Қазақ тілі сабағын Абай шығармашылығымен байланыстыру


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Қазақ тілі сабағын Абай шығармашылығымен байланыстыру»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Абай тілі лирикасының қабаттары
1. 1 Абай лексикасы . . . 6
1. 2 Абай тілі лирикасындағы араб және парсы сөздері . . . 9
1. 3 Абай лирикасының келесі қабаты - орыс сөздері . . . 11
ІІ. Қазақ тілі сабағын Абай шығармашылығымен байланыстыру
2. 1 Абай шығармаларында сөйлем стилінің түрленуі . . . 13
2. 2 Абай қара сөздері синтаксисіндегі қолданыстар . . . 20
2. 3 Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, қара сөздерін қазақ тілі
сабағында пайдалану . . . 27
Қорытынды . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісін кеңейтіп, жан-жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы құрастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым - қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық синтаксистік үйлесімділікте айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады.
Абай Құнанбаев - қазақ әдебиеті тарихында ғана емес бүкіл қазақ халқының тарихындағы ерекше құбылыс, өзгеше белес. Ол - қазақ халқының тұтас бір заманындағы ақыл-ойының, мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің, тілінің айнасы.
Бүгінгі таңдағы Егеменді еліміздің ең басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарында болу, бүкіл әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын тың арнаға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін алға тартады. Осымен байланысты қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын жан - жақты дамыту, ұлттық тәлім - тәрбиені сіңірту, рухани жан дүниесін қамықтыру міндеті қойылады. Бұл мәселені шешу жас ұрпаққа туған тіл табиғатын жете меңгертумен байланысты. Себебі ХІХ ғ. Екінші жартысында өмір сүрген неміс философы, лингвисі В. Гумбольдт айтқандай. Тіл дегеніміз - ұлттық рух болып табылады. Сондықтан да жас ұрпақ бойынша ұлттық рухты қалыптастыратын тіл десек, бұл орайда ұлттық рухпен суарылған данышпан Абай шығармашылығын мектепте оқыту арқылы, бір жағынан жас ұрпақ тұлғасына ұлттық рухты сіңіру проблемасы өз шешімін таппақ. Өйткені бүгінгі, кешегі және болашақтағы көкейтесті мәселе - жас ұрпаққа білім беру, оқыту, ізгілікке тәрбиелеу - өз кезінде Абай шығармашылығынан орын алып, мәнімен маңыздылығы айқындалған мәселе.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, мемлекетіміз білім кеңістігіне аяқ басқан кезеңде, ғылым - білімнің құндылығы, рухани маңыздылығы артып отырғаны белгілі. Сондықтан да ертеңгі ұрпақ жарқын болашақта өмір сүріп, дамыған елдермен иық тіресе қатар тұруы үшін, ең алдымен терең білім мен жан - жақты рухани сұраныс қажет. Бұл орайда оқушы бойында білімге деген құштарлықты, ғылымға деген сүйіспеншілікті оятуымыз қажет. Мұның өзі бала дарындылығын дамытып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға жол ашады. Осыған қатысты Абай «ғылым білім» ұғымдарының маңыздылығына қандай баға береді? Абай көзқарасындағы ізгілік, тәлім - тәрбие дегеніміз не? Әрине, бұлар өз кезеңінде, әр уақытта сөз болған мәселелер. Дегенмен, қазіргі білім беру мақсатын жүзеге асыруда, біз дәл осы мәселелерге жаңаша көзқаарспен қарап, Абай шығармашылығын осы заман келбетімен зерделеп, терең тани таныта білуіміз керек.
Сөз - күрделі құбылыс. Ол тіл білімінің барлық саласының зерттеу нысаны болып табылады. Соның ішінде сөздердің тұлғалық құрылымымен жасалып қалыптасуын сөзжасам мен морфология ғылымы қарастырады. Қазақ тіл білімінде қос сөздердің лексика-семантикалық, грамматикалық қасиет белгілері толық зерттелінді дей алмаймыз. Сондықтан Абай шығармашылығын қазақ тілі сабағымен байланыстыру - жұмысымыздың негізгі нысаны етіп алынды.
Курстық жұмыстың мақсаты - Абай шығармаларын қазақ тілі сабағымен байланыстыру, шығармалардағы қос сөздердің қолданылу аясын анықтау, яғни қос сөздердің лексика-семантикалық, грамматикалық белгілерін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
- қазақ тілі сабағының ерекшелігі туралы түсінік беру және Абай шығармаларымен байланыстыра отырып зерттеу;
- күрделі сөздерге, соның бірі қос сөздерге байланысты айтылған ғалымдардың пікірлеріне ғылыми талдау жасау;
- қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігін айқындау.
Зерттеу әдістері. Жұмысты зерттеу үшін төмендегідей әдістерді қолдандым: талдау әдісі, жинақтау, ой қорыту, жүйелеу, статистика әдістері.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- Күрделі сөздердің ХI ғасырлардан бастап жиі қолданылғандығы анықталды.
- Еркін сөздердің күрделі сөздерге дейін дамуына әрі мағыналық, әрі морфологиялық жағынан дамуы, десемантизация, деформацияға түсуі анықталды.
- Абай шығармаларындағы қос сөздердің мол қабаты анықталды, Абай лексикасына түсінік берілді. Олардың семантикалық ерекшеліктері айқындалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі бөлім және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
І. Абай тілі лирикасының қабаттары
1. 1 Абай лексикасы
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін немесе образ үшін пайдаланады.
Хан, уәзір, аламан, абыз, жылыс, тоғыс, наурыздама сөздері көбінесе Қара-сөздерінде тарихты баяндайтын тұстарда қолданылады. Ал өмірге келген жаңа атауларды жатсынбай қабылдап, өзі де бұларға қоса жаңаларын жасайды. Абай шығармаларының тақырыбына орай төл лексиканың ішінен этнографизмдерді де (шілдехана, үш тоғыз, қынаменде, ақшомшы, ықтырма, күзеу т. б. ), кене киім-кешек, сауыт-сайман, құрал-жабдық атауларын да (дәндәку, жарғақ шалбар, пыстан, шақпақ, шөншік, дулыға, шарайна т. б. ) пайдаланады. Сондай-ақ сыртқы тұлғасы жағынан көнерген сөздерді (мыс, Ұлы дегеннің орнына улық, кіші сөзінің орнына кішік, тураның орнына туғры тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық реңк үстеу сияқты белгілі бір мақсатпен қолданады. Дегенмен, Абай тұсында бірқатар сөздердің кенеру дәрежесі қазіргі көздегіден әлдеқайда солғындау болғаны байқалады. Мысалы, ағайын, туысқан мағынасындағы қарындас сөзі, ел, жақын және жат, алыс семантикалы алаш, әскери мағынасындағы қол сөздерінің әлі де осы ұғымдарда еркін және жиі қолданылғандығын сол көзеңдегі қазақ әдеби тілі де, Абай тілі де көрсетеді. Қоғам өмірімен етене қабысқан тіл, әсіресе, оның лексикасы сол қоғамның әр кезеңдегі тыныс-тіршілігіне орай өзгеріп отырады, яғни бірқатар сөздердің мағыналары ауысады, бірсыпырасы терминдік дәрежеге кетеріледі, енді бір алуанының қолданылу жиілігі артады. Бұл процеске қалам қайраткерлері белсене қатысады. Осы ретте Абайдың еңбегі көзге түседі.
19 ғасырдың 2 жартысындағы қазақ қоғамы өміріндегі елеулі тарихи оқиғалардың бірі - ел билеу, әкімшілік, әлеуметтік құрылыс салаларындағы өзгерістер, жаңалықтар болса, Абай лирикасы осы өзгөріс - жаңалықтарды атайтын сөздерді молынан танытады. Олар қазақтың төл сөздері де, кірме сөздер де болып келеді. Мысалы, елбилеу, әкімшілік құрылысына қатысты болыс, старшын, жандарал, ояз, кандидат, сайлау, шар, тас, шабарман, атшабар, атқамінер, улық сияқты сөздер; заң, сот саласына қатысты заң, закүн, сот, содия, шариғат, куә, би, билік, жан беру, ант ішу, антқа салу, нттасу, айып, тоғыз, барымта, дуре, салауат, дау, даугер, теңдік, бітім, төре беру, жаза, шағым, арыз, арызшы, іс, қағаз, тергеу, кәтелөшке, түрме, дезнание, прошенио сияқты сөздер термин дәрежесіне кетеріліп, әдеби тіл нормасына айналады. Бұл ретте кейбір әлеуметтік үғым атауларының мағынасы айқындалып, ішінара терминделу процесі Абай тілінде ерекше байқалады. Мысалы, жарлы менкедей сөздерінің ақын біріншісін сын есім ретінде жиірек қолданады да, сол көздегі әлеуметтік топ атауына кедей сөзін әлдеқайда жиі телиді. Сол сияқты байғұс сөзінің ертеректегі қоңсы, жалшы мағынасы солғындап, бұл сөз көбінесе «бейшара, мүсәпір» деген мағынадағы сын есім ретінде нормалана бастайды. Әрине, Абайда бір ұғымды бір ғана атаумен білдіру барлық жерде бұлжымай жүзеге асырылған жоқ, ейткені, сөздердің барлық айналуы - едәуір ұзақ тәжірибенің жемісі және жеке қаламгердің еңбегін емес, көптің еңбегін, әсіресе баспасөз сияқты көпшілікке ортақ жазба дүниелердің қызметін қажет ететін құбылыс. Осы себептен Абайда да кәсіп мағынасында кәсіп, өнер, харекет сөздері, еңбек мағынасында еңбек, бейнет, қызмет сөздері жарыса қолданылған және көрісінше, бір сөз арқылы бірнеше мағынаны білдіру де орын алады. Мысалы, Абай тілінде ғылыми сөзі осы күнгі мағынасымен қатар, білім, оқу семантикасын да қамти қолданылған. Өз тұсындағы қазақ қоғамының экономикалық күй-қалпына, сауда-саттыққа қатысты Лирика тобын өзінің кең тақырыпты шығармаларында молынан пайдаланып, мұнда да өмір суретін беретін сөздік қазынасын жасайды. Жалпы әдеби тілде, оның ішінде Абай тілінде базар, сауда, мәліш сауда, саудагер, бұл (пул), өсім, өсімқор, табыс, пайда табу, зиян шегу, несие, қарыз, борыш сөздерінің көпшілігі қазақ даласына келген жаңа ұғымдардың атаулары ретінде тұрақтала бастайды.
Абай шығармалары тақырыптарының бірі оқу-ағарту, білім-ғылым, мораль жайы болғандықтан, осы салаға қатысты Лирика тобы ақын тілінде молынан кездеседі. Бұл реттегі Абай тілінің ерекшелігі, біріншіден, ол бірқатар сөздерді өте жиі қолданып, олардан туынды тұлғалар жасап, белсенді қорға айналдырған. Мысалы, білім сөзін 30-дан аса рет қолданып, одан білімді, білімсіз, білімділік, білімсіздік деген туынды сөздер мен білім- ғылым, ғылым-білім деген қос сөз тұлғаларын жасаған. Ал, ғылым сөзін Абай 100-ден аса рет пайдаланып, оны осы күнгі орысша наука деген ұғымнан гөрі білім, оқу сөздерінің баламасы ретінде алған. Мысалы, «Хатта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберіп, жақсы дін танырлық қылып үйретсе» дегендегі мұсылман - мұсылманша оқу. «Балаңа орыстың ғылымын үйрет» дегендегі Абайдың айтпағы - орысша оқыту. Сондықтан Абай тілінде ғана қолданылған ғылым табу, ғылым оқу, ғылым іздеу тіркестері білім алу деген мағынада келеді. Сөйтіп, Абай лирикасы 19ғ-дың 2 жартысындағы қазақ әдеби тілінің тақырыптық серияларға қатысты саласының байлығы мен барын, өзгөрісі мен жаңалығын танытатын айнасы іспетті болды. Абай шығармашылығының дені поэзия болғанымен, оның жырлаған тақырыптарына орай және ақын жаңашылдығы мен шеберлігіне қарай өлеңдер тілінің өзінде де әлеуметтік терминология мен экономика, саясат, оқу-ағарту, мәдениет салаларына қатысты сөздер кең орын алған. Лириканың бұл топтарын мол қамтуына Абайдың проза жанрына баруы да септігін тигізген.
1. 2 Абай тілі лирикасындағы араб және парсы сөздері
Бұрыннан қазақтың жалпы халықтық тілінде қалыптасқан шығыс сөздерін Абай жатсынбай, еркін қолданады. Олар дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге, әкімшілікке, сауда-саттыққа т. б. қатысты болып келеді. Араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі сияқты, Абайда да дерексіз ұғым атаулары құрайды (ар, абырой, мейір, нала, парыз, қаһар, қиял, қудірет, дәурен т. б. ) . Абай тілі лирикасының бір ерекшелігі - мұнда қазақ тіліне енбеген араб-парсы сөздерінің де қолданылғандығы. Олар, негізінен, Абайдың қарасөздерінде, онда да барлығында емес, тақырыбына қарай белгілі біреулерінде ғана шоғырланған. Ол шығармалар жүрегінің қуаты перзентлеріне арналған атақты Отыз сегізінші сөзі мен қазақ оқырмандарына иман деген - алла табарақа уатағаланың . . . жарлығына . . . мойын сұнып, инанмақ» екенін баяндаған 13-сөзі. Бұларда философия мен моральға қатысты ой-пікірін айтуда автор осы салалардағы ұғымдардың араб тілінде қалыптасқан атауларын қазақшаламай, сол күйінде пайдаланды. Мысалы, саниғ (өндіруші, жасаушы), салахият (жарамдылық), сәмиғ (тыңдаушы), тахмин (болжау, бағалау), хасил (нәтиже) т. б. Тіпті кейде арабша тұтас тіркестерді қолданады (иман тақлиди, жәлиб мәнфағат, уәфқи музаррат т. б. ) . Бұл қолданыстар стильдік мақсатты көздеген. Шығыс сөздерін пайдалануда Абай ұстаған бір бағыт - сол кезде айтылуы мен жазылуы жағынан қалыптасып болмаған сөздер қатарының әрқайсысына дербес мағына төлу әдісі. Мысалы, Абай ғашық - асық, ғаділет - әділет, харекет - әрекет, хакім - әкім, қайла - айла сияқты жарыспалы варианттардың әрбір сыңарын жеке-жеке мағынада жұмсайды. Олар өлең техникасының талабын да (Мысалы, «Сорлы асық сағынса да, сарғайса да» деген жолда ғашық сыңарын қолданса, өлеңнің буын саны тура келмес еді), мағына саралау мақсатын да («Ғаділетті жүректің әділетін бұзыппын»; «Қылыпжүрген өнері әрекеті - харекет»), стильдік мақсаттарды да (Мысалы, Отыз сегізіншісөзіндеараб сөздерінтөл нүсқада жазу: ғадалат, сифат, раст, хисап, харіф т. б. ) етейді. Сөйтіп Абай шығыс сөздерін қазақ Лирикасын байытатын бірден-бір жалғыз және ең басты көз деп есептемеседе, қазақ әдебитінің лексикалық нормасында бұрыннан еніп, қалыптасқан араб-парсы сөздерінің мол қорының болуын құптаған, олардың қолданысын құбылтып, поэтик тіл айналымын қатыстыру, мағыналарын не тарылтып, терминге айналдыру (Мысалы, насихат, хат, кедей сөздері) не кеңітіп, полисемияға - көп мағыналы сөзге айналдыру (Мысалы, өнер, қызмет, ғылым, харекет, сипат сөздері), олардан синонимдік қатар түзіп, семантикалық үстеме реңктер беру (харекет, әрекет, ғашық-асық, ғаділет - әділет, заман - замана) стильдік мақсатта қолдану принциптерін ұстаған. Абайдың араб-парсы сөздерін пайдалануында түркілік жазба әдеби дәстүрдің әсері де жоқ емес. Мысалы, бір қыдыру жиі қолданылып, өлең текстеріне де енген хикмет, ғибрат, сухбат, Һәмише сияқты сөздерді немесе 38-, 13-сөздерінде халық тіліне енбеген араб сөздерін, кейде тіпті тұтас тіркестерді молынан келтіруі тұркілік (шағатайлық) нормаға үндеседі. Бұл Абайдың кітаби тіл дәстүріне құбыжық ретінде емес, белгілі бір стильдік құрал ретінде қарағанын танытады.
1. 3 Абай лирикасының келесі қабаты - орыс сөздері
Абай Лирикасының келесі қабаты - орыс сөздері. Олар сан жағынан араб-парсы қабатынан әлдеқайда кем болғанымен, әрі қарайғы орын тебу бағыты жағынан басым түседі. Бұл бағытқа себепкер, ең алдымен, қазақ қоғамының сол кезеңдегі және әрі қарай әлеуметтік, саяси, экономика күй-қалпы болса, екіншіден, қазақтың ұлттық жазба тілінің демократтық сипатта дамуы еді. Абай мен Ыбырай орыс тілі элементтерін тек жалпыхалықтық сөйлеу тәжірибесінен емес, тікелей орыс әдеби тілінен алды. Абайдың жалпы халықтық қолданыс таналып пайдаланған сөздерінің көпшілігі әкімшілік, заң, шаруашылық салаларына қатысты. Олар: болыс, кандидат, ояз, сияз, старшын, майыр, шен, партия, сот, шар, закун, закуншік, кателешке, бодан, расход, кір, лапке, барқыт, самаурын, пәтер, сома, бақалшік, мәліш (сауда), аршепке, барабан, зауыт, машине. Абайда өзіне дейінгі және өз тұсындағы қазақ әдеби үлгілерінде көздеспейтін біртоп орыс сөздері бар. Олар адвокат, доктор, губернатор, начальник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь, такт, номер, химия, трагедия, единица, ноль, образование, назначение, посредник, жеребе, прошение, дезнание, прямота, икра, фабрик, электр, румке, стакан, счет дегензат есімдер мен уөздный, военный, здравомыслящий, уголовный, самородный (сары алтын), виноват деген сын есімдер және гуляйттау, пошел, занимайся деген етістіктер. Бұлар қолданылу мақсаты, тексте кездесу жиілігі жағынан біркелкі емес: басымтобы (адвокат, визит, монастырь, ладан, картечь, химия, трагедия, фабрик, электр т. б. ) қазақша сөздермен беру мүмкіншілігі жоқ болғандықтан пайдаланылғандар, енді бір шағын тобы (образование, назначение, дезнание, посредник, прошение) қазақша баламасы бола тұра да, осы ұғымдардың орысша «исін» сақтау үшін стильдік мақсатпен әдейі қолданылғандар. Ал здравомыслящий, коренной, оязной, счет деген орысша түлғадағы сын есімдер мен занимайся прямотой тәрізді тіркесінің қолданысы да стильдік мақсат көздейді. Бұл сөздер Абайдың орысша оқып жүрген шәкірттерге арналған өлеңінде жұмсалған. Пошел, гуляттау, білетке сияқты сатиралық бояуы бар осы сөздерін Абай образ үшін қолданған. Орыс тілі элементтерінің тағы бір ете шағын тобы - штамп қыстырмалар. Арабша тұтас сейлем тіркестерді қолданғанысияқты, Абай прозасының тілінде бірді-екілі орысша күрделі атауларды сол күйінде келтіреді. Олар: подвижный элемент, сила притягательного, однородного, впечатлительность сердца. Бұл ақын шығармаларын жазу үстінде орыс тіліндегі әдебиетті пайдаланғандығын танытады және бұларды аудармай алуының себептері, біріншіден, қазақша философиялық ғылыми терминдердің оларды жасау тәжірибесінің ол көзде жоқтығы, екіншіден, осы ұғымдарды бұрмаламай, шатастырмай атау ниетінің болуы, ұғымның атауын орыс тілінде ала отырып, әрі қараи осы ұғымның мәнін қазақшалап түсіндіреді. Бұл - қазақ әдеби тілінде бұрын-соңды болмаған соны тәсіл, Абай қолтаңбасы. Орыс тілі арқылы интернационалдық сөздерді ішінара қабылдау принңипінің алғашқы нышандары Абайдан басталған. Мысалы, такт, трагедия, элемент, визит, химия тәрізді атаулармен қатар сол тұстағы қазақтың әдеби тілінде орын ала бастаған партия, кандидат, губернатор, генерал, доктор, фабрика, электр, миллион сияқты халықаралық қор элементтерін қолдануды Абай батыл қостаған. Бұларды пайдаланудың мотивтері мен орындарын кеңейткен. Сөйтіп, Абай лирикасындағы орыс сөздерінің қолданысы - қазақтың жаңа жазба тілінің даму барысында орынтепкенбағыттардың бірі. Бұл бағытты ұстап, әрі қарай жылжытуда Абайдың көздеген мақсаттары мен принциптері мынадай:
1) орыс сөздерін өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне енген жаңа құбылыстарды, заттарды, ұғымдарды айырып атау мақсатымен қабылдау;
2) әзірге қазақ қауымына бейтаныс болса да, аударуға болмайтын ұғым, зат, құбылыс атауларын орыс тіліндегі түрінде беру;
3) орыс сөздерін образ жасау, әңгіме барысын белгілі бір оқырманға бағыштау сияқты стилдік мақсатта пайдалану. Бұл мотив, принциптер де жаңа жазба әдеби тіл дамуында Абай қаламына ғана тән жатсын бай қабылданған соны құбылыстар.
ІІ. Қазақ тілі сабағын Абай шығармашылығымен байланыстыру
2. 1 Абай шығармаларында сөйлем стилінің түрленуі
Сөйлем стилін түрлендіруде қаратпа, қыстырма сөздердің де қызметі ерекше. Олар сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланыста айтылмағанымен, мағыналық байланыста жұмсалып, ойды тартымды, әсерлі, дәл түсіндіруге үлкен қызмет атқарады.
Қаратпа сөз әсіресе шешендік сөзде, үндеуде, диалогты сөйлем-де, кім үшін, кімге қарап, неге арналғанын және сөйлеушінің. ішкі сезімін аңғарту үшін жұмсалады. Мысалы, «Шырағым, сен ағаңның тілін ал» - деген сөйлемді кім айтса да, жылы шыраймен айтылып отырғаны бірден ан. ғарылады, оның орнына «Сен, оңбаған, ағаңның тілін ал!» - десек, біреудің екінші біреуді жек көріп айтқаны аңғарылады. Бұл мағыналық, эмоциялық айырмашылықтың болуы, бір жағынан, сөйлемнін, айтылу эуенімен байланысты болса, екінші жағынан, ең бастысы сөйлемде қолданылған қаратпа сөздердің мағынасымен байланысты. Қаратпа сөздердің түрлері де, сөйлемдерге енгізетін мағыналық өзгерістері де аса елеулі, олардың негізгілері мыналар:
1. Әй, ей - қаратпа сөздері бар сөйлемдер дөрекілікті білдіреді.
2. Бірқатар қаратпа сөздер біреуге жылы шыраймен жасы кішіні жақын көріп сөйлегенде қолданылады. Олар - қалқам, шырағым, күнім, сэулем, бауырымсияқты біреуді басқа затқа балап айтқан сөздер. Мысалы:
Қарағым, бермен кел,
Бізге де көңіл бөл! (Абай) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz