Кітапхананы автоматтандыру процесі



Құрманғазы атындағы саз колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кітапхананы автоматтандыру процесі

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Автоматтандырылған кітапханан ақпараттық жүйесінің негізгі қызметтері
1.1Автоматтандырылған кітапхана ақпараттық жұйенің негізгі қызметі, құрамы мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 АКАЖ лингвистикалық қамсыздандырудың технологиялық жүйесі ... ... 13
2.Автоматтандырылған кітапхана ақпараттық жүйесінің техникалық және бағдарламалық қамтамасыздандырылуы
2.1 АКАЖ-дың ұйымдастырылған-технологиялық қамсыздандырылуы ... ... 16
2.2 АКАЖ бағдарламалық қамсыздандырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Кітапхана қызметшісінің автоматтандырылған жұмыс орындары ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Автоматтандыру - ғылыми функциялық басқару элементінің кең тарал-ған түрі. Автоматтандыру өз кезегінде техникалық кибернетиканың бір түрі. Техникалық кибернетика өте қиын автоматтандыруды басқару системасын компьютерлік әдіспен оқытады.
Автоматикалық басқару ХIХ ғасырдың соңында кең қолданыла баста-ды. Негізгі қолдану әдісі есептеу техникасы және ақпараттық жүйе барысын-да жүзеге асады. Автоматтандырудың өзі екі бөлімнен тұрады : ақпараттық және есептеу.
Қазірігі кезеңде РМК-да электронды депозитарий рөлін кәдімгі файлдық форма атқарады. Мысалы, көшіру, мұрағатқа жіберудегі барлық мәселелер, файл атауларын ойластыру, құқық есебін жүргізу және тағайындаудың күрделі жүйесі және т.б. Бұл жерде басқарма функциясын кітапхана бөлімшесіне беру туралы сөз жоқ. Себебі электронды құжаттардың көшірмелерін энерготәуелсіз тасығыштарда паралель түрде сақтау қажет, сонымен қатар сол тасығыштардың есебі жүйесін және оларды қайта көшіру қажет. Аса ірі емес көлемде мұндай тәсіл жұмыс атқара алады. Бірақ мұндай көлемнен РМК-ның көлемі әлдеқайда алдыда. Сондықтан 2006 жылы электронды депозитарийге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің өңдемесін жасау қолға алынған. Бағдарламалық шешімнің қажетті базалық құралдардың жинағын басқару, мәліметтерді беруге арналған хаттамаларды жүзеге асыратын Storage Resource Broker коммерциялық бағдарламалық қамту қойылған. РМК-ның қажеттілігін есепке ала отырып, ол қажет сервистер мен интерфейстермен толықтырылған. Көбінесе сенімді ресурстарды сенімді сақтауларды қамтамасыз ету құралдары, кітапханалық метамәліметтерді үдестіру жүйесі, электронды ресурстарды қолдау сервисі бар.
Демек, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының ақпараттық ресурстары, заманауи ақпараттық жағдаяттарға бейімделу тәсілдері, кітапхана қызметінің технологиялық үдерісі, қазіргі анықтамалық-библиографиялық аппаратының ақпараттық-ресурстық мүмкіндіктері озық елдер кітапханаларының хал-ахуалымен барабар (Ресей Федерациясы, Ресей мемлекеттік кітапханасымен салыстыру негізінде). Кітапханаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Өз тарапымыздан қосарымыз, кітапхананың ресурстық дами түсуі үшін, Ресей мемлекеттік кітапханасының тәжірибесіндегідей, ірі коммерциялық компаниялар қолдау көрсетсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 1992 жылдан бастап, локальды есептеу жүйесі құрылып, электронды каталог және тақырыптық дерек қорларды қалыптастырды. Қазіргі таңда кітапханаларда жүргізіліп жатқан жұмыстар толық электронды түрге өтпесе де көптеген атқарылып жатқан жұмыстар автоматтандырылған бағдарламамен жұмыс жасайды. Жалпы ғасыр талабына қарай автоматтандырылған кітапхана ақпараттық жүйесін ұиымдастырғаннан кейін көптеген тиімді жақтарын пайдаланып, оқырмандардың сұранысын, ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырыуда кітапхана қызметкерлерінің жұмысын ары қарай дамытуда бұл жүйенің үлесі зор.
Зерттеу мақсаты: кітапхана жұмысын автоматтандыру процесі туралы және автоматтандырылған кітапханалардың техникалық-бағдарламалық қамтамасыздандырылуын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Автоматтандырылған кітапханан ақпараттық жүйесінің негізгі қызметтері туралы түсінік беру;
2.Автоматтандырылған кітапхана ақпараттық жүйесінің техникалық және бағдарламалық қамтамасыздандырылуы туралы және тиімділігі туралы мағлұмат беру.
