Индустриялық кәсіпорынның өндірістік ресурстары және оны тиімді пайдалануы
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Экономика және менеджмент кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Индустриялық кәсіпорынның өндірістік ресурстары және оны тиімді пайдалануы
Орындаған: ТТТ-41 топ
студенті Нуккалиев Н.
Тексерген: оқытушы Алатаев Е.С.
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Индустрияландыру теориясына жалпы түсінік
1.1 Қазақстан индустрияландыру кезеңінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қазақстанның индустрияландыру саясаты және индустриялық кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. Индустриялық кәсіпорынның өндірістік ресурстары
2.1. - Өнеркәсіптің индустриялық-инновациялық дамуын қалыптастыру ... ... ..14
2.2. Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру ... ...15
2.3 Индустриялық кәсіпорынның өндірістік ресурстары және оны тиімді пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Кiрiспе
Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.
Қазақстанды индустрияландыруға үлкен әрі нақтылы үлес қосуы жайында мәселе қоюы керек. Мемлекеттiк инвестициялық саясаттың индустриалды-инновациялық дамуға қатысты мақсаты қаржыландыру көзiн, жеке сектордың мемлекеттiң араласуынсыз шамасы келмейтiн салаларды инвестицияларды қолдау мен тартудың тиiстi тетiктерiн айқындау болып табылады. Мемлекеттiк инвестициялық саясатты жүргiзу шикiзаттық емес өндiрiстердi дамыту мақсатында жеке инвестицияларды ынталандыру және мемлекеттiк инвестицияларды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар кешенiнiң үйлесiмi болады.
Индустриалды-инновациялық даму саласында жүзеге асырылатын мемлекеттiк инвестициялардың көздерi республикалық және бюджет қаражаты, сондай-ақ мемлекет бақылауындағы кәсiпорындардың (дамудың мемлекеттiк қаржылық ұйымдары, ұлттық компаниялар, мемлекеттiк кәсiпорындар) қаражаты болады. Жер қойнауы инвестициялары жеке инвестицияларда айтарлықтай үлеске ие, олардың экономиканың басқа салаларын дамытуға мультипликативтi әсерi болар едi. Мұндай тиiмдiлiктi алу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiмшарт жасасу кезiнде инвесторлардың кiрiстерiнiң бiр бөлiгiн iлеспе қайта өңдеу өндiрiстерiн құру мен дамытуға салу, отандық өндiрушiлердiң жабдықтар мен қосалқы бөлшектер жеткiзiп беруiне тапсырыстар орналастыру жөнiндегi мiндеттемелерiн ескертiп айту керек. Қызметтiң басым түрлерiне тiкелей отандық және шетелдiк инвестициялар ағыны өсiмiнiң есебiнен ел экономикасын теңгермелi дамытуды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасына 2003-2005 жылдар кезеңiнде тiкелей инвестициялар тарту бағдарламасы әзiрленiп, оның негiзгi бағыттарының бiрi өңдеушi өнеркәсiптi дамыту болып табылады.
Алайда, өңдеушi өнеркәсiптiң, оның iшiнде инновациялық сектордың салалары жеке инвестор үшiн тартымсыз болып қалып отыр. Осыған орай өңдеушi өнеркәсiпке жеке инвестициялар тарту үшiн қолайлы инвестициялық жағдай жасау мемлекеттiң мiндетi болып табылады
Қазіргі кездегі негізгі мақсат жаңа инновациялық кәсіпорындардың жетіліп дамуына жағдай жасайтын, олардың бәсекеқабілеттілігін көтеретін нарықтық механизмдерді барынша дамытып, экономиканың шикізат өндіру бағытынан қосылған құны жоғары, сапалы дайын өнім өндіруге бет бұру. Ал шикізаттық емес салалардың қарқынды дамуы үшін салықты төмендету, ыңғайлы инвестициялық климат қалыптастыру, модернизациялық процестерді жеделдету, еңбек нарығын тиімді пайдалану керек.
Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді. 2000 жылдың басында негізі салынған индустриялық-инновациялық даму бағыты Қазақстан экономикасының негізгі тәуекелдерінің стратегиялық дұрыс екенін көрсетті: экономиканы әртараптандырудың және шикізатқа тәуелділіктен кетудің баламасыз бағыты таңдалды.
Бұл кезеңде индустрияландырудың базалық институционалдық негіздері:
1) экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ететін Ұлттық қор;
2) серпінді бағыттарды іске асыруға мемлекеттің әлеуетін шоғырландыратын Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ;
3) әртараптандыру процесін қамтамасыз ететін даму институттары;
4) мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы мен әрекеттерін үйлестіру үшін келіссөз алаңдары құрылды.

1.1 Қазақстан индустрияландыру кезеңінде
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.
1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.
Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.
Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.
Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. # Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр -- Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, Алтайполиметалл тресі, Атбасар түсті металдар тресі, Золоторуда тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, Южно-Урал-золото, Ақжал золото трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті.
Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін -- қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы -- Орынбор -- Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл - Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің Славгород -- Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе астық желілері жедел салынды. Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды.
Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты.
Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды.
Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.
Солай дегенмен де, бұл кенже қалған, революцияға дейінгі, отарлық деңгей болатын, ол Қазақстанның дамуына индустрияландыру жағдайында берік те дербес негіз бола алмас еді, ал жана экономикалық саясат жағдайында жұмыс істеген өнеркәсіп орындары мен теміржолдар техникалық жағынан артта қалушылық, өндірісте және азық-түлік пен шикізаттарды тасымалдау ісінің мейлінше ала-құлалығы, жол қатынастарының әлсіздігі, кейде заманға сай жол қатынастарының болмауы себептері нәтижесінде 20-жылдардың екінші жартысында -- 30-жылдарда Мәскеудің, Ленинградтың, Донбастың, Оралдың, КСРО-ның басқа да дамыған аймақтарының кәсіпорындары сияқты жергілікті индустрияландыру құралы бола алмады. Оның үстіне ескі кәсіпорындар мен теміржолдарды техникалық жағынан жаңғырту немесе оларды жаңадан салу бағытындағы алғашқы қадамдарға жергілікті тұртындар арасында білікті жұмысшылардын болмауы, ақшалай қаржының, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі т.б. тікелей кедергі болып отырды.
Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі ақтаңдақ денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған, - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс, - деп ерекше атап өтілді.
1.2 Қазақстанның индустрияландыру саясаты және индустриялық кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау
Біздің индустрияландыру әлемдік экономика дамуының бүгінгі үрдісіне сәйкес болуы тиіс. Жаңа индустрияландыру саясаты ауқымында мына басымдықтар белгіленді:
Бірінші. Бұл - агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу. 2015 жылға дейін экспорттың жалпы көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 8 пайызға жеткізу міндеті қойылып отыр. Аталған және басқа да жобалардың есебінен агроөнеркәсіп кешенінің жалпы қосылған құны таяу уақыттарда 16 пайызға дейін ұлғайтылып, 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылуы тиіс.
Екінші. Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту. 2015 жылға қарай ішкі өндіріс есебінен нарықтың 80 пайыздан астам қажетін қанағаттандыру көзделіп отыр. Құрылыс кешенінің жалпы қосылған құны кемінде 76 пайызға арттырылатын болады. Үшінші. Мұнай өңдеуді және мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамыту. 2014 жылға қарай отандық мұнай өңдеу зауыттары жоғары сапалы мұнай өнімдері - бензин мен авиакеросинге ішкі қажеттілікті толық қанағаттандыруы тиіс. Отын-энергетика кешеніндегі жалпы қосылған құн кемінде 30 пайызға артпақ.
Төртінші. Металлургияны және дайын металл өнімдері өндірісін дамыту. 2015 жылға қарай металлургия өнеркәсібінің өнімдері өндірісі мен экспорты көлемін екі есе арттыру міндеті қойылып отыр. Металлургия өнеркәсібінде тереңдете өңдеуді және жаңадан қайта бал-қыту есебінен жалпы қосылған құн кемінде 107 пайызға өсуі тиіс.
Бесінші. Химия, фармацевикалық және қорғаныс өнеркәсібін шапшаң дамыту. 2014 жылға дейін отандық өндіріс есебінен дәрілік препараттарды ішкі тұтыну 50 пайыздан асып түсуі қамтамасыз етілуі тиіс
Алтыншы. Бұл - таза энергетиканы қоса алғанда жалпы энергетиканы дамыту. Елдің электр энергиясы жөніндегі ағымдағы және келешектегі қажеттілігі жабылуы тиіс. 2015 жылға қарай экономиканың энергия сыйымдылығы 10 пайызға төмендеуі тиіс.
Жетінші. Көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту. Барлық инфрақұрылымдық салаларды дамыту жөніндегі жоспарларды жүзеге асыру жалпы қосылған құнның 63 пайыз өсімін қамтамасыз етуі тиіс. Ақырында, басымдық бағыттар бойынша барлық ресурстарды теңдестіре жұмылдыру экономикаға қосымша 7 триллион теңгеден астам жылдық қосымша құн жасауы тиіс.
Бизнесте ең нашар сан 1 саны болуы мүмкін Бір клиент, бір шот, бір жеткізуші, бір табыс көзі, бір өнім, бір қызмет түрі, бір нарық дегендей. Ал әртараптандыру - олардың көп болуын білдіреді. Оның кез келгенін ауыстыруға немесе жоғалтуға болады, бұл онша жанға батпайды.
Міне, нақ сондықтан да Қазақстан соңғы жылдары ұлттық экономиканы әртаптандыруға зор күш-жігер жұмсап келеді. Индустриялық-инновациялық жеделдете дамыту бағдарламасының да негізі осы, өйткені, ол түптеп келгенде, бізді мұнай кірісіне тәуелді болуымыздан құтқарады. Оны басқа салаларды дамыту есебінен ғана шешуге болады, ең бастысы - біз өнімдерді тереңдете өңдеуге бағытталуымыз қажет. Ал бұл үшін қайта жарақтану, өндіріске инновацияларды, технологиялар трансфертін енгізуіміз қажет. Ал - индустриялық-инновациялық даму жайына келетін болсақ, Қазақстан бұл орайда алғашқы қадамдар жасап үлгерді. Инновациялық инфрақұрылым құрылды: даму институттары жұмыс істеуде, атап айтқанда, Инновациялық қор, Технологиялар трансферті орталығы, Ғылым қоры, технопарктер.
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау макро және секторалдық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын қаржылық қолдаудың селективті шараларын және қаржылық емес қолдау шараларының құрастырылған пакетінің негізінде жүзеге асырылатын жобаларды іске асыру, қолайлы макроэкономикалық орта қалыптастыру; Бағдарламаны қолдаудың қаржылық құралдарын кеңейту; инфрақұрылымдық, ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету; бизнес-ортаны жақсарту; технологиялық жаңғырту, инновацияларды және ғылымды дамыту; тікелей инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау; тиімді сауда және тариф саясаты арқылы жүзеге асырылатын болады. Қаржылық қолдау жүйесі отандық өндірушілер үшін қаржы ресурстарының қол жетімділігін арттыруға, инвестициялық жобалардың қажеттіліктеріне, олардың өзін-өзі ақтауы мен рентабелділік көрсеткіштеріне сәйкес қаржыландырудың қолайлы шарттарын ұсынуға шоғырланады. Мемлекеттік қаржы ресурстары мемлекеттік және жеке меншік операторлар арқылы жіберілетін болады. Мемлекеттік сектордың операторларына мыналар жатады:
Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ, ҚазАгро ҰБХ АҚ, Қазақстанның Даму Банкі АҚ, БРК-Лизинг АҚ; Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ, Ұлттық инновациялық қор АҚ, Kazyna Capital Management АҚ, Қазагроқаржы АҚ, Аграрлық кредиттік корпорация АҚ, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы АҚ, Даму ШКДҚ АҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, Kaznex экспортты жылжыту корпорациясы АҚ, Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы АҚ және басқа да ұйымдар.
Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ, ҚазАгро ҰБХ АҚ, экономиканың отын-энергетика және металлургия салаларындағы ірі жүйе құраушы компаниялар, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашылары болады, шағын және орта кәсіпкерлік үшін жаңа бизнес мүмкіндіктерді мультипликациялаудағы олардың рөлі күшейеді. Бағдарлама шеңберінде ірі жүйе құраушы жеке меншік компаниялар және Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ, ҚазАгро ҰБХ АҚ мыналарды көздейді.
Жекелеген салалық саясаттарды іске асыру жөніндегі операторлар рөлін Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ-ның, ҚазАгро ҰБХ АҚ-ның орындауы;
- ірі инвестициялық жобаларды іске асыру;
- тауарларды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуда қазақстандық қамтуды ұлғайту;
- қазақстандық қамтуды дамыту шеңберінде шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларына қатысу;
- шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары бөліністі өндірістерді ұйымдастыруы мақсатында өнімдердің бір бөлігін ішкі нарыққа жеткізу;
- жаңадан құрылып жатқан ірі өндірістер төңірегінде шағын және орта бизнестің кластерлік-желілік құрылымдарын қалыптастыру;
- шағын және орта бизнеске негізгі емес бизнес-функциялардың бір бөлігін беру;
- бейінді емес активтерді шығару жөніндегі саясатты ынталандыру.
Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ мен оның еншілес ұйымдарының рөліне сәйкес индустрияландыру саясатын іске асыруда оның активтері өздерінің салалық тиістілігі мен функционалдық сипаттамаларына сәйкес қайта топтастырылады және шоғырландырылатын болады:
Өнеркәсіптік топ: Қазақстан экономикасының кен өндірісі секторын қолдау әрі дамыту және өңдеуді дамыту мен өңдеуші ілеспе секторды ынталандыра отырып, шикізаттық өндірістердің жоғары бөлініске өтуі.
Инфрақұрылымдық топ: Индустрияландыру процесін қамтамасыз ететін стратегиялық көлік, коммуникация және энергетика инфрақұрылымын дамыту.
Қаржы тобы: Экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және іске асыруды қамтамасыз ету.
Экономикаға ішкі көздерден және шетелдік инвестициялардан жеке меншік инвестицияларды тартуға жәрдемдесу.
Қазақстанның Даму банкі АҚ қаржыландыру жеңілдіктерін ұсынуы, сондай-ақ Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының жобаларға үлестік қатысуы ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың негізгі құралы болып табылады.
ҚазАгро ҰБХ АҚ-ның рөлі қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын кеңейту жолымен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға сайып келеді.
Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ, ҚазАгро ҰБХ АҚ үшін экономикаға инвестиция тарту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер айқындалады.Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың инвестициялық саясаты, олардың қаржы ресурстарын тартуы және бөлуі индустрияландыру саясатымен үйлестірілетін болады. Осы мақсатта тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджет өлшемдерін ескере отырып, ұлттық басқарушы холдингтер мен ұлттық холдингтердің және мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларының жобалары мен бюджеттерінің болжамды өлшемдерін республикалық бюджет комиссиясының қарауы және мақұлдауы көзделіп отыр.
Жеке меншік операторларға мыналар жатады: екінші деңгейдегі банктер, халықаралық даму институттары, лизингтік компаниялар, инвестициялық компаниялар және қаржыландырушы басқа да ұйымдар. Бұл ретте, жеке меншік операторларды іріктеу өлшемі қоғамдастық үшін анық әрі ашық болады және қатысатын барлық әлеуетті қатысушылардың жобаны іске асыруға тең (кемсітушіліксіз) қол жеткізуін қамтамасыз етуі тиіс. Өлшемдері мен тәртібін Үкімет айқындайтын болады. Мемлекеттік сектор операторларының инвестициялық саясаты мен басымдықтары индустриялық даму қажеттіліктеріне шоғырландырылып, бағытталатын болады.
Мемлекеттік қаржылық қолдау шарттары мынадай шарттар ескеріле отырып, Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес берілетін болады:
- сыйақы ставкалары - сыйақы ставкаларын саладағы инвестициялардың орташа салалық рентабелділігі мен өзін-өзі ақтауын ескере отырып, нарықтық деңгейден төмен деңгейге дейін азайту жөнінде шаралар қабылданатын болады;
- мерзімдер - жобалардың тиісінше өзін-өзі ақтауына және қаражаттың қайтарылуына қол жеткізу мақсатында қаржыландыру мерзімдерін ұзартуға назар аударылатын болады;
- қаржыландыру өлшемдері - осы Бағдарламаның және басқа да бағдарламалық құжаттардың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес әзірленетін болады;
- қаржыландыру лимиттері - салалық бағытталуды және шаруашылық қызмет субъектілерінің (ірі, орта және шағын бизнес) мөлшерін ескере отырып белгіленетін болады.
Кәсіпорындар мен инвестициялық жобаларды қаржыландыру, мемлекеттің жобалардағы қатысу үлесін, операторлар мен қолдау құралдарын айқындау, сондай-ақ жеке меншік қаржы секторын тарту үшін республикалық және өңірлік деңгейде қолдаудың тиісті бюджеттік бағдарламалары қалыптастырылатын болады.
Қол жеткізілуі тиіс нысаналы көрсеткіштер, орындау мониторингінің алгоритмі, сондай-ақ көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау әдістемесі және бөлінген қаржы ресурстарының мақсатты пайдаланылуын бақылау тетіктері бекітілетін болады.
Мемлекеттік қолдау - өнеркәсіптік саясаттың негізгі құралы. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі тек қана экономикалық орта ғана емес, құқықтық және ұйымдастыру орталарын да қалыптастырады.
Өнеркәсіптік саясатты жүргізуде оған белсенді қатысушы кәсіпорындар мемлекеттік көмектің мынадай бағыттары мен нысандары қолданылады:
- тікелей әсер ететін заң нормативтік актілерде белгіленгендей шаруашылық субъектілердің өмір сүруін ұйымдастыру экономикалық және құқықтық ортаны жақсарту шаралары;
- қаржы, валюта, несие, банк, инвестиция және салықтық-баж төлеу сферасындағы шаралар жүйесі.
