БҚО, Жәнібек ауданының Жасұлан ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы техникалық университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«БҚО, Жәнібек ауданының «Жасұлан» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

Анықтаулар . . . 6

Қысқартылған сөздер және белгілер . . . 8

1. Әдебиетке шолу . . . 9

2. Негізгі бөлім

2. 1 БҚО, Жәнібек ауданының жалпы сипаттамасы . . . 15

2. 2 БҚО, Жәнібек ауданының «Жасұлан» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау . . . 17

3. Қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау

3. 1 Қоршаған ортаны қорғау . . . 29

3. 2 Еңбек қорғау . . . 32

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 35


КІРІСПЕ

Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық жағдайлары айқындайды. Оқулықта автор республиканың ғалымдардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың жер қатынастарының көне заманнан бастап Ресейге қосылғанға дейінгі дамуын сараптады. Ұзақ мерзім бойы жерге (жайылымдарға және шабындыктарға) феодалдық жеке және феодалдық-рулық (тумалық) меншік формалары дамыды, ал суармалы егістік жер учаскелеріне (егіншілік оазистерде, оңтүстік аумақтарда) көне заманнан бері жеке меншік орнатылған.

Жер реформасының дамуы жағдайында республикада жер ресурстарын басқарудың жаңа жүйесін кұру өте қажет. Кәзіргі уақытта барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын Республикалық жер ресурстарын баскару агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру жер катынастарын өзгертудің мемлекеттік басты құралы болып саналады, бірақ профессор Ж. Т. Сейфуллин енбектерінде көрсеткендей, реформа жағдайында оның функциялары мен жүргізу әдістері өзгерді.

Жер ресурстарын басқарудың жаңа жүйесінің негізі болып Қазақстанның мемлекеттік жер кадастры саналады. Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда көп функционалдық, ғылыми-техникалық және ақпараттық жүйе болып қалыптасып келеді. Жер кадастрының ішінде үш блок қалыптасты - құқықтық, қаржылық және көп функционалдық. Ал көп функционалдық кадастрдың атқарушы, орталық негізі - автоматтандырылған ақпараттық жүйе, бұл жүйе республикалық жер туралы ақпараттық банк рөлін атқарады.

Сондықтан, жер кадастрының жаңа жүйесі негіздерін ғылыми дәлелдеп көрсеткен оқулық жоғары және орта оқу орындары студенттеріне, мұғалімдерге және жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесі, жергілікті атқару органдары мамандарына керекті құрал болады деп сенеміз.

Жер кадастр - мемлекеттің устаған жерлердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүесі, жер қатынастарды реттеуге усынылған, жерлердің қуқықтық, шаруашылықтық және табиғаттық жағдайы /техникалық, экономикалық және қуқықтық жағдайы туралы сүреттеме/ туралы ақпаратты қурайды. Жер кадастрдың қурулуының мақсаты жоғары акімшіліктерді, жылжымайтын мүліктін және жер учаскелердің нарығын жерлер туралы толық ақпаратпен камтамасутыру, нарықтық қатынастарды жетілдіру және өркендету, бюджетке түсімді көбейту. Мемлекеттік жер кадастрырдың жүргізүі топография-геодезиялық, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық және де басқа изденістер мен зерттеулердің мәліметтері мен негізделеді.

Жер кадастр - жерге орналастыру және кадастр мамандықттарың басты фундаментальдық ғылымі-техникалық пәні болады, онда мынадай сурақтар қаралады:

-Жер кадастрдың және жылжымайтын мүліктін қуруының және жүргізуын теориялық негіздері, бул пәннің басқа ғылымның салаларымен байланысы, республиканың жер қорының сипаттамасы; жер және қалалық кадастрдың жоспарлау және үйымдастыру принциптері; қала, аудан, елді мекендердің шеғарасы ішінде жер учаскелердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүйесі;

-Мемлекеттік, коммерциялық мекемелерге және азаматтарға жерлерді мемлекеттік тарапынан берудің тәртібі және керекті қужаттардың қурамы; - кадастрлық есептілік объектілерін шығару принциптері;

-Қалалардың және басқа елді мекендердің шекарасын орнату, тарихтық, табиғаттық қорғау режимдерін сақтау үшін бөлінген жерлердің шекарасын орнату тәртібі, принциптері және эдісі;

-Жерлер мен жылжымайтын мүліктерді бағалау әдісі және оған қужаттарды дайындау тәртібі.

Жер тек өндіріске тартылғанда ғана өндіріс құралы бола алады. Ол әрқашанда еңбек, су және басқа биоклиматтық ресурстармен пайдаланылады.

Ал, ауыл шаруашылығын алсақ бұл процесс табиғаттың ұдайы өндіріс процесімен аралас, ал, нәтижесі болса биоклиматтық ресурстардың, алдымен жердің, әсіресе, оның құнарлы қабатының күйімен байланысты.

Қазіргі кезде академик З. Д. Дүйсенбеков, профессор, Подольский Л. И. басшылығымен жер бағасын анықтау әдістері және республикамыздың әр аумағында әр түрлі санаттардағы жерлердің бағасы бойынша ұсыныстарды зерттеулер жетілдіру үстінде. Сонда да қазіргі қолданыстағы әдістемелер жерді нарық айналымына түсуге мүмкіндік беріпотырған жоқ . Бұл әдістемелер тек ауыл шаруашылық арналуындағы жерлерді бағалауға бағытталған. Ал басқа санаттардағы жерлерге бұл әдістемені қолданудың реті келмейді. Л. И. Подольскийдің ойынша жерді бағалау әдісі, бағыты қоғамның даму деңгейіне, жер ресурстарын жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің пайдалану сипатына, олардың қажеттілігіне тәуелді. Сондықтан осы кезде әр түрлі мақсаттар үшін бірыңғай жерді бағалау әдісі жоқ .

Жерлерді бағалау, Қазақстан жер ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын және әдістерін зерттеу мәселелері ҚР ҰҒА академиктері Қалиев Г. А., Куатов Р. И., Сағадиев К. Ә., Дүйсенбеков З. Д., ҚР ҰҒА корреспондент мүшелері Сатыбалдин А. А., Григорук В. В., ғылым докторлары Гендельман М. А., Сигарев М. И., Спектор М. И., Ткачук С. А., және т. б. ғылыми жұмыстарында келтірілген. Осы еңбектердің нәтижелері қазіргі уақытта да пайдалануда. Мемлекеттік жерге орналастыру және жер қатынастарының ғылыми- өндірісінде орындалған жерді бағалау жұмыстары нәтижелері негізінде мемлекеттің пайдалануға берілген жерді сатып алу төлемінің базистік ставкалары ұсынылған. Олар жер салығының ставкасы негізіне алынған.

Қазақстанда жерлерді бағалау жұмыстары «жерлерді бағалаудың бүкіл одақтық әдістемесіне» және «жерді бағалауды жүргізу тәртібі» туралы нұсқауларға сәйкес жүргізіледі. Мұнда Қазақстанның және басқа да мемлекеттердегі жер кадастрының даму тарихы, жерді есепке алу, жерді бағалау және жер салығын салу жұмыстарының негізі, мемлекеттік жер кадастрының басқа пәндермен және ғылым салаларымен байланысы қарастырылады.

Жер сапасы дегеніміз - шаруашылышылықтың өнімділігінің ең басты негізгі факторы десек болады. Сондықтан щаруа қожалығының құжатарының басты бөлігіне топырақтың құнарлы сатысы, бал бонитетімен көрсетілуі керек. Бұл тек табиғи жағдайын ғана емес, экономикалық факторларының көрсеткіші болып келеді. Дәл осы екі фактор арқылы жер өнімділігін, өнім көлемін анықтауға және жоғары өнім алуға болады. Негізгі топтама бал бонитеті мен егістік көлемінің орташа салмағын қарастыруды қадағалау болады. күлі шаруашылық бойынша.

Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармен қатар топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақ геоботаникалық және басқа да зерттеу іздестіру жұмыстары жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау жерді бағалау жұмыстарын орындау жатады.

Зерттеудің объектісі: БҚО, Жәнібек ауданының «Жасұлан» ЖШС

Зерттеудің мақсаты: БҚО, Жәнібек ауданының «Жасұлан» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау.

Зерттеудің міндеттері :

Зерттеу жұмысының құрылымы : кіріспеден, 3 бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Анықтаулар

Жер - Қазақстан Республикасының егеменділігі белгіленетін шекті аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келгкен еңбек паоцесінің аумақтық негізі;

Төлемақының базалық ставкасы - Мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатқан кезе оның кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға арналған жер учаскесінің нормативтік бағасы;

Уақытша жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар;

Мемлекеттік жер пайдаланушылар - мемлекеттік республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар;

Жер үлесі - жер учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа тұлғалармен бірге қатысудың Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленгнен тәртіппен және жағдайларда бөлініп шығарылуы мүмкін сан жағынан айқындалған үлесі;

Жер құқығы қатынастары - жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар;

Жер ресурстары - қоғамдық материалдық, мәдени және басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер;

Жер кадастры - жер туралы мәлметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрдың құрамдас бөлігі;

Жер учаскесі - Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

Жерді жалдау төлемақысы - уақытша өтеулі жер пайдалану төлемақысы;

Жер учаскелерінің нысаналы мақсатының жіктемесі - аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес учаске аумағын және онда орналасқан үйлер мен ғимараттардың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатының (пайдаланылуының) үлгісі мен түрі бойынша жер учаскелерінің мақсаты пайдалану түрлерін топтастыру;

өзіндік қосалқы шаруашылық - ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі;

Жер қатынастарының объектісі - Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасқанына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан желеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар;

Топырақ қабаты - жердің құрғақ үстіңгі қабаты, тек өзіне тән құрылымы, құрамы мен қасиеттері бар ерекше табиғи түзілім;

Шартты жер үлесі - таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерінің, мемлекеттік емес болып қайта құрылған мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ Кодексте аталған өзге де тұлғалардың сандық тұрғыдан анықталған үлесі, оған сәйкес аталған ұйымдардың жер пайдалану құрамында бұдан бұрын болған жер учаскелерін құқықтар беру жүзеге асырылады немесе Кодексте көзделген өзге де құқықтар іске асырылады.

Жерге орналастыру - жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруға және жағымды экологиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйесі.

Жер категориялары (санаттары) - негізгі мақсатталғанына және белгілі бір пайдалану және қорғалу режиміне қарай ерекшеленетін елдің жер қорының бөліктері.

Шартты белгілер - жерге орналастыру схемалары мен жобаларының элементтерін топографиялық пландар мен карталарда бейнелеуге қолданылатын белгілер жүйесі.

Орташа қашықтық - жерге орналастырулық есептерде қолданылатын шама. Бұл көрсеткіш шаруашылықтың ішінде жүкті тасымалдаудың орташа қашықтығын сипаттайды. Оның шамасы жер учаскелерінің ауданы мен сол учаскеге дейінгі қашықтық ескеріле отырып анықталады.

Қысқартылған сөздер және белгілер

Қ Р - Қазақстан Республикасы

А. Б. - Ақшалай бірлік

Ж. Ж. - Жыртылған жер

ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ЖК - Жер кадастры

ЖО - Жерге орналастыру

ЖҚ - Жер қоры

МЖК - Мемлекеттік жер кадастры

Кж - жалпы коэффицент;

Км. ж. - мелиоративтік жағдайға байланысты коэффицент;

Ке - жер учаскелерінің еңістігіне байланысты коэффицент;

Ксу - суландыруына байланысты коэффицент;

Калш - орналасуына байланысты коэффицент.

1. Әдебиетке шолу

Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түі алу қажеттілігінен тарихи жер кадастрі туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрін жүргізу қажеттілігі туындайды.

«Кадастр» сөзі латынның «саріtastrum» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т. б. кадастрлері деп бөлінді. Сонымен жақты түсінікте жер кадастрі - жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте - жерге салық салу үшін туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әректтер жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер - өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастрі әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей:

1. Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол қай болмасын өндіріс процесінің болуына шартты. Бірақ оның ролі қоғам өндірісінің әр түрлі қорында бірдей емес. Өңдеуші өнеркәсіпте және құрылыста ол кеңістік іс орны /еңбек жасалатын орын/ ретінде көрінеді. Қазып шығаратын өнеркәсіпте, оның үстіне ол ерекше қойма ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығында жер тек өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып табылады.

2. Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен ауыстырыла алмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла алады.

3. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.

4. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлылығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше - жақсарады, сөйтіп, оның құнарлығы жоғарылайды.

Жердің айрықша ерекшелігі - ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсіріледі.

Жалпы түрде жер кадастріне келесі әрекеттер тән:

1. Жерлерді есепке алу;

2. Жерлерді баяндау;

3. Жерлерді бағалау.

Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады. Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс-тарихи және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады. Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және пайдалылығы анықталады.

Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана бастағаннан /егіншілік пайда болғанда/ туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты /жыртылатын жер, жайылым/, яғни алқаптардың түрлері бойынша, есепке алуды талап етті.

Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуы және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді.

Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол аркылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.

Мысалы, жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын енгізу; жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға және занды мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында берілген жер учаскелерін нарықтық айналым қосуға мүмкіндік беру. Сөйтіп жер нарығының қалыптасуына қүқықтық негіз салынып, жылжымайтын мүлік статусы берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер жүргізу мүмкін болды: сату; сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін кепілдікке беру; ипотекалық операциялар және т. б.

Жерді үйлестіру келесі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді:

- жерді үйлестірудің республикалық, облыстық схемалары және жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту, қорғаудың бағдарламаларын әзірлеу;

- жер пайдаланудың және жер иеленудің жаңа құрылымдарын құру мен қәзіргі қолданыстағысын ретке келтіру жобаларын жасау, жер учаскелерін орналасқан жерінде /карталарда/ бөлу мен шекараларын белгілеуді, жер пайдалануға, иеленуге қүқық беретін құжаттар жасау;

- елді мекендердің жер-шаруашылық құрылысының, жер пайдаланушылардың, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерлер игеру жобаларын, сондай-ақ, жер пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеу;

- жерлерді есепке алу, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау, топографиялық-геодезиялық, карторгафиялық топырақтық, геоботаникалық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу;

- кадастрлік және жер қорларын пайдалану, олардың жағдайлары жөніндегі басқа да карталарды әзірлеу;

- жер бағалау жұмыстарын жүргізу.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру жерлерді пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын бақылауды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрады.

Жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау барысын мемлекеттік бақылау мақсатымен республикамызда жер қорларын басқару жөніндегі Агенттік қүрамында Мемлекеттік жер инспекциясы құрылды.

Мемлекеттік бақылаудың міндеттері жер Зандарының тиісінше атқарылуына, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды орындауын қамтамасыз етуге саяды. Өздерінің құзыреті шегінде жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқаулары барлық жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары үшін міндетті. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Қазақстанда жер мемлекеттің меншігіндегі болғандықтан, оған барлық жер қорының табиғи, қүқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметтер қажет. Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең басты құралы ретінде есепке алу, бағалау туындайды. Мемлекеттің даму жоспарларын, бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдай адам, материалдық, табиғилық қорларын/соның ішінде әсіресе, жердің маңызы зор/ есепке алу қажеттілігін есептейді.

Сол шаралардың ішінде ең маңыздылары болып топырақтардың құнарлығын арттыру, су және жел эрозиясынан, қайта тұзданудан, құрғаудан, өнеркәсіп тастандыларымен ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы қалпына келтіру шаралары болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін еліміздің жер қорларының сапалық жай-күйі туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы керек.

Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлығын арттыру бойынша нәтижелі шараларды жүргізуге, олардың жел және су эрозияларына қарсы жүргізілген, ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ тұзданудың, ластаудың, батпақтанудың және басқа да жерлердің жай-күйін төмендететін процестердің алдын алу кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар жүзеге асыру жер алқаптарының сапалық жай-күйін жан-жақты зерттеу және есепке алуға негізделеді.

Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген қаулысы; /06. 06. 1996 ж. №710/ бойынша мемлекеттік жер кадастры Қазақстан республикасының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлем мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер учаскелерінің есепке алынуы мен бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.

Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру және шығу форматтарының бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.

Кадастр мәліметтер топографиялық-геодезиялық, аэро-ғарыштық, картографиялық, жерді үйлестру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жүмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады.

Кадастрде әр жер учаскесі үшін физикалық сипаттамалары келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелері туралы мәліметтер жер кадастрлік карталарда да келтіріледі, оның кадастрлік нөмірі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылысты геодезиялық сүйемелдеу
Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі
ОҚО Түлкібас ауданы «Шабыт» шаруа қожалығының ауылшаруашылық алқаптарының құнын бағалау
Ауыспалы егісті ұйымдастыру әдістемесі
Ауыспалы егістік алқабының кестесі
Ашық солтүстікті топырақтар
Жерге орналастыру техникасы
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
Ауыл шаруашылық жерлерін бағалау
Aқмoлa oблысы Eрeймeнтaу aудaны Қaрaтaл ЖШС жыртылғaн жeрiн рeттeстiру жәнe кaдaстрлық құнын aнықтaу жoбaсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz