Жер учаскесі түрлері, әрбір жас топтарындағы балалармен жер учаскесіндегі жұмыстар


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы:

«Жер учаскесі түрлері, әрбір жас топтарындағы балалармен жер учаскесіндегі жұмыстар»

Орындаған: Егіз З. М.

Тексерген: Айтқалиева А. М.

Орал, 2015ж.

Жоспары

Кіріспе

1. Учаскенің маңызы және оны ұйымдастыру

2. Жер учаскесіндегі бақша, бау - бақша, гүлбақшаның маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Балалар бақшасының жер учаскесі, әсіресе қалалық жағдайларда, бұл - ойындардың, серуендер мен сабақтардың орны. Күзде, қыста және көктемде балалар күннің көп уақытын учаскеде өткізеді, егер саяжайға (дачаға) кетпесе күні бой болады. Осындай ойын кездерінде балалардың сезіну қабілеті арта түседі. Гүлбақшада, бақта, бау-бақшада жұмыс істей жүріп балалар колективті түрде еңбек етуге бейімделеді, еңбекке дағдыланады, олар еңбекті сүюге, құрметтеуге және тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді. Учаскеде балаларды табиғаттың маусымдық құбылыстармен таныстырады, өсімдіктердің өсіп жетілуін сымдық құбылыстармен таныстырады, өсімдіктердің өсіп жетілуін және жануарлардың қылықтарын біраз бақылауды ұйымдастырады. Осының бәрі балалардың дүние танымын, едәуір кеңейтіп, өздерін қоршаған өмір туралы білімдерімен байытады, оларды табиғатқа аялай қарауға және ондағы сұлулықты көре білуге тәрбиелейді. Дұрыс ұйымдастырылған және жақсы көгалдандырылған учаске - балалар бақшаларындағы оқу тәрбие міндеттерін іске асырудағы ең қажетті база болып табылады. Жер учаскесі көгалдандырылуы және балалар ондағы өсімдіктерді өсіруге, оларды бақылауға күнбе күн қатыса алатындай болып ұйымдастырылуы тиіс. Сондықтан әр жастағы балалар топтарының гүлдік, декоративтік, жемістік, жидектік және овощтық өсімдіктер, сондай - ақ балалар ойнай алатындай шөп те болуы керек. Балалар бақшасының топырақты алаңы жеткілікті болған жағдайда, естияр, ересек топтардың балалары үшін гүлбақша, бау-бақша және бақ ұйымдастырылады. Көгалдандыруға кіріспей тұрып учаскені қоқыстардан және тастардан тазартып алу керек, оны өлшеп, балалар бақшасының барлық топтары үшін оған өсімдіктерді орналастыру жоспарын жасау керек.


1. Учаскенің маңызы және оны ұйымдастыру

Учаскені әдетте дуалмен қоршайды. Аумақты ағаштар немесе 1 - 3 қатар етіп бұталар отырғызып, өсімдіктермен қоршаған жақсы. Бұл - учаскені көріктендіреді және желден, шаң мен түтіннен қорғайтын болады. Ағаштар мен бұталарды отырғызып, әр жас топтарының учаскесін бөлуге болады. Ағаштар мен бұталарды өсіру үшін бірнеше жыл керек. Сондай-ақ жақсы шөп ұстағышты өсіру де біраз мерзімді қажет етеді. Учаскеден ағаштар мен бұталарды тек олар балалар бақшасы үйіне көлеңкесін түсірген жағдайда, дымқылдандырып немесе қандай да бір ауруға шалдыққанда ғана тастауға болады. Күркелердің, көлеңке түсіргіштердің және басқа құрылыстардың маңына шырмауық секілді өсімдік тұқымын себеді. Балабақша дақылдары үшін ашық, солтүстік жағынан құрылыстармен, дуалмен немесе жазық орынға, су жиналмайтын жерге отырғызады. Учаскедегі жол балалар өсімдіктерді басып жанышпайтындай кең болуы тиіс. Гүлбақшадағы клумбалардың және бақшадағы жидектердің ара қашықтығын 50-60 см етіп жасайды. Жер учаскесінде ұсақ жануарларын (үй қояндары, тауықтар) асырайтын орындар және ұшып келетін құстарды бақылау үшін жем салынған ыдыстар бар құстардың үйшіктері мен алаңшалары болуы тиіс.


2. Жер учаскесіндегі бақша, бау - бақша, гүлбақшаның маңызы

Ересек топ үшін табиғат мүйісінде неғұрлым күрделі күтім тәсілдерін керек ететін өсімдіктер мен жануарлар орналастырылады, бақшада өсу мерзімі әр түрлі көкөністердің алуан түрі отырғызылады, мұның өзі еңбекті неғұрлым жүйелендіреді. Балалар еңбегінің көлемі де ұлғаяды. Мектеп жасына дейінгі балалар щеткамен түкті жапырақтардың шаңын сүртеді, жерді қоректендіреді, аквариумның суын ауыстырады, бақша мен гүлзардың жерін әзірлейді, көшет отырғызады, жабайы өсімдіктердің жемісін, ұрығын жинайды (қыстайтын құстарға беру үшін) . Еңбек процесінде тәрбиеші балаларға өсімдіктердің өсуі мен дамуын қадағалауды, болып жатқан өзгерістерді байқауды, сипатты белгілеріне, жапырақтарына, ұрықтарына қарап өсімдіктерді айыра білуді үйретеді. Бұл өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы ұғымдарын кеңейтіп, оларды ауыл шаруашылығы еңбегі процесіне баулиды. Мектепке дайындайтын топта табиғаттағы еңбек түрінде балалар жеке құбылыстар арасындағы байланысты анықтауды, табиғат құбылыстары мен заңдылықтарын аңғара білуді үйренеді. Табиғи құбылыстарды материалистік тұрғыдан түсінудің негізі қалыптасады. Өсімдіктер мен жануарлар туралы, жанды мүйістің тұрғындарын күту тәсілдері туралы мағлұмат көбейеді. Балалардың еңбек іс-әрекеттеріндегі дербестігі артады: олар ескертіп жатпай-ақ топырақты суару және қопсыту, өсімдіктерді көшеттеп отырғызу, бақшада, гүлзарда, ал қыста - үнемі пияз бен басқа да көк өсірілетін табиғат мүйісінде тұқым себу қажеттігін өздері белгілеп отырады. Балалар қалемшелеу арқылы өсімдіктерді көбейтудің, кейінірек топыраққа көшіріп отырғызу үшін көшет өсірудің тәсілдерін біледі. Жемістерінің құрылым ерекшеліктеріне қарай жеміс-жидектер бірнеше түрге бөлінеді:

  1. ұрықты - тамыры тереңге (3-4 м) кетеді, бірақ негізгі бөлігі 20-80 см шамасында орналасады;
  2. сүйекті - тамыры 2-3 м тереңдікте, ал негізгі бөлігі 15-40 см шамасында болады;
  3. жидекті - тамыры одан да жоғары (15-20) орналасады;
  4. жаңғақ жемісті - тамыры кең жайылып өседі.

Субтропикалық аймақтарда цитрус, зәйтүн, анар, құрма, інжір өсіріледі.

Тамырының тереңге орналасуы жеміс-жидектің түріне, жер-қыртысына, жерасты суының деңгейіне, қолданылатын агротехникаға байланысты.

Сұрыптық ерекшеліктерін сақтау мақсатында жеміс-жидектерді екі жолмен көбейтеді:

  1. бұталарды, шыбықтарды, сабақтың кесінділерін тікелей отырғызу;
  2. екі түрлі жемістің ұрығын бір-біріне егу жолымен.

Жеміс-жидектердің көпшілік сұрыптары қос ұрықты (бір өсімдікте аталық және аналық ұрық қатар жүреді) дақыл болып келеді. Тек шырғанақ пен құлпынай ғана қос ұялыларға жатады.

Жерасты сулар алма мен алмұрт егілген жерде 2-3 метр, шие мен қара өрік егілген жерде 1, 5-2 метр тереңдіктен жақын болмауы тиіс.

Бауда өсірілетін дақылдардың барлығы да жарықты жақсы көретіндіктен учаскеге ағаш, бұталарды көп екпеген дұрыс, олардың көлеңкесі өнімнің көлеміне де, сапасынада әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс - тәсілдер
ХХі ғ. мектебінде оқу – тәжірибелік учаскені ұйымдастыру: проблемалар мен оларды шешудің мүмкіндіктері
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
5-6 класс оқушыларының оқу тәжірибелік участкесінде практикалық сабақтар өткізу әдістемесі
Биологиялық білім берудің зерттеулеріндегі педагогикалық эксперименттің маңызы
Өзін – өзі тану сабақтарын табиғат аясында ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемес
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру
Қарағанды облысы бойынша көлік оқиғалар жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz