Ізгілік ұғымын дамытудағы ғалымдар көзқарастарының рөлі



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Ізгілік ұғымын дамытудағы ғалымдар көзқарастарының рөлі

Орындаған: Қожағалиева Гүлмира
Тексерген:

Орал, 2014
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Ізгілік ұғымына жалпы түсінік
1.1. Ізгілік идеясы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Рухани ізгілік, өзін-өзі бағалау және ізгілік сапалары ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ. Ізгілік ұғымын қалыптастырудағы ғалымдар көзқарастарының рөлі
2.1. Жүсіп Баласағұнның шығармаларындағы ізгілікті дәріптеу ... ... ... .12
2.2. Ізгілік пен мейірбандық принциптері туралы ғалымдар көзқарасы.18

ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Ізгілік - адамгершіліктің белгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.2. Ізгілікті қарым-қатынас мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беру адамгершілікке жетелейді. Кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып, ұяттылық, әдептілік, имандылық, көрегенділік, мейірімділік, шарапаттылық ізетпен ілтипат танытып отыру - әдеп нормалары, ұлттық тәлімнің ең көкейтестісі. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі от басы, ошақ қасында басталады. Ел боламын десең бесігіңді түзе деген қазақ атамыз. Жастарға рухани тәрбие беру құндылықтары - ар ұят, адамгершілік, адамдық қасиеттерді ардақтау және сақтау.
Әрбір адамның болашағы балалық және жастық шағындағы көргендері мен алған әсеріне тікелей байланысты.Жастар адамның рухын шыңдап, жігер беретін ортада ақыл-ойы ұшқыр, көргенді боп өседі. Ізгілік - адамдықтың негізі, әрі адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы.
Құт пен ізгілік - егіз ұғым. Құт пен бақтың бір жерде тұрақтамай, көшіп-қонған кезбе күйі заманына, адамына қарай қалыптасқан салыстырмалы, шартты түсінік. Көрген көз, естіген құлақ сөйтіп түйін түйген танымда жазық жоқ. Адамдық қасиет пен тірліктің шыңына шығып, басындағы бағын мәңгілік еткен адам аз. Содан да құт пен бақ өзіне жайлы орын таппай, ізгілік іздеп, шарқ ұрып кезбе атанған. Ал ізгілік-мәңгілік кепілі.
Ізгілік (латынша Нumanitas -- адам табиғаты) -- адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды. Қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардын арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы.
Сократ өзін-өзі тануды барлық ізгіліктердің алғышарты деп санаған, Лессинг өзін-өзі тануды ізгіліктің орталығы десе, Кант оны барлық адамдық даналықтың басы деп санайды.

І. Ізгілік ұғымына жалпы түсінік
1.1. Ізгілік идеясы
Ізгілік -- әдеп санаты; адамның қоғамдық және жеке өміріндегі құбылыстардың мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мәнін бейнелейді, моральдық-қоғамдық сананың неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі. Ізгілікке қарама-қарсы ұғым -- зұлымдық. Нақ ненің бағамдалып отырғанына (жеке адамның қылығы, моральдық сапасы, адамдардың қарым-қатынастары не әлеуметтік қызметі) орай, ізгілік неғұрлым нақты ұғым нысанын алады -- жақсылық, қайырымдылық, әділеттілік және т.б. Әдеттегі ұғынуда ізгілік ұғымының мазмұны моральдық құбылыстарға қоса басқа да жағымды құндылықтарды қамтиды; бұлар игілікпен теңдестіріліп, жағымдыны, пайдалыны, белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделеріне сай келетін мақсатқа лайықтыны білдіреді. Бірсыпыра жағдайларда жеке және жалпы мүшелерді қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылдар арасындағы, өткінші жағдайлардың ықпалымен жасалған бағамдаулар мен жалпы адамзаттық негізі бар пайымдаулар арасындағы, субъективтік тілектерден не сол сәттегі көкейкесті қажеттіліктерден туындаған шешімдер мен мұрат жолындағы құлшыныстан туыңдаған шешімдер арасындағы шектерді дұрыс анықтау қиынға соғады. Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді. Ізгілікті бұлайша ұғыну -- мұратқа ұмтылған адамның өз нәпсілерінен, материалдық мұқтаждықтан, жеке адамға жасалатын топтық және қоғамдық қысымнан тәуелсіз болуына себептесіп, ізгіліктің тарихи және жағдаяттық нақтылықтарына гуманистік тиянақтылық береді. Идеяда ізгілік адамның кемелділікке құлшынысын бейнелейді. Ізгілік зұлымдыққа антитеза ретінде ұсынылғанда жеке тұлғаның іс-әрекетінде, қасиеттерінде бейнеленеді. Зұлымдыққа қарсы қойылғанда ізгіліктің мазмұны іс жүзіндегі бағыттылыққа ие болады. Адам ізгілікті таңдағанда зұлымдыққа қатысып анықтап алуға, оны жою қажеттігін, ізгілік пен зұлымдықтың осы қарама-қарсылығын туғызған себептерді жеңу керектігін ұғынуға тиіс. Ізгілік идеясы зұлымдыққа қарама- қарсы болғандықтан ғана емес, адамның басқа алдындағы және өзінің алдындағы міндеттері жүзеге асырылғанда өзінің әлеуметтік нақты мәніне ие болады. Ізгілік пен парыздың қатынасы проблемасьін сонау классикалық философия қойған болатын. Бұл ұғымдар идеялық түрде адамдардың мінез-құлқын реттеу амалдарының әр алуан, өзара тәуелді сәттерін бейнелейді. Ізгілік мақсат ретінде адамдардың мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасайды да, осы арқылы әлеуметтік талап, міндеткерлік түрінде көрінеді.
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, ізгілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзін- өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы ізгіліктің қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт- дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол ізгілікті ,қайырымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, ізгілікке баулу ізгілік тәрбиесінің жемісі. Ал, ізгілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, ізгілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.
Ізгілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы ізгілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбилеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіе қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызының Өзін-өзі тану рухани-ізгілік білім жобасы біздің балабақшада эксперименттік пән ретінде жүргізілді. Өзін-өзі тану пәнінің басты мақсаты-адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-ізгілік тәрбие беру. Өзін-өзі тану пәні - баланы жастайынан Отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді. Халық педаогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері,ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері ізгілік ниеттерге баулиды. Олай болса, ізгілік тәрбие беру кілті- халық педагогикасында деуге болады.
Мақыш туындыларында ізгілік, ағартушылық, демократтық пікір басымдығын және қазақтың төңкеріске дейінгі діншіл ақын-жазушыларынан реалистік бағытқа бірталай көтерілген сыншыл реализмге жақын келген осы - Мақыш Қалтаев деуге болады дейді ғалым.
Ізгілік ілімінің шешімдеріне қарсы келмейтін, қайта оны мейлінше аялап дәріптейтін адамтану өнері (Белинский) атанған көркем әдебиетке ғылыми негізде барлау жүргізу, зерттеу көзіне айналдыру - бұл жұмыстың негізгі мәні болса, сөз өнерінің сарасы - өлеңге, сезім сыры - лирика әлеміне көз тастау - тақырып зәрулігін, өзектілігін тереңдете түседі.
Абай рухани әлемнің мазмұны ізгілік туралыөз формуласын ұсынған. Адамзаттың бәрін сүйбауырым деп - бұл күллі адам баласы тәжірибеде қолыжете алмай отырған биік мақсат. Бұл Біріккен ҰлттарҰйымының кіреберісіндегі маңдайшасына жазылыпқойылатын сөз. Әлі оған да жетерміз. Осы биік мақсаттыорындау үшін қандай міндеттер атқарылуы керек?
Абай ізгілікті әр адамның жеке түсінігінен іздейді.Жалған өмірде мағмұрлық жеңіп кеткенде, адамға желікпайда болады. Шәкәрім айтқандай билік пен байлықадамзатты мас қылады. Сондай жағдайға түскен жанғақарата Абай былай дейді: Алды үміт, арты өкініш,алдамшы өмір, желігін жерге тығар кісің бар ма?.Қандай адамның болмасын желігі жерге тығылған, оданқашып құтылған жан жоқ. Сондықтан Абай әркімгеқарата тағы да былай деген: Қай қызығы татиды қуөмірдің, татуды араз, жақынды жат қыларға. Әрине, қуөмірдің еш қызығы бұған татымайды. Тату болу, бауырболу, жақыныңды жат қылмау бұл оның рухани өсиеті.

1.2. Рухани ізгілік, өзін-өзі бағалау және ізгілік сапалары
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және ізгілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-ізгілік тәрбие -- бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның ізгілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы ізгілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа... Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға -- деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер ізгілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау ізгіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Ізгілік -адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Ізгілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Ізгілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Ізгілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, ізгілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Ізгілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына ізгілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Ізгілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Ізгіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам ізгілікті күнделікті тұрмыс -- тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады, -- дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне ізгіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы -- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі -- келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени -- ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу -- біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Мектепке дейінгі ізгілік тәрбие -- балалардың ізгілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, ізгілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық ізгілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.
Жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру болып отыр. Бұрынғы кезде білім беру саласында білімнің сапасына үлкен мән берілсе, бүгінгі күні білім сапасымен бірге оқушының рухани, ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде. Сабақ барысында ұсынылып отырған тақырыбымыздың бірі - адамгершілікке баулу. Баланың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіру - өміріміздің мәні, сәні, салтанаты, мархабаты, мәртебесі. Өйткені, баланың әдепті өсуі, ұядан көрген тәрбиесімен қоса, мектептен алған тәрбиесіне де байланысты.

Жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру болып отыр. Бұрынғы кезде білім беру саласында білімнің сапасына үлкен мән берілсе, бүгінгі күні білім сапасымен бірге оқушының рухани, ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде. Сабақ барысында ұсынылып отырған тақырыбымыздың бірі - адамгершілікке баулу. Баланың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіру - өміріміздің мәні, сәні, салтанаты, мархабаты, мәртебесі. Өйткені, баланың әдепті өсуі, ұядан көрген тәрбиесімен қоса, мектептен алған тәрбиесіне де байланысты.
Халықтың әріден келе жатқан тәлім-тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізіп отырған жандардың бірі - тәрбиешілер қауымы. Мектеп-интернатымыздың балалары көп уақытын үйден тыс, яғни мектепте өткізеді, сондықтан да зағип жанды балаларымызды ізгілік, кішіпейілділік, адамгершілік қасиеттерге баулитынымыз анық. Жақсы-жаман әрекеттерді ажырата білуге үйретеміз.
Мектеп-интернатымыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларымызды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогиканы, қашан да халық тәрбиесін үлгі етіп ұстаймыз. Ал, адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы - осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаларымыздың бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік іргетасын қалағанымыз.
Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені, адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Зағип жанды балаларымыздың мінез-құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін құдіретті қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі болып табылады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде алдыма қойған мақсатымның бірі - қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. "Біз тәрбиелеп отырған ұлдарымыз бен қыздарымыздың өмірі жарқын, болашағы айқын болсын!" дегім келеді. "Біздің мәпелеген талымыз түзу өссін!" - деп, ақын ағаларымыздың өлеңдерімен қорытындылаймын:
Адам бол, адам,
Адам бол, адам!
Адам - әлем бөлшегі,
Адам бол, адам!
Сұлу бол, адам,
Жылу бол, адам!
Биікте бол, адам,
Сүйікті бол, адам!
(Ж.Молдағалиев).
Адам - ғалам ғажайып, жеке-дара,
Жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді-өзің танысаң, істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
(Ақжан Әл-Машани).

ІІ. Ізгілік ұғымын қалыптастырудағы ғалымдар көзқарастарының рөлі
2.1. Жүсіп Баласағұнның шығармаларындағы ізгілікті дәріптеу
Жүсіп Баласағұн таныған кісіге түпкі ой-арманы ізгілік екенін байқатады. Ізгілікті дәріптеу арқылы екі ақын түпкі ой-армандарын табыстырады.Ізгілікті дәріптеп, марапаттауға екі ақын өзіндік таным, қабылдауларын қолданған. Құтты білік дастанының мазмұны соншалық бай әрі ауқымды. Жүсіп Баласағұн адамдық әлемді мүсіндеуге әр қырынан келеді. Сөйтсе де әртүрлі тақырыптар бір ғана ізгіліктің қыр-сыры мен құдіретін ашып,танытуға жұмсалады. Дастанның аты Құтты білік болса, сол құтпен бақты табатын білік - ізгілік. Әр түрлі астарлы ойлар мен түсінігі тереңге тартып кететін түрлі таным тарауларын таратып бақсақ,тағы да сол ізгіліктің қасиетін тани түсеміз. Ізгілік - Ж. Баласағұнның ең басты айтар ойы.
Ізгілік Ж. Баласағұнның ең басты айтар ойы екенін айттық. Осы ізгілік туралы айтуды ақындағы ізгілікке құштарлық пен ізгілікке іңкәрліктен бастаған жөн. Әрбір кейіпкер өз аты мен затына айналған ұғым,қасиетті таныту қамында көрінеді. Айтолды - құт-береке, бақтың көрінісі. Оқиға мен әңгіме-сұхбаттың басталар тұсында Айтолды тірлігі тақуалыққа жақын еді.
466. Бірде өзін-өзі сөгіп қамыққан;
Өнерім-мың,қалдым оқшау халықтан!
Неге мұнда бекер жүріп қурайын...
Оның бетін бұл өмірдің ісіне қаратқан - Қүнтуды бектің ізгілігі. Құт-береке, бақ бейнесіндегі Айтолдыны тәнті еткен бек сарайы емес, оның ізгілігі.
487. Келіп жетті Елік тұрған ордаға,
Ақыл-ділі күткен тілек орнына.
528. Есігіне табынғалы келдім мен,
Қызметіне өзімді арнап бергім кеп.
Дастандағы ізгілікке құштарлықтың басы осы. Халықтың соншалық құдіретті, киелі көретін құт-береке, бағы - ізгіліктің құлы екен.
590. Қызметшімін, босаға-орным,атым-құл,
Ісім - қызмет, кісілікке жақынмын.
Күнтуды бек - ізгілік жолында жүрген адам. Айтолды да бек бейнесіндегі ізгілікке құштар. Айтолдының Күнтуды бекке көрсеткен қызмет, ықыласты көңілінен құт-берекенің ізгілікке қонатынын ұғамыз. Күнтуды бек те Айтолды мен оның туыстарын ізгілікті құрайтын адамгершілік асыл қасиеттері үшін қадірлейді. Әңгіме-сұхбат барысында да ізгілікке іңкәрлік жиі айтылады.
1985.Ізгі жүрек ізгілікке бұлқынар,
Асыл текті тазалыққа ынтызар.
3270. Ізгілікке іңкәр адам баласы,
Ардақтаймын,болса кісі сарасы.
5705. Кісі көңілі ізгілікті ұнатар,
Үмітпенен өзін-өзі жұбатар.
Дастанның құрылымында символдық сипат ерекше орын алады. Әділет бейнесіндегі Күнтуды - ізгіліктің сақшысы. Оның бек, Елік сипатында келуі құт-береке, ақыл-ой, қанағат-рақымның ізгілікке кіріптар, ізгілікке құштар екенін көрсетеді. Ақын ізгілікті бек бейнесінде алу арқылы оның мәртебесін биік етіп отыр. Дастандағы ізгіліктің қадір-қасиетін танытар көркемдік бір дәлел осы.
939. Жерді өпті де, Айтолды түрегелді,
- Әділ төре өзіңсің, демер елді!
Ұлық болдың - жасың ұзақ болғай-ды,
Ізгіліксің- басың есен болғай-ды.
Ізгілік пен бек бір-бірінен туындап,бірінен екіншісі танылатын туыс ұғымдар. Күнтуды бек әрбір іс-әрекеті, ой-ниеті, сөзімен ізгілікті танытады. Сондықтан да бекке көрсетілген көл-көсір құрмет, риясыз көңілден ізгілікке деген сүйіспеншілікті ұғамыз. Ақын қолданған көркемдік әдістің шешімі осы. Ізгіліктің бек бейнесінде келуі - сол кездегі үш ірі танымның тоғысып, түйінделген тұсы. Шариғатты ұстанған ислам дінінде патша Құдайдың көлеңкесі саналады. Құдайдың көп есімінің басым көпшілігі рақымды, сүюші, қамқор, ізгі дегенге саяды. Сопылық танымда да жүректің, сүюдің қасиеті ерекше көрінеді. Сүю - ізгіліктің белгісі. Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ин- Сина, Ибн-Рушди еңбектерімен байланысты көрінетін ғылыми таным да жан сырына үңілу арқылы негізінен ізгілікті насихаттайды. Жалпы Күнтуды бек -
ізгілік мәселесі-өз алдына әңгіме етуге лайық тақырып. Әзіргі мақсатымыз - ізгілік туралы сөзімізде оның бекке таңылуын, бек сипатында келуін көрсету.
1982. Ізгі құлық-бектің нәсіп, киімі.
2992. Бек сарайы-адамдықтың сарайы.
Атын сақта! Қылық етпей анайы...
3458. Ізгі сұлтан, Елік бір пейілді жан,
Елге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ поэзиясының адамгершілік, ізгілік дамытудағы рөлі
Арнайы педагогика және қазіргі гуманистикалық білім беру жүйелері
Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі
Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Осыдан былай қарай, имандылық тәрбиесі жөнінде
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнын жаңғыртудың теориялық-әдіснамалық негізі (көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі жағдайында
Жаратылыстану оқу бағдарламасы мен оқулығының мазмұнындағы ерекшеліктерді анықтау және тиімді оқыту әдістерінің әдістемелік негізін ұсыну
Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары
Этнос және ұлт
Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас
Пәндер