Зерттеу құрылымы:
Кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Автоматтандырылған кітапхана ақпараттық жүйесінің негізгі қызметтері
1.1Автоматтандырылған кітапхана ақпараттық жұйенің негізгі қызметі, құрамы мен құрылымы
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) - мәліметтерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, іздеуге берілген формада немесе әртүрлі мәселе түрінде шығаруға арналған бағдарламалық, психикалық, ақпараттық, лингвистикалық ұйымдастыру - технологиялық құралдары мен қызметтердің кешені.
Автоматтандырылған ақпараттық -логикалық жүйе (ААЛЖ) - әр түрлі және анықталмаған терминалогияны пайдаланатын ақпаратты сақтайтын, өңдейтін ААЖ.
Интеллектуалды ақпараттық жүйе (ИАЖ) - пайдаланушыға табиғи немесе кәсіби - бағытталған тілде қатысуға мүмкіндік беретін интеллектуалды интерфейспен жабдықталған ААЖ.
Ақпараттық - анықтама жүйесі - ақпараттық пайдаланушылардың ақиқаттық сүраныстарын қанағаттандыратын процестердің жиыны.
Ақпараттық қамсыздандыру - шешу кезендеріне сәйкес басқару, ғылыми, технологиялық, өндірістік, коммерциялық .
АКАЖ - автоматтандырылған кітапхананцң ақпараттық жүйелері.
РАКАЖ (РАБИС) - Республикалық автоматтандырылған кітапханануң ақпараттық жүйесі.
РАКАЖ ҚРҰК-да жұмыс істейді.
ИРБИС - авторы Ресейдегі мемлекеттік көпшілік ғылыми-техникалық кітапхана.
Библиотека 4.02 Ломоносов ат. ММУ
Ғылыми өндірістік бірлестік ИНФОРМ жүйесі 5.01 нұсқа
АМ - 11В - бұл кітапхананың автоматтандырылған жүйесі, Австралия.
КОРБИС - кітапханадағы ақпараттық жүйе, авторы Мәмбеталиев К.
Қызметі:
- библиографилық аөқпаратты сақтаудың МАКС деп аталатын халықаралық стандартыга сәйкес жазу, қарау, түзету.
- Құжаттардың мәтінін енгізу, қарау, түзету.
- Бибилиографиялық сипаттамаларды кезкелген өріс бойынша және мәтін бойынша іздеу.
- Каталог карточкаларын басып шығару
- Библиографиялық сипаттамалармен жұмыс кезінде және оларды іздеугн АПК (АПУ) енгізу, қарау, түзету.
- Тақырыптық тізімдерді дайындау және басып шығару.
- Жүйені пайдалануға және ақпараттың сақталуын қамтамасыз ететін функциялар.
1. Жүйе мәтіндік құжаттарағы теру, түзету, басып шығаруға байланысты технологияларды қамтамасыз етеді.
2. Бұл толық тексті деректер базасын, мысалы, заңдар мен нормативті актілерді, осы базалар бойынша библиографиялық анықтамалар, әдебиеттер тізімі және текстік құжаттардың толық тексін немесе фрагменттерін шығаруға мүмкіндік береді.
3. Библиографиялық сипаттамаларды өндеу жүйесі кітапхана жұмысын автоматтандырудың негізі болып табылады. Жұмыс нәтижесінде жүйе жұмысқа қосылған уақыттан бастап, кітапханадағы жаңа түскендердің библиографиялық сипаттамалары бар электрондық каталог құрылады.
4. Электрондық каталог әдебиетті іздеуге және таңдауға, кітапхананың әр түрлі функцияларын: жаңа түсілімдердің тақырыптық тізімін құруды, кітап фондық сақтауды ұйымдастыруды, оқырмандарға қызмет көрсетеді, кітапханалар арасындағы абонементті ыңғайлы етеді.
5. Технологиялық функциялар:
- ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге және жүйенің пайдалануы мен жұмысын қолдауға арналған. Оларға: файлдарды көшіру, қалпына келтіру, индекстеу және қысу жатады. Технологиялық функцияларды администратор орындайды. Қажет бағдарламалар жүйенің құрамына кіреді. Сондықтан ақпаратты сақтауға басқа бағдарламалар қажет емес.
