Оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Баланың психикалық танымдық процесін дамытуға арналған ойындар, тренингтер, шаттық шеңберлері
жинағы

Сөздерді есте сақта
Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау.
1минут ішінде 12 сөз оқылады және есте сақтау ұсынылады.
Сөздер: сүлгі, қоян, теледидар, шам, жүзім, шұлық, жыртық, пісте, дәрі, көңіл-күй, ұя, жылан.
Мағынасы бойынша өзара байланыспайтын сөздерді қалай есте сақтап үйренуге болады?
Бірінші сөз МАСА. Мен оның семсердің жанынан ұшып жүргенін көремін. СЕМСЕР-бұл екінші сөз. Келесі сөз-Мысық. Семсерге қараймын-оның қол ұстайтын жері мысықтың басы сияқты түрде жасалынған. Мысықтардың мұрты сабын сияқты. САБАНнан мен ШАЛБАР тоқыдым және оны былғап алдым, шалбарда ДАҚ. Даққа қараймын-ол АЮға ұқсайды. Ол, бәлкім, ҚЫЗЫЛ ШИЕні жақсы көретін шығар және сүйектерінен өзіне САРАЙ жасайды. Сарайдың ішінен мен ПИАнино клавиштерін көремін.

Кім тапқыр?
Мақсаты: Топ арасынан ойлау қабілеті ерекше оқушыларды анықтау.
Қандай да болмасын зат алынады (қалам, қасық, т.б). Бұл затты шеңбер бойынша әр бала қолдарына ала отырып оны тағы қандай зат ретінде пайдалануға болатындығы жайында айтады.

Базар
Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, зейінін байқау.
Оқушылар қағазға сурет салады, сурет салынған қағаздарын 4бөлікке бөледі. Әр оқушы 1 бөлікті өзіне алып қалып, қалған бөлікті мұғалімге береді. Мұғалім барлық оқушының қағаздарын араластырып, әр оқушыға қайтадан 3бөліктен таратып береді. Оқушылар өз суреттерінің қалған бөліктерін табу керек.

Ойлан тап!
1. Айгүлдің алдында 3зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
2. Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайтадан қойды. Үстел үстінде неше алма болды?
3. Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді-қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушысы қандай?
4. Бөлмеде 2орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?
ҮІІ. Айырмашылықтарды табу!
Мақсаты: Байқағыштық пен зейіннің тұрақтылығын, бөлінуін, шоғырлануын дамыту.
Оқушыларға екі бірдей суреттер көрсетіледі. Суреттердегі айырмашылықтарды табулары керек.

Танымдық белсенділікті дамытуға арналған тренингтер

Тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және тб. жағдайлары кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да байланысты әсер етеді. Сондықтан ең алғашқы кездесуде Танысу тренингін жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы жаттығу болғандықтан қатысушыларды жұмысқа жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет. Кейде жай ғана танысу мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі арқылы да есте сақтауға болады..
Шеңбер бойынша сөз тізбегі ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы "Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз". Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.

Комплимент ойыны
Жаттығудың тапсырмасы - қатысушылардың бірін бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.
Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте Тренинг саған не берді? деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.
Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.

Іскерлік ойын Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі

Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігі
Ағылшын тілін оқытуда есте сақтау қабілетін дамытудың тиімді жолдары. Автореферат
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау
Есту қабілеті бұзылған балалардың есте сақтау қабілетін дамыту ерекшеліктері
Жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары
Мектеп ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс жүргізу
Бастауыш сынып оқушыларының көрі арқылы қабылдаудың ерекшеліктері
Тілдік теорияны үйрету бастауыш сынып оқушыларының есте
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер