Қазақ тілі буынының сипаты



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Қазақ тілі буынының сипаты

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қазақ тіліндегі буын
1.1 Қазақ тіліндегі буын және оның дыбыстық құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .6
1.2 Сингармонизмге жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 А. Байтұрсынов және Х.Досмұхамедов қазақ тіліндегі сингармонизм заңдылығын алғаш зерттеушілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2. Қазақ тіліндегі буынның сипаты
2.1 Буынға тән негізгі белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..10
2.3 Буын тақырыбындағы сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Жалпы лингвистикадағы буын теориясы тұрғысынан қараса буынның тілдік табиғаты аса күрделі құбылыстардың бірі болып табылады екен. Ендеше қазақ тіліндегі буын құбылысының артикуляциялық және акустикалық табиғатын ашу, ең бастысы қазақ тіліндегі буынды буын етіп тұрған лингвистикалық пәрмен не деген сұраққа жауап беру керек сықылды. Басқаша айтқанда, қазақ тіліндегі буынның дыбыс құрамы мен оның шегарасының фонетикалық сипаты мен көрінісінің басын ашып алу керек.
А.Байтұрсынов сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз, сөз бен буын, буын мен дыбыс желісін бір-бірінен туындатып, арасын үзбей өзара байланыстырып қарайды. Сөздерді буынға бөлудің жолын қарастыра келіп, "Буыншы әріп басқалардың ортасында қамауда тұрса, ол буынға "бітеу" деп ат қойындар; буын аяғы буыншы әріпке тірелсе, ол буынға "ашық" деп ат қойыңдар; буын буыншыдан басқа әріпке тірелсе, ол буынға "тұйық" деп ат қойыңдар" (1, 344-345 б.) деп, буын түрлерін саралап береді. Сондағы "буыншы" әріптеріміз дауысты дыбыстар болып шығады. Буын кұраудағы дауысты әріптердің мәнін "әлгі әріптер кіріспейтін буын" болмайды деп көрсетеді. "Буындардың бір әріптілерін бір бөлек, екі әріптілерін бір бөлек, үш әріптілерін бір бөлек, төрт әріптілерін бір бөлек шығарып жазындар" (1, 344 б.) деген тапсырма жаттығуынан А.Байтұрсыновтың буынның дыбыс кұрамын да анықтап кеткенін көруге болады. Сөйтіп осы күнгі қазақ тілінде тек дауыстылардың ғана буын құрай алатындығы, буын түрлері, олардың дауысты-дауыссызға қатысты дыбыс құрамы мен буын аттары жайлы алғашқы мәліметтің бастау көзі болып отыр.
Буын мәселесіне арналған келесі лингвистикалық еңбектер осы А.Байтұрсынов ережелерін негізге алып отырады. Айырмашылық тек буын түрлері мен олардың атауларына қатысты болып келеді. Проф. Қ.Жұбанов буынның дыбыс құрамына қарай алты түрін көрсеткен (2, 361 б.). "Фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз. Демек, буын экспирация арқылы (өкпедегі ауаны сыртқа шығару арқылы) жасалады" дей келіп, осы үрдісті проф. І.Кеңесбаев та ұстанады, буын түрлерін ашық, түйық және бітеу деп бөліп, олардың алты түрлі дыбыс құрамын көрсетеді (3, б. 260-261.). Буын сипатын, түрлерін, жігін, дыбыс құрамын кеңінен талдаған С.Мырзабеков "Буын - ... ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы" (4, 101 б.) деген анықтама береді. Ал буын түрлерін "Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы" (4, 103 б.) деп көрсетеді. Буын түрлері мен оның дыбыс құрамының осы іспеттес анықтамасы қазақ тілі оқулықтарында ең кең тараған сипаттамасы болып табылады.Буынның, оның құрамындағы дыбыстардың сандық-сапалық нәтижелері буын жігін ажыратудың акустикалық көрсеткіштері бола алатындығы дәлелденген. Буын құбылысын сингармонизммен тікелей байланыстыра отырып, проф. Ә.Жүнісбеков Қазақ тіліндегі дыбыс түрленімі қазақ сөзінің сингармонизм заңдылығынан туындайды. Сингармонизм әуезі (жуан, жіңішке, еріндік, езулік) көрінетін тірек бірлік буын болып табылады (5, Б. 24-25) деп, теориялық қорытынды жасайды. Қазақ тіліндегі буын орфоэпиясын (айтылымын) сөз еткенде осы теориялық қисынды басшылыққа алынады. Буын құрамындағы дыбыстар белгілі бір қатаң жүйеге бағынып барып басы бірігетін болса, онда оның артикуляциялық негіздемесі болу керек. Артикуляциялық негіздің акустикалық (естілім) нәтижесі болады. Қазіргі кездегі қондырғы құралдар мен компьютерлік программалар буын және оның құрамындағы дыбыстар тіркесінің акустикасын көрнекі суреттеп бере алады. Ендеше буынның басынан аяғына дейінгі яғни өне бойындағы дыбыстар тізбегінің суретін алып, буын орфоэпиясының артикуляциялық және акустикалық көрінісін байқап-бақылауға болады деп болжам жасауға болады.
Зерттеудің мақсаты: қазақ тіліндегі буынның сипатымен таныстыру.
Зерттеудің нысаны: қазақ тіліндені буын үндестігі
Зерттеу пәні: қазақ тіліндегі буын сиапты
Зерттеудің міндеті: қазақ тіліндегі буынның сипаты туралы түсінік беру, буын үндестіктерін зерттеу.
Зерттеудің құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазақ тіліндегі буын
1.1 Қазақ тіліндегі буын және оның дыбыстық құрамы
Қазақ тіліндегі буын түрлерінің, әсіресе, олардың дауысты немесе дауыссыз дыбысқа бітуінің морфологиялық деңгейге тікелей қатысы бар екендігі белгілі. Себебі келесі жалғанар қосымша дауыстыға басталады ма, әлде, дауыссызға басталады ма, ол -- алдыңғы буынның соңғы дыбысына тікелей байланысты кездері болады. Сонымен қатар алдыңғы буынның соңғы дыбысы мен соңғы буынның бастапқы дыбысының арасында да дауыс қатысына тікелей байланысты тұстары бар: буынның дауысты, қатаң, ұяң немесе үнді дыбысқа бітуіне қарай қосымшаның бастапқы дыбысы құбылып отырады. Осы зандылықтар қазақ тілі үшін аса актуал болып табылады. Ендеше қазақ тілінің буын жүйесін буын түрлері мен оның дыбыс құрамын дауысты-дауыссыз тұрғысынан ғана жіктеп қойған жеткіліксіз болады екен. Мұндай жіктелім тасымал талабына сай келіп, тасымал ережелерін ғана құрастыруға ғана жарайды. Лексика (сөз) деңгейінде кемістігі жоқ талдау морфология (қосымша) деңгейінде жарамай қалып жатыр. Лексикалық деңгейде буын түрлері мен оның дыбыс құрамы үшін түбір сөздің де, туынды сөздің де мәртебесі бірдей: бақ та бір сөз, бақташы да бір сөз. Екі жағдайда да бақ - бітеу буын, ал та -- ашық буын. Осы жіктелім тасымал үшін жеткілікті. Ал морфологиялық деңгей үшін: бақ бірлігінің бітеу буын екендігі жеткіліксіз, оның қатаң дауыссызға аяқталып отырғанын қоса ескеру керек. Ендеше та ашық буыны, біріншіден, дауысты дыбыстан бастала алмайды, егер дауысты дыбыстан басталатын болса, онда бақ бірлігі бітеу буын бола алмайды. Екіншіден, ол тек дауыссыз дыбыстан басталады, оның үстіне бастапқы дыбыс тек қатаң дыбыс болу керек. Бастапқы дыбыс қатаң дауыссыз болмаса, бақ пен та тіркесе алмайды. Сондықтан буын құбылысының өзін екі деңгей түрғысынан қарастырған жөн сықылды. Ол үшін буынның дыбыс құрамын іштей тағы жіктей түсуге тура келеді.
Буынның дыбыс құрамы іштей екі салаға жіктеледі.
Бірінші, буын құрамындағы дыбыстың дауыс қатысына қарай, мысалы, төмендегі бітеу буындар соңғы дауыссыздың дауыс қатысына қарай жіктеледі: жаз - үнді дауыссызға аяқталып тұр, жас - қатаң дауыссызға аяқталып түр; жан - үнді дауыссызға аяқталып тұр. Сонда, мысалы, ілік септік жалғауының варианттары бұлардың әрқайсысына талғап қана жалғанады: жаздың - ұяң з дауыссызынан кейін тек ұяң д дауыссызы, жастың - қатаң с дауыссызынан кейін тек қатаң т дауыссызы, жанның - үнді н дауыссызынан кейін тек үнді н дауыссызы.
Екінші, буын құрамындағы дыбыстың әуез қатысына қарай, мысалы, төмендегі бітеу буындар соңғы дауыссыздың әуез қатысына қарай жіктеледі: қаз -- жуан езулік дауысызға аяқталып тұр; кез жіңішке езулік дауыссызға аяқталып тұр, құз -- жуан еріндік дауыссызға аяқталып түр; күз -- жіңішке еріндік дауыссызға аяқталып түр. Сонда, мысалы, тағы да ілік септігінің жалғауының варианттары бұлардың әрқайсысына талғап қана жалғанады: қаздың - жуан езулік з дауыссызынан кейін тек жуан езулік д дауыссызы, кездің - жіңішке езулік з дауыссызынан кейін тек жіңішке езулік д дауыссызы, құздұң - жуан еріндік з дауыссызынан кейін тек жуан еріндік з дауыссызы, күздүң - жіңішке еріндік з дауыссызынан кейін тек жіңішке еріндік д дауыссызы.
Әрине бұл зандылықтардың реті бір түбірден бір қосымшаға қарай бірдей бола бермейді: соңғы ұяң дыбыстан кейін келесі буынның бастапқы дыбысы ұяң бола бермей, үнді де бола береді. Алайда басты заңдылық яғни дыбыс талғампаздық әруақытта сақталып отырады.
Сонда қазақ тіліндегі буынның басқы және аяққы дыбыстарының артикуляциялық және акустикалық белгілерінің лингвистикалық мәні бар болып шықгы. Лингвистикалық мәні бар фонетикалық құбылыстың әрқашан да артикуляциялық және акустикалық тірегі болады.

Бұл -- іргелес дыбыстардың арасындағы фонетикалық шарт.
Ал буын құрамындағы дыбыстардың бір-біріне икемделуі сингармонизм заңына байланысты екендігі жайлы деректер жеткілікті. Қазақ лингвистикасындағы сингармонизм теориясы көп мәселенің басын ашып берді. Сингармонизмді теориялық тұрғыдан зерттеу жеткілікті. Енді болса буын артикуляциясы мен акустикасын кешенді инструментал зерттеудің нысанына айналдыру кезекте тұр. Мысалы, қи (қый), ки (кій), құй (құй), күй (күй) немесе қиын (қыйын), киін (кійін), құйын (құйұн), күйін (күйүн) деген т.б. сөдердің буын құрамын сингармонизм тұрғысынан сипаттап шығу тек дауысты дыбыстарға байланысты болмау керек. Сингармонизмнің артикуляциялық белгісі ауыз куысындағы тілдің көлденең және еріннің езулік-еріндік қалпына қатысты десек, онда буынды бөліп-жармай, бүтін буынның тіл мен ерін артикуляциясын яғни "буын артикуляциясын" сипаттап шығу керек.
Жалпы лингвистикалық, сондай-ақ түркологиялық ғылыми әдебиеттерге сүйенетін болсақ қазақ тіліндегі буын құбылысын сингармонизмнен тыс зерттеуге болмайды деп жорамал жасаймыз. Себебі буын, оның дыбыс құрамы, дыбыстардың үндесім құрамы, ең бастысы буын жігін табудың әдісі сингармонизм арқылы шешілуге тиіс.
Қазақ тіл біліміндегі буын проблемасы негізінен буынның құрылым түрлері мен олардың дыбыс құрамын анықтауға арналған. Ал оның
фонетика-фонологиялық табиғаты, тілдегі қызметі мен буын жігі мәселелеріне көп көңіл бөлінбей келді.
Жоғарыда айтылғандай, жалпы лингвистика тұрғысынан алғанда буын проблемасы өте күрделі лингвистикалық құбылыс ретінде әлі күнге дейін пікір-талас объектісі болып келеді. Өзге тілдердегі буын мәселесіне көптеген диссертациялар мен монографиялар арналып жатыр
Қазақ тілі жалғамалы (агглютинатив) тіл болғандықтан кез-келген туынды сөз қосымша жалғану арқылы жасалады. Ендеше қазақ тіліндегі түбір сөздің өзі болсын, немесе одан жасалған туынды сөз болсын көп буынды болып келе беретіні заңды. Сөздің көп буынды болып келгеніне қарамай, қазақ тіліндегі буын жігі оңай табылады. Себебі табиғаты бөлек өзге тілдердегідей, мысалы, орыс тіліндегідей бір буын құрамында бірнеше дауыссыз қосақталып жүрмейді, оның үстіне қазақ тілінде бір сөздің құрамында екі дауысты қатар тұрмайды. Сөйтіп қазақ сөздерінің құрамындағы дауысты-дауыссыздардың кезектесіп келіп отыратын жүйелі реті буынға бөлу мен тасымал жасауды жеңілдетеді. Мысалы, ба-ла-ға, бұл-бұл-дар, а-та-ның, үй-де-мін т.б. қазақ сөздеріндегі буындар жіпке өткізген моншақтай тізіліп тұра қалады.
Мұның бастапқы сауат ашу мен жазып-жаттықтыру әдістемесі үшін үлкен маңызы бар.
Алайда қазіргі қазақ тілінің кейбір емле-ережелеріне сүйенетін болсақ, бір топ қазақ сөзінің қарапайым буын құрамы мен буын жігін қалтқысыз тауып беру өте қиынға түседі. Әсіресе мектеп оқушылары мен ертең сол балаларға мұғалім болып баратын жоғары оқу орындарының студенттеріне қазақ сөзін буынға бөлдіріп жаттықтыру, тасымал жасатып дағдыландыру бастан-аяқ қайшы ережелерге таңылып жүргізіледі.
Сонымен қазақтың бір топ сөздері буынға өзінің әдемі де әуезді ретімен жіктеліп, оп-оңай тасымалданып жатса, екінші бір топ сөздері ешбір ыңғайға көнбей, іркіс-тіркіс шашылып жатады. Ондай бірыңғай ережеге бағынбайтын сөздердің буынға бөлу мен тасымал амалын тек жаттатуға тура келеді. Ал мұндай әрекет әдістемелік тұрғыдан ұтымды болмайды, мұғалімге түсіндіру қиын болса, оқушыға меңгеру ауыр болады.
Осындай буын құрамы мен тасымалы қиын сөздердің қатарына құрамында и, у, я, ю әріптері бар сөздер жатады. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін ақтарып қарасақ, мұндай үлгідегі сөздердің саны қыруар. Ендеше әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған, айқыш-ұйқыш емле-ережені әлі ой деңгейінде байыптай алмайтын бастауыш сынып баласына түсінедіріп, оларды жадында сақтатудың әдістемелік амалы не болмақ? Сауат ашу мен жазып жаттығу буыннан басталатынын ескерсек, осы бір ережелер тобының төңірегінде қатты ойлану керек болатын тәрізді.
Қазақ тілінің дыбыс құрамын дұрыс анықтап, соған лайық төл әліпбиін түзіп, сөйтіп емле-ережені икемді ету жайлы ғалымдар мен әдіскер мамандардың көптен қозғап келе жатқан әңгімесінен хабардармыз. Бұл соған орай айтылған пікір еді.
Қорыта келгенде, буын табиғаты және оның шегара белгілері жайлы негізгі пікірлер осы айтылғандарға келіп саяды. Өзге де пікірлер айтқан ғалымдар бар, бірақ бәрінің негізгі мазмұны осы іспеттес.

1.2 Сингармонизмге жалпы түсінік
Сингармонизм - гректің Sun бірге және hanmoni байланысу, үндесу деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Мысалы:
Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.
Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.
Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.
Мысалы: бала - лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-іміз.

Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, - қ, -ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады.
Мысалы: Хат, халық, хабар, қабақ, қабық, қысым, ғалым, ғажап.
1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және - брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады.
Мысалы: сентябрь - ге, октябрь - ге, апрель - ге, рольдер, рояльға, нульге 2. - Рк, - нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады.
Ескерту: Мына төмендегі қосымшалар өздерінен бұрынғы буынның жуан - жіңішкелігіне қарамай осы күйінде жалғанады:
- мен (-бен, - пен): қалам - мен, ағаш - пен;
- паз: әсем - паз, өнер - паз;
- қор: пәле - қор;
- қой: сән - қой;
- кер: жұмыс - кер;
- дік (-нікі, - тікі): колхоз - дікі;
- кеш: арба - кеш;
- хана: шеберхана
- күнем: пайда - күнем.

Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингорманизім заңына бағынбайды. Мысалы: кі-тап-тар, пи-о-нер-лер.
Бірақ бұларға қазақ тілінің қосымшалары жалғанады.
Мысалы: депутат-тар-ға, пио-нер-лер-ге, қызмет-ші-лер-ге.
Осылармен бірге, тілімізде ерін үндестігі деген бар. Ол еріндік - о, -ө, -ұ, -ү дыбыстарынан айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.

Оған:
1. Алғашқы буындағы - о немесе - ұ дыбыстары екінші буындағы - ы дыбысын - ұ - ға айналдырады.
Мысалы: орын - орұн, құлын - құлұн. Ал ашық дауысты - а дыбысына - о - ның да, -ұ - ның да әсері байқалмайды.
Мысалы. орақ, құлан
2. Алғашқы буындағы - о немесе - ұ дыбыстары екінші буындағы - і дыбысын - ү - ге айналдырады.
Мысалы: көрік - көрүк, күдік - күдүк
3. Алғашқы буындағы - ө немесе - ұ дыбыстары екінші буындағы - е дыбысын - ө - ге айналдырады.
Мысал: өлең - өлөң, күрек - күрөк
Мұны жинақтап, мына секілді схемамен көрсетуге болады:
1. Жуан дауыстының еріндікке алмасуы: -о - ы -ұ, - ұ - ы - ү
Мысалы: Орын - орұн, құлын - құлұн
2. Жіңішке дауыстының еріндікке алмасуы:
а) ө - і - ұ, ү - і - ү
Мысалы: көрік - қөрүк, күндік - күндүк
б) ө - ее - ө, ү - е - ө
Мысалы: өлең - өлең, күрек - күрөк
Езулік дыбыстардың еріндікке алмасуы тек қана айту нормасына жатады, жазуда оны елемейміз.
Дауыстылардың бір - бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады.

Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.
2. Еріннің қатысы бір - бірімен өзара үндесіп айтылады.

1. Лингвальдық (латын тілінің lioguo - тіл деген сөзі бойынша жасалған) - сингармонизм.
Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Сингармонизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, қосымшалардағы дауыстылар соған бағынып, жуан түрде жалғанады. М: ауыл - дар - дан.
Түбір сөздегі дауысты жіңішке болса, қосымшалардағы дауыстылар түбірдегі дауыстыға икемделіп, жіңішке түрде жалғанады. М; ел - дер - ден.
Түбірдегі дауыстылармен үндесе алмайтын бірен - саран аффикстерді (қосымшаларды) еске алмағанда, түркі тілдерінде қосымшалардың түбір сөзге бағынып жалғануы - оларға тән және қалыптасқан заңдылық.
Түрік тілдерінде қосымшасыз түбір сөздің құрамы екі - үш буыннан құралғанда, ол буындардағы дауыстылар да не бір өңкей жуан (тамыр, тоқсан), не бір өңкей жіңішке (көңіл, көлеңке) түрде келеді. Бұл айтылғандарды түркі тілдерінен байырғы лексикасына қатысты деп түсіну қажет.
Анығырақ айтқанда, біркелкі жуан буындардан немесе біркелкі жіңішке буындардан құралған сөздер көбінесе байырғы сөздер болып табылады. Жуанды - жіңішкелі аралас буындардан құралған сөздер басқа тілдерден енген сөздердің тобына енеді. Аралас буынды сөздерге қосымшалар соңғы буынның ыңғайына икемделіп жалғанады. (кітап - қа, мұғалім - ге, антоним - дер)
Лингвальдық сингармонизм өзбек тілінен басқа түркі тілдерінің бәрінде бар. Түркі тілдерінің бәрінде бар. Түркі тілдерінің бәрінде де аффикстердің басым көпшілігі түбір сөздегі дауыстының ыңғайына (жуан немесе жіңішке болуына) қарай алғанады да, бірен - саран аффикстер ғана үндесуден сыртт қалып, бір вариантта ғана ұшырасады. Олар мыналар:
Қазақ тіліндегі - нікі, (-дікі, - тікі) аффиксі, (баланікі, әкенікі, досымдікі, қарындастікі), -паз, - қор, - кеш, - гөй, хана аффикстері (өнерпаз, білімпаз, дүниеқор, пәлеқор, ақылгөй, асхана, шеберхана).
2. Ерін үндестігі немесе лабиальдық (латын бойынша labialis еріндік деген сөзі бойынша жасалған) - сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындар да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыстардың үндесуі бұл түрі ері үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм өзбек тілінен басқа түркі тілдерінің барлығына да бірдей тән болатын болса, лабиольдық сингармонизм, біріншіден, түркі тілдерінің әрқайсысына көріну дәрежесінің өзі әр түрлі. Атап айтқанда, ерін үндестік заңы орын тепкен түркі тілдерінде алдыңғы буынның ерін дауысты сынық соңғы буынның немесе буындардың дауыстысына еріндік болуы жағынан әсер етуі түрліше болады.
Мысалы: түркі тілдерінің кейбіреулерінде еріндіктің өзінен кейінгі езулік дауыстылардың тарапынан болса, қайсыбіреулерінде тек қысаң еріндік дауыстылардың тарапынан болады, сондай - ақ түркі тілдерінің кейбіреулерінде алдыңғы буындағы еріндік соңғы буындардағы дауыстылардың бәріне бірдей әсер етсе, енді біреулерінде тек ашық немесе қысаң езулікке әсер етеді. Еріндік дауыстының әсері буын санының мөлшеріне қарай да ажыратылады. Мысалы: түркі тілдерінің кейбіреулерінде еріндік дауыстының әсері барлық аффикстерді қамтып, сөздің өн бойына тарайтын болса, қайсыбіреулерінде сөздің негізін ғана қамтиды, енді біреулерінде аффикстердің біреуіндегі ғана дауыстыға әсер етіп, басқаларына әсер етпейді. Лабиальды сингармонизмнің табиғаты лингвальдық сингармонизмге қарағанда өте - мөте күрделі және оның сөз құрамындағы келесі буындарға әсері түркі тілдерінің әрқайсында түрлі - түрлі болады.

1.3 А. Байтұрсынов және Х.Досмұхамедов қазақ тіліндегі сингармонизм заңдылығын алғаш зерттеушілер
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармониялық ғылыми бағытта бірінші болып зерттеген - А. Байтұрсынов және Х.Досмұхамедов. А. Байтұрсынов сингармонизм терминін қолданбаған, бірақ сингармонизм ұғымын еңбектерінде толық қамтыған, себебі қазақ тілінің дыбыс қорын, сөйлесім процесін езулік жуан, езулік жіңішке категорияларында ұғып, ғылыми ізденістер жүргізіп, классификация жасаған. Яғни, А. Байтұрсыновтың фонетикаға, графикаға, фонограмиялық, орфоэпиға арналған еңбектері езу сингармонизімінің негізінде жасалған.
А. Байтұрсынов ерін сингармонизімің негізін ғылыми ізденістер жүргізбеген, оның себебі, біздің ойымызша, ерін сингармонизімінің қазақша сөйлесім процесінің мәні мен қызметінің әлсіздігінде, сондықтан қазақ индивидінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалғаулардың түбірге кірігуінің жайы
Қазақ тіліндегі баламасын неғұрлым
БУЫН ҚҰРАМЫНДАҒЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАСАЛЫМ БЕЛГІЛЕРІ
Тіл білімінде қос сөздерді қарастырған ғалымдар
Басқарудың жалпы және нақты функциялары
Дыбыс үндестігі
Буынның сипаты
Орфография және орфоэпия
Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдниет конфигурациясын зерттеудегі рөлі
Радиация және олардың түрлері жайлы
Пәндер