Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлі

Орындаған: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс студенті Рамазан Д.Р.
Тексерген: П.ғ.к. доцент Джонисова Г.Қ.

Орал-2014ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-аналарының тәрбиелік ықпалын теориялық зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі отбасылық тәрбие стилінің әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлі
2.1 Отбасындағы баланың қарым-қатынас мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Отбасылық қарым-қатынастың балаға әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Кіріспе
Тарихымыздың өтпелі кезеңдерінде халықтың өзін-өзі тануы, өзінің қалыптасу негіздеріне, түп-тамырына, мәдениетіне, жалпы өзін құрайтын құрамаларға деген қызығушылығы арта түсуде. Балалық шақ - бұл ұлттық мәдениеттің негіздеріне шынайы толығымен еніп, меңгеріп, қалыптастыра алу мүмкіндігі бар кезең.
Білім беру мекемесіндегі мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие бөлімі - жалпы білім беру жүйесіндегі алғашқы және басты жауапты бөлім болып табылады. Мектепке дейінгі балалық шақта мемлекеттік және ана тілін меңгеру баланың маңызды игерулерінің бірі болып табылады. Әсіресе мектепке дейінгі балалық шақ сөйлеуді меңгеруде ерекше сензитивті. Сондықтан бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруде әлеуметтендіру процесі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жалпы негіз ретінде қарастырылады.
ХХ ғасырдың соңында біздің өмірімізге кең көлемде шет тілдерінен қолданыста жүрген терминдер ене бастады, бұл біздің тілімізге, сондай-ақ мәдениетімізге кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан ұлттық салт дәстүр құралдары арқылы ересек мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіру мәселесі бүгінгі таңда ерекше мәнге ие болып отыр.
Халық бала өмірінің әрбір кезеңін, дамуының барлық жақтарын ақындық сөздермен қамқоршылық көрсетіп отырды. Бұл дәстүрлі ережелер мен принциптердің тұтас жүйесі, бұлардың көмегімен бала отбасында тәрбиеленеді. Бұл жүйенің тірегі ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын халық ауыз әдебиеті болып есептелді және есептеледі.
Зертеу өзектілігі: Психологтар мен әдіскерлердің айтуынша, бала ана тілін ең алдымен айналасындағылардың сөйлеу тіліне қарап, соларға ұқсата отырып меңгереді (Д.Б.Эльконин, Р.Е.Левина, А.П.Усова, Е.И.Тихеева және т.б.). Өкінішке орай, қазіргі кезде ата-аналар әлеуметтік жағдайдың қиындығына байланысты, бос уақыттың аздығынан бұл туралы ұмытып, өз баласының әлеуметтендірілу процесін өздігінен болуына қалдырады. Бала көп уақытты адамдардың айналасында емес, компьютердің жанында өткізеді. Осының салдарынан халық шығармашылығының мұралары (әлдилер, ертегілер, мақал-мәтелдер) бес-алты жастағы балаларды айтпағанда, кіші сәбилік кезеңде де практикалық түрде пайдаланылмайды.
Зерттеу болжамы: Т.Қалдыбаеваның пайымдауынша "әлеументтендіру" ұғымы тұлға ұғымымен бірдей мәні бір, бірі адамның әлеуметік даму жолын бейнелесе, екіншісі соның нәтижесі, ал әлеуметтендірудің мәні- адамның адамдық қасиеттерін ашып, оны қоғамдағы әлеуметтік қатынасқа түсуге даярлау, тек әлеуметтік қатынасқа түсіп қана қоюға емес, саналы арақатынасқа, өзінен басқа да адамдар сезімі, мүддесі, сұранысы бар екенімен санаса отырып, адамдық мәніне лайықты қатынас жасау деп тұжырымдайды.
Мектепке дейінгі білім практикасында мынадай жағдайды байқауға болады: ересек мектепке дейінгілерді кіші фольклор формаларымен таныстырғанда көп жағдайда мағыналық аспектісі қозғалады, жанрлық және тілдік ерекшеліктеріне мән берілмейді. Олардың қолданылуы көп жағдайда тек мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды жаттаумен ғана шектетіледі. Педагогтар балалармен сабақтарда бұл формаларды кейде ғана пайдаланады. Кейбір балабақшаларда оқыту мектепке дайындық ретінде қарастырылады, ал кей жерлерде оқуға үйретеді. Сөйлеуді дамыту бойынша сабақтар екінші орынға қалдырылады.
Сондықтан педагогтарда ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлердің құралдары арқылы балаларды әлеуметтендіру процесінің әдістемесін өңдеу қажеттілігі туындап отыр. Бұл процесс білім беру мекемесінің тек арнайы ұйымдастырылған сабақтарында ғана емес, сондай-ақ күнделікті өмірінде де жүруі керек. Бұл міндетті шешу үшін мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогтары бұл процеске қызығушылық таныту керек, ал балалар бұл процестің белсенді субъектісі болуы керек (қосымша білімдер алуда өзбеттілік, қызығушылық таныта білу керек).
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлін анықтау.
Зерттеудің міндеті:
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-аналарының тәрбиелік ықпалын теориялық зерттеу;
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі жанұялық тәрбие стилінің әсерін айқындау;
3. Отбасындағы баланың қарым-қатынас мәселесі мен отбасылық қарым-қатынастың балаға әсерін айқындау.
Зерттеу әдістемесі: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, Ғалымдардың әлеуметендіру туралы пікірлерін саралай келіп, әлеуметтендіру немесе әлеуметтік даму бұл өмірге келген барлық адамның қоғамдық өмірге араласып, әрекет етуі үшін, өмір сүруге мүмкіндік беретін әртүрлі білім-біліктер мен өмірлік дағдылар және тәжірибелерді, жалпыға ортақ мінез-құлық нормалары мен ережелерін игеріп, белгілі іскерліктер мен өз ұлтының мәдениетін меңгере отырып қоғам мен мәдениетке кіру үрдісі.
Отбасылық қатынастар тақырыбына соңғы жылдары көптеген авторлар көңіл бөлуде, оларға А.Спиваковская, А.Захаров, Ю.Гиппенрейтер, Г.Хамен-таускас, М.Буянов, З.Матейчек, А.Фромм, Р.Снайдер және т.б. жатады. Ресейлік психологтар (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштен, П.Я.Гальперин, Л.И.Божович, В.С.Мухина, Е.М.Волкова және т.б.) тұлға дамуы кӛбіне балалық шағында меңгерген әлеуметтік тәжірибесіне тәуелді деп есептейді. Толық емес отбасының ерекшелігі, ондағы ана мен бала қарым-қатынасы туралы ғалымдардың (М.Ю.Арутюнян, М.П.Ган, А.М.Демидов, О.М.Здраво-мыслова, Э.Ивер-Жалю, О.И. Ключко, И.С. Кон, Дж. Коулман, Л.Г.Лунякова, Н.М.Римашевская, В.Титаренко, И.Ф.Дементьева, В.М.Закирова, Н.И.Ива-нова, С.А.Фролов, С.К.Нартова-Бочавер, Ж.Брук, В.М. Целуйко т.б.) зерттеулері ерекше қызығушылықты тудырады.
Зерттеу кезеңдері: Мектепке дейінгі шақ.
І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-аналарының тәрбиелік ықпалын теориялық зерттеу
Өзгермелі әлем жағдайында бүгінгі күннің талабына орай мақсат, міндеттерді шешу үшін оларды іске асыратын болашақ ұрпақ қоғам дамуына сәйкес болуы қажет. Қоғамдағы өзгерістердің бағыт-бағдары мен талаптары сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдарға да жаңа талап-тілектер мен құндылықтарды жүктеп отырары сөзсіз. Ал бүгінгі күннің қояр басты талабы - әрбір адамның өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі өзгерістерді ой елегінен өткізіп, жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі яғни өздерін қайта құруы, бойларындағы құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып, өмір сүре алуы болып отыр. Бұл- қажеттілік, өйткені өмір талабы осыны қажет етеді.
Адам өмірге дайын мінез-құлық нормалар, рухани құндылықтар, және қызығушылықтармен келмейді. Бұл қасиеттердің барлығы бірте-бірте әртүрлі әлеуметтік құрылымдар мен топтарда қалыптасып, дамып, қоғам дамуындағы өзгерістерге орай, қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін реттейтін талаптарға бағынады.
Ал әрбір адам қалыптасып, дамып тұлға, дербес адамға айналғанша өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік жүйенің мәдени мұралары мен құндылықтарын игеруде өзіне тән жолдары мен сатылардан өтеді.
Әлеуметтендіру үрдісі әлеуметтіктен тыс қалған адамды тәрбие арқылы әлеуметтендіріп, сол қоғамға сай өмір сүруге дағдыландырады. Бұл үрдіс жеке бастың жас ерекшелігіне байланысты күрделеніп, өзгеріске ұшырайды.
"Әлеуметтендіру" сөзі "әлеуметттік" сөзімен төркіндес яғни (латынша "socіalіs") әлеуметтік, қоғамдық деген ұғымдарды білдіреді. Әлеуметтену - индивиттің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән құндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі 1.
Ал ғалым Т.Қалдыбаеваның пайымдауынша "әлеументтендіру" ұғымы тұлға ұғымымен бірдей мәні бір, бірі адамның әлеуметік даму жолын бейнелесе, екіншісі соның нәтижесі, ал әлеуметтендірудің мәні- адамның адамдық қасиеттерін ашып, оны қоғамдағы әлеуметтік қатынасқа түсуге даярлау, тек әлеуметтік қатынасқа түсіп қана қоюға емес, саналы арақатынасқа, өзінен басқа да адамдар сезімі, мүддесі, сұранысы бар екенімен санаса отырып, адамдық мәніне лайықты қатынас жасау деп тұжырымдайды 2.
Т.Парсонс анықтамасы бойынша әлеуметтендіру дегеніміз - индивиттердің жалпыға бірдей нормаларды бойына сіңіруі арқылы әлеуметтік жүйемен үйлесуі 3.
Н.Смелзердің пікірінше адам алғаш өмірге келгеннен бастап әлеметтендіру барысында тұлғаны қалыптастыру жүріп жатады. Кең көлемді құндылықтарды, сол арқылы адамдар тіршілігінің бағдарларын меңгереді дейді 2.
Ғалымдардың әлеуметендіру туралы пікірлерін саралай келіп, әлеуметтендіру немесе әлеуметтік даму бұл өмірге келген барлық адамның қоғамдық өмірге араласып, әрекет етуі үшін, өмір сүруге мүмкіндік беретін әртүрлі білім-біліктер мен өмірлік дағдылар және тәжірибелерді, жалпыға ортақ мінез-құлық нормалары мен ережелерін игеріп, белгілі іскерліктер мен өз ұлтының мәдениетін меңгере отырып қоғам мен мәдениетке кіру үрдісі. Игерген іскерлік-дағдылар мен құндылықтар негізінде әлеуметтік ортамен яғни қоғамдық өмірмен қарым-қатынасқа түсе отырып өмірдегі өз орнына, роліне ие болып, индивидтің тұлғаға немесе дербес адамға айналу жолы деп тұжырымдауға болады.
Балалар құқы Конвенциясында (1989) балаларды туылғаннан әлеуметтендіру, әртүрлі әлеуметтік ортаға бейімделу мен жаңа қарым-қатынастардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін нышандардың пайда болуы кезеңі немесе алғашқы сатысы деп қарастырады 4.
Елімізде жүргізілген соңғы статистикалық зерттеу қорытындыларының көрсеткіштері бойынша тұрақты мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың саны (мың адамға шаққанда ) қалада 134,1 пайызды , ауылдық жерлерде 13,4 пайызды құраған 5. Аталған мәліметтер көрсеткендей балалардың балабақшаға қамтылмауы мектепке дейінгі кезеңде міндетті мектепалды даярлық топтары мен сыныптарына барғанға дейін 6 жас отбасы алғашы әлеуметтік ортасы болып, әлеуметтендіру үрдісі тек отбасында жүзеге асуда. Осы мәселеге орай мынандай сұрақтар туындайды: отбасындағы тәрбиенің күнгейі мен көлеңкесі қандай, отбасында тәрбиеленген барлық балалар өз дәрежесінде жан-жақты (ақыл-ой, дене) дами ма, оған ата-ананың білімі жете ме?
