Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі. Құжат ұғымы және функциясы



Дәріс жоспары:
1. Құжат ұғымы және функциясы
2. Іс қағаздарын жүргізу тарихы мен міндеттері
3. Іс құжаттарының жіктемесі.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
1-дәріс. Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі. Құжат ұғымы және
функциясы

Дәріс жоспары:
1. Құжат ұғымы және функциясы
2. Іс қағаздарын жүргізу тарихы мен міндеттері
3. Іс құжаттарының жіктемесі.

1. Құжат ұғымы және функциясы
Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және
сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат –
ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз,
компьютер дискісі, фото және кинопленка және т.б. қызмет етуі мүмкін. Іс
құжаты әкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді.
Құжат ұғымы білімнің көптеген саласында қолданылып, тұтас бір ғылыми
пәндер қатарындағы зерттеу объектісі болып табылады.
Құжат ұғымын деректану саласы кең ауқымда түсіндіреді. Ол бойынша, құжат
– объективті өмір шындығы мен адамның ой қызметіне қатысты ақпараттарды
арнайы материалға кез келген тілде, кез келген тәсілмен бекіту құралы.
Деректануда құжат – арнайы ақпарат жеткізуге арналған объект.
Құжат ұғымы өзінің даму жолында айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған.
Латын сөзі doceo алғашында үйретемін, хабарлаймын деген мағынаны
берген. Кейіннен туындаған, сөздің тар мағынасында алатын болсақ айғақ,
дәлел, куәлік мағынасын беретін documentum түрі ғылыми және практикалық
қызмет саласының көпшілігінде ұзақ уақыт пайдалануда тұрақтап қалған.
Араб тілінде құжат сөзі алғашқы кезде діни мәнде қолданылған. Кейін
келе ол жалпы мағынаға ие болды.
Орыс тілінде документ, яғни құжат ұғымы 17 ғасырда пайда болды. І
Петр оны письменное свидетельство, демек, жазбаша куәлік ретінде
аударып, сол арқылы құжаттың құқықтық мәнін белгіледі.
ХІХ ғасырда құжаттың басқару ісіндегі мәніне деген жаңа көзқарас пайда
болды. Нысан бойынша белгіленіп, басқару процесін жүргізуге арналған
ақпарат құжат деп саналды.
Төңкеріске дейінгі Қазақстан жағдайына келетін болсақ, XIX ғасырдың
алғашқы жартысында Бөкей хандығында іс қағаздарын жүргізетін кеңсе
болғандығы мәлім. Жәңгір хан ұйымдастырған бұл арнайы кеңсе екі бөлімшеден
тұратын.
Біріншісі, ханның өз қол астындағы сұлтандармен, екіншісі – ресейлік
шенеуніктермен қызметтік байланыстарын түркі-шағатай және орыс тілдерінде
әзірленетін іс қағаздары арқылы жүргізіп отырды.
Құқықтық күшке ие жазбаша дереккөз тұрғысындағы құжат ұғымы ХХ ғасырда
да сақталған. Мәселен, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде құжат сөзіне
мынадай анықтама береді: Белгілі бір жайды я фактіні сипаттап
куәландыратын іс қағазы (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 50 мыңға жуық
сөз. Алматы: Дайк-Пресс, 2008. 534-бет)
С.И. Ожеговтың Орыс тілі сөздігінде құжат ұғымына үш түрлі мәнде
түсінік беріледі: 1. Қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге қатысты
құқықты растайтын іс қағазы. 2. Ұсынушы тұлғаны ресми куәландыратын нәрсе
(төлқұжат және т.с.с.). 3. Жазбаша куәлік.

Ақпарат бекітілетін негіз (носитель) ұғымы ғылыми айналымға алғаш
рет социалистік елдердің қазіргі заманғы мұрағат терминологиясы сөздігі
арқылы енгізілді. Құжат ұғымы мынадай сипатта берілді: Құжат – жазу,
кескіндеу, фотоға түсіру, дыбыс жазбалары немесе өзге де тәсілдер арқылы
объективті шындыққа қатысты нәрселер жайлы және адамның ой қызметі туралы
ақпаратты бекіту нәтижесі.
Құжат ұғымы сөздіктермен қатар мемлекеттік стандарттарда да беки
бастады. 16487-70 Мемлекеттік стандартында құжат арнайы материалда
адамның шын мәніндегі объективті және ой қызметі барысындағы құбылыстар,
фактілер туралы ақпараттарын түрлі тәсілдермен бекіту құралы ретінде
көрсетіледі. Бұл ұғымда ақпаратты бекітудің тәсілдері мен материалы,
құжаттың міндетті түрде сәйкестендірілуі секілді жаңа белгілері назарға
алынған.
16487-83 Мемлекеттік стандарты бұл терминнің семантикалық мәнін ашып,
оны толықтыра түсті. Мұнда құжаттың материалдық негізі ондағы ақпараттан
бөлек алынып қарастырылады: Құжат – уақыт пен кеңістікке тапсыру үшін адам
қолымен жасалған тәсілдер арқылы бекітілген ақпараты бар материалдық
объект.
Құжат анықтамасының даму барысын талдай отырып, бұл терминді
түсіндірудің негізгі үш тәсілін бөліп атауға болады. Біріншіден, құжат
қандай да бір материалдық объект болып табылады, екіншіден, жай ғана
материалдық объекті емес, сонымен қатар, ақпарат жеткізгіш, үшіншіден, әрі
ол құжатталған ақпарат (яғни, қайта өңдеу және сақтау мақсатында
материалдық негізге бекітілген қандай да бір әлеуметттік ақпарат. Басқаша
айтқанда, биологиялық ақпараттың, жанды және жансыз табиғат ақпараттарының
адам ойы жететін деңгейде жазылған немесе осы деңгейде өңделген түрлері мен
формалары) болып табылады.
М.В. Ларин Управление документацией в организациях (Ұйымдарда
құжаттаманы басқару) атты еңбегінде құжатты мынадай үш басты компонент
құрайтынын атап көрсетеді: ақпарат, негіз (материал жеткізгіш) және
ақпараттың сәйкестендірілу мүмкіндігі.
Қазақстан Республикасында құжат ұғымының ресми түсіндірмесі ҚР
Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау
жөніндегі комитеттің 2001 жылғы 14 мамырдағы № 140 бұйрығымен бекітіліп,
күшіне енгізілген 1037-2001 ҚР СТ-да былай баяндалады: Құжат (құжатталған
ақпарат) – сәйкестендіру мүмкіндігі бар материалдық жеткізгіште тіркелген
ақпарат. Қазіргі заманғы отандық құжаттану ісі дәл осы анықтамаға
сүйенеді.
Құжат стандартталған термин, яғни бұл осы ұғымды айқындауға арналған
жалғыз термин болып табылады. Құжатталған ақпарат термині синоним-термин
рөлін атқарады. Аталмыш стандартта ол деректер анықтамалығы тұрғысында
келтірілген.
Өнеркәсіптік, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы дәстүрлі
құжаттау тұрғысынан алғанда жаңа, тек өзіне ғана тән ерекшеліктері бар,
өзгеше электронды құжат түрінің түзілуіне алып келді.
Құжат функцияларын жалпы және арнайы функциялар деп екі салаға бөлуге
болады. Жалпы функциялар құжаттардың бәріне ортақ. Ал арнайы функциялар –
құжаттардың тек шектеулі топтарына ғана тән.
Құжаттың жалпы функцияларына мыналарды жатқызуға болады:
1) әлеуметтік – құжат әлеуметтік мәнге ие объект болып табылады, өйткені
ол әлеуметтік қажеттіліктен туындаған әрі сол әлеуметтік жүйеде жүзеге
асырылады;
2) ақпараттық – құжат ақпаратты жазып алу, сақтау және тарату құралы
ретінде қызмет етеді;
3) қарым-қатынастық – құжат қоғамдық құрылымдар мен жеке адамдар
арасында байланыс құралы ретінде жүреді, ол жай хабарландырып қана
қоймайды, сонымен бірге қоғамдық сананы шоғырландырып, бірыңғай пікір
қалыптастыруға, ұжымдық реакция туғызуға, бүкіл қауымды жұмылдыруға ықпал
етеді;
4) мәдени – құжат әлеумет тәжірибесі мен мәдени дәстүрлерді бекіту және
оларды болашаққа қалдыру құралы ретінде қызмет етеді;

Құжаттың арнайы функцияларына мыналар жатады:
1) құқықтық – құжат қоғамдағы құқықтық нормалар мен құқықтық қарым-
қатынастарды бекіту және өзгерту құралы ретінде қызмет етеді. Хабарланып
отырған мәліметтерге, оқиғаларға баға беру арқылы құжат құқықтық сананың
қалыптасуына, мінез-құлықтың әлеумет тарапынан қолдау тапқан үлгілерін
әзірлеуге, моральдық-этикалық нормаларды игеруге ықпал етеді;
2) дәрістік – құжат жинақталған әлеуметтік тәжірибелерді ой елегінен
өткізе отырып, бұл жөніндегі білім қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге
көмек береді, тұлғаның қалыптасу процесіне қатысады;
3) танымдық – құжат ой елегінен өткізіліп жазылған мәтін негізінде
шындықтың неғұрлым ауқымды, абстрактылы, теориялық үлгісін жасауға
мүмкіндік береді.
4) басқарушылық – құжат басқару құралы болып табылады, қоғам мүшелерінің
ұжымдық қызметін мейлінше тиімді ұйымдастыру мақсатына сәйкес жоспарлау,
үйлестіру және реттеу ісіне көмектеседі;
5) мемориальдық – құжат қоғамның, ондағы жекелеген құрылымдардың дамуы
туралы және дербес тұлғалар жайлы тарихи дерек көзі ретінде көрінеді;
6) есептік – құжат өндірістік және шаруашылық қызметтің барлық
кезеңдерінде атқарылған жұмыс процестерін сүзгіден өткізіп отыратындықтан,
оның нәтижелерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
7) эстетикалық – құжат өзінің материалдық негізі құрамына болмысты
образды-көркем игеру нәтижелерін түсіру арқылы жинақтап қорытылған
эстетикалық тәжірибелерді сақтайды және таратады;

Ұйымда құжаттарды түзу, қолжазбадан қайта басу, оқу, есепке алу,
сұрыптау, сақтау, іздестіру, ақпараттарды ұқсату т.б. жөнінде қыруар
жұмыстар атқарылады.
Ұйымның коммерциялық қызметі табысты жүргізілуі үшін ақпараттардың
сақталу жағдайы ондағы мәліметтер құпиялылығы сенімді түрде қамтамасыз
етілетіндей дәрежеде болуы шарт.
Терминдердің бірыңғайлығын бекітіп, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз
ету жүйесінің республикадағы даму бағытын көрсететін бірқатар анықтамаларды
келтіріп өтейік.
Төменде беріліп отырған негізгі терминдер мен анықтамалар Қазақстан
республикасының Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен
анықтамалар 1037-2001 Стандартына сәйкес, заңды тұлғалар қызметінде
түзілетін құжаттаманың барлық түрлерінде, сондай-ақ іс қағаздарын жүргізу
мен мұрағат ісі бойынша шығарылатын ғылыми-әдістемелік, нормативтік-
әдістемелік, анықтамалық және оқулық әдебиеттерде бір ізбен қолданылуы
міндетті.
Құжаттың сыртқы белгілері: Құжаттың көлемі мен пішімін, ақпарат
жеткізушіні, жазу түрін, рәсімдеу құрамын көрсететін белгілер (2.4 тармақ);
Жазба ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректануда құжат - арнайы ақпарат жеткізуге арналған объект
Мемлекеттік стандарттар мен құжаттар
Мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуді, мұрағат қызметін заңдық және нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттеу
Құжаттардың деректемелерін ресімдеу
Іс қағаздарын жүргізумен таныстыру
Басқару құжаттарының жіктелуі
Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қорлары
Оқу функциясы
Мемлекеттік тілде іс қағаз жүргізу
Іс қағаздарын жүргізу негіздері
Пәндер