6. РАБИС 5 модульден тұрады:
:: Каталогтар
:: Оқырмандарды тіркеу
:: Іздеу және заказ(тапсырыс)
:: Кітап беру
:: Интернет- модуль
Каталогтар модулі кітапхана бөлімдері қызметкерлерінің жұмыс станцияларында орнатылады, электрондық каталог, база мен мәліметтер банкін құруға арналған .
РАБИС Windows жүйесіндегі кез келген жергілікті желіде жұмыс істейді.
7. Пайдаланушы интерфейсі 3 тілді. Толық тексті және гипертексті базаны құруды қолдайды. Модуль әр қызметкерге пароль береді, сол бойынша мәліметтер базасын пайдалануға рұқсат береді.
- Оқырманды тіркеу модулінде оқырман мәліметтер базасында құрылады, ол барлық модулдерде пайдаланылады.
7. Кітап беру модулі алдыңғы модульдердің мәліметтерін пайдаланады, оқырманға кітап беруді автоматтандырады, кітап пен оқырманды бақылауға алады. 2003 жылдан бастап берілетін әдебиетті штрих-кодтау жүргізіледі.
Іздеу және заң модулі
8. Библиографиялық ақпаратты іздеу автоматтандырылады. Интернет- модуль - корпоративтік каталогтардың Қазақстандық орталығының жұмысын қолдайды.
ҚРҰК РАБИС- де 40 шақты мәліметтер базасы: служебные және пользовотельские.
9. Электрондық каталогтардың құрылу тәртібі: құжатты өндеу бөлімінің каталогтарында мәліметтер базасында жаңа түсініктер мен толықтыратын, түзететін, өеделген құжаттарды сақтауға жіберетін және ҚР ҰК негізгі каталогтарына жіберетін қызметші каталогтар бар.
АКАЖ құрамы және құрылымы
Бөлім идеологиясы - еліміздегі бас кітапхананың кітапханалық қорын сақтау мен қалыптастырудың ғылыми негіздегі саясатын әзірлеу. Қор құрудағы басымдық болып табылатындар - Қазақстанда жасалған ақпараттар жинағы және Қазақстан жайындағы, оның жетістіктері, табиғаты, географиясы, өндірісі, қоғамы мен мәдениеті - еліміздің имиджін халықаралық аренаға жеткізетіндердің барлығы. Дәстүрлі жинақтаумен қатар электронды толымдау бағытында да төмендегідей істер атқарылады:
- ақылы он-лайн ресурстар (Мәліметтер базасы) сапасын бағалау, лицензиялау мүмкіндігіне, жинақтау саясатына сәйкес релевантты ресурстарды сұрыптау;
- ақысыз негіздегі он-лайн ресурстарының сапасын бағалау, рұқсат берілген жағдайда құжаттарды кітапхана серверіне түсіру және әрі қарай электронды ресурстар каталогына жазбалар енгізу;
- CD, DVD форматындағы электронды ресурстар сапасын бағалау;
Электронды каталог қызметі. Электронды каталог қызметі жаңа түсімдерді өңдеуді жүзеге асырады, электронды каталог құруға қатысады, электронды каталог саласындағы жаңа технологияларды енгізу мен оны әзірлеуге жауапты. Осы аталған қызметте жүргізілетін штрих кодтау жүйесі, әдебиеттерді барынша тез іздестіруге көмектеседі. Құжаттарды өңдеудің алғашқы сатысындағылар - кітапхананың кез келген бөліміндегі кітап жолын бақылауға мүмкін болатын әрбір данаға бір-бірден штрих-код беру, электронды оқырман билетіндегі кітап туралы ақпаратты енгізіпшығару, құжаттарды қолдану мен оқырманның нендей кітап талап ететініне мониторинг жүргізу.
Кітап сақтау бөлімі. Кітапхананың негізгі қорын (КҚ) сақтайтын бұл бөлім 1 және 5 қабаттарда орналасқан, ол 6 250 шаршы метр алаңды алып жатыр. Бөлім ақпарат жеткізгіштеріндегі 1.5 миллионнан аса қатты даналарды қолдану мен ұдайы сақтауға арналған. Бұлар - кітаптар, журналдар, газеттер, атластар, альбомдар, карталар, мультимедиалық материалдар мен басқа да баспа басылымдары. Арнайы жабдықталған бөлмеде қорды сақтаудың физикалық, химиялық және биологиялық қолайлы режимі жасалған. Кітап қоймасында кітаптар мен құжаттарды тасымалдауға арналған транспортер бар;
Оқу залдарына сай құжаттарды немесе кітаптарды қабылдау мен жеткізуге арналған 4 көтергіш кран;
Оқу залдарынан не басқа бөлімдерден жаңа түсімдерді қабылдайтын 4 диспетчерлік пункт;
Қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесі;
Стеллаждар, қол арбалар.
Кітапхананы болжау мен дамыту секторы және ғылыми-ұйымдастыру бөлімі. Негізгі қызметтік бағыттар:
- кітапхана қызметін реттейтін нормативті-ұйымдастыру құжаттарының базасын қалыптастыру;
- анықтамалық аппарат құру және енгізу, құжаттармен іс жүргізуді ұйымдастыру, құжаттаудың бірегей тәртібімен қамтe;
- бейне және фотоматериалдар қорын құру бойынша жұмыс жүргізу;
- ақпараттық көрсеткіштер мен құжаттар жасауды реттеу, ұйымдастыру техникалық құралдарын қолдану негізінде құжаттама ақпараттарын және құжаттар айналымын тіркеудің жаңа технологиялық процесстерін әзірлеп, енгізу;
- республикамыздағы кітапханалар жайын болжау және талдау жасау;
- кітапханаларды диагностикалық-сараптамалық тексеру;
- аймақаралық әдістемелік бірлестіктермен жұмыстарды үйлестіру;
- кітапханадағы инновациялық процесстерді ұйымдастыру;
- кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
- кәсіби байланыстарды дамыту және т.б.
Орталық міндеттеріне консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету, сонымен бірге оны әрі қарай дамыту басымдықтарын айқындау мақсатында ОКЖ қарасты әрбір кітапхананың қызметіне жасалған диагностикалық сараптамалық зерттеулер кіреді. Зерттеулер нәтижесі бойынша аналитикалық анықтамалар, ұсыныстар жасалып, зерттеу қорытындысы мәдени орындардағы орган жетекшілеріне мәлімдеуге жеткізіледі. Кітапхананы жаңарту мен дамыту процесстерінің маңызды құраушысына кітапхана мамандарын кәсіби дайындау деңгейін біртіндеп көтеру жатады: жаңа жағдайдағы жұмыстарға үйрету, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдау.
Пайдаланушыларға қызмет көрсету орталығы. Пайданаланушыларға қызмет көрсету орталығы 20 оқу залына есептелген. Мұнда 500 тұтынушыға бір мезгілде қызмет көрсетуге мүмкінідік бар.
- ақпараттар мен тіркеу секторы;
- 100 орындық көпшілік оқу залы;
- мерзімді басылымдар залы;
- ғылыми қызметкерлерге арналған зал;
- көрме залы;
- әлем әдебиеттері залы;
- өнер залы;
- бейнесалон;
- электронды ресурстар залы;
- үнді зерделеу орталығы;
- ақпараттық даму орталығы;
- ақпараттық қызмет орталығы;
- электронды каталог залы;
- құжаттарды электронда жеткізу секторы;
- 140 орындық мәжіліс Көгілдір залы;
- кіші мәжіліс залы.
Ақпараттық библиографиялық сервис қызметі. Шексіз ақпараттар ағымында Сізге дұрыс бағдар беретін - ақпараттық-библиографиялық сервис қызметі. Оның міндеті - қажет әдебиеттерді, библиографиялық және фактографиялық мәліметтерді іздестіруде оқырмандарға көмек көрсету. Библиограф орындалған сұрауларды принтер, факс, телефон, электронды пошта және кітапхана вэб-сайтындағы интерактивті мүмкіндіктер негізінде жібереді.
Ақпараттық технологиялар қызметі. Ақпараттық технологиялар қызметі АҚРҰАК электронды ресурстарын, яғни, мәліметтер базасын, электронды каталогтарды, вэб-порталды және тақырыптық желілік жобаларды тиімді басқару мақсатында құрылған. Орталықтағы басты жұмыс бағытына алыс-жақын шетелдердегі алпауыт ақпарат ұстаушылардың электронды каталогы мен қашықтағы мәліметтер базасына қол жеткізумен қамту әрі оны тестіден өткізу, баға беру, қадағалау. Тұтынушылардың сұрауы бойынша алыстағы электронды каталогтар мен мәліметтер базасындағы ақпараттар терең іздестіріледі, қашықтағы мәліметтер базасы секілді АҚРҰАК жеке қорынан құжаттарды электронда жеткізуге өтінімдер қабылданады. Бұдан басқа, электронды ресурстарды басқару қызметі сандық кітапхананы, әдебиеттердің меншікті электронды коллекцияларын құру үшін құжаттар көлемін анықтайды.
КАБИC - жүйесі. Бұл кітапхана жұмысын автоматтандыруға арналған КАБИС бағдарламасымен көптеген кітапханалар жұмыс жасайды, соның ішінде И.П. Чехов атындағы орталықтандырылған қалалық кітапхана.
Кітапхана жұмысын автоматтандыруға арналған КАБИС - жүйесі арнаулы автоматтандырылған электрондық толық мәтінді базасын құру. Іс-қағаздарын библиографиялық сипаттамада 7.1 стандартына сай тарауларын пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл жүйенің жұмыс істеуі үшін жалпы қарапайым компьютердің жүйесі қолданылады. Карточкалар мен сыртқа жіберілетін іс - қағаздары принтермен шығарылуы қажет. Топпен жұмыс істеу базасында жалпыға бірдей пайдаланатын файл серверін падалануды ұйымдастыру қажет.
Кітапхананың модулдері:
КАБИС - басқару моделі және базадағы барлық документтер.
КАБИС - каталогтандыру дегеніміз библиографиялық сипаттама электронды каталог құрайтын модуль.
КАБИС - жинақтау модулі бұл кітапханадағы кітап қорын есебін жинақтау.
КАБИС - іздеу және тапсырыс беру. Бұл модуль оқырмандарға кітапты іздеуге көмектеседі.
КАБИС - оқырман картотекасы. Бұл модуль оқырмандардың базасын құрайды.
КАБИС - кітап беру. Бұл модуль оқырмандарды автоматты түрде қамтамасыз ету және келген адамдардың есебін шығару.
КАБИС - кітаппен қамтамасыз ету. Бұл оқулықтар мен тақырыптық сала боынша кітаптармен қамтамасыз ету.
КАБИС (Web-интерфейс) - бұл электрондық каталог арқылы толық интернеттен барлық документтерді алуға болады.
КАБИС - АРІ интерфейс бағдарламасы әлемдік СОМ бағдарламасы бойынша жүзеге асады.

1.2 АКАЖ лингвистикалық қамсыздандырудың
технологиялық жүйесі
ЛҚ қызметі - төмендегі қызметі іске асыратын жүйелік функцияларды ақпараттық тілдердің, лингвистикалық тілдердің және ақпараттық-тілдік сөздіктердің жиыны.
- АКАЖ деректер базасында тақырыптық іздеу (электрондық каталогтарда);
- ақпараттық басылымдар шығару;
- жүйеаралық ақпараттық әрекеттер;
АКАЖ-дың ақпараттық тілдері формальды тілдер болып табылады, мына түрлерге бөлінеді:
- индекстеу тілдері (ИТ), яғни құжаттарды немесе тақырыптық сұраныстарды алғашқы образын құру тілдері;
- ақпараттық-іздеу тілдері, (AIT), яғни тікелей ақпараттық-іздеуге идентификациялайтын тілдер. Құжаттардың тақырыптық сұраныстарға сәйкестіғ критерийлері іске асырылады.
- Ақпараттық - делдал тілдер (языки-посредники), құжаттардың жазбаларында ПОД-коммуникативті форматта беру тілдері.
АКАЖ деректер базасында кеңейтілген тақырыптық сұраныс бойынша және детальдық ұғымдарға дейін дәл анықталған сұраныс бойынша іздеу жүргізілу қажет. Кеңейтілген тақырыптық сұраныс бойынша іздеу үшін, классификация АІТ тиімді болады, ал детальдық сұраныстар бойынша вербалды АІТ. Вербалды (посткоординаталық) және классификациялық АІТ тексті бірінен-біріне аударылмайды. Сондықтан ЛҚ-дың құрамында кем дегенде бір вербалдық және бір классификациялық АІТ болу керек.
АКАЖ ЛҚ-ның классификациялық тілдерінің құрамы АКАЖ жобалау кезінде жүйенің сипатына және басқа да отандық, шет елдік жүйелермен байланысу мәселелеріне байланысты анықталады.
Классификациялық тілдердің ең минимумы-ГРНТИ, УДК, ДКД және ББК.
Тиімді вербалдық AIT - бірі, - кілттік теримндер тілі. Кең таралған вербалдық тілдің бірі - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітапхана жүйесінде қолданылатын форматтар
Кітапхананы басқарудың ғылыми-әдістемелік және инновациялық қызметі
Кітапханашының жұмысын автоматтандыру
Кітапхананы автоматтандыру процессі
Жаңа әлеуметтік – мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету
Инновацияны зерттеудің әдістемесі мен бағыттары
Кітапханаларды автоматтандыру тарихы
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Мектеп кітапханасының ақпараттық жүйесін құру
Қазақстан Республикасы кітапхана оқырмандарға Интернет жүйені қолдануы
Пәндер