын терең қарай шайады. Саяз терең жерлер ол - жыралар. Кейде жыралардан өзен ылдилары пайда болады. Сол үрдіс тоқтаған соң, сол жерде жылғалар (балка) пайда болады. Жылғалар жыраның ең соңғы кезеңі деп саналады.
Жыралар - эрозиялы жер бедерінің түрі, оның тереңдігі 10-15 м, кейде одан да тереңгешайылған жер. Ұзындығы бірнеше метрден бірнеше километрге дейін жетеді. Жыралар дамып келе жатқан және дамуын тоқтатқан көне жыралар күйінде де болады. Олардың пайда болуына нөсер жауын-шашын, тау жыныстарының борпылдақ болуы, жер бедері, адам әрекеті, шымның жойылуы, т. б. әсер етеді.
Батпақты тасты ағындар, сел - қысқа уақытта судың және қатты материалдың тау беткеймен тез тасымалдануы. Селдердің пайда болу жағдайлары: жоғарыда су жиналатын жерде борпылдақ тау жыныстарының және тау жанында күрт құлама жердің болуы.
Шығарылған құрғақ конустардың пролювиальды салындылары. Пролювий - құрғақ климатта таулы жерге жақын орналасатын жазық жерде уақытша шайылып жайылатын және жиналатын минералды материалдар. Аласа шығарылған конустардағы анық пішінді салындылар құрғақ немесе субарэалды дельта деп аталады.
Өзендердің арналы ағындарының іс әрекеті. Құлықта теңіздің деңгейінен төмен тек 800 мың км2 жердің беті ғана орналасады. Қалған жерлер 148,2 млн. Км2 теңіздің деңгейінен жоғары орналасады. Сондықтан құрғақ жерге түскен жауын-шашын теңіздерге қайта келеді. Жер бетіндегі сулар көптеген жұмыстарды атқарады. Материалдар үш әдіспен тасымалданады: тұнба ретінде; су астымен бөлшектерді домалатып жылжытады; ертілген күйде.
Өзендердің механикалық жұмысы келесідей болып бөлінеді: мүжілу, шайылу, немесе эрозия; қайрау мен бетін тегістеу; материалды тасымалдау; материалды шөгуі.
Өзен эрозиясының ерекшелігі - өзеннің жоғарғы жағында мүжілу үрдістері жүреді, ортасында тасымалдау, төменгі жағында - материалдардың жиналуы.
Аллювий. Құрғақ жерде аққан өзендермен жиналатын материалдарды аллювий деп атаймыз (alluvio - латын тілінен шайып жинауОсы шөгінлілерге тән: қабаттығы айқын байқалуы; әр түрлі көлемдік және құрамдық құмдардың, малта тастардың, майда тастың, құмайттардың, құмбалшықтардың кейде балшықтардың болуы; көлемі және қалыңдығы бойынша өзгерісінің шапшаң болуы; тұщы су фауна қалдықтары болуы; қалындығы көп емес (20-60 м); өзен жазықтарында қалындығы оңдаған километр болып орналасуы.
Арна шөгінділері - әдетте құмды болады, құрамы тұрақты, қабаттығы қисық.
Ескі арна. Ұсақ дәнді құмдармен, құмайттармен, тұнбамен, балшықтармен сипатталады. Көп органикалық заттары бар, кейде шымтезектер болады.
Жайылма шөгінділері. Өзендердің астында немесе жағасынды (су жайылғанда) жиналады
Жер асты сулары. Жер астындағы сулар сұйық, газ, бу қатты күйінде болады. Олар жер астындағы қуыстарды толтырады. Пайда болуына байланысты олар инфильтрациялы, конденсациялы, ювенальды және қазба болады. Атмосфералық жауын-шашындар тау жыныстарының қабаттарынан өтіп су өткізбейтін қабаттар үстінде инфильтрациялы су ретінде жиналады. Олардың мөлшері жер бедеріне, құрамына, фильтрация қабылетіне, климатқа байланысты болады.
Жер астындағы суларға атмосферадағы су мөлшері де әсер етеді. Егер ылғалды су топыраққа өтсе, ол конденсацияланып топырақта жиналады да конденсациялы су пайда болады.
Инфильтрациялы және конденсациялы сулар жер ішінде жылжып теңіздер мен өзендер мөлшерін арттырады. Олар буланып қайтадан жерге түседі де, мәңгі қозғалыста болады.
Кейбір сулар магмадан пайда болған будан пайда болады, жарықтармен жер бетіне көтеріліп пайда болады, оларды ювенальды деп атаймыз.

3. Жер шарының геологиялық тарихы
3.1 Тау жыныстарының абсолютты жасы
Геологиялық формациялардың абсолютты жасын анықтау мүмкүндігі 20 ғасырда ғана радиобелсенді ыдырауды анықтағаннан кейін пайда болды.
Радиобелсенді элементтердің ядролары (радий, уран, торий) өзінен өзі ыдырайды. Осы ыдырау нәтижесінде радиактивті емес элементтердің атом ядролары пайда болады. Мысалы, ураннан қорғасын пайда болады. Тау жыныстарының абсолютты жасын анықтау үшін геохронологияның келесі әдістерін қолданады: қорғасынды, гелийлы, аргонды, рубидий-стронцийлы және көміртекті.
Қорғасынды әдіс. Атомдық салмағы 238 уранның соңғы бытырау өнімі атомды салмағы 206 қорғасынның мөлшері бойынша минералдың және тау жыныстардың жасын анықтайды. Уранның жарты саны минералдар құрамындағы мөлшері қорғасынға айналу үшін 4,52 млрд жыл керек. Атомды салмағы 235 уран ыдырап, атомды салмағы 207 қорғасын изотопын құрайды. Бұл уранның минералдар құрамындағы мөлшері қорғасынға айналу үшін 891 млн жыл керек. Торий бытырағанда атомды салмағы 208 қорғасынды құрайды. Оның жартылай ыдырау кезеңі 13,9 млрд жыл болады.
Қорғасын әдісі құрамында уран немесе торий минералдары бар тау жыныстарының жасын анықтау үшін қажет ( уранит, торбенит, монацит және басқалар). Жылына бір грамм ураннан қанша қорғасын пайда болатынын біле тұра, сол минералдың абсолютты жасын анықтауға болады.
Гелий әдісі. Бұл әдіс қорғасын изотоптарымен бірге элементтердің радиобелсенді ыдырағанда пайда болатын гелий мөлшері бойынша анықталады.
Аргон әдісі. Тау жыныстардың және калийлы минералдардың жасын анықтауға арналған. Бұл әдіс бойынша атомды салмағы 40 калий изотопы , сол атомды салмақты аргон изотопына айналады. Гелийге қарағанда аргон минералдар құрамында жақсы сақталады. Минерал жасын сол минералдағы аргон мен калий салыстырмалы мөлшері бойынша анықталады. Калий барлық тау жыныстардың құрамына кіреді.
Рубидий-стронций әдісі. Атомды салмағы 87 рубидий изотопы сол атомды салмақты стронцийге айналады. Рубидийдың жартылай ыдырау кезеңі 50 млрд жылды құрайды. Осы тау жыныстардың жасын анықтау үшін слюдалар мен басқа силикаттарды қолданады. Бұл әдіс сирек қолданады, өйткені рубидиі бар минералдар аз кездеседі.
Көміртек әдісі. Археологиялық ағашты заттардың, өсімдік қалдықтарының жасын анықтау үшін қолданады. Тірі ұлпаларда тұрақты салыстырмада радиобелсенді және радиобелсендіксіз атомдық салмағы 14 көміртек болады. Ағза өлген соң радиобелсенді көміртек біртіндеп ыдырайды және 5560 жылдан соң оның жартысы ғана қалады. Бұл әдіс арқылы ағзалардың сүйегі бойынша жасын анықтауға болады. Бұл әдістің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүшел - түріктердің жыл санау жүйесі
Махмұд Қашқари өмірі
Ағылшындардың салт-дәстүрлері мен мерекелері
Адам құқығы мәселесінің халықаралық қатынастарға тигізер әсері
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Күнтізбенің түрлері және түзу принциптері
Христос атының күнтізбеге қатысы шартты ғана
Григориан күнтізбесі
Ағылшындар мен қазақ халқының мерекелері
Эралар және олардың дәуірлері
Пәндер