Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетіне бейімділігі мен әлеуметтік статусын қабылдауының психологиялық ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалқ колледжі

Психология және педагогика
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетіне бейімділігі мен әлеуметтік статусын қабылдауының психологиялық ерекшеліктері

Орындаған:
Тесерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны
Кіріспе
1. Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетіне бейімділігі
1.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері
1.2 Кіші мектеп жасындағы балаларжың ұжымдық таным іс-әрекетін қалыптастырудың психологиялық аспектілері
2. Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекеттерінің әлеуметтік статусын қабылдауының психологиялық ерекшеліктері
2.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекеттерін қабылдауының психикалық ерекшелігі
2.2 Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықты қалыптастыратын негізгі шарттар
2.3 Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйелерінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез - келген дағдарыстан шығу делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мектеп ұжымы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу - ұстаздар қауымының, мектеп ұжымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.
Оқу іс-әрекеттің дамуы үшін оқушы бойында міндетті түрде талаптың болуы шарт. Талап, құлшыныс болмаған жерде оқу іс-әрекеті дами алмайды. Талап әдетте көру және есту анализаторларынан, сондай - ақ нерв жүйелерінің типологиялық қасиеттерінен құралады. 1- 2-ші сигнал жүйелерінің арақатынастары мен даму деңгейін де талапқа жатқызуға болады. 1- ші сигналдық жүйеге - түйсік, қабылдау, елес, ал 2- ге шындықтың ұғым болып қалыптасуы жатады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Оқушылардың танымдық сі-әрекеті адамдық танымның әр түрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылығымен сипатталады. Практик мұғалімдер қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады.олар бұл қарама-қайшылықтарды білімді меңгеру барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Қарама-қайшылықтар оқу процесінде обьективті түрде пайда болатын және оның қозғаушы күші болып табылатын басты қозғаушы күш. Қарама-қайшылықтың,қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзіндік санасындағы ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.сонымен қатар қарама-қайшылықтарды танымдық қызығумен байланыстырған бірнеше ғалымдар, психологтарболды: Л.Божович, Б.Теплова, Н.Морозова, Л.Славина және тағы басқалары. Қарама - қайшылықтарды шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып білуіне,өзінің тұлғалық қасиеттерін іске асыруына,өзін-өзі тануына көмектесуде. Сондықтанда ұжымда мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды,кедкергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші роль атқарады. Оқушылардың басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу-тәрбие процесінде және ұжымда,тағы басқаларда жүзеге асырылады.
Алайда бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің ұйымдастырылуы мәселесі әлі толық зерттелмеген. Еліміздегі әлемдік білім кеңістігіне ену мен жаһандану талабына орай бастауыш мектептегі білім беру саласын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.

1. Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетіне бейімділігі
1.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері
Кіші мектеп жасындағы балаларға ұжымдық танымдық іс-әрекеттер сабақта және сабақтан тыс уақытта дамиды. Оқу процесінің негізгі түрі - сабақ. Сабақта мұғалім оқушыларды ұжымдастыра отырып олардың танымдық іс-әрекеттерін (оқу, еңбек, ойын) дамытады. Мұғалім сабақта түрлі диагностикалық тесттер негізінде көптеген мәліметтер алады, соның негізгі жемісі түзету арқылы - оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін дамытады. Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттері - оқу процесіндегі қарама-қайшылықтарын шешуге, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетістіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер негізінде оқушыларда меңгерілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі екеніндігін айқындады, өйткені ол оқушыға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар жеке, фронтальдыоқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, дағдыларды қалыптастыруға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытты коорпорация қатынастары мен ойдың интеллектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екенідігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің ұйымдастырылуы ең алдымен оқушылардың белсенділігіне байланысты. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыруда танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың барлық түрлері, оқушыларда қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескеріледі. Оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы - оқушы жастардың танымдық іс-әрекетін жанландыру болып табылады.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырманы орындауымен, жұмыс істеу алу қабілетімен, жұмыс істей алу деңгейімен анықталады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы "осал жерлер" жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойына тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылықпен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің барысынша бара-бар құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз ретімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социаметриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің педагогикалық ұйымдастырылуының тағы бір жолы - ол балалардың ойлау қабілетін қалыптастырудың дидактикалық аспектілері болып табылады. З.Калмыкова - "Ойлау шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, шығармашылық, қарама-қайшылықтың бірлігіндегі продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен" - деп көрсеткен. (Психология Люблинская А.А. М-1997 144 б)
Танымдық іс-әрекеттің продуктивті және репродуктивті бөліктерінің қатынасы дидактикада мынадай түрде анықталады: шығармашылықтың және қайта өндіру бірлік тұтастығының жеке буыны, біріншісі дайындық болса, екіншісі негіз болады; қайта өндіру және шығармашылықтық әрбір буынның элементтерімен біртұтас; іс-әрекеттің екі бөлігі өзара байланысты және іс-әрекеттің тәсілін анықтайды.
Арнайы зерттеулер (А.Алексюк, З.Стоницкий және т.б.) мен алдыңғы қатардағы педагогикалық ұжымдардың тәжірибесінен оқушылардың оқу мақсатын түсінетінін көреміз.

1.2 Кіші мектеп жасындағы балаларжың ұжымдық таным іс-әрекетін қалыптастырудың психологиялық аспектілері
Оқушының ғылым негіздерін оқып-үйренуге және оларды өмірде қолдана білуге қажетті қабілеттері оқу іс-әрекеті үрдісінде қалыптасады. Оқушының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оның іс-әрекетін белсенді ету жұмысын ұйымдастыру керек. Оқушының жан-жақты дамуы тек ұжымдық таным іс-әрекеттер негізінде жүзеге асады және мақсатты болады.
Кез келген адамға тән әрекет болады. Сондай-ақ оқушы танымдық іс-әрекеті негізінде мыналар әрекеттер жасайды: білім алады, қосымша әдебиеттер оқиды, тапсырмалар орындайды, есептер шығарады, рефераттар жазады т.б. Осы әрекеттердің барлығы психикалық үрдістер түрінде көрініс береді: сезіну, қабылдау, ойлау, еске түсіру, көз алдына елестету т.б. оқушының танымдық іс-әрекетін оқу үрдісінде белсенді ету - оның ойлау қабілетін күшейту. Осы мәселенің маңыздылығын көрсеткен көрнекті психолог С.Рубенштейн төмендегідей түрде түсіндіреді: Оқытудың негізгі мақсаты тәлімгердің ойлау білуін тәрбиелеу болап табылады. Бұл жағдайда ол бұрыннан белгілі емес құбылыстар арасындағы жаңа тәсілдерді аша алады, құбылыстардың ішкі құпияларына қатысты мәселелерді шеше алады (Кулагина И.Ю. М.1997. 125-130 б).
Оқушының танымдық қабілетін дамыту арқылы оқып-үйренуге, ұжымдасуға деген жағымды мотив қалыптасады. Бұл мотив танымдық тапсырмаларды орындап қана қоймауы керек, сонымен қатар оқушыда сол тапсырмаларды орындау ынтасы, тапсырманы орындауға қызығу және шешілген тапсырманың нәтижесін көру қуанышы пайда болуы керек. Оқушының ұжымдық таным іс-әрекетін белсенді ету үшін ең алдымен олардың ойлау іс-әрекетін пәрменді ету керек. Оқушының ойлау іс-әрекеті 3 деңгейден тұрады:
1) түсіну деңгейі
2) қисынды ойлау деңгейі
3) шығармашылық ойлау деңгейі.
Түсіну - мұғалімнің іс-әрекет негізінде берілетін әрекет. Мұғалім оқушыларға жаңа материалды берген кезде, онда талдау, абстракциялау, жалпылау, анықтау, салыстыру, қорытындылау және т.б. ой операциялары болып жатады. Аталған ой операциялары көмегімен оқушы мұғалімнің оқу материалының қисынын, дәлелділігін бақылап отырады. Оқушының ой белсенділігі оның өз бетімен тақырыпты оқып-үйренгенде күшейеді. Ол тақырыптың тек мазмұнын ғана ұғып қоймауы керек, сонымен қатар тақырыптағы баяндалған мәселелердің ең маңыздылығын бөліп ала білуі, қарастырылған деректік шындыққа жанасымдылығын, негізділігін және ой қорыту қисынын байқай білуі керек.
Қисынды ойлау деп оқушының танымдық тапсырмаларды ұжымдаса орындау үрдісін айтамыз. Танымдық іс-әрекеттің осы деңгейінде оқушы оқып-үйренетін құбылыстар мен нысангдарды таңдай алулары қажет. Сондықтан да мұғалім оқушының танымдық іс-әрекеттерін одан әрі дамыту үшін көптеген тапсырмалар берулері қажет.
Шығармашылық ойлау кезінде мұғалім өзінің алған білімдер жүйесін бұрыннан таныс емес құбылыстар мен нысандарға қатысты мәчселерді шешуде мақсатты түрде қолданады. Танымдық іс-әрекеттің аталған деңгейі өзіндік ұжымдық іс-әрекетінде, оқу іс-әрекетінде жүзеге асады. Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұжым баланың қоғамды байланысы қалыптасатын, оның психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм.Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі - ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында. Балалар ұжымын ұйымдастыруда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген қажетсінуі үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды. Ұжым - мектеп оқушысының жеке бсының тұрақты адамгершілік қасиетін неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты.
Бастауыш мектеп өз шәкірттерін саналы ұйымдастырылған, әл-қуатына сай өндірістік еңбекке араластырып баруы тиіс. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дамуы- өте күрделі және қарама-қарсылық. Бұл жаста өсіп келе жатқан адам көп нәрсені түсініп алуы қажет, ал бұл үшін оның әрбір күнін барынша тиімді пайдалану керекті. Бұл жастағы негізі міндет- қоршаған дүниені, яғнитабиғатты, адамаралық қатанастарды- түсіну. Бастауыш мектеп кезеңінде барша ақыл- парасаттық, әлеуметтік және адамгершілік қасиеттер қарқынды дамып, олардың көбі бұдан былайғы өмір бойында өзгеріссіз бекиді. Зерттеулер көрсеткендей, оқу-тәрбие әртүрлі ұйымдасуынан, оқу мазмұны мен әдістерінің, танымдық іс-әрекеттерінің ауыспалы болуынан бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойлау қабілеті де әрқилы сипатта көрініс береді. Балалардың ойлау қабілеті олардың тілімен бірге дамиды. Қазіргі күнде үшінші сынып оқушыларының сөздік қоры 3500-4000 сөзді құрайды.
Мінезі ауыспалы бастауыш сынып жастағы оқушы- қатаң бақылауды талап етеді. Бастауыш мектеп мұғалімдері ең алдымен тән- дене даму заңдылықтарына арқа сүйегені жөн:
1. Жас кезінде баланың физикалық дамуы жылдам әрі жедел, ал баланың жасы ұлғаюымен даму желісі бәсеңдейді.
2. Баланың физикалық дамуы бір кезеңде- жылдам, ал екінші кезеңде- жәй.
3. Адам денесінің әрбір ағзасы өз желісімен дамиды, ал бүтіндей дене бөліктерінің дамуы тең емес әрі олардың арасында даму сәйкестігі байқалмайды.

2. Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекеттерінің әлеуметтік статусын қабылдауының психологиялық ерекшеліктері
2.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекеттерін қабылдауының психикалық ерекшелігі
Мектепке келген бастап, баланың психологиялық даму деңгейі жекелік ерекшеліктерінің дамуы ұлғая бастайды. Бұл ерекшеліктер ең алдымен олардың ақыл-ой, моральдық даму деңгейлерінің көріністерінен байқалады. Олар ортақ нұсқаулар және психодиагностикалық жағдайларға түрліше әсерлене алады. Кейбір балалардың көзқарастары өз деңгейінде қалыптасқан, психодиагностика тапсырмаларын қиналмастан орындайды, ал кейбір балалар әлсіз дамып келе жатқан балалар мектепке дейінгі тапсырмаларды ғана орындайды. Сондықтан да кіші мектеп жасындағы балаларға қандай да бір психодиагностикалық әдістемені пайдаланбас бұрын, психологиялық даму деңгейін шынайы бағалау үшін, баланың ақыл-ой деңгейіне сәйкестігін, тіпті жеңіл болып кетпеуін қадағалау қажет.
6-7 жастағы балалардың мектепте оқуға даярлығын қарастыратын болсақ, орта есеппен алғанда олардың 50-80% қандай да бір ерекшелігі және кіші мектеп бағдарламасы бойынша материалдарды толық игеруге, жалпы мектепте оқуға әлі дайын болмайды. Көпшілігі дене бітімі бойынша оқуға дайын болса, психологиялық даму деңгейі бойынша мектепке дейінгі баланың деңгейіне сәйкес болып тұрады. Егер мұндай балаға жеткілікті күрделі, жас ерекшелігіне сәйкес ырықты, ырықсыз зейін, есте сақтау және қиялға арналған психологиялық тест ұсынсақ, бала оны орындай алмайды.
Шет елдік психологияда қазіргі күнге дейін бірқатар бағыттар үшін жетекші принцип ретінде адам психикасының биологизация болып келді, яғни әлеуметтік пенде ретінде адам психикасының сапалық өзгешелігін елемеу.
Психикалық дамудың биологизаторлық теориялары Европа мен Америкада 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында пайда болды. Оның мәні: адам психикасы биологиялық шартталған, яғни психикалық ерекшеліктер (жаңа құрылымдар, интеллектуалдық қабілеттер, мінез туа берілген болып табылады) және даму осы туа берілген қасиеттердің пісіп жетілуі болып келеді. Даму кезеңдерінің алмасуы, қандай да бір психикалық процестер мен қасиеттердің пайда болу тәртібі, олардың даму барысында жететін деңгейлері - бұлардың барлығы алдын ала туқым қуалау арқылы анық болып келеді, яғни туқым қуалаушылық биологиялық фактор ретінде, психикалық дамудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.
Социлогизаторлық теорияларда, керісінше, психикалық дамудың жалғыз ғана критерийі әлеуметтік орта, сыртқы жадайлар болып табылады. Бала дүниеге келгенде таза тақтайдай болады, және де сыртқы жағдайлардың әсерінен адамға тән барлық психикалық сапалар дамиды.
Баланың қоршаған дүниеге деген қатынасының ерекшелігінен: бұл оған деген белсенді, әрекеттік қатынас, заттарды белсенді иегру, олармен әрекеттену тәсілдерін үйрену.
Баланың айналасындағы балаларға деген қатынасының ерекшелігінен: бала өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынас арқасында адам ретінде дамиды, бұл жерде тілді меңгеру елеулі мәнге ие. Үлкендерді балаларды тәрбиелей және оқыта отырып, оның іс-әрекетін ұйымдастырады және бағыт-бағдар береді. Олай болса, бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.
Балалардың мектепке алғаш келгеннен бастап, олардың психологиялық даму деңгейлерінің жеке айырмашылықтары көрінеді. Бұл айырмашылықтар иннтелектуалдық, мораьдік дамуларына байланысты балалардың бір-бірінен ерекшеленулерінен көрінеді. Олар бір инструкцияны және психодиагностикалық жағдайды әртүрлі қабылдайды.
Мектепке оқуға келген кейбір балалар ересек адамдардың психодиагностикасына арналған тестерді меңгерсе, басқалары аз дамығандары - 4-6 жастағы балаларға арналған әдістерін ғана меңгереді. Бұл әсіресе қоршаған ортада балалардың вербальді өзін-өзі бағалауында және әртүрлі саналық күрделі бағалауда қолданылатын психодиагностикалық әдістерге арналған. Сондықтан бастауыш мектеп жасындағы балаларға осы немесе басқа психодиагностикалық әдістерді қолданбас бұрын, оның балаларға интеллектуалді және баланың психологиялық даму деңгейін бағалауда өте қарапайым емес екендігіне көз жеткізу қажет.
6-7 жастағы балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындығына байланысты эмперикалық берілгендері бойынша 55%-тен 80%-ке дейін мектепке оқуға және бастауыш сынып бағдарламаларын толық меңгеруге әлі дайын емес. Кейбірі өзінің физикалық жасымен оқуға дайын, ал психологиялық дамуы жағынан мектепке дейінгі баланың деңгейінде яғни 5-6 жаста. Егер мұндай балаға жеткілікті қиын бірақ қызықсыз, дамыған ерікті, көңіл аударуды, есте сақтауды талап ететін психологиялық тестті ұсынса, онда бала бұл тапсырманы орындай алмайды.
Психологиялық даму деңгейлерінің төмендігіне байланысты. Егер керісінше осы тест тапсырмаларын балаға ойынды - қызықты формада ұсынса тест нәтижесі өте жоғары болуы ықтимал. Бұл жағдайда әсіресе 1 және 2 сыныпқа келген балалардың психодиагностикасын зерттеуде ескеру керек. 3-4 сыныптар психодиагностикасынан ересек адамдарға арналған бірақ тест тапсырмалары балалараға қол жеткізерлік тесттер пайдаланылады. Қол жеткізерлік туралы айтқанда, біз осы жағдайды бұл тапсырмалардың балалардың қабілетіне сәйкес болуын айтамыз. Тестке деген қызығушылық және жоғары мотивация болса оның нәтижесі жоғары болады.
Әр жас кезеңнің өзіне тән дене психикалық әлеуметтік даму деңгейі боладыБастауыш мектеп оқушыларының психика - педагогикалық ерекшеліктері:
1. Жүйке жүйесі жетіле түседі. Психикасы жедел дамуға келеді. Тежелу кемде де қозуы күшті.
2. Танымдық іс-әрекетті тікелей оқумен байланысты.
3. Қабылдау тұрақсыз, ұйымдаспаған, көрнекі қызығушылық басым.
4. Зейіні ырықсыз, тұрақтылығы кем, шектелген.
5. Ойлауы бастапқыда көңіл шарпуы (эмоция) мен бейнелі негізде, кейін дерексіз (абстракция) - логикалық кейіпке келе бастайды, тіл дамуымен бірге жүреді.
6. Ес қызықты, нақты, жарқын материалға бейімдеу, көрнекі бейнелі сипатқа ие. Есін толығымен қажетіне пайдаланып, оқу міндеттерін атқаруға қолдана алмайды.
7. Кіші мектеп жасы ізгілік, адамгершілік сапаларды баулауға ең қолайлы кезең.
8. Өзін-өзі мақтау мен басқалар мадағын жақсы көреді.
9. Ой-көңіл дүниесі сырттай әрекет-қылығымен анық көрінеді.
10. Бала еңбегін ойын үдерісімен байланыстыра ұйымдастырған ұтымды.
Психология аймағында да балалардың психикалық даму кезеңдерін айырады, бірақ психологиялық кезеңдерге бөлу педагогикалық жас кезеңдерімен бірдей сәйкес бола бермейді себебі психика даму ананың жатырында басталады.
Кіші мектеп жасында жүке жүйесі жетіліп барады, бас миі үлкен жарымшарларының қызметтері қарқынды дамып, даралана бастайды, ми қабығының талдау және біріктіру қызметтері күшейе түседі. Бастауыш мектеп жасындағы баланың бас миі салмақ жағынан үлкендердің миімен теңдесіп, орта есеппен 1400г. дейін ұлғаяды. Баланың психикасы шапшаң дами бастайды.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушының танымдық іс-әрекеті оқу барысында өзіндік қажет қалпына келе бастайды. Мұнда тілдесу- қатынас аймағының кеңеюі де аса маңызды. Бастауыш жастағы оқушылардың қабылдау тұрақсыз және ұйымдастырылмаған. Бірақ, олардың роны бала байқағыштығының өткірлігімен және жаңалыққа бейнелі құмарлығымен толтырылады.
Бастауыш мектеп балаларының ойлау қабілеті көңіл-күй бейнеліктен абстракт- логикалық сипатқа өте бастайды. Балалар жалпыланған формалармен, түр-түстерімен, дыбыстармен ойлауға қабілетті- деп К.Д.Ушинский өз уақытында ескертіп, мұғалімдерге алғашқы оқу сатысында балалардың осы ойлау ерекшеліктерін пайдалануды ұсынды. Бастауыш сынып оқушыларының табиғи мүмкіндіктері орасан: оның миі сөзбе-сөз жаттап алуға икемді келеді.
Бастауыш жастағы оқушының тұлға болып қалыптасуы жаңа ықпалдарға тәуелді, бұлардың ішінде аса мәнділері- ересекткермен (мұғалімдермен), қатарларымен (сыныптастарымен) жаңа байланыс- қатынастары, жаңа іс-әрекет (оқу) және ортақтасу түрлері, үлкен ұжымдық жүелерге (жалпы мектептік, сыныптық) енуі. Бастауыш мектеп тұлғаның әлеуметтену үдерісінде, адамгершілік- азаматтық кемелденуінде өте маңызды орын алады. Оқушының сеп-түрткілер аймағының дамуы ақыл-ес дамуына қарағанда біршама кемірек.
Бала психикасының дамуының қажетті шарттары деп келесі адамзаттық тектік ерекшеліктер қарастырылады: адамзат миы, адамзат дене мүшелері, адамға тән морфофизиологиялық факторлар және олардың жетілу ерекшеліктері.
Баланың психикалық дамуы оның қоршаған ортаға биологиялық бейімделуі немесе теңесуі процеіс ретінде жүзеге аспайды, керісінше әлеуметтік тәжірибені иегру, процесі ретінде жүзеге асады. Белсенділік пен іс-әрекет - бұл баланың психикалық дамуының қозғаушы күші болып табылады.
Сонымен:
1) баланың психикалық процестері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;
2) бұл процестердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-әрекетінсіз мүмкін емес еді.
Кейбір психикалық әрекеттердің дамуы мен қалыптасуы үшін мерзімдер блады. Қандай да сапалардың қалыптасуы үшін аса қолайлы болған жас кезеңдері психологияда сензитивтік кезеңдер деп аталады. Сензитивтіксебептері- ми мен жүйке жүйесінің пісіп жетілуіндегі теңсіздіктер және тұлғаның кейбір қасиеттерінің бұрыннан қалыптасқан сапалар негізінде орнығуынан. Әлеуметтену қабылданған омірлік тәжірибе де үлкен маңызға ие.
Бастауыш мектеп оқушыларының дамуында жалпы және ерекше құбылыстар ажыралады. Жалпы құбылыс белгілі жастағы барша балаларға тән, ал ерекшесі жеке балада көрінеді. Ерекше қасиет- сапалар даралықты танытады. Даралық түйсікте, қабылдауда, ойлауда, қиялда, қызығуларда, бейімділікте, қабілеттерде, темпераментте, мінезде, яғни адамның барша психикалық болмысында байқалады. Баланың психикалық дамуының өзгешілігі мен тұлға қалыптасуы проблемасы жас ерекшелік психологиясында өзекті болып табылады. Бұл келесі мәселені шешеуден көрініс табады: психикдағы анықтаушы биологиялық па әлде әлеуметтік пе? Екі бағыт айқын бөлінеді:
1) биологизаторлық;
2) социологизаторлық.
Бастауыш мектепті бітірген адам жалпы, баршаға бірдей білімділік және тәрбиелілік стандартымен сипатталады. Бастауыш сынып оқушыларының даралық ерекшеліктерін ескереу- өте маңызды, тартымды және қажетті бала тұрса да сыныпта 20-30 оқушыны оқытып, тәрбиелеп жатқан бір мұғалімге қиын.

2.2 Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықты қалыптастыратын негізгі шарттар
Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр.
Өсіп дамып бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды, жағымсыз жақтарымен елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, шынайы адалдық, жақсы - жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге: өзін - өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамы мен іскерлігі жатады. Егер бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, бала қайырымды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Бала мазасыздығына ата-анамен бала қарым-қатынасының әсері»
Кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуы
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды мектепке бейiмдеудiң психологиялық негiзi
Бастауыш сынып оқушыларының өзін -өзі бағалауын қалыптастырудың теориялық негіздері
6-7 жасар балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалар және бастауыш мектеп оқушылары
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін қабылдауындағы психологиялық ерекшеліктер.
Көру қабілеті бұзылған балалар
Соқырлардың зейінінің ерекшелігі
Пәндер