Қазақстанда мұрағат ісін ұйымдастыруға қатысты негізгі нормативтік құқықтық актілер



Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
АТиСО Батыс Қазақстан Академиялык колледжі

К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Мұрағаттану пәні бойынша
Тақырыбы:Қазақстанда мұрағат ісін ұйымдастыруға
қатысты негізгі нормативтік құқықтық актілер

Орындаған: 735 топ оқушысы
Исатаева Ж.Қ.
Тексерген: оқытушы
Ихсанова А.Л.

Орал- 2014

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қазақстанда мұрағат ісін ұйымдастыру
1.1 Қазақстандағы мұрағат ісінің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мұрағат туралы тарихи анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.Қазақстанда мұрағат ісін ұйымдастыруға қатысты негізгі нормативтік құқықтық актілер
2.1 Мұрағат ісінің нормативтік кұқыктық базасы мәселелері ... ... ... ... ... ... . .19
2.2 Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан дербес мемлекет болғаннан бері жоғары оқу орындарында Отан тарихы тереңірек оқытыла бастағаны мәлім.Алайда қажетті әдебиеттердің, тәжірибелі мамандардың аздығынан көптеген толғақты мәселелердің жылдам қарқын алмай, кешеуілдей бергені, ал қолға алынғандарының талапқа сай келмегені және рас.Соның бірі-тарих факультеттерінде мұрағат негіздері, мұражай негіздері, құжаттану, деректану сынды қосалқы тарихи пәндердің оқытылу мәселесі. Біздің республикамызда мұрағат материалдарын қолдану аясы шектеулі.Көбіне мұрағат материалдарын тарихшылар мен белгілі тақырыпты зерттеп жүрген зерттеушілер ғана кеңінен қолданады.Сондай-ақ көп жағдайда белгілі бір тақырыпқа тарихи деректемелер қажет болғанда басқа саланың мамандары да қолданып жатады.Мұрағаттану пәнінің мақсаты-болашақ тарихшыларды мұрағат жұмыстары мен құжаттарымен таныстыру, мұрағат құжаттарын қалай іздеу керектігін үйрету, алған деректемелер мен мәліметтерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалануға баулу.Мұрағаттану пәнінің негізгі объектісі мұрағат құжаттары мен мұрағатта сақталған мәліметтерді орынды пайдалану.
Мұрағат, ол өмірдің бар саласын қамтитын мекемелер мен жеке адамның құжаттарын сақтап, тіркеп, қабылдайтын ғылыми зерттеуші мекеме болып саналады.
Сақтау бірлігі дегеніміз ол, құжаттың түрі , немесе тағы бір белгісі бойынша жеке номермен белгіленген сақтауға алынған құжат.
Іс дегеніміз ол, бір фактіге, немесе объектінің бір тақырып, мазмұны бойынша жинақталған құжаттар аталады.
Іс, басты инициативалық құжатпен ашылады, ал соңында аяқталу құжатымен жабылады.
Іс, бір неше құжаттан тұрады, олар хронологиялық кезеңділікте құрастырылады.

Кіріс, құжаттардын келеген уақытын белгілейді, ал шығыс құжаттары, қашан құрастырылған уақытын белгілейді.
Істін бастанғы және сонғы уақыты құжыттын шеткі мерзімі деп аталады.
Ол бір күнді немесе бірнеше жылдарды қамтуы мүмкін.
Мұрағат қоры дегеніміз, мемлекетпен сақтауға алынған, бірнеше жылдар бойы құрастырылған құжаттардын комплексі \ мекемелердін құжатары, жеке адамның өмірлік құжаттары т.б\.
Мұрағат қорлары мекемелерде белгіленген жылдар бойы жинақталады, тура солай жанүялық құжаттар да, міне сол құжаттарды жинақтағанда фонд құрастырушы деп аталады. Мұрағат мекемесі осы фондттарды арнайы тізіммен алып сақтауға , зерттеуге алады.
Мұрағат көлемі, сақтауда тұрған сақтау бірліктерімен есептеледі, ол бір сақтау бірлігінен, бірнеше жүз , мың бірлікке жетуі мүмкін.
Мұрағат коллекциясы дегеніміз, тақырыптық, практикалық немесе мәдени тарихи маңыздылығына сай бір комплекске бірікке құжаттар жатады, олар фонд сыртында жинақталуы мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанда мұрағат ісін ұйымдастыруға қатысты негізгі нормативтік құқықтық актілер туралы мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың міндеттері: Революциядан кейін Қазақстандағы мұрағат ісінің ұйымдастырылуы және алғашқы қиындақтар мен мәселелердің шешу жолдарын талдау. Жергілікті, қалалық мұрағаттардың жұмысын жүйеге келтіру барысында жасалған іс шараларға мінездеме беру, мемлекеттік мұрағаттардын Ішкі істер комиссариатының қарамағына кіру себептерін анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қазақстанда мұрағат ісін ұйымдастыру
1.1 Қазақстандағы мұрағат ісінің пайда болуы
Қазақстанның мұрағат ісі тарихының тамыры көне кезеңдерден бастау алады. Көне қолжазбалар атағы мәлім Отырар кітапханасының болғаны туралы мәліметтерді біздің уақытқа дейін жеткізді, яғни сол жерде билеушінің сарай мұрағатының сақталуы да әбден мұмкін. Өкінішке орай, 1220 жылы кітапхананы Шыңғысхан әскері бұзып тастаған. 2014 ж. желтоқсан айында Қазақстанның батысында Бөкей хандығының мұрағаты ресми түрде пайда болғанына және қызмет еткеніне 220 жыл толады. Бұл мұрағат 1917 жылғы дейін қызмет етті және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Орталык мемлекеттік мұрағатында сақталуда. Қазақстан тарихын зерделеу бойынша құнды тарихи көз болып табылатын Ресей империясының Дала, Батыс-Сібір өлкелері кеңсесінің ірі ведомстволық мұрағаты, жеке губерниялық мұрағаттар сақталған.
Қазақстанда мұрағат ісін дамытуда Кеңес үкіметінің алғашқы декреттері, әсіресе РКФСР Халкомкеңесінің 1918 ж. 1 маусымдағы Мұрағат ісін қайта ұйымдастыру және орталықтандыру туралы декреті прогрессивті маңыз әкелді. Осы декрет Бірыңғай мемлекеттік мұрағат қорын және мұрағат ісін мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырудың негізін қалады. Қазақ КСР Мемлекеттік мұрағат қорын толыктыру үшін Ресей Федерациясының мұрағаттарынан қазақ халқының тарихына кдтысты 100000 аса істер алынды.
Мұрағаттардын заманауи дүниедегі орны оның адам қызметінің әр тұрлі саласының, қоғамның және мемлекеттің жол сілтеушісі ретінде құжаттың ондағы ролімен айқындалады. Мұрағат кұжаттарының маңызы мен құндылығы олардың түпнүсқалығы, қол жетімділігінің шектеулігі және занды дәлелділігінде. Осылай болғанда да мұрағаттардың ролі көпсалалы және әр тұрлі, мемлекет пен қоғам өмірінің барлық маңызды бағыттарын қамтиды.
Мұрағаттар ел тарихының айнасы, азаматгар мен мемлекеттін құқыктарын растайды, демократия қағидаттарын қолдайды, оның ішінде барлық деңгейдегі билік органдарының қызметі туралы қажетті акпаратқа ие.
Мұрағаттар мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатын қалыптастыруда, стратегиялық жоспарларды, ұзақ мерзімді бағдарламаларды, болжамдарды және елдің өмірі мен кьізметін қамтамасыз ететін, үкіметтің басқа құжаттарын қүрастырғанда пайдаланылатын ауқымды ақпараттарды жинақтады.
Азаматтардың және мекемелердің мұліктік иелігі, еңбек өтілі және жұмыс орны, білімі, жалақысының көлемі және зейнетақы жинақтау қорына зейнетақы аударымдары туралы әлеуметтік-құқықтық сұраныстарын орындай отырып мұрағаттар халықты қорғау жүйесінің қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Құжаттар жинақтарын, анықтамалықтар шығару, тарихи-күжатты көрмелерді, экскурсияларды, дәрістерді өткізу, ғьлыми зерттеулер үшін мұрағат құжаттарын зерттеушілерге беру арқылы құжаттарды пайдалануды ұйымдастыра отырып, мұрағаттар ғылыми мекемелердің қызметін атқарады. Мұрағаттар мәдени-ағарту мекемесі ретінде елдің тарихын насихаттайды.
Қазакстанның тәуелсіздік алуымен, басқарудың принципиалды жаңа саяси жүйесінің енуімен және мемлекеттік органдардың құрылуымен елде заманауи заңнамалық базада негізделген аяғынан тік тұрған ұлттық мұрағат қызметін куру туралы мәселе тұрды.
Мемлекет басшысы Н.А. Назарбаев Ұлттық мұрағат қоры құрамдас бөлігі болып табылатын мәдени мұраны сақтау және көбейту туралы үнемі кызығушылық танытады және қамқорлық жасайды. Ұлттың көшбасшысы Қазақстанның көпұлтты халкының рухани күндылығын елдің мемлекеттік және мәдени құрылысының маңызды бөлігі ретінде айқындап берді.
Кеңестік дәуірдің мұрағат ісінің тарихында мұрағат заңнамасы болмағанын, мұрағат саласы қабылданған үкіметтік заңнамалық актілердің аясында күн көргенін айта кету керек. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Заңы 1998 ж. желтоқсанында қабылданды. Нәтижесінде мұрағаттар мәртебесі биліктің біртұтас атрибуты, мемлекет пен қоғамның өміріндегі әр тұрлі тараптары бойынша әр килы ақпараттың қоймасы ғана емес, сонымен қатар мемлекетгік басқарудың құралы ретінде бекем тұрды.
Заңның қабылдануы елде мұрағат ісінің дамуына мықты серпін берді, саланы реформалауда алғашқы қадамдар жасалды, алға жылжу, әсіресе автоматтандырылған мұрағаттық технология саласында алға жылжулар байкадды, Қазақстанда мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасы, мұрағат саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары әзірленді, мемлекеттік органдар информатизацияланды. Алғашқы электронды мұрағаттардың жобаларын іске асыруға жол ашылды. Оған қоса, біртіндеп, жалпы саладағы жұмысқа маңызды әсер ететін занда жіберілген біраз кемшіліктер де табыла бастады. Бағдарламалар, оның ішінде электронды мұрағаттар бағдарламалары қандай да бір нәтижелерге қол жеткізбестен өз-өзінен жоқ болды. Мемлекеттік мұрағаттардың көбісі электрондық мұрағат бағдарламасына кірмей қалды.
ҚР Президенті Мұрағатының бастамасымен болған орталык мемлекеттік мұрағаттардың, Алматы қаласының және Алматы облысының директорларының кездесуінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен мемлекетіміздің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуі жөніндегі тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісінің жағдайы мен келешектегі дамуы талқыланды. Соңғы жылдары саланың төмендеуі белгісінің себебі болып келген және оның дағдарыстан шығуы бойынша жедел және тиімді шаралар қабылдауды талап ететін жинақталған бірнеше проблемаларға назар аударыдды.
Осы уақытқа дейін мұрағат ісін дамыту бойынша заманауи мемлекеттік саясат әлі әзірленбеген және саланы басқарудың тиімді жүйесі құрылмаған. Ұлттық мұрағат қорына бірікгірілген мемлекеттік бірыңғай ақпараттық ресурсының болуына қарай оның қалыптасуының, қызмет етуінің және басқаруының бірыңғай саясаты да болуы керек. Бұл мұрағат қорының стихиялы тұрде емес, тарихи кезевділікпен сәйкес бастапқы кұжаттардың құндылығын сараптау және оларды тұрақты сақтауға іріктеу негізінде бірыңғай ғылыми негізделген қағидат бойынша қалыптасатынын білдіреді. Бұл жерде басты міндет - қазіргі кезде емес, кейінгі болашақта мемлекетгік және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын толыққанды құжатты кешен қалыптастырылуы тиіс. Мұрағатшы мұрағат құжаттарынъщ нақтылығы мен ақпараттығы тәуелді болатын тарихи дереккөздердің сәулетшісі болады. Сондықтан осы міндетті шешу құжаттарды бағалауға субъективті жағынан карамай, арнайы әзірленген қағидаттар мен критерийлер бойынша құндылықты сараптаудың бірыңғай тәсіліне негізделуі керек.
Мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасы түбегейлі түзетуді қажет етуде. Атап айтқанда, мұрағат ісінің қазіргі жағдайына тетікті талдау жүргізілуі, Қазақстанның соңғы кездегі жетістіктерін ескере отырып стратегиялык мақсаттары мен міндеттері айқындалуы, басым бағыттары анықталуы, республикалық мұрағат желісінің инфрақұрылымы түгенделуі және модернизациялануы, мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі артуы қамтамасыз етілуі тиіс.
2011 ж. желтоқсанда ҚР Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Заңына мұрағат ісін мемлекеттік реттеу туралы түбегейлі жаңа ережелер енгізілді, және ол ҚР Үкіметіне және басқарудың уәкілетті органына жүктелгенді. Алайда, іс жүзінде ешқаңдай да өзгерістер бола қойған жоқ. Жоғарыда аталған заңның Мұрағат ісін мемлекеттік реттеу және басқару деген 5-ші бабында осы салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру туралы айтылады, бірақ оны кім және қандай деңгейде оны әзірлейтіні және оның орындалуын бақылайтыны туралы жазылмаған. Уәкілетті органның тек оны іске асыратыны ғана көрсетілген. Мұрағат ісінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жауапкершіліктің жок, болуына себеп болуы да бір жағынан осындай белгісіздік.
Ұлттық мұрағат қоры бірыңғай қағидаттар мен талаптар бойынша қалыптасатын оның құрамдас бөліктері сақталған жерлері бойынша елдің аумағында таратылған тұрақты сақталатын мұрағат құжаттарының біртұтас деректер базасын кұратынына қарамастан, осы қорды басқарудың бірыңғай құрылымы әлі қалыптастырылмаған. Басқару қызметі орталық уәкілетті органдар - Мұрағаттар мен құжаттама басқармасы мен кейбір аймақтарда облыстық әкімдіктердің қандай да басқармасының құрамында бөлім деңгейінде енгізілген облыстық құрылымдық бөлімшелер арасында бөлінген.
Саланы басқару жүйесінің бөлек-бөлек болуына және мемлекеттік мұрағаттардың жекелеген облыстарда әр түрлі ведомстволарға жатуына байланысты мұрағат ісінің мәселелері жергілікті басшылардың назарынан тыс қалуда. Осының барлығы саланы басқаруды жоғалтуға әкелді, бұл жерде орталық уәкілетті орган облыстардағы мемлекеттік мұрағаттарға және құжаттама орталықтарына нақты ықпал ету көздеріне ие бола алмады және жүйенің құлауын бақылап қана отырды.
Мұрағат саласын басқаруды жоғалтудың кері үрдісі 1996 жылғы қазанда ҚР мұрағаттар мен құжаттама бас басқармасын таратудан және оның қызметін ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатқа бергеннен кейін және қрыретінің жойылуынан басталды. Басқарудың мұндай жүйесі өткен жүзжылдықтағы 20-30 жылдарда, жас кеңестік мемлекетте қолда бар мұрағатты қаржыландыруға каражат болмаған, ал міндеттер қазіргі кездегіге қарағанда өте көп болған кезде дұрыс болған.
Осыдан біраз жылдар бұрын саны аз Мұрағаттар және кұжаттама басқармасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне кірген. Әрі қарай саланы басқару бірнеше рет бірде Мәдениет және ақпарат министрлігіне, бірде Байланыс және ақпарат министрлігіне, енді ақырында жаңадан кұрылған ҚР Байланыс және ақпарат жөніндегі агенттігіне берілді. Бір қызығы, облыстарда Агенттіктің өзінің құрылымдык бөлімшелерінің болуына қарамастан, жер-жерлерде мұрағат ісін басқаруды Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымдық бөлімшелері атқаруда. 2005 ж. бастап орталық уәкілетті органның 10-нан аса басшылары ауысты және осының салдарынан осы кезендерде мұрағат саласының мәселелері тиісті деңгейде қаралмады.
Бұдан басқа мынандай мәселелерге де назар аударғымыз келеді. Бәрінен бұрын уәкілетті орган Ресей Федерациясының Федералдық мұрағат агенттігі немесе Өзбекстан Республикасының Мұрағат агенттігі сияқты мықты және құзыретті болуы керек. Құрылым мұрағат ісінің даму стратегиясын әзірлеумен айналысуы тиіс, ал оны іске асыру бойынша тактиканы мұрағат ісін басқарудың облыстық органдарына қалдыру керек. Әлбетте, мұрағат жұмысының негізгі бағыттарына, оған қоса ақпараттық технологияларға, мұрағат ісінің экономикасына және басқаларға сәйкес келетін бөлімдер болуы қажет.

1.2 Мұрағат туралы тарихи анықтама
Елбасы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ұлттық мұрағат қорының құрамдас бөлігі болып табылатын мәдени мұраны сақтау мен көбейту ісіне үнемі аса көңіл бөледі. Көп ұлтты Қазақстанның рухани байлығын сақтау мен қолдану ісі еліміздің мемлекеттік және мәдени құрылысының маңызды бөлігі болып табылады.
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарында мемлекет пен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени қызметінің алуан аспектілері жан-жақты көрініс алған. Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында сақталып, жан-жақты пайдаланылып отырған Қазақстанның қазіргі заман саяси тарихының бірегей құжаттары осы шын мәніндегі теңдессіз қазынада ерекше орын алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты 1994 жылы мемлекет басшысының Жарлығымен бұрынғы Орталық мемлекеттік қазіргі заман тарихы мұрағатының негізінде құрылды.
Бүгінгі күнде Мұрағат Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігінің және мемлекет басшысына тікелей бағынатын басқа да мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық-мұрағаттық қамтамасыз ету саласында негізгі міндеттерді атқаратын, заманауи техникалармен жабдықталған кешен болып табылады.
Мұрағат 1974 жылы тұрпатты жоба бойынша салынған ғимаратта орналасқан, 8 мұрағат қоймалары мен қызметтік жайлары бар. Мұрағат қоймаларының ұзындығы 29 мың метр шамасындағы стационарлық және мобильдік темір сөрелермен жабдықталып, жасанды микроклимат автоматтандырылған жүйеге және күзет-өртсөндіргіш дабылдар жүйесіне қосылған.
2014 ж. 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 1 123 мұрағаттық қорларында 1918-2008 жж. аралығын қамтитын 753 мыңнан астам сақтау бірлік есепке алынған, оның ішінде:
- 700 мыңнан астам сақтау бірлігі қағаз негізінде;
- 11 мыңнан астам сақтау бірлігі аудиовизуальдық құжаттамалар;
- 70 мыңнан астам сақтау бірлігі аса құнды құжаттардың сақтандыру қорының көшірмелері (7 235 мыңнан астам микрофильм мен микрофиша негативтердің кадрлары).
- 1,5 мың астам құжаттар электронды тасымалдағышта.
1994 жылмен салыстырғанда жалпы мұрағат қоры 15%, ал сақтау қоры - 47% өскен.
Мемлекеттік органдардың мұрағаттық қорлары 1996 жылды қоса алғандағы уақыттан бері қоғамдық пайдалану мүмкіндігіне ие.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық Кеңес және оның атқару комитеті, Қазақстан Рсепубликасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және т.б. мұрағат қорларында тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуын, сыртқы және ішкі саясаттың жан-жақты аспектілері мәселелерін, халықаралық қатынастарды, экономиканың қайта құрылуының маңызды процестерін, еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуын көрсететін бірегей ақпараттар топтастырылған.
Сонымен қатар, Мұрағатта Қазақстан Рсепубликасы Президенті актілерінің түпнұсқалары, сондай-ақ оның халықаралық конгресстерде, форумдарда, кездесулерде жасаған баяндамаларының мәтіндері сақталуда.
Мемлекеттік органдардың құжаттары Нұр Отан партиясы, Социалистік партиясы, Қазақстан халық бірлік партиясы, Қазақстанның ерікті тарихи-ағарту қоғамы Әділет, Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы сияқты саяси және қоғамдық ұйымдардың құжаттарымен толықтырылып тұрады.
Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің және оларға дейінгі жетекші органдарының қорларында социалистік кезеңдегі республиканың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірін жан-жақты бейнелейтін бірегей ақпараттар топтастырылған. Қазақ АКСР-нің құрылуы, тоталитарлық режим кезеңіндегі күштеп ұжымдастыру мен саяси қуғын-сүргінге ұшырату, өлкені индустрияландыру, қуғын-сүргінге ұшыраған халықтарды Қазақстанға жер аудару тарихы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан, тың және тыңайған жерлерді игеру, республиканың экономикалық дамуы туралы құжаттар айрықша қызығушылық тудырады.
1998 жылдан бастап Мұрағат жеке текті құжаттарды жинақтауды бастады. Бұл ең алдымен - Қазақстанның саяси, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің құжаттары. Қазір мемлекеттік сақтауға 72 жеке қор алынған (8 мың сақт.бірл.). Оның ішінде С.С. Жиенбаев, Ш.Ж. Жәнібеков, М. Бейсебаев, М.Т. Оспанов, Ә.Т. Әлімжанов, М.Қ. Қозыбаев, Г.К. Бельгер, С.Қ . Құбашев, А.П. Рыбников, М.А. Жихарев, О. Батырбеков, З. С. Омарова, А.А. Алыбаев, М.И. Есеналиев, М.М. Ахметова, А.А. Асқаров, З.Л. Федотова тағы да басқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің құжаттары бар.
Құжаттарды сақтауды қамтамасыз етудегі негізгі міндетін атқару барысында Мұрағат тиімді ылғалды-температуралық режимді қалыпты сақтау ережесін және түрлі қалыптағы құжаттардың материалдық негізінің физико-химиялық тұтастығын қорғаудың алдын-алу шараларын өткізді.
Мұрағаттың құрылған кезінен бергі жылдарда 1 470 мыңнан астам құжаттардың парақтары қайта жаңғыртылды, 114 мыңнан аса іс түптеліп тігілді, 14 мыңнан аса құжаттардың өшіп бара жатқан мәтіндері қалпына келтірілді.
Ұлттық мұрағат қорының ақпаратты құнды құжаттармен толықтырылуына ерекше көңіл бөлінеді. Жинақтау көзі болып ктырыл табылатын мекемелердің саны 1994 жылы 9 болса, 2013 жылы 36-ға дейін өсті, ал жеке текті қор құжаттары 110 қор жасаушыға толықты.
Мұрағаттың қызмет көрсету саласына кіретін мекемелерге іс жүргізуді ұйымдастыру және мұрағаттық сақтау, құжаттардың құндылығын сараптау және оларды мемлекеттік сақтауға іріктеу жұмысын жүргізуге қажетті нормативтік құжаттарды дайындауға қажетті ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік көмек беру жүзеге асырылады.
Мұрағат қызметкерлері ведомстволардың іс жүргізу және мұрағат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарына белсене қатысады. Өткен кезеңде құжаттауды тәжірибелік түрде нығайту мақсатында 80-нен аса семинар-кеңес пен іс жүргізу ойындары өткізілді.
Аса көп жинақталған құжаттардың ішінен қажетті ақпаратты іздестіру, бір қалыпқа келтірілген ғылыми-анықтамалық құралдарының жүйесінсіз мүмкін емес. Мұрағатта сақталып отырған істердің мазмұнын ашатын 3,2 мыңнан аса мұрағаттық тізімдемелер бар. Маңызды қорларға түрлі көрсеткіштер құрастырылған. Қазақстан Компартиясының республикалық бақылау органдарының құпиясыздандырылған қорларына тізімдеме-көрсеткі құрастырылған. 2001 жылы алғаш рет Архив Президента Республики Казахстан. Путеводитель атты анықтамалық жорыққа шықты. Онда мұрағат қорлары, оның ішіндегі айрықша маңызды қорлардың құрамы мен мазмұны туралы мағұлмат толық жинақталған. Жеке текті қорлар бойынша анықтамалықтың бірінші және екінші басылымдары және жеке құрам бойынша құжаттардың сақталуы туралы анықтамалық жарыққа шықты.
Тарихи-мұрағаттық жәдігерлерді насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының аса құнды құжаттары атты екі жинақ басылып шықты.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы жөнінде жан-жақты ақпаратты қамтитын 185 мыңнан астам карточкасы бар каталог жүйесі зерттеушілердің пайдалануына ұсынылған. Мұрағат құжаттарының ғылыми-анықтамалық аппараты жүйесін дамыту мен жетілдіру жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Барлық бірінші категориялық қорларда міндетті түрде ғылыми-анықтамалық аппарат жұмыс жасайды. № 708 Қазақстан Компартиясы ОК қорындағы ең жиі пайдаланылатын құжаттардың каталогын жетілдіру жалғасуда (165 мың карточка).
Мұрағат жұмысы барысында 16 автоматтандырылған есеп және ақпаратты-іздеу деректер базалары құрастырылып енгізілді:
- Электронды мұрағат;
- Мұрағаттық қор;
- Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Актілері;
- Электронды каталог (Тәуелсіздік кезеңі);
- Кеңестік Қазақстанның номенклатуралық кадрлары;
- Мекемелер - ҚР ПМ жинақтау көздері;
- Жоғарғы үкімет органдарының директивті шешімдері;
- Жеке істер;
- Жеке текті құжаттардын атаулы каталогы;
- Жеке текті құжаттардын атаулы картотекасы
- Жеке текті құжаттармен ҚР ПМ жинақтау қорларын толықтыру;
- Аса құнды құжаттар
- Кітапхана қоры;
- Ақпаратты-анықтама қоры;
- Бухгалтерия - 1С;
- Кадрлар.
Мемлекеттік органның электрондық мұрағаты жүйесі және Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай мемлекеттік жүйесі енгізілді.
Мұрағатта автоматты түрде іздеу мен ақпаратты өңдеуді қамтамасыз ету үшін 2 сервер, 59 дербес компьютер, 8 жұмыс станциясы, 15 сканер, 50 принтермен қамтамасыз етілді. Локальді желі жұмыс жасайды. Мұрағатта үш ақпаратты жүйе МОМЭЖ, ЭҚАБЖ және ҚР ПМ Электронды каталогы - Летограф жұмыс жасайды.
Өткен жылдарда 58 құжатты жинақтар мен 63 томдық ақпараттық-анықтамалық басылымдар баспадан шықты. 1998 жылдан бастап Мұрағат Атаулы күндер күнтізбесін (Мұрағаттын құжаттары бойынша) жыл сайын шығарып отырады.
Мұрағат ұжымы ғылыми мекемелер және қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасын үзбейді. Мұрағат қызметкерлері 97 ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, 110-нан аса баяндамалар мен Қазақстанның қазіргі заман тарихының мәселелері бойынша ақпаратты хабарламалар жасады. Құжатты жинақтардың тұсаукесерлері, түрлі тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер, сонымен қатар, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерімен, ғылыми қызметкерлермен әрдайым кездесулер өткізіледі.
Мұрағат осы жылдар аралығында бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатты. Саяси тарих мәселелері бойынша Егемен Қазақстан, Казахстанская правда, Аргументы и ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Мемлекеттік стандарттар мен құжаттар
Деректануда құжат - арнайы ақпарат жеткізуге арналған объект
Қазақстан Республикасында мұрағат ісін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Кинофото құжаттары және дыбыс жазбалары
Іс қағаздарын жүргізумен таныстыру
Қазақстанда іс жүргізу және құжаттану: тарихы мен зерттеу әдістері (ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басы)
Іс қағаздарын жүргізу негіздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Пәндер