Мұндай шаралар кәсіпорындар мен мемлекеттің мүдделеріне жауап беретін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Ішкі нарықта отандық тауар өндірушілерді қорғау, жеке алғанда шетелдік фирмалардың агрессивті бәсекесінен қорғау, сыртқы нарықта тауарларды жылжытуға көмектесу, шетелдік серіктестермен кәсіпорындардың байланысын нығайту, қауымдастықтың жаңаша кешенді түрлерін құру, шағын кәсіпкерлікті құру мұның бәрін мемлекеттің және оның қолдауынсыз жүзеге асуы мүмкін емес.
Мемлекет өндірістік кәсіпорындардың дамуын және ұлттық экономиканы басқару функциясын жүзеге асыруда көп бағытты, жан-жақты жалпы мемлекеттік макроэкономикалық саясат жүргізеді. Оның құрамына институционалды саясат, яғни жаңарту немесе ескі экономикалық институттарды жойып, орнына жаңаларын құру жатады. Құрылымдық- инвестициялық және өнеркәсіптік саясат - өнім өндірушілерге мемлекеттік жәрдем көрсету, ресурстарды қайта бөлуді салалар бойынша емес, мақсатты бағдарламаларға сәйкес ерекше белгілері мен сұранысқа байланысты бөлу және т. б. жатады. Кейбір ғалымдардың айтуынша, өнеркәсіптік саясат - әлемдік шаруашылық байланыстар нұсқаларын ескере отырып, дамудың нақты мүмкіндіктерін талдау негізінде нақты мақсаттарды анықтау, дамудың басымдылықтар жүйесін бекіту, басымдылықтарды жүзеге асыру механизмдерін анықтау болып саналады. Өнеркәсіптік саясаттың стратегиясын жасауда басқа елдердің тәжірибесін қолдану керек. Мысалы, ол Жапонияда ұлттық өндірісті күшейтумен байланыстырылған экономиканың ашықтығын реттеумен анықталады:
- өндірістік құралдарды кезең-кезеңмен жаңғырту;
- басым бағыттарға байланысты технология деңгейін көтеру;
- экономиканы нарық рельсіне түсіру және экономиканы тұрақтандыру жөнінде шаралар әзірлеу.
Осыған орай, отандық экономиканы, соның ішінде өнеркәсіпті дамытуда ерекше жағдайдың бар екендігін айта кеткен жөн. Мысалы, табиғат ресурстарының молдығы, өнеркәсіптің кейбір салаларында ғылыми-техникалық әлеуеттің жоғары деңгейде сақталып қалуы. Қаржы саясатында - ұйымдастыру-институционалды жаңартуларға байланысты перспективаға бағдарламалар жасау қажет. Әлеуметтік саясатқа - өмір сүруі төмен халықтың әлеуметтік жағынан қорғау, олардың мүддесіне сәйкес келетін басқару шаралар кешенін әзірлеу жатады. Өнеркәсіптік саясаттың құралдар жиынтығына мемлекеттік тапсырыстар, жеңілдігі бар салықтар мен субсидиялар, экспортты қолдау жөніндегі шаралар, импортты шектеулер, кедендік баждар, бәсекеге қабілетті қаржы-өндірістік құрылымды қалыптастыру үшін және шетел өндірістік инвестицияларын елге тарту үшін ынталандыру тетіктері қажет. Қазақстан өнеркәсібін дамытудың басты бағытына ішкі тұтыну нарығын бәсекеге қабілеті жоғары отандық тауарлармен толықтыру мақсатында импорттық тауарларды ығыстыру көлемін 15-20 %-ға дейін төмендету болып отыр. Осыған байланысты өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтеруді басқарудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлеу,оның тиімді жұмыс істеу әсерінен экономикада оң нәтижелерге жетудің мүмкіндіктерін анықтау .

2.1. - Өнеркәсіптің индустриялық-инновациялық дамуын қалыптастыру
Өнеркәсіптің индустриялық-инновациялық дамуын қалыптастыратын құрылымға:
- индустриялық-инновациялық дамудың экономикалық тетіктер жүйесіне - салық саясаты- ғылыми шығындарын үнемі арттырып отыратын субъектілер үшін, жаңа технологияны игеруші шағын және орта бизнес үшін салық жеңілдіктерін бекіту, белгілі бір мерзімге венчурлық бизнесті салықтан толық босату; инновациялық қызметтің қаржы-несиелік механизмі ;
- жеңілдік несиелер беру, жеңілдетілген амортизациялар; жаңа технологиялар нарығын дамыту - технологияны сатып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz