Құндылықтар ұғымының философиялық қырлары



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Құндылықтар ұғымының философиялық қырлары

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Құндылықтарға философиялық тұрғыда сипаттама
1.1. Философияның өзекті мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Философияның құндылықтар жүйесіндегі орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
ІІ. Құндылықтар ұғымының философиялық қырлары
2.1. Құндылықтар типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2. Құндылықтар. Шынайы және алдамшы құндылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы жәнс педагогикддағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Мәселен, философияда құндылық қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнің (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсем және; көріксіздік) түсіндіру үшін қолданылады. Жалпыадамзаттық құндылықтардан философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар адамның құқығын, оның бостандығын және соған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған. Кез келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының занды нәтижесі болып табылады
Әлем өзінің байлығымен және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Әлемді рухани- практикалық игеру процесі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның сезімдері және ұмтылыстарымен сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, құбылыстарды, процестерді қайырымдылық, әділеттілік, сұлулық, пайдалылық және т.б. тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастырумен сипатталады.
Құндылықтық қатынас әрқашанда субъектінің бойында белгілі бір эмоциялары - қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. туғызады. Оның ішіндегі ең жоғарғысы - қасиеттерге табыну. Адамға қасиеттер қажет, мейлі ол дін болсын немесе діни емес қасиеттер болсын. Бұл мәселе, әсіресе, қоғамның адамгершілік тұғырлары мен мәдени дәстүрлерінің құнсыздануы мен деградациясы кезінде өзінің өзектілігін байқатады. Құндылықтар - қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді. Оларға деген табынушылық қатынас бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы моральдың негіздері ретінде өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игерудің нәтижесінде орнатылады. Қасиеттер адамның бойында моральдық жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі. Құндылықтық эмоцияның ең жоғарғы формасы - "жамандықтан" тазаруды білдіретін катарсис болып табылады. Әдетте катарсис термині Аристотельдің "Поэтикасындағы" трагедия теориясымен байланыстырылады. Антикалық философияда катарсис мәселесі Аристотельге дейін-ақ қойылған болатын. Әдебиеттерде айтылғандай "катарсис" терминінің көпмәнділігі эстетика тарихында оның әртүрлі түсіндірмелерінің пайда болуына әкелді. Шындығында бұл термин антикалық әдебиетте эстетикалық, психологиялық, этикалық, тіпті діни мағыналарда да қолданылады. Бұл көпмәнділік кездейсоқ емес, ол антикалық эстетиканың ерекше сипаты болып табылады. Антикалық эстетиканың үйрететін катарсисі немесе тазалануы тек эстетикалық ұғым емес, ол моральға да, интеллектке де, психологияға да қатысты, яғни бүтіндей алғанда адамның барлық қырына қатысты (Лосев А.Ф., Шестаков В.П. История эстетических категории. М., 1965, 89-бет).
Курстық жұмыстың мақсаты: философияның өзекті мәселесінің бірі құндылықтарға философиялық тұрғыда сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері: Құндылықтар ұғымының философиялық қырлары мен құндылықтар типологиясы туралы мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Құндылықтарға философиялық тұрғыда сипаттама
1.1. Философияның өзекті мәселесі
Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе - нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек теориялық жағынан алғанда ғана қиын. Біз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын "таза суға" шығарып, күмәнсіз ететін гумандылықтың өлшемі қызмет етеді. Тіпті барлығы зұлым болғанда да зұлымдықтың аты зұлымдық, ешкім қайырымды болмаса да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.
Құндылықтар әлемі - сөздің кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығының өлшемін білдіретін оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Әрбір мәдениеттің өз құндылықтар кешені бар. Құндылықтар адам болмысының әртүрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады. Құндылықтар - өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға, еркек пен әйел арасындағы байланысқа, адам өмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар - материалдық жэне рухани қажеттіліктерді өтеу процесіндегі қалыпты нәрселер. Қалыпты мәнге қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік идеалдары ие болуы мүмкін.
Құндылықтар дүниетанымның ықпалымен қалыптасады, өйткені адам әрқашан өзінің әлеуметтік тәжірибесі барысында эр алуан көзқарастарды біріктіруге ұмтылады. Біз құндылықтық бағдарлардың қайта бағаланып жатқан өзгерістер дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Құндылықтардың алмасу процесі әдетте ұзаққа созылады. Құндылықтық бағдарлар, идеалдар жаңа мәнге ие бола отырып, қайта түлеуі мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда мәдениеттің өз нормалар, рәміздер, стандарттар қоры бар. Алайда мұнан адамзаттың рухани тарихында тек бір идеалдар ғана үнемі қайталанып келіп отырады деген ой туындамауы тиіс. Мәдениет, әрине өркениетті, өйткені ол үнемі белгілі бір құндылықтық бағдарларды өндіріп отырады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптардың, нормалар мен мағыналардың қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді. Құндылықтар адамға қоршаған нақтылықты тануға мүмкіндік беретін мағыналар жүйесін толығымен қайта құрып отырады. Әлемнің барлық алуан түрлілігінің құндылықтық сипаттамаларының бастаулары қайырымдылық, өмір, сұлулық болып табылады.
Заттар мен құбылыстардың сипаттамалары табиғаттағы, қоғамдағы, адамдағы процестердің бүтіндігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Адамның өз өмірлік әлеміне деген қатынасын өзіндік тиесілік пен өзіндік бекітілудің құндылықтық құрылымы айқындайды. Адамдардың, дәуірлердің, мәдениеттердің, адам қоғамдарының арасында қаншалықты айырмашылық болғанымен, олардың барлығы құңцылықты-мәңці диспозициялардың жекелеген жағдайларынан туындайды және оны өз бойында тасымалцайцы. Бұл ментальдылықтың барлық деңгейлерінен көрінеді: жеке тұлғалық және ұжымцық бейсаналылықтан дүниетаным жүйелерінің ішкі мәнді ұйымдасқан күрцелілігі мен институционалданған этностық нормалар мен ерекшеліктеріне дейін. Құндылықтар мәселесі қоғамның ицеологиялық тұғырлары цискрецитацияға ұшырап, мәдени цәстүрлері құнсызданған кезце, әрбір халық өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне бет бұрған кезце, тарихтың өтпелі, цағцарыстық кезеңцерінде өткір қойылацы. Өткен ғасырцың өзінде ғылымда "аномия" түсінігі қалыптасты. Бұл - өмірлік идеалдар түбірімен өзгеріп, қалыптасқан құндылықтар жүйесі қайта пайымдалатын өзгермелі ахуалда сананың шарасыздық жағдайын білдіретін түсінік. Бұл тек жекелеген адам үшін ғана емес, бүкіл қоғамға да ауыр сын. Афины демократиясының дағдарысы Сократқа мынадай сұрақты қоюға мәжбүр етті: "Игілік дегеніміз не?" Бұл жалпы құндылықтық теорияның негізгі сұрағы болып табылады. Антикалық және ортағасырлық философияда ойшылдар құндылықтық сипаттамаларды, дәлірек айтқанда этикалық, эстетикалық, діни сипаттамаларды нақтылық, шынайы болмыс ұғымының өзіне енгізді. Бұл ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін ойшылдарды мазалап келген сұрақтардың бірі. Бір қарағанда бәрі түсінікті сияқты. Құндылық - бұл құнды нәрсе. Алайда, адам үшін не құнды және неге құнды? Кейде біреу үшін құнды нәрсе өзгелер үшін құнсыз болатын кездері де кездеседі. Бірақ онымен ешкімнің келіскісі келмейді және әрқайсысы өзі үшін құнды нәрсені нағыз құндылық деп есептейді. Кімдікі дұрыс?
Бұл мәселені құндылықтар теориясы немесе аксиология (грек тілінде "ахіа" - құндылық және "logos" - ілім) шешуге ұмтылады. Аксиология - құндылықтардың жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтық әлемдегі құрылымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы әртүрлі құндылықтардың байланысы туралы ілім. Философиялық білімнің арнайы бөлімі ретінде аксиология XIX ғасырдың екінші жартысында ғана қалыптасты.

1.2. Философияның құндылықтар жүйесіндегі орны
Құндылықтар проблематикасы ежелгі Шығыс және антикалық философияларда қарастырылғанымен "аксиология" терминін тұңғыш рет Э.Гартман қолданды. Ойшылдар үнемі сұлулық, береке, қайырымдылық және т.б. түсініктердің мәнін ұғынуға ұмтылды, кейінірек мұның бәрі "құндылық" ұғымына біріктірілді. Философия тарихында "игілік деген не?" деген сұрақты алғаш қойғандардың бірі Платон. Ол болмысты "заттар әлеміне" және "идеялар әлеміне" бөле отырып, заттар әлемінде ақиқат, әсемдік, әділеттілік және т.б. жоғары игіліктерге сәйкес келетіндей ешнәрсе жоқ деп есептейді. Және сыртқы әлемнің өткіншілігі мен салыстырмалылығын ескере отырып адамдардағы ақиқат, әсемдік т.б. ұғымдарды уақыттан тыс, мәңгі идеялар кеңістігіне орналастырды. "Егер кім әсемдікті дұрыс пайымдаса, ол бұл жолдың ақырына жетіп, тосыннан жаратылысы жағынан таңқаларлықтай әсем нәрсені көреді... бұл нәрсе, ең алдымен мәңгі, яғни ол туылуды да, күйреуді де, өсуді де, шөгуді де білмейді, екіншіден ол ешбір жағынан тұрпайы болмайды, қашан да, қай жерде де өзгелермен салыстырғанда әдемі, ал басқа уақытта, басқа жерде өзгелермен салыстырғанда тұрпайы. Әсемдік - бұл бет, қол немесе қандай да бір дене бөлігі түрінде емес, қандай да бір сөз немесе білім түрінде емес өзінен-өзі әрқашан да өзінде тұтас бейне ретінде көрінеді: әсемдіктің өзге түрлерінің барлығы оған қатысында туылатын және күйрейтін болса, ал ол артып та, кеміп те кетпейді, ешқандай ықпалды сезінбейді" (Платон. Соч. в 3-х т. М., 1970, 142-бет).
Құндылықтар мәселесінің XIX ғасырдың ортасына дейін философиялық талдаудың дербес объектісіне айналмағанын айта кетуіміз керек. Антикалық философияда ғана емес, онан кейінгі орта ғасырлар мен жаңа заман философиясында да құндылықтық сипаттамалар нақтылық, болмыстың шынайылығы ұғымдарына енгізілді. Классикалық философияда құндылықтар болмыспен тұтас күйінде қарастырылды және сондықтан аксиология дербес философиялық пән ретінде бөлініп шыққан жоқ. Аксиология философиялық зерттеудің дербес аймағы ретінде болмыс ұғымы екі элементке ыдырағанда ғана пайда болды: нақтылық пен құндылық әртүрлі талап пен ұмтылыстардың объекті ретінде қарастырылғанда аксиологияның басты мақсаты болмыстың жалпы құрылымындағы құндылықтың мүмкіндігін және оның нақтылық айғақтарына деген қатынасын көрсету. Мәдениеттің маңызды компоненті ретіндегі, адамның нақтылықты рухани-практикалық игеруінің негізі және реттеушісі ретіндегі құндылықтардың теориялық талдануы философиялық ой тарихында әртүрлі бағыттармен сипатталады. Бұл бағыттардың арасында мынадай типтерді атап өтуге болады: натуралистік психологизм, трансцендентализм, мәдени-тарихи релятивизм жэне социологизм.
Натуралистік психологизм өкілдерінің (А.Мейног, Р.Б.Перри, Дж.Дьюи жэне т.б.) тұжырымдауынша құндылықтың қайнар көзі индивидтің биопсихологиялық тұрғыдағы қажеттіліктерінде, ал құндылықтардың өздері құндылықтың заттай нақтылыққа орын алмасуын білдіретін қадағаланатын нақтылықтың ерекшелігі ретінде эмпирикалық тұрғыда көріне алады. Аксиологиялық трансцендентализм (жаңа кантшылдар -
В.Виндельбанд, Г.Риккерт) үшін құндылық идеалды болмыс ретінде "таза" нормативті санамен сәйкестендірілетін болмыстың нормасы ретінде қарастырылады. Нормалар мәдениеттің барлық функцияларының (қызметтерінің) жалпы жоспарын құрайды және құндылықтың әрбір жеке іске асуын анықтайды. Сонымен бірге болмыс нормасының тәсілі норма статусын беретін оның субъект үшін маңыздылығы болып табылады. Трансценденталистер құндылықтардың мәнін нормалар қалаптастырудың өте күрделі процесінде жасақталатын өзара қатынастардың өзіндік рухани концентрациясы ретінде қарастырады. Бұл құндылықтарға олар ақиқатты, сұлулықты, қайырымдылық пен әділеттілікті жатқызады. Демек, құндылықтар - бұл қоршаған нақтылықтың көріністері емес, адамзат санасының терең тұңғиықтарында қалыптасатын трансценденталдық нормалардың әртүрлі формалары.
Персоналистік онтологизмнің құндылық концепциясының негізі діни этика принцптері болып табылады. Бұл бағыттың көрнекті өкілі М.Шелердің пікірінше құндылыіқтар әлемінің өз иерархиясы бар. Құндылықтардың бұл жүйесінің ең жоғарғы сатысында Құдай орналасады. Құдайға деген сүйіспеншілік - адамзат сезімдерінің ең жоғарғы формасы. Иерархияның онан кейінгі баспалдақтарында "сұлулық" жэне "таным" орналасады. Мәдени-тарихи релятивизм аксиологиялық имморализм идеясына, яғни тең құқықты құндылықтық жүйелердің көп болуы мүмкін деген идеяға сүйенеді. Бұл концепцияның ерекшелігі тек бір "шынайы" құндылық жүйесімен шектеліп қана қоймай, белгілі мәдени- тарихи кезеңдердегі құндылықтық жүйелер мен құндылықтық бағыттырға басымдылық береді. В.Дильтейдің көптеген ізбасарлары, мысалы О.Шпенглер, А.Тойнби, П.Сорокин жэне т.б. мәдениеттің құндылықтық мәнін түсіндіруде интуитивтік тәсіл қолданады. Мәдени-тарихи релятивизм өзінің пікірлері мен тұжырымдарының әлеуметтік психология мен әлеуметтік философияның түйісуі негізінде жариялайды.
Құндылықтар концепциясындағы социологизмнің негізін қалаушы М.Вебер болып табылады. Ол жаңа кантшылдардың норма ретіндегі құндылықтар туралы көзқарасын қабылдап, оны әлеуметтік әрекет пен әлеуметтік білімді түсіндіруге қолданды. Ол құндылықты әлеуметтік субъект үшін маңызды норма, болмыстың тәсілі ретінде қарастырады. Онан ары қарай құрылымдық-функционалдық талдау мектебінде (Т. Парсон және өзгелері) "құндылық" ұғымы әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен әлеуметтік байланыстарды анықтаудың құралы ретінде методологиялық мәнге ие болады.
Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен салыстырыла отырып өзіндік құндылықтық қатарды, құндылықтық сатыны құрайды. Бізге белгілі барлық құндылықтар адамға бағытталған және шындығында, кез-келген құндылық өзінің нақты тарихи пайымдалуы мен іске асуында салыстармалы. Алайда мұнан тек нақты тарихи өмір сүретін адамдар мен әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен мүдделерін өтейтін игіліктер ғана құнды және барлық өзге құндылықтардың өлшемі болып табылатындай адам алдында категориялық талап ретінде қойылатын құндылықтар- мақсаттар жоқ деген пікір туындамайды.
Әдебиеттерде құндылықтардың жіктелуі әдетте былайша беріледі: витальды (өмір, денсаулық, игілік, экология және т.б.); әлеуметтік (әлеуметтік статус, жағдай, байлық, отбасы, тәуелсіздік және т.б.); діни (құдай, сенім, ғұрып, шіркеу және т.б.); моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық, әділеттілік және т.б.); эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік және т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттілік, ата заң, азаматтық еркіндіктер және т.б.). Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен сипатталатын мәдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді.
Әртүрлі аксиологиялық теориялар адамдардың құндылықтық қатынастарының тәжірибелерін қорытындылай отырып, құндылықтардың сол белгілі класын қарастырады. Мысалы Г.Риккерт құндылықтардың алты саласы болады деп есептейді: ғылым, дін, өнер, мораль, жетілген өмір және "құдіретті сүйіспеншілік" (Риккерт Г.
О системе ценностей Логос. 1914, Т.1. Вып1). Г.Риккерттің құндылықтар классификациясы қандай принципке негізделген және оның жүйесінің негізі неде? Г.Риккерттің құндылықтар иерархиясының принципі "бағалаушы субъекттен" келіп шығады. Жоғарыда айтылғандай құндылықтар қоғамдық-тарихи практика процесінде пайда болады және оның сипаттамалары болып табылады. Құндылықтардың көптүрлілігі адамдардың практикалық әрекетіне енген субъект-объекттік және тұлға-қоғамдық қатынастардың көптүрлілігінен туындайды. Субъект объекттің қасиетін адамның танымдық және өзгертуші әрекеті процесінде бағалайды. Өйткені әлемді танудан оны өзгертуге көшу алуан түрлі бағалаулар жүйесінде іске асады.

ІІ. Құндылықтар ұғымының философиялық қырлары
2.1. Құндылықтар типологиясы
Белгілі поляк философы және эстетигі Р.Ингартен құндылықтарды витальды (өмірлік) және мәдени деп бөледі. Алғашқылары - бұл утилитарлық құндылықтар, пайдалылық құндылықтары. Екіншілері - бұл таным құндылықтары, эстетикалық құндылықтар, әлеуметтік қасиеттер мен адамгершілік құндылықтары (Ингартен Р. Исследования по эстетике. М.1962) Н.Ресчер өзінің құндылықтар типологиясында оларды әртүрлі адамзаттық қажеттіліктерімен, мүдделерімен, талап-тілектерімен байланыстырады. Н.Ресчер бойынша құндылықтардың мынадай категориялары бар: материалдық, экологиялық, моральдық, әлеуметтік, саяси, эстетикалық, діни, интелектуалдық, кәсіби, сезімдік.
Құндылықтардың типологиясын сондай-ақ ресейлік және қазақстандық зерттеушілер де келтіреді. РҒА әлеуметтік зерттеулерінің мәліметі бойынша негізгі он төрт құндылықтың тұрақтылығы байқалады (яғни адамдардың құндылықтың санасының негізін құрайтын және ресейліктер өмірінің әртүрлі салаларында үнемі өзінің ықпалын байқататын құндылықтар): адам өмірі, еркіндік, адамгершілік, қарым-қатынас, отбасы, жеке бақыт, ұрпақ көбейту, әрекеттің мәні және күнкөріс көзі ретіндегі жұмыс, игілік (кіріс, денсаулық), инициативтілік (дәстүрді құрметтеу), тәуелсіздік, мейірімділік, беделділік, заңдылық.
ҚР ҰҒА саясаттану және әлеуметтану институтының 1996 жылғы мәліметі бойынша республика тұрғындары үшін ең басты құндылықтарды былайша төрт топқа біріктіруге болады (Общечеловеческие и национальные ценности в изменяющемся обществе. Алматы 1997, 131-132 беттер).
Өмірдің тұрақты және қалыпты деңгейі, республикадағы бейбітшілік пен тыныштық, отбасындағы береке, денсаулық, жеке және отбасы қауіпсіздігі, жақсы төленетін жұмыс, ұлтаралық келісім.
Азаматтардың құқығы мен еркіндігінің кепілі, экономикалық қауіпсіздік, жеке тәуелсіздік.
Қос азаматтылық, Қазақстанның тәуелсіздігі, кәсіпкерлік үшін жағдайдың жасалуы, қызметтік карьера.
Қазақстанда респонденттердің 23 демократияны тұлғаның құқығы және абыройымен, азаматтық еркіндікпен, құқықтық мемлекетпен байланыстырады. Кейбір респонденттер ғана демократияның кеңестік түсінігін ұстанады - ертеңгі күнге деген сенім, өмірдің жоғары материалдық деңгейі.
Қоғамдық дамудың құндылықтық негіздерін іздеу, құндылықтардың белгілі бір жүйесін таңдау қарама-қайшылықты, бірақ табиғи процесс. Әлеуметтік реттеудің жоғары деңгейіне негізделген құндылықтардың белгілі бір иерархиясы мен арнайы жүйесінсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Бұл қоғамдық институттар мен адамдардың (индивидуалды болсын, ұжымды болсын) мақсатты әрекеттерінің нормативті бақылауының нақты жэне арнайы жүйелерін жасауға мүмкіндік беретін өлшемдердің құндылықтар жүйесінде бекітілуімен сипатталады. Сонымен қатар бұл қоғамда белгілі бір тәртіпті қамтамасыз етеді жэне эр алуан қоғамдық субъектілердің "құндылықтық ынтымақтастығын" қалыптастырады.
ХХ ғасырда ең алдыңғы орында әдетте прагматикалық деп аталатын кәсіпкерліктің "насихаттарына" негізделген құндылық бағдарлар шығады. Бұрынғы КСРО тұрғындарының бұқаралық санасында бұл насихаттар кешегі күнге дейін теріске шығарылып келді. Алайда, бұл моральдық көңіл-күймен шабыттана отрып, біз прагматизм туралы көп нәрсені аңғара бермейміз. Прагматизмде адамның өз алдына мақсат қоя білу қабілетімен, оны іске асыруымен, жағдайға ықпал етуімен, өзгелерімен бірлесе отырып нақтылықты өзгертулермен өмірдің қоятын міндеттерін шешумен сипатталатын жалпы белсенді, әрекетшіл жан ретінде адамға қойылатын талаптар универсалданады және біріктіріледі.
Кейде пайда мен табысқа бағдар ұстанатын сананың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық жағдаят ұғымының мәні
Дәстүрлі діннің белгілері
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Философияның негізгі бөлімдері - онтология
Академик Ә. Нысанбаевтың отандык философияның дамуына қосқан үлесі
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Философиядағы мәдениет ұғымы. Мәдениет адам дамуының өлшемі
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Қазақ халқының діни танымының негіздеріне діни-философиялық сараптама жасау
Пәндер