Ал мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, психикалық поцестерін қалыптастыру, дамытумен қатар жан-жақты тәрбие беру көзделеді. Бағдарланған мақсат-міндеттерді шешуде мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі бағыттағы тәрбие бағдарламалары мен педагогикалық бағыттарда жұмыс жүргізілуде. Атап айтсақ "Балбөбек" бағдарламасы, "Сорос - Қазақстан" қорының "Тәй-тәй" бағдарламасы, ТРИЗ педагогикасы, Р.Штайнердің Вольдорфтық педагогикасы және т.б. жалпы дамыту бағыттары мен бағдарламалары.
"Балбөбек" бағдарламасында мектепке дейінгі кезеңде жүргізілуге тиісті білім беру мазмұны тарихи-тәжірибелік зерттеу нәтижесінде ұлттық педагогикаға негізделе құрылған 6.
Бағдарлама мазмұны "Отбасы", "Балабақша", "Ойыншықтар", "Жыл мезгілдері", "Қазақстан-Республикам менің", "Жануарлар дүниесі" атты тақырыптар негізінде 2-ден 7 жасқа дейін кешенді тәсілмен іске асырылады. Бағдарламада кешенді тәсіл арқылы әр топқа белгіленген апталық жүктемені азайта отырып, балаларды өз бетінше шығармашылықпен әрекет етуге баулиды. Бірізділік принципін сақтай отырып аптаның бір күні тәрбиенің бір саласына беріліп, қалған тәрбие алғашқысымен сабақтастырыла жүргізіледі. Экономикалық, экологиялық тәрбиенің алғашқы қарапайым негізерімен қатар, имандылық-инабаттылық тәрбиесі де бір бөлім болып берілген. Бағдаламаның негізгі мақсаты-жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру.
"Балбөбек" бағдарламасында әлеуметтік тәрбие тікелей мақсат етіп қойылып, жеке тарау болмағынымен әртүрлі тәрбие аясында әлеуметтік тәрбие мазмұны көрініс тауып, өз міндеттерін шешкен. Балаларды әртүрлі әлеуметтік ортада әрекет ете білуге үйретуге, әлеуметтік құндылықтарды топтан топқа күрделендіріп, қарым-қатынас арқылы мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға негізделе құрылған. Әр жас топтарында әртүрлі тәрбие аясында әлеуметтік тәрбие мазмұны төмендегідей болып келген.
Сәбилердің бірінші және екінші тобындағы балалардың әлеуметтік дағдылары: туыстық қарым-қатынастарды, өзінің толық атын-жөнін, ата-анасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, музыка жетекшісінің атын білу, ересектердің әлеуметтік ролін ажырата білу; өзге адамдардың эмоциялық көңіл-күйін, жағдайын түсіне және сезіне білу, оған өзінің қатынасын байқата білу, қарапайым тапсырмаларды орындауда бір-біріне бөгет жасамау дағдысы.
Естиярлар тобындағы балаларға әлеуметтік дағдылар: топ ішінде өзін дұрыс ұстай білу, қоғамдық орындарда, көшеде белгіленген мәдени мінез-құлық ережелерін сақтай білу, үлкендерге, өз құрбыларына ілтипатты болу, ескертусіз сәлемдесу мен қоштасу, тәрбиеші мен күтушінің аты-жөнін атап қатынас жасау, өзінің талап-тілегін сыпайылықпен білдіу, көрсеткен көмегі үшін рақмет айту, үлкендердің сөзіне араласпау және оны бөлмеу, келіспегені мен қабыл алмағанын әдепті түрде білдіру, өзінің, ата-анасының аты-жөнін, жасын, үйінің мекен-жайын, туыстық қарым - қатынас пен отбасының құрамын білу, адамгершілік қатынас ережелері (шындық, адалдақ, қамқорлық, тілектестік) дағдысы, ілтипат көрсету (көмектесу, қолқабыс етуге дайын болу, жол беру) дағдысы, үлкендермен, құрбы-құрдастарымен, таныс емес балалармен тілектестік қарым-қатынаста болу дағдылары.
Ересектер және мектепалды даярлық тобы балаларын әлеуметтік дағдылар: өзінің атын, жасын, ата-анасының және басқа да отбасы мүшелерінің атын білу, өзіне жасалған қамқорлықты сезіне білу, балабақшада және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, үлкендердің ескертуінсіз-ақ тәртіп сақтау, адамдарға қамқорлық ілтипат көрсету, өзгенің күйінішін, қиналған сәтін байқап, аңғару, жәрдемдесу, әлсіздік көрсеткендерді қорғау, өз жолдастарының іс-әрекетін бақылап, оған әділ баға беру, әділ талап қойып, ол талабының дұрыстығын дәлелдей білу, бірлесіп ойнау, еңбек ету, оны адамгершілік қатынастар бағытында жүзеге асыру, алға қойған мақсатқа жетуде жауапкершілік пен тұрақтылықты меңгеру дағдысы деп қарастырған .
"Тәй-тәй" бағдарламасы баланы жан-жақты жетілдіруге, дербестікке талпындыруға, өзіндік дамуына жағдай туғызып, кез-келген жағдайлардан дербес әрекет етіп, ой қорытып, өзін бетінше қадам жасауға үйретуге бағдарланған. Бағдарламада ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, дамытушы орта арқылы, баланы дамыту көзделген.
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің кім және қандай екенін, басқалардың кім және қандай екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
Қазақстан-2030 бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Бұл бағдарламаларды саралаудан шығатын қорытынды бағдарламалардың әр қайсысының өзіндік бағыт-бағдарымен, алға қойған мақсат-міндетеріне қарамастан барлығын тоғыстыратын негізгі мақсат - баланы тұлға немесе дербес адамға жеткізудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздеуі мен сол ізденістерін ғылыми негіздеп тәрбие бағдарламалары мен педагогикалық бағыттарды жасауында.
Ғалымдар атап көрсеткендей адамның қалыптасып дамуының айқындаушы немесе жауапты, адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын мектепеке дейінгі шақта балалардың әлеуметтік білімдері жинақталып, қалыптасады. Ал осы кішкентай адамның қалыптасып, дамуы шартты түрде өмір сүріп отырған ортасы мен үлкендерге байланысты екені даусыз. Сол себептен бала мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп, қажеттіліктерін қанағаттандыру ең бірінші шарт. Ал баланы әрекетке келтіретін күш - қажетсіну. Бұл баланың өзінді "Менінің", өзіндік көзқарасы мен танымының бастамасы. Қажетсінудің өзі мектепке дейінгі баланың барлығында жоғары дамып, әр кезде көрініс береді, ал осы қажеттілік өз дәрежесінде қанағаттанбаудан көмескіленіп, немесе жойылып жатады.
Психологтардың пайымдауынша қажеттілік-құмарлық-ниет-ұмтылыс-қы зығу-көзқарас-наным жүйесінің қалыптасуы адамның бағыт-бағдарының қалыптасуы, тұлғалыққа жеткізу жолы іспеттес екен.
Демек мекетепке дейінгі баланы әлеуметендіру - мектепке дейінгі педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі отбасылық тәрбие стилінің әсері
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған [5,64-65].
Д.Горборино отбасын адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі ретінде сипаттады [6,17]. А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды [3,65].
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша - отбасы - бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады [1,63]. Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено - деп берген А.Б.Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде болып табылады.
Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері деп анықтадық.
Баланың отбасындағы рөлі ата-ана мен бала қарым - қатынасындағы негізгі сұрақтардың бірі. Бала рөлі отбасы қарым-қатынасы жүйесінде әртүрлі болуы мүмкін. Оның мазмұны ата-ана қажеттілігін бала қаншалықты қанағаттандыратынымен анықталады. Бала қанағаттанғысыз жұбайлық қарым-қатынастың өтемі болуы мүмкін.
Ондай кезде бала құрал рөлін атқарады, яғни баланы жұбайлардың бірі отбасындағы өзінің көзқарасын күшейту үшін пайдаланады. Егер осындай өтемақы және көзқарас күшейту қажеттілігі қанағаттандырылса, онда бала отбасы табынатын еркеге айналады. Бала отбасының әлеуметтік мәртебесінің белгілі рөлін атқаруы мүмкін, яғни әлеуметтіксаулығының символы болуы мүмкін (бізде бәрі елдегідей). Бала әлеуметтік тұсаукесер нысанының рөлінде, отбасының ыдырауына жол бермейтін байланыстырғыш элемент болады (біз тек сен үшін айырылыспай жүрміз). Мұндай жағдайда балаға үлкен психологиялық жүктеме артылады да, ол эмоционалдық ширығуға әкеліп соғады. Бала ата-анасының айырылысуына, егер ондай жағдай болып жатса, өзі себепкер болған шығармын деп есептей бастайды. Баланың отбасындағы жағдайы ата-анасы балаға отбасында қандай рөл ойнауды жүктегенімен сипатталады. Бала мінез-құлқының қалыптасуы рөлдің сипатына, орнына және функционалдық толықтығына байланысты болып келеді. Баланың психикалық дамуына бүлдіргіш әсер ететін нәрсе - депривация. Депривация ата-анасы (негізінен анасы) қажетті күтімді қамтамасыз ете алмағанда және баланың басты қажеттілігін мойындамағанда немесе оның күтімін басқалардың мойнына артып тастап кеткенде пайда болады. Баланы анасынан толық ажыратқан жағдайда ерекше аналық депривация байқалады. Аналық депривация баланың психикалық дамуына ең күшті бүліндіргіш әсер етеді. Балалар үйі мен мектеп - интернаттарда тәрбиеленуші жетім балалардың өзіндік ерекшеліктері мен тәртіптері депривациясы бар баланың айқын үлгісі. Көптеген зерттеулер балалардың жаппай аналық депривация жағдайында өмір сүруі (бала анасымен толық ажыратылғанда) олардың психопатия, депрессия, фобия ауруларына ұшырауына әкеліп соғатынын анықтады. Ата-анасы қамқорынан айырылған балалар өмір бойы әлеуметтік және жас мөлшері жағынан едәуір кейіндеп қалады. Олардың өзіндік ерекшеліктері: сезім үстірттігі, қиялдау қабілетінің төмендігі, тым агрессивтілігі, мейірімсіздігі, бейқам жауапсыздығынан көрініп отырады. Депривация ерекшелігінің кейбір аспектілері әке - шешесі бар балаларда да пайда болуы мүмкін, егер өзінің негізгі міндетін атқара алмайтын және отбасы мүшелерінің қажетін өтей алмайтын патогенді отбасында тәрбиеленсе 4.Баланың жақсы тәрбиелі, қоғамда өзінің орны бар үлкен азамат болып өсуіне отбасының ролі өте жоғары. Біз отбасында баланы тек қана материалдық жағынан қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, баланың психологиялық жай-күйіне, қызығушылықтарына, жеке тұлғалыққасиеттеріне мән беруіміз керек. Баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, соған сәйкес қарым - қатынас жасалғандығы дұрыс. Соңғы кездері елімізде отбасылардың ажырасу жағдайы, отбасындағы түрлі конфликт жағдайлары көптеп кездесуде. Бұның салдары балаларға психологиялық жағынан кері әсерін тигізуде. Баланың отбасында тәрбиеленуіне анасымен бірге әкесінің де жауапкершілігін ұмыптағанымыз дұрыс. Бала ата-анасымен бірге толыққанды отбасында өмір сүрген жағдайда әлеуметтік ортада өзін сенімді ұстай алады.
Қазақ халқында Ел боламын десең бесігіңді түзе деген ұлағатты сөз бар. Отбасы -бала үшін маңызды орында екенін ұмытпай, біз болашақ ұрпағымызды Қазақстанға адал қызмет ететін, білімді де білікті, тәрбиелі азамат етіп өсіру міндетіміз
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлі
2.1 Отбасындағы баланың қарым-қатынас мәселесі
Қазақ халқында отбасы тәрбиесіне, ұрпағының жан-жақты болып өсуіне айрықша мен берілген. Баланы қайратты, қайырымды, ақылды, өнерлі, әділ адам етіп тәрбиелеу - әр уақытта қазақ отбасындағы басты мәселенің бірі болған.
Қазақ отбасындағы ата - ана мен баланың кісілік қарым - қатынасы, эмоцияналды сезімдері - олардың жаны мен қанының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы баланың қарым - қатынас мәселесі
Жеке тұлғаны өмірлік даярлауда әлеуметтендірудің алатын орны
Отбасы жас ұрпақты әлеуметтендіру институты ретінде
Мүгедектерді әлеуметтіндіру
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП БАЛАЛАРЫНЫҢ РУХАНИ ДАМУЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕТІМ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІCТEМECІ
Отбасы туралы жалпы ұғым
Аутистік спектрдің бұзылуы бар балалардың психологиялық - педагогикалық сипаттамасы
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Пәндер