Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері.
1. 1 Құқық бұзушылықтық ұғымы, түрлері және құрлымы . . . 5
1. 2 Заңды жауапкершіліктің түрлері мен ұғымы . . . 11
1. 2. 1 Еңбек және тәртіп жауапкершілігі туралы . . . 13
1. 2. 2 Қылмыстық жауапкершілік . . . 17
1. 2. 3 Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы . . . 26
1. 2. 4 Әкімшілік - құқықтық жауапкершілік туралы . . . 31
2. Заңды жауапкершілікті жүзеге асыру және қолданылатын шаралары
2. 1 Заңды жауапкершілікті жүзеге асыру . . . 34
2. 2 Заңды жауапкершілікті болдыртпайтын жағдайлар . . . 37
Қорытынды . . . 40
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 42
Кіріспе
Заңды жауапкершілік мәселелерін мемлекет және құқық теориясы және басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы құқық бұзушылықтың және заңды жауапкершіліктің негізігі және басты міндеті қоғамға және құқықтық тәртіпке құқықбұзушылықтан келтін зиянның алдын алу және жолын кесуде заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет тұжырымдалады: бірініші, қоғам және әрбір азамат құқықтыры мен заң қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғалатындығына сенімді болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы көмегімен жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы құқықбұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады.
Заңды жауапкершілік, бір жағынан жалпы әлеуметтік жауапкершіліктің түрі, басқа түрлер басқа әлеуметтік нормалардың негізінде пайда болады-саяси, мораль нормаларының, корпоративті нормалардың, т. с. с Басқа жағынан заңды жауапкершілік құқықтық мәжбүрлеу шарасының түрі, сонымен бірге, ол көбірек қаттылау түрі, көбірек деңгейде субъектінің құқықтық жағдайына тиістілігі бар. [1; 105]
Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік туралы көптеген мақала, басылымдар, монографияларда жарияланған. Бұл тақырыпты зерттеу барысында бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ та бұл мәселе төнірегінде бірнеше жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып пән бойынша бір тоқтамға келе алмауда. Бұдан шығатын қорытынды заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызықтыда.
Бұрыңғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда болып және оның ажырамас серігі құқықбұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық құқықтық ілімде құқықбұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өмірне қауіпті құқық бұзушылықтың болмауын тоқтау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз жылдықтармен жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты деуге болады.
Заңды жауапкершіліктің пайда болуы туралы бірнеше пікірлер бар:
А) ол қорғаушы құқықтық қатынаспен құқық бұзғаннан кейін тоқтамай бірге пайда болады;
Ә) негізгі құқықты қолдану актісін шығарғаннан кейін пайда болады(үкім, шешім), онда барлық заңды жауапкершілікке қажетті кездер тіркеледі.
Заңды жауапкершілік айыптылық және құқықты орнына келтіру функциясын орындайды. Профессор О. Э. Лейст осы жөнінде екі функция туралы емес, екі кейіптегі заңды жауапкершілікті айтады:айыптау, ол қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікті және құқықтық тәрбиелеуді(азаматтық құқықтық және материалдық жауапкершілік) біріктіреді. [1; 106]
Мемлекет және құқық теориясы методологиялық ғылым бола тұра кейбір зерттеу жұмыстарыменде айналысады, соның ішінде заңдық жауапкершілік пен құқық бұзушылықты мәселелерінде зерттейді.
Қазіргі таңда заңды жауапкеркершіліктің зерттелу деңгейі өте ауқымды. Оны Т. Ағдарбеков, С. А. Табанов, А. С. Ибраев, Ғ. С. Сапарғалиев, және т. б. ғалымдар, құқықтанушылар зерттеуде.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Заңдық жауапкершілік және олардың түрлері, ұғымы туралы түсінік алу;
- Заңды жауапкерлікті әкімшілік жауапкершілік ретінде қарастыру;
- Заңды жауапкершіліктің басқа құқықтық жауапкершіліктермен байланысын анықтау;
1. Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері.
- Құқық бұзушылықтың түсінігі, ұғымы және құрлымы.
Құқық бұзушылықтың тарихи тамырын тереңірек тартады. Саяси-құқықтық ілімдер тарихының ғылыми жетістіктерімен нәтижелеріне мұқият зер салып қарасақ құқық бұзушылық мемлекетпен құқық пайда болған сәттен бірге қалыптасты. Себебі құқықтың пайда болуымен оның нормаларын бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау сияқты құқық бұзушылықтар да пайда болады. Міне, сол кезеңнен бастап құқық бұзушылық қоғамның ажырамас серігі ретінде осы күнге дейін жойылған жоқ. Сондықтан құқық бұзушылықты жан-жақты зерттеу. оның алдын орау, болдырмау сияқты мәселелер адамзаттың алдында тұрған ең күрделі мәселелердің бірі. Мемлекеттің, қоғамның толыққанды дәрежеде өмір сүруі, қалыптасқан қоғамдық қатынастардың тұрақтылығы және адамдардың көңіл-күйімен отбасындағы тыныштықтардың бәрі құқық бұзушылықтың деңгейімен, онымен күресудегі нәтижеге байланысты. Құқық бұзушылықпен күресуде нақтылы нәтиже жоқ мемлекетте халықтың ьилікке деген сенімсіздігін арттырады, наразылығын тудырады. Сонда жалпы құқық бұзушылық дегеніміз не?Заң әдебиетінде оның анықтамасы тұрақты түрде қалыптасқан, барлық оқулықтар мен монографиялық зерттеулерде бір мағынада беріледі. Атап айтсақ құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы бағытталған кінәлі және өзінің сипатымен қоғамға зиянды және қауіпті зардаптар туғызатын, арнайы жасқа толған субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі. [ 2; 173 ]
Құқық бұзушылық негізінен төрт сипаттан қалыптасады:
1. Әрекет немесе әрекетсіздік
2. Құқыққа қарсылық
3. Субъектінің арнайы жасқа толуы
4. Кінә
Бұл төрт элементтің біреуі жоқ ьолса, жеке адам құқық бұзушылық жасаған болып саналмайды.
Құқық бұзушылық екі түрге бөлінеді:
1. Теріс қылық
2. Қылмыс.
Теріс қылық дегеніміз құқыққа қарсы бағытталған, қоғамға зиянды зардаптар туғызатын әрекет немесе әрекетсіздік. Теріс қылықтар қоғамдық қатынастарға зияндылық әсерін тигізеді, бірақ өте қауіпті болып саналмайды. Теріс қылықтар мынандай түрлеоге бөлінеді:
1. Тәртіптік теріс қылықтар мекемелер мен кәсіпорындарда, басқа да заңды тұлғалармен еңбек құқықтық қатынастарда тұрған субъектілердің еңбек кодексінің немесе ішкі ереже талаптарын орындамау немесе бұзу. Тәртіптік теріс қылықтар жасаған субъектке жұмыс орнының әкімшілігі тарапынан ескертулер, сөгіс, жұмыстан босату сияқты шаралар қолданылады.
2. Азаматтық құқықтық теріс қылықтар жеке және заңды тұлғалардың жасаған келісімшарт негізінен туындайтын, міндеттемелерді орындамау және адам өмірі, денсаулығы және мүлкіне зиян келтіру барысындағы әрекеттің жиынтығы.
3. Әкімшілік-құқықтық теріс қылықтардың анықтамасы Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 28-бабында мына мағынада берілген:« Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады». Әкімшілік теріс қылықтар ғана кодексте белгіленеді.
Құқық бұзушылықтың екінші түріне қылмыс жатады. Қылмыстың анықтамасы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 9-бабында мына мағынада берілген: «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады». [2; 174]
Мемлекет және құқық теориясында құқық бұзушылықтың ұғымымен қатар құқық бұзушылықтың құрамы деген ұғым бар. Құқық бұзушылық жалпы ұғым ретінде танылса құқық бұзушылықтың құрамы дара ұғым ретінде қабылданады.
Құқық бұзузылықтың құрамы дегеніміз нақтылы құқық бұзушылықты және оның қоғамдаға зияндылығы мен қауіптілігін заңмен айқындаған арнайы нышандардың жиынтығы.
Құқық бұзушылық төрт элементтен, нышаннан тұрады:
1. Объект;
2. Субъект;
3. Құқық бұзушылықтың объективтік жағы;
4. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы;
Объект деп құқық бұзушылық қол сұққан қоғамдық қатынастардың жиынтығы және соның нәтижесінде зиянды зардаптардың пайда болуын айтады. Жалпы қоғамдық қатынастар қең, ауқымды және қоғамның барлық салаларына қатынасты болған соң көптеген мүдделерді қамтиды. Мүдде бар жерде қатынастар пайда болады. Сондықтан құқық бұзушылық мүдделерге қол сұғады, қауіп-қатер, зиянды зардаптар тудырады.
Объект қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде дамудың, адамзат өркениетін қалыптастырған құндылықтар мен мүдделерден қалыптасады.
Құқық бұзушылықтың объектісі үш түрге бөлінеді:
1. Жалпы объект;
2. Топтық объект;
3. Тікелей объект.
Жалпы объект- социум өмір сүретін, тіршілік ететін қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы. Оған адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мүдделері, халық денсаулығы, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы, қоршаған орта, қоғамдық имандылық, меншік, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, мемлекеттін билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібі, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделері жатады.
Топтық объект- біртекті, біркелкі, бір-бірімен тығыз байланыстағы қоғамдық өатынастардың топтасқан жиынтығы. Топтық объект құқық бұзушылықты қоғамға қауіптіліне және қол сұғылғын қатынастарына қарай жинақтауға мүмкіндік туғызады. Мысалы, қылмыстық және әкімшілік кодекстерінің ерекше бөлімдерінде жасалған қылмыс пен әкімшілік теріс қылмыстардың топтық объектілеріне байланысты жүйеленген.
Тікелей объект- нақтылы құқық бұзушылық қол сұққан, бұзған қоғамдық қатынастардағы жеке, дара мүделер. Мысалы, кісі өлтіргенде өлтірген дамның өмірі тікелей объект болып саналады. Кейбір жағдайларда құқық бұзушылық жасалғанда заттарға әсер етіледі. Мысалы, ұрлық жасағанда меншікке қол сұғылады, меншік иесінің иемделу, пайдалану, билеу құқындағы заттар басқа адамның пайдалануына өтеді. Бұл жерде қылмыскер ұрлаған мүлік, зат объект емес, қылмыстың заты болып саналады. Құқық бұзушылықтың заты объектінің материалдық көрінісі болып табылады.
Жасалған кейбір қылмыстарда қылмыстықң заттары мүлдем жоққа тән. Мысалы, әйелді зорлау, бұзақылық және т. б қылмыстар.
Құқық бұзушылықтың субъектісі деп хауапка тартуға қабілеттігі бар, құқық бұзушылық жасаған сәтте заң белгілеген арнайы жасқа толған адамды айтады. құқық бұзушылықтың субъектілері болып заңды тұлғаларда табылады. мысалы, газет жеке адамның, ар-намысын қорлайтын мақала басқаны үшін жауапқа тартылады. (айып салнады, жабылады) .
Субъект екіге бөлінеді:
1. Жалпы субъект;
2. Арнайы субъект.
Жалпы субъект барлық адамдардың жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылуы. Мысалы, кісі өлтірудін субъектісі жалпы субъектіге жатады. Адамды кімде болса өлтіре алады:жас, кәрі, әйел. Бұл жерде мамандық жас әсер етпейді.
Арнайы субъект заң белгілеген ереже бойынша құқық бұзушылық жасаған адам арнайы, қосымша нышандарға иеболуы тиіс. Мысалы, әскери қылмыстардың субъектісі болып әскери қызметкерлер ғана саналады, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарда арнайы субъект болып лауазымды тұлғалар болады.
Құқық бұзушылықтың субъектісі болу үшін, яғни, жасаған теріс қылығы және қылмысы үшін құқықтық жауапқа тартылуға арнайы шарттар қажет.
1. Субъект заң белгілеген жасқа толуы тиіс. Ол 16 жас, л кейбір қылмыстар(ұрлық, кісі өлтіру, адамды ұрлау, тонау, адамды кепілге алу, зорлау және т. б) үшін 14 жас болып белгіленген.
2. құқық бұзушылық жасаған сәтте субъектінің өзінің құқықа қарсы бағытталған әрекеттеріне жауап береді. Егер адам құқық бұзушылық жасаған уақытта есі дұрыс емес, немесе психикалық ауыру(шизофрения, эпилепсия, Дауна ауруы, ми сифилисі прогрессивті паралич, эпидемиялық энцефалит, маникалды-депрессиялық психоз) жағдайында болса адам жауапқа тартылмайды, оған мәжбүрлі түрде медициналық емдеу қолданылады.
Құқық бұзушылықтың объективті жағы деп оның жасалуының сыртқы көрінісін, субъектінің қоршаған орта мен заттарға әр түрлі мағынада жасаған әрекеттерінің нышандарын айтады.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқық бұзушылық жасағанда айқын көрініс беретін әрекет немесе әрекетсіздік. тек объективтік жағын айқындағаннан кейін ғана адамның қандай құқық бұзушылық жасағанын дәлме дәл байқауға болады. Мысалы, ұрлықтың объективтік жағы адамдардың муліктерін жасырын түрде ұрлау болса; әйел зорлауда қүш қолданып, немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау; тонауда бөтен мүлікті ашық түрде ұрлау, қарақшылықта бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау болып табылады. заң құқық бұзушылыққа сипаттама бергенде объективті жағы арқылы оның нышандарын белгіледі.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы іс-әрекет(әрекет немесе әрекетсіздік), себепті байланыс және зиянды зардапты қамтиды.
Іс-әрекет(әрекет немесе әрекетсіздік) арқылы баолық құқық бұзушылық жасалады. Әрекет -адамның заң, құқық нормалары тыйым салған қоғамға қауіпті және зиянды істерді істеу немесе істеуіне жол беру. Әрекет әрқашан адамнан белсенділікті талап етеді, оның мінез-құлқынан өзінің көрінісін табады. Әрекет күш қолдану және күш қолданбау болып екі түрге бөлінеді. Мысалы, адамды өлтіру үшін оны күш қолдану арқылы көрсеткен қарсылығын әлсіретеді, ал алаяқтық жасаған адам мүлікті алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы күш қолданбай алады.
Әрекетсіздік-жасауға тиісті әрекетті жасаудан бас тартып, қоғамға қауіпті мінез құлық таныту. Мысалы, анасы жаңа туған сәбиін емізбейді, науқасқа дәрігердің көмек көрсетпеуі, әскери қызметкердің жұмыс орнына себепсіз келмеуі.
Зиянды зардап-жасаған іс-әрекеттің нәтижесінде қоғамдық қатынастарға, мүдделерге нұқсан, зиян келтіру. Құқық бұзушлықтың қоғамға қауіптілігі және зияндылығы сонда, ол қоғамның тыныс-тіршілігінің, өмір сүру жағдайларының қалыптасқан тыныштығының ырқын бұзады, соның нәтижесінде зиянды зардаптар пайда болады. Көптеген құқықтық нормаларынла зияндызардап нақтылы мағынада көрсетіледі. Мысалы, «адам денсаулығына зиян келтіру», «ауыр зардаптар», «адамдардың өлуі» және т. б. Бұл материалдық зардаптар. Сонымен қатар зиянды зардаптарқа формалды зардаптар жатады. Мысалы, бандитизмнің қылмыстық құрамы. Бұл құрам бойынша адамдарды жауапқа тару үшін формалды түрде объективтік жағынан «азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру, сол сияқты осындай топты басқару» әрекеті болса жеткілікті. «Құру», «басқарудың» өзі қоғамға қауіпті әрекет болып саналады.
Себепті байланыс-жасалған іс-әрекетпен зиянды зардаптың арасындағы байланыс. Құқық бұзушылық істеген адамның тікелей әрекетінен зиянды зардаптың болуы. Себепті байланыс деген бір құбылыстың екінші құбылысты тудыруы, себеп салдарды қалыптастырады. Себепсіз салдар болмайды. С ондықтан себепті байланыс жоқ болса, жауаптылық та болмайды. Мысалы, шофер қалада машина айдап келе жатып, аялдамада тұрған автобустың алдынан атып шыққан адамды басып өлтіреді. Тергеу барысында шофердің ішімдік ішпегендігі және рұқсат етілген 40 жылдамдығымен келе жатқандығы анықталады. Экспертизаның қорытындысы бойынша жүргізуші барлық жол жүру ережесін сақтаған. Адам өзінің әрекетінің нәтижесінде өлімге ұшыраған. Бұл жерде жүргізушінің әрекеті мен адам өлімінің арасында себепті байланыс жоқ. Сондықтан ол кісі өлімі үшін жауапқа тартылмайды.
Шетел криминологиялық әдебиеттерінде «Conditio sine gua non»- «эквиваленттік теория»деп аталатын тұжырымдама бар. Бұл теория бойынша істің, оқиғаның барлық себептері тең мағынада пайдаланады, ал «қажеті жағдай» нышаны жауапқа тартудың объективті негізі болады. Мысалы, егер бір адам бір адамға пышақ салып өлтірген болса, адам өлімінің себебіне пышақ салған адам, кезінде пышақты жоғалтқан адам және оны жасаған адамдар жатады. теория бойынша әр адамның әрекеті өлімге себеп болып тұрған болып бағаланады. Тәжірбиеде қолдануда аталмыш теория қылмыстық жауапқа тартудың шеңберін кеңейте түседі, репрессиялық сипатқа ұласады. Тек іс-әрекетпен зиянды зардаптың арасында тікелей себепті байланыс болған жағдайда жауапкершілік туындайды.
Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы деп субъетінің жасаған іс-әрекетіне деген психикалық қатынасын айтады . Субъективтік жақ негізінде кінә, себеп және мақсат сияқты ұғымдарды қмтиды. Бұл нышандар құқық бұзушылық жасаған субъектілердің ішкі, сезімін, оның пихикасындағы процестерді кеңінен қамтиды. Олардың бәрін толық анықтау арқылы адам жасаған құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі мен зияндығы айқындалады, жаза мөлшеріне әсер етеді.
Кінә деп субъектінің істеген құқық бұзушылығына және оның зиянды зардаптарына қасақана немесе абайсыз формасындағы психикалық қатынасты айтады. Кінә екі мағына кезеңімен қамтылады .
Біріншіден, интеллектуалдық кезең кінәлінің іс әрекетін қоғамға қауіпті екенін, оның қоғамға қауіпті немесе зиянды келтіретінін ұғынуы, немесе сондай зардаптардың болуын көре білуі.
Екіншісі, ерік кезеңі кінәлінің қоғамдық қауіпті немесе зиянды зардаптың болуын біледі немесе оған парықсыздықпен немесе менмендікпен, я болмаса немқұрайлықпен қарауы.
Кінә қасақана және абайсыз болып екіге бөлінеді. Қасақана жасалған құқық бұзушылық деп субъектінің өзінің іс-әрекетәнің қоғамға қауіпті, зиянды екенін біле тұра, оның зиянды зардаптарының болатынын біле тұра және сол зардаптардың туындауын тілеп істесе, немесе оған саналы түрде жол берсе, не оларға немқұрайлы қарағаның айтады.
Қасақаналық тікелей және жанама атты екі түрге бөлінеді.
Тікелей ниетте субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін, зиянды екенін біле тұра, оның зиянды зардаптарының болатынын білн тұра және сол зардаптардың туындауын тілеп істейді. Мысалы, адам басқа адамның басын балғамен ұрғанда оның әрекеті қауіпті екенін біле тұра, сол соққыдан адам өлімінің болатынын сезініп және өлуін тілеп істейді.
Жанама ниетте субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зиянд екенін білсе де, бірақ зардаптың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол береді немесе немқұрайлы қарайды. Мысалы, дәрігер 4 ай болған жүкті әйелге заңсыз аборт жасайды. Соның нәтижесінде әйел қаза табады. Бұл жерде дәрігер өзінің заңсыз әрекетінің қауіпті екенін біле тұра, оның өлуі мүмкін екенін болжай тұра сол әрекетке барады, бірақ әйелдің өлімін тілемейді, саналы түрде жол береді.
Теорияда ниеттің қалыптасу уақытына байланысты күні бұрын ойлаған ниет және кенеттен пайда болған ниет болып бөлінеді.
Күні бұрын ойлаған ниет құқық бұзушылық жасағанға дейін адам санасында пайда болған ниет. Мысалы, субъект адамды өлтіру үшін күні бұрын өлтірудің амалын ойлайды, жоспарын құрады, сәті түскен кезде өлтіреді. Теорияда бұл ниет өте қауіпті болып табылады.
Кенеттен пайда болған ниет арқылы жасаған құқық бұзушылыта субъект -өінің құқық бұзушылыққа бару ниетін аяқ астынан іс жүзіне асырады. Мысалы, сатушының алдындажатқан ақшаны көріп, ала қашады.
Сонымен қатар теория ниет айқын және айқын емес деп бөлінеді.
Айқын ниеттегі субъект өзінің іс-әрекетін қоғамға қауіпті, зиянды екенің біле тұрып, нақтылы зардаптың болуына өзінің әрекетінбағыттайды. Мысалы, петерден ұрлық жасағанда қылмыскер меншік иесінің мүлкіне қол сұғатынын жақсы біледі.
Айқын емес ниетті бар субъект қоғамға қауіпті зардаптардың болатынын біле тұрса да, өзінің ойында қандай нәтиже болатының көзіне елестете алмайды. Мысалы, екі құрылысшы ерегісіп қалып, біреуі төменде кетіп бара жатқанға кірпіш тастайды. Бұл әрекеттен кірпіш тастаған субъект оның не басына зақым келетінін немесе өлетінін білген, ниеті айқын емес.
Кінәнің екінші түрі-абайсыздық. ҚР-ның қылмыстық кодексі абайсыздықтың екі түрін көрсетеді. ыатап айтқанда 21-баптаы.
«1. Менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасаған әрекет абайсызда жасаған қылмыс деп саналады.
2. Егер адам өз іс-рекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілдікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
3. Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әректінің қоғамдық қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екенін болжап білмесе, жасаған қылмыс деп танылады». [2; 180]
Менмендікпен жасаған әрекетке мынадай мысал келтіруге болады. Жүргізуші автомобильді айдап келе жатып жылдамдығын арттыра түселі. Абайсызда көшені жүгіріп өтіп келе жатқан адам автомобильдің астына түсіп, қаза табады. Бұл жерде жүргізуші өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра жеңіл оймен, зардап болмас деп ойлайды. Себебі ол өзінің тәжірбиесіне, автомобильді жақсы меңгергеніне сенеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz