Мектепте музыка пәнін өткізудің ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Мәдениет және өнер институты

Музыкалық білім кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Мектепте музыка пәнін өткізудің ерекшеліктері

Орындаған: Кабиев А.М.
Тексерген: Мусагалиева Г.Б.

Орал, 2012ж.

Жоспар

1. Кіріспе
2. Музыка пәнін өткізудің ерекшеліктері
3. Музыкалық тәрбие беру
4. Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары
5. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

1. Кіріспе

Оқу барысында музыка пән мұғалімі оқылатын пән мен оқушы арасындағы дәнекер түйін сияқты. Ол өз оқушысымен де, оқытатын пәнімен де тығыз байланыста. Осының өзі музыка пән мұғалімінің бүкіл іс-қимыл ерекетімен қызметіне оның тұлғасына, белгілі бір өріс аумағына сай талап қояды. Осыған орай музыка пән муғалімінің іс-әрекетінің, қызметінің өзіндік ерекшілігінің мәні зор екені байқалады. Оқытушы өзінің жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагагикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті - таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады.Мектепке музыка пән мұғалімдерін кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі мақсаты-музыка өнеріне баулу.
Музыка сабағы негізінен үш бөлімнен тұрады: ән үйрену, музыка таңдау, музыкалық сауатты ашу. Оқушылар - ұстаз - музыка - міне осы үш нәрсе сабақтың арқауын құрайды. Ұстаздың басты міндеті өзі құрған жоспарына сәйкес оқушыларға музыканың мағынасына, айтайын деген көркем ойына терең үңіліп, өмірдің музыка өнерімен байланыстылығын сезінуге, музыкалық білімнін негізін қабылдауға, шығармашылық үрдіске баулуға үйрету.
Сонымен, сабақ өткізу барысында немесе кластан тыс музыкалық жұмыс кезінде балалар ұжымының (коллективінің) бірігіп аспапта ойнауды қуанышпен сезінуі, бірін-бірі тыңдай білуі, музыкалық аспапқа деген балалардың ынтасының артуы, олардың көңіл-күйінің көтерілуі, музыкалық ой-өрісінің кеңеюі, ең бастысы, әр баланың өз класына, ұжымына керек екендігін сезінуі -- үлкен өмірге баратын жолдаманың басы екендігін мектеп мүғалімі әрқашанда үлкен жауапкершілікпен сезінуі тиіс.

2. Музыка пәнін өткізудің ерекшеліктері

Музыка сабағы - оқушының оқу-танымдық, рухани-танымдық қасиеттерін өсіруге арналған арнаулы сабақ. Басқа сабақтар сияқты, мұнда да оқу-тәрбие жұмысының негіздері: тапсырма беру, мазмұн-мағына, оқыту әдістемесі қолданылады. Әр сабақ өзінің ішкі логикасымен кұрылады. Сабақтың мақсаты - оқушылардың дайындық деңгейімен берілген тапсырманың, мағынаның, әдістеме мен оқыту түрінің сәйкестігімен орындалады. Алдымен сабақтын мақсаты мен мазмұнын анықтап алған ұстаз содан кейін оқытудың формасы мен әдістемесін таңдап алады. Бұл таңдау сабақтың түріне, мазмұндық ерекшелігіне қарай жүргізіледі. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында музыка сабақтары білім беру мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка пәнінің маңызы қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық ( ұлттық) музыкаға баулиды.
Халықтық музыкалық фольклорына құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен баулығанда ғана, ол ертеңгі өз отанының нағыз азаматы болады.Халық музыкасы мен кәсіптік (профессионал) музыканың өзара байланысын сезіну арқылы бала классикалық күрделі музыканы түйсінеді. Сондай-ақ , ұлттық музыка мен дүниежүзі музыкасындағы халық ән-күйлері аудармасыз-ақ,, бар халыққа түсінікті тіл екендігін ұғынады.
Мектеп оқушыларының іс-әрекеттерінің сипаты бойынша дидактикалық ойындарды топтастыра отырып біз шартты түрде репродуктивті, жартылай-ізденгіштік, ізденгіштік ролдік элементтері бар шығармашылық және ролдік элементтері жоқ шығармашылық дидактикалық ойындарды бөліп қарастырамыз. Ойын ситуацияларында қажетті шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларының білімін жаңғыртатын дидактикалық ойындар қысқа мерзімділігімен ерекшеленеді. Іс-әрекеттің процессуалдық жағы мұғалім арқылы бағытталады және бақыланады.
Шығармашылықтың төмендегідей негізгі деңгейлерін анықтауға болады:
- ойынды таңдау шығармашылығы (тұлғааралық өзара әрекеттестіктермен байланысты міндеттерге жауап беретін және жеткіншектердің маңызды мұқтаждықтарын қанағаттандыратын, оның үстіне заттық-ойындық ортаның нақты жағдайларында мүмкін ойындар мен ойындық формаларды іздеудегі оның мәні);
- ойынды жоспарлау және ұйымдастыру шығармашылығы;
- ойынның түрін өзгерту шығармашылығы;
- ойынды құру шығармашылығы. Бұл жағдайда да негізінен екі негізгі форма қарастырылады: аналогия немесе үлгі бойынша ойынды құру; элементтерден ойынның барлық объектілі және кеңістіктік - мезгілдік құрылымын жасау.

3. Музыкалық тәрбие беру
Музыка сабақтарының әр түрлі мағынадағы түрлері болады. Мысалы, жоспарланған тақырыпка кіріспе сабақтары, тақырыпты тереңдей оқыту сабақтары және тақырыпты бекіте, жан-жакты оқыту сабақтары болады. Сондай-ақ оку жылының тоқсандар соңында қорытынды мағынадағы концерт-сабақтар жоспарлануы өте кажет.
Кіріспе сабақтарда шығармаға деген кәсіби мінездеме, ойнап көрсету, тыңдап естірту сияқты амалдар колданылады. Мұндай сабақтар әр тоқсанда бір-екі рет өткізілгені дұрыс.
Кіріспе сабақтарда композитор-орындаушы-тындаушы тақырыптары барынша мол қаралуға тиісті. Тақырыпты тереңдете оқыту сабақтары төмендегідей мағынада кұрылады:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық білім берудегі бағалаудың балдық, рейтингтік жетістіктері
Музыка пәнінің құрылымы мен құрылысы
Бастауыш сыныпқа музыкалық тәрбие беру арқылы эмоцияларын қалыптастыру
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Шағын комплектілі мектепте оқытудың қазіргі жайы
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Музыкалық білім беру
Пәндер