Инновацияның мәні, түрлері және қасиеттері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

  1. Кіріспе:
  1. Инновацияның мәні, түрлері және қасиеттері.
  1. Негізгі бөлім:

а) Кәсіпорында инновацияларды басқарудың үлгілері.

б) Инновацияның даму заңдылықтары.

  1. Қорытынды:

а) Инновацияны жүзеге асыру шарттары мен факторлары.

Әлемдік даму үрдісі қазіргі ғылыми - техникалық серпілісті түбегейлі жаңа даму деңгейіне шығаруға себепші болып отыр. 90- жылдардың басында экономикалық даму парадигмасы өзгерді де, батыстың алдыңғы қатарлы елдері шаруашылық іс - әрекеттің материалдық емес саласын жеделдетіп дамытуымен ерекшеленетін «жаңа экономикаға» көшті. «Жаңа экономика» аясында шынайы түрде білімге, яғни экономикалық өркендеудің жаңа сапалық түрін қамтамасыз етуші жаңартулар мен инновацияға негізделген нарықтың жаңа шаруашылық субъектілері құрылды,

Қазіргі уақытта технология, құрал - жабдықтар, кадрлар даярлау, өндірісті ұйымдастыру сипатына іске асқан “жаңа білім” үлесіне экономикасы дамыған елдерде жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсімінің 70- тен 84 пайызына келді. Жаңадан қалыптасқан жағдайда кәсіпорын акционерлеріне негізгі құнды құрайтын дәл осы зияткерлік капитал, ал оның маңызды құраушылары (ҒЗТКЖ, патеннтер мен лицензиялар, сауда таңбасы, персоналдың ғылыми білімі мен біліктілігі, кәсіпорынішілік мәдениет және т. б. ) нарықтық бағалау мен беделге ие болып отыр.

Жаңалық, жаңарту және инновация. Ғылыми-техникалық серпіліс заңдылықтарының мәселесі, әсіресе негізгі ұғым-түсініктер бойынша пікірталас тудырады. Сонымен, кейбір авторлардың пікірінше, «жаңалық», «жаңарту» және «инновация» ұғымдары синоним болып табылады және ол ғылыми - техникалық серпілістің нәтижесін білдіреді деп түсіндіріледі. Екінші пікір бойынша, бұл ұғымдардың арасында белгілі бір айырмашылықтар бар деп көрсетіледі.

Жаңалық - бұл қандай да бір іс - әрекет аясында жүргізілген іргетасы, қолданбалы зерттеулер мен талдамалардың рәсімделген нәтижесі және ол осы іс - әрекеттің ғылыми әрі техника жетістіктерін тәжірибелі, нарықтық тұрғыда пайдаланудың аралық қорытындысы болып табылады.

Заңнама бойынша «инновация - нарықта сатылатын жаңа немесе жетілдірілген өнім, іс жүзінде пайдалынылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдеріс түріндегі ең соңғы нәтижесі». Алайда кез келген жаңарту серпіліске әкеле бермейді.

Инновацияның ерекше мазмұнын өзгертулер құрайды, ал инновацилық іс - әрекеттің басты функциясы - өзгеру функциясы б. т. Австрия ғалымы Й. Шумпетер 1911 жылы бес түрлі өзгерулерді бөліп көрсеткен:

  1. Жаңа техника, жаңа технологиялық үдерістерді пайдалану немесе өндірісті жаңадан нарықтық қамсыздандыру;
  2. Жаңа қасиеттері бар өнімді өндіру;
  3. Жаңа шикізат түрін пайдалану;

4) Техникалық қамсыздандыруды ұйымдастырудағы өзгерістер;

5) өнімді сатуда жаңа нарықтың пайда болуы.

Инновацияны саралаудың сан алуан әдістері бар. Олардың ішінде ең маңызын сипаттайық. Ең алдымен инновацияның түрлерін өзгеулердің тереңдігіне ажыратып алайық.

Радикалдық, жақсартушы және жалған инновациялар. Радикалдық инновация - бұл бұрын - соңды белгісіз болған немесе мәлім болатын, алайда өнімділігі, бағасы жағынан алғанда сипатттамасы едәуір жақсарған қасиеттерге ие өнімдер, үдерістер немесе қызмет түрлері. Жасартушы инновация аса қомақты емес төңкеріс жасай қоймайтын, көп ретте, тіпті белгігі білім, өнім және технологиялардан туындайтыны болжанған өзгерістерді білдіреді. Мұндай инновациялар көбінесе өткен уақытқа тәуелді болады, технологиялық пардигма бойынша қалыптасады.

Өнімдік инновация өндіріске немесе нарыққа технология жағынан жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруді қамтиды. Технологиялық жаңа өнім - бұл технологиялық сипаттамалары немесе пайдалану ұсынысы мүлдем жаңа немесе бұрын шығарылған ұқсас өнімдерден едәуір айырмашылығы бар өнім. Мұндай инновация мүлдем жаңа технологиямен немесе бұрынғы технологияны жаңа қырынан пайдалануға негізделеді.

Үдерістік инновация технологиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеп, ендіруді қамтиды. Инновацияның бұл түрі жаңа өндірістік құрал - жабдықты, өндірістік үдерісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтығын пайдалануға, сондай-ақ зерттеулер мен әзірлеу нәтижелерін пайдалануға негізделуі мүмкін. Мұндай инновациялар әдетте, өндіріс тиімділігін арттыруға немесе өндіріске шығарылып жатқан өнімді беру, ал кей жағдайда қарапайым өндірістік әдістермен өндірілуі мүмкін болмайтын технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнім өндіруге немесе беруге бағытталады.

Инновация нарықта немесе өндірістік үдерісте ендірілген жағдайда ғана іске асырылған деп есептеледі. Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми - техникалық инновациялар мынадай қасиетттерге ие болуы тиіс:

  1. Жаңалығы болуы тиіс;
  2. Нарық сұранысын қанағаттандыруы керек;
  3. Өндірушіге пайда әкелуі керек.

Демек, инновация - белгілі бір тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін коммерциялық түрде жүзеге асыру мақсатымен жаңа идеялар мен білімдерді, жаңалықтар, өнертабыстар мен ғылыми - техникалық жобаларды өндірістік үдеріс барысында пайдалану. Сол себепті, инновацияның міндетті қасиеттері қатарына оның ғылыми - техникалық жаңалығымен қатар өндірістік қолданбалығы да жатады.

Инновациялық үдеріс. Инновациялық үдеріс деп идеяның іргелі және қолданбалы зерттеулер, тәжірибе - конструкторлық және технологиялық өңдеулер, маркетинг, өндіру және сату кезеңдерінен өте келе біртіндеп коммерциялық өнімге айналу үдерісін айтамыз. Басқаша айтқанда, инновациялық үдеріс инновацияны құру, игеру және таратумен байланысты. Инновациялық үдерістің 3 логикалық түрін ажыратамыз:

  1. Қарапайым ұйымішілік (табиғи) ;
  2. Қарапайым ұйымаралық (тауалық) ;
  3. Кеңейтілген.

Қарапайым ұйымішілік инновациялық үдеріс жаңалықтың қалыптасуы мен пайдаға асырылуы бір ұйым ішінде жүргізілуін білдіреді, бұл жағдайда жаңалық тікелей тауарлық қалыпқа енбейді. Қарапайым ұйымаралық инновациялық үдерісте жаңалық сатып алу - сату бұйымы болып есептеледі. Инновациялық үдерістің бұл түрі жаңалықты іске асырушы функциясы тұтынушы функциясынан бөлек екенін көрсетеді. Кеңейтілген инновациялық үдеріс жаңалықты жаңадан шығарушылар жасауымен, өндірушілердің монополиясын бұзудан көрініс табуы, шығарылған өнімнің тұтынушылық қасиеттерін өзара әсекелестік арқылы жетілдіруге жағдай туғызады. Тауарлық инновациялық үдеріс жағдайында жаңалықты өндіруші және тұтынушы кем дегенде екі шаруашылық субъект қызмет етеді. Егер жаңалық технологиялық үдеріс болып табылса, оны өндіруші мен тұтынушы бір шаруашылық субъектісі түрінде болады.

Инновациялық үдерісті тауарлық түрге көшуімен бірге ол 2 негізгі кезеңге бөлінеді: а) жасау және тарату; ә) жаңарту диффузиясы. Алғашқы кезеңгі ғылыми зерттеу кезеңінен тұрады. Алғашқы кезеңде жаңалықтың пайдалы нәтижесі әлі іске аспайды, тек алдын ала оның жағдайы қалыптастырылады. Екінші кезеңде қоғамдық пайдалы нәтижесі жаңалықты шығарушылар өз арасында, сонымен қатар өндірушілер мен тұтынушылар арасында қайта үлестіріледі. Диффузия - бұрын бір-ақ рет игерілген және пайдаға асырылған инновацияның жаңа ортада немесе қолдану орындарында таралуы. Кез келген инновация таралуының маңызды факторының бірі - оның әлеуметтік - экономикалық ортаға сай әрекеттесуі болып табылады, оның негізгі элементі - бәсекелес технологиялар. Шумпетердің жаңарту диффузиясы жаңашыл кейін көбірек пайда табу мақсатында жаңартулар ендіруші еліктеушілер санының өсу үдерісін білдіреді. Шумпетер қомақты табысқа кенелуді күту - жаңалықты ендірудің қозғаушы күші ден санайды.

Инновациялық үдеріс циклдік сипатқа ие және соңғы уақытқа дейін ол, әдетте, бірізді кезеңдерден құралған сызықтық инновация үлгісі түрінде көрсетілген:

ІЗ - ҚЗ - ТӨ - Иг - ӨӨ - М - Ст

Мұнда:

ІЗ - іргетасты зерттеулер;

ҚЗ - қолданбалы зерттеулер;

ТӨ - технологиялық (тәжірибе-конструкторлық) өңдеулер;

Иг - игеру;

ӨӨ - өнеркәсіп өндірісі;

М - маркетинг;

Ст - сату.

Осы үлгі бойынша әзірленген іргетасты идеялар қолданбалы зерттеулерде пайдаланып, ең бірінші инновацияға сонан кейін сатып пайда табуға негіз болады. Аталған үлгі тікелей сызықтық байланыс орнатады: жүзеге асырылатын іргетасты зерттеулер көлемі неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым қолданбалы зерттеулердің көлемі арта түседі және инновация мен ендірілетін озық технологиялар саны да арта түседі. Алайда, ғылым мен техниканың дамуы соғыс өнеркәсібінің әуелетіне байланысты болғандықтан әрқашан мемлекеттің басқару аясында іске асырылады (АҚШ-та да, КСРО-да да), осы қарапайым үлгі жаңа заман жағдайында дамыған елдердің бұдан былайғы азаматтық экономикасында басым орынға ие бола алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, іргетасты зерттеулердің сатып пайда табуға ауысу нәтижесі тиімсіз болуымен қатар оны орындау мүмкіншілігі де аз болып келеді. Сызықтық үлгінің қарама - қайшылығы мынада: ол зерттеулер мен әзірлеулер, сондай-ақ ҒЗТКЖ, нәтижелерін ілгерілетумен байланысты жайттардың өріс алуына сыртқы ортаның тигізер ықпалын ескермейді және ғылым мен өндіріс арасындағы қарым - қатынастардың күрделі сипатын бейнелей алмайды. Инновациялық үдерістің жаңа күрделірек немесе интербелсенді деп аталатын үлгісін құру қажет.

Басқарылатын сызықтық емес (интербелсенді) үлгісінің сызықтық үлгіден айырмашылығына тотала кетейік:

  1. Интербелсенді үлгі инновациялық үдерістер кезеңдерінің арасында өзара әрекеттесу болады («кері байланыс ілмегі»), сондай-ақ сыртқы орта әсері болады деп түсіндіреді. Осыған лайықты, берілген үлгі аясында бір уақытта жаңа өнімді жобалау, маркетинг және жаңа өнім шығару қатар жүреді;
  2. Жаңа идеялар инновациялық үдерістің барлық сатыларында пайда болып әзірленеді, яғни іргетасты зерттеулер жалғыз бастамашы күш болып саналады;
  3. Зерттеу нәтижелері инновациялық үдерісті әр түрлі пайдаланады;
  4. Басқарымды сызықты емес үлгісі инновациялық үдерістің менеджерлері мен инновациялық өнімді тұтынушылардың рөлін ескереді. Инновация жөніндегі менеджер инновациялық үдерістің әр түрлі сатыларында шешім қабылдап, соны есепке ала отырып өзінің басқару ісін қалыптастырады.

Й. Шумпетер тәсіліне сәйкес инновацияны келесі аспектілердің кем дегенде біреуін қамтитын құбылыс ретінде бейнелеуге болады.

  1. Технологиялық;
  2. Қолданбалы;
  3. Нарықтық сегмнеттеу;
  4. Ұйымдастырушылық.

Бұл аспектілер келесі түрде сипатталады: технологиялық - жаңа техника мен технологиялық үдерісті немесе шикізаттың жаңа түрін пайдалану; қолданбалы - жаңа қасиеттерге ие жаңа тауарлар немесе қызметтер жасау; нарықтық сигменттеу - жаңа сату нарықтарының немесе жаңа тұтыну топтарының пайда болуы; ұйымдастырушылық - кәсіпорынның ұйымдық құрылымындағы өзгерістер немесе менеджменттегі жаңа әдіс - тәсілдері.

Технология. Технология, инновация құрудың негізі ретінде, әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылып, сараланады.

Оның келесі негізгі сипаттамаларын ажыратып қарастырайық:

1. Технологиялық құрылыстың кезектесіп алмасып отыруы. Әрбір уақыт сәтінде технология кеңістігі қоғамдық қайта жаңғырту циклін жалпылама қамтитын технологияның ерекше жаңа сапа тудыратын орнықты жиынтығын білдіреді. Оның ішінде өзіндік қағидасы, осы құрылыстағы технологияның жұмыс істеу тәсілі басым болады.

2. Технология инновацияны іске асырудың әмбебап түрі. Қазіргі заман зерттеушілерінің ғылыми - техникалық серпілісі бр жағынан, озық техгологиялар мен өнімдерді тарату бойынша жаңартулардың пайда болу үдерісі, екінші жағынан, озық технологиялар мен өнімдерді тарату үдерісі деген пікірлерге келіседі.

3. Логистикалық («S» тәріздес) қисық сызығы бойынша қозғалу негізінде технологиялар буынының кезектесіп алмасып отыруы. Дамуды ықтимал өзгерістердің күрделі үлгісі ретінде қарау әрбір жеке технологияның дамуын логистикалық «S» тәріздес қисық сызық түрінде жаңа қырынан талқылауға мүмкіндік береді.

Логистикалық «S» тәріздес қисық сызықтың көмегімен диффузия, технология алмастыру үдерістерін қарастыруға болады. Логистикалық қисық сызық бойымен қозғалу қандай да бір базалық параметр немесе кешенді интегралдық көрсеткіш бойынша бағаланатын технология тиімділігінің біртіндеп көтерілуін білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновацияның мәні, мақсаты, түрлері
Инновация түсінігі және инновациялық саясат
Инновация мәні,түрлері және қасиеттері
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің ерекшеліктерін талдау
Қазақстан Республикасының ақпараттық қызмет саласындағы компанияларда инновациялық маркетингті дамыту үшін теориялық-әдістемелік және практикалық ұсыныстар
Қазақстан республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
Инновациялық маркетингтің басқару
Қазақстанның инновациялық потенциал активизация (белсенділік) механизмдері
Дамыған елдердегі инновация үрдістері
Инновациялық технология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz