Қазақ тілі сабағында тірек сызбалар арқылы оқыту
Мазмұны
Кіріспе
1. Қазақ тілі сабағында тірек сызбалар арқылы оқыту
1.1 Оқу процесінде тірек - сызбаларды пайдаланудың тиімділігі
1.2 Қазақ тілі сабағында тірек сызбалар арқылы грамматикалық тұлғаларды меңгерту
2.Қазақ тілі сабақтарында тірек сызбалардың қолдану мүмкіндіктері
2.1 Қазақ тілі сабағында тірек-сызбалардың маңызы
2.2 Тірек-сызбаларды сабақта қолданудың мүмкіндіктері
2.3 Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Тірек-сызбаларды пайдаланған уақытта өткен тақырыпқа нақты жауап беруге, алған білімді белгілі бір жүйеге көшіруге мүмкіндік туады. Оқушылар тірек-сызбалар бойынша тақырыптың мәнін ашып жүйелі түрде әңгімелеп, тақырыпты толық меңгергенін дәлелдейді. Оқушылар топпен және жұппен жұмыс жасауға дағдыланады, тақырыпты жүйелі меңгереді. Оқушының қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
Қазақ тілін оқытудың тиімділігін анықтау тек білім деңгейімен ғана өлшенбейді, ол оқушылардың өздігінен білімін жаңаша қалыптастыруға байланысты.
Сабақтың қай түрі болмасын тірек-сызбаларын қолдану тиімді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында тірек-сызбалар таптырмас көмекші құрал. Тірек-сызбаларды пайдаланғанда оқушы тақырыпты жақсы терең меңгереді, мұғаліммен бірігіп талдайды, материалды жақсы есте сақтайды.
Тірек-сызбалары - көптеген мұғалімдер үшін оңтайлы оқыту құралы. Барлық педагогикалық әдіс-тәсілдер оқушының танымдық әрекетін қалыптастыруға, оқу материалын ой елегінен өткізіп, өңдеуге, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне, тиянақтауына бағытталуы керек.
Тірек-сызбаларын қолданғанда жұмыс уақыты үнемделеді. Үнемделген уақыт жаттығулар орындауға, қиын тапсырмаларды орындауға жаттығуға, өткен тақырып көлемінде оқушылар білімін тексеруге қолданылады. Тірек-сызбаларын жаңа материалды түсіндіруде, оны бекітуде, сыныптан-сыныпқа көшу, қорытынды бақылауына әзірленуде, бірыңғай ұлттық тестілеуге әзірленуде және білімді бақылау мен күнделікті бақылауда қолдануға болады. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан да оқыту әдістерін жетілдіру - жетістік көзі.
В.И. Шаталов жүйесінің жетістігі - тақырыпты бірнеше мәрте қайталай отырып, қол жеткізетін білімнің мықтылығына талпыныс, білім мен білік үшін нақты бақылау, оқушының жеке басына құрметпен қарау.
Оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және туындаған проблемаларын шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады. Осыған орай оқушының ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі. Проблемалы оқыту технологиясын негізгі мақсаты ‒ оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы оқыту В.Ф. Шаталовтың технологиясына негізделіп жасалған оқытудың интенсивтендіру технологиясы болып табылады.
Мақсаты, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсендендіріп, схемалық кестелерді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін, біліктерін, дағдыларын қалыптастырып, берілген сұрақтың жауабын тезірек табу мүмкіншілігін туғызады.
Демек, оқушылардың оқу барысындағы қабілеттерін белсендендіру құралдарының бірі сабақ барысында тірек-сызбаларды қолдану.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен - мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Ш. Амонашвили: Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң, содан бастау керек, ‒ деген сол себептен сабақ барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырып, сабақтың көрнекі өтуін қамтамасыз етеді.
Жаңа педагогикалық технологиялар:
1. Білім беруді ізгілендіру технологиясы;
2. Проблемалы оқыту технологиясы;
3. Тірек-сызбалар арқылы оқыту технологиясы;
4. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;
5. Міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы;
6. Модульдік оқыту технологиясы;
7. Жобалап оқыту технологиясы.
Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А. Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты ‒ баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту.
Модульдік оқытудың өзегі ‒ оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының авторы жаңашыл мұғалімдердің бірі, ресейлік мұғалім С.Н. Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты - барлық баланы табысты оқыту. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады, бірте-бірте толық дербестікке жету көзделеді.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы - оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг - ұпай жинау әдісіне баулу. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай - балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.
В.Ф._Шаталов технологиясының басты ұстанымы тірек-сызбаларды пайдалану арқылы үздіксіз қайталау, жүйелі білімді қалыптастыру.
Бұл жүйенің жетістігі - материалды бірнеше мәрте қайталай отырып, қол жеткізетін білімнің мықтылығына талпыныс, білім мен білік үшін нақты бақылау, білім алушылардың өзара бақылауын кең қолдану арқылы олардың жеке басына құрметпен қарау.
Тірек-сызбалар ‒ білім алушыларға пәннің әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына мүмкіндік береді. Тірек-сызбаларды пайдаланғанда сызбаның оқушы ұғымына сай болуына көңіл бөліну керек.
Тірек-сызба - сабақтың бейне жоспары. Тірек-сызбаны пайдаланудың нәтижесі - тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы - тірек-сызбаларды пайдалану болып табылады.
Оқыту әдістемесі мен педагогикалық тәжірибелер негізінде оқушы ойын, шығармашылық қабілетін дамытуда Ойлаудың заттық - бейнелік түрі негізгі міндетті атқаратыны айқындалған. Олар :
+ оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
+ тақырып мазмұнын аша білу, оқу әрекетін дамыту;
+ әрбір оқушының жас психологиялық ерекшелігін ескеру;
+ міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейін кеңейту.
Оқыту әдістері мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану - жетістік көзі. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.
Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Оқытудың тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған В.Ф. Шаталов өз еңбектерінде көрсеткендей, тірек-сызбаларының негізгі мақсаты - Егер есіңе сақтау үшін үйренсең ұмытасың, ал егер түсіну үшін оқысаң - есіңе сақтайсың деген қағидасын енгізу.
Ендеше қоғам талабына сай білім беру үшін жаңа педагогикалық технологияларды әр түрлі оқыту әдістерімен сабақтастыра жүйелеп, заманауи тиімді білім беру жүйесін жасақтай білуіміз керек.
Тірек-сызбаларды пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, болжам жасатып, мақсат қойып, толық мазмұндық ақпарат алуға жағдай жасайды. Тірек-сызбалар - сабақ үрдісін ұтымды ұйымдастыруға көмектеседі, тақырып бойынша танымы кеңейеді, топпен және жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Тірек-сызбалар - кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады. Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі.
Тірек-сызбаны құрудың негізгі қағидалары:
Тірек-сызба - оқу материалының негізгі бөліктерінің мазмұынын жинақтайтын бөліктерден тұрады;
Әрбір бөліктердегі теориялық материал арнайы белгілер, сызбалар, сөздер арқылы біріктіріледі;
Тірек-сызбалар - есте оңай сақталатындай қарапайым болуы керек.
Бұл үшін графикалық безендіруде шығармашылық ізденіс және ұшқыр ой тапқырлығы талап етіледі.
Тірек-сызбалар ‒ білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тірек-сызбалар арқылы білім беру әдістемесінің негізгі ұстанымы - оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттерін ойластырып, саналы да сапалы меңгерту жүзеге асырылады.
Тірек-сызбаларды пайдалану мұғалім үшін тиімді, тақтаға бормен жазып жатудың қажеттігі азаяды, барлық сабақ барысы оқушының көз алдында тұрады, оқу мазмұнын қысқаша баяндап шығу арқылы, көптеген оқушыны бағалау мүмкіндігі туады. Тірек-сызбалар білім берудің үш мақсаты - оқыту, тәрбиелеу және дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық қызметтерді: үйрету, бағыттау, тексеру жүзеге асырады. Материалды ең алғашқы кіріспе сабақта қысқаша - тезистік дәріс түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу бөлімінде көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп ізденіп тырысуына, әр деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық дағдысы қалыптасуына, оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл коммуникативтілігінің артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді. Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар жүргізу кезінде бір ғана сабақтың үстінде дарынды оқушымен де, орташа оқушымен де, нашар оқушымен де байланыс үздіксіз жүріп отырады. Сонымен қатар оқушылар әр сабақта бағаланып, қорытынды бөлімде олардың алдыңғы сабақтарда алған бағаларын жақсартуына мүмкіндік туады. Ең бастысы ‒ оқушы дәстүрлі сабақтағыдай 45 минут бойы бір орында тапжылмай отыру, жалығу, шаршау деген сияқты жағымсыз жақтарды басынан кешірмейді. Сабақ барысында оқушының сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады. Оқушы өзін жан-жақты көрсетуге тырысады, себебі әр сабақ сайын бағаланғысы келеді. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы - тірек-сызбаларды пайдалану қажет.

Мектепте оқытылатын барлық пәндердің де маңызы зор десек, оның ішінде қазақ тілінің орны аса ерекшеленіп тұрады. Оқушының ойлауы мен тілін дамыту, дүниетанымын қалыптастыруда қазақ тілі пәніне үлкен міндеттер жүктеледі. Оның ішінде әрбір грамматикалық тақырыптардың да қосатын үлес салмағы бары анық. Сонда, қазақ тілі грамматикасы оқытылуының нақты тәрбиелік мүмкіншіліктері қандай? Грамматиканың қай деңгейі, қай бірлігі оқушының ойлау мен тілін дамуында үлкен орын ала алады? Жалпы тәрбиелік процестегі грамматика сабақтарының салмағы қандай деген сұрақтар қойылып, қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын дамытудың тәрбиелік негіздерін зерделеуді осы бастауыштан аламыз.
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың өзіндік дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру да тәрбие теориясымен тығыз бірлікте қарастырылады. Шығыс халқының Мың рет естігеннен бір көрген артық деген даналық сөзі сабақта көрнекіліктерді пайдалануға арнап айтылған сияқты.
Бүгінгі баяндаманың тақырыбында айтылғандай баспадан шыққан дайын тірек сызбаларды біз оқушы зердесіне қалай жеткізе аламыз. Тірек сызба дегеніміз - көрнекіліктің бір түрі.
Көрнекілікті XVII ғасырда чехтың прогресшіл ұлы педагогы Ян Амос Коменский енгізді.
Шет ел педагогтары Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци көрнекілікті тек арифметика, геометрия сабақтарында қолдану мүмкін десе, Я.А.Коменский мен оның идеясын қолданушы неміс педагогы Ф.В.Дистерверн пен орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский көрнекілікті барлық пәндерде қолдану мүмкін және қажет деген.
Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұсынатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет. Танымдылық белсенділік-оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласынның, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.
Қазіргі кезде кезде 80-нен астам педагогикалық технлогия қолданылып жүр. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсінуіміз керек.
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің мазмұны мен мақсаты, оқыту мен тәрбиелеудің жұмыс түрлерін ұштастыра отырып, одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыруды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануды талап етеді. Сонай әдістердің бірі - оқушының байқау, көру, қабілетінің ерекшілектерін ескеріп, дамытатын көрнекілік әдісі.
Осы тұрғындан келгенде, бұл мәселені терең зерттеген Е.И.Пассов: Коммуникативный метод обучения иностранному говорению еңбегінде сабақтың мына ерекшеліктерін көрсетеді:
- Уәждемелік: сөйлеу әрекеті ішкі қажеттіліктен туындау керек. Бұл үшін оқу материалының мазмұны жаңа, танымдық жағынан қызық болуы шарт;
- Мақсаттылық: оқушы сөйлеу әрекетін орындағанда, не үшін оқитынын, жазатынын, тыңдайтынын, айтатынын, сөйлейтінін білуі шарт;
- Жекелік маңыздылығы: үйренуші оқу мақсатын саналы түсініп, оның қажеттілігін сезінуі тиіс;
- Қарым-қатынастық даралық сипаты: оқушы өзінің индивид екенін, соған орай өзіндік көзқарасын білдіріп отыруы шарт;
- Ойлау белсенділігі: шығармашылық тұрғыдан ойлауды қажет ететін белсенділік болуы шарт (фраза сөздерді, мәтінді қайталау, баяндау емес);
- Өзара әрекет: оқытушы мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, үйлесімді оқу әрекетінің болуы;
- Ситуативтілік; сөйлеу жағдаяттарын (ситуцияларды) ескерту;
- Ақпараттылық: оқушының жас, интеллектуалдық мүмкіндіктеріне сәйкес қызықты оқу материалдарын іріктеу;
- Жаңалық деңгейі: мәтін мазмұны ғана емес, оқыту процесінің барлық элементтеріне қатысты болуы;
- Эвристикалық сипаты: шығармашылық тұрғыдан сұрақ-жауапқа құрылуы;
- Функционалдық сипаты: тілдесімде тілдік бірліктерді атқаратын қызметі тұрғысынан іріктеу;
- Проблемалық сипаты: оқу материалы проблемалық, яғни оқушының өз бетінше ойланып, орындап, шешуіне, сыни ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс.
Ғылыми стиль терминдерін білу, қолдана білу;
Сөз құрамын білу, түбірлес сөздерді табу;
Сөзжасамның негізгі түрлерін білу;
Таныс емес сөздерді сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы ажырата білу.
Қазіргі мұғалімдерге ұсынылып отырған қазақ тілі бойынша тірек сызбалары теориялық материалды игеруге практикалық тұрғыдан үлкен көмек береді. Көптеген психологтардың пікірі бойынша оқыған материалды есте сақтаудың тиімді әдістерінің бірі оны шартты белгілер бойынша танып-білу арқылы есте сақталатынын мойындайды.
Орыс тілді аудиторияда қазақ тілінен сабақ жүргізудің негізгі міндеті - бұл ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорды есте сақтату, коммуникативтік аспект-қарым-қатынасты қалыптастырумен қатар, негізгі теориялық материалдарды кесте мен сызба түрінде түсіндіріліп отырса, ол әрине, есте сақтау қабілетін арттырады.
Сызба арқылы оқыту тәсілдері қажетті грамматикалық тақырыпты жылдам әрі тиімді меңгертуге көп көмегін тигізеді.
Мұғалімнің міндеті осы дайын тірек сызба, кестелерді өз жеке іс-тәжірибесін қолдана отырып, әр тақырыпты сорттап, талдап, сызбаларды барынша түсінікті етіп оқушыға жеткізе білу.
Мысалы фонетика бойынша и,у дыбыстарының жуан, жіңішке болатына салыстырмалы кестені қолдану керек.
Бір ескеретін жағдай жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешенінің тілді меңгерудегі коммуникативтік ұстаным талаптарына сәйкес болуы керек.

Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктердің бір түрі - дидактикалық карточкалар. Дидактикалық карточкалар таратылып бергенде, тақтада сол тақырыпқа байланысты тірек-сызба ілініп тұру керек.
Грамматикалық ұғымдар практикалық жолмен іске асырылады. Олар тақырып ерекшелігіне бөлініп отырады. Мысалы, етіс шақтары кестеде сызбамен жалпылама көрсетілсе, оны оқушыларға, мәселен, етістіктің нақ осы шағы қалай жасалатынын тек бір жақта, жекеше, көпше түрдеге түріне сызба бойынша көрсетіп, әрі қарай өзі жалғастырып кете алады.
Ескеретін жай оқулықтағы барлық материалдарды сызба немесе көрнекілікке айналдыруға болмайды.
Педагогикалық талап - білім беру жолында қолданылатын теория мен практиканы басшылыққа ала отырып, мұғалім оқушылардың тілден алған теориялық білімін практика жүзінде меңгерту мақсатталады.
Қазақ тілінде әр септіктің грамматикалық формасы біркелкі жүйеде қалыптасқан. Бірақ оны жаттап алу оқушылардың қазақ тілін сапалы түрде тиянақты меңгеруі дұрыс нәтиже бере бермейді. Ол үшін Жүнісбековтың түспен ажырата білу тәсілін қолданса артық емес. Мысалы үнді, ұяң, қатаң дыбыстарды үш түспен көрсетіп, жуан мен жіңішкені жуан мен жіңішке арқылы көрсетіп қойса, оны үлгерімі нашар оқушыларды өзі-ақ тапсырманы қиналмай орындап береді.
Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау арқылы жүргізілетін сабақ ұзақ есте қалады.
Осындай тірек материалдарын, сигналды карточкаларды, символдарды мол пайдалану педагогикалық технологияның бір тармағы - жеделдетіп оқытуға жатады. Ол күштеусіз оқытуға жеке тұлғаның мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді.
Сөйлем мүшелері арқылы сөйлем құрамында шартты сызық белгілерін, немесе сұрауларды көрсетіп, осыларды қажетті сөздермен алмастыру керек деген тапсырма беріледі.
Ал, сөз құрамын меңгерткенде Орнын тап! атты көрнекілікті пайдаланса, оқушыларға ой шақыртып, ойлантуға мәжбүрлейді.
Бұрынғы білім негізінде соны пайдалана отырып жаңа проблема шешеді: ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады, көрсетеді, жазады, салыстырады, табады, талқылайды. Алған білімін жіктейді, саралай біледі, ең негізгі түйінін түсіне біледі.
Мұғалім мен бала бірігіп жұмыс істейді яғни тікелей қарым-қатынас туындайды, оқушының ықыласы артады.
Тірек сызбалармен жұмыс істеу - оқушылардың логикалық ойлау әдісін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттырады. Жұмысты көбіне оқушылар өздері ойланып орындай алатындай етіп ойластырған жөн. Емлелік шарттарды нақтылап, түсінікті етіп жасау керек.
Тірек сызбаларды тек көрнекілік ретінде ғана емес, деңгейлік тапсырмалар, жеке карточкалар немесе топпен, жұппен жұмысымен пайдалануға болады. Мысалы: Мен өзімнің сабағымда етістікті қайталау кезінде тақтаға ілінген тірек сызба арқылы етістің үш жағын үш қатарға бөліп беремін. Тірек сызба бойынша тапсырмалар көбінесе сызбаны толтыр немесе шартты белгілер бойынша грамматикалық атауларын таптыру болып келеді. Сонымен бірге мынадай жетелеуші сұрақтар беруге болады: Сөз тудырушы жұрнақ арқылы туындаған сөз, біріккен сөз, күрделі сөз, қос сөз, қысқарған сөздердің сызбасы не туынды түбірден таралып тұр?. Бұл жерде әрине кестені пайдалану керек. Тірек сызбаларды сапалы түрде меңгерту үшін қабылданатын зат пен құбылысты дұрыс байқау, анализ жасау керек.
Әр сабақ ерекшелігіне сай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz