ТЫҢ ИГЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

І. ТЫҢ ИГЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ

1. 1 Тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері мен алғышарттары . . . 5

1. 2 Тың және тыңайған жерлерде тұратын халықтың саяси-экономикалық жағдайы . . . 10

ІІ. ТЫҢ ИГЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЛДАРЫ

2. 1 Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық даму ерекшеліктері мен рухани салдары . . . 16

2. 2 Халықтың тұрмысы және әлеуметтік жағдайы . . . 23

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29


КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру - КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т. б. ) 1954 - 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41, 8 млн. га жер жыртылса, соның 25, 5 млн. га қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала - ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н. С. Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды.

ТЫҢ - ғасырлар бойы түрен тимеген, бірақ жайылым ретінде пайдалынған жерлер.

Тыңайған жерлер - ұзақ уақыт жыртылмаған егістіктер.

Ауыл шаруашылығын дамытуға, Отанымыздың экономикалық күш-қуатын арттыруға 1954 жылы Февраль-Март Пленумның шешімі бойынша тың және тың игеру аграрлық саясатынан шешім қабылдады.

Тың игеру ауыл шаруашылығы өндірісін жедел дамытуға жағдай жасады. 1954-1984 ж. арасында Республика мемлекетке 348 млн. т. астық, 30 млн. т. ет, 47, 8 млн. т. сүт сатты.

Тың игеру науқаны Республикамыздың Солтүстік облыстарында өтті. Қостанай, Көкшетау, Целиноград, Павлодар, Торғай және Солтүстік Қазақстан облыстарында егін шаруашылығын механикаландыру, электрлендіру деңгейі өсті .

Көкшетау обл. - 2 734 000 га., СҚО - 1 330 000 га., Республика бойынша: 25 484 000 га. жер игерілді.

Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер-су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол ХХ ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты. 1950-60 ж ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдай, тың жерлерді жаппай игеру, тыңның алғашқы табыстары мен нәтижелері, салдарлары, демографиялық ахуалдың шиленісуі, қазақ тілі мен ұлттық мәдениеттің ауыр жағдайы, мал шаруашылығының жайы туралы түсінік беру.

Зерттеу жұмысының міндеттері: тың және тыңайған жерлер жайлы зерттеулерді қарастырып, Отан тарихының тың игеру жолдарына тереңірек, толығырақ талдау жасау;

XX ғасырдың 50-жылдары жүргізілген кеңестік жоспарлы экономикалық саясатының маңызын ашу;

І. ТЫҢ ИГЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ

1. 1 Тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері мен алғышарттары

XX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын.

Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның жөне Сібірдің ұжымшарлары мен кеншарларында әр гектардан 14-15 центнерден астықалуға және екі жылдан кейін қосымша 1 млрд. 200 млн. пұт астық өндіру ге толық мүмкіндік бар деп санады.

Пленумда 1954-1955 жылдары жалпы елде кемінде 13 млн. га, оның ішінде 6, 3 млн. га жерді Қазақстанда жырту көзделді. 1954 жылы 13 тамызда кабылданған партия және үкіметтің ” Астық өндіруді молайту үшін тың жерлерді онан әрі игеру туралы” каулысында аталған жерлердің аумағын 1956 жылы 28-30 млн. гектарга жеткізу белгіленді. 1955 жылы елде жаңа тың және тыңайған жерлер көлемі 29, 7 млн. гектар, соның ішінде Қазақстанда 18 млн. гектар қажетті.

Тың белсенді игерілген 1954- 1960жылдарда РКФСР-да 16, 6млн. гек-тар, ал Қазакстанда 25, 5 млн гектар тың және тынайған жерлердің игерілгені қазір мәлім болып отыр. Республика бүкіл егістігінің көлемі 1953 жылы 11 млн. гектардай еді, енді тын игерілгеннен кейін оның көлемі 36 млн. гек-тардан асты. Қазакстан территориясы 272 млн. гектарды (2 млн. 717 мын шаршы шакырымды) кұрайды десек, ауыл шаруашылығының балансындағы

жер 223 млн. гектарға жетті.

Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай:

1) 1955 ж. республика475 млн. пұтастык жинады;

2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды; 3) 1954-1964 жж. одақ колемінде 3 рет қана (1956, 1958, 1964 жж. ) астық сату жоспары орындалды;

4) тың игерілгеннен кейін Қазақстан небәрі 6 рет мемлекет қоймасына 1 млрд. немесе одан да артық астық өткізді. Қазақстан КП ОК-нің XX Пленумында (1990 жыл) белгілі ғалым Мэхлис Сүлейменовтың айтканындай, шын мәнінде мол астық табиғаттың қолайлы болған жылдарында ғана алынды. Тың игеру басталғанға дейінгі Қазакстанда (1953 жыл) 2 960 ұжымшар мен 219 кеңшар болса, кейін керісінше кеңшар 2 122-ге жетіп, 394 ұжымшар әрекет етті. Тың жылдары кеңшарлар 127, 3 мың трактор, 46, 2 мың астық комбайнын, 29, 6 мың жүк автомобильдері мен арнайы тасу көліктерін, 45, 1 мың тракторлык жер жырту сокасын, 74, 4 мың себу мәшинелерін т. б. алды.

Тың игерудің жағымды жақтары:

1) Қазақстан елдің астық балансын нығайтуда елеулі рөл атқарды.

Республика бидайдын бағадьққатты және кушті сорттарын өндірудің орта лығына айналды. Аталған бидай сорттарынын 60%-ы тың өлкесінде өсірілді

2) 1954-І977жылдараралығында республикадаауыл шаруашылығынын барлыксалаларына 21, 1 млрд. сом каржы жұмсалып, шығын 27, 2 млрд. сом болып өтелді. 1990 жылғы акпанның 15-жұлдызында Н. Ә. Назарбаеп (ол кезде республика партия ОК-нің 1-хатшысы болатын) ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде ‘Тың игеру басталғані іан астык өндіру 7 есеге, ет - 5, сут - 3 есеге кебейді. Тың көтеруге жұмсалған қаржы 1977 жылға қарай толықөтелді” - деп атап көрсетті. Сөйтіп, 20 жылдан аса уақытта шығын қайтарымын тапты;

3) әсіресе тың әлкесінде темір жолдар, электр көздері желілері және байланыс линиялары тартылып, инфрақұрылымның дамуына мүмкіндік жасалды.

Тың игеруде қол жеткен оң нәтижелерге қарағанда жіберілген қателіктер басым болды:

1) тың игеру тым шұғыл және асығыс жүргізілді. Республикада 25 млн. ғектардан асатын және тыңайған жерлер өте қауырт жағдайда игерілді;

2) Қазақстан топырағы жайындагы 50-жылғы мағлуматтар үстірт және

түзілген жер қыртысының картасы сапасыз болды. Бұл аздай, Ресейден,

Украина мен Белоруссиядан шақыртып әкелінген ғалымдар, әсіресе шаруашылық директорлығына жіберілген Мәскеу белсенділерінің (шаруашылықты басқаруға Қазақстанда лайықты азаматтар табылмағандай) басым көпшілігі республиканың жер жағдайына жетік, білікті мамандар емес еді;

3) тың игерудің тағы бір қателігі-агроэкологиялық зандылықтардың бузылуы:

• жер елді мекендерге, алқаптарға, көлдер және өзен жағалауларыла тақап жыртылды;

• егістік көлемін ұлғайтудың салдарынан жайылым жер қыскарды. Асыра сілтеушілікке бой ұрмай Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді жырту көлемі ары кеткенде 10-12 млн. гектардан аспағанда оны интенсивті даму жолына түсіру әлдеқайда оңайтайлы болып, 13 млн. гектардан астам құнарлы жерлер шабындықтар мен жайылымдықтар үшін сақталып, бұл, өз кезегінде, мал басының дамуына жағдай жасар еді.

Мал шаруашылығының жагдайы күрт нашарлады:

• 1951-1965 жылдарда республикада қазақтың ежелгі түлігі - жылқының саны 365, 7 мың басқа шұғыл азайып кетті, тек жылқы саны 80-жылдары ғана әсім бере бастады;

• керісінше шошқа басы 4 еседен астам өсіп, Солтүстік Қазақстан, Целиноград (қазіргі Ақмола), Қостанай, Көкшетау облыстарында ерекше қарқынмен жүрді;

• 1941-1951 жылдары соғыс және халықшаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің алапат ауыр киыншылықтарына қарамастан, республикада қой басы 2 еседен астам өскен болса, ал тынмен сәйкес келетін онжылдықта (1951-І961 жж. ) оның басы 3 есеге азайыи кетті. Себебі тын игеруге дейін әртұяқтың дұрыс өсіп-өнуіне кажетті деп табылатын жайылым 3-4 гектардан асып жығылса, енді бұл көрсеткіш орта есеппен әртұякқа 2 гектардан ғана келді. I 4) Мыңдаған жылдар топырақ түзілу үрдісіғіде пайда болган жер құнары үрленіп, шанданып, тозанданды, сөйтін ұлан-ғайыр жер жел, су эрозиясына ұшырады:

• терістіктегі алқаптар негізінен тегіс болғанымен, оның ой-шұңқыры мол, микро-мезорельефі әркпылы дамыған, осыған орай топырак түзілімі дебіркелкі емес-гі, әдетте сортан топырактар араласа келетін. Тың игеру жылдары сортаң топырақтар тараған шандак жерлерді жыртқанда айналып өтпей, бір ретпен жыртыла берді. Сонын салдарына нәсіресе кұмдақ алқаптар жел эрозиясына ұшырады және 1955-1958 жылдары мұндай жерлер келемі 1, 5 млн. гектарға жетті. Бір ғана Павлодар облысында 805 мын га. 5кер жарамсыз болып қалды;

• ғалымдардың есептеуінше, Қазақстанның солтүстік облыстарында жыртылған жердің көлемі 26, 4 млн. га болса, оның 14, 5 млн. гсктары жел

эрозиясына бейімді екен;

• 90-жылдардыцбасындагы мәлімет бонынша, республикада 106 млн. гектар жер әртүрлі дәрежедегі жел эрознясына ұшыраган;

• топырақ кұнарының негізі, яғни қара шірігі (гумус) тың игерілген жылдарда 15-30%-га кеміген. 90-жылдарда Көкшетау облысында топырақтың қара шірігі 4, 3%-дан 3, 6%-ға, Қостанай облысында - 3, 7%-дан 2, 7%-ға азайыпкеткен;

• бүгінгі күнде су эрозпясына бейімді жерлер Казакстанда миллиондаған гектарға жетіп отыр.

5) Тың игеру ата мекеннің халқьь қазактардың үлес салмағыиың кемуіне

әкеліп соқтырды.

• Тын өлкесі деген аймактың құрамына кірген бес облыстың - Солтүстік Қазақстан, Акмола, Костанай, Көкшетау, Павлодар-жеріи игеруге 1, 5 млн. адам келді, ал жабык әскери объектілер мұның үстіне 150 мын адамды қабыл-дады. 1954-1956 жылдары тынды игеруге 391, 5 мың механизатор әкелінді. 1959 жылғы санак бойынша казақтар республиканыц 30%-ы. н, орыстар 42, 7%-ын, 1962 жылы қазақтар сан жағынан өз мекенінде жалпы тұрғыңда-рының уштсн бірінсн де аз немесе 29 пайызды ғана қурады. 1897 жылгы мәлімет бойынша, олар өз жерінде мекендеушілердің 85 пайызына тең еді.

• Тың игеру науканы басқа одақтас республикалардағы қазақтарды ерікті түрде ата мекеніне қайтаруға жағдай жасайтын таптырмас мүмкіндік

болғаны сөзсіз. Мұның өзі халықтың тұрактанып, тың өлкесінің демографиялық дамуына, мал шаруашылығының өсуіне игі ықпал жасайтын еді Сөйтіп, біріншіден, тың 2 еседей аз жыртылғанда, екіншіден, одақтас республикалардағы қазақтар өкелінгенде қазақстандықтар тынды өздерінің күшімен-ақ игеретін жағдайда болды. Бірақ Кеңес үкіметі мұның бірін де жасамағаны белгілі.

• Осы мәселеге калам тартқан авторлардың пікірінше, 954-1964 жылдарда тың өлкесі құрамына енген 5 облыста Ақмола каласын Целиноград және аудандық, облыстық атауларды қоспаған күннің өзінде, тек 200-деЯ астам селолық және ауылдық Кеңестердің аттары орыс тіліне өзгертіліп аталған.

• Осылардың барлығы қазақ тілі аясының тарылуына, кейіннен тұрғылықты ұлт өкілдерінің ана тілінен гөрі орыс тіліне бейімделуіне, қазақ мектептерінің жабылып, орыс тіліндегі мектептердің қанат жаюына әкеліп соқты.

Тың эпопеясының кейбір түстарын айғақтай түссек, оңда:

1) Кеңестер Одағында 1954-1960 жылдары игерілген тың және тыңайған, жерлердің жалпы көлемі 42 млн. гектарды құрады, оның 25, 5 млн. гектары Қазақстандаласыңда жыртылды;

2) астықты бес - Крстанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау жөне Павлодар - облыстарындағы жыртылған жер көлемі 600 мың шаршы шақырымнан асып түсіп, бұл Франция (551 мың шаршы шақырым) тәрізді мемлекеттің аумағынан едәуір ұлкен алқапты қүрады;

3) тынды көтеруге Кеңес Одағының тукпір-түкпірінен адамдар көптеп тартылды. 1954 жыддың мамыр айының езіңде ғана республиканың тың өлке-сіне 130 мың адам жөнелтілді. 1954-1955 жылдарда мұңда 360 мыңнан астам механизаторлар мен құрылысшылар жөне басқада мамандық иелері орын тепті. Республикаға 1954-1962 жылдар арасында Кеңес Одағының еуропа-лық бөлігінен 2 миллионға жуық адам келді;

4) Қазақстанның үлесіне 1953 жылы КСРО-дағы бидай егістігі алқабының 11, 3 пайызы тисе, 1960 жылға таман ол көрсеткіш 30 пайызға жетті. Сөйтіп, КО-дағы астық алқабының өрбір ушінші гектары Қазақстанның үлесінетиді;

5) республика 1956 жылы Імлрд. Пұтастықтапсырып соғанорай Қазақстанға алғашқы Ленин ордені тапсырылды.

6) республикада тың экстенсивті жолмен игерілді.

Қазақстанда 2004 жылы тың игеруге 50 жыл толды. ҚР Президенті айтулы оқиғаға орай Жарлық шығарып, “Тыңға-50 жыл” мерекелік медалін тағайыңдады және онымен 3, 5 мың тың ардагері марапаттадды.

4. 1965 жылғы шаруашылық реформасы және оның Қазақстандагы қорытындалары

60 және 80-жылдардын басындағы тарихи кезенде социализм бірқа-лыпты дамыған жоқ. Дәуір 2 кезеңге бөлінді жөне оның аралық уақыты 70-жылдың басымен айқы ндалды.

Бірінші кезеңде (1960-70 жылдар) елде қоғамдық өмірді жацартудың жолдары табысты ізденістермен ұштастырылды.

Екінші кезенде (1971-1985 жж. ) жаңашылдыққа деген ұмтылыс әлсіреп, коғамдық құрылымның әрекет етіп отырған принциптері мен түрлерін, ескі төртіпті сақтау бағыты басым болды.

50-жылдардыңортасынан бастап Кеңес өкіметі иемденіп отырған шаруашылык механизмінің белгілі бір дәрежеде ескіргендігі айқын көрініс тапты. Ол механизм көбіне 20-30-жылдардағы төтенше жағдайларда орнықкан еді. 1966 жылдың қарсанында кеңес экономикасында өнеркәсіптің ЗОО саласы өрекететіп, 47 мың кәсіпорын мекемесі, 13 мың құрылыс ұйымы, 12 мың кеңшар, 37 мың ұжымшар болды. Мүндай жағдайда басқарудың тікелей жұмыс тәртібін белгіленетін әкімшілдік әдіс экономикалық жағынан қолайсыз, техникалық жағынан тиімсіз болып табылды. Өндірісті басқаруда киыншылықтар ерістей бастады. Әрекет етіп отырған орталықтандыру дәрежесі өз кезегінде кайшылықтарды шиеленістірді, мұнын әзі кәсіпорындардың шаруашылык дербестігін улғайтудың қажеттілігін көрсетгі.

Кадр потенциалында да өзіерістер болған еді. Егер бұрын жоғары білімді мамандардың біраз бөлігі басқару жүйесінде шоғырланган болса, ал 50-60-жылдары олардың көп бөлігі ондіріс сферасында еңбек етті. Сондай-ақжұмысшылар мен шаруалардың білімдік және мамандықдәрежесі өсті. Осындай жағдайда өмір енбекшілердің білімі мен тәжірибесін толық және тиімді пайдалануды және бәрінен бұрын, жергілікті жерлерге мейлінше дербестік беруді талап етті.

Оның бержағында, мемлекетте басшылықауысты. 1964жылы қазанда КОКП ОК-нің Пленумы Н. С. Хрущевті (1953 жылғы қыркуйектен бері мемлекет басшылығындагы) шаруашылық мәселелерді шешкенде субъективизмге, волюнтаризмге (омірдің негізі ерік деп түсіңдірді), басқарудын әкім-шілдік әдісіне бой ұрды деп сынаи, оны өз еркімен қызметінен кетті деуге саятын отінішін қанағаттандьфды. Сонымен Пленум Н. С. Хрущевты ОК-тің І-хатшысы, ОК-тің Төралқа мүшесі және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен босатты. Пленум КОКП Орталық Комитетінің 1-хатшысы етіп Л. И. Брежневті сайлады, мұнымен қатар КСРО Министрлер Кеңесінің төрагасы болып А. Н. Косыгин тағайыңдалды.

1. 2 Тың және тыңайған жерлерде тұратын халықтың саяси-экономикалық жағдайы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы
Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Тың игеру қарсаңында республиканың ауыл шаруашылығы
Соғыстан кейінгі экономиканың қалыптасуы
ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ КЕЗІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz