Орталық жүйке жүйесін қоздыратын дәрілік заттар



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Жұқпалы емес аурулар және
морфология кафедрасы

Реферат
Тақырыбы:
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын дәрілік заттар

Орындаған:ВС-31 топ студенті Зинешов Б.Қ
Тексерген:оқытушы в.ғ.м. Ертлеуова Б.О

Орал, 2012

Мазмұны

Ι. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
III. Негізгі бөлім.
1.Орталық жүйке жүйесін қоздыратын, стимулдайтын дәрілік заттар. ... ... ...10
2. Жұлынның қызметтеріне дем беруші (стимуль) дәрілік заттар ... ... ... ... ..14
3. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын алькоголдік
препараттарға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ΙV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
V.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Кіріспе
Ветеринарлық фармакология дәрілік заттардың әсерінен тірі организмдердегі физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің заңдылықтарын, осы заңдылықтарға сүйене отырып, дәрілік заттарды қолдану әдістері мен оның әсерінен болатын өзгеріс көрсеткіштерін ветеринарлық тұрғыдан зерттеу.
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын препараттарға кофеин, кофеин туындылары жатады.
Малдәрігерлік тәжірибеде кофеиннің натрий - бензоат тұзы қолданылады. Организмге әсері күрделі:
* Орталық нерв жүйесін, әсіресе бас ми қабын, қоздырады;
* Дем алу орталығын қоздырады;
* Қан тамырларының жирылуын реттейтін орталықты қоздырады;
* Жұлынды да әжептәуір қоздырады; жүрек етінің қызметін жақсартады;
* Зәрдің бөлінуін үдетеді.
Сонымен қатар ветеринарияда малдың денсаулығын сақтау мақсатында көптеген дәрілер қолданылады. Олардың ішіндегі ерекше маңызға ие алкогольдер болып табылады.
Алкогольдер - құрамында бір немесе бірнеше гидроксил топтары бар көмірсутектер. Олардың санына байланысты бір, екі, үшатомды алкогольдерді ажыратады. Гидроксил топтарының орналасу тәртібіне байланысты бірінші, екінші, үшінші деп бөледі. Сондай-ақ алифатты, ароматтық алкогольдер де бар.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты- орталық жүйке жүйесіне әсер беретін препараттардың түрлерін, олардың әсер ету механизмдерін, қолданылу көрсеткіштерін, жануар түріне байланысты дозалануын, теріс әсерлерін толықтай зерттеп, алкогольдің орталық жүйке жүйесіне әсеріне баға беру.

II. Әдебиеттерге шолу
И.Е.Мозговтың (1985) деректеріне сүйенсек, алкогольді препараттардың атауы гидроксилмен байланысқан радикалдармен анықталады. Көп атомды спирттердің атаулары моносахаридтер (манноза-маннит, ксилоза-ксилит) арқылы анықталады. Фармакологияда барлық спирттердің ішінде ең маңызды орынды этил спирті алады. Этил спирті (шарап спирті, этанол) - spiritus aethylicus, GgHs OH. Шарап спиртінің Россияда алынуы жөніндегі алғашқы мәліметтер XII ғасырда келтірілді. Кейіннен (XII-XIII ғ.ғ) спиртті емдік мақсатта тірі су (Agua vitae) деген атаумен қолдана бастаған.
Е.А.Лужников, Л.Г.Костомарова (1989) пікірінше, организмге түсу жолына, мөлшеріне, концентрациясына және әсер ету ұзақтығына байланысты этанол наркотикалық және токсикалық әсерге ие. Мөлшері мен концентрациясының дене салмағына сәйкес келмеуі жіті улануға әкеліп соқтырады. Дегенмен, этанол мал организмінің табиғи метаболиті және белгілі бір мөлшерде ветеринарияда дәрілік зат ретінде, сонымен қатар фармацевтикалық препараттардың, экстрактілердің және тұнбалардың еріткіші ретінде қолданылады.
В.М.Данилевский (1983) Спиртті қолданудың қарсы көрсетілімдерін былайша сипаттайды: Өкпенің ісінуінде спиртті қолдануға абсолютті қарсылық жоқ. Салыстырмалы қарсылықтарына психомоторлық қозу мен миокардтың инфарктісі кезіндегі ауру сезімі болып табылады. Мұндай жағдайда ауру малға спирттің ингаляциясы ауыр немесе аз әсер етеді. Сондықтан миокардтық инфарктісі кезінде алдын ала наркозға арналған дәрілер, анальгетикалық және антигистаминді препараттарды енгізгеннен соң пеногаситель қолданған жөн.
А.Г.Мирошниченко, В.В.Руксина, В.М.Шайтор (2007) еңбектерінде: Алкогольдің асқорыту трактісіне әсері көбінесе шөпқоректі жануарларда байқалады. Қарынның секрециясы әлсірегенде алкоголь секреторлық зат ретінде әсер етеді және асқорыту процестерін жеделдетеді, ауру сезімін басады және секреторлық қызметпен қатар моторлық қызметті де қалпына келтіреді. Токсикоз және күшті ашу процестері кезінде алкоголь осы процестерді шектеумен қатар, микробтардың дамуын тоқтатады және де асқорыту трактысының негізгі функцияларын қалпына келтіруге септігін тигізеді. Қарын мен ішектер арқылы сіңірілу алкогольдің шектеулі дозаларының әсерінен күшейе түседі, сондықтан спирттік ерітінділерді, сірнелерді, экстрактілерді дәрілердің әсерінің тездетілуі үшін ұсынады.
А.И.Ятусевич (2006) зерттеуінше, толық наркоз сатысында тыныс алу орталығы күйзеліске ұшырап, беткі тыныс алу пайда болады. Артық мөлшерлеу болған кезде жануарды өлімге алып келеді, сондықтан алкогольді толық наркоз үшін қолданбайды. Наркотикалық жағдай 40 минуттан 3 сағатқа дейін созылады және ұзақ ұйқыға ұласады.
Жеңіл наркоз кезінде тыныс алу сәл ғана әлсірейді, ал аз мөлшерден көбінесе күшееді. Бұл тыныс алудың күшеюі рефлекторлық болып келсе де, кейбір зерттеушілердің ойынша бұл кезде тыныс алу орталығының қозуы да бар деп есептелінеді.
А.Д.Третьякованың (1988) мәліметтері бойынша, наркотикалық зат ретінде алкогольді ішке және тамыр ішіне тағайындайды. Тамыр ішіне еңгізгенде наркоз инъекциядан соң бірден басталады да, бір сағатқа созылады, ал ішке қолданғанда 10-15 минут - 1,5 сағатқа дейін созылады.
Ауруды басатын, ашуға қарсы және антисептикалық зат ретінде алкогольді қарынның жіті керілуінде, күшті ашу процестерінде, құрыстыратын шаншуларда жіне ішектің атониясында, сонымен қатар мидың қабынуында, құрыстыратын жөтелде, иттердің обасында ауырсынуды басатын зат ретінде тағайындайды.
И.В.Сидоровтың (1986) еңбектерінде алкогольдің бактерицидті әсері клиникада жануардың операциялық алаңын дезинфекциялау үшін, хирургтің қолын, инструментерді, танушы материалдарды залалсыздандыру үшін кеңінен қолданылады. Алкоголь көптеген қышымаға қарсы линименттердің құрамына кіреді және фармацевтикалық препараттарды дайындауда еріткіш немесе көмекші зат ретінде қолданылады.
С.Н.Голиковтың (1978) оқулығында метанолдың әсері былайша сипатталады: Метанол қарын мен жіңішке ішекте тез сіңіріледі. Барлық дерлік (90%) метанол нәтижесінде жоғары токсикалық қасиетке ие формальдегид пен құмырсқа қышқылы түзілетін алкогольдегидрогеназа ферментінің көмегімен метаболизденеді. Метанолдың метаболиттері бүйректрі арқылы шығарылады, ал азғантай мөлшері (15%) өзгеріссіз күйде өкпе арқылы бөлініп шығады.
Метанолдың токсикалық әсері орталық нерв жүйесінің күйзелуімен, ауыр метаболикалық ацидоздың дамуымен, көз торшасының зақымдануымен және көру нервісінің дистрофиясымен байланысты. Өлім дозасы ішке қолданғанда - 100 мл.
З.К.Қожабековтың (2000) зерттеуі бойынша, этанол нерв жүйесіне жалпы алғанда күйзелтетін әсері бар. Этанолға жалпы жансыздандыру, анальгетикалық, седативтік (тыныштандыратын), құрысуға қарсы, ұйықтататын әсерлері тән. Жалпы анестетик ретінде этил спирті
фармакодинамикасы бойынша наркоздық әсері шамалы (яғни, тыныс жолдары арқылы енгізгенде дозасын тез қайталап отыру қажет). Ингаляциялық анестетик секілді оның негізгі кемшілігі - екінші кезеңі өте айқын, әрі ұзаққа созылады, наркоздан баяу сейіледі. Дегенмен, оны ірі қараға, қой мен ешкіге наркоз ретінде пайдаланады.
В.Н.Жуленко, В.В.Уша, О.И.Волкова (2003) оқулықтарына көз жүгіртсек, этил спиртін ветеринарияда қолдану көрсеткіштері нақты көрсетілгендігін байқауға болады.
Этил спирті наркотикалық зат ретінде сирек қолданылады. Күйіс қайыратын жануарларға наркоз үшін ішке 40%-ды және тамыр ішіне 30-33%-ды концентрацияда қолдануға болады. Ішектегі шіру процестернде, құрысулар мен ішектің гипотониясында, жылқыларда қарынның жіті кенеюінде, күйіс қайыратын жануарларда алдыңғы қарындардың тимпаниясының гипотониясында ауырсынуды басатын, микробқа қарсы, руминаторлық және ашуға қарсы зат ретінде мүйізді ірі қараға 100-300мл, күйіс қайыратын ұсақ малдарға 50-100мл мөлшерінде 40% -ды концентрацияда ішке қолданады.
К.Н.Қожановтың (2007) еңбегінде алкогольдердің қолданылу көрсеткіштері нақты көрсетілген: Алкогольдердің орталық нерв жүйесін қажытатын әсері олардың химиялық құрылыстарына байланысты. Ондай әсер біратомды спиртте жақсы білінеді. Сондықтан біратомды этил спиртінің терапевтикалық маңызы бар.
Наркоздық дәрі ретінде күйіс қайыратын малдарға ауыз қуысы арқылы 40%-ды, ал венаға 30-33%-ды ерітіндісін қолданады (сиырларға-800-1000 мл; қойларға-150-200 мл). Жылқыларға шаншу белгісімен болатын ауруларда, куйіс қайыратыгн алдыңғы қарындардың гипотониясында, тимпанияда қолдануға болады. Көбінесе олардың ауырсынғандықты басатын, микроорганизмдерге қарсы, алдыңғы қарындардың жиырылуын үдететін, ашу процесіне қарсы әсерлеріне сүйенеді. Әсері даріні жібергеннен бастап 1,5 сағатқа дейін созылады.
Н.Б.Елинов, Э.Г.Громова (2000) еңбектерінде спирттерді мынадай ауруларда қолданған дұрыс деп көрсетілген: Маститте (сүт бездерінің қабынуы), инфильтраттарда (тығыздану), панарицийде (саусақ ұлпаларының жіті ірінді қабынуы), фурункулдың (талшықты қаптың жіті ірінді некротикалық қабынуы) бастапқа сатыларында қабынуға қарсы консервативті терапияда этил спиртіне батырылған дәкені қолданады. Дәкені күніне 3-5 рет 15 минуттан қояды.
А.В.Мармузованың (1989ж) мағлұматы бойынша қызғылт родиола бұл жасаң тұқымдастарға (толстянковые) жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда, Орта Азияда, Сібірде өседі. Медициналық және малдәрігерлік практикада тамыры мен тамырсабағының сығындысы қолданылады. Тамырсабағының химиялық құрамы толық зерттелмеген. Екі химиялық заты анықталған: П - тирозол және родиолизид, алайда препараттың фармакологиялық ерекшелігі айқындалмаған, өйткені өсімдіктің жиынтық препараттары ғана биологиялық активтілікке ие болады.
Родиоланың сұйық сығындысы әлсіреген, тез қалжырайтын жағдайда, артериялық қысымы төмен болғанда қуаттандыратын дәрі ретінде қолданылады. Ескеретін жайт, бұл өте улы препарат. Оның дозасын артық қолдану сопақша миды салдандырып, жануарды өлтіріп жіберуі мүмкін.
Родиола сығындысын ит пен мысыққа тамақтандырардан 15 - 30 минут бұрын күніне 2 - 3 рет тиісінше 5 - 10 және 2 - 5 тамшыдан ішкізеді.
Препаратты қызба күйінде және түстен кейін қолдануға болмайды (психикалық күй қозуы мүмкін).
Т.Сайдулдиннің (2009ж) мағлұматы бойынша Әдетте олар гастритте, буаз малдың азыққа зауқы болмағанда (егер мұның өзі қарын қышқылдығының көтерілуіне байланысты болса), қарынға операция жасағаннан кейін тұз қышқылының тілінген тұсқа әсерін болдырмау үшін, әрі ауру зардабын басу үшін қолданылады.
Биостимульгин. Бұл ткань препараты. Оны инфекциялық аурудан сау сиырдың шуынан әзірлейді.
Физикалық - химиялық тұрғыдан препарат сарғыштау түсті, мөлдір немесе сәл лайланатын сұйықтық. Препарат күйіті келген сиыр мен құнажынның жыныс циклін қоздырады, сондай - ақ мүшелеріндегі қабыну процесін басады.
Биостимульгин сиырдың эндометрит, вагинит, сальпингит, шудың кешігуін емдеуге; сиырдың, құнажынның және мегежіннің күйіті келген кезде жыныс циклін қоздыру үшін (егер жыныс органында патологиялық өзгерістер болмаса) қолданылады.
Препаратты нұсқауда белгіленген схема бойынша үшінші мойын омыртқаның оң және сол жақ тұстарындағы теріге кезекпе - кезек құяды. Қозу сатысын стимулдау үшін препаратты карбахолин қоспасымен бірге енгізеді.

Б.К.Ілиясовтың (2001ж) мағлұматына бойынша Прозерин. Жоғарыда атап көрсетілгендей, бұл 0,5%-тік ерітінді түрінде шығарылатын синтетикалық препарат.
Фармакодинамика. Прозериннің әсер ету механизмі мен фармакологиялық әсері басқа антихолинэстераздық дәрілермен бірдей.
Фармакокинетика. Препаратты тері астына құйғанда емдік концентарциясы қанға 15-20 минутта жетеді. Препарат биологиялық бөгетті нашар меңгереді, алайда дозасын артық қолданғанда гемато-энцефалиялық бөгетті меңгеріп, малдың тынышын алуы мүмкін. Бүйректен өзгеріссіз күйінде бөлініп шығады.
Малдәрігерлік практикада қолдану. Азық қорыту жолдарына әсер ететін дәрі ретінде препаратты сүтқоректілерге құрсақ қуысына операция жасағаннан кейін ішек парезіне қолданады.
Басқа емдік дәрілермен әрекеттесуі. Прозерин йодты препараттармен, ацыр металлдар тұздарымен, сілтілермен, тотықтарғыштармен, сульфаниламдті препараттар тұздарымен үйлеспейді.
Б.Д. Айтжановтың (1997ж) айтуынша Шыны тәрізді дене (стекловидное тело). Бұл ірі қара көзінің шыны тәрізді дене препараты. Физикалық - химиялық тұрғыдан бұл түссіз немесе сәл сарғыштау, мөлдір, сәл лайланатын, майда кристалдары немесе тканьді жүзгіні (взвесь) бар сұйықтық.
Препараттың ерітетін және биостимулдық қасиеті бар. Тканьді жұмсартады және тыртықтың қайтуына, сондай - ақ жансыздандыратын, қабынуға қарсы әсері бар.
Жіті және асқынған инфекциялық аурулар, жіті қабыну процесстері, арықтаған, нефрит, бауыр циррозы, жүрек жетімсіздігі, қатерлі ісік кезінде қолдануға болмайды. Тері астына және бұлшық етке құяды.
З.К.Кожабековтың (2000ж) айтуынша Сабур - алоэнің әр түрлі түрінен кептірілген шырын. Жылтыр, қою түсті, жылтыр әйнектерге оңай бөлінетін; ұнтақ түрінде сары-жасыл түсті. Дәмі қышқыл, өзіне тән иісі бар. Ыстық суда (1:2), спиртте (1:5), сонымен қатар сілті ерітінділерінде ериді. Оған аздаған мөлшерде жасыл сабынды қосқанда сабур жұмсарады. Осының әсерінен болюс пен пилюль дайындайды. Әсер етуші бөлігі-антраглипозоидтар.
Сабурдың емдік қасиеті егістіктерге 3000 жыл бұрын мәлім болған. Сабурды сонымен қатар үндістер мен римдіктерде пайдаланған. Сабур аз дозада дәм жүйкесіне тітіркендіргіш әсер етіп, асқазанның қызметін жақсартады. Бірақ та ол дәм рецепторларын тітіркендіріп ған қоймай, барлық сезімтал ұштарына әсер етеді. Мысалы, ұнтақ түрінде тағайындалған сабур құрғақ азықпен араластырып бергенде, жоғарғы тыныс жолдарын тітіркендіріп, түшкіру мен жөтелге алып келеді. Асқазанда ол сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді. Кейде сабурды күйіс қайыратындарға руминаторлы зат ретінде қолданады.
Тітіркендіргіш әсері бар сабур сыртқы жарақатқа қолданғанда грануляциялық өсуіне әсер етеді.
Сабур-жылқылар үшін ең жақсы іш айдағыш зат. Ол тоқ ішек бөлігіне әсер етіп, асқазан мен тік ішекке еш зиян келтірмейді. Міқ сабурге аз сезімтал. Міқ-ға сабурді бергенде антрагликозидтер ыдырап қышқылданады. Осының арқасында оның әсері күшті. Ұсақ малдар мен шошқаларға сабур дәл осылай әсер етеді. Іш айдағыш әсерін 2-3 реткөбейтуге болады. Ол үшін оны тұндырма не ерітінді түрінде берген жөн.
Сабурды көбіне көк сабур ұнтағы мен жасыл сабыннан жасалған болюс түрінде береді. Кейде ботқа түрінде дайындайды. Сабурдың болюсті сақтауға ыңғайлы. Кейде бұл препаратты өт айдағыш ретінде қолданады.
И.Е. Мозгов (1885ж)деректерінде Алоэ сығындысы. Бұл алоэнің балауса күйінде консервіленген (қараңғы жерде төмен температурада сақталған) немесе кептірілген жапырағы.
Физикалық - химиялық тұрғыдан бұл сарғыштау немесе қоңырлау түсті, шамалы жеміс иісі бар сұйықтық. Ұзақ сақтағанда тұнба түзуі мүмкін, бірақ шайқаған кезде тұнбасы тез еріп кетеді.
Соратын, қабынуға қарсы, сергітетін әсері бар, артериялық қысымды көтереді, иммуностимулдық әсері бар. Ішкізгенде ішті айдайтын әсері болады.
Препаратты көздің қабыну ауруына (тыртықтану процесі кезінде), шыны тәәрізді дене күңгірттенгенде және катарактада, биостимулятор ретінде - қарын, он екі елі ішек жарасына, бронх астмасына және артериялық қысым төмендегенде қолдану ұсынылады.
Зілді жүрек - тамыр ауруларында, гипертонияда, буаздық кезінде, қарын - ішек жолдарының азық қорытуы бұзылғанда, нефроз - нефриттің зілді формаларында қолдануға болмайды. Бұлшық етке, тері астына құяды және ішкізеді.
Кофеин - Coffeinum. Бұл топқа құрылысында пурин сақинасы бар өсімдік, немесе мал өнімдерінен алынатын дәрілік заттар жатады. Пурин мал организмінде, өсімдіктерде әртүрлі қосылыстар түзеді, олардың құрылыстары мен әсерлері де әртүрлі болып келеді. Пуриннің ядросы нуклеин қышқылдарының, нуклеотидтердің, нуклеозидтердің, көптеген витаминдердің, коферменттердің, антибиотиктердің, алкалоидтардың құрамдарындағы ең қажетті зат. Пурин туындыларының әсіресе белсенділері: аденин, гуанин, ксантин, гипоксантин, монометилксантин және т.б.
Кофеинге және оның препараттарына орталық нерв жүйесі, әсіресе бас ми қабы өте сезімтал. Оның құрамындағы пиримидин негіздері (цитозин, урацил, тимин және т.б.) пурин негіздерімен өзара реакцияласып, одан түзілген қосылыстар: көміртегі мен белоктардың алмасуларына, нуклеин қышқылдарының белсенді түрге айналуына, тұқым қуалаушылық хабаршысының қызметін реттеуге қатысады.

III. Негізгі бөлім
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын, стимулдайтын дәрілік заттар.
Емдеу тәжірибесінде орталық жүйке жүйесінің және оның бөліктерінің қызметтерін реттеу арқылы бүткіл организмнің өмірге ең қажетті функцияларын қалпына келтірудің керектігі жиі кездесетін жағдай. Ондай әсер ететін препараттарға жатады:
1. Психостимуляторлар - бас ми қабындағы және сопақша мидағы мидағы орталықтардың қозу процессін жоғарлататын препараттар;
2. Анелептиктер - сопақша миға дем беру арқылы оған қарасты жүйелердің қызметтерін жақсартатын, жұлынның қозуын рефлекторлы түрде жоғарылататын және орталық нерв жүйесінің кейбір функцияларына дем беретін (стимуль) дәрілік заттар;
3. Антидепрессанттар - организмнің депрессиялық жағдайын жеңілдететін және оның алдын алу үшін қолданылатын дәрілік заттар. Бұл топтың препараттары ветеринарлық тәжірибеде кең өріс ала қойған жоқ.
Психостимуляторлар. Бұл топтағы препараттар ветеринарлық тәжірибеде ерекше орын алады.
Кофеин - Coffeinum. Бұл топқа құрылысында пурин сақинасы бар өсімдік, немесе мал өнімдерінен алынатын дәрілік заттар жатады. Пурин мал организмінде, өсімдіктерде әртүрлі қосылыстар түзеді, олардың құрылыстары мен әсерлері де әртүрлі болып келеді. Пуриннің ядросы нуклеин қышқылдарының, нуклеотидтердің, нуклеозидтердің, көптеген витаминдердің, коферменттердің, антибиотиктердің, алкалоидтардың құрамдарындағы ең қажетті зат. Пурин туындыларының әсіресе белсенділері: аденин, гуанин, ксантин, гипоксантин, монометилксантин және т.б.

Кофеин ксантиннің туындысы болып келеді - үшметил ксантин. Кофеинге және оның препараттарына орталық нерв жүйесі, әсіресе бас ми қабы өте сезімтал. Оның құрамындағы пиримидин негіздері (цитозин, урацил, тимин және т.б.) пурин негіздерімен өзара реакцияласып, одан түзілген қосылыстар: көміртегі мен белоктардың алмасуларына, нуклеин қышқылдарының белсенді түрге айналуына, тұқым қуалаушылық хабаршысының қызметін реттеуге қатысады.
Кофеинді шай жапырақтарынан, кофе ағашының ұрығынан және синтетикалық жолмен алады. Ащылау дәмі бар, иісі жоқ, ыстық суда жақсы еритін, спиртте еруі қиын ақ түсті ұнтақ. Малдәрігерлік тәжірибеде кофеиннің натрий - бензоат тұзы қолданылады. Организмге әсері күрделі:
* Орталық нерв жүйесін, әсіресе бас ми қабын, қоздырады;
* Дем алу орталығын қоздырады;
* Қан тамырларының жирылуын реттейтін орталықты қоздырады;
* Жұлынды да әжептәуір қоздырады; жүрек етінің қызметін жақсартады;
* Зәрдің бөлінуін үдетеді.
Қандай жолмен жіберілсе де оңай сіңеді, бүйректер арқылы және аздап асқорыту жүйесінің бездері арқылы организмнен бөлінеді. Ол организмнен бөлінеді. Ол организмнен қанша тез бөлінгенімен оның өзінің және метоболиттерінің іздері организмде бірнеше күндей анықталады.
Кофеиннің адамның бас миына әсері жете зерттелген. Аз дозасының өзінен шартты рефлекс жоғарылайды; орташа дозасынан әлсіз және күшті тітіркендіргіштерге рефлекс теңеседі; үлкен дозасында күшті тітіркендіргішке әлсіз тітіркендіргішке қарағанда рефлекс төмендейді. Кофеиннің әсері нерв жүйесінің типтеріне байланысты болады. Нерв жүйесі әлсіз типті адамдарға аз дозасының өзі эффект береді. Сондықтан оны әр адамға жекедей мөлшерлейді.
Кофеиннің әсер ету механизмінде оның фосфодиэстераза ферментінің әсерін әлсірететін қасиеті жатыр. Соның салдарынан аденозин монофосфат қосылысы жинақталады да, организмде гликогенолиз бен метаболикалық процесстер үдейді. Мұндай үдеу әсіресе бас ми мен бұлшық еттерде байқалады. Дем берудің арқасында қажу процесі байқалмайды, бұлшық еттердің жұмысқа бейімділігі жоғарылайды. Зат алмасу процессі жақсарады. Кофеиннің сопақша мидағы орталықтарға әсерінен дем алу жиілейді, қан тамырларының жирылуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу мүшелеріне әсер етуші дәрілік заттар
Жиі кездесетін уланулардың (эфир майларымен) ерекшеліктері мен оларды емдеу әдістерін, сақтандыру шараларын көрсету
Дәрілік заттардың биотрансформациясы
Құрамында эфир майлары өсімдіктермен улану себептері
Құстырғыш және қақырық түсіргіш заттар
Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Олардың түрлері
Сарсазан өсімдік зиянкестері үшін улы өсімдік
Негізінен эфференттік жүйке ұштары аймағына әсер ететін дәрілік заттар
Жусанның тұқыммен таралуы
Құрамында оттегі бар эфир майлары
Пәндер